Тіл дамыту әдістемесінің маңызы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Тіл дамыту әдістемесінің маңызы

1 Балалардың тілін дамыту әдістерінің педагогикалық-психологиялық негіздері

2 Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебеттер тізімі

Кіріспе

Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында ойлау дағдысына төселіп, істі творчестволықпен, ұтымды орындауға үйренеді. Ал ойлау не арқылы іске асады? десек, әрине, алдымен тіл арқылы. Ойлаудың негізгі басты құралы - тіл болып саналады. К. Маркстің айтуынша, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы». Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енеді. Ал ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәл-дене түседі. Тіл шындықтағы заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өз-ара қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет атқарады.

- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістерімен таныстыру арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетінің икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалар білімін дамыту әдістемесін жасау.

-Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздерін анықтау;

- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетін игеру жұмысының мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;

- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетін дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;

- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетінің дағдысын анықтауда қазіргі қолданылып жүрген оқу құралдары мен тәрбиешілер тәжірибесін зерттеу;

Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетінің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды жалпы балалардың білімдік, танымдық әрекетін жүзеге асыру.

Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетіндегі зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы білім беретін балабақшаның оқыту процесінде енгізілген жағдайда, балалардың ойлау шапшаңдығы, сөз ұстанымы, пікірлерін жеткізе алу икемділіктерін қалыптастыруға кең мүмкіндік жасайды. Зерттеу материалдарын балалар бақшасындағы оқу пәндерін оқыту үрдісіне кеңінен пайдалануға, сондай-ақ жоғары және орта педагогикалық оқу орындарында тәрбиешілерді даярлауда, тәрбиешілердің білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.

1 Балалардың тілін дамыту әдістерінің педагогикалық-психологиялық негіздері

«Балабақша жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып өсіруге, оқытуға және тәрбиелеуге тиіс», - делінген «Жалпы білім беретін және кәсіптік балабақша реформасының Негізгі бағыттарында». Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі - еңбектің творчестволық сипат алуы. Осыған орай, біздің балабақшаларымыздың бүгінгі таңда алда тұрған ең маңызды міндеттерінің бірі-балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру, творчестволық белсенділігін арттыру. Балабақша реформасының оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар бүкіл әдісін, құралдарын ұйымдастыру формаларын онан әрі жетілдіруді қарастыруы, балалардың белсенділігін туғызатын әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды ұсынуы кездейсоқ емес.

Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында ойлау дағдысына төселіп, істі творчестволықпен, ұтымды орындауға үйренеді. Ал ойлау не арқылы іске асады? десек, әрине, алдымен тіл арқылы. Ойлаудың негізгі басты құралы - тіл болып саналады. И. К. Маркстің айтуынша, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы»[1] . Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енеді. Ал ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәлдене түседі. Тіл шындықтағы заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өзара қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет атқарады. Тілдің қатынас құралы болып қызмет атқаруы сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Ал мұның өзі адамдардың сөйлеу әрекеті болғандықтан психология ғылымының зерттеу объектісіне айналады.

Сөйлеу әрекеті алдымен ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеудің өзі ауызша және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен диалектикалық тығыз байланыста іске асып отырады, Өйткені олардың физиологиялық негізі бір, ол негіз - ми жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары. Олардың негізінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.

Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, ой өрісін кеңейтеді, тілін дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді.

Психологтардың анықтауынша, ересек топ балаларының қиял дүниесіне бой ұруы, әр түрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Олардың бұл ерекшеліктерін творчестволық жұмысқа пайдаланудың зор маңызы бар. Қиялдың шарықтап дамуының ең жоғары сатысы творчестволық әрекетпен тығыз байланысты болады. Қиял екі түрлі: пассивтік және активтік. Ал активтік қиялдың өзі қайта жасау, творчестволық болып екіге бөлінеді. Шығарма, мазмұндама жұмыстары активтік қиялдың екі түрін де дамытады. Өйткені кітап оқу, түрлі суреттер, диафильмдер көру арқылы алуан түрлі оқиғаларды көз алдына елестету - қайта жасау қиялының көрінісі болса, бала қиялының бетін шындыққа бұрып, іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен тапқандарын қосып дамытуға, толықтыруға үйрету творчестволық қиялдың дамуыка әсер етеді. Осыған байланысты, шығарма (әсіресе еркін тақырыпқа), сондай-ақ мазмұндама жұмыстарын түрлендіріп жүргізудің оқушыларды творчестволық жұмысқа үйретуде атқаратын ролінің зор екені келіп шығады.

Шығарма мен мазмұндамада психикалық таным процестерінің қызметін, түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиялды күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін күшейтеді, анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нерв байланыстарын жасайды және жетілдіре түседі.

Шығарма мен мазмұндама жүргізуге дайындалу барысында, әсіресе ересек топ балаларының психикасында 1-сигнал системасының қызметі басым болғандықтан, балалардың өмірде көрген-білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп, сол жөнінде қабылдауларына, оқиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену қажет.

Тексті алдын ала синтездеу жұмысына ерекше назар аударған жөн. Өйткені тексті алдын ала синтездеудің, яғни жазбас бұрын тексті жобалап алудың қате жібермеу үшін де тигізер пайдасы мол. Жазу процесінің аналитикалық және синтетикалық жағы неден көрінеді?

1. Сөз таңдағанда бала әңгімеленгелі отырған оқиғаға сай келетін сөздерді таңдап ала білсе, бұл - аналитикалық процеес, ал осы сөздерді текстің ішіне енгізуі синтетикалық процесс болып есептеледі.

2. Сөйлем құрастыруда - анализ - субъектілер мен предикаттарды іріктеп және заттың белгілерін көрсететін сөздерді іріктеп алу; ал синтез - осылардың сөйлем ішінде орын-орнына қойып орналастыру.

3. Текст құрастыруда анализ - тұтас, тексті бірнеше бөлімдерді бір-бірімен жалғастыру. Жазуға дайындық кезінде, текске жоспар жасау - анализ арқылы іске асса, сол жасалған жоспар бойынша толық тексті құрастырып айтып не жазып беру синтетикалық процесс болып табылады.

4. Шығарма жазу барысында анализ үнемі синтезден бұрын жүреді, анализдің бұрын келуі синтезге жол ашады.

5. Психология оқулықтарында мектеп жасындағы балалардың қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады. Сондықтан мазмұндамаға алынатын текстер мен шығармаға ұсынылатын материалдар балаларда болатын көңілділік, . сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттер ескеріле іріктелуге тиіс.

Балабақшада балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету жұмыстарында да, басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланыстылығы, көрнекілік, саналылық, түсініктілік, оқушылардың белсенділігін арттыру және жүйелілік принципі ескеріледі. Шығарма мен мазмұндама материалдарын іріктеуде балалардың жас ерекшеліктері және бұрыннан бар білім қоры мен машықтары, шеберліктері есепке алынумен бірге, топта программалық талаптар ескеріліп отырады. Бұл жұмыстарда оқушылардың белсенділігін арттыру мен саналылықты жүзеге асыру үшін балаларды өз ойының барысын байқауға, біреудің айтқанын тыңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, заттар мен құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар оқушыларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету барысында оларға қандай машықтар берілуге тиіс екені белгіленуі қажет. Өйткені баланың бойында бар қасиетті пайдаланып, оларды жаңа әдетке тәрбиелейтінімізді біліп алмайынша, жұмыстан белгілі бір нәтиже күту қиын. Машықтың физиологиялық механизмі жоғары нерв жүйесіне бағынатын шартты рефлекстер, ол бірінші сигнал системасының қатысымен екінші сигналдық системада жасалады. Ендеше әдетке бала механикалық түрде емес, саналы түрде жаттығады.

Шығарма, мазмұндама жазу кезінде балалар негізінен мыналарға әдеттенеді: дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаның үстіне дұрыс қою, әріптерді дұрыс жазу, лексикалық (сөзді дұрыс қолдану), морфологиялық және синтаксистік тексті алдык ала синтездеу, ойлау операцияларын дұрыс қолдана білу, жазғандарын тексере білу және қателерін түзете білу т. б. машықтар. Бұл тәсілдердің қалыптасу дәрежесі әр түрлі. Мысалы, егер қаламды дұрыс ұстау, орфографиялық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және тексті алдын-ала синтездеу әлі әлсіз, сананың бақылауын қажет етеді. Бұл әдеттердің қалыптасуына, мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының әсері зор. Мазмұндама мен шығарма жұмыстарының мақсатының өзі балалардың ойлау қабілетін (анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, абстракциялау) жан-жақты дамыту болғандықтан, осы жұмысты іске асыру барысында кейбір процестер тұрақтанып, қалыптасады.

2 Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар

Балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысының өзінің программасы, жаттығу түрлері сондай-ақ әдісі болады.

Балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді.

1. Балалардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу және оларды жинақтап, өз беттерімен қорытынды жасай білу.

2. Балалар қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жетуі тиіс.

3. Қазақ тіл ғылымының зерттеу жұмыстарының негізінде балалардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберліктерін жақсартуға септігі тиетін жұмыстарды, әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының оңай да тиімді жолдарын іріктеп ұсынып, оларды орындату.

4. Тіл дамыту жұмыстары арқылы балаларды өз Отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, коммунизм құру жолында саналы да, белсенді еңбек етуге тәрбиелеу.

5. Балаларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге, оны сезініп құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да балаларға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарын көздейді.

Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі бір методикалық талаптарға сүйенеді.

Балалардың тілін дамыту жұмысы мектептерде негізінен балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету арқылы орындалатын болғандықтан, бұл жұмыстарға қойылатын методикалық талаптарды көрсетелік. Ол талаптардың негізгі бастылары мынадай:

1. Берілген тақырыптың мазмұнын ашып көрсете білу, бла өзінің жинаған материалын, берілген тақырыптағы негізгі ойды анықтайтындай етіп іріктеуі қажет.

2. Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы. Жұмыстың мазмұнды болуы да материалды жинау, негізгілерін түсініп, іріктеп ала білуіне байланысты.

3. Бала түсінгенін ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс. Алдын ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Бала әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алуға тиіс. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн.

4. Балалар сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп іріктеп, таңдап қолданғаны дұрыс. «Мәншүк» тексі бойынша мазмұндама жазғанда, жаудың жаңбырша жаудырған оғы деген тіркесті сол қалпында беруге тырысып, жаудың тамаша жаудырған оғы деп жазған. Мұндай қателерге жол бермеу үшін сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т. б. тексті анализдеу, синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн.

5. Артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.

6. Бала сөйлегенде болсын сөйлемдерді белгілі формада (тұлғада) құрастыратын болсын. Яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші бір сөйлем келер шақта тұрмасын.

7. Балалардың жазба жұмыстарында ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздердің болғаны дұрыс.

8. Жазба жұмыстарын жетілдіруді міндетті түрде меңгерген болуға тиіс. Жұмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін бала мұқият қарап, тексеріп шығатын болсын, мұнда тіпті кейбір қате құрастырылған сөйлемдерді де жөндеуге жол беріледі.

Сөйтіп, балабақша балаларының тіл дамыту жұмыстарына қойылатын негізгі методикалық талаптардың негізгілерін айттық. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында басшылыққа алынады. Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз? Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.

«Тіл» немесе «тіл дамыту» - пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі - сөйлеуді зерттейді.

Қорытынды

Қорыта келе тілдің қатынас құралы болып қызмет аткаруы сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Ал мұның өзі адамдардың сөйлеу әрекеті болғандықтан психология ғылымының зерттеу объектісіне айналады.

Сөйлеу әрекеті алдымен ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеудің өзі ауызша және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен диалектикалық тығыз байланыста іске асып отырады, Өйткені олардың физиологиялық негізі бір, ол негіз - ми жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары. Олардың негізінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Әріптерден сөз жасау
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Шет тілін оқытуда дағдысын қалыптастыру
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz