Ядролық қауіпсіздік – бүкіл адамзаттың ортақ ісі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Ядролық қауіпсіздік - бүкіл адамзаттың ортақ ісі
13 Сәуір 2010
Ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша Вашингтон қаласында болып жатқан сәуір саммиті қарсаңында ресейлік «Известия» газетінде жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» атты мақаласы Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау және осы жойқын қарусыз әлем құру ұстанымдарын жақтайтынын тағы да дәлелдеді. Қырып-жоятын қаруларды таратпау жөніндегі жаһандық бастамаларға қатыса отырып, еліміз жай ғана бақылаушы болып қалмай, әлемді бұрынғыдан гөрі қауіпсіз етуге ұмтылған әлемдік қоғамдастықтың белсенді де ілкімді мүшесі болып келеді.
Қазақстанның бұл орайдағы қадамдары халықаралық ахуалды оңды өзгертуге және Ядролық қаруды таратпау туралы шартты жүзеге асыру ісіне қосылатын нақ-ты үлес болмақ. Өйткені, біздің экономикалық жағынан қуатты және саяси салмағы бар еліміз алғашқы болып ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұл акті арқылы Қазақстан халық-аралық қоғамдастыққа өзінің сыртқы саясатының ашықтығын, зомбылықтан және әскери қауіптен ада бейбітшілікті жақтайтынынын көрсетті.
Баршаға белгілі, қазақ жері жарты ғасыр бойы осы алапат қарудың сұмдығын басынан кешірді. Қазақстан аумағында 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалды, бұл ядролық зарядтардың жиынтық қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе асып түседі. Елу жылға таяу уақыт қазақ жерін дүр сілкіндірген ядролық сынақтар халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірді. Мамандардың бағалауынша, топырақтың өнімді әлеуетін қайтадан қалпына келтіру үшін кемінде 300 жыл уақыт қажет көрінеді.
Қазақстан тәуелсіздік алған сәтте әлемдегі ең ірі ядролық держава болуға мүмкіндігі бар еді, өйткені, республикада қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсенал мұраға қалған болатын. Қазақстанда құрлықаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1216 оқтұмсық және ауыр бомбардирлердің зарядтары, жаппай қырып-жоятын заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған ядролық стратегиялық күштер кешені болды. Ядролық арсеналда сонымен қатар 1400 ядролық оқтұмсықты стратегиялық 104 Р-36М зымырандары сақадай сай тұрды. Қазақстанда, сонымен қатар, құрлықаралық зымырандарды ұшыратын 148 шахталық қондырғылар шоғырланды, сондай-ақ, ауыр МБР СС-18 оқ-зарядтардың үштен бірі, Байқоңыр ғарыш айлағында баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізетін маңызды нысандар жұмыс істеп тұрды. Сонымен қатар, Қазақстанда өз ядролық қаруын жасауға қажетті барлық ғылыми-зерттеу, өндіру және өндіріс инфрақұрылымы болды.
Алайда Қазақстан Украина мен Беларустан әлдеқайда бұрын ядролық тактикалық қаруларды өз аумағынан шығарды, бұл еліміздің ядролық қарусыз мемлекет болуға ұмтылысының айқын дәлелі еді. Әрине, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тап болған экономикалық проблемаларға қарамастан, ядролық арсеналын ұстап тұруға шамасы жетер еді. Бірақ Қазақстан ядролық мемлекет мәртебесінен өз еркімен бас тартқан тарихи шешім қабылдады. Бұл жерде Елбасы Н. Ә. Назарбаевты ядролық қаруды және оның компоненттерін әлдебір экономикалық артықшылықтарға айырбас жасауға үгіттегендер де аз болмады. Тіпті, кейбір мұсылман елдерінің тарапынан ұдайы қысымдарға қарамастан Елбасы жағдайды тұрақсыздандыру жолына баспады. Оның орнына Қазақстанның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жойқын қару қорларын жою жөнінде тағдырлы шешім қабылдап, Қазақстанды аймақтағы тұрақтандырушы күшке айналдыруға бекінді. Бұл тәуелсіз мемлекеттің саналы түрде қуатты ядролық әлеуетінен бас тартудың әлемде бұған дейін бұрын-соңды болып көрмеген тарихи қадам еді.
Қазақстанның саяси шешімі әскери ядролық бағдарламаларын дамытуға тырысып отырған, бұрын-соң-ды халқы ядролық сынақтар зұлматын басынан кешпеген елдерге үлгі болуы тиіс.
Сол кезде Қазақстанның ядролық мәртебені сақтап қалуына да дәлелдер жеткілікті болатын, дегенмен Президент Н. Ә. Назарбаевтың ядролық қару әлеуе-тін сақтауға қарсы айқын көзқарасы болды, оның негізінде қазақстандықтардың мүддесі бәрінен жоғары қо-йылды. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен өмірлік маңызды мүдделелерін көздей отырып, Президент күрделі келіссөздер барысында тағдырлы шешім қабылдады. Сөйтіп, оның пікіріне құлақ түретін әлемдік деңгейдегі ең беделді саяси қайраткер ретінде қалыптасты. Сондықтан да Мемлекетіміздің басшысы Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша сәуір саммитінің қарсаңында елеулі, сонымен қатар, нақты бастамаларды жүзеге асыру жайында өз пікірлерімен бөлісті.
Елбасы мақаласындағы көтерілген басты мәселе ядролық қауіпсіздік проблемаларын шешудегі бүкіл әлемдік қоғамдастықтың құралы сындарлы және келісілген іс-қимылдар болуы тиіс. Қазақстан бұған дейін де ядролық қауіпсіздік саласындағы бейбіт және практикалық бастамалары арқылы жаһандық қауіпсіздікке нақты және елеулі үлес қосып келеді. Қазақстан егемен мемлекеттердің бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаларын жақтай отырып, ядролық қаруды таратпауға халықаралық ұжымдық қауіпсіздікті басты орынға қояды. Президент Н. Ә. Назарбаев өз мақаласында жаңа берік шарттық-құқықтық база жасау үшін бірқатар пәрменді шараларды ұсынады. Елбасының пікірінше, ядролық қаруды таратуға бақылау тиімді халықаралық-құқықтық реттеуді қажет етеді.
Ядролық сынақтардың тарихи тәжірибесінен өткен және қуатты ядролық әлеуеті болған еліміз Ядролық қауіпсіздіктің ықтимал халықаралық оқу орталығына оңтайлы үміткер бола алар еді. Өйткені, басқалардан гөрі Қазақстан әлем елдерінің үкіметтеріне әскери саясатта ядролық өршіл мақсаттың қаншалықты қатерлі екенін жеткізе алар еді. Қазақстандық тәжірибе ядролық қару ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралы бола алмайтынын көрсетті, керісінше, ол аймақтық тұрақсыздықты өршіте түседі, жаулық пиғыл мен сезік ортасын қалып-тастырады, аймақ елдерімен тату-көршілік қатынастарды орнатуға кедергі жасайды және басқа да мемлекеттерді өздерінің ядролық бағдарламаларын жасауға итермелейді.
Қазақстан өзінің бейбітшілік сүйгіш саяси бағытын ұстана отырып, МАГАТЭ-мен, ядролық материалдарды қамтамасыз ету тобымен, Краков бастамасымен, Цангер комитетімен және Ядролық лаңкестік актілерімен күрес жөніндегі жаһандық бастамашылармен ойдағыдай ынтымақтасып келеді. Қазақстан ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы дайындық комиссиясымен жергілікті жерлерде халықаралық мониторинг және әдіс-тәсілдер жүйесін инспекциялауды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылға үлкен маңыз береді. Президенттің мақаласында айтылғандай, кейбір айтарлықтай ықпалды елдер күні бүгінге дейін Ядролық сынақтарға жан-жақты ты-йым салуға қол қоюдан және оны ратификациялаудан қашқақтап келеді. Мұндай жағдай ресми ядролық қаруды сынақтан өткізуді жалғастыруға, ал соның табалдырығында тұрған елдерге өздерінің зымырандық-ядролық бағдарламалары бойынша жұмыстарды ешбір жазасыз жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Ал енді осы жаппай қырып-жоятын қару лаңкес-тердің қолдарына түссе не болар еді?! Құдай сақтасын, оны көзге елестетудің өзі жан түршіктіреді. Сондықтан да бұл орайда бүкіл адал
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz