Кескіндеме өнерін сабақтан тыс үйірме жұмыстарында қолдану



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I Кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы
1.1 .Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің
даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Бейнелеу өнерінің саласы көрініс (пейзаж)
жанрының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Бейнелеу өнеріндегі Қазақстан суретшілерінің
кескіндеме жанры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.4 Шығармашылық жұмыс «Бәйдібек батыр» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

2 Кескіндеме өнерін сабақтан тыс үйірме жұмыстарында қолдану
2.1 Кескіндеме өнерін бейнелеу өнері сабақтарында қолдану ... ... ... ... ... .23
2.2 Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және сабақ жоспарын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Кіріспе

Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.
Менің жұмысымның негізгі мақсаты, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.
Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте «сезім» теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.
Көркем өнер жеке құбылыстардың жалпы табиғатын ашуға тырысады, ал жалпы табиғат, жалпы қасиеттің өзін көрікті бейнелер арқылы аралайды. Сұлулықты тану үрдісі жаратылыстану құбылысының тек бірегей, нақты көрінісін бейнелеп қана қоймайды, ол сол құбылыстың тыныстану, «өмір сүру» заңдылығын айқындайтын негізгі қасиеттерін де тап баса алады.
Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес «адамзат мәні» тұрғысынан қарастырады, яғни нақты «шынайы мәнін» сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.
Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығына жақындау көркемдік таным әрекетінің өзіндік бір ерекшелігін өрісі ашылмай-ақ көрінетін ой қисынымен кәдімгі сыршылдық сезім бірлігін іздеу керек. Логикалық тыныс, сезімдік сипат қашанда жаратылыс құбылысын суреткер санасы байыта қорытып, келісті мүсіндеген бейне бойында біте қайнасып жатады. Әрине логикалық жүйеде өз алдына жеке бөлініп ап-айқын, бадырайып тұрмайды, ол тек сезім арқылы өріліп жетеді. Өйткені, сұлулық игілігін сомдау жолында өнер адамы қашанда ойлана отырып, тіршілік жарасымын бұрмаламай, өз әл қадірінше дүние құбылысын бар болмысымен мейлінше қаз қалпында, дәлелді бейнелеуге тырысады.
Нанымдылық – сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем «жан-сарайы» жалынында жарқыратып жеткізе білмек.
Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымында ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.
Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініміз осы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Тарақты Аселеу «Көшпенділер тарихы» Алматы «Атамұра Қазақстан» 1995ж.
2. «Бүгінгі Қазақстан» Республика суретшілерінің шығармаларында Алматы Өнер 1983ж.
3. Ә.Қастеев. Альбом. Алматы. 1978ж.
4. Ө. Жәнібеков. Қазақ қолөнерінің мәдениеті. Алматы. 1977ж.
5. Е. Жиенбаев зергерлік өнерінің әліппесі. Шымкент. 1994ж.
6. Б. Зауырбекова. Альбом. 1990ж.
7. Қазақ ССР Қысқаша Энциклопедиясы 4-том Алматы. 1993ж.
8. Ә. Мағұлан. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері 1-2 том Алматы, Өнер 1987ж.
9. С. Төленбаев. Ою салуға үйрене біл Алматы. 1993ж.
10.Е. Зарисовик. Казахский народный орнамент М. 1969ж.
11.Казахская национальная одежда. А. Жалын. 1976ж.
12.Н. Қастеев. Альбом. 1976ж.
13.С. Қасиманов Қазақтың сәндік қолданбалы өнері. А. Өнер 1966ж.
14. А.Х. Маргулан Древняя культура Центрального Казахстана. Алматы. 1966ж.
15. А. Маргулан., Т.Басенов Архитектура Казахстана. Алматы. 1959ж.
16. «Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері» Алматы. Өнер. 1990ж.
17. Ералин Қ., Халмуратов Ж. «Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлері» Алматы «М-Талант фирмасы» 1997ж.
18.Шипанов А.С. «Әуесқой жас суретшілермен мүсіншілерге» Алматы «Мектеп» 1989ж.
19. Е.Шорохов Композиция Москва. «Просвещение» 1986ж.
20. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай?» Алматы 1981ж.
21. Ералин Қ., Тастемиров К., «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру».
22. Ростовцев Н.Н. Методика преподавания ИЗО в школе.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы
1.1 .Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің
даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Бейнелеу өнерінің саласы көрініс (пейзаж)
жанрының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..10
1.3 Бейнелеу өнеріндегі Қазақстан суретшілерінің
кескіндеме
жанры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..13
1.4 Шығармашылық жұмыс Бәйдібек
батыр ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..21

2 Кескіндеме өнерін сабақтан тыс үйірме жұмыстарында қолдану
2.1 Кескіндеме өнерін бейнелеу өнері сабақтарында
қолдану ... ... ... ... ... .23
2.2 Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және сабақ
жоспарын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .33
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .37

Кіріспе

Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану
талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама
ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды.
Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың
өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып
одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған
орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл
бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін
оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған
белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде
эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз
оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін
қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту
жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде
мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету
маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында
білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.
Менің жұмысымның негізгі мақсаты, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың
бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін,
өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-
өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда
өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз
байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа
қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін
Жаратылыс адамы теориясын қалыптастырды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму
белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет
өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада
тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру
керек - ақ.
Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық,
логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім
әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға
болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте сезім теориялық сипат алады.
Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып,
көркем ойға айналып кетеді.
Көркем өнер жеке құбылыстардың жалпы табиғатын ашуға тырысады, ал жалпы
табиғат, жалпы қасиеттің өзін көрікті бейнелер арқылы аралайды. Сұлулықты
тану үрдісі жаратылыстану құбылысының тек бірегей, нақты көрінісін бейнелеп
қана қоймайды, ол сол құбылыстың тыныстану, өмір сүру заңдылығын
айқындайтын негізгі қасиеттерін де тап баса алады.
Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес
адамзат мәні тұрғысынан қарастырады, яғни нақты шынайы мәнін сипатын
айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей,
мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи
тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу
құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді.
Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным
тақырыбына айналады.
Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығына жақындау көркемдік таным
әрекетінің өзіндік бір ерекшелігін өрісі ашылмай-ақ көрінетін ой қисынымен
кәдімгі сыршылдық сезім бірлігін іздеу керек. Логикалық тыныс, сезімдік
сипат қашанда жаратылыс құбылысын суреткер санасы байыта қорытып, келісті
мүсіндеген бейне бойында біте қайнасып жатады. Әрине логикалық жүйеде өз
алдына жеке бөлініп ап-айқын, бадырайып тұрмайды, ол тек сезім арқылы
өріліп жетеді. Өйткені, сұлулық игілігін сомдау жолында өнер адамы қашанда
ойлана отырып, тіршілік жарасымын бұрмаламай, өз әл қадірінше дүние
құбылысын бар болмысымен мейлінше қаз қалпында, дәлелді бейнелеуге
тырысады.
Нанымдылық – сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен
туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық
бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем жан-сарайы
жалынында жарқыратып жеткізе білмек.
Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты
тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымында ол табиғаттың ең биік
сатысынан қарайды.
Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын
төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік
нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан
ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек
болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық
ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы
дейтініміз осы.

I Кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы
1.1 Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің
даму тарихы.
Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін,
сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы
ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойынша
суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп
отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме
жасап дами берді.
Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі
шалғанның бәрін мейілінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы
ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіннің бәрін бейнелеудің
таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары
шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай
үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп
отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика,
қиялдың қызықты құбылмалылығы, осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешу
үшін берілген.
Батырлардың сауыттарының жылтырын, жібек маталардың асқан
әдемілерін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және
ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіншілер
қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі
қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды,
мөлдір – сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған
көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере
алады.
Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл
да нәзік қимылмен, келіп керілген кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады –
міне одан өзімізге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге
шалына қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтары
таң ғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір
мезгілде сендерге оның жан - дүниесін ашып берген.
Кескіндеменің ұлылығы менімше мынада - ол сансыз жүректерді бір мәнді
ойды, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер
етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның
алдында уақыттың өзі кейін шегінеді.
Аса көрнекті Кеңес кескіншілерінің бірі - А.Пластов кескіндеме туралы
осылай шабыттана айтады.
Кескіндеме - бұл майлы бояулармен жасалған және пакет рамаға салынған,
біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі
мейілінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен,
темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап
боялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар.
Мұның бәрі станоктік, яғни станок та (мольбертте ) жасалатын кескіндеме.
Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың
қабырғаларынан көреміз. Мұлдай кескіндеме арнайы техникада әк суына
араластырылган бояулар және жаңа сылақ бетіне жиі жасалады. Мүлдем бояусыз
- ақ жасалатын өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне
түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка). Сондай -
ақ жарықтанатын кескіндеме - шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі -
түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж).
Кескіндеме шығармаларын орындаудың алуан түрлі техникаларын қарастыруға
көшпестен бұрын түс танудың кейбір меселелерімен танысайық.
Кескіндеменің түсі. Гравюраға арналған өткен тарауда біз түс, бояулар
туралы біршама сөз еттік. Бірақ онда түс әлі де тапшы, оның ролі шектеулі
де шартты болатын. Кескіндемеге түс бәрін
айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады және барлық күш-қуатымен
өркен жаяды.
Түс - кескіндеменің жаны. Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдік
қүралдарының негізінен суретпен және жарықпен көлеңкемен бірлікте түс
құрайды. Бірақ кескіндемедегі түс деп нені түсеміз. Бәлкім, бізге
тәжірибеден белгілі заттардың боялғандығы болар. Бақсақ, олай емес,
басқаша, неғұрлым күрделі нәрсе екен. Кескіндеме - біздің қайсы бір заттар
туралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес
суретті боямалау емес, түстік жағдайды оны нақты жағдайларда біз
қабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу.
Біз шөптің жасыл, гүлдің қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден білеміз.
Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа ия
деп те, жоқ деп те жауап беруге болар еді. Жасыл шөпті кескіндеменің
шығармаларды іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік, немесе тіпті қызыл
дерлік ( мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егер
картинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ, қар сияқты әсер қалдырмай, жай
ақ дақ болып шығады. Мұның болатын себебі, ақ қарда мыңдаған - қызғылт,
алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер болады. Мысалы:
В. Суриковтың Бояр әйел Морозова атты картинасында қардың суреті қалай
салынғанына назар аударып, мұқият қарап көріңдер.
Егер заттардың дәл өзіндей түстерді көшірмесек, табиғаттың түстік сан
құбылмалылығын қалай нанымды беруге болады. Бәрін де картинада дұрыс
табылған түстердің өзара қатынастары шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетін
бояуды таңдап алуға ұмтылу тіпті де керек емес. Суретшіге қолына қылқалам
ұстап затқа жақын келіп, таңдап алынған түсті, ол дәлме – дәл сәйкес келуі
үшін затпен салыстырып жатудың қажеті жоқ. Картинада, басқа түстердің
қоршауында заттың өзіне сәйкес келетін, дұрыс та дәлме – дәл түс ретінде
нанымды қабылданатындай түсті тауып, іріктеп алу қажет.
Сөйтіп суретші заттардың түсін емес, олардың түстік өзара байланысын
зерттейді. Ол қайсыбір заттардың бізге белгілі табиғи түсіне онша сәйкес
келмейтін, біршама басқаша сияқты болып көрінетін бояуларды пайдалануы
мүмкін. Бірақ ол осы бояулардың картинаның ішіндегі барлық түстік дақтар
заттың өзіндегідей бір -бірімен ара қатынаста болатындай етіп алады.
Нақ осы түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік кескіндеменің негізіне
жатады.
Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі сабақтас түстің пайда болуына
жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, яғни түрліше боялған
заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мәселен, өте күшті жарық
жағдайында, мысалыға, жазғы ашық тал түсте, жарық түскен жерлерде түстер
өзінің қанықтылығын жоғалтады, ағарып түссізденеді. Бұлтты күндері немесе
көлеңкеде, керісінше, түстер өзінің қанықтылығына ие болады да біздің
көзіміз түстік алмасулармен реңктерді әлдеқайда көбірек қабылдайды. Кейде
жаңа айналыса бастаған кескіндемешілер мұны түсінбейді де керісінше
жасайды, күшті жарықта тұрғанда ең ашық бояулармен салады, ал
көлеңкелердегіні күңгірттеу үшін суық түсті бояуды пайдаланады.
Кескіндеменің бүкіл құпиясы, - дейді Б.Иогансон, көлеңкелер мен
жартылай көлеңкелерде.
Жарықтан басқа, түстерді қабылдауға қашықтық ауа қабаты әсер етеді. Бұл
жөнінде ауа перспективасы туралы тарауда айтылады. Заттардың бір
қабылдайтын түстері шағылысқан сәулелермен заттар бір - біріне жіберетін
рефлекстерімен де анықталады. Бәрін де тесіп өтіп, қоршап алғандай болатын
күшті де әлсіз, үлкен де кіші рефлекстердің осынау айқұш - ұйқыш айқасқан
ағымдары ерекше түстік ортаны, әлдебір жалпы түсінік қатарды жасайды.
Картинаның
барлық бояулық үйлестірімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікке
және өмірлік шынайылыққа ұмтылған кезде, оның мұндай жалпы
түстік кейпі кескіндемеде колорит деп атайды. Профессионал кескіндеменің
басты белгілерінің бірі жалпы және суық реңктердің бірлігімен күресі.
Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңкеленген бөліктері
жарықтанумен ғана емес, сонымен бірге жылы немесе суық түстік реңктерімен
де міндетті түрде ерекшеленеді - егер жарық жылы болса, керісінше, онда
көлеңке жылы реңкте болады. Бірақ осы жалпы түстік дақтарда оларға қарама -
қарсы реңктер кейде қылаң береді. Әрбір жағылған бояу көрші бояуға
ұқсамайтын, оған контрасты болуы тиіс.
Жылы және суық түстерді қатарлас тұруы
кескіндемеге интенсивті әуен береді. Кескіндемешінің міндеті - картинаның
жақын және алыс нүктелеріндегі түстердің айырмашылығын
аңғарымпаздықпен ұстай білуінде.

1.2 Бейнелеу өнерінің саласы пейзаж жанры және оның
ерекшеліктері

Өнердегі басты саланың бірі - пейзаж. Пейзаж дегеніміз өзі француз
сөзі, біздің тілімізге аударғанда табиғат деген ұғымды береді. Өнер
саласында да пейзаж жеке жанр болып қалыптасқан.
Пейзаж тек кескіндеме саласында емес, сол сияқты графика, керамика,
мүсін, бетіндегі рельефтерде т.б. кездеседі.
Пейзажды негізінен табиғатты ғана емес, адам пішіндері, хайуанаттар
дүниесі, бірқатар сюжеттік көріністерді бейнелеп береді. Мұнда ескеретін
жағдай хайуанаттар дүниесі мен адамдар басты рольді атқармайды, керісінше
композициялық шешімді дұрыс атқару мақсатында немесе картинаның сюжетін ашу
үшін қосымша деталь ретінде таңдап алынады. Бұл заңдылықты сақтамаған
жағдайда суретшінің картинасы басқа жанрға ауысып кетуі ғажап емес, суретші
айтарлықтай деңгейге жете алмайды.
Енді пейзаж өнері немесе дәлірек айтқанда пейзаж жанрының
қалыптасуының тарихына тоқталайықшы.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, яғни неолит дәуірінің өзінде адамдар
табиғатты жан-жануарлар дүниесін бейнелейді. Мәселен Алжир сахарасындағы
үңгірлердегі жартастарда алғашқы адамдардың ағаштары, тас суларды
бейнелеулерін кездестіруге болады.
Сонымен қатар бұл бейнелер тек жартасқа бейнеленіп қана қоймаған,
өзіндік композициялық шешімі бар, белгілі бір ұғымды береді.
Бұл пейзаж жанрының алғашқы жазбалары ежелгі шығыста Крит жерінде,
яғни Египет жерінде кездестіруге болады. Онда негізінен жартастағы бейнелер
б.э. XX ғ. Аңшы фараондардың өмірлерінен көріністер, сол сияқты жабайы
мысық түқымдасының аң аулау сәті бейнеленген жазбаларды (роспись)
кездестіруге болады. Сол сияқты б.э. XX ғ. Киоск сарайындағы жасалған
росписьтерді (криште) құстармен бірге табиғат суреттерін кездестіруге
болады.
Бұл аталған табиғат суреттерінің барлығы тек нобай немесе жоба ретінде
атауға болады.
Жалпы орта ғасырлар Европа өнерінде, ежелгі Икон жазуы орыс өнерінде
табиғат схематизациялық түрінде жазылған жалпы бұл пейзаж жанрынан апаратын
басбалдақтар еді.
XXI - XXII ғ.ғ. пейзаж Европа өнерінде белгілі бір тақырыптағы
картинаның фонын немесе портретте тек фон қызметін ғана атқарады, оған
мысал атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчидің белгілі Монне Лизаны
(1503 - Лучр. Париж) айтуға болады.
Алғашқы пейзаждардың қалыптасуы, яғни белгі бере бастауы XI ғасырда
Қытай өнерінде байқалады.
Қытай пейзаж шеберлерінің жұмысында табиғат өте поэтикалық нәзіктікпен
жазылған. Оған мысал Х-ғасырдағы Дунь-юанның жібек матаға тушьпен орындаған
Өзен пейзажы деп аталған жұмысы.
Уақыт өте келе Қытай пейзаж шеберлерінің ықпалды жапон пейзаждарымен
араласып, өзіндік стиль құрады.
Жалпы өнерде пейзаждың өз алдында жанр болып Европадағы Қайта
өрлеу дәстүрінің үлкен маңызы болды.
Енді суретшілер картина жазғанда бір нәрседен қарап жазуға, сол сияқты
сызықтың перспективаға, кеңістікті беруге жалпы картинаның сюжетін шынайы
түрде ұмтыла бастады.
XX ғасырдың бірінші жартысында-ақ швецар суретшісі К.Вицаның Ғажайып
аулау (1444 Женева) деген картинасында көлдің жағалауын нақты және
кеңістікті көрсете білді. Бұл сол ғасырда үлкен жетістік еді.
Одан кейінгі суретшілердің кіші өлшемдегі картиналарында нидерландық
И.Потини-рада, неміс А.Дюрерде және А. Альтдо бірінші план өз үстемдігін
ала бастады. Яғни, алғашқы план картинада нақты талданып жазыла бастады.
Дәл осы уақытта, яғни қайта өрлеу дәуірінде итальян суретшілері табиғатқа
басқаша көңіл бөле бастады.
Итальян суретшілері Тициан, Франческо, А.Матеньи, Джорджоне
картиналарында табиғат адамға гармониялық жағынан әуен бере бастады.
Картинаның көп бөлігін архитектуралық орта дами бастады.
XXI ғасырдың ортасында П.Бейгеля табиғат адамзатпен бөлінбес,
ажыратқысыз бірлігін көрсетуге өз жұмыстарында басты назарға алды және қол
жеткізді.
Оған мысал, суретшінің Жыл мезгілдері, Қар бетіндегі аңшы (1565-
екеуі де Вена өнер музейі) деген жұмыстары мысал бола алады.
XXI ғасырда табиғатты бейнелеу нақты орнығып болып, пейзажды идеалды
түрде бейнелеу етек алды.
Бұл ғасырда, яғни жаңа ағым классицизм қалыптасты.
Пейзаж шеберлері енді табиғатқа жаңа көзқараспен қарап, басты мақсатты
табиғат деп танып, картинада басты орында табиғат образ ретінде таңдап
алынып, сол картинаның арқауы табиғат болды.
Ал француз суретшісі И. Пуссенің картиналарында мифологиялық
кейіпкерлер және антикалық мифология табиғатпен ажырағысыз бейнеленеді.
(Геркулес және Канус, 1949 ГМНН). Ал кейін барокко стиліндегі суретшілерде,
олардың пейзаждарына табиғаттың стихиялық күш қуаттары көрсетіледі.
Д. Веласкестің күн сәулесінің өзгеруіне байланысты ауа қабаттарының
өзгеруі, атмосфераның өзгеруінде болып қалыптасты.

1.3 Бейнелеу өнеріндегі Қазақстан суретшілерінің кескіндеме жанры.

Қазақстан көркем өнерінің дамуының екінші кезеңінде 50 – 60
жылдарында оның бүкіл Кеңес көркем өнерінің жалпы дамуымен тығыз байланысты
дамыды. Бұл кезде республика суретшілерінің творчествосында натураға,
табиғатқа, болмысқа, заттың өзіне көбірек зер салу, соны бейнелеу тән
болса, 60 – жылдарда бейнелеу публицистикасына бой ұру. “Қатаң стильді”
ұлттық тұрғысынан игеру, жаңа кейіпкерді іздеу Ал 70 – жылдардағы
көркемөнерді айтсақ - бұл айтарлықтай жаңа дамыған әрі кемелденген,
анағұрлым өте күрделі кезең. Бұл кезеңнің ерекшелігі – дараланған
трактовкалардың өзінше бейнелеу, мәнерлер мен стильдердің, заманымыздың
көкейтесті проблемаларын әр қилы шешетін жарқын творчестволық тұлғалардың
септігінде.
Қазақстан кескіндеме өнерінің бастауы осында 1879 жылы келген орыс
суретшісі Н.Г. Глудовтың есімімен, тікелей байланысты. Ол жаңа әлемді өте
ыждағаттылықпен, кенепке, қағазға түсірумен болды.
Бірінші ұлттық қылқалам шебері, өз творчествосында таңқаларлықтай
тиянақты, табиғат және өнердің міндеттерін түсіне білуде өзінің аңғал
тазалығын творчестволық өмірінің өн бойында кірпік түсірмей сақтаған Ә.
Қастеев те Глудовтың шәкірті болған.
Ә.Қастеев сұлулықты дүниенің (түсінігі) бұлжымас қасиеті деп біліп,
оны мүмкін қадірінше дәлме – дәл бейнелеуге тиістімін деп есептеген.
Ал, суретшінің бейнелегіштік түйсігі арқылы үйлесімді үңірек түзеген
айрықша түстер бұйымдық әлем бояуының сан алуандығын ғана беріп қоймайды,
сонымен қатар халық тұрмысының оптимистік өмір шендігін бейнелейді.
Ә. Қастеевтің алғашқы суреттеріне тән ерекшелігі, ол көбіне кәсіптік
салуға, ширақ контурларды беруге, әр түстің өзіндік ерекшелігі бар,
формалары мейлінше жинақталған, композициялық өрімі бір орталықтан өрби
жайылады, кескіндеу мен суреттеуі, эпикалық лирикалық жағы басым шығып
жатады. Күмән жоқ бұл қасиет бойынша оның халықтық қолданбалы өнер
шығармаларының жақын таныстығының төлімі, форманың мінсіздігін қапысыз
сезінушілік арқылы дарыған деуімізге болады.
20-шы жылдары Қазақстанға Н.Крутильников, Ф.Болкоев, В.Каптеров, М.
Гайдукевич келді.
Республикада көркемсурет өнерінің қалыптасуына бұлар әр қайсысы
белгілі мөлшерде үлес қосты.
В. Каптеровтың заттар мен қоршаған ортаны бірегей бірлікке бейнеленген
әдемі этюдтері күнделікті тіршіліктің көріністерін суреттеуде сырлы да
сезімтал ырғағының нәзіктігімен тартымды.
М. Гайдуковичтің акварельмен, тушьпен салған суреттерінің
жаңашылдығында күмән жоқ. Турксибке дейінгі Алматы деген шағын
суреттерінде ол қағаздың бояу түспеген, таза жеріндегі ақ түсін жарық сәуле
төгілген кеңістік ретінде пайдаланды. Қылқаламның ұшымен ептеп қана бояу
тек затты ғана емес, сонымен бірге оған суретшінің көзқарасын да
бейнелейді. Оның суреттері - жәй бояудың ғана емес, байқағыш адамның
назарына іліккен әлемге берілген баға.
Дегенмен, анағұрлым қызу творчестволық қарқын 30- жылдарда басталған
еді. Сан жағынан әлі өте аз болса да, таланттар өсіп жетілді. Кейбіреулері
орталықтағы көркемөнер оқу орындарында бастауыш білім алды. Осы кезде
Алматыға суретшілер Л.Гербановский, А. Заковрянин, А.Риттих, О. Кужеленко,
О. Больхозин, С. Колмынов келді. Бұлардың әрқайсысының өнерде қалыптасқан
өз машығы, өз бет - бейнесі барды. Жаңадан келгендердің кәсіпқойлығы мәдени
ортаның қалыптасуына зор роль атқарады. Олардың көпшілігі өздерінің
әсерлерінің нобайларда және сезімшіл этюдтерде бейнеленеді.
Л. Гербановский қызықты көріністер: қала әуендерінің өте әсерлі
суреттерін салады. Мюнхенде білім алған А.Риттих акварельмен салынған
табиғат көріністеріндегі заттардың формаларын неміске тән ықтиярлықпен дәл
келтіреді.
Адамдардың құлашты кең сермеген қызметіне таң болған Ф. Болкоев,
Ертістен өтетін үлкен көпірдің құрылысын хрониктерше қызу беріліп
құштарлана салады. Н. Крутильниковтың назарын Алматы айналасындағы сұлу
табиғат көріністері тартады.
Бұл кезеңде суретшілер әлі бір тұтас мектеп құра алған жоқ еді. Ондай
мектептің қалыптасып бет бейнесін анықтауына әлі көп уақыт барды. Олардың
әр қайсысы көркемдік тәрбиенің шеңберінде талантының шама -шарқынша еңбек
етті.
Алайда, оларды біріктірген нәрсе де бар- ды : ол өздеріне жаңа жол,
жаңа өмір көлденең тартқан құбылысты зерттеу болатын.
Табиғатқа зейінмен үңіле қарап, оның ерекшеліктер анықтау, халықтың
тұрмыс - салтының, адамдардың мінезі мен бет- әлпетінің өзгешеліктерін
қалтқысыз анықтау, сөйтіп өзінің әсер сезімдерін неғұрлым дәл бейнелеуге
тырысу, ол кездегі көптеген еңбектерге тән басты қасиеттер еді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында республикаға көптеген суретшілер көшіп
келді. Олардың ішінде кейбіреулері өз тағдырын Қазақстанмен өмір бойында
байланыстырды. Бұл жылдарда суретшілердің шығармашылық күш - жігері өнердің
үгіт бұқаралық түрлеріне жұмылдырылды.
Алайда, форма мен мазмұндық міндет атқарған күрделі шығармалар да
назардан тыс қалған жоқ. Бұл тағдырдың тәлкегіне қарамастан, адамның
әрқашан мойымай, рухын түсірмей, сұлулықты сезгіш қабілетін сақтай
алатындығының айқын дәлелі.
А. Черкасский Алматыға келгенде қалыптасқан әдісі бар, суретші еді.
Оның суреттерінде енжар натура қуалаушылық атымен жоқ. Ол өзімен бірге
фактураны сүюге құштарлықты ала келді. Ол талай жылдар Алматы көркемсурет
училищесінде мұғалім болғандықтан, көптеген болашақ суретшілер одан
шеберлік сабағын алды. А. Черкасский кескіндемедегі бояу стихиясының
мазмұндылығына имперсионалистерден басталатын ашық техникалық әдістің
эстетикалық мәнділігіне зор маңыз берді. Оның Қазақстан кескіндемесіне
келуі көптеген суретшілерге қылқаламның өзінің эмоциялық - көркемдік
даусының бар үні мен құлшынысын сарқа жұмсау қажеттігін ұқтырды.
Р. Вешкановтың акварельмен және пистельмен салынған пейзаждары
Алматыны жаңа қырынан ашу іспеттес болды. Ол пейзаждар өмірдің
кішкентай қуаныштары мен әсемдігін бейнелеуге ықпалды әсер еткен талғам -
түйсікке тәрбиелейді.
1943 жылы Алматыға П. Зельцман келді. Ол Ленинградтағы П.Филоновтың
мектебінен өткен болатын. Ол республиканың көркемдік өміріне мүлде жаңа леп
ала келді: кең тыныстылық, кәсіби шеберлік пен философиялық ойдың жоғарғы
дәрежесін енгізді.
Пейзаждарда соғысқа дейінгі эпикалық келбеті туған жердің
суреттерімен, табиғаттың қарапайым болмысын жырлаудың орнына оның бір
қалыптан екінші қалыпқа түсу сәтіне сүйсіну белең алды. Тікелей эмоциялық
үн қатуға мүмкіндік беретін этюдпен әуестенушілік басталды.
50 жылдарда Қазақстан өнеріне Е. Говорова есімі келіп қосылды. Оның
тушьпен және қаламмен салған әрбір суреті - табиғаттың әр түрлілігінде шек
жоқтығының лирикалық поэмасы Е.Говорова даладағы шөптердің, сарқыраған
өзендері мен аласа бұталардың тілін, орман мен таудың тілін жақсы көрді,
және оны ұға білді. Оны гүлзарда немесе сауытта өсірілген бақтың гүлдері
қызықтырған жоқ. Ол тіпті ошағының әдемілігіне де таңдана алатын, қалың
шөптің арасынан құмырсқаның жолын да байқайды, сезімін ақылмен шектей
отырып, кәдімгі қайыңның жайқалған бұтағына да сүйсінетін.
Еліміздің орталық жоғары оқу орындарында көркемдік білім алған
жастардың келуімен байланысты 50-жылдардың ортасында республикамыздың
көркемөнерінде жаңа кезең басталды.
Профессионализм мен көркемдік кемел ой суретшілердің жеке дара
мәнерінің әр алуандығына, сонымен бірге, Қазақстан кескіндеме мектебін
қалыптастырудың жолдарын іздестіруге септігін тигізді. Рас, бұл кезде
бейнелеу тілі жүйесін жасаудан гөрі, ұлттық тақырыпқа көбірек күш салынды.
Бірақ қалай болған күнде де қазақ суретшісінің оның орыс, украин, өзбектен
өзгешелейтін тән әдіс - тәсілді ойлап табуға әрекет жасалған.
1953 жылы Ленинградтан С. Мәмбеев, Қ. Телжанов, Н.Нұрмағанбетов 1956
ж. Қ. Шаяхметов келді. М.Кенбаев ұзамай жас кескіндемешілер Қазақстанның
жетекші суретшілерінің қатарына қосылды.
Туған жерге көп жылдардан соң оралған, оларға оның топырағы ыстық
көрінді, өскен ортаға, ата мекенге арналған картиналар ыстық ілтипатпен
жазылған.
Н. Нұрмағанбетов осынау таза өсімдік тәсілдерге қарамастан, ол табиғи
бояуының көптігімен адам сезімінің қалтарыс- қатпарларын әсте ұмытпайды.
Әлемдік мәдениет аясында тартылған адам ретінде; Мәмбеев көптеген
суретшілер қастерлейтін дәстүрлі тұрмыстың патриархалдық тазалығы өзінше
бір романтикалық, арман, табиғат тіршіліктің даналығымен және ізгілігімен
қызықтыратын қиял екенін түсінді.
Халықтың мәдениетке жанасу, өмірдің адамгершілік негіздері жайында
ойлану көптеген суретшілердің творчестволық қызметтеріне игілікті ықпалын
тигізді.
Ал, М. Кенбаевтың сіңірген еңбегі басқада: ол күнделікті дәстүрлі
нәрсенің сұлулығын көріп, соны жырлады.
Республика суретшілерінің жаңа кейіпкері мен жаңа форманы іздеген
әрекеті 60- жылдардағы өнердің жалпы одақ дамуына, қатаң стиль деп
аталған арнаға табиғи келіп қосылған болатын. Олар кез - келген уақыттан,
оқиғадан тиісті нәрсе деп түсіндіреді. Заттар мен құбылыстарда ең негізгісі
ғана алынады және оған оңай оқылатын бейнелеу негізделеді.
Ш. Сариевті толғандыратын проблема басқа. Оның кейіпкерлері нағыз
шеңберге сыймайды, өйткені суретшіні адам мен дәстүр проблемасынан гөрі
адам мен табиғат проблемасы көбірек тартады.
Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік – дәстүрлі халықтық болмыстық
қасиеті. Адам табиғатпен біртұтас: ол да жалпақ өркештенген адыр, төбелер
сияқты болып көрінеді. Солай бола тұрса да, адам сезім қабілетімен
дүниедегі өз орнын түсінетіндігі себепті табиғаттан асқақ тұрады.
Суретшілердің шығармашылығының толғақты мәселелері, олардың өнер мен
өмір алдындағы жауапкершілік проблемалары толғантпай қоя алмайды. Көптеген
кескіндемешілер мен графиктер пейзажға ерекше мән береді. И.Квачконың,
Ж.Шарденовтың, А.Дячкиннің, Э.Иристаевтың және басқалардың таланты нақ осы
жылдары жарқырай көрінеді.
Конъюктуралық шығармашылар жазғысы келмеген көптеген суретшілер кәміл
жетілген форманы іздеу жолына түсті.
А. Дячкин офорттың мүмкіндігін анықтайды. И. Квачко гуаштың У.Әкішев,
С. Козлов, Б. Пак - акварельдердің, Е.Бисенбинов карандаштың бейнелегіштік
құдіретімен анықтап, бақылап көрді. Олардың шығармаларындағы жетістік
суретшінің практикалық ойын білдіреді.
Өнерге 70-жылдардың аяғында келген жас суретшілер де дәл осы бағытта
қуаттанды. Оларды күрделі әлеуметтік проблемалардан қашқақтайды деп талай
рет кінәлады. Бірақ тау мен далаға, бала кезінде көрген терекке қарай
қашқақтаған нақ осы суретшілер өнердің алдында неғұрлым адал болып шықты.
Алайда, осыдан он жыл бұрынғы тақырыбы жеке адам табиғатпен байланысты
үзілмеген адамның, тарих пен адам кеңістігінде өмір сүретін адамның рухани
- эмоциялық дүниесі болды. Жас суретшілер барынша алдыңғы ұрпақтың
тақырыптарын одан әрі жалғастырады, бірақ олар бұл тақырыпқа өзгеше
үндестік береді.
Одан кейінгі жылдардың кескіндеме мен графикалық шығармаларындағы ескі
мен жаңаның белгілерін документальды - поэтикалық салыстыру енді. К.
Муллашевтың Ақ шөл даласында Жер және замана, Қазақстан триптихынан
1977 ж. полотносында шабытты - салтанатты әуенге ие болды.
Алпысыншы жылдардың ұрпақтарымен салыстырғанда, бұл суретшілер
табиғаттың мәні мен міндетін басқаша түсінді.
Егер бұрын табиғат көрінісі картинасының композициясына Қазақстанда
жинақталған образы ретінде енгізілсе, енді суретшілер табиғаттың алуан
түрлі формаларының сұлулығы мен пластикалық сезінуін көретін болды.
А. Ақанаевтің пейзаждарында ең қарапайым пейзаждың өзі табиғаттың
динамикалық, емірендік күшін көрсетеді. М. Әбілқасымовтың лирикалық
пейзаждарында толқыған нәзік көріністер оның жайбарақат тыныш, болмысы
сезіледі.
Камекин мен К.Дүйсенбаевтың жанрлық пейзаждарын адам мен табиғаттың
үйлесімді байланысын көреміз.
А. Гулиннің пейзаждарында кеңістік көріністерінің динамикалық
қақтығысы табиғатты өзгертуші адам ерлік істерін аңғартады. Көп ретте, жас
суретшілерге әлемнің күрделігі мен халықтың тарихи жолы туралы сөз ету үшін
төл сөз жеткіліксіз болады. Сондықтан олар себеп - салдардың
байланыстарды орағытып өтіп, оймен қабылдаудың байланыстығын ояту үшін
символикалық және аллегориялық жинақтаулар дәрежесіне көтеріледі.
Өнер өзінің бастау байлығында, ежелгі халықтың түп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абстракция туралы ұғым
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Бейнелеу өнері сабағында көне мұраларды оқыту арқылы оқушылардың рухани білімін дамыту
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Бейнелеу өнерін оқытудың негізі
Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме шығармалары
Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА МҮСІНДІК КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихын зерттеудің маңыздылығы
Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау
Пәндер