Ұлыбританияның қаржы жүйесі және Қазақстан



Ұлыбритания - Еуропаның ірі қаржы-сауда орталығы
Ұлыбритания әлемдік экономикада маңызды рол атқаратын ұлы держава. Еуропадағы ірі қаржы-сауда орталығы болып саналады.
Қазіргі таңда осы мемлкетте шамамен 11 мыңға жуық шетел компаниялары, әсіресе Солтүстік Америка, Еуропа, Жапония сияқты мемлекеттерден өз бизиестерін жүргізуде.
Ұлыбританияның қаржы министрлігі жасаған талдамасы бойынша 2003 жылы тікелей инвестицияларды алушы ретінде әлемдік деңгейде АҚШ пен Қытай мемлекеттерінен кейінгі үшінші орынды иеленді. Инвестиция бағыты бойынша ел экономикасына 36,9 млрд доллар құйылған.
Ұлыбритания экономикасында басты рөлді өнеркәсіп саласы иеленген, оның үлесіне ұлттық жиынтық өнімнің 55%, ал экспорт құнымың 90% тиеді. Қазба өнеркәсібі бойынша, соның ішінде көмір өндіру саласында әлем бойынша 4-ші орынға ие. Қара және түсті металлургия жақсы дамыған (болат, мырыш, алюминий, қорғасын т.б.).
Химия өнеркәсібі де жоғары деңгейде, синтетика материалдары, пластмасса, бояулар, дәрі-дәрмек, парфюмерия, тұрмыстық химия т.б. өндіріледі. Тоқыма өнеркәсібі барлық мата түрлсрін шығарады деуге болады (әлем бойынша 3-ші орында).
Ауыл шаруашылығының басты бағыты — мал шаруашылығы.
Егін даласында бидай, сұлы, арпа, картоп, жеміс-жидек, кекөніс өсіріледі. Алайда, Ұлыбританияның ауыл шаруашылығы елді азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмайды, бұл жайт өз кезегінде елдің импортқа тәуелділігін өсіре түседі.
Экспорт бойынша байланыстағы мемлекегтері - Еуропа қауымдастығы 58% (Германия 12%, Франция 10%, Нидерланды 8%, АҚШ 15%).
Импорт бойынша байланысы - Еуропа қауымдастығы 53% (Германия 14%, Франция 9%, Нидерланды 7%, АҚШ 13%, Жапо-ния 15%).
Бүгінгі таңда Ұлыбритания қазіргі заманға сай өнеркәсіптік мемлекет.
Ұлыбритания БҰҰ-ның қауіпсіздігі кеңесінің мүшесі, Кейінгі жылдардағы статистикалық мәліметтері бойынша, елдің макроэкономикалық көрсеткіштерінің сипаты төмендегідей:
Халық саны — 59 млн 700 мың адамға жуық;
Халықтың өсу динамикасы 0,23%;
Жалпы ішкі өнімі - 1,36 трлн доллар;
ЖЮ - жан басына шаққанда - 22800 доллар;
Кедейшілік шегіндегі халық саны - 17%;
Еңбекке жарамды халық саны - 29,2 млн адам;
Жұмыссыздық деңгейі - 5,5%
Бюджет көрінісі: кірістер - 555,2 млрд доллар;
шығыстар - 510,8 млрд доллар;
Өнеркәсіп өндірісінің өсу деңгейі - 2%;
Экспорт - 282 млрд доллар, импорт 324 млрд доллар
Қаржы жылы - 1-ші сәуірде басталып, 31 наурызда аяқталады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Ұлыбритания - Еуропаның ірі қаржы-сауда орталығы
Ұлыбритания әлемдік экономикада маңызды рол атқаратын ұлы держава.
Еуропадағы ірі қаржы-сауда орталығы болып саналады.
Қазіргі таңда осы мемлкетте шамамен 11 мыңға жуық шетел компаниялары,
әсіресе Солтүстік Америка, Еуропа, Жапония сияқты мемлекеттерден өз
бизиестерін жүргізуде.
Ұлыбританияның қаржы министрлігі жасаған талдамасы бойынша 2003 жылы
тікелей инвестицияларды алушы ретінде әлемдік деңгейде АҚШ пен Қытай
мемлекеттерінен кейінгі үшінші орынды иеленді. Инвестиция бағыты бойынша ел
экономикасына 36,9 млрд доллар құйылған.
Ұлыбритания экономикасында басты рөлді өнеркәсіп саласы иеленген,
оның үлесіне ұлттық жиынтық өнімнің 55%, ал экспорт құнымың 90% тиеді.
Қазба өнеркәсібі бойынша, соның ішінде көмір өндіру саласында әлем бойынша
4-ші орынға ие. Қара және түсті металлургия жақсы дамыған (болат, мырыш,
алюминий, қорғасын т.б.).
Химия өнеркәсібі де жоғары деңгейде, синтетика материалдары,
пластмасса, бояулар, дәрі-дәрмек, парфюмерия, тұрмыстық химия т.б.
өндіріледі. Тоқыма өнеркәсібі барлық мата түрлсрін шығарады деуге болады
(әлем бойынша 3-ші орында).
Ауыл шаруашылығының басты бағыты — мал шаруашылығы.
Егін даласында бидай, сұлы, арпа, картоп, жеміс-жидек, кекөніс өсіріледі.
Алайда, Ұлыбританияның ауыл шаруашылығы елді азық-түлік өнімдерімен толық
қамтамасыз ете алмайды, бұл жайт өз кезегінде елдің импортқа тәуелділігін
өсіре түседі.
Экспорт бойынша байланыстағы мемлекегтері - Еуропа қауымдастығы 58%
(Германия 12%, Франция 10%, Нидерланды 8%, АҚШ 15%).
Импорт бойынша байланысы - Еуропа қауымдастығы 53% (Германия 14%,
Франция 9%, Нидерланды 7%, АҚШ 13%, Жапо-ния 15%).
Бүгінгі таңда Ұлыбритания қазіргі заманға сай өнеркәсіптік мемлекет.
Ұлыбритания БҰҰ-ның қауіпсіздігі кеңесінің мүшесі, Кейінгі жылдардағы
статистикалық мәліметтері бойынша, елдің макроэкономикалық көрсеткіштерінің
сипаты төмендегідей:
Халық саны — 59 млн 700 мың адамға жуық;
Халықтың өсу динамикасы 0,23%;
Жалпы ішкі өнімі - 1,36 трлн доллар;
ЖЮ - жан басына шаққанда - 22800 доллар;
Кедейшілік шегіндегі халық саны - 17%;
Еңбекке жарамды халық саны - 29,2 млн адам;
Жұмыссыздық деңгейі - 5,5%
Бюджет көрінісі: кірістер - 555,2 млрд доллар;
шығыстар - 510,8 млрд доллар;
Өнеркәсіп өндірісінің өсу деңгейі - 2%;
Экспорт - 282 млрд доллар, импорт 324 млрд доллар
Қаржы жылы - 1-ші сәуірде басталып, 31 наурызда аяқталады.

Неоконсерватизмнің британдық үлгісі
М. Тэтчердің қаржы саласындағы еңбектері
ІІ-ші дүниежузілік соғыс Ұлыбритания экономикасын қиын жағдайда
қалдырды. Соғыс (кесірінен) салдарынан 245 мыңға жуық адам қаза болса, 278
мыңдай адам жараланып, халық санына едәуір әсерін тигізді. Соғыс шығындары
20 млрд ф.ст. астам құрады, мемлекеттік қарыз ел ішінде де артық көтеріліп,
сыртқы қарыз шарықтай берді.
Төлем балансының тапшылығы соғыс аяғына таман 4 млрд ф.ст. асты.
Осындай қиыншылықтарды жеңу, экономиканы толық қалпына келтіру мен
қажетті деңгейге жету үшін бірнеше жылдар, атап айтсақ 40 жылга дейінгі
мерзім қажет болды. Осы қиын жылдар қатарына 70-80-ші, тіпті 90-шы жылдар
да кіреді.
Осылайша, Ұлыбританияның 80-ші 90-шы жылдардағы эко-номикасының
бейнесі М. Тэтчер есімімен тікелей байланыстырылады.
1979 жылы билік басына келген консерваторлар үкіметі экономиканың
жаңа бағдарламасын ұсынып, ол тарихта неоконсерватизм деген атпен қалды.
Аталмыш бағдарлама басында премьер-министр тағына отырған М. Тэтчер
болатын. Ол кейнестік идеяны, яғни экономиканы қатаң түрде мемлекеттік
реттеу бағытынан бас тартып, жаңа бағыт іздеуді көздеді.
Жаңа үкімет мемлекеттегі экономикалық жағдайды толық талдап шығып,
әлеуметтік-экономикалық жүйедегі мынадай кемшіліктерді жоюды мақсат етті:
1) мемлекет билігін игеру;
2) салықтарды төмендету, әсіресе табыс салығы бойынша әлемдегі ең
жоғарғы мөлшерлеме - 83%-ды төмендету;
3) инерцияны тоқтату.
М. Тэтчер ұзақ мерзімді экономикалық құлдырауды тоқтату жолдарын мына
бағыттардан іздеді: монетаризм саясаты арқылы, шығындар мен салықтарды
қысқарту, тақырға отырған кәсіпорындарды субсидиялаудан бас тарту,
мемлекеттік салаларды жекешелендіру. Тэтчер инфляция жұмыссыздыққа
қарағанда үлкен қауіп туғызады деп санады.
Мемлекетте жаппай жекеіиелендіру шаралары басталып, жеке меншікке
көшу орын алады, әсіресе 1984-1987 жылдар аралығында осы мәселелер қызу
атқарылды. 1984 жылдың тамызынан бастап 1987 жылдың мамыр айлары аралығында
толық ірі концерндер жеке меншікке өтті.
Тэтчер үкіметі салауатты бәсекені қолдады. Баға мәселесі, толығымен
нарықта реттеліп, анықталыл отырды.
Консерваторлардың жаңа экономикалық саясатының басты бағыты болып -
шағын және орта бизнеске қолдау жасау болды. Жүргізілген реформалар ұзаққа
бармастан нәтижесі көріне бастады. 80-ші жылдардағы елдің экономикалық
өсіуі жылына 3-4% деңгейіне жетті, бұл сол уақыттағы батыс Еуропа елдерінің
ішіндегі жоғарғы көрсеткіш еді.
Апта сайын орташа алғанда жаңа 500 фирмалардан құрылып жатты. Ал,
еңбек өнімділігі орташа алғанда жылына 2,5% деңгейіне көтеріледі.
Экономиканы ынталандырудың маңызды шарасы ретінде - табыс салығының
төмендеуі, мемлекеттік шығындардың қысқартылуы жүзеге асты. Мемлекет
шаруашылық мәселелерге тікелей араласуын шегерді. Аталмыш мәселелердің
ішінде айтарлықтай қиындықтармен де игерілгендері болды, әсіресе
инфляциямен күрес. Осыған қарамастан, инфляция деңгейі әлдеқайда бәсеңден,
мысалы 1980 жылы оның деңгейі 16% болса, 1983 жылы 4%-і а дейін төмендеп,
қалған жылдары 6% маңында ауытқып тұрды.
Нақты экономикалық өрлеу 1985 жылдан басталды: халықтың тұтыну
шығындары 6,5%-ға, жеке күрделі салымдар 10,3%-га өсті, өндіріс жоғарылады,
әсіресе ол өнеркәсіп саласында болды. Халықтың жеке тұтыну тауарларына
деген сұранысы әлдеқайда ұлғайып, осы тауарларды өндіру кеңейе түсті. Бұған
бірден себеп болған нәрсе халық табысының 5,0% жоғарылауы еді. Экономикада
еңбекпен қамту 1,2% жоғарылады, жұмыссыздық деңгейі 6,8%-ға төмендеді. 1988
жылдың қыркүйегінде Тэтчер үкіметі жұмыссыздарды, құмы 1,4 млрд ф.ст.
құрайтын кәсіби мамандыққа оқыту бағдарламасы жөнінде жариялады. Бағдарлама
бойынша жыл сайын өндіріс мамандарын даярлап, келешекте шамамен 600 мың
адамды жұмысқа орналастыру көзделді.
Бірақ та 1988 жылы фунт стерлинг бағамының 5,2%-ға жоғарылауы ағылшын
экспортерлерінің бәсеке қабілеттіліктсріне нұқсан келтіріп, нәтижесінде
төлем бағансының тапшылығына әкелді. Осылайша, британ экономикасында
жүргізілген қайта құрулар түрлі өзгерістер мен ерлеулерді байқатты.
Дегенмен, бұл жетістіктерге жетер жолдардагы кездескен қиыншылықтар да аз
болған жоқ. Тэтчер үкіметі шығындарды қысқарту, әсіресе әлеуметтік
мұқтаждағы шығындарды игеруден бастады. Еңбек ақы қатаң бақылауға алынды.
1979-1989 жылдар аралығында осы іс-шараларды жүзеге асыра білген М.
Тэтчер саясаттан тыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйе ұғымы туралы
Жеке тұлғалардың табыс салығы
Лондон қор биржасы
Оңтүстік - Уэльс кен орындары
Ұлыбританияның қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының салық салу қағидаттары
Францияның салық жүйесіне сипаттама
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары
Ұлыбританияның саясижүйесі
Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері
Пәндер