Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттырудың теориялық негіздері
- Сәндік-қолданбалы өнер құралдары негізінде балалардың эмоционалдық қабылдауын, сұлулық тәрбиесін қалыптастыру мәселелері . . . 6
1. 2 Балабақша балаларына сәндік сурет арқылы эмоционалдық қадылдауын арттыру ерекшеліктері . . . 11
2 Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі
2. 1 Балабақшада сәндік өнерге үйретуде балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру жолдары . . . 16
2. 2 Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік суреттер салғызу арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттырудың
әдістері . . . 21
Қорытынды . . . 32
Пайдаланған әдебиеттер . . . 33
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі күнде біздің елімізде мектеп жасына дейін балаларға тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді. Мектепке дейінгі мекеме - білім беру жүйесіндегі алғашқы буын ғана емес, сонымен бірге басқа да оқу-тәрбие мекемелерімен қатар деңгейде біздің қоғамдық құрылысымызға сай келетін баланың жеке тұлғасын, оның әлеуметтік бағдарларын қалыптастыру бағытында жауапкершілігі де жүктелген. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің жаңаша даму үрдісінің ішінде жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесі қазіргі таңда ерекше орын алады.
Еліміздің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында[1], Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2011 және 2012 жылғы халыққа Жолдауларында, «Білім туралы» Заңда балаларды шығармашылықпен қалыптасқан жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Баланың құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында 5-6 жас аралығындағы балаларды мектепалды дайындыққа тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. «Балапан» бағдарламасына сәйкес балабақшалардағы балалардың жан-жақты тәрбиелеп, оқыту - еліміздің алдағы онжылдықтардағы алдыға қойған күрделі міндеттердің бірі болып саналады.
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми теориялық әдіснамалық құжат болып табылады. Бұл құжатта мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларына толықтырулар енгізіліп, балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға деген құқығын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатына сай, барлық балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен ертерек қамту, 5 жастағы балаларды мектепалды даярлығының мазмұнын қайта қарау, мектепке дейінгі және бастауыш білімінің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қадағалау және балалардың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу мен дамыту міндеттері жүктелген.
Жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беру оларды заман талабына сай, жан-жақты дамып жетілген, жаңашыл көзқарастағы азамат етіп қалыптастыру, кең көлемді және сан тармақты іс дейтін болсақ, осыған жету баспалдағының алғашқы қадамы оның отбасындағы алатын тәрбиесіне байланысты болады. Жас ұрпақты әрі қарай мектеп табалдырығына жетектеп әкелетін екінші қадам - мектепке дейінгі мекеме мен ұйымдарда алатын тәрбие мен білім. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бәсекенің басы білімде екендігін әрбір білім туралы кеңестерде көрсетіп отырады. Яғни, қазіргі басты талап - әрбір балаға өнегелі тәрбие, сапалы да терең білім беру. Соның ішінде балабақша санатынан бастап баланы әдемілікке, көркем іс-әрекеттерге үйрету қажеттілігі де арта түсуде. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсуді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Себебі, эстетикалық көзқарастар келешек ұрпақтың шындыққа қатынасын анықтайды.
Келешек ұрпақты эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі, балаларды сұлулыққа тәрбиелеудің мәні мен маңыздылығы туралы ғұлама ойшылымыз Әл-Фараби, демократ-ағартушымыз Ш. Уәлиханов, кемеңгер ақынымыз А. Құнанбаев, ағартушы-педагогтар Ы. Алтынсарин мен М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов т. б. жазып, өзіндік іздерін қалдырды. Олар халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отыра, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше мән беріп, эстетикалық тәрбиенің бала дамуындағы ерекше орнын анықтап берді.
Балабақшада тәрбие жұмысының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В. А. Сухомлинский: «Балалар әсемдік, ойын, ертегі, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті» - деген болатын. К. Д. Ушинский барлық балалардың бірі қалмастан әуесқой суретші екендігін көрсеткен. Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға көрнекті кеңестік дәуірдің ағартушы-қайраткерлері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Блонский, Б. М. Неменский т. с. с. өкілдері де қатысты.
Ал енді балалардың қабылдауы туралы, олардың түйсіну арқылы қоршаған ортаны тануының ерекшеліктері жөнінде И. М. Сеченев, А. Р. Лурия, Б. Г. Ананьев, Д. С. Брунер, Л. С. Выготский, Л. А. Венгер, А. Д. Логвиненко т. б. психолог ғалымдар зерттеулер жүргізді. Әсіресе эстетикалық тәрбиелеудегі бейнелеу өнерінің балалардың қабылдау ауқымын арттыруға тигізер әсері, оның психологиялық мәні туралы В. С. Кузин құнды еңбектер жазды.
Эстетикалық тәрбие берудің мазұмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, балаларды өнерге тартып таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс сезінуді, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады. Соған сәйкес, қазіргі таңда балалардың эмоционалды қабылдауы негізінде олардың білімге деген құштарлығын, оқу-танымдық іс-әрекетін дамытудың қажеттілігі мен бұл үдерістің балабақшадағы оқу-тәрбие барысында өз дәрежесінде пайдаланылмауы арасында, сонымен бірге, мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу кезіндегі эмоционалды көңіл-күйінің олардың бүкіл дамуына ықпал ету пәрменділігінң күштілігі мен сол жағдайдың толыққанды ескерілмеуі арасында анықталған қарама-қайшылықтар зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Балабақшада сәндік сурет салғызу арқылы балалардың эмоционалды қабылдауын арттыру» деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: мектепалды жасындағы балаларды бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы сұлулыққа тәрбиелеу барысында олардың эмоционалды қабылдауын арттырудың теориялық негізін ашу және әдістерін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- сәндік-қолданбалы өнер құралдары негізінде балалардың эмоционалдық қабылдауын, сұлулық тәрбиесін қалыптастыру мәселелері туралы ой-пікірлерді талдау;
- мектеп жасына дейінгі балаларға сәндік сурет салғызу арқылы эмоционалды қабылдауын арттырудың ерекшеліктерін анықтау;
- балабақшада сәндік сурет салуға үйретуде балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру жолдары мен мазмұнын анықтау;
- балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет салғызу арқылы балалардың эмоционалды қабылдауын арттырудың әдіс-тәсілдерін көрсету, қорытындылау.
Зерттеудің нысаны: балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: балабақша балаларының сәндік сурет арқылы эмоционалдық қабылдауын арттыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, төрт параграфтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттырудың теориялық негіздері
1. 1 Сәндік-қолданбалы өнер құралдары негізінде балалардың эмоционалдық қабылдауын, сұлулық тәрбиесін қалыптастыру мәселелері
Адамдардың эстетикалық тәрбиесі мен сұлулық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззәттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз. Сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраты болуы керек екені шығады.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу заңдылық болып саналады. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылу толысып, тамаша, сұлу нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар, жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Табиғат әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім немесе тәрбиеші балалардың оқу, еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қазіргі қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген тауарлар сапасының әсемдігі тұтынуы жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың тәрбиеленуінде белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер етуі жүзеге асады. Өнер синтезінің ерекше қолдану кезіндегі бейнелеу немесе музыкалық сананың қалыптасуы мен дамуы - баланың келешек тұлға ретінде қалыптасуының маңызды педагогикалық жолы болып табылады. Кезінде Гегель өнер түрлерін қарастырғанда абсолюттік идеяның қырын, көркем бейнені байқаған. Сондықтан көркем бейне сияқты, өзіне бояу, дыбыс, қимыл, силуэтті жинап бейнелеу өнері, поэзия, драмалық театр, архитектура, сәндік қолөнер балаларға ерекше ықпал жасайды.
Қазіргі таңдағы эстетикалық көзқарас ерте және орта ғасырдың алғашқы кездерінде-ақ қазақ халқының рухани саладағы жетістіктері сол замандағы мәдениетпен сабақтас және байланысты болды. Көне түркі мәдениетінің «Диуани хикмет», «Хибатұлы Хаконик» сияқты үздік үлгілері қазақ халқының құралуы кезінде оның эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Сол заманның ойшылдарының ішінде Әл-Фараби ерекше орын алады. Ол Платон мен Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып эстетиканың кейбір мәселелерін талдап, эстетикалық және өнер мен поэзияның мәселелерін қарастырды[2, 86] . Қазақ халқының эстетикалық ой-пікірінің тарихи деректері ақын жыраулардың шығармашылық мұраларында да жиі кездеседі.
Тұңғыш рет «эстетика» ұғымын ғылыми термин ретінде неміс философы Баумгартен 1750 жылы осы аттас кітабында қолданған болатын. «Эстетика» гректің «эстезис» сөзінен алынған, ол «сезімдік», сезіммен қабылдайтын дарындылық деген ұғымды білдіреді. Жалпы эстетика жайлы неміс, ағылшын, француз, орыс тілінде жазылған көптеген еңбектер бар. Осы орайда ғылыми еңбектерін эстетикалық қызығушылық, тәрбие жалпы эстетикалық мәдениет саласына арнаған ғалым Б. М. Неменский: «Эстетикалық тәрбие - сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе», - деп анықтама берді[3, 26 ] .
Қазақтың біртуар ақыны, педагогі М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде: «әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі - музыкадан, біреудікі - сұлу суреттен, ал біреудікі - поэзиядан. Искусствоның әртеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды, ал тәрбиенің міндеті - балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, қызығушылығын, сол түр туғызатын қызығушылық сезімдерін оятып, өркендету», - деп эстетикалық қызығушылықтың, яғни, тәрбиенің бала дамуындағы маңызына ерекше тоқталған. Эстетикалық қызығушылық - адамның әдебиет, өнер, кино, музыка салаларында қоршаған орта, табиғатқа көңіл аударуы, оны сезім арқылы бағалап, қанаттанып, толғанысқа ұшырауы. «Қызығушылық» латын тілінен аударғанда - «маңызды мәні бар» деген мағынаны білдірді.
Атақты эстет ғалым В. Г. Белинский сұлулықты барлық уақытта моральмен қабылдап келген қоғамдық тәжірибеге сүйене отырып: «Сұлулық шындықпен және моральмен бірге туысқан. Егер шығарманы көркемдік құндылыққа ие десек, онда ол сөз жоқ, әдеп, инабаттылық жағынан да құнды болады», - дейді. Орыстың белгілі әдебиет сыншысы, демократ-жазушысы В. Г. Белинский: «Әсемдікті сезіну, адамгершілік қасиетті шарты, мұңсыз, бұл сезімсіз даналық жоқ, ақыл-парасат жоқ» деп адамның өмірінің, қандайда болсын іс-әрекетіндегідей әсемдіктің жоғары маңыздылығына айрықша тоқталады.
Батыстың белгілі философы И. Кант: «Прекрасное есть символ нравственного, доброго и только принимая это во внимание, оно нравится», - деген еді. Ол бұл жерде эстетикалық тәрбие адамның эстетикалық, адамгершілік тыныс тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді.
Балалардың эстетикалық тәрбиесін, қызығушылығын қалыптастыруда, эмоционалды қабылдауын арттыруда сәндік-қолданбалы өнердің өзегі болып табылатын бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнеріне оқытудың балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде де ықпалы мол. Онда кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. Демек сезім адамның моралдық және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп тұрады, сондықтан да балалардың эстетикалық сұлу сезімдерін, эмоционалды қабылдауын, мәдениетінің негіздерін, талғамы мен қызығуын қалыптастырудың, оны әрдайым дамытып отырудың қажеттілігі осында. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.
Өнер - өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнерді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсінуі шарт.
Жалпы білім мазмұның жаңартудың ғылыми негізіне балабақша баласын белгілі бір кажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оку әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап, кұруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болған. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің білім мазмұны мен құрылымын анықтауда дамыта оқыту идеясынан басқа білім мазмұнының интегративті сипатын қамтамасыз ету, баланың адамгершілігін, эстетикалық талғамын, эмоционалды қабылдауын, мәдени-көркем білімін халықтың озық салт-дәстүрі, рухани-мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынды.
Бейнелеу өнері - көру, шолу арқылы қабылданған шындықты көрсететін көркем шығармала түрлерінің тобы. Бейнелеу өнерінің шығармалары - уақытта да кеңістікте де өзгермейтін заттық форма. Бейнелеу өнеріне кескіндеме, мүсін, графика, сәндік-қолданбалы өнері жатады. Бейнелеу өнері өмірдегі шындық түрінде, соңдай-ақ заттың материалдық формасы ретіндегі объективті қасиетіне және заттың көлемі, түсі, жарықтығы, фактурасы және кеңістіктік ортаға байланысты шығарылады. Сөйтіп, бейнелеу өнерінің мазмұны осы міндетті жүзеге асыратын ұғымдар мен түсініктер жүйесін біріктіретін кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін өнері және сәулет өнері сияқты блоктардан тұрады. Әр блок мазмұнында, іс-әрекеттің екі түрі, яғни өнерді қабылдау және практикалық көркем іс-әрекеттер қамтылады. Өнерді қабылдау бөлімінде өнер шығармалары мазмұнын, суретшілер, мүсіншілер, қолөнершілер шығармалары мен олардың өнердегі шығармашылық өмір жолдары туралы мәліметтерді балалар өзара пікір алысуға, әр түрлі түрлерімен ойша мәдени диалог құру және т. б. әдіс-тәсілдермен меңгереді. Ал практикалық бөлімінде балалар жазықтықта бейнелеу, мүсіндеу, сәндеу және құрастыру жолдарының технологиясын іс жүзінде орындап игереді.
Көркем-эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызды да тиімді әдісі - эстетикалық көркем сипаттағы бейнелеу әрекеті түріндегі ойын болып табылады. Ф. Фребель өз еңбегінде баланы эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуде өнер түрінің барлығының маңызды екендігін атап көрсетті. Сонын ішінде балалардың түрлі өнер шығармаларын қабылдауға деген қызығушылығын арттыруға баса назар аударған. Мәселен, бейнелеу өнерінде заттар мен құбылыстарды қабылдау олардың түсі, түрі, көлемі, фактурасы (заттық тегі), сызықтық және кеңістіктік өлшемдері арқылы жүзеге асырылады. Соған сәйкес, педагог ғалым Б. А. Әлмұхамбетов балалардың ең басты қабылдау көрсеткіші түстану туралы былай дейді: «Түстану - түс туралы ғылым. Түстер хроматикалық және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге, түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен - ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша - ашықтығы (ашық сұрғылт немесе қара сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сарғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сарғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді, қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын оның қанықтығы арта түседі. Хроматикалық түстер шартты түрде жалпы түстер суық түстер болып бөлінеді», - деп көрсеткен[6] .
Педагог ғалым Ж. Балкенов: «Жылы түске түс спектірінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк - көгілдір бөлігі жатады. Жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мұздың түсімен сипаттауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады», - дейді.
Осыған сәйкес, балалардың бейнелеу өнеріндегі сәндік-қолданбалы өнер материалдарын қабылдауда ең басты орын алатын негізгі бояу түстерін және олардың қосылысу заңдылығын көрсетуге болады (сурет-1) .
Бұл жерде көрсетілген алты түстің өзіне сәйкес негізгі 22 ренктері бар екендігі белгілі. Олардың өзіндік реті мен заңдылықтары болатындығы анықталған. Осы түстер негізінде заттар мен құбылыстарды тануда балаларда табиғат құбылыстарын әсем әрі эмоционалды қабылдауы, сұлулықты сезіну қасиеттері, эстетикалық талғамдары дамиды.
Сурет-1. Балалардың эмоционалды қабылдауына қажетті ең негізгі және қосымша түстер
Балалардың эмоционалды қабылдауында эстетикалық таным, эстетикалық талғам, эстетикалық сезім ұғымдары кеңінен қолданылады. Эстетикалық талғам - адамның түрлі өнер салаларынан алған түсініктерінің жиынтығы. Қазақтың эстетикалық көзқарасы да ерекше. Ол бойынша біздің халқымыз ашық түсті қызыл - жасыл, ақ, қара, сары, көк сияқты бояуларды ұнатқан. Оны жастардың киген киімінен, үй жасауларынан, кілем-басқұрлардан, қоржын-дорбалардан көруге болады. «Қызыл-жасыл киінбей, қыздың сәні келмейді» дейді. Қазақ жерінде он екі айдың біреуі мамыр айында дала қызыл-жасыл болып құлпырады. Кілем түсін де соған еліктеп жасады. Сол мамыр айы маусым келісімен өзгеріп, сарғайып, қыста әппақ, реңсіз дала болып жататын болған соң, қазақ мамыр айын кілеміне, киген киіміне көшіріп, ұзақ сақтауға тырысқан бұл да қазақ халқы тәлімінің бір көрінісі. Жапондар елі жасыл желекке мол болғандықтан, олар неше түрлі түстерді жақсы білумен қатар, жұмсақ түстерді ұнатқан. Ал қазақ болса, қарама-қарсы, яғни контраст түстерді әлгі айтылған себептерге байланысты жиі қолданғандығы баршамызға мәлім. Бұл эстетикалық түсінік пен қабылдау өмір, тіршілік талабынан туындаған.
Адамның қылығы, мінез-құлығы мен іс-әрекеті, қимылының жөні әрі этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие, сондықтан олар, бір жағынан, әсемдік не сұрықсыздық ретінде, екінші жағынан жақсы не жаман деп бағалануы мүмкін. Бұл екеуі, яғни сұлулық пен адамгершілік жеке адам санасы мен қоғамдық санада ежелден бері-ақ бір бүтін нәрсе ретінде түсініліп келеді.
- Балабақша балаларына сәндік сурет арқылы сұлулық сезімдері мен эмоционалдық қадылдауын қалыптастыру ерекшеліктері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz