Мәдениет теориясы


Мәдениет теориясы
Мәдениеттi зерттеудiң терең философиялық дәстүрлері бар, ол басқа ғылымдардың, ең алдымен археология, этнография, тарих, психология, әлеуметтану ғылымдары өкiлдерiнiң қызығушылығын тудырды. Тек XX ғасырдың ортасында ғана мәдениеттi пән аралық зерттеу басталады.
Мәдениеттi қазiргi кезеңдегі түсiнігі оның дағдарысын, адам мен табиғат арасында үйлесiмнiң мүмкiн болмайтындығын ұғыну ретiнде қалыптасты. Қазiргi уақытта мәдениеттердiң алуан түрлi типiн енгiзуге, мәдениеттiң негiздерi туралы теориялық ойлардан нақты мәдениеттану зерттеулерiн өткiзуге көшу мүмкiндiгiне жол ашылды.
Сөз жоқ, мәдениеттанушы, ең алдымен мәдени қызметтiң нәтижелерiмен (мәдени шығармашылықтар тақырыбымен, өнiмдерiмен - мысалы, музыкамен, сурет өнерiнiң туындыларымен) айналысады, сондай-ақ музыкатанушылар, өнертанушылар қандай теориялық позицияны ұстанатындығына тәуелсiз, мәдениет рухын (менталитетiн, мәдени парадигманы) игеруге бет бұрғанда мәдениет танушыларға айналады. Бұл жағдайда екiншi - мәдениеттің коммуникативтiк тобы пайда болады (қарым-қатынас жасау деңгейi, бiлiм беру және тәрбиелеу институттары) . Ең соңында, оның ядросы, архетипi - мәдени шығармашылық қызметінің құрылымы анықталады.
Мәдениеттану философиядан бөлiнiп шығып, өзiнiң зерттеу тақырыбына ие болады, «мәдениет археологиясына» көңiл аударады, оның генезисiн, жұмыс iстеуiн және дамуын анықтайды, мәдени мұрагерлiк және тұрақтылық тәсiлдерiн, мәдени даму «кодын» ашады. Ол келесi функцияларды қамтамасыз етедi:
- мәдениеттi, оның ауызша және символдық қабықшада жасырынған базалық негiздерiн сақтау;
- мәдениеттiң, жаңару, инновация институттарының қалыптасуы;
- мәдениет трансляциясы - мәдениеттiң заттану әлемi индивидтiң әлеуметтенуы мен мәдениеттiң даму әлемi ретiнде.
Барлық үш деңгей форма құрудың кең спектрiн сипаттайды (ғылым, техника, өнер, дiн, философия, саясат, құқық, экономика және т. б. ), бұл сонымен бiрге қызмет құрылымын, бейнесiн, мәдениеттiң тұтастығын анықтап көрсетуге мүмкiндiк бередi және оның жетiстiктерiн суреттеуден тұрады, бiрақ осындай тұтастықты жаңғырту проблемасын қояды мен концептуальды шешудi болжайды. Мәдениеттанудың мiндетi - мәдениет «генетикасын» құру, ол нақты көркемдік iске асырудың тарихи - мәдени процесiн ғана түсiндiрiп қоймай, мәдениеттердiң әртүрлi типтi модельдерiн жаңғыртып, оларға салыстырмалы талдау жүргiзуге мүмкiндiк берер едi.
Мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарына кiргiзiлген мәдениеттану оқу пәнi ретiнде мәдениеттану мектептерiн, бағыттарын, әлемдiк және отандық мәдениеттiң теориялары мен тарихын қарастырудан тұрады.
Ол өзара әрекет ететiн элементтерден құралатын және басқа жүйелермен, қоғаммен өзара байланыста және үнемi дамуда болатын, күрделi iшкi кұрылымы бар жүйе ретiнде мәдениет туралы бiлiмнiң дербес, логикалық негiздерге, біріккен жиынтығы түрiнде болады.
Мәдениеттану тақырыбы жалпы адамзаттық және ұлттық мәдени процесстердің объективтi заңдылықтары, «тiрi» ескерткiштер және материалдық пен рухани мәдениеттiң құбылыстары, адамдардың мәдени қызығушылығы мен қажеттiлiктерiнiң пайда болуын, қалыптасуын және дамуын басқаратын факторлар мен алғышарттар болып табылады.
Мәдениеттану объектiсi әртүрлi табиғи жүйелердегi мәдени өмiр, негiзгi мәдени-тарихи типтердiң ерекшелiктерi мен жетiстiктерiн айқындау, қазiргi әлеуметтiк мәдени ортада тенденциялар мен процестердi талдау болып табылады.
Мәдениеттану ғылымының маңызды проблемаларының қатарына әлемдiк және отандық мәдениет теориясы мен тарихының маңызды мәселелерi жатады.
«Мәдениет» сөзi тек XVIII ғасырда тұрақты түрде қолданысқа енiп, кең тараған. Алайда бұл сөз Рим антикасында пайда болды, ал латын тiлiнде «агромәдениет» дегендi бiлдiрген, яғни жердi өндеу, өсiру, егу. Бұл бастапқы мәнi уақыт өте келе басқа, адамның жеке қасиеттерiмен байланысты мағынаға ие болады. Ағарту заманы деген атпен тарихқа енген XVIII ғасырда мәдениет ұғымы тек рухани мәдениет болып шектелiп қалады. Бастысы адамның бiлiмдiлiгi, окығандығы және тәрбиелiлiгi болады. Мұнда бiлiм шешушi роль атқарады, алайда сол кездің өзінде бiлiмнiң қажеттiлiгi айқын болды, бiрақ мәдениеттi болу үшiн ол жеткiлiктi шарт емес екендiгi де анық.
Мәдениет туралы ғылым - мәдениеттануға келсек, ол кешiрек, бiздiң ғасырда қалыптасты. Әрине, мәдениет одан бұрын да зерттелдi. XIX ғасырдың ортасына дейiн онымен философия мен тарих шұғылданды, одан кейiн басқа ғылымдар - этнография, философия, антропология қосылды.
Тiкелей мәдениетке арналған алғашқы жұмыстардың бiрi ағылшын тарихшысы Э. Тайлордың «Ертедегi мәдениет» («Первобытная культура») (1871ж. ) кiтабы болды. Бұл жұмыста Тайлор үлкен этнографиялық материалды зерттеу негiзiнде ертедегi (алғашқы) мәдениеттiң нақты элементтерiн суреттеп (әлемдiк жағдайында), “анимизм” (латынның “anima” өмiр бастауы, тiрi зат, жан, өмiр сөзi) - алғашқы адамның қоршаған ортамен қатынасы бойынша оның бүкiл практикалық тәжiрибесiн байланыстыратын бүкiл табиғаттың жандануына сену теориясына негiзделген тұтас көрiнiсiн бердi.
Тайлор үшiн эволюционист ретiнде басты мақсат (яғни мәдениеттi кенеттен болатын өзгерiстер мен күйзелiссiз, оның бiртiндеп дамуы мен өгеруi процесiнде қарастыруды қолдайтын) “Жабайылықтан” “өркениетке” жету жолында адамзаттың мәдени бiрлiгi мен бiркелкi дамуын көрсету болды. Бiрақ эволюциялық процестi түсiндiру оның мәдениеттi қалай түсiнетiндiгiмен анықталады. Өркениетпен теңдесетiн мәдениеттi Тайлор былай анықтайды: “Мәдениет, немесе өркениет кең этнографиялық мәнде бiлiмнен, сенiмнен, өнерден, адамгершiлiктен, заңдардан, әдет-ғұрыптардан және адамның қоғам мүшесi ретiнде игерген басқа да қабiлеттерi мен әдеттерiнен құралады”.
Бiлiмнiң ерекше саласы ретiнде мәдениеттiң жалпы теориясын кұру мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi бiрнеше қайтара ұғынылды. “Мәдениеттануды” құруға талаптанған алғашқы зерттеушiлердiң бiрi (ол мәдениет туралы ойлаудың даму феноменiн белгiлеу үшiн осы терминдi ғылыми айналысқа енгiзу кажеттiлiгiн арнайы негiздейдi) белгiлi американ мәдениет антропологы Лесли Уайт болды. Ол “мәдениет туралы ғылымның синонимі ретінде” мәдениеттану терминін қолданудың негізін қалады. (Л. Уайттың негiзгi еңбегi осылай аталады) . Оның мәдениет ұғымы болмыстың ерекше объектiсiн, әлеуметтiк кұбылыстардың ерекше тобын қамтиды. Жүйе ретiндегi мәдениет индивидтен кейiн тұрады: “Мәдениет” өзiне тән терминдермен түсiндiрiлу керек, алайда бұл әдеттен тыс болып көрiнуi мүмкiн, адамзатты зерттеудiң тiкелей объектiсi адам емес, мәдениет болады».
Л. Уайт мәдениеттi жеке адамға және адамзат қоғамына тәуелсiз, дамудың iшкi логикасына ғана бағынатын объективтi бiлiм ретiнде қарастырады. Ол мәдениетте ұйымдасқан тұтас жүйедегiдей 3 қосалқы жүйенi белгiлеп көрсетедi:
- біріншісі (технологиялық ) адамның табиғатпен өзара қатынасын, оның техникалық құралдары мен еңбек құралдарын, тұрғын үй типтерін және т. б. қолдануын сипаттайды;
- екінші (ресми) қоғамдық қатынастар мен оларға сай мінез-құлық типтерінен, туыстық жүйелерден, экономикалық, саяси, әскери, эстетикалық және т. б. қатынастардан тұрады;
- үшіншісі (идеологиялық) идеялардан, сенімнен, дәстүрден, әртүрлі білім түрлерінен құралады;
Қазіргі уақытта 500-ден астам анықтама бар. Зерттеушілер жүзден астам негізгі анықтамаларды талдап, оларды былай топтастырды;
- суреттейтін анықтамалар, олар өзінің негізінде Э. Тайлордың мәдени антропологиясының негізін салушы тұжырымдамасынан шыққан. Мұндай анықтамалардың мәні мынандай: мәдениет - бұл қызметтің, сенімдердің барлық түрлерінің жиынтығы, оған адамның жасаған барлық нәрселері (кітаптар, картиналар және т. б. ), табиғатқа және қоғамға бейімдеу жолдарын білу, тіл, дәстүр, этикет жүйесі, этика, дін кіреді;
- тарихи, қазіргі кезеңге адамзат дамуының бұрынғы кезеңдерінен жеткен дәстүрлер мен әлеуметтік мұраның ролін айқындайды, яғни мәдениет тарихи даму нәтижесі болып табылады және барлық жасандыдан, адам қолынан шыққан заттан және ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалдыратын құралдан, символдан, ұйымнан, жалпы қызметтен, көзқарастардан, сенімнен құралады;
- нормативті, яғни қабылданған ережелер мен нормалардың мәніне көңіл бөлетін. Мәдениет - бұл әлеуметтік ортамен анықталатын, индивидтің өмір салты.
- құндылықтар: Мәдениет - бұл адамдар тобының материалдық және әлеуметтік құндылықтары, олардың институттары, әдет-ғұрыптары, мінез-құлық реакциялары,
- психологиялық, адамның нақты проблемаларды психологиялық деңгейде қалай шешетіндігінен шығады. Мәдениет - адамдардың табиғи орта мен экологиялық қажеттіліктерге ерекше бейімделудің барлық нәтижелерінен жинақталады,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz