Қанды құю тарихы



Қанды құю тарихы өте қайғылы, тіпті трагедиялы деуге де болады. Ол дәріптеу шыңна дейін көтеріліп, оны пайдалануға мемлекеттік тұрғыдан тыйым салғанға дейінгі бірталай кезеңнен өткен.
Ежелгі заманда науқастарды емдеу үшін жануарлар қанын пайдаланған. Гомербірнеше ғасыр бұрын құрбандыққа шалынған жануарлардың қанын пайдалануды сипаттаған. Көптеген жүз жылдықтар бойы қан – өмір жасын бірнеше жылға ұзартатын, ішілген қан жараланған кезде жоғалған қанның орнын толтыра алтын ғажайып сұйықтық деп түсінілді. Одиссей, қайтыс болған пайғамбар Тирессийге санасы мен сөйлеу қабілетін қайтару үшін оның көлеңкесіне қой қанын ішуге берген. Египет әскерлерінің соңынан қаны жарақат алған адамдарды емдеу үшін пайдаланылған қойлар табыны жүрді.
Гиппократ психикалық бұзылыстар бар науқастарға дені сау адамдардың қанын ішуді ұсынды.
Плиний мен Цельс шығармаларында қарт адамдар жасару үшін өліп жатқан гладиаторлардың қанын ішкені туралы хикаялар бар. Папа Иннокентий VIII біраз жасқа жеткен соң үш он жасар баланың қанынан дайындалған сусынды ішіп, жастық шағын қайтарғысы келген оқиға да белгілі.
Алапес ауруына шалдыққан көне грекиялық патша Константин қанды емдік ванналарды қабылдау үшін пайдаланды.
Орта ғасырлар мен қайта жаңғыру дәуірінде қанды адам тамырына құюды пайдаланбаған. Адам ағзасындағы қан жылжуы туралы қалыптасқан түсініктің негізінде қанды құюға дұрыс теориялық негіздеме берілмей, оны практикалық тұрғыдан дұрыс пайдалану болмаған.
1616 жылы Уильям Гарвейдің қан айналымы заңың ашу - сұйықтықты тамыр ішіне, оның ішінде қанды құюдың алғы шарты болды. Гарвей қан айналым жүйесіне деген өз қөзқарасын алғаш рет 1616 жылы Лондонда оқыған дәріс үстінде мазмұндады. 1628 жылы ол «Жануарларда жүрек пен қанның жылжуы туралы анатомиялық зерттеу» деген жұмысын жариялады, мұнда ол 1500 жыл бойы болған Гален ілімін жоққа шығарып, қан айналым жүйсіне жаңа анықтама берді.
Алайда, Гаврей ілімінде бір осал жер болды – ол қан артериядан көктамырға қалай баратынын көрсете алмады. Бұл сұраққа 1661 жылы капиллярдық қан айналымын ашып, италиялық биолог және дәрігер Марчелло Мальпиги жауап берді.
Гарвей жаңалығынан кейін қан құю практикасында маңызды рөл атқарған дәрілерді енгізудің жаңа әдістері – инъекциялар мен құюлар пайда болды. Гарвей оқушылары қанды қан тамырына құю әдістемесін әзірледі. Олар қан құюдың ғылыми негізделген идеясын тапты. 1665 жылы жануарлар қанын сәтті құюдың алғашқы тәжірибесін лондон анатомы Ричард Лоуэр жасады. Ол қанды итке құйды: мойын тамырынан қанды шығарып иттің жағдайын құрысуға дейін жеткізді, содан кейін оған басқа иттің қанын құйды. Бірнеше сағаттан кейін ит аяғына тұрып, қалыпты өмірін жалғстырды.
Гемотрансфузия ілімі жанауарлардан алынған қанды құюдан басталды. Қан донорлары ретінде негізінен иттер мен қойлар пайдаланылды. Дені сау және науқас адамдарға құйылған жануарлар қаны көптеген, оның ішінде өліммен аяқталған асқынуларға ұшықтырды.
Қанды жануардан адамға алғаш құюды математика, философия және Сорбоннамедицинасының профессоры және француз ғалымы Жан Батист Дени жасады. Ричард Лоуэрдің материалдарымен танысып, ол 1665 жылы иттермен жасалған тәжірибені қайталап, 1667 жылғы 15 маусымда безгек ауруымен шалдыққан науқасқа ұйқы күре тамырдан тікелей қол көктамырына 250 милилитр қозы қанын құйды. Тәжірибе сәтті аяқталды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қанды құю тарихы өте қайғылы, тіпті трагедиялы деуге де болады. Ол дәріптеу шыңна дейін көтеріліп, оны пайдалануға мемлекеттік тұрғыдан тыйым салғанға дейінгі бірталай кезеңнен өткен.
Ежелгі заманда науқастарды емдеу үшін жануарлар қанын пайдаланған. Гомербірнеше ғасыр бұрын құрбандыққа шалынған жануарлардың қанын пайдалануды сипаттаған. Көптеген жүз жылдықтар бойы қан - өмір жасын бірнеше жылға ұзартатын, ішілген қан жараланған кезде жоғалған қанның орнын толтыра алтын ғажайып сұйықтық деп түсінілді. Одиссей, қайтыс болған пайғамбар Тирессийге санасы мен сөйлеу қабілетін қайтару үшін оның көлеңкесіне қой қанын ішуге берген. Египет әскерлерінің соңынан қаны жарақат алған адамдарды емдеу үшін пайдаланылған қойлар табыны жүрді.
Гиппократ психикалық бұзылыстар бар науқастарға дені сау адамдардың қанын ішуді ұсынды.
Плиний мен Цельс шығармаларында қарт адамдар жасару үшін өліп жатқан гладиаторлардың қанын ішкені туралы хикаялар бар. Папа Иннокентий VIII біраз жасқа жеткен соң үш он жасар баланың қанынан дайындалған сусынды ішіп, жастық шағын қайтарғысы келген оқиға да белгілі.
Алапес ауруына шалдыққан көне грекиялық патша Константин қанды емдік ванналарды қабылдау үшін пайдаланды.
Орта ғасырлар мен қайта жаңғыру дәуірінде қанды адам тамырына құюды пайдаланбаған. Адам ағзасындағы қан жылжуы туралы қалыптасқан түсініктің негізінде қанды құюға дұрыс теориялық негіздеме берілмей, оны практикалық тұрғыдан дұрыс пайдалану болмаған.
1616 жылы Уильям Гарвейдің қан айналымы заңың ашу - сұйықтықты тамыр ішіне, оның ішінде қанды құюдың алғы шарты болды. Гарвей қан айналым жүйесіне деген өз қөзқарасын алғаш рет 1616 жылы Лондонда оқыған дәріс үстінде мазмұндады. 1628 жылы ол Жануарларда жүрек пен қанның жылжуы туралы анатомиялық зерттеу деген жұмысын жариялады, мұнда ол 1500 жыл бойы болған Гален ілімін жоққа шығарып, қан айналым жүйсіне жаңа анықтама берді.
Алайда, Гаврей ілімінде бір осал жер болды - ол қан артериядан көктамырға қалай баратынын көрсете алмады. Бұл сұраққа 1661 жылы капиллярдық қан айналымын ашып, италиялық биолог және дәрігер Марчелло Мальпиги жауап берді.
Гарвей жаңалығынан кейін қан құю практикасында маңызды рөл атқарған дәрілерді енгізудің жаңа әдістері - инъекциялар мен құюлар пайда болды. Гарвей оқушылары қанды қан тамырына құю әдістемесін әзірледі. Олар қан құюдың ғылыми негізделген идеясын тапты. 1665 жылы жануарлар қанын сәтті құюдың алғашқы тәжірибесін лондон анатомы Ричард Лоуэр жасады. Ол қанды итке құйды: мойын тамырынан қанды шығарып иттің жағдайын құрысуға дейін жеткізді, содан кейін оған басқа иттің қанын құйды. Бірнеше сағаттан кейін ит аяғына тұрып, қалыпты өмірін жалғстырды.
Гемотрансфузия ілімі жанауарлардан алынған қанды құюдан басталды. Қан донорлары ретінде негізінен иттер мен қойлар пайдаланылды. Дені сау және науқас адамдарға құйылған жануарлар қаны көптеген, оның ішінде өліммен аяқталған асқынуларға ұшықтырды.
Қанды жануардан адамға алғаш құюды математика, философия және Сорбоннамедицинасының профессоры және француз ғалымы Жан Батист Дени жасады. Ричард Лоуэрдің материалдарымен танысып, ол 1665 жылы иттермен жасалған тәжірибені қайталап, 1667 жылғы 15 маусымда безгек ауруымен шалдыққан науқасқа ұйқы күре тамырдан тікелей қол көктамырына 250 милилитр қозы қанын құйды. Тәжірибе сәтті аяқталды.

Қанды алғашқы құюдың нәтижелері үміттендіретін. Алайда, кезекті науқасқа жасалған төртінші трансфузия 2 айдан кейін өліммен аяқталды, бұл өз кезегінде белгілі тарихи салдарға әкелді - 1668 жылы Франция депутаттарының палатасы қанды жануарлардан адамға құюға заң түрінде тыйым салады. Ұқсас тыйымды Британиялық парламент та салды.
Қанды құю проблемалары бойынша кең клиникалық және эксперименталдық зерттеулердегі үзіліс шамамен 150 жылды құрады.
Геторогендік қанды құюдағы сәтсіздіктер адамға адам қанын ғана құюға болатыны туралы ой салды.
1818 жылы белгілі британиялық дәрігер және физиолог Джеймс Бланделллондондық медициналық-хирургиялық қауымдастықтың отырысында қанды адамнан адамға құю туралы баяндама жасаған кезде гемотрансфузияларға деген сенімділік өз орнына келді. 1818 жылдар шамасында ол иттермен эксперементтер сериясын жүргізді, ал одан кейін акушериялық қан кетуде 4 сәтті гемотрансфузия жасады. Бірақ бұл сәттілік 50% да 50% - гемотрансфузияға қарамастан, соның да салдарынан болуы мүмкін басқа 4 әйел осы шарадан кейін көз жұмды.
Бланделл өз зерттеулерін жалғастырды, осы әдістің артықшылықтары мен кемшіліктерін белгіледі және гемотрансфузия технологиясын жасады. Оның алғашқы гемотрансфузиялары венесекция арқылы шприцпен жасалынған. Одан соң ол қанды қысым астында құюға арналған екі аппарат жасады.
Бақылаудың 4 түрін: науқастың жалпы жай-күйін, алынған қанның көлемі, құюдың үздіксіздігі және жүрек жұмысының жағдайын қамтитын трансфузия техникасын бақылау дәрігердің басты міндеті болып табылады - деп Бланделл жазған.
Бланделл сонымен бірге гемотрансфузияның негізгі қауіпі мен асқынуын анықтады - оны жүргізуге кедергі келтіретін қанның ұюы, ауа эмболиясы, кейбір жағдайда қанның сәйкес келмеуі. Босану кезіндегі пайда болған қан кетуді гемотрансфузия жасау үшін негізгі айғақ деп білді. Бланделл қынаптан шыққан қанды жинақтап, оны көктамырға сәтті түрде қайта құйды.
Баланделлдің және өзге де зерттеушілердің жұмыстары гемотрансфузия сәтті немесе сәтсіз аяқталудың нәтижесі дәрігердің білімі мен біліктігінен емес, кездейсоқ бейтаныс факторларға байланысты нәтиже медицинаның экзотикалық әдісі болып табылатынын айқындады. Қанның үйлесімді және үйлесімді емес түрлерінің бар болғаны белгілі болды. Осы және өзге де себептерден гемотрансфузия күнделікті медициналық практиканың әдісіне айналмаған. Жаппай қан кету қанды құю үшін ең маңызды және жалғыз айғақ болды.
Ресейде босандыру кезінде болатын жаппай қан кетудегі алғашқы сәтті қан құюды1832 жылғы 20 сәуірде Санкт-Петербург қаласының Обухово ауруханасында акушерАндрей Вольф жүргізді.
Әскери шиеленіс және 1870 жылғы франция-пруссия соғысы кезеңінен бастап жараланғандардың елеулі бөлігін емдеу қажеттілігі трансфузиялық медицинаның дамуын ынталандырылды. Орыс профессоры Сергей Петрович Коломнин орыс армиясында жараланған адамдарға әскери жағдайда (1876 -1877 жылдар) қан құю жүргізген бірінші адам болды. Оның пікірінше аяқ-қолдары кесілген жағдайда қанды құю науқасты операция жасау және операциядан кейін әлсіз өмір қабілетін сүйемелдеу үшін нығайтады. Николай Иванович Пирогов, C.П. Коломниннің тәжірибесіне сүйеніпгемотрансфузиялар жараландарға госпитальдарда хирургиялық көмек көрсетудің негізгі бөлігі болғаны жөн екенін атап өтті. Алайда, ХХ ғасырдың басына дейін донорларды эмпирикалық іріктеу қан құюды өте қауіпті шара етті.
Қанды құюмен бірге түрлі сұйықтықтарды венашілік құю бойынша зерттеулер де жүргізілді.
Осылайша, 19 ғасырдың 30-шы жылдарының басында ағылшын дәрігері Томас Лэтта "Lancet" журналында тырысқақты сода ерітіндісін вена ішіне құю арқылы емдеу туралы өз жұмысын жариялады. 1873 - 1881 жылдар аралығында американдық дәрігерлер американдық дәрігерлер науқастарға сүт те құйған, бірақ мұндайда жанама реакциялар өте жиі орын алған.

1881 жылғы 10 шілдеде Альберт Ландерер науқасқа ас тұзының физиологиялық ерітіндісін сәтті құйды, ол осы инфузиялық ортаның атын шығарып, әлемдік медицина ХХ ғасырға - трансфузиологияның қалыптасу және даму ғасырына осы ерітіндімен бірге қадам басты.
Гемотрансфузия проблемасындағы елеулі өзгерістер ХХ ғасырдың басында ғана болды және иммунитет туралы ілімінің дамуына байланысты. Карл Ландштейнердің бір адамның эритроциттері басқаның сарысуымен агглютинацияға түсудің себептерін түсіндіру қанды құю туралы қазіргі заманғы ғылым дамуының іргетасы болды. Бұрынғы кезде мұндай феноменді аурудың бір белгісі ретінде қабылдады. 1901 жылы Вена қаласының Патологиялық анатомия университетінің қызметкері К.Ландштейнер 22 адамның эритроциттері мен сарысуының өзара іс-қимылына зерттеу нәтижелерін жария етіп, қанның үш тобы О, А және В бар екенін ашты (1930 жылы Нобель сыйлығын алды). Бұдан кейін, 1902 жылы К.Ландштейнердің университеттегі әріптестері Альфред Декастелло және Адриано Стурли қанның АВ төртінші тобын сипаттады.
Осы ашылған жаңалықтар гемотранфузиядан кейнгі асқынулардың санын азайтты және де бұл гемотрансфузия ілімі тағдырындағы бірінші негізгі өзгеріс болды.
Қан топтарын есепке ала отырып, әлемдегі ең алғаш трансфузияны 1907 жылыамерикандық хирург Джордж Крайль (үйлесімді қанның 61 құюын жасады) жүргізді. Сол жылы Гектоэн қан үйлеспеуінің алдын алу үшін донор және реципиент қанының арасындағы алғаш айқас реакцияны жасады. Ресейде қан тобын ескере отырып, алғаш қан құюды 1919 жылғы 23 маусымда Әскери-медициналық академиясының хирургия факультетінің клиникасында (Санкт-Петербург қаласы) Владимир Шамов жүргізді.
Донор ағзасынан алғаннан кейін қан ұюын болдырмау - шешуді талап еткен қан құюдың келесі проблемасы болды.
Оның шет жағын 1821 жылы француз химиктері Жан-Луи Прево және Жан-Батист Дюма шешкен. Олар фибринді алғаннан кейін қан сұйық түрінде қала беретінін анықтады.
Қанды консервілеу жөніндегі зерттеулерді 1867 жылы В.Раутенберг ұсынды, ол көмір қышқылды натрийдің аз мөлшерін қосу қанды құю үшін қажетті қасиеттерінен арылтпай қан ұюды кешіктіре алатынын дәлелдеді.
Дефибринирлеуден басқа, қанды сұйық түрінде қалдыру проблемасын шешу үшін түрлі ғалымдар әр түрлі тәсілдерді ұсынған: қанға арналған контейнерлер мен түтікшелерді парафинмен қаптау, сульфат және аммоний оксалаты, натрий фосфаты, сульфаты және йодиді, сульфарсенол, арсфенамин, гирудин антикоагулянттарын пайдалану.
Алайда, 1914 жылы бразильдік дәрігер Луис Аготенің практикаға қанды консервілеу үшін нарий цитратын енгізу радикалды өзгеріс болды. Натрий цитраты - кальцийді байланыстыратын және сол арқылы ұюдың алдын алатын уытты емес антикоагулянт. Енді қанды ұзақ мерзім сақтау мүмкін болды.
К.Ландштейнердің ашқан жаңалығы және Луис Аготенің антикоагулянтті енгізуі гемотрансфузияны экзотикалық және күнделікті медицинаның қолжетімді әдісіне айналдырды.

1-ші дүниежүзілік соғысы трансфузиялық медицинаның дамуына негізгі түрткі болды. Қан құю жүргізілген науқастар геморрагиялық шоктан ғана емес, травмалық шоктан да шыққан жағдайлар тіркелді. Ұйымдастырылған донорлар, қанды тиімді дайындау пайда болды. Трансфузиялардың саны өсе берді. Қанды дайындау және құю мәселелерімен айналысатын арнайы қызметті қалыптасрыудың қажеттілігі туындады.
Трансфузиология тарихындағы келесі кезең 1926 жылы Мәскеуде әлемдегі алғаш Қанды құю инстутты құрумен байланысты (қазіргі ГНЦ АМН РФ).
Александр Богданов оның негізін қалаудың иеологы және бірінші директоры болды. А.А.Богданов мамандығы бойынша дәрігер бола тұра, революционер, философ және әдебиетші ретінде белгілі болды. 1908 жылы Красная звезда деген романында саяси социализмді қанды өзара алмастырумен толықтыруға болатыны туралы пікір айтты, осы арқылы жалпы идеямен ғана емес, жалпы қанмен да біріккен туыстықты жасауға болады деп білді. А.А. Богдановты институтта жұмыс істей тұра, науқас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың қан топтары және көп қан жоғалтқан жануарларға қан құю.Хирургиялық инфекциялар, дамуы, емдеу және алдын алу шаралары
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Ұлпаларды ығыстыру
ҚАН КЕТУ ТУРАЛЫ. ҚАНСЫРАУДЫ ТОПТАСТЫРУ
Қан топтарын мінезімен байланыстыру
Трансфузия
Жануарларды пішу техникасы
Иегова куәгерлері
Жүйе қан құюға дайын
Ұсақ үй жануарларына қан құю техникасы
Пәндер