Саяси ойдың даму кезеңдері



1. Ежелгі дүниедегі саяси ойлар
2. Орта ғасырдағы саяси ойлардың қалыптасуына ислам және христиан дінінің ықпалы
3. Қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман тұсындағы саяси ойлар
4. Қазіргі замандағы саяси теориялар
1.Лекция мәтіні: Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси танымға келетін болсақ, көне шығыс халықтарының саяси ой жүйелерінің мифологиялық бастауларға жүгінетіндігін және адамның дүниедегі орны мен рөлі туралы көзқарастың да мифиологиялық дүниетанымдарға негізделетіндігін айқын аңғаруға болады. Мәселен, ежелгі Египет, Қытай, Вавилон халықтарының таным-түсініктері діни-мифологиялық сипат алған. Бұларда, сол кездегі саяси билік пен тәртіп аспан тәңіріне тәуелді дейтін таным басым болды. Демек, саяси құқықтық көзқарас өзінің алғашқы даму сатысында жеке адами білім, ой ретінде әлі бөлініп шықпағандығын, оның сол кездегі, мифологиялық дүниетанымының құрамдас элементі болғандығын байқауға болады.
Күрделі әлеуметтік-саяси құрылым, жазба мәдениетінің дамуы тұрғысынан алғанда ежелгі Қытай өркениеті жуықтап алғанда біздің жыл санауымызға дейінгі 14-13ғ.ғ. қалыптасқан. Ал, саяси ойлар 6-5ғ.ғ. б.э.д. және саяси жағдайлар ойшыл-ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастады. Мысал ретінде конфуцишылдарды алуға болады. Конфуций (Кун-Фу-Цзы 551-479ж.ж.) әлеуметтік, этикалық, саяси ілімнің және патриархалық мемлекет теориясының негізін салушы болып есептеледі. Конфуций өзінің ілімін «Лунь юй» деген жинағында баяндаған.
Конфуцийдің саяси іліміндегі негізгі ойлар мыналар:
1. Саяси басшы көк тәңірінің үлгісімен тек жақсылық сыйлаушы болуы тиіс.
2. «Патша патшадай болу, бағынышты бағыныштыдай, әке әкедей, бала баладай болу» принциптерін ұсынады. Бұл принциптің мақсаты – билік жүйесіндегі шайқалып бара жатқан басқару қағидаларын бекіту еді.
3. «Егер халық аш болатын болса, патша өз байлығына масаттана ала ма? » - деген принцип қояды, яғни, Конфуций ілімінде халықтың тұрмысының жақсы болуы – негізгі өзекті мәселе болды деуге болады.
Конфуций бюрократтық басқару жүйемен көмкерілген әлеуметтік - әділеттік және қоғамдық иерархиялық құрылымы, әкімшілік лауазымдары меритократиялық (билік нағыз қолынан келетін адамның басшылық етуі) принципі біздің жыл санауымызға дейінгі 9-шы ғасырдың өзінде ежелгі Қытайда жеке басқа табыну психологиясы орын алады.
Ежелгі Қытай дүниесінде саяси дүниетаным өз жалғасын «Даосизм» мектебінен тапты. Даосистер қоғамды ғарыштық әлемнің табиғи және заңды элементі ретінде қарастырады. Адам мен қоғам ғарыш әлемінің табиғи бөлігі болғандықтан, ол табиғаттың заңдарына тәуелді. Сондықтан, қоғамдағы заңдылықтар мен құбылыстар да адам санасына бағынбайтын табиғи құбылыс. Ал, мәдениет, этика жәнежалпы өркениеттілік – ол жасанды, табиғилыққа қайшы нәрсе деп мойындалады.
Қорыта келгенде, ежелгі Қытайдағы саяси ойлардың өзіндік ерекшелігі сонда, оларды көбінесе биліктің әкімдік-бюрократиялық аппаратына баса назар аударылған. Мұндағы басты идея – дарынды және қабілетті адамдар мемлекетті басқару керек дейтін идея.
Көне гректерде, саяси ғылымға мол мұра қалдырған. Бірақ, біз олардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне - Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Платон (б.з.д., 427-347ж) өмір сүрді. (Платон – кең жауырынды деген мағынаны береді). Шын аты Аристокл. Сократтың шәкірті. Платон еңбектері: «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т.б. Платонның саяси еңбегіндегі басты идея – ол ізгілікті мемлекет құру идеясы. Платонның ойынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.с.с., біреулері егіншілікпен, біреулері тігіншілікпен, құрылыспен айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында, қоғам, мемлекет пайда болады дейді. Мемлекет адамдарды алаламай – бәріне бірдей, әділ қызмет етуі керек.
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені, ол қоғамда қайшылықтар, жан-жалдар шығарады деді.
Платон мемлекеттік құрылысты 5-түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Ең жақсысы – аристократиялық мемлекет деді. Онда ақыл – естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері – адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
Тимократия – мемлекетте билік атақ құмар басшының үстемдігіне негізделеді.
Олигархия – аз адамдардың көпшілік үстінен жүргізілетін билігіне негізделеді.
Демократия – көпшіліктің билігіне негізделеді, бірақ байлар мен кедейлер арасындағы қарама-қайшылық олигархияда күшейе түседі. Сондықтан бұл заңсыздыққа негізделген демократия деп есептейді.
Тирания - әділетсіз мемлекеттің ең төменгі формасы. (мемлекетті 1адам басқарады).
Ежелгі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытқан, ұлы ойшыл – Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) өмір сүрген. Оның еңбектері, «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика».
Аристотель саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты – адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жету деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетте адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөледі. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал, бұрыс түрі деп – тирания, олигархия және демократияны санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал, бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайды дейді.
Ежелгі Рим ойшылы Марк Туллий Цицерон (б.з.д. 106-43 ж.ж)болған. Оның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері көпке әйгілі. Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі деп адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды. Қоғамдық-саяси қатынастарды әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

2. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (5-16ғ.ғ.). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті.
Үкімет басында дін иелері ме, әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген – құдай, сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұл жағдайға ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарына қалдырғысы келді.
Батыс орта ғасыр идеологиясының өкілдері: Августин Аврелий (354-430ж.ж.) және Фома Аквинский (1226-1274ж.ж.).
А.Августин дүниежүзілік тарихи процестерді құдайға тәуелді ете отырып, жер бетіндегі адамзатты 2-ге бөлді.
1) ізгілікті мемлекет адамдары (жын-шайтан);
2) шіркеу адамдары (пәк, таза адамдар).
Құдай адамдарға ерікті етіп жаратқан соң, олар күнәлар жасайды және қоғамдағы барлық саяси және мемлекеттік құбылыстар күнәһар адамдардың іс-әрекетінің салдарынан туындайды дейді.
Ф.Аквинскийдің саяси ілімдер тарихындағы маңызды жақ – ол арнайы заң теориясын жасады. Аквинский заңды мәңгілік, діни, табиғи және оң заң деп бөледі.
Мәңгілік заң – ол құдай даналығы және ол бүкіл дүниедегі іс-әрекеттерді басқару құралы.

3. Қайта өрлеу дәуірі
Буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы – Н.Макиавелли (1469-1527ж.ж.). Оның еңбектері «Патша», «Пит Ливийдің бірінші он күндігі жөніндегі ойлар», «Флоренция тарихы».
Ол діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірбие деп білді. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Лекция №2
Тақырыбы: Саяси ойдың даму кезеңдері
1. Ежелгі дүниедегі саяси ойлар
2. Орта ғасырдағы саяси ойлардың қалыптасуына ислам және христиан дінінің
ықпалы
3. Қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман тұсындағы саяси ойлар
4. Қазіргі замандағы саяси теориялар

1.Лекция мәтіні: Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси танымға келетін болсақ,
көне шығыс халықтарының саяси ой жүйелерінің мифологиялық бастауларға
жүгінетіндігін және адамның дүниедегі орны мен рөлі туралы көзқарастың да
мифиологиялық дүниетанымдарға негізделетіндігін айқын аңғаруға болады.
Мәселен, ежелгі Египет, Қытай, Вавилон халықтарының таным-түсініктері діни-
мифологиялық сипат алған. Бұларда, сол кездегі саяси билік пен тәртіп аспан
тәңіріне тәуелді дейтін таным басым болды. Демек, саяси құқықтық көзқарас
өзінің алғашқы даму сатысында жеке адами білім, ой ретінде әлі бөлініп
шықпағандығын, оның сол кездегі, мифологиялық дүниетанымының құрамдас
элементі болғандығын байқауға болады.
Күрделі әлеуметтік-саяси құрылым, жазба мәдениетінің дамуы тұрғысынан
алғанда ежелгі Қытай өркениеті жуықтап алғанда біздің жыл санауымызға
дейінгі 14-13ғ.ғ. қалыптасқан. Ал, саяси ойлар 6-5ғ.ғ. б.э.д. және саяси
жағдайлар ойшыл-ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастады. Мысал
ретінде конфуцишылдарды алуға болады. Конфуций (Кун-Фу-Цзы 551-479ж.ж.)
әлеуметтік, этикалық, саяси ілімнің және патриархалық мемлекет теориясының
негізін салушы болып есептеледі. Конфуций өзінің ілімін Лунь юй деген
жинағында баяндаған.
Конфуцийдің саяси іліміндегі негізгі ойлар мыналар:
1. Саяси басшы көк тәңірінің үлгісімен тек жақсылық сыйлаушы болуы тиіс.
2. Патша патшадай болу, бағынышты бағыныштыдай, әке әкедей, бала баладай
болу принциптерін ұсынады. Бұл принциптің мақсаты – билік жүйесіндегі
шайқалып бара жатқан басқару қағидаларын бекіту еді.
3. Егер халық аш болатын болса, патша өз байлығына масаттана ала ма? -
деген принцип қояды, яғни, Конфуций ілімінде халықтың тұрмысының жақсы
болуы – негізгі өзекті мәселе болды деуге болады.
Конфуций бюрократтық басқару жүйемен көмкерілген әлеуметтік - әділеттік
және қоғамдық иерархиялық құрылымы, әкімшілік лауазымдары меритократиялық
(билік нағыз қолынан келетін адамның басшылық етуі) принципі біздің жыл
санауымызға дейінгі 9-шы ғасырдың өзінде ежелгі Қытайда жеке басқа табыну
психологиясы орын алады.
Ежелгі Қытай дүниесінде саяси дүниетаным өз жалғасын Даосизм мектебінен
тапты. Даосистер қоғамды ғарыштық әлемнің табиғи және заңды элементі
ретінде қарастырады. Адам мен қоғам ғарыш әлемінің табиғи бөлігі
болғандықтан, ол табиғаттың заңдарына тәуелді. Сондықтан, қоғамдағы
заңдылықтар мен құбылыстар да адам санасына бағынбайтын табиғи құбылыс. Ал,
мәдениет, этика жәнежалпы өркениеттілік – ол жасанды, табиғилыққа қайшы
нәрсе деп мойындалады.
Қорыта келгенде, ежелгі Қытайдағы саяси ойлардың өзіндік ерекшелігі
сонда, оларды көбінесе биліктің әкімдік-бюрократиялық аппаратына баса назар
аударылған. Мұндағы басты идея – дарынды және қабілетті адамдар мемлекетті
басқару керек дейтін идея.
Көне гректерде, саяси ғылымға мол мұра қалдырған. Бірақ, біз олардың
ішінде ең көрнекті екі өкіліне - Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Платон (б.з.д., 427-347ж) өмір сүрді. (Платон – кең жауырынды деген
мағынаны береді). Шын аты Аристокл. Сократтың шәкірті. Платон еңбектері:
Мемлекет, Саясатшы, Заңдар, Софист, Парменид және т.б. Платонның
саяси еңбегіндегі басты идея – ол ізгілікті мемлекет құру идеясы. Платонның
ойынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін
тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.с.с., біреулері егіншілікпен,
біреулері тігіншілікпен, құрылыспен айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі
бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында, қоғам,
мемлекет пайда болады дейді. Мемлекет адамдарды алаламай – бәріне бірдей,
әділ қызмет етуі керек.
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені, ол
қоғамда қайшылықтар, жан-жалдар шығарады деді.
Платон мемлекеттік құрылысты 5-түрге бөлді: аристократия, тимократия,
олигархия, демократия және тирания. Ең жақсысы – аристократиялық мемлекет
деді. Онда ақыл – естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері –
адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
Тимократия – мемлекетте билік атақ құмар басшының үстемдігіне
негізделеді.
Олигархия – аз адамдардың көпшілік үстінен жүргізілетін билігіне
негізделеді.
Демократия – көпшіліктің билігіне негізделеді, бірақ байлар мен кедейлер
арасындағы қарама-қайшылық олигархияда күшейе түседі. Сондықтан бұл
заңсыздыққа негізделген демократия деп есептейді.
Тирания - әділетсіз мемлекеттің ең төменгі формасы. (мемлекетті 1адам
басқарады).
Ежелгі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытқан, ұлы ойшыл –
Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) өмір сүрген. Оның еңбектері, Саясат,
Афиналық полития, Этика, Риторика.
Аристотель саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты –
адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жету деп білді.
Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге
саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның
дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетте адамдар белгілі
бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге
бөледі. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды.
Ал, бұрыс түрі деп – тирания, олигархия және демократияны санады.
Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға
қызмет етеді. Ал, бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайды дейді.
Ежелгі Рим ойшылы Марк Туллий Цицерон (б.з.д. 106-43 ж.ж)болған. Оның
Мемлекет туралы, Заңдар туралы, Міндеттер туралы деген еңбектері
көпке әйгілі. Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі деп
адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті
қорғау мақсатынан туындайды дейді. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы
болды. Қоғамдық-саяси қатынастарды әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті
әділеттілік деп санады.

2. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше.
Батыс еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (5-16ғ.ғ.). Бұл дәуірде
рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті.
Үкімет басында дін иелері ме, әлде ақсүйектер болуы керек пе деген
сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға
құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген – құдай,
сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп
уағыздады. Бұл жағдайға ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарына
қалдырғысы келді.
Батыс орта ғасыр идеологиясының өкілдері: Августин Аврелий (354-
430ж.ж.) және Фома Аквинский (1226-1274ж.ж.).
А.Августин дүниежүзілік тарихи процестерді құдайға тәуелді ете
отырып, жер бетіндегі адамзатты 2-ге бөлді.
1) ізгілікті мемлекет адамдары (жын-шайтан);
2) шіркеу адамдары (пәк, таза адамдар).
Құдай адамдарға ерікті етіп жаратқан соң, олар күнәлар жасайды және
қоғамдағы барлық саяси және мемлекеттік құбылыстар күнәһар адамдардың іс-
әрекетінің салдарынан туындайды дейді.
Ф.Аквинскийдің саяси ілімдер тарихындағы маңызды жақ – ол арнайы заң
теориясын жасады. Аквинский заңды мәңгілік, діни, табиғи және оң заң деп
бөледі.
Мәңгілік заң – ол құдай даналығы және ол бүкіл дүниедегі іс-әрекеттерді
басқару құралы.

3. Қайта өрлеу дәуірі
Буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы – Н.Макиавелли (1469-
1527ж.ж.). Оның еңбектері Патша, Пит Ливийдің бірінші он күндігі
жөніндегі ойлар, Флоренция тарихы.
Ол діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірбие
деп білді. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады.
Жаңа замандағы саяси ойлар.
17 ғасырдың көрнекті ағылшын ойшылы – Томас Гоббс (1588-1679ж.ж.)
еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде, жалпыға бірдей
бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім
бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады.
Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке
береді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи
Монтескье (16889-1775ж.ж.) болған. Ол әр халықтың адамгершілік бейнесін,
оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа-
райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне т.б.) байланыстырады.
Оның ойынша бостандық – бұл заң неге ерік берсе, соны істеу.
Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін
билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

1.Ежелгі дүниедегі саяси ойлар
2.Орта ғасырдағы саяси ойлардың қалыптасуына ислам және христиан дінінің
ықпалы
3.Қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман тұсындағы саяси ойлар
4.Қазіргі замандағы саяси теориялар

Лекция №3

Тақырыбы: Саяси билік

ЖОСПАР

1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар
2. Биліктің қызметтері мен жіктелуі
3. Саяси билік пен мемлекеттік билік
4. Билік легетимдігі

1.Лекция мәтіні: Саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны билік үщін
күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-
1406ж.ж) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі
деген екен.
Ағылшынның ең ірі философтарының бірі Бертран Рассел (1872-1970ж.ж)
физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік
болып табылады деген. Ал американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс
(1902-1979ж.ж) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде
билік те соншалықты орын алады деген.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі анықтамалар мен
тұжырымдамалар бар.
1. Теологиялық анықтама билікті бір мақсатқа, белгіленген нәтижеге,
қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-
тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекет түрі.
3. Құрылымдық анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы
қатынастың ерекше түрі деп ұғады.
4. Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді
реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндірді.
Билік- деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті,
қызметіне ықпал етуін айтады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады
және оның даму барысында бола бермек. Билік қоғамдық өндірісті ұйымдастыру
үшін керек. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды адамдар, қоғам және
мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті.
Саяси биліктің қарамағындағы теңсіздікті қамтамасыз ететін құралдар
төмендегілер:

1.Экономикалық қор (Мемлекеттік сайлау науқанын өткізуге ондаған млн. ақша
жұмсалады. Мемлекет тарапынан қаражат жетпегендіктен, жеке бай адамдардың,
бірлестіктердің көмегіне сүйенеді).
2.Әлеуметтік әдіс-құралдар Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның
одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді.
3.Күш жұмсау құралдары Мемлекетті қорғайтын, ішкі тәртіпті сақтайтындар
(әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.б).
4.Ақпарат құралдары Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан
оны төртінші билік деп атайды. (радио, теледидар, баспасөз).

2. Саяси билік қызметтері: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның
саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, топтар мен таптар,
ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару институттары мен
аппараттары, партиялар, азаматтаржәне т.б. арасындағы қатынастарды
қамтиды); әртүрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; дау-
дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою, дер кезінде оларды шешу;
қоғамдық келісімге, мәмілеге келу.
Саяси билік субъекті деп жеке адам, әлеуметтік топ, тап,
партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар
мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді.
Демократиялық саяси жүйе өз ісін ойдағыдай атқару үшін, әдетте,
мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа
бөледі.
1.Заң шығарушы билік (парламент) – заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту
немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды,
үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскерді
қамтамасыз етеді.
2.Атқарушы билікке (үкімет пен әкімшілік жатады) Оларды заң шығарушы
өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің
бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Үкімет саяси шешімдер
қабылдаса (конституция, заңға негізделуі керек), ал әкімшілік ол шешімдерді
жүзеге асырады.
3.Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаудан
сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдарын, конституциялық
жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке
тәуелсіз.
Бейресми билікке жататындар: 4-ші билік - БАҚ; 5-ші билік –
сайлаушылар билігі; 6-шы билік – бақылау билігі; 7-ші билік – саяси билік.

Саяси билік – таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз
еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.
Мемлекеттік билік – барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-
дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына
сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.
Легетимділік – (латын тілінен заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың
үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен
шешімдерін растауы. Ол үш түрге бөлінеді:
1) Әдет-ғұрыптық легетимділік – (ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрге
сүйенеді);
2) Харизматикалық легетимділік – мұнда ерекше батырлығымен, адалдығымен
көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы:
Мұхаммед ғ.с.с., М.Ганди., А.омейни т.б.
Ақыл-парасаттық легетимділік – ол қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық
ережелерге негізделеді.

Семинар сұрақтары

1.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар
2.Биліктің қызметтері мен жіктелуі
3.Саяси билік пен мемлекеттік билік
4.Билік легетимдігі
5.Мемлекеттік және саяси билік

Лекция №4

Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі

1. Саяси жүйе туралы ұғым
2. Саяси жүйенің құрылымы
3. Саяси жүйенің жіктелуі

1.Лекция мәтіні: Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда
тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар,
ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен
мекемелердің жиынтығын айтады.
20ғасырдың 50-ші жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон
саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттады. Саяси жүйе сыртқы
ортамен кіріс, шығыс принциптері арқылы байланысады. Кірістің екі түрі
бар. Олар талаптар мен қолдау. Талапқа қоғамдағы қазына мен қаржының дұрыс
немесе бұрыс бөлінуі туралы билік органдарына үндеуі деуге болады.
Қолдау, керісінше үстемдік етіп тұрған тәртіпті күшейтеді. Оған
мысалы, саяси өмірге белсене қатынасу, қабылданған шешімдерді, заңдарды
уақытында бұлжытпай орындау, салықты уақытында төлеу және т.б жатады.
Саяси жүйе төмендегідей қызметтер атқарады:

1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін
қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда
бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға
негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп
орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.
2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, адамдардың тіршілік
әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады.
3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады.
Олар ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық
әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз
етеді.
4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, оның прогрессивті дамуына қажетті
саяси жағдай жасау.
5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден
қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан.
2. Зерттеушілер саяси жүйенің негізгі төрт бөлігін айтады: 1) Саяси
институттар; 2) Саяси қатынастар; 3) Саяси ережелер; 4) Саяси мәдениет.
1. Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар,
кәсіподақтар, кооперативтер, жастар, әйелдер, т.б ұйымдар мен бірлестіктер
жатады. Бұл ұйымдардың бәрі топтық, таптық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас
мөлшеріне қарай байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат –
мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылды.
Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір
тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын
қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу,
зорлау органдары (әскер, сот, полиция) болады. Мемлекет қоғам атынан оның
ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.
Мемлекеттік емес ұйымдар арасында ең үлкен рольді саяси партиялар
атқарады. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені,
идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті
қалыптастыруға ат салысады.
2. Қоғамдық екінші бөлігін – саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың,
этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің
арасындағы қатынастар кіреді.
3. Саяси жүйенің үшінші бөлігі – саяси ережелер. Олар саяси
институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси
жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына –
Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер
жатады.
4. Саяси жүйенің төртінші белгісі – саяси мәдениет. Ол саяси сана мен
іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси бағдарлама,
шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.

3. Қазіргі саясаттануда ең кең тараған жіктелудің түрі қоғамдағы
қалыптасқан саяси тәртіптің ерекшеліктеріне негізделеді.

Саяси тәртіп – деп саяси билік қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерінің
жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық
дәрежесін айтады.

Саяси тәртіп – демократиялық және антидемократиялық болып бөлінеді.

Демократиялық тәртіпке – халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған
мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті
жағдайлар жасаған билік түрі.

Демократиялық тәртіп келесі белгілерімен сипатталады:

1.Аджал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау;
2.Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі;
3.Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын қорғайды.
Антидемократиялық тәртіпке: тоалитарлық және авторитарлық тәртіптер
жатады.
Тоталитарлық (лат. Бүтіндей, тұтас, жалпы) тәртіп деп қоғам, адам
өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған
мемлекеттік саяси құрылымды айтады.
Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген
мемлекеттік – саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.
Парламент жойылмайды, ол кеңесші органға айналады. Бұл жерде біріңғай
идеология және көпшілік партия болмайды.

Реферат тақырыптары:
1.Саяси жүйе туралы ұғым
2.Саяси жүйенің құрылымы
3.Саяси жүйенің жіктелуі
4.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

Лекция №5

Тақырыбы: Мемлекет және азаматтық қоғам

1. Мемлекеттің шығуы және оның мәні
2. Мемлекеттің белгілері
3. Мемлекеттің түрлері
4. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

1.Лекция мәтіні Жалпы мемлекеттің шығуын, ғылым адамзат қоғамы дамуының
белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік таптар мен топтардың пайда
болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің қалыптасуымен
байланыстырады. Мемлекеттің пайда болуы туралы анықтамалар:
1.Теологиялық теорияның негізін салушы Ф.Аквинский мемлекеттің пайда
болуын құдайдың құдіреті арқылы деп түсіндірді.
2.Патриархаттық теория. Оның негізін салушы 18-ғасырда өмір сүруші
ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайдаболуын рулардың тайпаға,
тайпалардың одан үлкен қауымдастықтарға бірігуінен әкеліп шығарады.
3.Қоғамдық келісім теориясы бойынша, мемлекет бір әміршіге бағынған
адамдардың келісімінің арқасында пайда болады дейді.
4. Зорлық жасау теориясы, бір елді екінші бір елдің басып алуының
нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болады дегенді
айтады.
5.Географиялық теория, мемлекеттің пайда болуын географиялық ортаға
(ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктермен түсіндіріледі.
6.Маркстік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың
шығуымен байланыстырады.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институтардың
маңызды бөлігі.
2. Мемлекеттің негізгі функциялары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі
функцияларға: өмір сүріп отырған өндіріс тәсілі, экономикалық және
әлеуметтік жүйені қорғау, экономиканы басқару, шаруашылық қызметін реттеу,
тәртіп пен қоғамдық тыныштықты сақтау, әлеуметтік қатынастарды реттеу,
мәдени тәртіп және идеологиялық қызмет жатады. Ал сыртқы функцияларға
халықаралық қатынас жасағандағы қызметі, өзінің мүддесін қорғау, елдің
қорғанысын қамтамасыз ету, басқа мемлекеттермен қалыпты өзара қарым-
қатынастарды дамыту, жаңа саяси ойлау шеңберінде, бейбіт қатар өмір сүру
принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жатады.
Мемлекеттің халықаралық құқықтың субъектісі болуы үшін өзіне лайықты
сапасы болуы міндетті. Ол мынадай үш элементтен тұрады:
1. Мемлекеттің жер аумағы.
2. Мемлекеттің халқы.
3. Мемлекеттік өкімет.
3. Мемлекет басқару формасына байланысты, монархия және республика болып
бөлінеді. Монархиялық формадағы мемлекеттің жоғары өкімет билігі жеке-дара
бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі.
Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Республика деп мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары белгілі
бір уақытқа сайланатын немесе өкілділік мекемелер арқылы қалыптасатын
мемлекеттік басқару түрін айтады. Республика президенттік және парламенттік
болып екіге бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де,
үкіметтің де басшысы президент болып саналады.
Мемлекет басқару түрімен қатар, құрылысына қарай да ерекшеленеді.
Мемлекет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттері
өрісінің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық (біртұтас мемлекет) және
федеративтік (заң бойынша біршама ерікті мемлекеттер одағы – республикалар,
штаттар, контондар, т.б.), конфедеративтік (мемлекеттік құқылық
бірлестіктер)болып бөлінеді.
Саяси бағыты тұрғысынан олар агресивті, бейбітшіл, консервативтік,
либералдық, бейтарап т.б. болып ажыратылады.
4. Марксизм-ленинизм классиктері зерттеп қоғам дамуының барысын әлемдік
дәрежеде анықтап кеткен кезеңдердің реттілігі бүгінде бұзылды,
капитализмнен кейінгі келесі даму сатысы коммунизмге жету мүмкін болмай,
тек қиял ғана болып қалды. Осы уақытқа дейін, капитализмнен кейін
социалистік қоғам, одан соң кемелденген социализм, одан әрі коммунизмге
жетеміз деп Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы өзінің жалған
идеологиясымен халықтың санасын сан-саққа жүгірткені баршамызға белгілі.

Лекция№ 6

Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі

4. Саяси жүйе туралы ұғым
5. Саяси жүйенің құрылымы
6. Саяси жүйенің жіктелуі

1.Лекция мәтіні: Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда
тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар,
ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен
мекемелердің жиынтығын айтады.
20ғасырдың 50-ші жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон
саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттады. Саяси жүйе сыртқы
ортамен кіріс, шығыс принциптері арқылы байланысады. Кірістің екі түрі
бар. Олар талаптар мен қолдау. Талапқа қоғамдағы қазына мен қаржының дұрыс
немесе бұрыс бөлінуі туралы билік органдарына үндеуі деуге болады.
Қолдау, керісінше үстемдік етіп тұрған тәртіпті күшейтеді. Оған
мысалы, саяси өмірге белсене қатынасу, қабылданған шешімдерді, заңдарды
уақытында бұлжытпай орындау, салықты уақытында төлеу және т.б жатады.
Саяси жүйе төмендегідей қызметтер атқарады:

1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін
қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда
бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға
негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп
орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.
2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, адамдардың тіршілік
әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады.
3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады.
Олар ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық
әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз
етеді.
4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, оның прогрессивті дамуына қажетті
саяси жағдай жасау.
5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден
қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан.
2. Зерттеушілер саяси жүйенің негізгі төрт бөлігін айтады: 1) Саяси
институттар; 2) Саяси қатынастар; 3) Саяси ережелер; 4) Саяси мәдениет.
1. Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар,
кәсіподақтар, кооперативтер, жастар, әйелдер, т.б ұйымдар мен бірлестіктер
жатады. Бұл ұйымдардың бәрі топтық, таптық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас
мөлшеріне қарай байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат –
мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылды.
Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір
тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын
қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу,
зорлау органдары (әскер, сот, полиция) болады. Мемлекет қоғам атынан оның
ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.
Мемлекеттік емес ұйымдар арасында ең үлкен рольді саяси партиялар
атқарады. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені,
идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті
қалыптастыруға ат салысады.
2. Қоғамдық екінші бөлігін – саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың,
этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің
арасындағы қатынастар кіреді.
3. Саяси жүйенің үшінші бөлігі – саяси ережелер. Олар саяси
институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси
жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына –
Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер
жатады.
4. Саяси жүйенің төртінші белгісі – саяси мәдениет. Ол саяси сана мен
іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси бағдарлама,
шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.

3. Қазіргі саясаттануда ең кең тараған жіктелудің түрі қоғамдағы
қалыптасқан саяси тәртіптің ерекшеліктеріне негізделеді.

Саяси тәртіп – деп саяси билік қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерінің
жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық
дәрежесін айтады.

Саяси тәртіп – демократиялық және антидемократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық тәртіпке – халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған
мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті
жағдайлар жасаған билік түрі.

Демократиялық тәртіп келесі белгілерімен сипатталады:

1.Аджал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау;
2.Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі;
3.Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын қорғайды.
Антидемократиялық тәртіпке: тоалитарлық және авторитарлық тәртіптер
жатады.
Тоталитарлық (лат. Бүтіндей, тұтас, жалпы) тәртіп деп қоғам, адам
өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған
мемлекеттік саяси құрылымды айтады.
Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген
мемлекеттік – саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік
етеді. Парламент жойылмайды, ол кеңесші органға айналады. Бұл жерде
біріңғай идеология және көпшілік партия болмайды.

Реферат тақырыптары:
1.Саяси жүйе туралы ұғым
2.Саяси жүйенің құрылымы
3.Саяси жүйенің жіктелуі
4.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

Лекция № 7
Тақырыбы: Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару

1. Демократия мемлекеттік құрылыс формасы және тәртіп ретінде
2. Демократияның тарихи формалары
3. Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары

1. Лекция мәтіні Демократия деген сөз гректің демос - халық және
кратос - билік деген сөздерден тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны
білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты
(типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару
органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау
принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 3) қоғамдық
құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі
ойшылдар оны әртүрлі түсінген. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп
түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге
төмендегілер жатады:
1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы
саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән
екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және
жүйелі түрде ауыстырып отырады.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай
теңдік болған жерде ғана болады. Теңдік барлық салада – халық жиналысында,
мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға
тиіс.
3. Заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы
және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялық негізі
және қорғаушысы.
4. Әділеттілік.
5. Бостандық, еркіндік.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі
түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң
органы сайланбалы болуға тиіс. Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте
заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек
мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен
санасу керектігі мойындалды.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де
қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі,
балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз
қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді
реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.с.с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени,
идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр
түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекеттер жатады.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік,
еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

2. Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы
жатады. Ол б.з.б. 5ғасырда пайда болды.Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып
тұратын халық кеңесінің қолында еді. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен
афинылық әрбір азамат қатыса алатын.
Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (500
адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретінде күнделікті
басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде
қаралатын істерді дайындады.
Афины мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Әлемдік саяси ойдың дамуы
Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері. ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
Саясат тарихы туралы ақпарат
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Саяси ойлар тарихы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Қазақстанда саяси ойдың қалыптасуы мен дамуы
Пәндер