Қазақстанның зардап шеккен аудандары және экологиялық мәселелері



Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстанның зардап шеккен аудандары және экологиялық мәселелері
2. Қазақстан экологиялық мәселелері және радиация
3. Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері
4. Қоршаған ортаны ластау
5. Қазіргі өте қауіпті экологиялық аймақтардың бірі . Арал теңізі.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.
Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.
Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.
Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ағдарбеков Т.,
«Мемлекет және құқық теориясы» Алматы, 2003ж.
1. А.Ж.Ақбасова., Е.Ү. Жамалбеков.,
«Экологиялық энциклопедия» Алматы, 2007ж.
2. А.Ж.Ақбасова., Г.Ә.Сайнова., «Экология» Алматы, 2003ж.
3. Ж.Жатқанбаев., «Экология терминдердің түсіндірме сөздігі»
Алматы, 2004ж.

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстанның зардап шеккен аудандары және экологиялық мәселелері
2. Қазақстан экологиялық мәселелері және радиация
3. Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері
4. Қоршаған ортаны ластау
5. Қазіргі өте қауіпті экологиялық аймақтардың бірі - Арал теңізі.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-
өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта
басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау
үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып,
ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз
жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам
баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп
отыр.
Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының
нәтижесі.
Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы
ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты
неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен
тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама
берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология
мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары,
зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете
түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың
жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете
сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы
олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.
Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының
тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық,
эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр.
Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан
аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен
ауыратындар көп.

Қазақстанның зардап шеккен аудандары
және экологиялық мәселелері
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы
кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай -2,925 км
(Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен
Оңтүстікке қарай 1.601) км. Батыс сібір жазығы мен Орал
тауларынын жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін
Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық.
Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін
алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18'7), шөлді
(40%).
Қазақстанның Оңтүстік және шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп
жатыр. Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды құрайды.
Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп
айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселерге
байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
Атырау аймағы — Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына
маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәссле- табиғи
ортаның мұнаймен ластануы.
Атырау аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері
болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары жатады.
Халқының саны 1,47 млн. адам, немссе халықтың 5 %-ынан кем
бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16 %-ын береді.
Каспий маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай
дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай
қоры -3-3,5 млрд. Тонна және газ - 2-2,3 м3 Ағымдағы мұнай өндіру
барлық қордың 1 % құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру садасын
қаржынандыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады.
Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың
95-%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс
аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді.
Сондықтан, биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген
технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған
ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен
ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену
процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу
жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны
облыспен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді көмірсутектердің
концентрациясынын жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің
басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді. Жас
балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш
еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт
пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш
органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн. м
серіктес газдар жанады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп
соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкіртсутектермен
ластануы мен осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі.
В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан Республикасының
өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия,
энергетикалық комилекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер- қоршаған
ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған территориядағы
атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы, ерекше қорғауға
алынған территориялардың жеткіліксіздігі.
В аймағына солтүстік-шығыс облыстар —Шығыс Қазақстан, Павлодар,
Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн-нан астам. Аймақ тау-
кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып
табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік
және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Территорияның басым бөлігін (4
млн.га) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының 50
%-ын құрайды. Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.
Ертіс-Нұра-Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурустары- негізгі су
көзі.
Республикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр.
Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.
Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді. Ертіс
және Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және
ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейнаралық
су беруді жоспарлау, қара Ертістен суды Қытай халық республикасына беру
мәселені шиеленістіруі мүмкін.
Тек бір Шығыс қазақстан облысында 1.5 млрд. тонна улы өнеркәсіп
қалдықтары ( елде жиналғанның 90 %) сақталған. Олар 32 мың га жерді алып
жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан бері
сынаптың жиналуы себепті тоқтатылған. Су түбінде ластану мөлшері 200 мгкг
құрайды.
Ертіс өзеніне жалпы ластану және шығыс Қазақстан мен Павлодардағы
керосиннің төгілуі қаупі төндіруде.
Өнеркәсіптік кызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен,
формальдегидтермен қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.
Қазақстан территориясында куатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері
жасалды Семей полигоннында 1949 —дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс,
оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына
әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима — Нагасаки мен Чернобыльдан
кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге
байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып
келді. Ресми емсе көздердің мәліметтеріне сүйеисек лейкемиядан қайтыс
болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар
жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары,
радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары,
ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған
жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті
қалдықтар.
Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық
бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, сисктрографиялық суреттер жер бетіндегі
цезий- 137 активтілігі 65-100 мкрсағ. болғанын көрсетті.
Кейбір жерлерде 120-500 мкрсағ байқалған. Зайсан колінің Оңтүстік
Батыс жағалауында -цезий 137 радиациялық фоны 120-150 мкрсағ. құраған.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық
полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да
қалыптасуына теріс әсер етеді. Стронций- 90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы
мен Мұржық тауының етегінде "Мұржық,, және "Дегелең,, аймағында байқалған.
х және β белсеңділіктің жоғары деңгейі Семей облысының Қайнар селосында,
Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған.
Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай Тарбағатай маңында су
алмасу белсенді жүретін аймақта - а. және Р белсенділік салыстырмалы түрде
төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатыңдағы жер асты ядролық
жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақсган территориясында әскери полигондардан
тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі
халық шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын
сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты
кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл
территориялардағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі
бойынша ешқандай, жұмыстар жүргізілмеген.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен терригориясы (
елдің ормандарының 10 %- дан астамы) өрттер әсерінен жойылды. Бұл
биоалуантүрліліктің кемуіне әкеліп соқтырды.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен
денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300
млн. доллар, ауаның ластануы — 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен
ауыру деңгейі ең жоғары.
С аймағына — оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді
қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы
негізгі экономикалық мәселелер — су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінін,
шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени
ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және
Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн. негізгі қызметі —
ауыл шаруашылығы. Ол суару үшін Арал Және Алакөл — Балқаш бассейнінің
өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа райы күрт
континенталды шөл аймағында жатыр.
Ауыл шаруашылығының ұлттық өнімдегі үлесі - 12%. 1990жылы мал
шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімінің 61%-ын құраса , ал 1996 жыны бұл
көрсеткіш 38 %-ға дейін кеміп кеткен. Суармалы жерлер 17 млн. га жерді алып
жатыр (Қазақстандағы суармалы жерлердің 70 %-ы). Бірақ оның көлемі түздану
мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді.
Аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су ресурстарын тиімсіз
пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1990-1996 жылдар аралығында 10 млн.
га-дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн. га егістік
жерлер өндірістен шығарылды.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе — Арал теңізі. Арал
теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50-70 мың
тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар
арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне
байланысты балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су
ресурстарына деген қажеттілік 50 % ғана орындалып отыр.
Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен
тығыз байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда. Халықтың
ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдарда 2-3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға
шаққанда 15,3-ке кеміген. Балалар өлімінің деңгейі мыңға шаққанда 30,4
құрайды. Негізгі себеп - суға байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар
аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді.
Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттарды сараптай
және қорытындылай келе ұлттық деңгейде ең алдымен шешуді талап ететін
маңызды экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
1. су ресурстарының тапшылығы;
2. жайылымдар мен егіс танаптарының азуы;
3. урбанизацияланған территориялардың атмосфералық ауасының ластануы;
4. мұнай өндіретін аймақтардағы қоршаған ортаның ластануы;
5. қоршаған ортаның өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануы;
6. ормандар мен ерекше қорғауға алынған территориялардың жетіспеуі;
7. су қорларының шайынды сулармен ластануы;
8. радиациялық ластану.

Қазақстан экологиялық мәселелері және радиация
Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом
құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері
ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде,
Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам
денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық
сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-
флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с.с.
туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.
Өсімдік - тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына
400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173
мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен
шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру түдыратын бактерияларды жоятын
ерекше зат бөліп шығарады.медицинада алатын орны үшан-теңіз. Сондықтан
әсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды.
1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас
Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт
өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от
шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-Семей" козғалысын бүгінде
білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә.
Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда
Қазақстандағы экологиялық жағдайдың ушығып тұрған ошақтары Арал мен Балқаш.
Бұл көлдер тек қана Қазақстан емес әлем халқын алаңдатып отыр. Аралды
құтқару мәселесіне тек эколог ғалымдар ғана емес, елім дейтін барша
азаматтар атсалысуда. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан
экологиялық проблемалар тұр. Осындай ағалар арқасында Ароал-Балқаш қоры
құрылды. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан
алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі
де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт
дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде.
Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи
жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы
жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп
жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын
мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан
дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. 1992 ж.
табиғатты қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік комитет негізінде құрылды.
Ол комитет 1991-92 ж. “Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі облыстық
комитет” деп аталды. Экология және биоресурстар жөніндегі облыстық
басқарманың негізгі міндеті-облыста табиғатты қорғау жөнінде, бірыңғай
мемлекеттік саясатты жүргізу, табиғи ресурстарды пайдалану және оларды
қалпына келтіруді реттеп отыру; облыс ауқымындағы табиғатты қорғау
жұмыстарын үйлестіру, “Қазақстан Республикасындағы қоршаған табиғи ортаны
қорғау жөніндегі” заң талаптарының сақталуын ұйымдастыру және бақылау.
Қоршаған ортаның күйіне және оның өндіріс пен адамдардың тұрмыс-тіршілігіне
әсерін талдау үшін 1993 ж. сәуір айында облыста экология мәселелеріне
арналған тұңғыш кеңес өтті.
Климаты. Облыс аумағындағы ғасырлар бойы үстем болған табиғи
құбылыстардың әсерінен тым континенттік климат басым қалыптасқан және бұл
сипат солтүстік-батыстан оңтүстік–шығысқа қарай күшейе түседі. Континенттік
климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл
қарама–қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Қазақ халқы
тумысынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған.
Бұған күні туған жердің табиғат тазалығын айтсақ та жетіп жатыр. Халқымыз
"экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездері бізді Мичуриннің
"Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз
керек", - деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты
жарып, жерді терең қазып, өзен-келді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді
жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Мыңдаған коп тонналық
өнеркәсіптер бой көтерді. Өкінішке орай ғылым мен техниканың ғаламат
жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен
табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-теңдік заңдарын бұзды.
Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі тартылып,
жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза
бастады. Мұның соны азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың
мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортанын әртүрлі улы
косылыстармеғ. ластануына әкеліп соктырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер
бұзылды. Адамдардыц денсаулығы нашарлап, түрлі аурулардың саны көбейді.
Егер біз келер ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге
тәрбиелемесек жер шары үлкен апатқа үшырауы сөзсіз. Әрбір тәрбиеші,
мұғалім, маман, басшы экология негіздері жан-жакты білгені абзал. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның зардап шеккен аудандары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР АРАЛ ЖӘНЕ СЕМЕЙ АЙМАҚТАРЫ
Семей ядролық сынақ полигонының проблемалары
Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
Семей полигоны және қоршаған орта
Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
Экологиялық фактор туризм дамуына кері әсер ететін факторларының біреуі
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәндер