Мемлекеттік тілдің білім саласында қолданылуы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
I- тарау. Мемлекеттік тілдің білім саласында қолданылуы . . . 5-7
1. 1. Мемлекет және тіл . . . 7-8
1. 2. Қазақстанның тіл жөніндегі заңнамасы . . . 8-19
1. 3. Білім беру саласы және тіл . . .
II- тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің білім саласында қолданылуы . . .
2. 1. Мектеп тілі - болбашақ тілі . . .
2. 2. 12 жылдық мектеп тілі - болашақ оқу, оқыту тілі . . .
2. 3. Мемлекеттік тіл - жоғары оқу орындарының оқу, оқыту тілі . . .
2. 4.
III Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуы - тарих тағлымы, уақыт талабы
Тәуелсіздік, азаттық, еркіндік - бұл қасиетті ұғымдар ата -бабаларымыздың сан ғасырлар бойына армандаған асыл мұраттары. Тәуелсіздік жайында сөз бастау, ой толғау оңай іс емес. Өйткені, бұл қаситті ұғым тарихи жадымызда ата - бабаларымыздың, неше буын ұрпақтарымыздың аңсаған арманы мен төккен терімен, аққан қанымен байланысты қалыптасқан.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев тәуелсіздігіміздің биылғы Жолдауында: "Ел - бостандықта, жері азат бола тұра өз елінде өгей баланың күйін кешіп жүрген жалғыз ғана тіл - қазақ тілі. Бұл Желтоқсан оқиғасынан бастау алған бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Тіл тәуелсіз болмай ұлт тәуелсіз бомайды. Тілден айырылу дегеніміз деградациялану, яғни ұлт ретінде тарих сахнасынан мүлдем жойылу. Егер тәуелсіздікке келсек, оның өзі саяси, экономикалық, рухани болып үш салаға бөлінеді. Соның ішінде біздер саяси және экономика саласында азды - көпті болса да тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ал рухани тәуелсіздікке келетін болсақ, біз сол бұрыңғы метрополияға әлі күнге дейін кіріптар қалпымызда қалып отырмыз. Билік басындағы қазіргі саяси элита "біз көп ұлтты мемлекетпіз, сондықтан да ұлт аралық достықты сақтау үшін тіл проблемасын либералдық жолмен бірте - бірте шешу керек " деген сылтаумен осы кезге дейін бұл мәселеге толық көңіл бөлмей келеді. Ал шын мәнінде сол элитаның көбісі өз ана тілін
3
білмегендіктен, өз мүдделері үшін қазақ тілінің дамуына әдейі кедергі келтіріп отыр.
Түсіне білген адамға бүгінгі күннің өзекті мәселесі - ұлт тілін үйрену, ұлтты сыйлау, халықты құрметтеу. Өз ұлтының тілін білмейтін жарымжан жандарды көре тұра басқа ұлттарға қалай тіл үйрен деп күштей аласын. Осы мәселеге келгенде ұлт ұстазы Ахаңның (А. Байтұрсынов) " . . . келімсектер тұрғылықты халықтан мәдени жағынан биік болса, онда уақыт өте келе оның тұрғылықты халықты жұтып қоятыны күмәнсіз екенін байқау қиын емес" деген сзі бар. Осыған дейін "Қос тіл - достықтың қос қанаты" деген сөзді желеу етіп келсе, ендігі уәжі "ағылшын тілін білмесен замана көшіне ілінбейсін" деген космополит шала қазақтардың сөзі өтімді болып отыр. Дөңгеленген дүние дүбірлі сақтап қалуға кері ықпалын тигізіп, өз пайдасына "оң нәтиже" беріп жатқаны баршамызға аян. Әлемде алты мыңға жуық тіл болса, оның жүзі ғана мемлекеттік мәртебеге ие екен. Сонда ойлай беріңіз, ұлттың ұлт болып қалыптасуына ең маңызды фактор - тіл. Тіл жойылса ертең ұлттың жойылмауына кім кепіл?
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерін санамалап көрейікші. мысалы, Францияда 1995 жылы компьютер бағдарламаларын ағылшын тілінде жүргізуге тыйым салынып, 3500 - ден астам ағылшын терминдерін қолданыстан шығаруды ұйғарған. "Англоамерикандық тіл империализмімен" күресу үшін құрылған. ТМД мемелекетіне назар аударсақ, Балтық бойындағы мемлекеттерде "Тіл полициясы" жұмыс істейді. Мысалы, Литвияда орыс тілінде өзара сөйлескендерге айыпұл
4
салынады, ал Латвияда мектептен бастап орыс бөлімдері жабылған. Осы шаралардың ұлт болашағын ойлаудан туғандығын кім жоққа шығара алады? Осыдан байқағанымыздай, ешбір өркениетті ел өз ұлтының тілін өгейсітіп дамымаған.
1- тарау Мемлекеттік тілдің білім саласында қолданылуы
Қазақ тәлімінің тарихына тоқталсақ, біздің ғасырға дейінгі 7-3 ғ. Сақ, Ғұн дәуірінен бастау алатын түркі этностарының рухани мәдениеті талай кезеңдерді басынан өткізіп, ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге дейін жетіп, қазақ халқының тәлімдік дәстүрінің темірқазығына айналып отыр. Сақ, Ғұн дәуірінен біздерге жеткен " Алтын Адам" және түркі халықтарының көне жазба ескерткіштері сол дәуірдің рухани мәдени жетістіктерінің айғағы болып табылады. Көне жазба ескерткіштерінде нақты тарихи оқиғалар туралы сөз қозғалады, тас мүсіннен шығатын тұжырым түрік халқының ежелгі жауынгершілік дәстүрі мен ел билеудегі ой - тұжырымының болғаны байқалады. Көне түркі жазба ескерткіштері, біріншіден, біздің арғы ата - бабаоарымыздан мағлұмат беретін болса, екіншіден, көне түркі тарихынан сабақ алған ұрпақтың қанында елін, жерін сүю, оны қорғаудағы патриоттық сезімінің сан ғасырлық дәстүрінің жалғасып келе жатқанын терең сезінетіндігі байқалады.
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі халық педагогикасынан, оның ауыз әдебиет үлгілері мен тұрмыс - тіршілігімен байланысты туындаған салт - дәстүрінен, ұлттық музыкасы мен өлең жырларынан,
қол өнер түрі мен ұлттық ойындарынан тәлімгерлік ой - пікірлері,
5
мәселен, Қорқыт Атаның ұстаздық ұлағатты сөздерінің мәні, Түркі халықтарының ұлы ғұламалары: Хорезми, Фараби, Фердауси, Бируни, Ибн - Сина, Низами, Науаи, Қашғари, Иассауи, Баласағұн, т. б. араб тілі мен мәдениетін меңгеруінің прогрессивтік маңызы болды.
Қазақ хандығы жаңа мемлекет болы қалыптасу барысында (1470 1718 ж. ж. ) 250 жылдай тәуелсіз ел болып, дербес өмір сүрді. Бірнеше ауыр қасіреттерді, жойқын соғыстарды бастан кешіріп, тіпті жер бетінен жойылып кете де жаздады. Осындай қырғын соғыстар қазақ халқының әлеуметтік - экономикалық дамуын тежеді, көне дәуірден бері қалыптасып келе жатқан өнер - білімнің, ұлттық мәдениеттің дамуына қажетті жағдай туғыза алмады. Дегенмен де қазақ халқының іштей ұйтқысы болған рухани күші - азаттық идеясы бар еді. Сол кезеңнің жазба мәдени мұраларына Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарихи Рашиди", Қ. Жалайридың "Жамиат - Тауариғы", Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының " Шипагерлік баяны" атты еңбектері мен Қасым ханның қасқа жолы мен Есім ханның ескі жолынан басталып, Тәуке хан дүниеге әкелдірген " Жеті Жарғы" заңдар жинағы қалыптасты.
18- ғасыр мен 19- ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей отарындағы қазақ мектептері патшалық саясатқа тәуелді болғанмен, оның ағартушылық мәні зор еді. Осыған орай, Ы. Алтынсарин кезеңіндегі Қазақстанда мектеп - медреселер, аралас мектептер (болыстық, ауылдық, орыс -қазақ мектептері, училищелер мен гимназиялар ер және қыз балалар үшін, коммерциялық училищелер) дамыды.
Кадими мектеп - медреселер діни негізді оқытқан болса, жадидмектептері Еуропа педагогикасының ғылыми - әдістемелік
6
жетістіктері негізінде қайта құру, діни сабақтармен бірге өмірге қажетті дүнияуи ғылымдардың негізін оқыту, үздіксіз дамып келе жатқан ғылыми - техникалық жаңалықтар, сауда - саттық, экономикалық кәсіптерді меңгеруге баулуды көздеді. Қазақстанда кеңінен етек жая бастаған жадидтік мектеп медреселердің ішінде ең ірілері деген "Ғалия", "Мамания", "Расуле", "Актас", т. б. болды. Отаршыл саясат қысымшылдығынан жадидтік бағыттағы оқу орындары ығыстырылып, 19- ғасырдың екінші жартысынан бастап аралас мектептер бірте -бірте болыстық, ауылдық, орыс -қазақ мектептері, училищелер мен гимназиялары дүниеге келді. Ол Ресей патшалығының Қазақстан жерін отарлау саясатын астыртын түрде жүргізу үшін пайда болған оқу орындары еді. Себебі, 19-ғасырдың екінші жартысы мен 20- ғасырдың бас кезіндегі буржуазиялық қоғамға жергілікті халықтан кәсіпкерлер керек бола бастады. Осы мақсатпен орыс шекара комиссиясы қазақтарды сауаттандыруды орыс тілінде жүргізу, орыс өкіметіне арнайы қызмет істейтін тілмаштар, іс - қағаздарын жүргізетін мамандар дайындау қажеттігі тұрды. Сондықтан таза орыс мектептері (діни - приходтық мектеп, орыс мектептері, училищелер, гимназиялар ер және қыз балалар үшін, коммерциялық училещелер) ашылды.
1. 1. Мемлекет және тіл
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан
7
халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір
азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар; мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға негізделген. Қазақстан Республикасның барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық жағдайларды жасауға бет бұру қажет. Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін - өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Жалпы мемлекет тілге қандай жағдайда көмек көрсетеді және тіл жөніндегі қамқорлығы қандай? деген сауалдар туындайды. Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолдануына, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып - үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды. Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде іс - шаралар өткізілген кезде олардың тілдері пайдаланылуы мүмкін.
1. 2. Қазақстанның тіл жөніндегі заңнамасы
Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Мемлекеттік тіл - көп ұлтты мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту,
8
мәдениет, баспасөз бен байланыс орындарында, құқық қорғау мен әскери бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын
саяси - құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Демокртиялық қоғамда белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебе (статус) беру оның басқа тілдерге қысымшылық көрсету болып табылмайды. Бұл туралы Республикамыздың Тіл туралы Заңында анық айтылған. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз
(1998 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістермен)
7- бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін- өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
14- бап
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкіді ешқандай кемістітуге болмайды.
19- бап
2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым- қатынас,
9
тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
41- бап
2. Республика Президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
58- бап
1. Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төоағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
93- бап
Конституцияның 7- бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар арнаулы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті.
Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып - үйрену мен дамыту үшін жағдай
10
жасау жөніндегі міндеттерін заңмен белгіленгенін Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
"Тілдер туралы" Заңның орындалмауының ең басты себептерінің бірі - заңдық негіздік кемшіліктері. Ел Конституциясының 7-бабының 2-тармағында, Тіл туралы заңның 5-бабында: "Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орпыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады", - делінген. Міне, осыларды заңдық негіз деп түсінетін, шындығында мемлекеттік тілді білмейтін және білгісі де келмейтін қазақтар да, өзге ұлт өкілдері де осы қалпында өмір сүре беруді, қызмет істей беруді қалайды. Олар Қазақстанда осылай заңды орындамай да жүреберуге болатынына сенімді. Себебі, мемлекеттік органдар тарапынан заңды орындауды талап етудің жоқтығы олардың көзін соған жеткізіп отыр. Басшылар: "Сабыр сақтайық, елдің тыныштығын, бірлігін, тұтастығын ойлайық", - дейді. Дұрыс-ақ. Ал, Президент Нұрсултан Назарбаев қол қойған "Тілдер туралы" Заңның 4-бабында: " Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға міндетті", - делінген. Сонда мемлекеттік тіл елді топтастырудың, бірлікті ұйымдастыру мен ұйыстырудың факторы, тетігі болса және ол әрбір азаматтың парызы болса, оны білуге Қазақстанның барлық азаматы, оның ішінде орыстілді қазақтар неге
11
ұмтылмайды, ал, Парламенттегі қазақ депутаттары болашақ депутаттықа үміткерлердің қазақ тілін білуін міндеттеуге неге қарсы дауыс береді? Әлде олар мемлекеттік тілді меңгеруге - заң талабын орындауға, сол арқылы елдің топтасуына, бірлікте, түсіністікте, сыйластықта болуына қарсы ма?
Парламенттегі кейбір депутаттардың Конституцияның 19-бабының 2-тармағына сілтеме жасауы да қисынсыз. Онда:" Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар", - делінген. " Таңдау" деген сөз - көптің ішінен біреуін қалап, таңдап алуды білдіретін ұғым. Ал, адамның, ұлттың туған ана тілі - біреу ғана. Қазақ азаматы үшін туған ана тілін - қазақ тілін таңдауға салуға жатпайды, ол - қазақ ұлтының тумысынан табиғи дара ерекшелігі. Адам түгілі, аң мен құстың да, барлық жан иесінің де өзіне тән түсінісетін тілі бар. Бұл - бір. Екіншіден, қазақ тілі - депутаттар үшін мемлекеттік тіл ретінде заңмен бекітілген заң шығару тілі, іс жүргізу тілі. Заңда оны да таңдау қаралмаған. Үшіншіден, депутат - "әркім" емес, арнайы сайланған жоғары мәртебелі Парламенттегі мемлекеттік заң шығарушы қызметкер ғой!
Қазақ тілінің тағдыры 1980 жылдардың соңынан бері әр түрлі деңгейдегі саяси саудаға түскен басты мәселе күйінде шешілместен келеді. Бұл мәселе Қазақстанның созылмалы қоғамдық науқасына айналды және іс жүзіндегі мемлекеттік тіл болып отырған орыс тілінің көлеңкесі ретінде келбеңдеп келеді. Тіл проблемасы ауқымды болғандықтан, соған сай көлемді шара қолданбайынша, қолға алған жартыкеш әрекеттен ештеңке шықпайтыны бесенеден белгілі.
12
Мәселен, "Тілдер туралы" Заң ешбір қаражат мәселесімен қамтылмаған, соған сәйкес оның іске араласуы да кешеуілдеп отыр. Сондықтан, қазақ тілінің қазіргі ахуалын мемлекеттік мәртебеге сәйкестендіргендей қаражат көзі анықталуы тиіс. Ең дұрысы, мұнайдан түсетін табыстың белгілі бір пайызы шоғырланатындай. Тілді дамыту жөніндегі Ұлттық қор құрылуы керек, саясатымыз оған қарқаусыз болса, Қазақстан Үкіметіне қарасты тілдік қаражат қоры құрылғаны дұрыс. Тіпті, мұның бәріне қауқарымыз жетпесе, Үкіметке бағынышты республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылып, оған мемлекеттік барлық бланкілер мен құжаттардың үлгісін мемлекеттің өзі көрсетіп, қазақ тілінің табыс тілі бола алатын жағдайын дүниеге әкелгені мақұл.
Тіл үшін табыс көзі саналатын қазақ тілді БАҚ тарапына бағытталған мынадай талапты әлдеқашан еңгізуге болатын еді: Жарнама беруші өзінің жарнамаға бө22лген қаражатының кемінде жартысын мемлекеттік тілде жасақтап, таратуға міндетті. "Бұл жерде жарнама берушінің құқығы аяққа тапталады, ол қай тілде бергісі келсе, жарнаманы сол тілде беруі керек" деген лебіз " қазақ тілді адамдардың құқы қалай тапталса, олай тапталсын, онда шаруамыз жоқ" дегенмен пара-пар. Мұндай талап қазақ тілді БАҚ-тарға қаржыны көп тартатыны белгілі.
Қоғамның саяси өмірін тіл тағдырынан аулақ тұрған құбылыс деп айта аламын. Талай партиялар құрылып, халқымыздың жарқын болашағын құру тек менің қолымнан ғана келеді деп кеудесін қаққан басшылары мен белсенділерінің сөзін естіп, бағдарламаларын оқып келеміз. Міне, солардың ең болмаса біреуі ынты-шынтымен мемлекеттік тіл тағдырын сөз етті ме, бағдармаларында өзекті бір мәселе етіп қойды
13
ма? Жоқ, қойған жоқ. Тым болмаса, қалың жұрт, қарапайым халыққа арналған "жалынды" сөздерін ол белсенділер мемлекеттік тілде айта алмай, баяғы ескі "әуенмен" сарнағанынан саналы азаматтардың көбінің-ақ "жарқын болашақтан" үміттенуі тұрмақ, түңіліп қайтқандарын да көріп жүрміз.
Тілі түзелмеген мемлекетте саяси партиялар мен демократиялық әрекеттердің түпкі мақсаттарын мен өз басым түсінбеймін. Өйткені, жақсы өмір мен еркіндікті аңсаған арманын біз, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамын құрып, тіліміздің мемлекеттік мәртебесі үшін күрескен азаматтарды халық есінен шығармайтынын айта кетуімізге болады. Сол бір алғашқы 5-6 жыл ішінде ана тіліне деген бұрынғы қасаң көзқарастың күрт өзгеріп, қалың жұрттың өз тіліне қауырт бет бұрысы әлеуметтік сілкініс тудырған еді. Бүгін де сол халық қой. Партиялар мен демократиялық қозғалыстар сол халықтың күйін күйттеп, мұңын мұңдағысы келсе, неге осынау бір шиыршық атқан түйінді де шытырман шатағы мол тіл проблемасына бәрі бірдей самарқау, енжар? Өз басым осы партиялар мен демократиялық қозғалыстардың елдің, мемлекетіміздің жағдайын жақсартуға бағышталған іс-әрекетіне, ниетіне сенсем де, түпкі мақсаты - билікке қолын жеркізу ме деп ойлаймын. Бірақ олар өз алдына қандай мақсат қоймасын, қазақ тілі толыққанды тіл болмаған жерде ұлттық мемлекеттің де болуы неғайбыл.
Тіліміздің өркендемеуі, өспеуі қазақтың санының аздығында емес. Ұлтымыздың ұлылығын дәріптейтін, тіліміздің құдіретті қуатын қолдайтын, ашық та батыл істерге бастайтын жүйелі істердің жоқтығы. Анау Балтық бойындағы ұлттар, санының аздығына қарамай, халқының
14
мызғымсыз бірлігі, таңғажайып тірлігінің арқасында, нәрлі нәтижеге жетіп, мерейлі мемлекеттікке ие болып отыр. Тіпті шетелдерде жүрген өз қандастарымыз, шөкімдей аз болса да ана тілінде сөйлеседі, тереңірек меңгеруге ұмтылады. Бұл - тал бесіктен басталған, отбасында сақталған тәлімді тәрбиенің нәтижесі. Осындай уызбен дарыған, талім-тәрбиемен танылған ұлтты құрметтеу, Отанды сүө, ар мен намысты жоғалтпау қасиеті - әрбір адамның рухани байлығының кепілі. Барлық бақыт пен байлықтың атасы - Отаның мен Халқың, оның қайнар көзі Ұлтың мен Тілің.
Бүгінгі таңда Қазақстанда жүзден астам тіл қолданылып жүр. Еліміздегі этикалық топтар тілдері өздерінің атқаратын функцияларының көлемі жағынан бірдей емес. Қолданылып отырған шараларға қарамастан қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру әлі мүмкін болмай отыр. Мұның негізгі себебі: тіл мәртебесі тек ресми тұрғыдан жарияланғанымен, оның жер-жерде үйретілуі мен қолданылуын жүзеге асырар тетік күні бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде іске қосылмауда. Мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасау қосалқы сипатта ғана.
Қазақ тілінің өзекті мәселелері оның шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесін иеленумен шектелмейді.
Ең алдымен, қазіргі қазақ тілінің ахуалының өзі, оның дамуы мен баюына байланысты проблемалар ғалымдардың, мамандардың, оқытушылардың айырықша көңіл бөлуін қажет ететін мәселе.
Кез келген көп этносты және көп тілді мемлекетте тілдер атқаратын қызметіне, таралу деңгейіне, сол тілді тұтынушылардың санына қарай
15
бөлінеді. Мемлекеттің қолайлы тілдік кеңістігін жасау тілдердің функционалдық арақатысын дәл анықтауды талап етеді. Оның ішінде мемлекеттік тіл лайықты орынға ие болуға тиісті. Қазіргі таңда елімізде 1997 жылғы шілденің 11-інде қабылданған "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Заңы бар. Ал, енді осы заңның реттейтін мәселелерін айтатын болсақ, ол мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. 2
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz