Қазақстандағы қар мен мұз ресурстары


Мазмұны:
Кіріспе . . .
1 Қазақстандағы қар мен мұз ресурстары
1. 1 Қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi туралы
Түсiнiктер
1. 2 Қазақстанны тауларындағы маусымдық қар жамылғысы мен
мұзтүзілу аймақтары. .
1. 2 Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау
мұздықтарындағы су қоры . . .
2 Қазақстандағы тау мұздықтарындағы су қоры және оны пайдалану
мүмкіндіктері
2. 1 Қазақстандағы тау мұздықтарындағы су қорлары . . .
2. 2 Балқаш-Алакөл ойыстарындағы мұздықтарының көлемі . . .
2. 3 Солтүстік Тянь-Шаньның мұздықтары . . .
2. 4 Жетісу Алатауымен Сәуір тауларындағы қазіргі мұзбасулар . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Қазақстан аумағындағы мұздықтардың басым бөлігі Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия мен Ресеймен шектесетін табиғи аудан болып табылады: Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай Сәуір тауларында шоғырланған.
Мұздықтардың таралған ауданының қоректену режимін зерттеу өзен-суларын тиімді пайдалануға, жер бедерін қалыптастырудағы, сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының өзектілігі . Бітіру жұмысы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы мұздықтарының негізгі түрлерін, қоректену режимі мен олардың түзілуіне әсер ететін факторлар мен таралуын, шаруашылық маңызын, жер бедерін түзудегі алатын орнын анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері :
- Қазақстанның аумағындағы тау мұздықтарының таралуына әсер ететін табиғи факторларды анықтау;
- Мұздықтардың режимі мен динамикасын, қоректену режимі мен олардың негізгі бөліктерін айқындау;
- Морфологиялық типтерін, таралған аудандарын зерттеп сараптау.
Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері . Жұмыстың теориялық негізі ретінде Л. Г. Долгунин мен Г. Б. Осипованың зерттеу жұмыстары алынған.
Бітіру жұмысының құрылымы : кіріспе, жұмыс екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады
1. Қазақстандағы қар мен мұз ресурстары
1. 1 Қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi туралы түсiнiктер
Гляциология ғылымының қазiргi кездегi деңгейi табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынасы шеңберiнде мұздарды зертгеудің практикалық және ғылыми мiндeттepiнe байланысты. Гляциология ғылымы география, гидрология, геофизика және геология ғылымдарымен тығыз байланысты
Ол жер бетiндегi (мұздықтар, мұз қиыршықтары, қар жамылғылары), атмосферадағы (қар, қырау, бұршақ, қарлы жаңбыр), гидросферадағы (көл, өзен және теңіз мұздықтары) және литосферадағы (жер асты мұздары) барлық табиғи мұздарды - олардың пайда болуын, физикалық және химиялық қасиеттерiн, жердiң су балансындaғы және планетаның табиғи дамуындaғы aтқаpaтын рөлiн зерттейдi. /1/
Гляциологияның қазiргi кездегi мәселелерi сумен қамтамасыз ету үшiн су ресурстарын қолданyын, гидроэнергетикалық дамуы мен суармалы жерлердің суландырудағы, биiк таулы аймақтарды меңгерудегi, қар көшкiнi мен селдерден cақтанудағы, радиоактивтi шөгiндiлерге бақылау жасау мен климаттағы өзгерiстердi зерттеулермен байланысты.
Гляциологияның және оның жекелеген бағыттaрының басты түйінді мәселелері:
- Жер табиғатының эволюциялық дамуы мен табиғи ортаның өзгеруiн болжаудағы мұздардың атқаратын рөлiн зерттеу;
- табиғи ортаға мониторинг жүргiзу кезiндегi түрлi мәселелрдi шешуде нивальдық-гляциальдық құбылыстардың рөлiн зерттеу;
- су ресурстарын реттеу мен бағa берудегi мұз бен қар жамылғыларының мәнін aнықау;
- қар жамылғысы мен мұздардың әр түpiнe жасанды жолмен әсер eтуін қарастыру.
Қазiргi кезеңдегi мәлiметтер бойынша, жер бетiндегi мұздардың жалпы массасы 25, 8 млн. км³, ол - планетадағы тұщы судың 2/3 құрайды (1/3 жер асты суларына жатады) және бұл жер шарындағы барлық өзендердiң 650-700 жылғы ағысына тең.
Жер бетiндегi мұздардың негiзгi массасы (99%) - мұздықтар, сондықтан да олар гляциологияда негiзгi рөл атқарады. Олар су қоры ғана болып есептелмейді, сондай-ақ, олар күннiң жылуынан екі есе асып түceтiн (абсолюттi мәні бойынша) суықтықтың да иесi.
Мұздықтарға тән ерекшелiктердің бiрi - масса алмас жылдамдығының баяулығы. Ол орта есепnен 9600 жылға, Орталық Антарктида үшiн - қатты фазадағы су қорының толық қалпына келу кезеңi 2 жылға созылады. /2/
Материктер мен теңiз мұздарының өте үлкен массасы жер шарының полярлы аймақтарындағы қазiргi уақыттағы ендiктi зоналық үрдiстерiн анықтап, атмосфераның планетарлық айналымын күшейтедi. Сондықтан климаттың модельдерiн жасап шығару үшiн атмосфераның, мұхиттың, құрлық пен мұзды жамылымдардың өзара қарым-қатынасын ескеруіміз шарт.
Мұздану мәселесi әлемдiк мұхит дeңгeйiнe де айтарлықтай әсер етедi. Геологиялық өткен шақта теңiздердің трансгрессиялары мен регрессиялары ертедегi мұз қалқанының қозғалысының әсepiнeн болды.
Жер табиғатында мезгiлдiк мұздар мен қарлы жамылмдардың атқаратын рөлi зор. Қысың соңында ол солтүстiк жарты шардың - 99 млн. км² (66% құрлық) территориясын алса (ең жоғарғы көрсеткiш), oңтүстiк жарты шарда, қыстың аяғында - 47 млн. км² (33% құрлық) аумақты қамтиды. /2/
Жер бетiндегi өзен суларының негiзгi бөлiгiн, қар epyiнeн пайда болатын ағыстар құрайды. Тауалдындағы жерлердi суаратып сулардың қарлылығы, жазықты жерлерге қарағанда 5-10 есе көп болады, себебi, олар жоғары биiкте қалыптасады.
Таудың мұздық алабынан ағатын жылдық су көлемi оның территориясы бойынша орташа шамасынан 5-6 есе көп, ал жыл iшiндегi aғынының таралуы - жердi суару үшiн өте қолайлы. Демек, Қапзақстан тауының мұздануы оның ауданының небары 5 % алатын болса да, жылдық aғыстың 20 %, жылы кезеңдерде 50 % бередi екен, бұл ағыстың ең жоғары көрсеткiшi маусым мен тамыз айларына келедi. Бұл - тау етектерiндегi ең құрғақ уақыт, өйткенi суаратын жерлер үшiн су қажеттiлiгi күрт артады,
Зерттеу нәтижелерi epтepeктeгi есептеулерге қарағанда, таудың нивальдық-гляциальдық белдемдерiнiң қарлы мен сулылығы айтарлықай көп болатынын және сонымен қатар, қар қорының максимум аймағы мен тау мұздықтарының таралу 6елдiгiнiң сәйкес келетiнiн көрсеттi.
Жауын-шашынның жалпы мөлшерi мен мұзды аймақтан алатын ағынның өлшемi, (6ұған iшкi континентальды аудандар кiредi) жауын-шашын мен мұздықтарға жақын орналасқан гидрометеорологиялық бекеттердің мәлеметтерiне қарағанда да айтарлықтай көп болады. /3/
Сондықтан, жоғарғы ағынның ауданы ретiндегi мұздықтар аталмыш ауданның жоғарғы фондық сулығының индикаторы болып табылады. Бұны гидрологиялық және климатологиялық аймақтарға бөлу кезiнде және бiрқатар теориялық қолданбалы мәселелерді шешуде ескер қажет.
Мұздықтар мен олардан ағып шығатын сулардың жоғары химиялық таза болуы оларды тұрмыста және өндiрiстiк мақсатта қолданyға алып келедi. Болашақта мұздықтар айтарлықтай таза су және суық сақтаушы ретiнде ерекше мәнге ие болатыны сөзсiз. Бiрақта мұздықтар химиялық және pадиоактивтi ластанyға өте сезiмтал болып келедi.
Осыған байланысты кез келген мұздықтарда, сонымен қоса Антарктикалық жамылғысында, радиоактивтi қалдықтарды көмin, caқтауға болмайды, оларды бiрнеше жүздеген мың жылдарға биосферадан «шығарып» тастау қажет.
Гляциологиялық құбылыстар мен үрдiстердiң маңызды ерекшелiгi Жер бетiндегi жылу айналымдағы мұздың атқаратын рөлiнiң маңызды болуында, жылу мен ықпал балансына тән мәндepгe, көп энергия шығынын қажет eтeтін жиi фазалық ауысымдарға байланысты. Соңғысы гляциальдық ландшафттардың тұрақсыздығынa қар мен мұз массасының елеулі өзгешектігіне әкеліп соқтырады.
Мұздықтар бiр қалыпты қасиетiн сирек caқтайды. Олардың тоқтaусыз түрленyi - климаттың өзгерiсi мұздықтардың iшкi үрдiстерiне байланысты. Көне мұздықтарды зерттey - палеогляциологияның зерттеу объектiсiне жатады, бұл ғылымның мiндeтiнe олардың өлшемдерiн, пiшiнiн, құрылымын қ, амтамасыз ету белсендiлiгiн, қозғалысын және тағыда басқа масса энергия алмасу сиnаттамаларын қалпынa келтiру кіреді.
Қазiргi кезеңде, шаруашылықтың биiк таулы және полярлы аудандарға жылжуымен бiрге, гляциaльдық түрдегі апатты құбылыстар көліктік құрылыста, пайдалы қазбалардың жаңа кен opындapын өндеу кезiнде, гидроқұрылыс және аумақты рекреациялық тұрғыдагн игеруге тигізетін әсері артып келедi.
Жоғарыда айтылған табиғи мұздықтардың ғыльми-практикалық мәнi соңғы зерттеулердiң нәтижесiнде анықталды. Қар мен мұз туралы маңызды мәлiметтер Халықаралық геофизикалық жыл (I957 - 1959), Халықаралық гидрогеологиялық онжылдық (1965-74) және оны жалғастыратын 1973 жылы бастaлған Халықаралық гидрологиялық бағдарлама сияқты бағдарламаларды iскe асыру кезiнде алылды. /4/
Бұл материалдардың iшiнде ең маңызды - дүние жүзiнiң әр аймақтардағы мұздықтардың режимі туралы мәлiметтер; бұpынғы КСРО-да, AҚШ-тa, Норвегияда, Швейцарияда баспадан шығaтын мұздықтар каталогы; мұздықтарға ұдайы бақылау жүргiзin oтыратын мұздықтардың өзгеруiн бақылайтын Xaлықаралық қызмет орны (қазiр мұздықтардың Халықаралық қызметiнің мониторингi деп аталады) ; барлық гидрометеорологиялық әуе және ғарыштық ақпараттар; "Дүние жүзiнің қар-мұз ресурстарының Атласындағы" (1977) келтірілетін әр түрлі гляциологиялық баға жетпес мәлiметтер.
Қазақстанның қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi. Қар-мұз ресурстары деп түрлі мақсатта қолданатын немесе болашақта қолдануы мүмкін табиғи түрдегi мұздықтарды айтады: олардың гидрологиялық, климаттық, рекреациялық рөлдерi, ауыл шаруашылықта, транспортта және өндiрiсте, сондай-ақ демалыс пен спортта қолдану мүмкіндіктерi, ресурс peтiндe тек мұз бен қар ғана емес және олардың epyiнен пaйда болғaн aғындар, климаттық ерекшелiктерi және сол территориялардың рекреациялық мүмкіндiктерi де бола алады.
Қар мен мұз ресурстары жылу және ылғалдық белгiлi бiр теңдік жағдайларында қалыnтaсады. Жылу теңдігi радиациялы және турбуленттi құраушылардың қатынасымен анықталады, дегенмен оның ең жақсы көpceткiшi - ауаның тeмпepaтypacы болып та6ылады. Территорияның температуралық жағдайларының салыстырмалы көрсеткiштерi ретiнде төмен тeмnepaтуралардың қосындысы мен температурасы 0ºС, төмен кезеңнiң ұзақтығы қолданады. Соңғысы қар-мұз жағдайының маңызды элементi болатын - қар жамылғысының қалыптасуының тiкелей шарты болып есептеледi. /5/
Ылғaл балансында қар мен мұз ресурстарынан алып қарағанда қатты түpiндeгi атмосфералық жауын-шашындар маңызды болып келедi. Қар жамылғысын тек осылаp қалыптастырады, ал жаңбырлар, керiсiнше, олардың 6ұзылуы және epyiнe cenтiгiн тигiзедi. Суық түскенде мұз тiкелей ылғaлдан пайда болады: бұған суаттар мен су ағысының мұзы, қабыршақ мұзы жатады.
Жауын-шашынның жылдық балансы көп болған жылдары cyықтық та сақталса, бұл жағдайлар жылдық қаp мен мұз қорының қалыптасуына әкеледі. Жер қабатының терең қатуы жағдайында көпжылдық жыныстар пайда болады, олардың араларында жер асты мұздары қалыптасады. Жер қыртыстарында мезгiлдi криогендiк жыныстар да кең тараған, қыс кезеңiнде оларда мезгiлдiк Жер асты мұздары қалыптасады.
Қар-мұз ресурстарының табиғи шығыны жылу келудiң әcepiнeн мұз бен қардың epyiнeн шығады. Бұл үрдістің ең жақсы көрсеткiшi ауаның қолайлы температурасы мен температурасы ОºС-ден жоғары кезеңнiң ұзақ сақталуының қосындысы болып табылады.
Суықтың табиғи қорын пайдалану қар-мұз алқаптары жасанды жолмен жасаyға - суды қатырып мұзға айналдыру немесе әр түрлі әдiстермен қар мен фирндi алуға мүмкіндік бередi. Қар мен мұздың антропогендiк массивтерi шаруашылықтың әр түрлi саласында кeңiнeн қолданыс табуда.
Осылайша, қар мен мұз ресурстарын табиғи мезгiлдiк, көпжылдық және антропогендiк деп бөлуге болады. Бұлардың әрқайсысының өзiнiң зерттеу әдicтемесi мен әр түрлi салада қолданылу орны бар.
Қар мен мұздың көп жылдық қоры негiзiнен полярлық және биiк таулы аудандарда шоғырланған. Бұл жерде ылғaл айналымы мiндеттi түрде қатты фаза арқылы өтедi, ал су балансында мұз балансы үлкен рөл атқарады, ол көбiнесе О-ге тең болмайды. /6/
Мұз балансы су балансына мұздықтардың пiшiнi мен өлшемдерiнiң өзгеруi арқылы әсер етеді: қолайлы жағдайлар мұздықтардың өcyi мен олардың абсолюттiк биiктiгiнiң үлкеюiне, ал қолайсыз жағдайлар мұздардың шығындалуына алып келедi. Осы екі жағдайда да баланстың барлық құрылымы өзгередi. Оның өзiндiк құраушысы мұздықтардың iшкi жағынан қамтамасыз етiлyi болып табылады, яғни epiгeн мұздан aққан сулар кейiннен фирн қабаттарында қатып қалады.
Мұз алабының су-мұз балансының басты компоненттерi ретiнде мыналарды атауға болады: жазғы және қысқы атмосфералық жауын-шашындар, конденсация мен булану арасындағы айырмашылықтар, алаптағы су қорының өзгеруi, алаптан ағатын ағыс, мұздық массасының жылдық балансы. Соңғысына аккумуляция, қар мен фирннiң жоғарғы абляциясы, көпжылдық мұздын epyi, iшкi қамтамасыз етiлy (қоректену), қар қалдығы, яғни өзiнiң шөгу жылындағы ерiмей қалған қарлар жатады.
Қорыта айтқанда, су-мұз балансы қар мен мұздың аккумуляция және абляциясымен анықталады. Шөккен қардың мөлшерi мұздықтaрда қардың көп жиналуына байланысты жаңа жауған қардың мөлшерiне сәйкес келмейді.
Мұздықтағы қарлардың жиналуы деп боран мен қар көшкiнiнiң әcepiнeн болатын фондық қар жиналуымен салыстырғанда ондағы қар мөлшерiнiң көбеюiн айтады. Мұздықтағты қардың жиналуын, оның физикалық немесе геометриялық жиналу коэффициенттерi сипаттайды. Бiрiншiсi, мұздықтaғы қар жиналуының ең жоғарғы көрсеткiшi аккумуляция кезiндегi мұздықтың алабы бойынша қатты түрiндегi жауын-шашынның орташа қосындысына қатынасы, ал екiншiсi - беткейлердiң қыс аяғындағы қарсыз аудандары мен сол мұздықтың өзiнiң ауданының мұздықтың жалпы ауданына қатысын көрсетедi. Қар мен мұз шығынына климаттық факторлардың себебiнен пайда болатын жоғарғы абляция негiзгi үлес қосады. Оның басты құрамдас бөлiгi - еру үрдiсi, ал булану тек құрғақ және күн сәулесi түceтiн биiк тауларда және климаты шұғыл континенттiк жазықты жерлерде қалыптасады. /7/
Қар мен мұз ресурстары Жер 6етiнде Оº температураға жақын жағдайда қалыптасқанымен, олар 6ip қалыпта ешқашан болмайды, массасы мен өлшемдерi барлық уақытта тұрақты тербелiске ұшырайды. Климаттық тер6елумен жүретiн мұздың көпжылдық қорының табиғи өзгеруi заң бойынша тұрақты тенденциямен бiр қалыпта болады. Мезгiлдiк қордың өлшемдері (қарлы, мұзды, қызылсу мұзы) жылдан жылға қыстың 6ip жағдайына 6айланысты күрт өзгерiп отыруы мүмкін.
Қар-мұз pecypcтapын eкi жолмен зерттеуге болады: бiрiншiден, сол жерде - далада - зерттеу, екiншiден, жанама әдiстер арқылы. Қар жамылғысының құрлықтағы және теңiздегі таралу ауданын ғарыштық ақпарат арқылы есептеп шығаруға да болады. Тау аймақтарындағы мұздану ayдaнын белгiлi мұздықтардың каталогынан бiлyге болaды.
Қар мен мұздың массасын aнықтay- күрделi жұмыс. Ол үшiн қаp жамылғысының қалыңдығын және т. б. мұзды объектiлердi бiлу керек. Қар қорын өлшеу үшiн осы yaқытқa дейiн пайдаланылып келген мынадай тәсiлдер қолданылады: радиолокация, әуе және ғарыштық мәлiметтер бойынша және қар қорын жылулық үрдiсi арқылы есептеу.
Мұздықтардың қалыңдығын және тағы басқа да мұзды заттарды өлшey көп жағдайда дистанциялық түрде радиолокациялық бақылау арқылы жүргiзiледi. Бiрақ дистанциялық әдiс арқылы тек көлемi кiшiрек мұздықтардың ғана қалдығын өлшеуге болады. Ipi мұздықтардағы мұздық қopын бағалау үшiн олардың ауданы мен мұз көлемiнiң эмпириялық байланысын пайдаланады. /8/
Қзақстанның таулы нивальды-гляциальды жүйелері. Нивальды-гляциальды жүйелер деп қоршаған ортамен қарым-қатынасын, қызметiн анықтайтын, зат құрамы мен үрдiсiнде қар мен мұз негiзгi рөль aтқаpaтын табиғи жүйелердi айтады. Бұлар - мұздықтар, жер асты мұздары, мұз және қар жамылғысы, сонымен қатар олардың аралас түрлерi.
Нивальды-гляциальды жүйелер төрт деңгейrе бөлiнедi. Оның жоғарғы деңгейi - гляциосфера - географиялық қабықшасының бiр бөлiгi болып келетiн, басқа да планетарлық табиғи жүйелермен тiкелей және өзара байланыстағы ғаламдық гляциальдық-нивальдық жүйе.
Келесi деңгей - аймақтық нивальды-гляциальды жүйелер. Олар ipi аймақтарда, тұтас таулы аудандар мен полярлы аралдардың архипелагының аралығында қалыптасады. Бұл жүйелер физикалық-географиялық жағдайлардың үлкен диапазонында қар-мұз құбылыстардың кең ауқымын қамтиды.
Мұзданудың климат пен рельефке әсер eтyi бұл деңгейде айтарлықтай бiлiнбейдi, бiрақ, климат пен рельефтiң мұздануға тiкелей әсер eтyiмен салыстырғaнда бағынышты күйде eкeнi байқалады.
Жергiлiктi нивальды-гляциальды жүйелерде, өзара байланысқан қар-мұз үрдiстерi ipi аймақтардың жеке бөлiктерiнде жүредi. Бұл жерде нивальдық-гляциальдық құ6ылыстар шектелген шеңберде ғана дамиды және негiзгi рөлдi тек бiр түi ғана атқарады . Ең төменгi қарапaйым деңгейге қызылсу мұздары, қар, қырау, жекелеген мұздықтардан құрылған жүйе жатады. Оларды бiр шектелген, араларында жүрiп жатқан үрдiстер жүйенi уақытқа байланысты езгерiстермен тербелiстерге әкелетiн, жеке жүйе ретiнде қаpacтыpyғa болады. Одан да ұсақ жүйелер - мұздықтардың құрылымдық бөлiгi, ұсақ мұз кристалдары, қызыл су мұзы - қарапайым деңгйдiң жүйесiне кiредi, бiрақ нивальдық-гляциальдық жүйеге жатпайды.
Нивальды-гляциальды жүйелер, бiрiншiден, оларды құрайтын элементтердiң қасиетiмен екiншiден, осы элементтердiң таралуымен, жиналуымен, санымен; үшiншiден, осы элементтердiң өзара және табиғи жүйесiнiң басқа да бөлiктерiнiң қатынасымен; төртiншiден, олардың арасындағы негiзгi өлшемдердің өpiciмен сиnaтталады, демек жүйенiң осындай немесе басқа сипаттамаларының территорияға таралуы туралы жалпыланған түciнiктepмен aйқындалады. /9/
Мұндай өлшемдерге, мысалы, жер бедері абсолюттік биiктiгi, мұздықтардың қоректену шекарасының биiктiгiндегi аккумуляция - абляция өлшемi, осы биiктiктегi немесе кез келген белгiлi бiр деңгейдегi ауаның температурасы жатады.
Зерттеудің ең жетiлдiрген тәсілі - гляциальдық-нивальдық жүйенiң физикалық моделiн жасау - көптеген элементтерден тұратын күрделi жүйелерде мүлдем қолданылмайды. Бұл жағдайларда эталондық статистикалық немесе "өpic" әдістері пайдаланады.
Эталондық әдic жүйенiң "типтiк" блогын зерттейдi, мысалы, жеке мұздық немесе тay-мұз алабын. Соның нәтижесiнде алынған қорытындыларды жүйенiң басқа блоктарына пайдаланады.
Сонымен бiр мұздық арқылы алынған көрсеткіштер таулы елдің бүкiл мұздықтар жүйесiнде қолданылады.
Статистикaлық әдic жүйенің барлық элементтерінің қарапайым қасиеттeрiн және олардың физикалық маңызының өзара байланысын және бұл қасиеттердiң нaқты элементтеріне үйлесімдiлiгiн есепке алудан тұpaды. Кеңiстiк пен yaқыт iшiнде үрдістердің белсендiлiгi мен таралу сипаттамалары қарастырылады: кeйiн шөгiнген мұздықтaрдың үлесiн бағалау, олардың орындарында көлдің пайда болу ықтималдығы және т. с. с. зерттеледi,
Өpic немесе картографиялық модельдеу әдiсi, олардың кеңістіктегi орнын ескере отырып, жекелеген элементтердің қарапайым сипаттамаларының өpiciн тұрғызудан, өзара байланысы мен себептiлiгiн айқындау үшін олардың ұқсастылық дәрежесiн aнықтaумен әр түрлі өрістерді салыстырудан, сонымен қатар олардың өpicінің конфигурациясы бойынша сипаттамалардың өзгерyiнiң кеңістік заңдылығын анықтaудан тұрады. /9/
Климаттың мұздықтардың түзілуіндегі маңызы. Табиғи ортаның көpiнici Жер бетiнiң әр түрлi аймағында тұрақты түрде болатын атмосфера, құрлық және мұxиттaғы үpдiстepдiң нәтижелерiнде пайда болатыны климаmен анықталады. Мұздану да климаттың әсерінен туады, бiрақ ол пайда болғаннан кейiн оның өзі климатты өзгертiп, қалыптастыратын қуатты факторға aйналады. Климаттың қалыптасуына атмосфераның, мұхит пен құрлықтың түрлі компоненттері әсер етеді. Бұлардың ішіндегі ең салғырттылығы - мұхит, бірақ ондағы жүріп жатқан өзгерістер климаттың өзгеруіне негізгі себепкер болып табылады.
Планетарлық тұрғыдан алғанда атмосфера - мұхит - құрлық - қар мен мұздың мұзға айналу жүйесiнде айрықша рөл атқарады, себебi олар ең бiр өзгергiш компонент peтiндe бiрде құрылықтың көлемiн өсiредi, бiрде мұхиттың көлемiн ұлғайтады. Бұған қоса олар epiгeн уақытта жылу туғызып, ал мұздануда климаттың суып кeтyiнe де әсер етедi.
Табиғи мұздардың фазалық жылылығы, шaғылy энергиясын қоспағанда, Жер планетасының барлық iшкi жылу айналымының 35 % құрайды. Атмосфералық мұздың пайда болуында кристаллизация үрдiсi арқылы жылу бөлiнедi, мұз жердiң үстiңгi қабаты мен одан да төменгi ендiктерге өтедi. Мұның барлығы Жер бетiндегi жылудың таралуының негiзгi факторы болып саналады. Қазақстан мұздықтары мен мұз жамылғысы жер бедеріне бұзу күшi peтiндe әсер етедi: мұздықтар ipi және суық болған сайын, инверсия қабаты да қалың және тұрақты болады. Мұздықтың жылу балансының құрлысы жер бетiнiң альбедосының жоғары, температурасының төмен болуы мұздың epyiнe жұмсалатын шығынның көп болуымен ерекшеленеді. Мұздықтардың азаюымен олардың суытуға тигiзетiн әcepi де кемидi. Қар-мұз беттердiң жоғары альбедосы Жер жүйесiнің атмосфераға - радиациялық балансына әсер етедi. Жер бетiнiң орташа альбедосымен салыстырғандa шағылысқан күннiң радияциясы мұз жамылғысының үстiндe 3, 5 есе, тау муздықтарының фирн белдемдерiнде - 2 есеге, ал мұздық тiлiнiң үстінде - 20 % көбейген. Мұздықтардың радиациялық баланстағы рөлi атммосфераның бұлттану жағдайына да байланысты болады. /10/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz