Бүгінгі таңда Қазақстандық туризм - экономиканың ең маңызды секторының бірі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Туризмның даму тарихы
  2. Бүгінгі таңда Қазақстандық туризм - экономиканың ең маңызды секторының бірі
  3. Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Туризмның даму тарихы

Туризм - әр адамға белгілі құбылыс. Барлық заман кезеңдерінде біздің ғаламшарымыз - жер бетін көптеген саяхаттанушылар мен алғашқы ашушылар кесіп өткен. Алайда туризм адамдардың арнайы бір қызмет түрі ретінде қазіргі заманда ғана қалыптаса бастаған. Біздің әрқайсымыз туризмді бір географиялық сала ретінде қарастырмаймыз, өйткені біз басқа жақтарға сапар шегіп немесе өз жұмыс демалысымызды тұрған жерден алыста өткізуді саяхаттану ретінде ғана түсінеміз. Туризм салыстырмалы түрде өте жас феномен, алайда оның түптамыры ежелгі заманға ұласып жатыр. Біз нарықтық шаруашылыққа туризмге қатысты халықаралық рынокта көптеген өзгерістер енген кезеңде жеттік. Туризм бүкіл әлемде экономиканың ең маңызды салаларының біріне айналды, ал тіпті кейбір дамып келе жатқан елдерде экономиканың қарқынды дамып, мемлекет тұрғындарының сапалы өмір сүруінің, және елдің мемлекеттік қаражатының негізгі көзіне айналды. (Мысалы, Тайланд, Кипр, Малайзия және т. б. ) .

Бүгінгі таңда Қазақстандық туризм - экономиканың ең маңызды секторының бірі

Туризм бүгінгі таңда қазақстандық немесе әлемдік экономиканың ең маңызды секторына айналды. Туризмнің дамуы - болашақтағы экономикалық жағынан өте тиімді жаңа әлемдік нарықтық шаруашылықтың бір бөлігі.

Туризм - туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды. Алғашқы діни саяхаттар б. э. д. төртінші мыңжылдықта жүргізілді. Ежелгі Египетте басталды. Б. э. д. 1501-1484 жылдары Египет ханшасы Хатшеспуттың ұйымдастыруымен Пунт деген теңіз аралына саяхат жасалды. Ал, б. э. д. VІ ғасырда египеттік Фараон Нехао Африка төңірегінде атақты үшжылдық саяхат құрған. Осы кезеңде көптеген саяхаттар болды.

Туризмнің алғашқы қадамдары ХVП-ХVШ ғасырларда басталды. Ең бірінші туристік саяхат Англияда пайда болған. Онда 1841 жылы Томас Кук 600 адамнан құрылған топты Лейстерден Лафбороға дейін апарып, темір жолмен саяхат жасаған.

1882 жылы ең алғашқы әлемдік "Куктың жер шарын айналған" саяхаты болды. Ол темір жол және пароход компанияларымен, қонақ үй және мейрамханалармен келісім құжат жасады. Томас Кук ең алғашқы болып туристік "тур" деген сөзді ашты. Ол бірінші болып туристік маркетинг пен менеджментке жол ашты. Сол үшін Кук бірінші туризм менеджері болып саналады.

Халықаралық курорттардың дамуы Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехия - мемлекеттерін халықаралық дәрежеге жеткізді. ХVШ ғасырдың аяғында басқа елдерге барып саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.

Бүгінде әлемдегі Испания, Түркия, АҚШ, Грекия, Таиланд сынды елдердегі ішкі жалпы өнімнің бестен бірі, кейбірінде тіпті 30 пайызы туризм саласына тиесілі екен. Өзінің сан алуан табиғи комплекстері мен тарихи орындары бар Қазақстан секілді елде бұл сала қаншалықты дамыған, бағасы құбылмалы келетін мұнай, металдан әлдеқайда табысы қомақты саналатын бұл бизнес көзін біздегілер тиімді іске асырып, дұрыс жолға қоя алған ба?

2004 жылдың шілде айында елімізде бәсекеге қабілеттілік пен кластерлік даму бағдарламасын жүзеге асыру үрдісі басталғаны белгілі. Бұл бағдарламаның пилоттық жобасын туризм саласына енгізу сол кезде бірауыздан шешілген-ді. Тиімді кластерлік жобаларды анықтаумен айналысатын J. E. Austin Associates inc (JAA) консалтингтік фирмасының вице-президенті Мартин Вебер мырза: «Нақ осы туризм Қазақстан экономикасындағы ең табысы мол салаға айналуының үлкен мүмкіндігі бар», - деп үлкен істің басын шалған болатын.

Қазақстанның Статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, жыл сайын елдегі туризм индустриясының қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Сырттан келетін туристердің саны да біршама артқан. Алайда бұл көрсеткіш көңіл көншітерлік емес.

«Ашығын айту керек, Қазақстандағы туристік бизнестің негізгі табысын бүгінгі күнге дейін сыртқы туризм құрап келді. Сыртқы туризм жекелеген компаниялар үшін ғана тиімді саналады. Мемлекет қалтасына пайда түсіру үшін сырттан келетін саяхатшылардың саны артып, елдегі халықтың ішкі туризмін дамыту керек», - дейді Мартин Вебер мырза.

Бүгінде елімізде 876 туристік компания тіркеліп, әлемнің 90 елімен байланысын орнатқан. Осылардың тек 25 пайыздайы ғана елге тікелей туристер тартумен айналысады екен. Әзірге сырттан келетін саяхатшылардың үлесі елдегі туризм нарығында шешуші рөлге шыға алмай отыр. Мұны есепке алған ел үкіметі сырттан келетін туристерді арттыру мен ішкі туризмді дамыту үшін осы мақсатта жұмыс істейтін туроператорларды салықтан босатып, еркін әрі жағымды орта қалыптастырып берген. Бірақ әлі де оң нәтиже жоқ.

Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі

Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атаған болатын. Туризмнің осы түріне қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар белгіленіп, «Жібек жолы» атауына ие болған бағыт - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарын қамтыды. Дәл қазір Алматы аймағында 2004-2010 жылға арналған туризмді дамыту бағдарламасы аясындағы шаруалар аяқталуға жақын қалған. Экотуризмнің дамуына бұл аймақта үлкен табиғи қор бар. Мысалға, Көлсай көлі, Іле өзені, Шарын каньоны, Іле Алатауы, «Алтын Емел» ұлттық паркі секілді айрықша жұмақ мекендер шетелдегі кез келген танымал табиғат комплекстерімен тайталаса алады.

Көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтып жүр. Туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның мол мүмкіндігі бар деп есептеледі және әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін.

Туризмнің экономикаға үш түрлі әсері бар

1. Шетелден тікелей қаржы құйылады.

2. Экономикадағы төлем балансы мен экспорттық саудаға жағымды әсер етеді.

3. Халықтың жұмыспен қамтылуына септігі тиеді.

Туризм тікелей және жанамалы түрде экономиканың 32 саласы мен елдің инфрақұрылымының дамуына тигізетін әсері мол. Қазір әлемдік туризм өзінің ең бір сәтті кезеңін бастан өткеріп жатқан жоқ. Бұған бірінші кезекте елдердегі саяси тұрақсыздық пен терроризм, сепаратизм секілді жағымсыз әрекеттер әсер етуде. Алайда бұл құлдырауларды сарапшылар «уақытша құбылыс деп қарастырған жөн» дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризмнің белсенді туризм мен байланысы
Туризмді дамыту саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚҮЙ ИНДУСТРИЯСЫ
Аймақтық туризм экономикасы
Қазақстан туризмін дамытудағы орналастыру индустриясының маңызы
Ақпараттық туристік кәсіпорындар
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Әлемдегі туризм инвестициясы
Туристік саланың инвестициялық - инновациялық қызметін дамыту
Қонақ үй сервисіндегі ақпараттық ресурстар және оның қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz