Толеранттылық



Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы,плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.
Әлемдегі қақтығыстардың түп-төркіні діни түсінбеушілікте екендігі тарихтан мәлім. Тіпті орта ғасырдың өзінде Франциядағы католиктер мен гугеноттар, Англиядағы протестанттар мен католиктер арасындағы шиеленістер, Германиядағы шаруалар соғысы, бертіндегі Ирландия католиктері мен протестанттарының, Ирактағы сунниттер мен шииттердің, Үндістандағы мұсылман мен индуистердің қарсылықтары, бұрынғы Югославия республикасы мен Косоводағы азамат соғысы да осыған дәлел. Ал, Армения мен Әзірбайжандағы қақтығыстар, Украина мен Молдованың православтары мен католиктерінің арасындағы қақтығыстар жер немесе ұлттық мәселе ғана емес, діни сипатқа да ие. Ал қазақ жері осындай қақтығыстардан аман-есен жаңа ғасырға жетіп отыр. Ұлан-байтақ жері, көп ұлтты халқы бар еліміздегі дінаралық және этносаралық толеранттылық жаңадан ғана пайда бола қалған жоқ. Біздің эрамызға дейінгі III ғасырдан бастап, Қазақстан жерінен Шығыс пен Батысты жақындастырған Жібек жолы өтті. Бұл тек сауда ғана емес, өзара мәдени ықпалдасу болатын. Міне осы ескі замандардың өзінде біздің жерімізді мекендеген түріктер, қыпшақтар, басқа да халықтар Батыс пен Шығыстың көршісі болмаса да әдет-ғұрпын, өмір сүру дағдыларын біле түсті. Осылайша ежелден-ақ адамзат өркениетінде этносаралық және конфессияаралық толеранттылық қалыптасты.
Қазақ халқы жерін, елін сыртқы жаулардан қорғағанда қарсыласына діні басқа деп емес, шапқыншылығына қарай тойтарыс беріп отырған. Ал ХІХ ғасырдағы Кенесары көтерілісі кезіндегі жағдайды 1844 жылы урядник А.Иванов былайша жазып қалдырған екен: «Тұтқынға түскен орыстарға қаталдық көрсеткен жоқ. Бізге тек қана ағаш жарғызып, құдық қаздырды. Кенесарының бұйрығымен барлық тұтқындарды ауылдарға бөлді. Кенесарының өзі тұтқындарға уақтылы тамақ беріп, ренжітпеуді қожайындарға тапсырды». Кенесарының өзі генерал Перовскийге жазған хатында Ресеймен дос-жарандық, тату-тәтті сыйластық Абылай атасының кезінен берік орын алғанын, бірақ отарлық басқыншылыққа қарсы күресетіндігін жасырмайды. Міне, мұндай мысалдардан қазақтардың өзге діндегілерге қысым көрсетпейтіндігін, Жаратушының алдында адам баласының тең құқығын сыйлайтынын көрсетеді.
Еліміздегі әртүрлі конфессиялар арасындағы үнқатысуды жолға қою тәжірибесінен басқа елдер үлгі ала бастады. Елбасының өзі елімізде 40-тан астам конфессия татулықта өмір сүріп жатыр дегеніміз – бос сөз емес, соңғы жылдар ішінде баспасөз бен телеарналар бірде-бір рет қандай дінді ұстанған болса да адамның діни сезіміне тимегендігін атап көрсеткен еді. Өйткені елдің Ата заңы бұған тыйым салады.Осы жылдар ішінде мұндай мәселе бойынша жазаланған журналист жоқ. Қоғамда дінаралық түсіністік пен төзімділіктің сақталуына БАҚ-ның қосып отырған ролі зор деуге болады. Дінаралық диалог орнату заманмен үндеседі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біз қазіргі діни дүрбелең жүріп жатқан кезеңде, күллі дін өкілдерін бір орталыққа жинап, үнқатысуға, татулыққа шақырдық. Елімізге ХХІ ғасыр өз талаптарын ала келді. Қашанда көршімен тату болып, өзгелерге шыдамдылық пен төзімділік танытып, бауырына тартатын халқымыз үшін бұл талаптар үйреншікті болғанымен, әр заманның «өз сұрқылтайы» дегендей, жаңа ғасыр жаһандық сипатқа ие. Енді ішкі мәселе ғана емес, сыртқы дүниемен қарым-қатынастар шешуші роль атқаратын болды. 2001 жылғы Америкадағы террорлық әрекет әлемді ойландырды. Мұндай қатыгездікпен жеке-дара емес, бірлесіп күресу керектігі аян болды. Елбасымыз мұндай мәселеге бей-жай қарай алмайтындықтан сол күні-ақ сорақы террорлық әрекетті айыптап, ел халқы атынан мәлімдеме жасағаны мәлім. Мыңжылдық саммитінде де БҰҰ мінберінен жер бетіндегі жалпы зұлымдықты, оның ішінде терроризмді айыптағандығын да ұмытқан жоқпыз. Еліміз мұндай зұлымдықтан аман-есен болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, көп конфессиялы, көп ұлтты мемлекетімізде бейбітшілік пен тыныштық болуы үшін өз үлгімізді қалыптастыру жолында Елбасымыздың еңбегі зор.
