Драгунов мергендік винтовкасының (дмв) материалдық бөлімі мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы



7,62 MM Драгунов мергендік винтовкасы (16-сурет) мергеннің каруы болып табылады және ол әр түрлі күтпеген жерден шыға келген, жылжып келе жатқан, ашык және бүркемеленген жеке нысаналарды жоюға арналған.
Мергендік винтовкадан жүргізілетін атыс 800 м-ге дейінгі қашықтықта мейлінше тиімді болады. Атыстың көздеу қашықтығы: оптикалық көздеуіштен — 1300 м, аіыык көздеуіштен — 1200 м. Кеуделік фигураға тура ату қашықтығы — 430 м, ал көшпелі фигураға — 640 м. Ұрыстық ату жылдамдығы бір минутта 30 атысқа дейін. Сүңгі-пышақсыз, оптикалық көздеуішті мергендік винтовкасының салмағы жабдықталмаған оқжатар мен дүмі жагын қоспағанда 4,3 кг болады.
Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін жай, жарқырағыш және сауыт бүзғыш-өртегіш оқтар мен винтовкалық патрондар немесе винтовкалық мергендік патрондары қолданылады. Мергендік винтовкадан ату дара атыстармен жүргізіледі. Атыс кезіндегі патрондар 10 патрон сыятын қорапша оқжатардан беріледі.
Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері
Мергендік винтовка төмендегідей негізгі механизмдер мен бөлшектерден тұрады (17-сурет):
• ашық кездеуіш және дүм, корапшасы бар үңғыдан;
• қайтармалы механизмнен;
• бекітпе жақтауынан;
• бекітпеден;
• реттеуіші бар газ түтігінен, газ поршенінен және серіппелі итергіштен;
• ұңғы жабуынан (оң және сол);

16-сурет. Драгунов винтовкасының жалпы көрінісі

17-сурет. Мергендік винтовкасының механизмдері: 1 — ашық көздеуіш және дүм, ұңғы корапшасы бар ұңғы; 2 – ұңғы корапшаның какпары; 3 - кайтармалы механизм; 4 – бекітпе жақтауы; 5 - бекітпе; 6 - реттегіші бар газ түтігі; 7 - газ поршені; 8 - серіппелі итергіш; 9 - ұңғы жабуы; 10 - соққы-ағыткыш механизм; 11-тежегіш; 12-оқжатар; 13 - дүм жағы; 14 - оптикалық көздеуіш; 15 - сүңгі-пышақ
• соққы-ағытқыш механизмнен; тежегіштен;оқжатардан; дүм жағынан; оптикалық көздеуіштен; сүңгі-пышақтан.

Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің оқтаулы кезіндегі жұмысы
Мергендік винтовканы оқтау үшін оған жабдықталған оқжатарды біріктіріп, тежегішті төмен түсіре (оны "Ату" жағдайына қойган кезде - "О" әрпі көрініп тұруы тиіс), бекітпе жақтауын соңына дейін апарып, жіберу керек. Осылайша винтовка оқталады. Егер бірден оқ атылмаса, онда тежегішті жоғары көтеру қажет (винтовканы тежегішке қойған кезде "П" әрпі көрініп тұруы тиіс).
Оқжатарды біріктіру кезінде оның ілмегі ұңғы қорапшасының ойығына кіреді, ал тіреу дөңес ілмекке ілініп қалады, оқжатар ұңғы қорапшасының терезесінде тұрады.
Тежегішті "Ату" жағдайына қойған кезде қайта оқтау сабының қозғалысы үшін ойық ашылады, ал тежегіш осінің жуандаған бөлігіндегі ойықтар құрықша құйрықшасы мен қалқанша шектегішке қарсы орналасады (құрықша құйрықшасы мен ағытқыш ілмек босатылады).
Бекітпе жақтауын артқа қарай әкелгенде, ол бекітпенің жетекші дөңесіне фигуралық алдыңғы қиғашымен әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің қрыстық дөңестері ұңғылы қорапша ойықтарынан шығады - бекітпе ашылады. Бекітпе жақтауының дөңесі автоағытқыш рычагын босатады, автоағытқыш құрықшасы қрыстык серіппе әсерімен шүріппенің алдыңғы жағына қысылады. Бекітпе жақтауын одан әрі артқа апарғанда, онымен бірге ұңғы арнасын аша бекітпе шегінеді; қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауының дөңесі, ойығындағы қиық әсерімен артқа бұрылады, ұрыстық серіппе айналады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы құрықша ілмектің артына өтіп кетеді, ал автоағытқыш шүріппесі автоағытқыш қайырмасынан секіріп кетеді.
Бекітпе жақтауының төменгі жалпақтығы оқжатар терезесінен өте салысымен патрондар оқжатар серіппесі әсерімен оқжатар қабырғаларының бүгілмесіне жоғарғы патрон тірелгенше кетеріледі. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауының артқы қалыптағы қозғалысы ұңғы қорапшасының қақпағының сынасымен шектеледі.
Бекітпе жақтауын жібергенде, ол бекітпесімен бірге қайтармалы механизм әсерімен алға жылжиды, бекітпе оқжатардан жоғарғы патронды итеріп шығарып, оны оқтықка жібереді және ұңғы арнасын жабады. Осыдан кейін бекітпенің ок беру қозғалысы тоқтайды.
Бекітпе ұңғының оқталатын қиығына келгенде, лақтырғыш ілмегі оқсауыттың сақиналы тесігіне кіреді: бекітпе ұңғы қорапшасын дөңесінің қиығының бекітпенің сол жақтағы ұрыс дөңесінің қиығына әсері күшінен бекітпе алғашқы айналым жасайды, ал содан кейін алға жылжыған бекітпе жақтауындағы фигуралық ойықтың бекітпенің жетекші ойығына әсер етуінен бекітпе бойлық осінің айналасында оңға бұрылады; бекітпенің ұрыстық дөңестері ұңғы қорапшасының тіреулерінің артына кіреді, бекітпенің жетекші дөңестері бекітпе жақтауының фигуралық ойығының тіке участогіне кіреді - бекітпе жабылады.

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Драгунов мергендік винтовкасының (ДМВ) материалдық бөлімі
Мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы
7,62 mm Драгунов мергендік винтовкасы (16-сурет) мергеннің каруы болып
табылады және ол әр түрлі күтпеген жерден шыға келген, жылжып келе жатқан,
ашык және бүркемеленген жеке нысаналарды жоюға арналған.
Мергендік винтовкадан жүргізілетін атыс 800 м-ге дейінгі қашықтықта
мейлінше тиімді болады. Атыстың көздеу қашықтығы: оптикалық көздеуіштен —
1300 м, аіыык көздеуіштен — 1200 м. Кеуделік фигураға тура ату қашықтығы —
430 м, ал көшпелі фигураға — 640 м. Ұрыстық ату жылдамдығы бір минутта 30
атысқа дейін. Сүңгі-пышақсыз, оптикалық көздеуішті мергендік винтовкасының
салмағы жабдықталмаған оқжатар мен дүмі жагын қоспағанда 4,3 кг болады.
Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін жай, жарқырағыш және сауыт бүзғыш-
өртегіш оқтар мен винтовкалық патрондар немесе винтовкалық мергендік
патрондары қолданылады. Мергендік винтовкадан ату дара атыстармен
жүргізіледі. Атыс кезіндегі патрондар 10 патрон сыятын қорапша оқжатардан
беріледі.
Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері
Мергендік винтовка төмендегідей негізгі механизмдер мен бөлшектерден
тұрады (17-сурет):
ашық кездеуіш және дүм, корапшасы бар үңғыдан;
қайтармалы механизмнен;
бекітпе жақтауынан;
бекітпеден;
реттеуіші бар газ түтігінен, газ поршенінен және серіппелі итергіштен;
ұңғы жабуынан (оң және сол);

16-сурет. Драгунов винтовкасының жалпы көрінісі

17-сурет. Мергендік винтовкасының механизмдері: 1 — ашық көздеуіш және
дүм, ұңғы корапшасы бар ұңғы; 2 – ұңғы корапшаның какпары; 3 - кайтармалы
механизм; 4 – бекітпе жақтауы; 5 - бекітпе; 6 - реттегіші бар газ түтігі; 7
- газ поршені; 8 - серіппелі итергіш; 9 - ұңғы жабуы; 10 - соққы-ағыткыш
механизм; 11-тежегіш; 12-оқжатар; 13 - дүм жағы; 14 - оптикалық көздеуіш;
15 - сүңгі-пышақ
* соққы-ағытқыш механизмнен; тежегіштен;оқжатардан; дүм жағынан; оптикалық
көздеуіштен; сүңгі-пышақтан.
Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің оқтаулы кезіндегі
жұмысы
Мергендік винтовканы оқтау үшін оған жабдықталған оқжатарды біріктіріп,
тежегішті төмен түсіре (оны "Ату" жағдайына қойган кезде - "О" әрпі көрініп
тұруы тиіс), бекітпе жақтауын соңына дейін апарып, жіберу керек. Осылайша
винтовка оқталады. Егер бірден оқ атылмаса, онда тежегішті жоғары көтеру
қажет (винтовканы тежегішке қойған кезде "П" әрпі көрініп тұруы тиіс).
Оқжатарды біріктіру кезінде оның ілмегі ұңғы қорапшасының ойығына кіреді,
ал тіреу дөңес ілмекке ілініп қалады, оқжатар ұңғы қорапшасының терезесінде
тұрады.
Тежегішті "Ату" жағдайына қойған кезде қайта оқтау сабының қозғалысы үшін
ойық ашылады, ал тежегіш осінің жуандаған бөлігіндегі ойықтар құрықша
құйрықшасы мен қалқанша шектегішке қарсы орналасады (құрықша құйрықшасы мен
ағытқыш ілмек босатылады).
Бекітпе жақтауын артқа қарай әкелгенде, ол бекітпенің жетекші дөңесіне
фигуралық алдыңғы қиғашымен әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің
қрыстық дөңестері ұңғылы қорапша ойықтарынан шығады - бекітпе ашылады.
Бекітпе жақтауының дөңесі автоағытқыш рычагын босатады, автоағытқыш
құрықшасы қрыстык серіппе әсерімен шүріппенің алдыңғы жағына қысылады.
Бекітпе жақтауын одан әрі артқа апарғанда, онымен бірге ұңғы арнасын аша
бекітпе шегінеді; қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауының
дөңесі, ойығындағы қиық әсерімен артқа бұрылады, ұрыстық серіппе айналады;
шүріппенің ұрыстық қайырмасы құрықша ілмектің артына өтіп кетеді, ал
автоағытқыш шүріппесі автоағытқыш қайырмасынан секіріп кетеді.
Бекітпе жақтауының төменгі жалпақтығы оқжатар терезесінен өте салысымен
патрондар оқжатар серіппесі әсерімен оқжатар қабырғаларының бүгілмесіне
жоғарғы патрон тірелгенше кетеріледі. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауының
артқы қалыптағы қозғалысы ұңғы қорапшасының қақпағының сынасымен шектеледі.
Бекітпе жақтауын жібергенде, ол бекітпесімен бірге қайтармалы механизм
әсерімен алға жылжиды, бекітпе оқжатардан жоғарғы патронды итеріп шығарып,
оны оқтықка жібереді және ұңғы арнасын жабады. Осыдан кейін бекітпенің ок
беру қозғалысы тоқтайды.
Бекітпе ұңғының оқталатын қиығына келгенде, лақтырғыш ілмегі оқсауыттың
сақиналы тесігіне кіреді: бекітпе ұңғы қорапшасын дөңесінің қиығының
бекітпенің сол жақтағы ұрыс дөңесінің қиығына әсері күшінен бекітпе алғашқы
айналым жасайды, ал содан кейін алға жылжыған бекітпе жақтауындағы
фигуралық ойықтың бекітпенің жетекші ойығына әсер етуінен бекітпе бойлық
осінің айналасында оңға бұрылады; бекітпенің ұрыстық дөңестері ұңғы
қорапшасының тіреулерінің артына кіреді, бекітпенің жетекші дөңестері
бекітпе жақтауының фигуралық ойығының тіке участогіне кіреді - бекітпе
жабылады.
Мергендік винтовкадан ату тәсілдері
Мергендік винтовкадан ату жергілйсті жер сипаты мен қарсыластың атысына
байланысты жату, отыру, тізерлеу және тұру жағдайларында жүргізілуі мүмкін.
Ұрыс жағдайларында мерген ату орнын командир пәрмендері бойынша немесе өз
бетімен иеленіп, жабдықтайды. Ол үшін ең жақсы шолу мен атқылауды
қамтамасыз ететін, қарсыластың атысы мен бақылауынан мергеннің тасалануына
мүмкіндік беретін, ату тәсілдерін орындауға ыңғайлы және қарсыласты бір рет
атқанда жоюға ыңғайлы орын таңдау керек. Жағдайға байланысты ату орны
оқпанада снарядтан қорғану шұңқырларында, орларда, тастар мен кесілген
томарлардың арт жағында және т.б. таңдалынып алынады. Елді мекендерде ату
үшін орын ретінде ғимараттар терезесі, шатыр, құрылыс іргетасы және т.б.
таңдалынуы мүмкін.
Атыс жүргізу үшін айрықша көрінетін жергілікті жекеленген заттарға жақын
орынды, сондай-ақ қырат жоталарды таңдауға болмайды.
Атыс жүргізуге орын иемдену үшін, Мысалы: "Мынадай мерген, атыс орны ана
жерде — ұрысқа!" пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша мерген жергілікті жер
жағдайын ескере отырып, көрсетілген орынды иемденіп, атысқа дайындалады.
Шұғыл атыс жүргізу үшін винтовкаға оптикалық көздеуішті қосып алып жүреді.
Атыс орнын ауыстыру үшін, мысалы, мынадай пәрмен беріледі: "Мынадай
мерген, ана жаққа жүгіріп барсын — алға!" Мерген орын ауыстыру кезінде ату
үшін жаңа орынға жылжу жолын, аялдау үшін Жолдың тасаланған учаскелерін
жөне егер пәрменде көрсетілмесе, онда жылжу тәсілдерін белгілеп алады.
Жылжу алдында винтовка тежегішке қойылады.
Жергілікті жер сипаты мен тасалар болуына байланысты мерғен жүгіре,
шапшаңдатылған адыммен, жүгіре өтіп немесе жер бауырлай жылжиды.
61-сурет. Жер бауырлай жылжу кезінде винтовканы ұстау әдісі
Жүгіре, шашпаңдатылған адым және жүгіре өту кезінде винтовканы
ыңғайлылығына қарай бір немесе екі қолмен ұстауға болады. Жер бауырлай
жылжу кезінде винтовканы оң қолмен үстіңгі қазықша бекітілген баудан немесе
ұңғы жабуынан ұстайды (61-сурет).
Ұрыстағы атыс міндетін дүрыс орындау үшін мерген винтовкадан ату
тәсілдерін жетік білуі, атыстың барлық тәсілдерін ұрыс алаңына бақылау
жасауды тоқтатпай, дәл де шапшаң орындай білуі керек.
Әрбір мерген атыс тәсілдерін орындаудың жалпы ережелерін басшылыққа ала
отырып, өзінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, атысты нәтижелі жүргізу үшін
басын, денесін, колы мен аяғын оңтайлы, түрақты және бір жаққа қоюы керек.
Мергендік винтовкадан ату: атысқа дайындықтан, атыс жүргізу мен атысты
тоқтатудан тұрады.
Атыс жүргізу
Винтовкадан атыс пәрмен бойынша немесе қойылған міндеттер мен жағдайға
байланысты өз бетінше жүргізіледі.
Атыс жүргізуге берілетін пәрменде: мергеннің аты-жөні, нысана, көздеуіш,
бүйірлік түзеткіші мен көздеу нүктесі көрсетіледі: "Мерген Әлімовке,
пулемет бойынша — бес, солға— бір, нысанаға — ат!"
Көздеуіш, бүйірлік түзеткіші мен көздеу нүктесі мергенге атап
көрсетілмеуі де мүмкін, мысалы: "Мерген Мұратовқа, атыс ойығы бойынша —
ат!" Бұл кезде мерген өз бетінше анықталған қондырғылар бойынша атыс
жүргізеді.

65-сурет. Тұрып ату 66-сурет. Көздеуішті кою және бүйірлік
жағдайы түзеткішті енгізу: a - көздеуішті қою;
ә-бүйірлік түзеткішті
енгізу
Атыс жүргізуге: көздеуішті қою, бүйірлік көрсеткішті енгізу, дүмді,
көздеуішті калыіща келтіріп, үрыстык қайырмадағы шүріппені ағыту енеді.
Кездеуішті қою мен оптикалық көздеуіштің бүйірлік түзеткішін енгізу үшін
винтовканы өзіне, бұрама шкаласының бөлінісін жақсырақ көру үшін
жақындатады: жоғарғы бұраманы айналдыра отырып, көздеуіштің қажет бөлінісін
көрсеткішке қарсы қояды (66,а-сурет); бүйірлік бұраманы айналдыра отырып,
көрсеткішке қарсы бүйірлік түзеткіш шкаласының талап етілген бөлінісіне
қояды (66,ә-сурет).
Бүйірлік түзеткішті енгізу кезінде: оңға түсудід орташа нүктесіне қою
үшін қара санды шкаланы, оны солға бүру үшін кызыл санды шкаланы қолданады.
Ашық көздеуішті қою кезінде винтовканы өзіне жақындатып, үлкен және сұқ
саусақпен қамыт ілгешегін қысып, оны көздеуіш тақтайшасы бойымен алға, оның
алдыңғы шеті көздеуіш тақтайшасының керекті бөлінісіне жеткенше жылжытады.
Винтовканы кою үшін оны тежегіштен алып тастау керек (егер ол тежегішке
қойылса), ол үшін сол қолмен үщы жабуынан немесе оқжатардан, ал оң колмен
дүмді үстап, нысананы көз алдынан жоғалтпай, винтовканың дүмін арткы иыққа
толық тіреу керек; басты алға иіп, мойынға көп күш түсірмей, оң бетті дүм
жағына тигізу қажет; оң қолдың сұқ саусағын шүріппеге салу керек.
Шынтақты қою:
жатып, оқпанадан, тізерлеп және түрып ату кезінде

67-сурет. Жатып ату кезінде винтовканы ұстау әдістері: a — ұңры жабуынан
ұстау; ә — оқжатардан ұстау
шынтақты ыңғайлы жағдайда иық кеңдігіне мөлшерлеп, жерге қою керек;
тізерлеп оқпанадан тыс ату кезінде сол қол шынтағы сол аяқ тізесінің етті
жеріне немесе одан біраз жылжытып қою керек. Ал, оң қол шынтағын иық
биіктігіне мөлшерлеп қоямыз (68,а-сурет);
тұрып оқпанадан тыс ату кезінде оң кол шынтағын иық биіктігіне мөлшерлеп
көтеру керек (68,ә-сурет);
• отырып ату кезінде екі кол шынтақтарын немесе егер мергенге ыңғайлы
болатын болса, тізеден түсіре қою керек (68,6-сурет).
Егер винтовканы иық ұстап тұру үшін атыс кезінде бау қолданылатын болса,
бауды сол қол саусақтарының астына, ол оны ұңғы жабуына қысып тұратындай
етіп орналастыру керек (69-сурет).
Оптикалық көздеуіштің көмегімен көздеу жүргізу үшін оң көзді көздеуіштің
оптикалық осінің бойымен көз

68-сурет. Тізерлеп, тұрып жөне отырып ату кезінде винтовканы ұстау
әдістері:
a -тізерлеп; ә-оқпанадан тыс тұрып; б - отырып
қалқанында ұстау керек, ал сол көзді қысуға болады; шынтақты ауыстыра
отырып, егер қажет болса, дене мен аяқты көздеу нүктесіндегі тор бүрышының
үшына келтіру керек, дәл осы сәтте, оң колдың сүқ саусағының алғашқы
буынымен ағытқыш ілмекті түзету шкаласы көлденең орналасуы керек және
мерген көздеуіш маңындағының бәрін көруі керек.
Егер мергеннің көзі оптикалык осьтен жоғары не төмен жаққа ауысқан болса,
көз бағытталған көздеуіштің көру алаңында ай тәрізді көлеңке пайда болады.
Ай тәрізді көлеңке болған жағдайда ок көлеңкеге қарсы жаққа ауытқиды.
Ашық көздеуіштің көмегімен көздеу кезінде сол көзді кысып, ал оң көзбен
көздеуіш тақтайшасының ойығы арқылы қарауылдың төбесіне қарауыл көздеуіш
ойығының ортасында, ал оның ұшы көздеуіш тақтайшасындағы белгілердің
үстіңгі шетімен бірдей болатындай етіп қарау керек, яғни "тегіс қарауылға"
көздеуішті қолданып алу керек; "тегіс карауылды" көздеуіш нүктесіне
келтіріп, онымен бір кезде ағыткыш шүрілпені басу керек.

Атысты тоқтату
Атысты тоқтату уақытша немесе толық болуы мүмкін.
Атысты уақытша тоқтату кезінде: "Тұр!" немесе "Атысты тоқтат!" пәрмені
беріледі. Мерген осы пәрмен бойынша ағытқыш ілмекті басуын токтатып,
винтовканы тежегішке кояды жөне кажет болса, оқжатарды ауыстырады.
Окжатарды ауыстыру үшін оны винтовкадан бөліп алып, жарақталған оқжатарға
қосу керек. Егер оқжатардағы барлық патрондар шығындалған болса, онда
винтовка жарақталған оқжатарға қосылған соң, бекітпе жақтауын қайта
жарақтау тұткасынан кері шегеріп, босату керек және винтовканы тежегішке
койған жөн.
Атысты толық тоқтату үшін: "Тұр!" немесе "Атысты тоқтат!" пәрмендерінен
соң, "Оғын ал!" пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша мерген үстіңгі және
төменгі бүрамаларды "0"-ге қойып (көздеуіш қамытьш шегіне дейін беріл,
көздеуішті "П"-ға кою керек), винтовканың оғын алып, әрі қарай жағдайға
сәйкес қимылдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Е. Ф. Драгунов
Драгуновтың мергендік вентовкасы
Автоматпен ату реті
Шағын калибрлі ТОЗ-8 винтовкасының сипаттамасы мен ату ережесі
Шағын калибрлі винтовка
«Мылтық ату» пәнінің оқу - әдістемелік кешені
Атыс негіздері
Ату негіздері бойынша сабақ өткізу әдістері
Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие
Пәндер