Валюта нарығының дамуы және оның тарихи аспектілері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 5

I. Валюта және валюталық жүйесінің мәні, мазмұны және теоретико.әдістемелік негізі
6
1.1 Валютаның, валюта нарығының және валюта жүйесінің мәні мен
мазмұны
6
1.2 Әлемдік валюталық нарықтар 13
1.3 Халықаралық валюта жүйесінің даму эволюциясы
15
ІІ. Қазақстан Республикасындағы саясатының даму перспективалары 24
3.1. Қазақстан Республикасының валюталық саясатының даму ерекшеліктері 24
3.2. Қазақстан Республикасының әлемдік валюта жүйесіндегі ролі.
25
Қорытынды 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33
КІРІСПЕ
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кіруімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.
Өңірлік серіктестікке келгенде, біз ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалық кеңістікті қалыптастыруға одан әрі есептесе беру ниетіндеміз.
Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса назар аудару керек.
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бікітіледі.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Дүниежүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін- әлемдік ақша белгілері.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымдағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті.
Қазақстанда валюталық бақылаудың валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.«Жаңа әдемдегі Жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасының
Президентінің //1 наурыз 2007жылгы Жолдауы.
2.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы//Егемен Қазақстан, 2006.-2наурыз.
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы»ҚР
Президентінің 1993ж. 12-қарашадагы жарлығы.
4.Абдикадирова Г.Т. :Валютное регулирование в РКУ/Алматы.Экономика 2004.
5.Әубэкіров Я.Ә: Экономикалық теория негіздері//Алматы:Санат,1998ж.
б.Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар.//Алматы:Санат,1998
7.Баян Көшенова: Ақша.Несие.Банктер.Валюталық қатынастар//Алматы
«Экономика»2000ж.
8.Мэдешев Б.Нарықтық экономика теориясына кіріспе//Алматы,1995ж.
9.Мақыш С.Б.Ақша айналысы және несие//Алматы 2004ж.
Ю.ОсиповаГ.М. Основы экономической теории.-Алматы,2000ж.
11 .Райымқұлұлы С. Экономикалық теория негіздері/ЛІІымкент 2006ж.
12.Сахариев С.С. Әлем Экономикасы//Астана «Дэнекер» 2005ж.
ІЗ.Сейтқасымов Ғ. Ақша.Несие.Банктер
14.1лиясов К.К. Қаражат//Алматы,2003ж.
15.Куликов Л.М. Основы экономических знаний:Финансы и статистика,2000
іб.Саниев Б.Қ. Ақша. Несие.Банктер.//Алматы 2001ж.
П.Кулекеев Ж.К. Роль денежно- кредитной политики в оздоровлении экономики // Банк Казахстан 2003г.№2
ІБ.Уотто М. Нарықтық экономика эліппесі.-Алматы:Қазақстан,1995ж.
19.Мамбетов Ұ. Нарықтық экономиканың негіздері//Алматы,1994ж.
20.Жүнісов Б.А. Жалпы экономикалық теория //Алматы,2001ж.
21.Крымова В.Экономическая теория //Алматы , 2002
22.Борисов Е.Ф. Основы экономической теории.1994
23.Гайнуллин Ф. Основы экономической теории //Алматы, 1998
24.Иохин В.Я. Экономическая теория . 2000г.
25.МауленоваС.С. Экономикалық теория//Алматы,2003ж.
26.Сейтқасымов Ғ.С. Банк ісі.//Алматы: Қаржы-қаражат,2001ж.
27.Гамидов Г.М. Банковское и кредитное дело: «ЮНИТИ» 1994г.
28.Чилинбаев А.Д. Определения рейтинга кредитной работы филиалов банков // АльПари 1998г.№2
29.Утеулин Е. Основные операции банков //Банки Казахстана 2002г.№3

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыста валюта - экономикалық категория ретінде, валюта
нарығының, жүйесінің дамуы және оның тарихи аспектілері қарастырылған.
Қазақстан Республикасындағы валюталық саясатын, олардың даму
эволюциясы және Европалық валюта жүйесінің даму кезеңдері, қызмет ету
механизмі, ерекшеліктері, әлемдік валюталық нарықтар, Қазақстан
Республикасындағы валюталық операцияларды жүргізудің негізгі ережелері
келтірілген.
Курстық жұмыс 33 бет компьютерлік текстте берілген, 2 кесте, 1
диаграмма және 29 түрлі әдебиет қолданылған.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 5
I. Валюта және валюталық жүйесінің мәні, мазмұны және
теоретико-әдістемелік негізі 6
1.1 Валютаның, валюта нарығының және валюта жүйесінің мәні мен
мазмұны 6
1.2 Әлемдік валюталық нарықтар 13
1.3 Халықаралық валюта жүйесінің даму эволюциясы 15
ІІ. Қазақстан Республикасындағы саясатының даму перспективалары 24
3.1. Қазақстан Республикасының валюталық саясатының даму 24
ерекшеліктері
3.2. Қазақстан Республикасының әлемдік валюта жүйесіндегі ролі. 25
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33

КІРІСПЕ

Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене
қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға
кіруімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.
Өңірлік серіктестікке келгенде, біз ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді
ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалық кеңістікті
қалыптастыруға одан әрі есептесе беру ниетіндеміз.
Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму
банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің
жобаларына баса назар аудару керек.
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық
валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері
қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен
заңды түрде бікітіледі.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады.
Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген ұғымға кіретін ішкі
және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін
біріктіретін түйін- әлемдік ақша белгілері.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымдағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап
етті.
Қазақстанда валюталық бақылаудың валюталық бақылау органдары және
олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк
және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып
заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда,
валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір
бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын
туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы
қатынастарында жүзеге асады.
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе
жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына
сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын
иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті
ел болуын қалаймыз.
І.ВАЛЮТА ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЩ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТЕОРЕТИКО-
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

1.1 Валютаның, валюта нарығының және валюта жүйесінің мәні мен
мазмұны
Валюта ( итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) - елдің ақша бірлігі, оның
шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап
етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар
айналымының ұлғаюы- ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылықтың байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың -өндіріс пен әлемдік айырбастың,
жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің
шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі
жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде
қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де
әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы
саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті
деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір
бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын
туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы
қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары- әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір
әдементтері көне дәуірде вексель және айырбастау істері ретінде пайда
болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты
болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай
керісінше де әсер етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормаларымен және
ережелермен реттеледі.
Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы
орталық.
Валюталық операцияларының көлеміне, сипатына және пайдаланатын санына
қарай валюталық нарықтар үшке бөлінеді: халықаралық, аумақтық және ұлттық
(жергілікті).
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
орналасқан. Оның ішінде, Хондайдағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі,
Париждегі, Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонкконгтағы ірі валюталық
нарықтарда халықаралық төлем айналымында кеңінен пайдаланылатын валюталар
ұлттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін аумастырылады, мысалы:
Сингапур- доллары, Сауд- риалы, Кувейт-динары тағы басқалары орналасқан
банктер өз клиенттеріне валюталық қызметін түсіндіреді.
Валюталық нарықтағы операцияларға банктік функциональдық көзқараспен
қарасақ, валюталық нарық-халықаралық есеп айырысу, валюталық
интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың
жиынтығы.
Институтционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық - Үкіметтің,
банктердің, инвестициялық компаниялардың, биржалардың, брокерлік
конторалардың және шетелдік банктердің жиынтығы.
Ұйымдастырылу техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық-банктерді
халықаралық операцияларды жүзеге асыру барысында өзара байланыстыратын
коммуникациялық жүйелердің жиынтығын білдіреді.
Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі:
1) Орналасу аумағына қарай:
1. халықаралық;
2. ішкі;
3. аумақтық.
2) Валюталық шектеуге қатысты:
4. еркін нарық;
5. еркін емес.
Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты- еркін емес нарық деп, ал
валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін қос валюталық нарық деп
атауға болады.
3) Валюталық бағамның қолданылуы түріне қарай:
6. бір ғана режимді;
7. режимді.
Бір ғана режимді валюталық нарық - бұл еркін валюталық бағамға
негізделген, яғни валюталардың өзгермелі бағамы биржадағы саудада
белгіленеді.
Қазақстан Республикасында теңгенің арнайы валюталық бағамы 1999 жылы 5
сэуірден бастап, өзгермелі бағам режиміне өтті. Ал оған дейін тіркемелі
бағам қолданылып келді.
Тіркемелі бағам- Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел валютасына
қатысты айырбас бағамын анықтауда валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа
араласуы нәтижесінде анықталатын бағам.
Еркін өзгермелі бағам- бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен
ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді.

Кесте 1
Валюталық нарықтар
Кесте 2

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің әдементтері.

Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
1) Ұлттық валюта 1) Резервтік валюталар
2) Ұлттық валютаның алмастырылу 2) Валюталардың өзара алмастырылу
шарты шарты
3) Ұлттық валюта паритеті 3) Валюталық паритеттердің ортақ
режимі
4) Ұлттық валюта бағамының режимі 4) Валюталық бағамдар режимінің
регламентациясы
5) Валюталық шектеудің, валюталық 5)Валюталық шектеуді мемлекетаралық
бақылаудың болуы немесе болмауы реттеу
6) Елдің халықаралық валюталық 6) Халықаралық валюталық өтімділікті
өтімділігін ұлттық реттеу мемлекетаралық реттеу
7) Халықаралық несиелік айналыс 7) Халықаралық несиелік айналыс
құралдарын пайдалануды регламенттеу құралдарын пайдаланудың ережелерінің
біртұтастығы
8) Елдің халықаралық есеп 8) Халықаралық есеп айырысудың
айырысуларын регламенттеу негізгі формаларының біртұтастығы
9) Ұлттық валюталық нарық пен алтын 9) Дүниежүзілік валюталық нарықтар
нарығының режимі мен алтын нарықтарының режимі
10) Елдің валюталық қатынастарын 10) Мемлекетаралық валюталық
басқаратын және реттейтін ұлттық реттеуді жүзеге асыратын халықаралық
ұйымдары ұйымдар

Аумақтық валюталық жүйе өнеркэсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық
жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) - бұл
Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу-
экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет- валюталық бағамның негізі болып табылатын
заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша
бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше
резервтік валюиаларға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
10
Резервтік валюта- бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық
бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу
мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем
және резерв құралы қызметін атқаратын, әдемнің алдыңғы қатарлы елдерінің
еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта- бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел
мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері
және төлем құралы ( СДР, еуро).
Валюталық багам- бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша
бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
1) тауарлар мен қызметтермен сауда- саттықта, капиталдар мен
несиелер
қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық
валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияты әр елдің
құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз
қайта бағалап отыруға.
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:
Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің
валютасының бағамы төмен болады.
-Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансының жағдайы активті
болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп,
ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса,
борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерінің өтеу үшін шетел
валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.
-Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың
валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады: Елдегі пайыз
мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең
алдымен, қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мэнінде пайыз
мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның
төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді; пайыз
мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар
нарығына әсер етеді, яғни шетелден арзан несие алып, оны ішкі
нарыққа орналастырады.
Валюталық нарықтар қызметі мен алып- сатарлық валюталық
операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер
тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.
-Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60-70 пайыз операцияларын АҚШ ($)
долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар
бағамы әсер етеді.
Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.
Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның
динамикасына әсер етеді.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында
халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
нарықтық реттеу;
мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ
олардың бағамдық шекті қатынасты қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына
бағынады. Мұн заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс
жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін
қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік
шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін
қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам
динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып
алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады.
Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар
көздері болып табылады.
Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген,
бастапқысында ол жанама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы
маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30-жылдардағы XX ғ.
алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш
ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ
асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға
теріс әсер ете отырып, ауыр элеуметтік- экономикалық зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады.
Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал
екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды
жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы
тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың
арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы
басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы
артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жғадайдың жақсаруы барысында
валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл жағдайда да валюталық
қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау
жасайды.
Валюталық саясат- бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына
сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында
жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары:
инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап
отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық-
экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік
аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу
болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу- заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет
ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу- нарықтың экономикалық
агенттеріне мінез-құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді
пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы- Халықарлық Валюталық қор (ХВҚ)
болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге
бөлінеді:
құрылымдық валюталық саясат;
ағымдық валюталық саясат.
Құрылымдық валюталық саясат- дүниежүзілік валюталық жүйедегі
құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар
жиынтығы.
Ол валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық
валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.
Ағымдық валюталық саясат - валюталық бағамды, валюталық операцияларды,
валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде
реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Нарық экономикасы жағдайында мемлекет тарапынан валюталық реттеу
жүргізіледі. 1996 жылы Қазақстанда валюталық реттеу туралы заң қабылдады.
Жалпы алғанда валюталық реттеу бірнеше экімшілік шараларды қажет етеді,
яғни бұл валюталық түсімнің көтерілуі және елден валюталық ағылудың
қысқаруы деген сөз. Валюталық реттеу елдің төлем балансын бірқалыпты ұстау,
валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекетте
валюталық ресурстарды жинау жұмыстарына ықпалын тигізеді. Қазақстан заңы
бойынша валюталық реттеудің объектісі болып валюталық байлықтар және
олардың операциялары болып есептеледі.
Жаңа заң бойынша валюталық байлыққа жататындар:
шетел валютасы
бағалы қағаздар мен төлем құралдары
алтын құймасы
Валюта байланыстарының субъектілері болып резиденттер
және резидент еместер жатады. Осы заң бойынша резиденттерге жататындар:
1. ҚР-да тұратын жеке кәсіпкерлер, соның ішінде уақытша шетелдердегі
мемлекеттерге жататындар.
2. ҚР-сы заң бойынша құрылған заңды тұлғалар, Қазақстан
Республикасындағы және одан тыс жерлерде филиалдары.
3. ҚР-нан тыс жерлердегі дипломатиялық сауда және басқа
ресми
ұйымдар.
ҚР-дағы резидент еместерге жататындар:
Шетел валютасын төлем құралы ретінде пайдалану сондай-ақ сыртқы
экономикалық қызметте теңгені қолдану.
Валюта байлықтарын сату және сатып алу.
Валюталық жүйелердің даму заңдылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне
байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму
кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе
қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес
келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің
құлдырауы басталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық
қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.
Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып және
оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына
әкеледі.

1.2 Әлемдік валюталық нарықтар

Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ
олардың бағамдық шекті қатынасты қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына
бағынады. Мұн заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс
жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін
қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік
шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін
қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам
динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып
алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады.
Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар
көздері болып табылады.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады.
Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал
екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды
жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы
тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың
арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы
басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы
артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жғадайдың жақсаруы барысында
валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл жағдайда да валюталық
қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау
жасайды. Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы
орталықтарында орналасқан. Оның ішінде, Хондайдағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-
на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонкконгтағы
ірі валюталық нарықтарда халықаралық төлем айналымында кеңінен
пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін
аумастырылады, мысалы: Сингапур- доллары, Сауд- риалы, Кувейт-динары тағы
басқалары орналасқан банктер өз клиенттеріне валюталық қызметін
түсіндіреді.
Әлемдік шаруашылықтың байланыстағы өнеркэсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың -өндіріс пен әлемдік айырбастың,
жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің
шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі
жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде
қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де
әрбір егемен мемлекеттің заңцы төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы
саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті
деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Валюталық нарықтағы операцияларға банктік функциональдық көзқараспен
қарасақ, валютальщ нарық-халықаралық есеп айырысу, валюталық
интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың
жиынтығы.
Әлемдік валюталық нарықтар арасында 11 нарықты белгілейді, соның
ішінде 3 ірі нарық: Лондондық, Чикаголық және Нью-Йорктік; европалық
аймақта әлемдік валюталық статус нарықтары үшін Франкфурт- Майнде, Цюрихте,
Парижде; азиялық аймақта - Токио, Гонконг, Сингапур, Бахрейн, Сянган.
90 жылдары ірі әлемдік валюталық келісімде төрт негізгі валюталық
нарықтар шоғырланады: Лондон, Нью- Йорк, Токио. Гонконгтан Қытайға
берілуіне байланысты, ол өз валюталық позицияларын Сингапурға жол беруге
бастайды.
Әлемдік валюталық нарықтар, валюталармен бірге валюталық операциялар
жүргізіледі, әлемдік төлеу айналымында кең қолданылады, ұлттық валюталық
нарықтарда аймақтық және жергілікті валюталарымен келісімдерді іске
асырады.
Экономикалық әдебиетте кең жарияландыруына байланысты, осы валюталық
нарықты арнайы нарықтарға және ұйымдарға айқын жатқызу қажеттілігінен
көрінеді.
Олардың арасында, Чикагода халықаралық валюталық нарық, Лондондық
халықаралық қаржы фьючерстік биржасы, Филадельфияда қор биржасы.
Халықаралық валюталық нарық Чикагоның тауар биржасымен 1972 жылы
ашылды; ең алдымен фьючерстік келісімдермен, британдық фунтпен, канадалық
долларымен, неміс маркасымен, швейцарлық франкпен, жапондық иенмен,
австриялық долларымен жұмыс істеу үшін. Осы келісімдер нақтылы сомаға және
нақтылы ақы төлеу күнімен қорытындылайды.

1.3 Валюталық жүйесінің даму эволюциясы

Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезеңде жүргізіледі:
I кезең - жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғышарттары
түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс
сақталады.
II кезең - жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен
аяқталып, біртіндеп іске қосылады.
III кезең-толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:
І.Париждің валюталық жүйесі (1867 ж.)
Генуэз валюталық жүйесі (1922 ж.)
Бреттон-вудс валюталық жүйесі (1944 ж.)
Ямайск валюталық жүйесі (1976-1978 ж.)
Еуропалық валюталық жүйесі (1979 ж.)
Валюталық жүйе өзінің даму процесінде 4 кезеңнен өтті. Олардың
әрқайсысы өзіне тән ерекшеліктері бар;
1. Алтын - стандарт жүйесі.Бұл жүйе XIX ғасырда стихиялы түрде
қалыптасты және заңды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы
конференцияның шешімі бойынша алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып
есептеледі. Алтын стандарт жүйесі төмендегі принциптерінде сүйенеді:
бұл жүйенің негізі - алтын монеталық стандарт әрбір валютаның
алтындық құрамы бар осыған сәйкес олардың алтындық паритеттерді
белгіленеді.
әрбір валютаның алтынға айырбасталуы.
алтын қүймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен
стандарт әрбір валютаның алтындық құрамы бар осыған сәйкес олардың
алтындық паритеттері белгіленеді.
әрбір валютаның алтынға айырбасталуы.
алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге
алтын еркін импортталады және экспортталады.
6) алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң
арақатынас орнатылады.
Алтын стандарт жүйесі бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы
түрде тиімді болды. Уақыт өте келе бұл жүйе ескіре бастады яғни ол
шаруашылық байлныстардың даму масштабына сәйкес болмай қалды.
Алтын девиздік стандарт жүйесі 1892 жылы Генуядағы халықаралық
экономикалық конференцияда белгіленді. Бұл жүйенің принципі бойынша
банкноттар алтынға емес вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталды.
Девиздік валюта ретінде доллар және фунт стерлинг қабылданды.
Бреттон вудс валюталық жүйесі. 1944 жылы брейтон вудс (АҚТТІ)
халықаралық конференцияда бекітілді. Бұл жүйе төмендегі принциптерден
тұрады:
алтын бұрынғысынша елдер арасында ақшалай есеп айырысулардың
қызметін атқарады.
АҚШ доллары біртұтас резервтік валюта болды. Ол алтынмен қатар
әртүрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын өлшем ретінде
және халықаралық төлем құралы болып саналады.
Валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңестірілуі
алтын және доллармен өрнектелген валюталық паритеттер ( тепе-тендік)
негізінде жүргізіледі.
4) Мемлекеттер кез-келген валюталарға қатысты өз
валюталарының өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды.
5) Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар
халықаралық валюталық қор арқылы реттелді. Бұл қор бреттон вудс
конференциясында құрылды.
4. Халықаралық валюта жүйесі 1976 жылы ХВК-ның Кинстонда өткен
кезекте мәжілісінде қабылданды. Бұл жүйенің принциптері төмендегідей;
1) алтынның ресми бағасы алтын паритеттер жойылып, доллардың
алтынға айырбасталуы тоқталады.
елдер арасындағы валюталық қатынастар ұлттық ақша бірліктерінің
өзгермелі курсына негізделді.
3) арнаулы ақша резерві (СДР) яғни қарыз берудің арнайы құқығы
стандарты құрылды. СДР негізгі резервтік валюта ретінде басқа резервтік
валюталарының ролін азайтты. СДР алтын мен доллардың баламасы болып
табылды.
5. 90 жылдардың басында бесінші ХВЖ валюталардың өзгермелі курсы
қалыптасты. Бұл жүйе екі әдементтен тұрады:
1) негізгі валюталық бірліктер таңдалады осы бірліктер
негізінде жекелеген ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын сақтай
алады.
2) валюталық курстардың ауытқуы ұлттық валютаның тұрақсыздығына
байланысты болды.
Еуропалық валюталық жүйе экономикалық интеграциялану процесін
ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану процесінің даму
себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы, өндірістің қарсылас
орталықтардың дүниежүзілік нарықтардагы өзара қарсы күресті және валюталық
тұрақсыздық жатады. Еуропалық экономикалық қоғамдастық - бұл Батыс Еуропа
елдерінің біршама дамыган аумақтық интеграционалдық тобын білдіреді, ол
1957 жылы наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия,
Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып,
1958 жылдың 1 қаңтардан бастап қызмет етеді.
1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Үлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді.
Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия мен Испания қосылған.
ЕҚ-тың мақсаты:
шаруашылықты мемлекетаралық реттеу базасында экономикалық
және саяси одақ құру; ЕҚ-ды дамыған мемлекетке айналдыру;
Батыс Еуропа орталығының, АҚШ және Жапонияның дүниежүзілік
нарықтағы монополияларымен күресуде позицияларын нығайту;
Батыс Еуропаларының бұрынғы отарлары ретінде дамушы елдерді,
өзінің әсер ету аясында ұжымдық күште ұстау.
Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:
Біріншіден, ЕҚ құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және
шаруашылық кешен интегралданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса,
бүгінгі уақытта 15-16 мемлекетке жетті. Болашақта ЕҚ-қа Шығыс және Орталық
Еуропалық елдері қосылады деп күтілуде.
Екіншіден, ЕҚ-ның институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына
жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
Еуропалық кеңес.
Министрлер кеңесі - заң шығарушы орган.
ЕҚ комиссиясы ( ЕҚК) - атқарушы орган.
Еуропалық парламент кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК
және Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды. ЕҚ бюджетін бекітеді. ЕҚ
соты - құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы.
Әлеуметтік және экономикалық комитет - кәсіпкерлер, кәсіподақтар
өкілдерінен құралған кеңес беруші орган.
Үшіншіден, интеграциялық процестің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың
бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.
Экономикалық интеграцияның ажырамас әдементі валюталық интеграция
болып табылады. Оған валюталық саясаттың шоғырлану процесі, валюталық
реттеу мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.
Ямайка валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық жүйе
қағидаларын мынадай болады:
ЕВЖ, ЭКЮ - еуропалық валюталық бірлікке негізделеді. ЭКЮ- дің 12
елдерінің валюталары негізінде валюталардың қоржынының әдісі бойынша
анықталады.
ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша
төлем балансындағы тапшылықты жабуға және валюталық интеграцияға байланысты
есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.
Европалық валюта жүйесінің даму кезеңдері және ерекшеліктері.
1979 жылы Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа
елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа
валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге
кіретін мемлекеттер ХВҚ-нің мүшелері болгандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта
жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Солай болғанмен
оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар. ЕВЖ- нің
құрылымдық ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:
СДР-дің орнына еуропалық валюта өлшемі- ЭКЮ стандарты енгізілді.
ЭКЮ-дің валюталық қоржыны батыс еуропалық 12 валюталардан
құрылады. Онда неміс маркасы үстем болды. ЭКЮ-ді қолдану аясы СДР-
ды қолдану аясына қарғанда әлдеқайда кең, оны тек қана мемлекеттік
сектор емес, сонымен қатар жеке секторлар, оның ішінде
банктердің
депозиттік-ссудалық операцияларында, халықаралық есеп айырысу жеке
фирмалары қолданады. ЭКЮ біриіндеп әлемдік валюта нышандарын ала
бастағанымен, әзірше әлемдік деңгейге шыққан жоқ. Оны 1999 жылдан
ұжымдық еуропалық валюта- еуро ауыстырды.
Ямайка жүйесінде алтынды ресми демонетизациялауға, қарама-қарсы
ЕВЖ-де осы валюталық металмен жүргілетін операциялар жаңғыртылды.
Алтын мен доллар ЕВЖ-ге мүше-елдердің ресми алтын-долларлық
резервтерінің 20% -ін біріктіру жолымен ЭКЮ-ді эмиссиялау механизміне
енгізілді. Осы елдердің орталық банктері Еуропа валюта институтының
қарауына 2,3 мың т. алтын аударды. Институт алтынның орнына ЭКЮ-ді
шығарып, аталған орталық банктердің шотына ауыстырды. Мемкеттердің
алтынмен төлеген жарнасы қайта жаңартылатын үш айлық своп
келісімімен рәсімделеді, ол қолма-қол алтынды ЭКЮ-ге сатып, үш айдан
кейін оны кері сатып алу үшін қарсы келісім жүргізумен үйлестіріледі.
ЕВЖ-ге мүше-елдердің валюта бағамының бірге өзгеру ережесі
олардың өзара ауытқу шегін бекітеді. Валютаның бұндай ұжымдық өзгеру
тәртібі еуропалық валюта жыланы деп аталады, себебі бұл ауытқудың
графикалық өрнегі жыланның жорғалануына тым ү_қсас. Егер валюталардың
бағамы рұқсат етілген шектен асып кетсе, онда орталық банк неміс
маркасымен валюталық интервенция жүргізуі тиіс, яғни ұлттық валютаның
бағамын түсірмеу мақсатында марканы сол валютаға сату керек. ЕО
валюта бағамының ұжымдық өзгеруі олардың тұрақтылығын қамтамасыз
етті, әйтсе де әлсін-әлі ресми девальвация және ревальвация жүргізіліп
тұрды. Тұрақсыз валюталардың бағамы әдетте төмендетілсе, ал тұрақты
валюталардың бағамы жоғарылатылады. Бұл ЕВЖ қатысушылардың
қайшылықтарын өршіте түседі.
- ЕВЖ-ге мүше-елдер ХВҚ-ға қарсы өзінің мемлекетаралық валюталық
реттеу органы- Еуропа валюталық ынтамақтастық қорын құрды. Ол қор 1994 жылы
Еуропа одағын құру туралы Маастрихт келісіміне сәйкес Еуропа валюталық
институты болып аталып, ал 1998 жылдың шілдесінен Еуропа орталық банкі
болып қайта құрылды.
ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең- саяси, экономикалық және валюталық
одақ құру жөнінде 1994 жылы қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны
құрудың бірінші кезеңі 1990 жылы шілдеде басталып, мүше-елдерге 1992 жылы
аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды қарастырған. Бұл кезеңде
мемлекеттердің экономикалық дамуының деңгейін жақындастыру, инфляция
қарқынын төмендетуге бюджет кемшілігін қысқартуға зор көңіл бөлінген.
Екінші кезеңде Еуропа валюталық институты құрылып, оның қүрамына он
екі орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты-орталық банктердің
Еуропалық жүйесін эмиссиялау. Бүнда ЕО-ың министрлер Кеңесінің
директивалары негізінде экономикалық үйлестікке және оған мүше-елдердің
Еуропарламентке берген есебінің орындалуына басты назар аударылады.
Экономикалық тәртіпті бұзушыларға Еуропалық инвестициялық банктің несиесін
шектеу, айыппүл төлеу, бюджет кемшілігін төмендеткенге дейін ЕО-ың
процентсіз депозитін шектеу формасында жазалау шаралары қолданылады.
Экономиканы сауықтыруға бірлескен қорлар есебінен және ЕИБ несиесінен ЕО-ң
көмегі қарастырылған.
Үшінші кезең ЕО-ның бірнеше мемлекеті несие-ақша жүйесінің бірыңғай
үлгісі шеңберінде бір жақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген XX
ғасырдың аяғында басталды. Жоғарыда айтылғандай, ЕО-ға кірген 15 елдің 11
-і 1999 жылы қаңтарынан ұжымдық валюта- еуроны -алғашқыда қолма-қол ақшасыз
есеп айырысу үшін банктік шотқа жазу формасында енгізді, ал 2002 жылдан ол
ұлттық ақша өлшемдерінің орнына қолма-қол ақша формасында енгізілетін
болады. Біртіндеп еуро аймағына қосылатын елдер саны ұлғаяды деп күтілуде.
Ақша-несиелік және валюталық реттеу үшін 1998 жылы 1 шілдесінде Еуропа
орталық банкі құрылды.
Еуропалық одақ шеңберінде өткен күрделі келіссөздердің нәтижесінде
1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды.
Еуропалық валюта жүйесі- ұлттық валюталардың экономикалық интеграция
шеңберінде қызмет етуімен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы
көрсететін халықаралық валюта жүйесі.
Европалық валюта жүйесінің қызмет ету механизмі.Еуропалық валюта
жүйесі үш әдементтен тұрады: 1) ЭКЮ-Еуропалық Валюта жүйесінің негізі; 2)
валюта курстары мен интервенцияларының механизмі; 3) валюта курсын
тұрақтандыру үшін қолданылатын несиелеу механизмі.
Еуропалық валюта жүйесінің алдына міндеттер қойылады:
Еуропалық Одақ елдері ішінде сенімді валюталық тұрақтылықты
орнату;
Тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі әдементі болу;
Экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, еуропалық
ынтымақтастыққа жаңа екпін беру;
Халықаралық экономикалық және валюталық қатынастарға тұрақтандырушы
фактор ретінде әсер ету.
Еуропалық валюта жүйесінің атқарушы механизмі ЭКЮ-ді қалыптастыру және
реттелетін жүйе арқылы жүзеге асады. Еуропалық валюта жүйесі валюталық
қорлардың Одаққа мүше елдердің бәріне бірдей ортақ болуына кепілдік береді.
Еуропалық валюта жүйесінің қызмет етуі және дамуы Делор жоспары дегенмен
тығыз байланысты. Еуропалық Одақтың көрнекті қайраткері Ж. Делор Еуропа
валюталарын біріктіру жөнінде үш сатылы жоспар үхынды.
1. Еуропалық Одақтың жекелеген елдері арасында
үйлестірілген
экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыру;
2. Еуропалық Одақтың орталық банкісін құру;
3. Ұлттық валюталарды Еуропалық Одақтың ортақ валютасына
ауыстыру.
1990 жылы Еуропалық валюта жүйесіне қатысушы елдер қатарына Англия,
Испания, Португалия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ипотекалық несие тәуекелдігі
Халықаралық валюталық өтімділік
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мәні, мақсаттары, құралдары
Қаржы нарығының түсінігі
Ақша - несие саясатының құралдары мен әдістері
Бағалы қағаздар жайлы
Бағалы қағаздар нарығындағы дағдарыстар
Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары
Сыртқы экономикалық іс-әрекетте мемлекеттік реттеу
Пәндер