Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д. А. Қонаев атындағы Университет

АБДРАШИТОВ СҮНДЕТХАН БАҚЫТҰЛЫ

Тақырыбы: ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОЛАРДЫҢ МӘНІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы - Құқықтану - 5В030100 (050301)

Алматы 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д. А. Қонаев атындағы Университет

«Қорғауға жіберілді»

Азаматтық құқықтық пәндер

кафедра меңгерушісі з. ғ. к., доцент

Л. М. Абдуллина

«» 2012 ж.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОЛАРДЫҢ МӘНІ

Мамандығы - Құқықтану - 5В030100 (050301)

Орындаған Абдрашитов С. Б.

Ғылыми жетекші Мейірбекова Г. Б.

Аға оқытушы

Нормоконтроль Бағылбек Е. М

оқытушы

Алматы 2012

Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

Заң факультеті

Мамандығы - Құқықтану - 5В030100 (050301)

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

Диплом жұмысын орындау үшін

ТАПСЫРМА

студентке

Жұмыстың тақырыбы:

2010 ж. «11» қазан № 129 жоғары оқу орнының бұйрығымен бекітілген

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі: . . ж.

Жұмыстың жобасына берілген негізгі мәліметтер немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны

Диплом жұмысының және диплом жобасын жетілдіруге қатысты сұрақтардың қысқаша мазмұны:

а)

ә)

б)

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

Диплом жобасы бойынша берілетін кеңес

Бөлім
Кеңес
Орындау мерзімі
Қолы
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:
№:
Бөлім:
Кеңес:
Орындау мерзімі:
Қолы:

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУ

КЕСТЕСІ

Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері
Ескертпелер
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:
№:
Тараулардың атауы, өндірілетін сұрақтардың тізімі:
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімдері:
Ескертпелер:

Тапсырма берілген күн

Кафедра меңгерушісі: з. ғ. к., доцент Л. М. Абдуллина

Жобаның жетекшісі аға оқытушы Мейірбекова Г. Б.

Тапсырманы орындауға қабылдаған студентАбдрашитов С. Б.

Күні

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. 1 Еңбек құқығының қағидалар ұғымының жалпы жағдайлары . . . 8

1. 2 Еңбек құқығының қағидаларының ерекшеліктері . . . 13

1. 3 Еңбекті қорғау және оны ұйымдастыру қағидалары . . . 16

2 ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ

2. 1 Еңбек қағидалары негізінде мемлекеттік басқару және оны

қамтамасыз етудің жолдары . . . 23

2. 2 Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың

негізгі принциптері . . . 27

2. 3 Қызметкерлердің еңбекті қорғау қағидаты бойынша кепілдік . . . 29

3 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ

3. 1 Еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзғандық үшін жауаптылық . . . 32

3. 2 Мемлекеттік басқару органдарының еңбекті қорғау саласындағы

негізгі міндеттері мен өкілеттігі . . . 35

3. 3 Өндірістегі жазатайым жағдайларды тергеу және есепке алу . . . 42

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАҒИДАЛАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 62

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі уақытта құқықтық реформаның екінші кезеңінің шешуші шаралары жан-жақты жүзеге асырылуда. 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес Елбасы Н. Назарбаев еңбек қатынастар жүйесіне оны бірнеше жылда ары қарай нығайту мен дамытудың бағыттарын айқындаған міндеттерді артты [1, 2 б] . Бұл жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда белсенді атсалысатын мемлекеттік ұйымдар мен заңды тұлғалар қауымдастығын біріктірудің қажеттілігі мен маңыздылығын тағы бір рет дәлелдей түсті.

Кез келген ірілі-ұсақты қарапайым немесе шиеленіскен қоғамдық қатынастар сияқты еңбек құқығының қағидаттарын қолдану және жүргізу процесі де белгілі бір қоғам және оның мүшелері мойындап, орындайтындай басшылыққа алатындай заңдылықтарға негізделген, жүйеге келтірілген, басталу және аяқталу тегі бар, реттелетін құбылыс екенін ескергеніміз жөн.

Қазақстан Республикасындағы еңбек құқықтық қатынастар мен еңбекті қорғау негізінде мемлекеттік ұйымдардың және заңды тұлғалардың жұмыс берушілері өз қызметтерін атқарған кездегі басшылыққа алатын заңдылықтар (қағидалары) республикамыздың Ата Заңында, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде» және ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлықтарында көрсетілген [2] .

Диплом жұмысының негізгі мақсаты. ҚР заңдары бойынша Еңбек құқығын қағидаларының ұғымын, негізі қағида деген не деген ұғымнан шығара отырып, оның басқа құқық салалары бойынша қағидалардан айырмашылығын, оның заң бойынша жетістіктері мен кемшіліктерін айқындау, ережелерін жетілдіруге бағытталған теориялық және тәжірибелік негіздерін зерттей отырып, өз ұсыныстарын нақты келтіріп кету.

Диплом жұмысының міндеті. Еңбек кодексі бойынша еңбекті қорғауды жүзеге асыратын қағидалардың құқықтық табиғатын реттейтiн заңнамаға және жұмыс беруші органдарымен оны қолдану практикасына талдам жасау сонымен қатар, осы негiзде туындаған проблемаларды анықтау мен оларға баға беру және заңнаманы жетiлдiру жолдарын айқындау табылады.

Диплом жұмысының объектiсi . Еңбек құқығының қағидалары болып табылса, зерттеу пәнi - оларың еңбек заңнамалары бойынша қолдану себептерi мен жағдайларын, еңбекті қорғау және оны реттейтiн заңнамаларды жетілдіруді зерттеу аспектiлерi болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар жағдайында аталған мәселені жан-жақты зерттеуге бағытталған арнайы монографиялық зерттеулер көп жүргізілген жоқ және бұл дипломдық жұмыс еңбек құқығында орын алған осы мәселелердің шешімін табуға бағытталған шығармашылық талпыныс болып табылады. Еңбек құқығының қағидаларын зерттеу үшін алуан түрлі дереккөздерге - ресейлік, шетелдік және қазақстандық авторлардың еңбектерімен қатар әртүрлі нормативтік құқықтық актілерді қарай отырып, терең зерттеуге тырыстық.

Қазақстан Республикасында еңбек құқығы саласындағы алғашқы зерттеулердің қатарына жататындар: Шайбеков Д. К., О. Қағазов және В. Н. Уваровтың еңбектерін ерекше атауға болады. Сонымен қатар еңбек құқығының негіздерін ғалымдардан Абайдельдинов Т. М., Нургалиева Е. Н., Абжанова К. А., , Ажинурина Д. А., , Хамзин А. Ш., Хамзина Л. А., Хамзина Ж. А. және т. б. есімдерін атай аламыз.

Ғылыми зерттеудің басым көпшілігі еңбек құқығының түсінігі, субъектілері, Еңбек шарты және Еңбекті қорғау механизмдерін зерттеуге арналған. Дегенмен, еңбек құқығының қағидалары туралы мәселелер және олардың жекелеген түрлеріне, мәніне, маңызына, оның құрылымы мен мазмұнына арналған жеке зерттеу жоқ. Демек, еңбек құқығының қағидаларын жетілдіруге байланысты құқықтық мәселелерді зерттеуге арналған кешенді зерттеу жүргізуді қажет етеді

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімінен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. 1 Еңбек құқығының қағидалар ұғымының жалпы жағдайлары

Еңбек құқығының қағидаттары ұғымына байланысты әлеуметтік-саяси және құқықтық мәні бар мәселелерді зерттеу кезінде, ең алдымен, қағида ұғымының жай-жапсарын ашу қажет секілді.

Сөздіктерге жүгінсек, қағида - теорияның негізгі бастау қағидасы; жетекші идея, мінез-құлықтық, іс-әрекеттің негізгі ережесі немесе қағидат кез келген құрылыстың негізгі ерекшелігі деген анықтамалар беріліпті. Ал қағида туралы әйгілі ойшылдар не айтады? Мәселен, Н. Чернышевский: "Кім қағидаларды логикалық жағынан толық және дәйекті түрде түсінбесе, ондай адамның басы толған қойыртпақ қана емес, ісінде де береке болмайды" деп жазыпты [3, 12 б] .

Еңбек құқығының қағидаларының ұғымының мәнін зерделеуді кең әлеуметтік тұрғыда қарастыру, заң процесінің түрі, екінші жағынан, іс жүргізу қағидаларымен құқықтық реттелінген басқару қызметінің нысаны болып табылады.

Мемлекеттік басқарудың барлық қағидаларын шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, мысалы, мемлекеттік басқару тетігі мен оның аппаратының қызметін жан-жақты ұйымдастыруды айқындайды. Біз бұған демократизм мен әлеуметтік әділеттілікті, ұлттық теңдікті, кәсіби даярлықты және заңдылықты жатқызар едік. Ал, екіншісі, әрекет ету аясы шектеулі қағидаттер деп саналады. Олар басқаруды экономикалық жағынан ұйымдастыру, басқару аппаратын құру, жекелеген нақты басқару істерін жүзеге асыру қағидалары және т. б.

Енді ресейлік ғалым-заңгерлердің көзқарастарын пайымдап көрелік. Мысалы, И. А. Ямпольская қағидаларды [4, 128 б] :

1) ұйымдастырушылық-саяси;

2) басқару аппаратын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан құру;

3) басқару аппараты қызметінің ұйымдастыру-техникалық қағидалары деп үш топқа бөлсе, Г. В. Атаманчук те қағидаларды өзінше үш ірі топқа бөлген [5, 81 б] :

1) қоғамдық-саяси;

2) ұйымдастыру-құрылымдық;

3) ұйымдастыру-функционалдық.

Ал, белгілі ғалым Г. С. Яковлев қағидаларды екі топқа: қоғамның саяси жүйесін мемлекеттік басқарудың қосалқы жүйесі болып табылатын саяси қағидалар және бүкіл мақсатты қызметі ұйымдастыру нысандары қозғалысының өзінен туындайтын ұйымдастыру қағидалары деп бөледі [6, 25 б] .

Зерделеніп отырған қағида ұғымының ең басты мазмұны, сөз жоқ, оның саяси мәнінде және қоғамдық қатынастарды реттеудегі, яғни, мемлекетті басқару немесе билікті іске асырудағы ұйымдастыру мәнінде жатыр деп тұжырымдамақпыз. Осы келтірілген ғылыми таңдаулардың еңбек құқығының қағидаларына да тікелей қатысы бар деп есептейміз. Жалпы, мемлекеттік басқарудың ішкі мазмұнын және оның жұмыс істеу тетіктерін ұйымдастыруды сипаттайтын қағидалардың ішінде өзінің сан қырлылығымен, сан салалығымен қағидалардың "бастау негізі" саналатын объективтілік қағидасы басты қағида болып саналады. Объективтік ақиқатты түсіндіру, сөз жоқ, еңбекті құқығының, дәлірек айтқанда, еңбекті қорғаудың аса маңызды міндеті екенін көпшілік қауымға түсіндіру.

Заң ғылымының докторы, профессор Уваров В. Н. еңбекті қорғау реформасының негізіне төмендегідей қағидалар пайдаланылуы керек деп есептейді [7, 2 б] :

1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

2) еңбек бостандығы;

3) кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;

5) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;

7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;

8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;

Сонымен, Адамды адам еткен еңбек. «Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей», -деп ұлы Абай Құнанбаев еңбектi осылай бағалаған.

Еңбек нағыз материалдық және рухани негiзгi ретiнде әр қоғамға тән. Қазiргi кезеңде адамның еңбегi тарихта бұрын-сонды болып көрмеген қоғамдық тұрғыдан бағаланып отыр [8, 3 б] . Еңбек ету бостандығы - азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.

Біздің ата Заңымыз - Конституциямызда «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» деп атап көрсеткен [2, 4 б] . Сондықтан еңбек ету бостандығы қағидаты біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу құқығын білдіреді. Екіншіден, әрбір еңбек етуге қабілетті адамның өз қалауымен мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынға, мекемелер мен ұйымдарға жұмысқа орналасуға заңда мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Үшіншіден, бұл қағидат адамның жұмысқа өз мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік береді.

Бұл арада атап өткен жөн, Конституция бұрын болғандай, еңбек ету міндеттілігін көздемейді. Заң мұндай адамдарды «арамтамақтар» деп атаған еді. Бір кездері оларды еңбекпен тәрбиелеу лагерлері де құрылған. Алайда күштеу, барлық уақыттағы сияқты, игі нәтиже берген жоқ. Қандай себеппен болсын жұмыс істегісі келмегендер (нашақорлар, маскүнемдер, ар-намыстан айырылып азғандар) жұмыс істемеудің жолын табады. Шамасы, адамға ықпал етудің екі жолы бар деп ойлаймын. Ол жұмысқа еңбек қабілеті бола тұра еңбек істегісі келмейтіндерді қоғамдық сынау. Жалқауларды, еңбекке сырт қараушыларды бүкіл халық сынға алады. «Еңбексіз игілік жоқ», «Еңбек еткенді құдай да жақсы көреді», «Адамды еңбек асырайды», «Құдайға сыйын да еңбек ет, еңбек ет те міндет ет» дегендей, кезіндегі коммунизм көсемдерінің бірі Фридрих Энгельс те өзінің танымал еңбегінде «Адамды адам еткен еңбек» десе, коммунистік Партияның кезіндегі ұраны «Еңбек етпеген ішіп жемейді» болатын. Осыларға қарап отырып, еңбек қатынастары қай қоғамда болмасын маңызды орынға ие болғанын көреміз [9, 13 б] .

Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексінің бiрiншi бабында: Еңбек - адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi - деп анықтама берiлген. Еңбек құқығы деген ұғымның өзi, осы құқық саласы еңбекке тiкелей қатынасы екенiн бiлдiредi. Бiрақ та еңбек кез келген еңбекке байланысты қатынастар еңбек құқығы нормаларымен реттелiне бермейдi. Мысалы, азаматтың өз үй шаруасымен (саяжайда, бау-бақшада өз малын күту, бағу т. б. ) байланысты еңбектерi еңбек құқықтық нормаларымен реттелiнбейдi. Еңбек мемлекеттiк тұрғыдан Заңмен реттелiнедi. Сондықтан да қызметкерлердiң еңбек қатынастарын реттейтiн еңбек кодексінің маңыздылығы да осында. Еңбек құқығы адамның қоғамдық қызметінің негізгі түрін - еңбекке қатысуын жанама түрде білдіретін құқықтың маңызды саласы болып табылады. Еңбек құқығы пәнінің негізін еңбекті қолдану жөніндегі жеке-дара қатынастар құрайды. Олар қызметкер мен жұмыс берушінің арасында қалыптасады және жұмысқа алу, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы төлеу, еңбек тәртібі және басқа бірқатар мәселелер бойынша түрлі әлеуметтік байланыстарды қамтиды. Еңбек процесінің өмірде болу фактісінің өзі еңбек құқықтарымен байланысты және сондай-ақ еңбек құқығының қолданылу аясына енетін қоғамдық қатынатардың тұтас кешенінің пайда болуына объективті түрде алып келеді. Олардың біреулері еңбек қатынастарынан бұрын (мысалы, жұмыспен қамтылмаған халықты еңбекке орналастыру жөніндегі қатынастар), екіншілері олармен қатар жүреді (мысалы, жұмыс беруші, еңбек ұжымы, кәсіподақтар және өзге де ұйымдар арасында қалыптасатын ұйымдастыру-басқарушылық қатынастар), үшіншілері - солардан туындайды (мысалы, қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі іс жүргізу - еңбек қатынастары және т. б. ) .

Сонымен, еңбек құқығының пәні еңбекке қабілеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасатын жеке-дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды [10, 113 б] .

Еңбек құқығының әдістері саланың пәніне енетін жоғарыда аталған қатынастарды реттеудің жолдары мен тәсілдерін сипаттайды. Оларға мыналар жатады: міндеттемелерді орындаудың ерекше режимі; еңбек жағдайларын орталықтан және жергілікті жерде, нормативтік және шарттық реттеуді үйлестіру; сыйақының ұжымдық және жеке-дара еңбек нәтижелеріне байланыстылығы; санкцияларды қолданудың соттан тыс тәртібі және т. б.

Құқықтық реттеудің айрықшаланған пәні мен өзіне тән әдісінің болуы еңбек құқығының құқық жүйесіндегі дербес сала ретіндегі орнын белгілеп береді.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері ҚР Еңбек Кодексінің 3-бабында нақтыланып көрсетілген. Онда:

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады [11, 13 б] .

Ал, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері:

1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

2) еңбек бостандығы;

3) кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;

5) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;

7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;

8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;

10) әлеуметтік әріптестік;

11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбек құқығының принциптері, яғни қағидалары - еңбек қатынастарын және олармен тығыз байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде басшылыққа алынатын бастапқы постулаттар, идеялар.

Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай принциптері баянды етілген: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тыйым салу және жұмыссыздықтан қорғау (24-бап) ; денсаулықты қорғау құқығы (29-бап) ; бірлестіктер бостандығына құқығы (23-бап) ; құқықтар мен бостандықтарды заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен қорғау құқығы (13-бап) ; еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес сыйақы алу құқығы (24, 28-бап) ; демалуға құқығы (24-бап) . Бұл конституциялық принциптері еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің салааралық принциптеріне жатады, еңбек құқығында осы саланың өзіндік ерекшелігі ескеріле отырып құқықтар нақтыланады және мынадай түрде беріледі:

1. Еңбек бостандығы еңбек шарты бостандығының салалық принциптеріне ауысады.

2. Денсаулық сақтау құқығы қауіпсіздік пен тазалық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығында нақтыланады.

3. Еркін бірлестіктерге құқық - нақ өндірістік кәсіптік мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігу құқығы - еңбек құқығы принципіне ауысады.

4. Өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқығы ереуілге шығу құқығын қоса алғанда, оларды шешудің заңмен белгіленген әдістерін пайдалана отырып жеке-дара және ұжымдық еңбек даулары құқығында нақтыланады.

5. Демалыс құқығы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты Конституцияның өзінде, заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мерекелік күндерге, ақы төленетін жыл сайынғы демалысқа белгіленген кепілдікпен нақтыланады.

6. Еңбекке ақы төлеу принципі де конституциялық деңгейде сала ретінде белгіленген, өйткені ол адам қызметінің тек жекелеген нәтижесінің төлемін алумен ғана емес, оның процесімен байланысты.

1. 2 Еңбек құқығының қағидаттарының ерекшеліктері

Еңбек құқығының қағидаттары және тікелей байланысты өзге де қағидаттар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шарттарда бекітіліп, реттеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Еңбеке құқығындағы қағидалары
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу
Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны топтастыру
Халықаралық құқықтың түсінігі
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Құқық қағидаларының жалпы түсінігі
Азаматтық іс жүргізудің қағидалары
Азаматтық іс жүргізу құқығынын принциптері, оның мазмұны және сот тәжірибесінде жүзеге асырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz