Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
1. 1 Мектепке даярлық тобындағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық сипаты . . . 7
1. 2 Мектепке даярлық тобындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктері . . . 14
2 Мектепке даярлық тобындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру және дамыту әдістемесі
2. 1 Мектепке даярлық тобындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың жолдары . . . 27
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 36
Қорытынды . . . 61
Пайдаланған әдебиеттер . . . 63
Қосымша
Кіріспе
Зерттеу көкейкестілігі: Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.
2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономкалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстанның халқына жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген, 2010-2014 жылдарға арналған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты - халықтың мектепке дейінгі ұйымдардың сапалы қызметіне деген мұқтаждығын қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілумен тақырыптың өзектілігі түсініледі. Өйткені, мектепке дейінгі кезеңде шаралардың басты міндеттері ең алдымен баланың танымдық қызығушылығын арттыру, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу болып табылады.
Мектепалды даярлық қана баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасында рухани-адамгершілік құндылықтар, интеллект, таным белсенділігі, іс-әрекеттерінің іргетасын қалауға бағытталған. Оқытудың алғашқы сатысының жетекші идеясы - сыйластық пен сенім жағдайында ғана жүзеге асырылатын тұлғаның толық дамуы, баланың жеке қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне көңіл аудару болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде заманауи өзгеріп отыратын әлемге бейімделе алатын бала тұлғасын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар құрады. Ғалымдардың көп жылдық зерттеулері мектепке дейінгі жас адамның интеллектуалды, жеке, әлеуметті және эмоционалды даму жағдайларын анықтаушы болып табылады.
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бағытындағы шаралар да осы міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Қоғамыздағы өзгерістер де қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесін мазмұндық жағынан өзгертуге ықпал етеді.
Зерттеу жұмысымызда мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілетін қарапайым математика элементтерін бүгінгі күнгі инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы балалардың ойлау қабілетін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі өзектілігі болып айқындалады.
Баланың қарапайым түсінік-ойын тәрбиелеу, он көлемінде санай, есептей білуге, ауызша қосып, азайту тәсілдеріне жаттықтыру математикалық ұғымдар туралы алғашқы мағлұматтарды меңгерту ісіне ерекше назар аударып, алынған білімді бекітуге назар бөлінеді.
Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т. б. ) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.
Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды.
Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғышарттарын қалыптастыру.
Балабақша бағдарламасы ең алдымен онға дейінгі сандарды игеруден және қарапайым геометриялық фигуралармен танысудан басталады. Геометриялық фигуралар негізі эталон болып табылады, бұларды пайдаланып нәрсенің формасын анықтайды. Форма бір нәрсенің кеңістіктегі екінші нәрседен бөліп тұрады. Нәрселердің формасы геометриялық фигураларда жалпыланған бейнеге ие болады.
Әр топ балаларының ерекшеліктеріне сай келетін математика элементтері «Мектепке дейінгі мекемеге арналған тәрбие бағдарламасына» сәйкес балалармен қарапайым математиканы оқыту жүргізіледі. Балалар сан туралы білмей тұрып-ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың барлық құрамы жөнінен әр түрлі болатын балалар бақылауларға сүйеніп, ұғынып алғандары жөн. Сонда олардың жиындарды салыстыруға ынтасы артып, санау негізінде айырмашылықты сан-есім сөзбен анықтау қажеттігі туады.
Алайда балалар қарапайым математиканы игеру барысында, жиынтықты қабылдауы әр баланың жас шамасына тән әр түрлі болады. Олар жиындарды әр түрлі белгілері бойынша реттей білмейді. Бұл -балалар жиындарды жинақтау және жиынннан оның ішкі жиынынын ажарату операциясын меңгере алмаған деген сөз. Дыбыстарды санағанда, заттарды сезім түйсігі, қимыл-қозғалыс арқылы санағанда балалар көп қателеседі. Сонымен, балалардың 10-ға дейін санай білетіндіктеріне қарап, тәрбиеші нақтылы жиындар және олардың жасалу тәсілдері жөнінде түсініктері бар-жоғын, санамай тұрып-ақ жиындармен операциялар жасай біле ме, заттардың жиынтықтарын олардың элементтерін бір-біріне сәйкестей отырып салыстыра ала ма, осылардың бәрін біліп алуы тиіс. Мектеп жасына дейінгі топтарда балалардың көпшілік бөлігі негізі геометриялық фигуралардың атауларын білмейді, әр түрлі ұзындық параметрлерін айыра білмейді. Бір нәрсенің ені мен ауданын шатастырады, кеңістік қатынастарды белгілеу үшін көмекші сөздер мен үстеулерді дұрыс пайдалануда біршама қиналады.
Мектеп жасына дейінгі балалар алдымен нәрселердің өлшемдестігін нәрселерді беттестіру немесе тұтастыру жолымен жүргізеді; өлшемдестікті көз мөлшерімен анықтайтын болсақ, бұл тәсіл жарамсыз болып қалады. Мәселен, ағаштың немесе дуалдың биіктігін көзмөлшерімен анықтау үшін, көзбен мөлшерлеу дамыған болу қажет. Бұған нәрселерді салыстыру әрекетінің себі бар. Көз, қол жасайтын практикалық әдістерін бейне бойға сіңіріп, жинақтайтын сияқты.
Зерттеу жұмысымызда психологияның жалпы ғылыми-теориялық негізін жасауға негіз болған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін алдық. Олар: жалпы педагогикалық-психологиялық мәселелер бойынша Роббер М. А, Квимен В, Добсон Дж, Кле М, Бютнер К, Зайченко В. П, Петровский А. В, Немов Р. С, және т. б.
Балалар психологиясын зерттеп, психология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдарымыз: Выготский Л. С, Мухина В. С, Ядешко В. И. және т. б.
Жалпы психология және балалар психологиясы мен педагогикасын зерттеуде өз еңбектерімен ғылымның дамуына көп үлес қосқан қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтар, психологтар: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, А. Алдамұратов, М. Мұқанов, Ә. Меңжанова, Б. Баймұратова, Құлжанова Н. және т. б.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда дидактикалық ойындардың маңызы зор. Дидактикалық ойындар және жаттығулар қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын әдістер. Олар жылдам ойындар негізінде жүзеге асыралады. Барлық мектепке дейінгі балаларда жүргізілетін сабақтар ойын әдістерімен өткізу үлкен рөль атқарады. Дидактикалық ойындар және математикалық жаттығулар балалардың ой-өрісін дамытып қана қоймай, сандарды меңгеруіне, пішінді, кеңістікті, уақытты бағдарлауына көмек береді. Барлық топтарда математикалық ойындар мен жаттығулар таңертең, түстен кейін, сабақ немесе оның бөлімдері түрінде өткізілуі мүмкін. Ойынның әр түрі тәрбие мақсатына қарай, алмастырылып отырылады. Бұдан басқа аулаға, серуенге шыққан кезде де, түрлі бақылау уақыттарында да ойынға ерекше көңіл бөлінеді. Ойын арқылы сәбилер өмір тіршілігіне қажетті жайттармен танысады. Көргенін айтып беру арқылы сөйлеуге жаттығады. Өйткені әрбір ойын оқылған материалды бекіту, нақтылап есіне сақтау мақсатында өткізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға алғашқы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, бала бойына дарыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Осы мәселені пайдалану жолдарын терең түсініп, оны іс жүзінде пайдалану жолдарын жан-жақты меңгеріп алу мақсатымен диплом жұмысымның тақырыбын « Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық денелер арқылы жетілдіру » деп анықтадық.
Зерттеу мақсаты: мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы қалыптастыру;
Зерттеу міндеттері:
- Мектепке даярлық тобындағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық сипатын негіздеу;
- Мектепке даярлық тобындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау;
- Мектепке даярлық тобындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың жолдарын қарастыру;
- Мектепке даярлық тобындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
Зерттеу пәні: мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу нысаны: даярлық тобындағы қарапайым математикалық түсініктер.
Зерттеу әдістері: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау, балалардың ойлау қабілетін бақылау әдістері, социометрия, әңгіме әдістері, дамыту және тренинг ойындар әдістемелері, талдау, бақылау, озат тәжірибелерді қолдану.
Зерттеу жұмысының дерек көздері: философтар, психологгар, педагогтар, әдіскерлердің мектепке дейінгі балалар мәселелері бойынша жарық көрген еңбектері, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттар, тәрбиешілердің озық тәжірибелері.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, зерттеу әдістері мен міндеттері нақтыланады.
«Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде мектепке даярлық тобындағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық сипаты туралы жалпы түсінік, мектепке даярлық тобындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктері баяндалады.
«Мектепке даярлық тобындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесі» атты екінші бөлімде
мектепке даярлық тобындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың жолдарын қарастыру мәселелері, мектепке даярлық тобындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың әдістері беріледі.
Қорытынды бөлімде зерттелген жұмыстар бойынша жалпы қорытындылар және болашақта жасалынатын жұмыстарға ұсыныстар ұсынылады.
1 Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
1. 1 Мектепке даярлық тобындағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық сипаты
ҚР Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс».
Өркениетке қадам басып, қабілетті елу елдің қатарына қосылуды мақсат еткен мемлекетімізде өнеркәсіп, түрлі шаруашылық салаларын дамытумен қатар халықтың әлеуметтік, рухани ахуалын жақсарту, еліміздің болашағы - жас ұрпаққа білім және тәрбие беру мәселесіне де баса назар аударылып отыр. Мұны күнделікті өміріміздің барлық саласындағы қарқынды даму көріністерінен де айқын байқауымызға болады. Әсіресе тәрбие мен білім беру саласында да оң өзгерістерге қадам бастық.
«Таным» білім беру саласының мақсаты танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, қоршаған ортаны тұтастай түсінетін және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін қолдана білетін мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Ересек жастағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңыздылығы бірқатар себептерге байланысты: ақпараттың молдығы, компьютерге зейіннің жоғарылауы, оқыту процесінің қарқынын жоғарылату; ата-аналардың өз балаларына цифрларды тану, санау, есептер шығаруға үйретуді ерте бастауға ұмтылуы.
Ойлау заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс.
Ойлау таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Дәлдеп айтқанда ойлау адам баласына ғана тән меншікті психикалық процесс.
Сыртта ауа райының қандай екенін білу үшін, мен үйден шығып тікелей бетімнің, қолымның терісі арқылы, бүкіл денеммен бүгін салқын немесе жылы екендігін сезе аламын. Бұл айналадағы шындықты түйсікпен қабылдаулар арқылы тікелей танудың жолы. Бірақ бізге ауарайы туралы мәселені үйден шықпай ақ шешуге болады. Терезенің сырт жағынан ілінген термометрді қарамай ақ біз сыртта едәуір салқын не жылы екенін дұрыс шешеміз. Білудің мұндай жолын, жанама түрде тану деп атайды, өйткені, мұнда білім тікелей алынбайды, жанама түрде, бірқатар құбылыстарды байқау арқылы ағаш бұтактарының желден қозғалуы және бұл құбылыстар мен ауа райының арасындағы байланысты түсіну арқылы алынады.
Білім алудың екінші жолы неғұрлым күрделі, бірақ оны алуға түйсіктер мен қабылдаулар, заттар мен құбылыстар туралы дұрыс мәліметтер бере алмаған күнде мүмкндік болады.
Егер таным процесі түйсіктер мен қабылдаудың тікелей беретіндерімен тоқтайтын болса, адам өзіне керекті мәліметтерді өте аз жинаған болар еді. Біз жер үстінде өзімізге дейін не болғанын біле алмаған едік, өйткені өткен оқиғаларды қабылдағанымыз жоқ қой; Жердің Күннен ара қашықтығын белгілей алмаған болар едік, өйткені бұл қашықтықты тікелей өлшеу мүмкін емес.
Адамның миында болып тұрса да И. П. Павлов шартты рефлекстерді зерттей отырып, ми әрекеттерінің бірқатар маңызды заңдарын ашты.
Нақ адам ойы адамдарды білімнің құдыреттілігімен қаруландырды, оларға табиғат күштерін өздеріне бағындыруға мүмкіндік берді. Бірақ ойлау процестері біздердің түйсік пен қабылдаулар арқылы алған мәліметтерімізге сүйенеді, бұларды ес жоғалтпай сақтайды. Бұл психикалық процестерсіз ойлаудың болуы мүмкін емес.
Ойлау дегеніміз шындықты жалпылап бейнелеу болғандықтан, ол адамның іс тәжірибесіне сүйене отырып, ойлау ісін атқарады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойдың тілсіз күні жоқ, өйткені, ойлау әрекеті адамдардың өзара қарым қатынас жасауын тілейді. Бұл табиғи қажеттілік. Қоғам өмірінде жеке адамның әрекеті ой мен тілдің қатынасына байланысты дамып отырады. Тіл адамдардың негізгі қатынас құралы. Ойлау мен сөйлеудің табиғаты әр түрлі болғанымен процесс ретінде, бір бағытта, бір арнамен өтіп жатады. Ғылыми технологиялық прогресс ойлайтын машиналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар өз жұмысының нәтижесін бағалай алады. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйлеп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да ойнайды. Ол адамды ұтып та кетуі мүмкін. Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлде қайда жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: "алдағы жерде бәрін машина істейді, ол қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады", дегенді айтады. Бұл сөз енжар, әрекетсіз адамның сөзі. Машинаның алдына арнайы міндет қойып оған бағдарлама беретін адам. Осы міндетті қоя білу үшін адамға мол білім қажет.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналадағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның ойын онша кеңіте алмайды.
Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Ойлаудың физиологиялық негіздері үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақытша жүйке байланыстары (шартты рефлекстер) . Бұл шартты рефлекстер, екінші сигналдың (сөздер мен ойлаудың) әсерінен туады, екінші сигналдар реалдық шындықты бейнелейді, бірақ сөзсіз бірінші сигнал (түйсіктер, қабылдаулар, ұғымдар) негізінде пайда болады. Ойлау процесінде сигнал жүйелерінің екеуі де бірімен бірі тығыз байланысты. Екінші сигнал жүйесі коршаған дүниеге шексіз хабарлар алуға мүмкндік береді. Ойлау тек екі сигнал жүйесінің екеуінің де қатысуымен, бір қалыпты жүреді, бірақ, жетекші рөл екінші сигнал жүйесінде болады, өйткені сөз мазмұны жағынан бай болып келеді.
Тәрбиеші балаларға білім беру, олардың ой өрісін кеңейту, тілін жетілдіру арқылы ойлауын да дамытады. Бірақ әзірше жасы мектепке даярлық тобындағы балаларды, оқу материалын түсініп және игеріп қана қоймай, қызықтыратын мәселелеріне өздері жауап табуға үйрету керек. Мұны балалар алғаш тәрбиеші көмегімен, содан кейін өз бетімен істейтін болады. Тәрбиеші алғашқы күннен бастап балаларды ойлай білуге үйретіп, сабақты түсіндіруге асықпай, оқушынық өзінің ойлауына мүмкндік берген жөн. Ал бірақ баланың өзі түсіне алмаған, басы ашылмаған бірдебір сұрақ қалмауы қажет. Материалдың бірте бірте қиындай түсуін сақтай білудің маңызы орасан зор.
Ойлауды дамытуда оқудың алғашқы жылынан бастап ақ машық жүзінде еркін және арнаулы тақырыпқа жазылатын шығармалар, есеп құрастыру, оның оңай жолын тауып шығару сықылды шығармашылық еңбектің маңызы зор.
Еліміздің егемендік алуына байланысты үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұнда қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне толық енуі, алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру. Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім беру жүйесінің ең алғашқы сатысы - мектепке дейінгі мекемелерде баланың білімге деген құштарлығы негізінің элементтерін қалыптастырудан бастағанның маңызы өте зор.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі - бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы - мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор.
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында: «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгi бағыты балалардың жеке бас мәдениетiнiң негіздерiн, мектепте оқытуға қажеттi дағдыларды, мемлекеттік тiлдi үйренуiне, зияткерлiк және эмоциялық дамуына, олардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтауға және бекемдеуге жағдай жасау болып табылады» делінген. Бұл бағытты жүзеге асыруда қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру пәнінің де алар үлесі аз емес. Қазіргі таңда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мәселесі бойынша жаңа тұрпатты жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттар және соның негізінде әр түрлі бағыттағы «Балбөбек», «Қарлығаш», «Тәй-тәй», «Қайнар» сияқты төлтума бағдарламалар қолданысқа ендіріле бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz