Қазақ тарихынан



1. XIX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ САЯСИ ДЕРБЕСТІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛУЫ
2. 1822 ЖЫЛҒЫ «СІБІР ҚЫРҒЫЗДАРЫ ТУРАЛЫ УСТАВ» ЖӘНЕ ХАН ӨКІМЕТІНІҢ ЖОЙЫЛУЫ
3. «ОРЫНБОР ҚЫРҒЫЗДАРЫ ТУРАЛЫ УСТАВ»
XVIII ғасырдың аяғында Қазақстан территориясының едәуір бөлігі өзінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалды. Осы мезгілде Ресей империясының шекарасы Жайық, Тобыл, Ертіс өзендері аңғарларын қамтыды. (152) Қазақстанның оңтүстік шекарасында Хиуа хандығы және Түрікмен халықтарымен шекараласты. Қазақстанның оңтүстік шығысында шекара Сырдария өзені және Алатау бойларымен созылып кетеді. XVIII ғасырдың аяққы кезеңінде Ұлы жүздің шығыс бөлігі өзінің дербестігі мен тәуелсіздігін сақтап қалды. Қазақстанның осы халықаралық жағдайы, оның шекарасы XIX ғасырдың басында біршама өзгерістерге тап болды. XIX ғасырдың басында қазақ даласына Орта Азияның хандықтары мен феодалдары сұқтана көз тіге бастады. Олар ірі сауда жолдарына өздерінің өктемдігін құшейтіп, тіпті әскери жорықтар жасаудан да бас тартпады. Қазақ ауылдарында ақша қатынастары дамымаған, шаруашылықтын, формасы сақталған ауылшаруашылығының дамуында көп өзгерістер болмаған кезеңі еді. Негізгі мал шаруашылыға қосалқы шаруашылық ретінде егіншілікпен айналысатын қазақтар үшін өнеркәсіп тауарлары (мата-мақта бұйымдары, темірден жасалған заттар) өте қажет еді. Қазақтардың өнеркәсіп тауарларына аса зәру екендігін Орта Азия және Ресей саудагерлері жақсы сезіне отырып, қазақтардың сесбінен баюға жанталаса кірісті. Әсіресе патшалық Ресей сауда арқылы қазақ даласына терендеп ене отырып, Орта Азияны жаулап алу үшін Қазақстанды әскери плаңдарм ретінде пайдаланғысы келген. 1802 жылы Ресейдің сауда министрі Н.П. Румянңев (кейінірек сыртқы істер министрі) мемлекеттік кеңеске Қазақстан, Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланысын тығыз орнату Ресей мемлекетінің байлығын арттыратынын бірнеше рет жазбаша дәлелдеп берді. Қазақстан Орта Азия мен Ресейді байланыстыруда аса маңызды сауда жолдарына айнала бастады. (151) Қазақстан территориясында сауда керуендерінің құрамында 3 мың түйеден астам көлік сауда қатынастарын дамытуға септігін тигізді. Сөйтіп, Қазақстан территориясының үлкен сауда жолына айналуы көршілес мемлекеттердің, осының ішінде Ресейдің Қазақстан территориясындағы ықпалының құшейе түсуіне әсерін тигізді, (151) Орыс саудагерлері алдау-арбаудын, неше түрлі тәсілдерін қолдана отырып момын қазақ шаруаларының қолындағы шикізаттарды (жүн, тері, ет, май) әлденеше арзан бағада сатып алып отырды. (151) Қазақстанның көрші мемлекеттері Қазақстанды тек экономикалық тәсілмен емес, әскери құшпен басып алуға ұмтыла бастады. Қазақтардың жері үшін Ресей патшалығы Бұқар, Хиуа, Қоқан хандықтары барлық құш-жігерін жұмсай бастады.
1. Кәмен Мамырұлы «Қазақ тарихы» Алматы 1995 ж. (135-142 бет)

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
XIX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ САЯСИ ДЕРБЕСТІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛУЫ

1822 ЖЫЛҒЫ СІБІР ҚЫРҒЫЗДАРЫ ТУРАЛЫ УСТАВ ЖӘНЕ ХАН ӨКІМЕТІНІҢ ЖОЙЫЛУЫ

3. ОРЫНБОР ҚЫРҒЫЗДАРЫ ТУРАЛЫ УСТАВ

XVIII ғасырдың аяғында Қазақстан территориясының едәуір бөлігі өзінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалды. Осы мезгілде Ресей империясының шекарасы Жайық, Тобыл, Ертіс өзендері аңғарларын қамтыды. (152) Қазақстанның оңтүстік шекарасында Хиуа хандығы және Түрікмен халықтарымен шекараласты. Қазақстанның оңтүстік шығысында шекара Сырдария өзені және Алатау бойларымен созылып кетеді. XVIII ғасырдың аяққы кезеңінде Ұлы жүздің шығыс бөлігі өзінің дербестігі мен тәуелсіздігін сақтап қалды. Қазақстанның осы халықаралық жағдайы, оның шекарасы XIX ғасырдың басында біршама өзгерістерге тап болды. XIX ғасырдың басында қазақ даласына Орта Азияның хандықтары мен феодалдары сұқтана көз тіге бастады. Олар ірі сауда жолдарына өздерінің өктемдігін құшейтіп, тіпті әскери жорықтар жасаудан да бас тартпады. Қазақ ауылдарында ақша қатынастары дамымаған, шаруашылықтын, формасы сақталған ауылшаруашылығының дамуында көп өзгерістер болмаған кезеңі еді. Негізгі мал шаруашылыға қосалқы шаруашылық ретінде егіншілікпен айналысатын қазақтар үшін өнеркәсіп тауарлары (мата-мақта бұйымдары, темірден жасалған заттар) өте қажет еді. Қазақтардың өнеркәсіп тауарларына аса зәру екендігін Орта Азия және Ресей саудагерлері жақсы сезіне отырып, қазақтардың сесбінен баюға жанталаса кірісті. Әсіресе патшалық Ресей сауда арқылы қазақ даласына терендеп ене отырып, Орта Азияны жаулап алу үшін Қазақстанды әскери плаңдарм ретінде пайдаланғысы келген. 1802 жылы Ресейдің сауда министрі Н.П. Румянңев (кейінірек сыртқы істер министрі) мемлекеттік кеңеске Қазақстан, Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланысын тығыз орнату Ресей мемлекетінің байлығын арттыратынын бірнеше рет жазбаша дәлелдеп берді. Қазақстан Орта Азия мен Ресейді байланыстыруда аса маңызды сауда жолдарына айнала бастады. (151) Қазақстан территориясында сауда керуендерінің құрамында 3 мың түйеден астам көлік сауда қатынастарын дамытуға септігін тигізді. Сөйтіп, Қазақстан территориясының үлкен сауда жолына айналуы көршілес мемлекеттердің, осының ішінде Ресейдің Қазақстан территориясындағы ықпалының құшейе түсуіне әсерін тигізді, (151) Орыс саудагерлері алдау-арбаудын, неше түрлі тәсілдерін қолдана отырып момын қазақ шаруаларының қолындағы шикізаттарды (жүн, тері, ет, май) әлденеше арзан бағада сатып алып отырды. (151) Қазақстанның көрші мемлекеттері Қазақстанды тек экономикалық тәсілмен емес, әскери құшпен басып алуға ұмтыла бастады. Қазақтардың жері үшін Ресей патшалығы Бұқар, Хиуа, Қоқан хандықтары барлық құш-жігерін жұмсай бастады. Қазақстанның болашақ тәуслсіздігі мен елдігі үшін аса қатер тудырған Ресей мемлекеті еді. Өйткені Ресей Мемлекеті XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ жеріне 29 қорған қамалдарды салды. Сол қамал қорғандарға бекініп алған Ресейдің казак-орыс отрядтары қазақ жеріне әскери жорықтар жасау арқылы терең ене бастады. Сөйтіп, Ресей патшалығы қазақтардың 750 мың гектар жерін тартып алды. Еліміздің онтүстік шығысында Қытай мемлекеттері үстемдік жүргізді. Алайда, Қытай басқыншылары қазақ елінің басқа да көрші отаршыларына қарағанда анағұрлым қатыгездіктерімен ерекше көзге түсті. Қытай мемлекетінің Қазақстандағы сыртқы саясаты XIX ғасырды жартысы мен осы ғасырдың аяғында өзгере бастады. XIX ғасырды аяғы мен XX ғасырдың басында Қытай мемлекеті біреуді отарлама түгіл өзі жартылай отарға айналды. 1798 жылы Ташкенттің әкім болып келген қазақ ұлтынан шыққан Бахадұр сұлтанның қолына билікті өзбек феодалдары тартып алды. Осының нәтижесінде Ташкенттің жаңа әкімі болып Юнус Қожа тағайындалды. Тек қана Ташкент қаласы емес Шымкент, Түркістан қалалары да Юнус Қожанын биліп таныды. Юнус Қожаның Ташкенттегі билігі ұзаққа созыла қойған жоқ. XIX ғасырдың басында Қоқан хандығы хан Әлімнің басқаруымен Юнус Қожаны әкімдіктен тайдырды. Қазақтар кезінде Юнус Қожаны қанауында болса, енді қоқандықтардың қанауына тап болды. Қоқандықтар алым-салықтардың түрлері зекет, ұшырларды уақытында жинап алғандарына қанағаттанбай, байлықтарын асыру мақсатында қазақтардан олжа түсіру үшін қазақ ауылдарына әскери жорықтарды жасап отырды. Жорық кезінде қолға түскен жігіттер, қыз-келіншектер Орта Азияның базарларында құлдық пен құндікке сатылды, XIX ғасырдың бас кезеңінде Хиуа хандығы Сырдарияның төменгі бойында тұратын қазақтардың жерлерін басып алу үшін 1806 жылы Хиуа ханы Мұхаммед-Рақымның ұйымдастыруымен үлкен жорық жасалды. Қазақтардың Хиуа хандығына карсы құресетін тұрақты әскері болмағандықтан жекелеген қазақ жасақтары көп ұзамай жеңіліске ұшырады. Сөйтіп қазақ территориясының оңтүстігі Хиуа және Қоқан хандықтарының қолдарына кете берді. Орта жүзге келсек, 1781 жылы атақты Абылай хан өлгеннен кейін Орта жүздің ханы болып Абылайдың көп ұлдарының бірі Уәлі тағайындалған еді. Уәлі хандық құрған кезеңі 1781—жылы аралығында еді. Жалпы патшалық Ресей қазақтардың территориясын толық отарға айналдыру үшін үнемі бөлшектеу саясатын, қазақтардың басын біріктірмеу саясатын ұсынған. Осы мақсатта Орта жүздің ханы Уәлімен қатар патша үкіметі екінші бір ханды тағайындады. Патша үкіметінің ұйғаруымен Орта жүздің екінші бір ханы болып болашағы құңгірт, жасы жеткен дәрменсіз Бөкей (1815—жж) тағайындалды. Қазақ халқының жеріне сұғына кірген көршілес мемлекеттер қазақтардың жерін ғана басып алмай, оның халқын да жыртқыштықпен қанай бастады. Бұл жағдай қарапайым халықтың ашу-ызасын келтіріп, отаршыларға деген халық наразылығын ерістете түсті. Халықтың мүддесін білдіретін, оның жоғын жоқтайтын, халық үшін жанын қияр адамдар әр кезде туа бермейді. Сондықтан отаршыларға карсы құресте қозғалыстың басшылығына келген Қаратай Нұралұлы сұлтандар, халық қамынан гөрі, хан билігі үшін құреске барды. Кіші жүздің ханы болу максатында ол патша үкіметінің отарлау саясатын Кіші жүзде барынша жүзеге асыруға тырысты. Осы мақсатқа жету жолында қазақ сұлтандарының, ру билерінің, старшиналардың да көңілін табуға талап қойды. Алайда патша үкіметі Қаратай сұлтанды хандық, билікке бекітуден бас тартты. 1797 жылы жергілікті сұлтандар мен билер Қаратай сұлтанды хаң тағына бір ауыздан сайласа да, патша үкіметі Қаратай сұлтанды хан деп танымады. Кіші жүздің ханы Айшуақ жасы жетіп, хандық билікті әрі қарай жүргізе алмағандықтан патша үкіметі 1805 жылы Айшуақ ханды хандық қызметтен босатты. Патша үкіметі Айшуақ ханның орнына Қаратай Нұралыұлы сұлтанды емес, Айшуақ Ұлы Жантөрені сайлады. Осыдан кейін хандық билікті құшпен алмақшы болған Қаратай сұлтан патша үкіметін деген халық наразылығын пайдалана отырып, халықты патшаның отарлау саясатына қарсы құреске шақырды. Бірте-бірте Қаратай cұлтaнның маңына қарулы көтерілісші жасақтар пайда болды. 1806 жылы старшиналардың мәжілісінде пайдасыз -хан Жантерені орнынан түсіріп, Қаратайды хан етіп сайлады. Сөйтіп, Кіші жүздің ханы болып сайланған Қаратайды сұлтан, билер, старшиналар қолдаса да патша үкіметі Қаратай сұлтанды хан деп танудан бас тартты. Патша үкіметі Қазақстанды отарлау жөнінде арнайы бөлінген әскери құшпен Қаратай сұлтан басқарған көтерілісшілер арасында әскери қақтығыс болды. 1807 жылы Қаратай сұлтан басқарған көтерілісшілерге патша үкіметі 2 жазалаушы отрядының экспедиңиясын ұйымдастырды, Жазалаушы отрядтар бейбіт ауылдарды тонап, момын қазақтарды қанды қырғынға ұшыратқанымен Қаратай сұлтанды ұстай алмады. Оның есесіне Қаратай сұлтан басқарған көтерілісшілердің патша ісін барынша қолдаған Жантере ханның иелігіне шабуылды құшейте түсті. Осындай бір шабуыл кезеңінде Қаратай сұлтан Жантөре ханды өлтіріп тынды. Жантөре ханның өлтірілуі осы уақытқа дейін Қаратайды қолдап келген сұлтандар мен билерді абыржытты. Жантөренің туыстары хан үшін кек алады деп сескенді, Сөйтіп, көпшілік сұлтандар мен билер Қаратай сұлтаннан бөліне бастады. Өзінің жақтастарынан осылайша айырылған Қаратай сұлтан патша үкіметіне қарсы құресте өзінің дәрменсіздігін сезіне отырып, Хиуа хандығына карай жедел көшуге мәжбүр болды. Алайда Қаратай сұлтан хан болудан дәмесі зор еді. Патша үкіметі жаңа хан тағайындауға асықпай, оған тек 1812 жылы кірісті. Осы жылы жаңадан хан болып Жантөре сұлтанның бауыры, Айшуақ ханның баласы Шерғазы сұлтан тағайындалды. Тағы да патша үкіметі Қаратай сұлтанды еске алмады. Сондықтан Қаратай сұлтан Орынбор қаласында қайта оралып, халықты аралай жүре 7 жастан 70 жасқа дейінгі қазақтарды құреске шақырди. Құрес 2 жылға созылды. Алайда патша үкіметіне қарсы болған қазақтардың өздеріне өзінін жері мен бас бостандығы жолындағы әділетті құресі жеңіліске ұшырады. Қарапайым садақ, найза, сойыл, білтелі мылтықпен қаруланған қазақ жасақтарының соғыс құралдары патша әскерлерінің, техниканың соңғы жетістіктерімен тығыз байланысты әскери құралдарынан әлдекайда кем соқты. Сондықтан 1814 жылы көтеріліс толық жеңіліс тауып, Қаратай сұлтан Орынбор губернаторымен келісімге барды. Осы келісімде Қаратай сұлтан патша үкіметіне қарсы құресті толық тоқтататынын мәлімдеді. Сөйтіп, кеше ғана патша үкіметіне қарсы құреске халықты жұмылдыра білген Қаратай Сұлтан енді патша үкіметінің малайына айналды. Кіші жүзде Қаратай сұлтанның қозғалысының аяқталуымен қатар жат жерлік отаршыларға қарсы құресуді арман еткен екінші бір қозғалыс көрініс берді. Бұл козғалыстың басында көтерілісті 35 жасар Арынғазы Абылғазыұлы басқарды. Арынғазының жат жерліктерге қарсы құресі Хиуа ханы Мұхаммед-Рақымның қазақ халқының оңтүстігі Сырдария өлкесін ойрандауынан басталып еді. Хиуа ханы Мұхаммед-Рақым 1816 жылы Сырдария өлкесіне әскери құшпен тағы да ойрандап өтті. Осыған байланысты халық наразылығы өрістей түсіп, Хиуа хандығына қарсы құреске Арынғазы жасақ жинай бастады. Арынғазы өзінің территориясында шағын мемлекет құрды. Осы мемлекетті құшейту мақсатында әрбір ауылдарға басқарушы етіп өзінің жасауылдарын тағайындады.
Мұсылман дінінің қадір-қасиетін жоғарылату үшін, сот жұмысын дін иелерінің қолына тапсырды. Мемлекеттік тәртіпті құшейту жолында тәртіпке бағынбаған, жекелеген адамдарды өлім жазасына дейін жазалау рұқсат етілді. Арынғазының патшалық Ресейге, сондай-ақ Хиуа хандығына қарсы және өз елінің тәуслсіздігі үшін құреске шығуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Қазақ хандығының шығу тарихы
Қазақ әдебиеті тарихындағы діни ағартушы ақындар шығармашылығының орны
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ҰЛТЖАНДЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ НОБАЙЫ
Математиканы оқытуда гуманизациялау ұстанымын жүзеге асыру жағдайлары
Алғашқы шығарылған қазақ газеттерінің тарихы
Сандар тарихынан
Сақ,үйсін,қаңлылардың діни сенімі
«Серке» газеті – қазақ қоғамындағы алғаш демократия жаршысы
Кеңес елі мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және ондағы ұлт республикалары тарихының орны
Пәндер