2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі болып өтті. Съезд жұмысын 80 шетелдік, 275 қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері әлемге жария етті. Съезд қарсаңында да, оны өткізу кезінде де БАҚ кеңінен ат салысты. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1 съезінде сөйлеген сөзінде «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік. Ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды бейбітшілік аймағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атандық.Осының бәрі бізге бар ғұмырын әлемдегі алуан дінді ұстанған халықтарды тыныштық, бітімгершілік, татулық пен келісімге арнаған Сіздер сияқты дін басшыларын шақырып, келелі кездесу өткізуге мүмкіндік туғызып отыр»-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әлемдегі түрлі діни конфессияларды ашық үнқатысуға шақырған бұл жиынға дүниенің төрт бұрышындағы 17 мемлекетінің дін адамдары және халықаралық ұйымдар мен басқа да сала өкілдері келген болатын. Бұл съезд жаһандық сипат алып, соны насихаттауға келген өзіміздің және шетел журналистері діни форумның әрбір сәтін қалт жібермей, төрткүл дүниеге таратты. БАҚ әсіресе, әл- Әзхар университетінің жоғары имамы Мұхаммад Саид Тантауи мен Израильдің бас раввині Йона Мецгердің съезд үстінде қол алысуын өздері де күтпеген тосын оқиға ретінде жер жүзіне таратып, халықаралық қауымдастық арасында серпіліс туғызды. Германияның «Неміс толқыны» радиосы, Сауд Арабиясының ақпараттық агенттігі, Лондоннан шығатын әл-Хаят жалпы араб газеті және т.б шетелдік басылымдардың Қазақстан туралы жақсы лебіздерімен «Егемен Қазақстан» газеті таныстырды. Шетелдік және жергілікті БАҚ атсалысуымен бұл діндер форумы «теңдессіз оқиға» болып тарихта қалды. Мұндай басқосулар болған, бірақ Қазақстанның Елордасы-Астанада болған бұл форум мұсылман, христиан, иуда, будда, синтоизм, даосизм, брахманизм сияқты әртүрлі дін өкілдерін бір есіктен кіргізіп, бір үстел басында әлемдік деңгейде бас қосуға мұрындық бола алды. «Қазақстан сөйтіп осыншама сан алуан дін өкілдерінің басын қосып, алқалы жиын өткізген тұңғыш мұсылман мемлекеті» ретінде тарихқа енді.
Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көпдінді Қазақстан үшін күрделі мәселе болса да бүгінде еліміз дүние жүзіне бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталы

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Толеранттылық
Толеранттылық (лат. tolerantia -- төзімділік, көнбістік) -- басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық -- адам құқығы мен бостандығы,плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық -- қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.
Әлемдегі қақтығыстардың түп-төркіні діни түсінбеушілікте екендігі тарихтан мәлім. Тіпті орта ғасырдың өзінде Франциядағы католиктер мен гугеноттар, Англиядағы протестанттар мен католиктер арасындағы шиеленістер, Германиядағы шаруалар соғысы, бертіндегі Ирландия католиктері мен протестанттарының, Ирактағы сунниттер мен шииттердің, Үндістандағы мұсылман мен индуистердің қарсылықтары, бұрынғы Югославия республикасы мен Косоводағы азамат соғысы да осыған дәлел. Ал, Армения мен Әзірбайжандағы қақтығыстар, Украина мен Молдованың православтары мен католиктерінің арасындағы қақтығыстар жер немесе ұлттық мәселе ғана емес, діни сипатқа да ие. Ал қазақ жері осындай қақтығыстардан аман-есен жаңа ғасырға жетіп отыр. Ұлан-байтақ жері, көп ұлтты халқы бар еліміздегі дінаралық және этносаралық толеранттылық жаңадан ғана пайда бола қалған жоқ. Біздің эрамызға дейінгі III ғасырдан бастап, Қазақстан жерінен Шығыс пен Батысты жақындастырған Жібек жолы өтті. Бұл тек сауда ғана емес, өзара мәдени ықпалдасу болатын. Міне осы ескі замандардың өзінде біздің жерімізді мекендеген түріктер, қыпшақтар, басқа да халықтар Батыс пен Шығыстың көршісі болмаса да әдет-ғұрпын, өмір сүру дағдыларын біле түсті. Осылайша ежелден-ақ адамзат өркениетінде этносаралық және конфессияаралық толеранттылық қалыптасты.
Қазақ халқы жерін, елін сыртқы жаулардан қорғағанда қарсыласына діні басқа деп емес, шапқыншылығына қарай тойтарыс беріп отырған. Ал ХІХ ғасырдағы Кенесары көтерілісі кезіндегі жағдайды 1844 жылы урядник А.Иванов былайша жазып қалдырған екен: Тұтқынға түскен орыстарға қаталдық көрсеткен жоқ. Бізге тек қана ағаш жарғызып, құдық қаздырды. Кенесарының бұйрығымен барлық тұтқындарды ауылдарға бөлді. Кенесарының өзі тұтқындарға уақтылы тамақ беріп, ренжітпеуді қожайындарға тапсырды. Кенесарының өзі генерал Перовскийге жазған хатында Ресеймен дос-жарандық, тату-тәтті сыйластық Абылай атасының кезінен берік орын алғанын, бірақ отарлық басқыншылыққа қарсы күресетіндігін жасырмайды. Міне, мұндай мысалдардан қазақтардың өзге діндегілерге қысым көрсетпейтіндігін, Жаратушының алдында адам баласының тең құқығын сыйлайтынын көрсетеді.
Еліміздегі әртүрлі конфессиялар арасындағы үнқатысуды жолға қою тәжірибесінен басқа елдер үлгі ала бастады. Елбасының өзі елімізде 40-тан астам конфессия татулықта өмір сүріп жатыр дегеніміз - бос сөз емес, соңғы жылдар ішінде баспасөз бен телеарналар бірде-бір рет қандай дінді ұстанған болса да адамның діни сезіміне тимегендігін атап көрсеткен еді. Өйткені елдің Ата заңы бұған тыйым салады.Осы жылдар ішінде мұндай мәселе бойынша жазаланған журналист жоқ. Қоғамда дінаралық түсіністік пен төзімділіктің сақталуына БАҚ-ның қосып отырған ролі зор деуге болады. Дінаралық диалог орнату заманмен үндеседі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біз қазіргі діни дүрбелең жүріп жатқан кезеңде, күллі дін өкілдерін бір орталыққа жинап, үнқатысуға, татулыққа шақырдық. Елімізге ХХІ ғасыр өз талаптарын ала келді. Қашанда көршімен тату болып, өзгелерге шыдамдылық пен төзімділік танытып, бауырына тартатын халқымыз үшін бұл талаптар үйреншікті болғанымен, әр заманның өз сұрқылтайы дегендей, жаңа ғасыр жаһандық сипатқа ие. Енді ішкі мәселе ғана емес, сыртқы дүниемен қарым-қатынастар шешуші роль атқаратын болды. 2001 жылғы Америкадағы террорлық әрекет әлемді ойландырды. Мұндай қатыгездікпен жеке-дара емес, бірлесіп күресу керектігі аян болды. Елбасымыз мұндай мәселеге бей-жай қарай алмайтындықтан сол күні-ақ сорақы террорлық әрекетті айыптап, ел халқы атынан мәлімдеме жасағаны мәлім. Мыңжылдық саммитінде де БҰҰ мінберінен жер бетіндегі жалпы зұлымдықты, оның ішінде терроризмді айыптағандығын да ұмытқан жоқпыз. Еліміз мұндай зұлымдықтан аман-есен болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, көп конфессиялы, көп ұлтты мемлекетімізде бейбітшілік пен тыныштық болуы үшін өз үлгімізді қалыптастыру жолында Елбасымыздың еңбегі зор.
2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі болып өтті. Съезд жұмысын 80 шетелдік, 275 қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері әлемге жария етті. Съезд қарсаңында да, оны өткізу кезінде де БАҚ кеңінен ат салысты. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1 съезінде сөйлеген сөзінде Тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаhандану жағдайында мектеп жасындағы балаларды гендерлік толерантылыққа тәрбиелеу жолдары
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Тұлғаның толеранттылығы
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯ
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
ҚР дін туралы заңнамасы пәнінен лекциялар жинағы туралы
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛЬ
Толеранттылық ұғымы және оның мен үшін мәні қандай
Қоғам және дін
Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының толеранттылық дамыту мәселесіндегі өзектілігі
Пәндер