Қазақстанның ұлттық табиғи бақтары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1Қазақстанның қорықтарының физикалық ерекшеліктері
1. 1 Қорықтардың географиялық орны . . . 6-7
- Қорықтардың биологиялық ерекшеліктері . . . 7-8
2 Қазақстанның ұлттық табиғи бақтары
- Алтынемел ұлттық бағының физикалық-географиялық ерекшелігі . . . 9-13
- Бурабай және Іле-Алатау ұлттық бақтарыныңның табиғи ерекшеліктері . . . 13-18
- Қарқаралы мемлекеттік ұлттык бағы . . . 18-20
2. 4 Қатон - Қарағай мен Шарын ұлттық бақтарының флорасы мен фаунасы. . 20-25
3 Көкшетау ұлттық бағының табиғи ескерткіштері
3. 1 Оқжетпес табиғи ескерткіші . . . 26-27
3. 2 Жұмбақтас табиғи ескерткіші . . . 27-28
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Қосымша . . . 31-32
Аннотация
Бұл курстық жумыс кіріспеден, үш бөлімнен, 32 беттен тұрады. Мұнда Қзақстанның көрікті бақтары сипатталады. Бұл курстық жұмыста Қазақстанның қорықтары, ұлттық бақтары, табиғи ескерткіштері сипатталады. Қорытындысында Қазақстанның белгілі бір бағымен қорытындыланады.
Кіріспе
Ұлттық бақтың негізгі су көзі және табиғи шекарасы Іле өзені болып табылады, ол Қытай жерінен басталады. Ол аралас қоректі өзен қатарына жатады. Ағыны онша қатты емес су тасқыны әдетте сәуір айының соңында басталады. Мамырда тау қары еруінен тасқын жүреді, ол шілде мен тамызға дейін созылады. Сонан кейін су деңгейі төмендеп, қыркүйекте қалыпты деңгейге түседі. Іле өзені қыста бірнеше айға қатады. Қамыс, коға немесе бұталы-ағашты өсімдіктермен жабылған оқшауланған аралдар күйінде, өзен арнасы негізгі ағыстан жиі сағалар мен тармақтарға бөлініп орналасады. Бұл әсіресе Кіші Қалқаннан төмен жақсы байқалады, онда Атырау алды түзіледі де, одан әрі кең көлемді Қапшағай су қоймасы кетеді.
Бақ жері ауа райы континентальды дала аймағына жатады, тән ерекшеліктері: едәуір созылмалы қысы, тұрақты қар жабыны және ыстық жазы жаңбырлы, күшті желі. Баянауыл елді мекені ауасының жылдық орташа температурасы +3, 3°С, ең суық айы қаңтарда -13, 2°С, ең ыстық айы шілдеде +20, 5°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, тауда жекелеген жылдары 550 мм-ге дейін және де оның төрттің үш бөлігі сәуір мен қазан аралығында түседі. Көктемде суықтың қайтып айналып соғуы және ерте күзде аязды болуы әдеттегі жағдай, сондықтан аязсыз кез өте қысқа - не бары 102 күн. Жазықтықта қар жабыны таяз, 25 см-ге дейін, тау сайларында едәуір қалың. Қар жабынындағы күн саны - 150 (қазан ортасынан сәуір ортасына дейін) . Аймақта жылдамдығы 15 м/сек. күшті желдер жиі болып тұрады. Дегенмен бақ жеріндегі тауда орман сілемдері мен көлдерге байланысты, ауа райы шамалы жұмсақтау. Мұнда шекаралас жазықтықтардағы сияқты күшті жел мен құм бораны жоқ. Бұл жерлерде ең қатаң жылдары қорексіз қыстарда мал қырылуы болған емес. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 2000 жылы оның жерінде халық демалысын ұйымдастыру, саяхатты реттеу және көл-тау-орман ландшафтын қорғау мақсатында құрылды. Илік өсімдіктерден қымыздық, таран, рауғаш едәуір бағалы болып табылады. Эфир майлы өсімдіктерден аюбалдырған, арша, жуса бар. Табиғи бояулар ретінде теңгежапырақ, қызылбояу, қызылтамыр және басқалар қолданылуы мүмкін. Дәрілік өсімдіктер кең таралған: өгейшөп, итмұрындар, жостер, валериана, аршалар, бақбақ, бақажапырақ және басқалар.
Жануарлар әлемі бай әрі алуан түрлі. Омыртқасыздар әлемі әлі толық зерттелмеген. Қоңыздар отрядынан 252 барылдауық қоңыз түрі, 180 қысқақанатты қоңыз, 102 жапырақ жегіш қоңыз; қабыршаққанаттылар немесе көбелектерден 145 күндізгі көбелек түрі; жарғаққанаттылар отрядынан - 110 жабайы бал ара түрі, 97 қазғыш ара, 33 құмырсқа, 30 шаншарлар түрі белгілі. Осы көптүрліліктен не бары 24 түр ғана Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Олардың арасында 3 моллюска түрі (сол бұрандалы брадибена, Шнитников псеудонапеусы, Цветков туркомилаксы) бар. Қалғандары: көрнекті шоқпарқарынды инелік, әдемі қыз инелік, қысқақанатты боливария дәуіті, дала шегірткесі, Якобсон филлоргерусы, Семенов барылдауық қоңызы.
1 Қазақстанның қорықтарының физикалық ерекшеліктер
- Қорықтардың географиялық орны
Біздің елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл аударылып отыр.
Елімізде табиғатты қорғау ісіне жасалып отырған қамқорлық бұрынғы КСРО конституциясынан да айқын көрініс тапқан. Негізгі Заңның 67-ші статьясында : «ССР азаматтары табиғатты аялауға, оның байлықтарын
қорғауа міндетті»- делінген.
1. Табиғатты қорғау барысындағы игі шаралар Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында -ақ қолға алынып, В. И. Лениннің қолы қойылған бірқатар декреттер қабылданғаны белгілі. Комунистік партиямен Кеңес өкіметі қазіргі жағдайда табиғатты қорғауға және оны тиімді пайдалануға үлкен мән берге. Оның айқын айғағы ретінде кейінгі жылдары жарық көрген жер, су, орман туралы заңдардың негіздері және табиғатты қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде нақтылы жасалынған істерді айтуға болады. Ал 1980жылы КСРО Жоғарғы Советінің 3-ші сессиясында «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» және «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы » Заңдардың қабылдануы - кеңестік нұсқаулардың тікелей жалғасы, оның нақты жүзеге асырылуының белгісі.
2. Табиғат адамдардың барлығына ортақ. Ол бір үлкен көрікті музей іспеттес. Сондықтанда табиғат музейінің қойын-қонышы мұра ескерткіштерге толы. Табиғат сүйуші адамдар ескерткіш деген сөзді естігенде әркімнің көз алдына халық тарихына, оның аңыз әңгімелеріне байланысты туған ескерткіштер келеді. Мысалы, Түркістандағы атақты Ахмед Иассауи мавзолейі, Тараз қаласындағы маңындағы Айша бибі мазары, Аякөздегі Қозы - Көрпеш пен Баян - Сұлу бейіті және т. б.
Табиғаттың осы бір мол тарту сыйына мөп-мөлдір 38 мыңнан астам көлдер мен суқоймаларын, 11 мың өзенді, 21, 06 млн. гектар жасыл жапырақты ну орманды өсімдіктердің 5 мыңнан астам түрін және қосмекенділердің 12, бауырмен жорғалаушылардың 52, балықтың 150, құстың 485, сүтқоректілердің 158 түрін атауға болады.
Қазақстанда Сұлу Көкше, Баянауыл, Қарқаралы Қызыларай, Кент таулары, Бурабай, Жасыбай көлдері, Алтай ормандары, жер жанаты атанған, тау тасына дейін жасыл желекті, бау-бақшалы Жетісу жерлері бар. Қай жерге барсақ та табиғаттың қайталанбас сұлу көркін, баға жетпес байлығын көреміз. Бірақ табиғаттың бұл қазынасы сарқылмайтын қор емес, оның өміршеңдігі, өсіп-өнуі, жасанып-жандануы аялы алақан қамқорлығын күтеді. Ғылым мен техниканың шарықтап өсуі, ауыр индустрияның және алып құрылыстардың қанат жаюы, халықтың көбеюі, тың және тыңайған жерлерді игеру, міне, осылардың бәрі табиғатқа өз әсерін тигізеді. Сондықтан табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен байлығын сол қалпына сақтаумен қатар дамытып жетілдіруде, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, санын қалпына келтіруде мемлекеттік қорықтардың рөлін айтып жеткізу өте қиын. Бұл мәселе КПСС Орталық Комитетінің XXVI съезінде «СССР-дің экономикалық және әлеуметтік дамуының 1981-1985 жылдарға және 1990 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарда» жақсы атап көрсетілген. Мысалы, «Табиғат қорғау» бөлімінде «Қорықты аумақтар мен ұлттық парктердің ғылыми негізделген жүйелерін қалыптастыру ісі одан әрі жүргізілсін және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсаты мен солардың негізінде табиғат жүйелері мен объектілеріне зерттеу жүргізілсін» делінген.
Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты - қорғап отырған табиғи комплексті сақтап, табиғи процестардің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Бұл мәселені шешу қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге тікелей байланысты іс.
1. 2 Қорықтардың биологиялық ерекшеліктері.
Қазақстан қорықтарында белгілі бір географиялық аудандардағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте-бірте саны азайып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң-құстар сақталуда.
Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға бағытталған жер көлемі 576, 4 мың гектар 6 үлкен қорық бар. Бұлардың ішінде 5 қорық - Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл т. б. бар.
Қорық жері жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бай. Осыған байланысты түз жануарлары - аңдар мен құстарды өлтіруге және аулауға, олардың ұяларын, індерін және басқа паналайтын жерлерін бұзуға рұқсат жоқ. Қорық жерінде өсіп тұрған ағаштарды, бұталарды сындыруға, шөптердщі шабуға, мүктерді таптауға, бұрын мекендемеген жануарлардың түрлерін жерсіндіруге, сол сияқты химиялық препараттарды қолдануға болмайды. Қорық аумағын кесіп өтетін жолдар салуға, мал айдап өтуге, сондай-ақ жаратылыстың табиғи түріне нұқсан келтіретін әрекеттердің бәріне тиым салынған. Қорық аумағында өндірістік және ауыл шаруашылық құрылыстарын салуға, туристік базаларды, демалыс үйлерін, пионер лагерлерін, санаторийларды орналастыруға рұқсат етілмейді. Өйткені бұлардың бәрі қорық ережесіне сәйкес келмейді. Және онда тіршілік ететін аңдар мен құстардың мазасын алып, тыныштығын бұзады, өлкеміздің даңқа бөленген көрікті орындарын бұрынғы тамаша қалпында сақтауға кедергі жасайды.
Міне, осындай тәртіптің нәтижесінде ғана қорық жеріндегі бардық табиғат көріністерінің бүкіл кешендік бұзылмаған күйінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
Қорықтар кещшенді зерттеулер жүргізетін ғылыми мекемелер. Қазіргі жоспар бойынша мұнда-зоология, ботаника, география сияқты отыздан астам тақырыпта ғылыми- зерттеу жұмыстары және әр жыл сайын «Табиғат шежіресі» жүргізіледі.
Қазақ жері ұлан - байтақ. Онда алтын мен мыс, көл мен дария, мол сулы теңіздер, жан-жануарлар ментүрлі өсімдіктер бар. Табиғаттың ерекше көз тартатын көрікті орындары ерте кездерден бастап-ақ адам баласын шаттық сезімге бөлеп, әсем сұлулығымен таңдандырды. Ондай ғажап жерлерді халық көздің қарашығындай сақтап, оған үнемі қамқорлық жасап отырды. Енді сол табиғаты көрікті қорықтар жайлы әңгіме болады.
Орта Азия мен Қазақстан жерінде арнаулы қорыққа айналдырылған орындар ерте заманнан бастап болғандығын аңыз-әңгімелерден, нақыл сөздерден, жер-су аттарынан және тарихи жазба мәліметтерден көптеп кездестіреміз.
XI ғасырда өмір сүрген атақты ғұлама-ғалым Махмұд Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі» деген құнды еңбегінд «Қорық - әмірлердің мал жаятын көк маса жері. Кейдк қоршалған әр жерді де қорық деп атайды» деп жазды. Сондай-ақ «қорықша» деген сөзге берген түсініктемесінде «қорықтарды қадағалап, қамқорлық жасайтын адам» мағынасында қолданылатынын ескертті. Сол кездерде, әсіресе, хан қорықтары туралы тарихшылар мен саяхатшылардың еңбектерінде көбірек деректер келтіріледі. Х ғасырда Бұхара жерінде Шамсабад қорығы болғандығын, оның айналасы топырақ дуалымен қоршалған, ішінде көптеген жабайы жануарлардың ұсталғандығын, Орта Азиялық тарихшы Мұхаммед Наршахи баяндайды. Ал, Қазақстан жерінде қорыққа айналдырылған орындар одан да ерте дәуірлерде болған. Оған дәлелді атақты тарихшы В. В. Бартольд еңбектерінен кездестіреміз. VI-VII ғасырларда Жетісуда мекен еткен үйсін тайпалары жері шұрайлы, көк шалғынды, саялы-салқын орындарды қорыққа айналдырып, онда ретсіз мал жаймай, мезгілсіз аң ауламағандығын жазады. Ғалымның бұл мәліметін қуаттай түсетін басқа деректер де бар. VII ғасырда Шығыстаншыққан жиһангез Сюань Цзань Талас өңірінде болып, Бинюй деген жердің табиғатының әсемдігі мен хан қорығындағы бұтақты мүйіз бұғылардың көптігін жазады. Жаздың ыстық кездерінде түркі ханы өзен мен бұлағы мол саялы жерге келіп, қорықтағы бұғылардың сымбатына қызыға қарап, оларды санаумен әуестенетін. Егер бір адам оның біреуін атқан жағдайда өлім жасасына кесілетіндігі туралы арнайы жарлықта жарияланған.
Қазақстанда қорықтың болғандығын аңғартатын басқа да жер-су аттары кездеседі. Мысалы, Зайсан өңіріндегі Сары шоқы, Сыр бойындағы Кең Семейдегі Жиделібайсын қорықтары осы ойымыздың айқын дәлелі. Тілші- ғалым Қойшыбаев Қордай тауындағы Қорғас өзенінің атын Қорықсу деген мағына білдіреді деп тұжырымдайды. Олай болса, Қорғалжын көлінің аты да қорық сөзімен сыбайлас болса керек.
2 Қазақстанның ұлттық табиғи бақтары
2. 1 Алтынемел ұлттық бағының физикалық-географиялық ерекшелігі
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 1996 жылы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 460 Қаулысымен Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылық негізінде құрылды. Ол Алматы облысыньң Кербұлақ және Панфилов аудандарында орналасқан. Орталық үй-жайы Алматы қаласынан 250 шақырым жердегі Басши елді мекенінде орналасқан. Бақтың жалпы көлемі 459 620 га.
Ұлттық бақ құрамына Қапшағай су қоймасының солтүстік бөлігі мен Іле өзенінің сол жағалауы, шөлденген таулар Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемінің ең шеті (Шолақ, Дегерес, Матай), Алтынемел жотасының оңтүстік баурайы және Қояндытау жотасының бір бөлігі, сонымен қатар Қоңырөлең тауаралық аңғары кіреді.
Палеозойлық сілем Кіші және Үлкен қалқандар жалаңаш типті, тау жынысы қарқынды бұзылуда. Қалқандар арасындағы сілемде жел айдап әкелген үлкен құм төбелер бар, ол - табиғаттың бірегей ерекше құбылысы
Қапшағай су қоймасының оң жағалауындағы тау етегі жазықтығында көптеген қорғандар көтеріліп тұр. Бұл сақ хандарының қабыры - Тигра хауда (біздің ғасырға дейін VІІ-ІV ғасыр) . Тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті мен оларды аулау көрінісі салынған жартас суреттер көрмесі бар.
Ұлттық бақтың негізгі су көзі және табиғи шекарасы Іле өзені болып табылады, ол Қытай жерінен басталады. Ол аралас қоректі өзен қатарына жатады. Ағыны онша қатты емес су тасқыны әдетте сәуір айының соңында басталады. Мамырда тау қары еруінен тасқын жүреді, ол шілде мен тамызға дейін созылады. Сонан кейін су деңгейі төмендеп, қыркүйекте қалыпты деңгейге түседі. Іле өзені қыста бірнеше айға қатады. Қамыс, коға немесе бұталы-ағашты өсімдіктермен жабылған оқшауланған аралдар күйінде, өзен арнасы негізгі ағыстан жиі сағалар мен тармақтарға бөлініп орналасады. Бұл әсіресе Кіші Қалқаннан төмен жақсы байқалады, онда Атырау алды түзіледі де, одан әрі кең көлемді Қапшағай су қоймасы кетеді. Тау мен тау етегі аймақтарында тек бұлақтар, кішігірім өзендер мен жылғалар бар. Олардың көбі тек уақытша су көздері болып табылады. Ауа райы шөлді, қатаң континенталды, қысы суық және жазы ыстық.
Бак жері төрт тік белдеуге бөлінеді: нағыз шөл, далаланған шөл, тау даласы және биік тау шалғындары, онда өсімдіктің алты типі бар: су, су маңы, тоғай, шөл, дала және орман. Су және су маңы өсімдіктері қамысты, қамысты-қоғалы, сонымен қатар қамысты, түрлі шөпті бірлестіктерден тұрады. Жағалаудағы құрғақ, жайылма және батпақты шалғындарда бидайықты-айрауықты түрлі шөпті, миялы, акмиялы және шилі бірлестіктер дамыған. Іле өзені жағалауындағы тоғайларда жиде, жыңғыл, шеңгел және тораңғы бірлестіктері өскен. Олардың шөптесін қабатын қамыс, айрауық, қияқ, жатаған бидайық, кендір, андыз, мия және басқалар құрайды. Кей жерлерде итмұрын, татар ұшқаты, Іле бөрікарақаты бұталары кездеседі. Сор жерлерде көкпек пен жалман құлақ, Лессинг қараматауы, ал сор шалғындарында лессинг түсті және Шренк жусандары, ақший, жіңішке қияқ өседі. Өсімдіктердің шөл түрлері тасбұйырғын баялыш және сексеуіл бірлестіктерінен тұрады. Бұл жерлерге сонымен атар жоңғар-гоби шөлдері тән, онда Регель ақсырқыны, сексеуілдіктер мен шөпжыңғыл басым. Дала түрлеріне әр түрлі астық тұқымдастар мен жусанды-қаулы-эфемерлі бірлестіктер жатады Олардың құрамында жусанның бірнеше түрі, изен, ебелек, теріскен басым. Сонымен қатар сасыр, таспашөп, жуашықты қоңырбас, ұсақжеміс және үрме кияқөлең тән. Шайқура тобылғы, қараған, итмұрын бұталары едәуір көп мөлшерде кездеседі. Шалғынды түрге жайылма шалғындар (айрауықты, бидайшықты, түрлі шөпті) және биік таулы саркүйікті және кияқөлеңді шалғындар жатады. Жекелеген сайларда сирек кездесетін ағаштар - кавказ таудағаны мен Сиверс алмасы тоғайлары сақталған.
Ұлттық бақ флорасында жоғары өсімдіктердің 1500 түрі, оның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін 22 түр бар. Олардың ішінде әсіресе көз тартатындары қалдық (жым таспашөбі, ілі сасыры) және эндемиктік түрлер: Альберт және қысқааталық қызғалдақтар, Мүслім сылдыршөбі, Іле бөріқарақаты, жоңғар аспарасы, қопал таспашөбі, Виталий шөмішгүлі, Гердер тамыры, шатқал сәбізшөбі, Голоскоков филоплеурасы және басқалар.
Бақтың көптеген өсімдіктерінің әр түрлі пайдалы қасиеттері бар. Көбі жабайы аңдардың қорегі болып табылады. Тұкымы мен жемісін құстар мен тышқантәрізді кеміргіштер, ал өсімдік мүшелерін тұяқты жануарлар жейді. Әсіресе шығыс қауы, жапон арпабасы, бұта түйесіңір, күйреуік, баялыш, қара сексеуіл, әсем дәукермек, боз жусан және басқалар өте бағалы. Мұнда балшырынды (шеңгел, жантақ, қараған), эфир-майлы (жебір, киікоты, жыланбас), дәрілік өсімдіктер және т. б. бар.
Алтынемел жануарлар әлемінің бай болуымен танымал. Омыртқасыздардың ішінде ең көп кездесетіндері - өрмекші тәрізділер мен насекомдар. Өрмекші тәрізділердің ішіндегі ең ежелгісі - құршаяндар. Бұл нағыз шөл мекендеушілері түнде және ымыртта белсенді тіршілік етіп, әр түрлі насекомдармен қоректенеді. Бүйілер әдеттегідей. Тарантула (бүйі) - аймақтағы ең ірі және әдемі өрмекшілердің бірі. Оның денесінің үстіңгі жағы сүр барқытты, астыңғы жағы қара барқытты, аяқтары жолақты, қара-қызғылт. Бүйінің шаққаны да құршаян шаққанындай ауырады, бірақ өліммен аяқталмайды. Өрмекшілердің басқа өкілі - қарақұрт улы, әсіресе аналығы, ол қара түсті аталығынан құрсағының жоғарғы жағындағы 8 ұсақ қызыл дақтарымен ерекшеленеді. Қарақұрт шағуынан қайтыс болған адамдар мен жануарлар жайлы мәліметтер бар.
Жергілікті ақбөкен тобының құралуының тарихы қызық. 1976-1977 жылдары қатаң қыс кезінде ақбөкеннің көп санды үйірі оңтүстікке алыс қоныс аудара жүріп, оларға тән емес жерге келеді. Бұл жануарлардың шағын тобы мұз арқылы Қапшағай су қоймасына, яғни Шолақ және Матай тау етегіне өтеді, сөйтіп, мұнда көктемге дейін қалып қояды. Көктемде мұз ерігенде, ақбөкендер кері кете алмай, тау етегі аңғарындағы жаңа жерді игерулеріне тура келді.
Өткен ғасырдың басында Жайық өзенінен Зайсан көліне дейінгі Қазақстанның жазықтық жерлерінде құландар мекендеген. Бірақ отызыншы жылдардың ортасында соңғы құландар Хантау, Қатутау жоталары етегінде және Іле өзенінің төменгі жағында кездесті. 1982 жылы Шолақ тауына түркімен түршесі, яғни басқа түр әкелінді (қазақстандық эндемиктік түр 1937 жылы жоғалды) . Олар жаңа жерге тез үйренді, қазіргі кезде бақ жерінде 400-ден аса құлан тіршілік етеді. Тағы бір сирек кездесетін түр - Пржевальский жылқысы Қазақстан жерінен екі ғасыр бұрын тарай бастаған.
Үш ірі көл - Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр - керемет, сонымен қатар тағы бірнеше шағын көлдер бар. Олар құрғақшылық жылдары қатты таязданады (Көшет, т. б. ) . Осы көлдердің бәрінің пайда болуын ғалымдар Баянауыл сілемі етегіне ылғалды дәуірде таудан өзенге аққан тасқынды су ағысы айналымының әсерімен байланыстырады. Сабындыкөл көлінде мұндай су айналымын туғызған тасқындар 5-тен кем емес, Жасыбай көлінде - 5-6. Терең көл шұңқырларының пайда болуына қолайлы жағдай туғызған граниттің ірі тастарының жиналуы болды. Сабындыкөлдің тереңдігі - 10-13 м, Жасыбай көлі - 7 м. Көлдердің жағалауы өте әдемі, ал көбінің ортасында шағын жартасты аралшықтар бар. Көлдерге мұндағы атаусыз көп тау жылғалары құяды, жаздың ыстық кезінде құрғап қалуы мүмкін. Сонымен қатар дәмдік сапасы жоғары тау бұлақтары да жиі кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz