Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай «қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері


Мазмұны
1 КІРІСПЕ
2 ТАРАУ. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
2. 1 «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ» ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ
2. 2 ЧЕРЧИЛЛЬДІҢ ФУЛТОНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ - «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ» БАСТАМАСЫ
2. 3 МАРШАЛЛ ЖОСПАРЫ
3 ТАРАУ. «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫС» ЖЫЛДАРЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
3. 1 1947-1959 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСАТ БЕЛЕСТЕРІ
3. 2 «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСЫ» ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚШ ПЕН СОВЕТ ОДАҒЫ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
4 ТАРАУ. ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ ШЫРҚАУ БИІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
4. 1 КАРИБ ДАҒДАРЫСЫ - «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСЫНЫҢ» ШЫРҚАУ БИЛІГІ
4. 2 1974-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСЫ» ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚШ-ТЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
5 ҚОРЫТЫНДЫ
6 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қырғи Қабақ Соғыс
«Қырғи қабақ соғысы» немесе Қырғи Қабақ Соғыс- 1945 - 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері “коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социолистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социолистік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталас-тығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т. б. ) жалғасып жатты. ұылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әр түрлі радиостанциялар ашылды (“Америка дауысы”, “Азаттық”, т. б. ) . Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социолистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социолистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. 1991 ж. КСРО-ның тарауымен Қырғи Қабақ Соғыс аяқталды. [1]
Тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. «Қырғи қабақ соғысы» екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кеңестер одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылығы болып табылады. Бұл қарама-қайшылық сферасына тек екі супер держава ғана түсіп қоймай, сонымен бірге оның ықпалына әлемнің жүздеген елдері тартылды. Мақсаты мен міндеттері. Бұл курстық жұмыстағы басты мақсатым халықаралық жағдайлардағы ең басты мәселеге арналған қырғи-қабақ соғысқа сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру. Бұл үшін мынадай міндеттерді алдыма қойдым: қырғи-қабақ соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-мүдделерін ашып беру. Курстық жұмыстың мақсаты - Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының деретанулық проблемаларын зерттеу. Курсты белгілеу қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен әдісін, Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі тарихы бойынша тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты курста тарихи құжаттардың қалай және қайда сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар мен библиографиялық дерктер бойынша анықтама беріледі. Жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдерінің деректері аймақ және ел бойынша іріктелген. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеуші Берге И. В. «Қырғи қабақ соғысының» туындауының себептерін көрсетуді мұнда үш басты себеп орын алған. 1) 1917 жылғы Ресейдегі Ұлы Қазан революциясы әлемді екі қарама-қайшы бөлікке (социализм мен капитализм) бөлді. Сөйтіп «Қырғи қабақ соғысының» басталуы механизмін іске қосты. 2) Екінші дүние жүзілік соғысы кезеңіндегі державалардың ықпал ету аймақтары үшін күресі. Сондай ақ осы кезеңдегі социализм мен капитализм арасындағы қайшылықтың белең алуы. 3) Ядролық жаппай құрып жою қаруының пайда болуы - әлемдік саясатқа мүлде өзгеше сипат берді. Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді. Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т. с. с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т. б. зерттейтін археологияның да қатысы бар. Тарих объектіні зерттеу бойынша ендік жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы) . Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тарихнаманың да қатысы бар. Келесі зерттеушілер М. Бэшлосс және С. Тэлботт «Қырғи қабақ соғысы» кезеңіндегі халықаралық қатынастардағы негізгі проблемалармен тенденцияларды зерттеуге айтарлықтай көңіл бөлді. Бұл зерттеушілер әсіресе бұл соғыстың соңғы кезең деріндегі орын алған оқиғаларға назар аударып, Кеңес одағындағы жаңа басшы М. С. Горбачевтың бейбіт сүйгіштік иницативаларына жоғары баға береді. Тарихнамалық шолу. Зерттеуші Нарочницкая Е. А. 60-шы жылдардан кейінгі Францияның батыс блоктағы саясатын бастапқы кезде, яғни генерал де Голль кезінде прогрессивті сипатқа ие болғанмен, ол кейіннен агрессивті, антисоциалистік сипат алды деп пайымдады. А. М. Филатов соғыстан кейінгі кезеңнен бастап «Қырғи қабақ соғысы» аяқталғанға дейінгі аралықтағы «Герман мәселесін» және ондағы АҚШ, Франция, Англия мен Кеңес Одағының саясатына назар аударады. Зерттеуші Германияның қосылуы «Қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде аяқталғанын білдірді деген пікірде болды. Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың құрылымы әдеттегідей кіріспе, 3 тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ТАРАУ. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
«ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ» ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны женгендер оккупациялады, енді герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды. Осы қатынастардың символы ретінде «Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «Үлкен үштік» құрамы жаңарды, Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен, өнеркәсіпті милитаризациялаудың құралы болған картельдерді тарату. Сондай-ақ одақтастар қолына түскен нацистердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келіеті. Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығыскысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткен КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.
Суық соғыс -1959ж
Суық соғыс -1980ж
ЧЕРЧИЛЛЬДІҢ ФУЛТОНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ - «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ» БАСТАМАСЫ
КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У. Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англо-саксон дүниесінің бар қуатымен» КСРО-ға тойтарыс беру керек. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында «тежеу» саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. «Тежеу» саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді. Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға катынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға, Рузвелытің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ «тежеу» саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының кез келген сырткы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді. 1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери жоне экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грециядан ағылшын әскерлерінін шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңеі бақылауы орнау қаупі төнді. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол «сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды.
МАРШАЛЛ ЖОСПАРЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz