Қызылорда облысы арал ауданы туралы қысқаша мәліметтер


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АРАЛ АУДАНЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР . . .
1. 1 Климаты . . .
1. 2 Топырағы . . .
1. 2. 1 Бедері және топырақ түзуші жыныстары . . .
1. 3 Гидрографиясы . . .
1. 4 Өсімдігі . . .
2. ЖЕР КАДАСТР ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
2. 1 Жер кадастрының тарихта пайда болуы . . .
2. 1. 2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастры . . .
2. 1. 3 Жер кадастрындағы мемлекеттік тіркеудің тәртібі . . .
2. 1. 4 Жер учаскесін мемлекеттік кадастрлық есепке алу . . .
2. 1. 5 Мемлекеттік жер кадастры мен «электрондық» Үкіметтің өзара байланысы . . .
- Кадастрды жүргізу тәртібі . . .
- Жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізу мен бағалаудың тәртібі . . .
- Тіркеу мақсат үшін жер учаскілерін есепке алу . . .
- Кадастрдың деректерін беру және ақпараттарын пайдалану . . .
3. КАДАСТРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
3. 1 Тірек тораптары туралы жалпы түсінік және оның түрлері . . .
3. 1. 1 Мемлекеттік геодезиялық тораптар . . .
3. 1. 2 Полигонометриялық әдіс . . .
3. 1. 3 Геодезиялық жиелендіру және түсіру тораптары . . .
3. 2 Теодолиттік түсіріс оның мәні және жұмыс тәртібі . . .
3. 2. 1 Нивелирлеу . . .
3. 2. 2 Мензулалық түсіріс . . .
3. 3 Ауданды анықтау . . .
4. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРЫН БАҒАЛЫҚ АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ
4. 1 Қызылорда облысы Арал ауданың ауыл шаруашылық алқаптарын бағалау . . .
4. 2 Егістік . . .
4. 2. 1 Табиғи мал азық алқаптары . . .
4. 3 Ауылшаруашылық алқаптарының нормативтік бағасын анықтау (Қызылорда облысы Арал ауданың мысаныңда) . . .
4. 3. 1 Табиғи мал азық алқаптары . . .
4. 4 Ауылшаруашылық алқаптарының нормативтік бағасын әдістеме бойынша есептеу . . .
4. 4. 1 Мал азық алқаптары . . .
5. ЖОБАНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
5. 1 Жер телімін пайдалануға құқық берудің кадастрлық жұмыстардың бағасын анықтаудың экономикалық есептеулері . . .
6. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
6. 1 Арал ауданының санитарлық және гигиеналық жағдайларын анықтау . . .
6. 2 Берілген Арал ауданының электр қауіпсіздігін анықтау . . .
6. 2. 1 Электр тоғының адамға әсері . . .
6. 3 Қорғалмалы жерлендіру . . .
6. 4 Арал ауданың өрт қауіпсіздігін анықтау . . .
6. 5 Өрт сөндірудің химиялық құралдары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ. . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Жер ресурстарын басқарудағы соңғы жылдары болып жатқан өзгерістер мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі тірегі жер екендігін көрсетті. Әрбір мемлекеттің құрылуы да ең бастысы белгілі бір жер шекарасынан басталады, яғни жерсіз мемлекет пайда бола алмайды. Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарына ие, бірақ мемлекеттің дамуы тікелей мемлекет экономикасына байланысты болғандықтан біздің мемлекетіміз бар жер ресурстарын тиімді пайдалануды басты мақсат етті. Сондықтан да жер кадастры жер ресурстарын басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының жерлерінің табиғи және шаруашылық жағдайларын ұйымдастыратын күрделі жүйе. Қазақстандағы мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6-маусымда бекіткен №710 жарлығына сәйкес анықталады.
Мемлекетіміз Тәуелсіздік алған күнінен бастап жаһандану үрдісіне қатысып еліміздің нарықтық экономикаға өту үрдісі жекеменшік принциптарынан туындады, олар өз кезегінде жер телімдеріне де таратылады. Күнделікті өмірде «жылжымайтын мүлік» және «жылжымайтын мүлікті бағалау» ұғымдары жиі пайдаланылады, мұндай ұғымдар нарықтық экономикаға өткен жағдайларда ғана пайдаланылады. Нарықтық экономикасы бар елдерде келесі теңеуді пайдаланады: «Бағалаусыз инвестициялар болмайды, инвестициясыз экономикалық өсу мүмкін емес, экономикалық өсусіз саяси тұрақтылық болу мүмкін емес».
Қазіргі заманда жылжымайтын мүлікті бағалайтын халықаралық ұйымдар құрылды, солардың ішіндегі бастысы Еуропада негізгі қорларды бағалайтын Еуропалық топ. Ол 1997 жылы бағалау қызметтеріне және қаржылық есеп беруіне арнап біртұтас стандарттарды құру мақсатымен ұйымдастырылған. Сонымен қатар, мүлікті бағалау стандарттары бойынша Халықаралық комитет (IVSC) бар. Осы ұйымдардың басты мақсаттарының бірі бағалаудың біртұтас стандарттарын бекіту, оларсыз шетелден салмақты инвестицияларды тарту мүмкін емес.
Біздің мемлекетімізде кәсіби бағалаушылар американдық мамандармен зерттелген жылжымайтын мүлік теорияларын қолданып жүр.
Қазақстан Республикасында «Жылжымайтын мүлік» ұғымының мәні Қазақстан Республикасының 117- бабында берілген.
Қазақстан Республикасының бағалау қызметінің анықтамасы 2000-жылдың 30-қарашасында Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген «Бағалау қызметі туралы заң» құқықтық құжатында беріледі.
Берілген дипломдық жоба жұмысында аталған құқықтық-нормативтік құжаттарға сәйкес бағалау жұмысы жүргізілді.
Бағалау жұмысы Қызылорда облысы Арал ауданының ауыл шаруашылық алқаптарының жерлерін есептеуде атқарылды. Бағалауда ауыл шаруашылық алқаптарының жерлерін таңдаған себебім халықтың өмір сүруінің негізгі тірегі ауыл шаруашылық алқаптарынан алынатын өнімде деп есептеймін. Аталған жұмысты табысты капитализациялау әдісін қолданып жасадым, бұл әдіс қалыпты түрде өнім алынып отыратын ауыл шаруашылық алқаптарында қолданылады. Қызылорда облысы Арал ауданының жерінде екі бағытта шаруашылық дамыған, олар: мал шаруашылығы-оның ішінде қаракөл қой шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы-оның ішінде күріш өсіру жұмыстары атқарылады. Ауданның экономикалық өмір сүру деңгейі дамыған, жер санаттарының арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер басым болып келеді. Бағалау жұмысын жүргізу үшін алдымен бағаланып отырған жердің жағдайын түгелдей зерттедім. Ондай зерттеу жұмыстарына ауданның орналасуын, климатын, жер бедерін, гидрографиясын, топырағын, өсімдігін жағдайын анықтау болып табылады. Зерттелген мәліметтерді анализдеу арқылы, дүниежүзілік тәжірибе жұмыстарына сүйене отырып бағалау үрдісін жүргіздім.
Ауыл шаруашылығының меншік формаларының өзгеруі мен жер нарығының дамуы ең алдымен, жерге нормативтік бағаның ғылыми түрде негізделген қалыптасуы мен қызметін, яғни сенімді ақпараттық базаға негізделген бағаны талап етеді. Жердің алғашқы нарығы қызметінің негізіне жердің нормативтік құны кіреді және мемлекеттік меншіктен жерге меншіктің әртүрлі формаларына, соның ішінде жеке меншікке көшу сол арқылы жүргізіледі.
Агроклиматтық табиғи-ауыл шаруашылық аудандастыруды, өндірістің мамандандырылуын, топырақ пен өсімдіктердің сапалық сипаттамасын, олардың экологиялық жай-күйін ескере отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарын аудан деңгейінде бағалау жердің бағасын неғұрлым нақ әрі дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Бағалық аймақтарға бөлу материалдары келесі қажеттіліктерде пайдалынады:
- әкімшіліктің бағалық және салықтық саясатын белгілеуде;
- ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану мен жерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізуде;
- экологиялық және техникалық зардаптар кезіндегі шығындарды анықтау үшін пайдаланылады.
Аймақтарға бөлу бойынша жұмыстар жүргізу кезінде бастапқы материалдар ретінде топырақ және геоботаникалық зерттеулердің, күріш егу аймағының жерін бағалаудың, Қызылорда облысының жерін экономикалық бағалаудың мәліметтері мен өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі деректер, әдістемелік нұсқамалар мен нұсқаулықтар қолданылды.
1. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АРАЛ АУДАНЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР
Арал ауданы Қызылорда облысының солтүстік-батысында орналасқан.
Солтүстігінде Ақтөбе облысымен, солтүстік-шығысында Қарағанды облысымен, шығысында Қазалы ауданымен, оңтүстік-батысында Арал теңізінің жағалауымен шектеседі.
Ауданның әкімшілік шекарасы ішіндегі жер қоры, 2003 жылғы 1 қаңтарға, 5521274га немесе облыстық жер қорының 24. 4% құрады.
Жер қоры жер санаттары бойынша келесі түрде бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер - 2266708га (39. 4%), елді мекендер жері - 281347га (4. 9%), өнеркәсіп, көлік, байланыс және өзге ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер - 113328га (2. 0%), ерекше қорғалатын аумақтар жері - 16795га (0. 3%), жер қорының жері - 637294 (11. 1%), су қорының жері - 1807511га (31. 4%), босалқы жерлер - 623692га (10. 9%) .
1998-2003 жылдар аралығында, санаттар бойынша жер пайдалануда ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған жерлердің, негізінен мемлекеттік жер қорының жерін игеру есебінен, ұлғаю тенденциясы байқалған. Дегенмен, 2003 жылдан жер қорының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлердің азаюы мен босалқы жерлердің ұлғаюы жағына қарай күрт өзгерулер жүрді.
Елді мекендерді дамыту үшін ауыл шаруашылығы айналымынан бір мезгілде 267. 1 мың га алынады (1-кесте) .
Жер қорының құрамында ауыл шаруашылығы алқаптары 2032460га алады, оның 548га - суармалы егістік, 2920га - тыңайған жерлер, 9442га - шабындықцтар, 2019327га - жайылымдар, 223га - бау-бақша (2-кесте) .
1. 1 - кесте Жер қорын жер санаттары бойынша бөлу (2003 жығы 1 қаңтарға)
р/н
№№
1. 2 - кесте Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы (2003 ж. қарашаға )
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер санатындағы ауыл шаруашылығы алқаптары 1395240га, оның ішінде: суармалы егістіктер 544га, тыңайма жерлер 2516га, шабыдық 9269га, жайылымдар 1382911га.
Құрылымдық өзгерістерді сараптауауданның әкімшілік шекарасы ішіндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі 5 жылда 99183 гектарға, оның ішінде жайылым - 99869 гектарға ұлғайды, егістіктің көлемі 755 гектарға, тыңайма жерлер 154 гектарға азайды. Шабындықтар ауданы өзгермеді (3-кесте) .
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер санатының ауыл шаруашылық алқаптары 2003 жылдың басында 1395240га құрды. 1998-2003 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 86165 гектарға азайды, оның ішінде егістік 759 гектарға, тыңайма жер 461 гектарға, шабындық 173 гектаға, жайылым 84772 гектарға кішірейген.
Елді мекендер жері санатының ауыл шаруашылық алқаптары 2003 жылдың басында 240237га құрды. 1998-2003 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 451 гектарға ұғайды.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс жері санатындағы ауыл шаруашылығы алқаптары 1593 гектарға қысқарды.
Орман қоры жері санатындағы ауыл шаруашылығы алқаптары 500 гектарға ұлғайды.
Су қоры жері санатындағы ауыл шаруашылығы алқаптары 347 гектарға, босалқы жерлерде - 185643 гектарға көбейді.
Жерге байланысты қайта құрулар жер қатынастарының қалыптасқан жүйесін, жерге меншік формасы мен шаруашылық жүргізу формасының көп түрлілігін енгізу негізінде өзгертуге, өнімділігі төмен егістікті тыңайма жерге ауыстыруға, теңіздің жағалық сызығын өзгертуге және жағалау маңы жолағының тұздануына байланысты болып отыр.
1. 3 - кесте Жер санаттары және алқаптар бойынша жер қорының бөліну динамикасы
1998
2003
1481405
1395240
1303
544
2977
2516
9442
9269
1467683
1382911
-
-
1998
2003
239786
240237
-
4
97
134
-
-
239689
239876
-
223
1998
2003
97653
96060
-
-
-
-
-
-
97653
96060
-
-
1998
2003
12995
13495
-
-
-
-
-
-
12995
13495
-
-
1998
2003
160
507
-
-
-
-
-
118
160
389
-
-
1. 4 - кесте Жер санаттары және алқаптар бойынша жер қорының бөліну динамика
1998
2003
297386
483029
297386
482704
-
-
1998
2003
2129385
2228568
1303
548
3074
2920
9442
9442
2115566
2215435
-
223
1998
2003
196108
196108
-
-
-
-
-
-
196108
196108
-
-
1998
2003
1933277
2032460
1303
548
3074
2920
9442
9442
1919458
2019327
-
223
1. 1 Климаты
Аумақ шөлді аймаққа жатады, құрғақ климатымен, ыстық жазымен, суық әрі аз қарлы қысымен сипатталады. Қысқы айлардағы ауа температурасы тұрақсыз.
Қаңтардағы орташа температура 11-13, 5 0 С. Қатты суықтар кезеңінде ауа температурасы тегіс және төбелі жерлерде -34-45 0 С, төмендеулерде -36-47 0 С-қа жетеді. Қар жамылғысы негізінен желтоқсанның үшінші онкүндігінде түзіледі. Қар жамылғысының ұзақтығы көбіне жел жылдамдығына және жергілікті жердің ашық әрі қорғанышсыз болуына байланысты. Топырақтың тоңазуы 0, 5м аспайды.
Қыстың көктемге ауысуы ауа райы құбылысының күрт өзгеруімен байқалады. Көктем ауа температурасының тұрақсыздығымен және үлкен тәуліктік амплитудамен (20 0 С-қа дейін) ерекшеленеді. Бұл кезеңде жауын-шашын 35-тен 125 мм-ге дейін жауады, осы уақытта ашық түсті және бай өсімдік жамылғысы байқалады. Жазы ауа температурасы +15 0 С-тан өткен кезде басталады. Бұл кезеңде температурада күрт ерекшеліктер байқалмайды. Аудан аумағында жаз ыстық әрі ұзақ болады. Шілдедегі орташа температура +25 0 +28 0 С. Температураның абсолюттік максимумы +45 0 +47 0 -қа дейін жетеді. Жазғы кезеңде ауа мен топырақ ылғалдылығының тапшылығы байқалады. Құрғақ жылдары жауын-шашын мөлшері 5-10 мм-ден аспайды. Жазда аңызақтар жиі болады. Атмосфералық құрғақ топырақ, аңызақ және шаңды борандармен жиі сәйкес келеді.
Жылы кезеңдегі қарқыны баяу аңызақты күндердің орташа саны 25-64-ке жетеді. Қарқынды аңызақтар жыл сайын 8-10 күн бойы байқалады деуге болады, олардың ең көп мөлшері шілде-тамыз айларына келеді. Арал маңында шаңды-тұзды құйындар 70 жылдардан кейін теңіздің құрғаған түбінде құрыла бастады да, қазіргі уақытта жылдың мезгілінде байқалады. Олардың үздіксіз ұзақтығы орта есеппен аптасына 2 күнге жуық. Тұздың жауын-шашынмен бірге жыл сайын түсуі Арал маңында 150-400 кг/га.
1. 2 Топырағы
Аудан аумағы «Қазақстан Республикасының жер қорын табиғи- ауыл шаруашылық ауданастыру» схемасына сәйкес, солтүстік Арал маңының құрылымдық және аккумулятивтік жазық шегіндегі шөлді аймақтың Арал-Балқаш провинциясының Арал маңы мен Сырдария округін қамтиды. Аумақта топырақтың келесі типтері, түрлері және тектері бөлінеді (1-карта) .
Құба топырақ тегіс жердегі-қаңқалы жазық шегі ішінде құрылған. Топырақ денудациялық және көлді-аллювиалды жазықтар бедерінің көтеріңкі формаларында жетіледі.
Топырақ түзуші жыныстар қызметін үштік батпақтар, элювиалды-делювиалды, делювиалды-пролювиалды шөгінділер атқарады, олар батпақ, құм, қиыршық тас түрінде болып келеді. Жер асты сулары тұзданған және 10 метрден терең орналасқан. Топырақ құнарлылығы өте төмен: А қабатындағы қара шірінді құрамы 0, 3-0, 9% құрайды.
Құба топырақтардың ішінде кебір, кебірлі-сортаңды, сортаңды және әртүрлі тұздану дәрежесіндегі сортаңды, нашар дифференциаланған, толық дамымаған, дефляцияға ұшыраған жағалау маңы топырақтары кездеседі.
Дефляцияға ұшыраған құба топырақтар эрозияға қарсы іс-шараларды қажет етеді.
Қоңыр құба топырақтар құба аймақшадан оңтүстікке қарай орналасқан және олар үштік-борлы үстірттің тегіс жердегі-қаңқалы жазықтың неғұрлым биік беттерін алып жатыр. Топырақ түзуші жыныстарға механикалық құрамы ауыр және жеңіл болып келетін үштік-борлы шөгінділер, сондай-ақ олардың элювийі мен делювийі жатады.
Жер асты сулары 6м терең орналасқан. Топырақтағы қара шірік құрамы төмен. А қабатында оның құрамы 0, 2-0, 8% құрайды.
Шалғынды-құба топырақтар шектеулі түрде таралған.
Топырақ түзуші жыныстарға құмдақ, құмдақты, құмайтты, кейде батпақ пен құм түріндегі төрттік шөгінділер жатады.
Жер асты сулары 3-6м тереңдікте орналасқан. Олар негізінен беткі аралас топырақ ылғалдылығының әсерінен құрылған. Шалғынды құба топырақтардың су режимі оқтын-оқтын шайылатын түрде қалыптасқан. Мұнда жер асты суларының түтікті токтары топырақтың төменгі қыртыстарын сулай отырып, олардың тұздануын болдырады.
А қабатындағы қара шірік құрамы 0, 3-тен 2, 0%-ға дейінгі кең аралықта ауытқиды.
Шалғынды құба топырақтар ішінде сортаңды, сортаңды-кебірлі және тұзды түрлері кездеседі.
Тұздану дәрежесі аздан көпке қарай ауытқып отырады.
Жайылмалы шалғынды-құба топырақтар Сырдария өзенінің қазіргі атырауының жайылмалы бөлігінде таралған. Жыныстар әртүрлі дәрежеде тұзданған.
Жер асты сулары 2, 5-4, 5м тереңдікте орналасқан, олардың минералдануы 1-ден 5 г/л дейін ауытқиды, суы сульфатты-натрийлі немесе сульфатты-магнийлі.
А қабатындағы қара шірік құрамы 0. 2-ден 6. 7%-ға дейін.
Сипатталып отырған топырақ суармалы егін шаруашылығында пайдаланылады.
Жайылмалы шалғынды-батпақты құба топырақтар Сырдария өзенінің қазіргі атырауының жайылмалы бөлігінің арна түріндеі, көл түріндегі және тұйық төмендеулерімен шектеседі.
Жер асты сулары 1м, 1-3м дейінгі әртүрлі тереңдікте орналасқан, олардың минералдануы 1-ден 9 г/л дейін ауытқиды, суы сульфатты-магнийлі.
А қабатындағы қара шірік құрамы 2. 9-ден 8. 7%-ға дейін.
Аздан қаттыға дейінгі әртүрлі тұздану дәрежесі бар кебірлі, сортаңды топырқтар айқындалған.
Жайылмалы шалғынды-батпақты құба сортаңды шөлейттену топырағы Сырдария өзенінің қазіргі атырауының жайылмалы бөлігіндегі жер асты сулары деңгейінің 2 м-ден әрі күрт төмендеген учаскелермен шектеседі.
Топырақ кесіндісі біршама құрғаған. Онда глейлену жоқ болғанымен, тотты дақтар бүкіл тереңдікте байқалады.
Қара шірік құрамы көп емес, 0. 4-2. 7% аралығында ауытқиды. Тұздану дәрежесі қатты және өте қатты.
Жайылмалы батпақты құба топырақтар көлдердің түбінде өте мол ылғалдану жағдайында құрылды.
Топырақ кесіндісі қабатты, көбіне бетінен қалыңдығы 7-12см болатын шымтезекті немесе жартылай шымтезекті қабат бөлінеді.
25%-ға дейінгі жоғары қара шірінді құрамымен сипатталады.
Кейде топырақта 0-30см-лік қабатта суда еритін тұздардың жиналуы байқалады.
Құба кебірлер жер асты сулары терең орналасқан (6-10м терең) клді-аллювиалды жазықта, микротөмендеулер мен баурайлардың үштік-борлы үстірттің тегіс жердегі қаңқалы жазықтар шегінде құрылған.
А қабатындағы қара шірінді құрамы 0. 1-1. 4% болады.
Кебірлер әртүрлі дәрежеде тұзданған. Тұздану түрі хлоридті-сульфатты. Шалғынды-құба кебірлер 3-5м тереңдікте орналасқан жер асты суларының пленкалы-түтікшелі токтарының әсерінен, төмендеулерде құрылады. Оларда қара шірінді құрамы өте аз - 0. 4-0. 9%.
Шалғынды сортаңдар жер асты суларының жақын орналасуы (0. 5-1. 5м) жағдайында дамиды. 40-70см тереңдікте глейлену іздері, майда тотты дақтар байқалады. Қара шіріндінің құрамы жоғарғы қабатта төмен (0. 24-2. 4%) . 0-30см қабаттағы тұздарды орташа өлшемді құрамы 1. 83тен 12. 2% дейін өзгереді, тұздану түрі хлоридті-сульфатты, хлоридті.
Жағалау маңы сортаңдары жақын (0. 5-2. 5м) және қатты минералданған жер асты суларында кеуіп бара жатқан жағалау маңы жолағы шегінде құрылған.
Топырақ кесіндісі нашар құрылған, глейленген, тұзданған және ұлумен толыққан. Қара шірінді құрамы жоғарғы қабатта орналасқан (0. 4-0. 9%) . Жағалау маңы сортаңдары беткі жағынан қатты тұзданған (2. 35-8. 43%) .
Бекітілген жазық құмдары құмдар , сондай-ақ енді жалпақ төмендеулерде, соның ішінде ауданның солтүстік бөлігінде кездеседі. Құмдар қабаттарға аздап дифференциалданған. Қара шірінді қабаты анық емес, кесінді құрылуы бос.
А қабатының жоғарғы қыртысында қара шірінді құрамы 0. 1-0. 2%.
Жоталы-төбешікті бекітілген құмдар ауданның солтүстік бөлігі шегіндегі кең алқаптарды алады. Құмдар кесіндісі аз дифференциаланған және А қара шірінді қабатының бөлінуі нашар. Оның құрамы өте төмен, жоғары қабатта 0. 1-0. 2%. Құмдар тұзданбаған.
Жоталы-төбешікті бекітілмеген құмдар да жоғарыдағыдай түрде құрылады. Үстіңгі қабаттағы қара шірінді құрамы 0. 1%-дан аспайды. Құмдар кесіндісі одан да нашар құрылған.
Жағалау маңы құмдары Арал теңізі жағалауының шегі ішінде таралған және олар бұрынғы теңіз түбі болып саналады. Бедері шұңқырлы-төбелі болып келеді. Құмдар әртүрлі дәрежеде тұзданған.
1. 2. 1 Бедері және топырақ түзуші жыныстар
Қаралып отырған аумақ негізінен Сырдария ойпатының аккумулятивті жазығында орналасқан, батыс бөлігінде құрылымдық-денудациялық жазық жатыр. Геоморфологиялық жағынан аудан аумағында мыналар бөлінеді:
• Құрылымдық-денудациялық жазық
- үштік-борлы үстірт.
• Аккумулятивтік жазық
- көлді-аллювиалды жазық;
- Сырдария өзенінің аңғары;
- Эолды жазық;
- Теңіз жағалау маңы жазығы.
Үштік-борлы үстірттің құрылымдық-денудациялық қаңқалы жазық үштік-борлы батпақтың беткі қабатқа үстірт тәрізді немесе қаңқалы шығындылары түрінде құрылған, ол мұнда төмен жерлермен, көптеген сортаңдармен, тұзы көлдермен кезектесіп отырады.
Ауданның батыс бөлігінің беті неғұрлым көтеріңкі және тілімденген.
Абсолюттік биіктіктер бұл бағытта төменгі учаскелерде 55-60 м-ден көтеріңкі жерлерде 78-106м дейін өзгереді. Мұнда топырақ түзуші жыныстар қызметін батпақ, құм, қиыршық тас түріндегі кейінгі төрттік делювиалды-пролювиалды, элювиалды-делювиалды шөгінділер атқарады.
Көлді-алювиалды жазық ауданның солтүстік-шығыс, шығыс және солтүстік батыс бөлігінде бөлініп, сипатталып отырған аумақты солтүстігінен оңтүстігіне кесіп өтетін енді субмеридиалды төмендеулерде орналасқан. Жазық субмеридиалды бағыттағы ежелгі арнамен толық сәйкес келеді. Оның абсолюттік биіктіктегі солтүстігінде 100 м-ден оңтүстігінде 60 м-ге дейін өзгереді. Жазықтың барлық беткі қабаты төменгі-орташатөрттік көлді-аллювиалды жыныстар табылады.
Сырдария өзенінің арнасы сипатталып отырған ауданның оңтүстік-шығыс бөлігін қамтып, қазіргі атырауға өтеді. Атырауы біршама құрғаған және суы жоқ иректелген жыралар мен ағыстар, ойысты шұңқырлы жазық түрінде болып келеді. Ол палеогенді батпақтардан аллювиалды-төрттік шөгіндіден тұрады. Жазықтың еңістігі 0. 00015, абсолюттік белгілері 70-74-тен 52-54 м дейін (теңіз жағалауы) .
Эолды жазық ауданның батыс, солтүстік-шығыс және шығыс бөліктеріндегі кең алаптарды алады. Онда құмды алқаптар орналасқан, олардың ішіндегі ең ірілері Арал маңындағы Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық, Баршақұм мен құмды учаскелердің ауданы бойынша неғұрлым майда болып келетін бірқатар учаскелер бар.
Бедер генезисі мен формасы бойынша құмдар екі түрге:
а) төбешікті және шоқылы;
ә) төбешікті-жоталы болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz