ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қырғыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар



1. ХҮ.ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғалар
2. ХІҮ ғасырда Алтайды мекендеген қырғыздар
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді.
ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды.
Тарихи деректерде 1389 жылы Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы кезінде Іле-Ертіс аралығында ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қырғыз халқының құрамына кірген бұлғашы тайпасы талан-таражға салынғандығы туралы айтылады (1, 101-111 б). Орта ғасырлық тарихшы Сайф ад-дин Ахсикендидің «Маджмуат-тауарих» атты шығырмасында Темір әскері қырғыздардың негізгі үш бірлестігінің барлығын (бұлғашы, оң және сол қанат) тұтқындап Самарқантқа алып кеткен және олар сол жақтан әр тарапқа қоныстанған дейді.Алтайдағы қырғыздар осы уақыттарда Жошы ұлысының шығысын билеген Шайбани тұқымдарының Әмір Темірге қарсы күресіне көмек көрсетіп отырған (5, 400-б).
Тарихи деректерде 1399-1400 ж.ж. Әмір Темірдің немересі Ескендірдің Моғолстанға тонаушылық жорығы кезінде Тянь-Шань маңында немесе Алтайда тұтқынға түскен Моғолстан қырғыздары туралы жазылады (3, 158-б) .
1407-1410 ж.ж. Ақ Орда билігіндегі Болат хан Ақ Орданың шығыс шекарасындағы қырғыздарды тонаушылық жорықтары үшін жазаламақ болады. Осы оқиғаға байланысты қырғыздар шығыс тарихшыларының назарына қайта ілігеді. Болат хан қырғыздарға жорық жасап, жеңіске жетіп қырғыздарды Ақ Орданың шығыс аудандарынан қуып тастайды да бұл аудандарды қорғауды барин тайпасының билеушілеріне тапсырады (2, 25-б). Осы ХҮ ғасырдың басындағы қырғыздардың Ақ Орда хандарымен күрделі қарым-қатынастары туралы мәліметтер «Манас» эпосында және «Маджму ат-тауарих» шығармасында да кездеседі. Болат, маңғыт Жаңбыршы, Сарай-Мамай сияқты Ақ Орда билеушілері қырғыздардың қарсыластары болса Тоқтамыс хан қырғыздармен одақтаса отырып Әмір Темірге қарсы шыққан.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Низам ад-дин Шами. «Зафар-наме»/Перев. О.Ф. Акимушкина. Москва. 1983 г.
2. Махмуд ибн Вали. «Бахр ал-асрар»/Перев. А.Мокеева. Москва. 1990 г.
3. Абд-ар-Раззак Самарканди. «Матла ас-садайн ва маджма ал-бахрайн»/ Перев. О.Ф. Акимушкина. Москва. 1983 г.
4. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди». Алматы., 2003.
5. История Киргизской ССР. 1-том.Фрунзе., 1984.
6. Бартольд В.В. Киргизы. Исторический очерк. Соч.т-2(ч..1).Москва.,1963.
7. Молдобаев И.Б. Этнокультурные связи кыргызов в средневековье. Бишкек.2003 г.
8. Молдобаев И.Б. Эпос «Жаныш и Байыш» как историко-этнографический источник. Фрунзе.1983 г.
9. Манас: Эпос. Сагымбай Орозбак уулынын варианты боюнча. 2-китеп. Фрунзе.1978
10. Юдин В.П. Центральная Азия в ХІҮ-ХҮІІІ веках глазами востоковеда. Алматы.2001 г.
11. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (кон. ХІХ-нач.ХХ в.) Алма-Ата. 1968 г.
12. Рашид-ад дин. Сборник летописей. Т.1. Кн.2.М.; Л.; 1952 г
13. Абрамзон С.М. Киргизы и их этнические и историко-культурные связи. Ленинград.1971 г.
14. Петров К.И. Очерки феодальных отношении у киргизов в ХҮ-ХҮІІІ вв. Фрунзе. 1961 г.
15. Материалы по истории казахского ханства ХҮ-ХҮІІІ вв. Алма-Ата.1969 г.
16. Мураталиев М. Баатырдык кеңже эпостордун тилиндеги бөтөнчөлүктер. Фрунзе. 1976 г.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ...951959(575.2)

ХҮ-ХҮІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ
ЭТНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

Е.С. Альчикенов
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
Тараз институты, Тараз қ.

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи
оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ
хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына
Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан
хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді.
ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан
мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ
ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде моғол немесе шағатай сияқты
ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын
оқып білуде қиындықтар туғызды.
Тарихи деректерде 1389 жылы Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы кезінде
Іле-Ертіс аралығында ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қырғыз халқының құрамына кірген бұлғашы
тайпасы талан-таражға салынғандығы туралы айтылады (1, 101-111 б). Орта
ғасырлық тарихшы Сайф ад-дин Ахсикендидің Маджмуат-тауарих атты
шығырмасында Темір әскері қырғыздардың негізгі үш бірлестігінің барлығын
(бұлғашы, оң және сол қанат) тұтқындап Самарқантқа алып кеткен және олар
сол жақтан әр тарапқа қоныстанған дейді.Алтайдағы қырғыздар осы уақыттарда
Жошы ұлысының шығысын билеген Шайбани тұқымдарының Әмір Темірге қарсы
күресіне көмек көрсетіп отырған (5, 400-б).
Тарихи деректерде 1399-1400 ж.ж. Әмір Темірдің немересі Ескендірдің
Моғолстанға тонаушылық жорығы кезінде Тянь-Шань маңында немесе Алтайда
тұтқынға түскен Моғолстан қырғыздары туралы жазылады (3, 158-б) .
1407-1410 ж.ж. Ақ Орда билігіндегі Болат хан Ақ Орданың шығыс
шекарасындағы қырғыздарды тонаушылық жорықтары үшін жазаламақ болады. Осы
оқиғаға байланысты қырғыздар шығыс тарихшыларының назарына қайта ілігеді.
Болат хан қырғыздарға жорық жасап, жеңіске жетіп қырғыздарды Ақ Орданың
шығыс аудандарынан қуып тастайды да бұл аудандарды қорғауды барин
тайпасының билеушілеріне тапсырады (2, 25-б). Осы ХҮ ғасырдың басындағы
қырғыздардың Ақ Орда хандарымен күрделі қарым-қатынастары туралы мәліметтер
Манас эпосында және Маджму ат-тауарих шығармасында да кездеседі. Болат,
маңғыт Жаңбыршы, Сарай-Мамай сияқты Ақ Орда билеушілері қырғыздардың
қарсыластары болса Тоқтамыс хан қырғыздармен одақтаса отырып Әмір Темірге
қарсы шыққан.
ХҮІ ғасырда қырғыз халқының құрамында болған, ХҮ ғасырда Моғолстан
аумағында өмір сүрген бұлғашы, барин, бекжак (бекчик), қалушы сияқты
тайпалар туралы Мұхаммед Хайдар Дулати да жазған (4, 109-б) . Мұхаммед
Хайдар мырза бұдан ары ХҮ ғасырдағы Моғолстан ханы Есен-Бұғаның билігіне
наразылық білдірген барин және чорас тайпаларының Амасанжы тайшы басқарған
қалмақтарға кеткендігі туралы, ал қалушы және бұлғашы тайпаларының Дешті
Қыпшақтағы Әбілқайыр ханға қосылғандығы туралы жазады (4, 110-б) . Бірақ
бұл тайпалардың көпшілігі түркіленген монғол тайпалары еді және олар бұл
кезде әлі қырғыз халқының құрамына кірмеген еді.
1770 жылы жазылған Қытайдың Сиюй Чжи (батыс өлкені суреттеу)
қолжазбасы 330 жыл бұрын, яғни ХҮ ғасырдың ортасында қырғыздардың бір
бөлігінің бей-берекетсіздіктен қашып Тянь-Шань тауларынан пана тапқандығы
туралы айтады. Бұл қырғыздардың бір бөлігінің Тянь-Шаньға қоныс аударуы
туралы жазылған ең алғашқы дерек болып табылады (5, 431-б).
ХҮ ғасырдың 70 жылдары Моғолстанның солтүстігін Іле сыртындағы
аудандардан келіп қоныстанған Амасанжы тайшы басқарған Ойрат тайпалары
алып жатқан еді. Осы кездері моғолдарды Ақсудан Моғолстанға көшіріп келген
Жүніс хан (1468-1487 ж.ж. билік құрған) Іле маңында осы Ойраттармен соғысып
жеңіліп қалады. Жүніс хан бұл жеңілістен кейін бүкіл моғол ұлысымен
Түркістанға ауып кетеді (4, 118-б) . Ал Жетісудағы қазақ тайпалары 1468
жылдан кейін Дешті Қыпшақ далаларында көшіп жүрген еді.Ойрат тайпалары Іле
сыртындағы өз мекендеріне кеткен соң солтүстік Қырғызстан аумағында ХҮ
ғасырдың 80 жылдары қырғыз тайпаларының басым көпшілігін құраған этносаяси
бірлестік құрылған.
ХІҮ ғасырда Алтайды мекендеген қырғыздардың солтүстік Тянь-Шаньға
қашан және қалай шоғырланғандығы туралы деректер бізге жетпеген. В.В.
Бартольд қырғыздар бұл жерге ойраттармен бірге келіп қоныстанған дейді(6,
514-б). Бұл бірлестіктің басында 1484 жылы Жүніс ханның екінші ұлы Ахмет
хан тұрған(5, 406-б). Мұхаммед Хайдар Ахмет хан Моғолстандағы моғолдарды
тұтас бағындыру үшін он жылдай уақыт керек болды дейді. Мұхаммед Хайдар
одан ары Моғолстанда Ахмет ханға қарсы ешкім тұра алмады, ол бірнеше рет
қалмақтарға (ойраттарға) жорық жасап жеңіске жетті дейді. Қалмақтар одан
қатты сескеніп, онымен есептесетін болған. Олар Ахмет ханды Алашы хан деп
атады. Ал моғолша Алашы-өлтіруші деген сөз. Моғолдар оны сұлтан Ахмет
хан десе, басқа тайпалар Алаша хан деді. Осы оқиғалардаан кейін Ахмет хан
өзбек-қазақтарға үш рет шабуыл жасап жеңіске жетті. Қазақтар мұның ағасы
сұлтан Махмұд ханға не істесе, бұл да (Ахмет хан) солай өшін алды (4, 144-
б) . Моғол ханы сұлтан Махмұд (Ахмет ханның ағасы) мұның алдында екі рет
қазақтармен соғысып, жеңілген болатын. 1504-1505 жылдары Ахмет ханның
өлімінен кейін оның мұрагерлері арасында таққа талас басталды. Бұл күрес
нәтижесінде Ахмет ханның үлкен ұлы Мансұр ханнан інілері Халил сұлтан мен
Сайд сұлтан бөлініп қырғыздарға қашып барған. Мұхаммед Хайдардың айтуына
қарағанда қырғыздар Халил сұлтанды өз билеушілері етіп сайлаған.
Қырғыздардың тәуелсіз мемлекет құру ниетін байқаған Мансұр хан оларға қарсы
шығып, шешуші шайқас 1508 жылы Шарын-Шелек деген жерде болды. Бұл соғыста
мансұр хан жеңіске жетіп қырғыздардың едәуір бөлігін Қашқар мен Тұрфанға
алып кетеді. Қырғыздардың көпшілігі Мансұр ханның қолынан қаза тауып, аз
ғана бөлігі солтүстік Тянь-Шань өңіріне қайта оралған. Ағасы Мансұр ханнан
жеңілген Халил сұлтан Ферғанаға қашып барып, сол жақта жергілікті билеуші
Жәнібектің қолынан қаза табады. Сайд сұлтан Шығыс Түркістанға келіп билік
үшін күресті қайта жалғастырды(4, 147-145 б).
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақ хандығына келер болсақ ол бірте-бірте нығая
берді. ХҮ ғасырдың 50-60 жылдарында солтүстік батыс Моғолстан аумағында
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихи тағдыры үшін ғана маңызды
болған жоқ. Ол Тянь-Шань төңірегіндегі қырғыздар, Шығыс Түркістандағы
ұйғырлар үшін де, яғни тұтас алғанда Моғолстан халықтары үшін де зор рөл
атқарды. ХҮІ ғасырда Қазақ хандығы күрделі этникалық мемлекеттік құрылым
болды, оның ішкі өмірінде аймақаралық-экономикалық және мәдени
байланыстардың нығаю процесі жүріп жатты. Сонымен қатар жер аумағы
кеңейтіліп, шектес халықтармен сауда және саяси байланыстар жандандырыла
түсті. ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. шебінде Қазақ хандығының нығаюы, қазақ халқының
құрамындаҰлы жүздің этникалық қалыптасуының аяқталуы, қырғыз халқының
қалыптасуы Жетісу мен Тянь-Шань төңірегіндегі аумақта моғол билеушілерінің
үстемдігін біржола жойды, сөйтіп, іс жүзінде, Моғолстанның ыдырауына, оның
халықтарының: Қырғызстанда қырғыз, Шығыс Түркістанда ұйғыр дербес
мемлекеттерінің қалыптасуына жеткізді.
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. Тянь-Шань аумағындағы қырғыздарға келер болсақ, ХҮІ
ғасырдың басына қарай қырғыз халқының этникалық құрамы әбден тұрақтанған
еді. Осы ХҮІ ғасырдың басынан бастап қырғыздар Моғолстан мен көршілес
Қазақ хандығының саяси өміріне және Қырғыстан аумағындағы саяси оқиғаларға
өз атымен белсене қатысады.
ХҮІ ғасырдағы қырғыз халқының тарихында Қазақ хандығы маңызды рөл
атқарды. Моғол хандығының құрамында болып келген қырғыздар ХҮІ ғасырдың
басында Қазақ хандығымен бірге моғол үстемдігіне қарсы күресе отырып
тәуелсіздікке қол жеткізіп, Мұхаммед қырғызды өз билеушілері етіп жарилаған
еді. Бұдан кейінгі тарихи оқиғалар барысы көрсеткендей Мұхаммед қырғыз,
қырғыз мемлекеті тарихындағы көрнекті тұлға болған еді. Тянь-Шань, Ыстықкөл
өңірлеріндегі қырғыз мемлекетінің негізін қалаушы Мұхаммед қырғыз, сірә,
қырғыз аңыздарындағы Тағай би болса керек. Аңыз бойынша Тағай би Иреше
ханның (ХҮІ ғасырдағы Моғолстан билеушісі Рашид хан) тұтқынында болған.
Мұхаммед қырғыз басқарған қырғыз бірлестігі 1514 жылы Моғолстан билеушісі
Сайд сұлтанның Қашқарды басып алуына үлкен көмек көрсеткен(4,355-356 б).
Осы себептен қырғыздар мен моғолдар арасында бірнеше жылға созылған бейбіт
қатынастар орнайды. Мұхаммед қырғыздың әскерлері Шайбани ұрпақтарының
билігінде болған Түркістан, Сайрам, Ташкент пен Андижанға жорықтар жасап
отырған. Мұхаммед қырғыз осындай жорықтардың бірінде Шайбани ханның туысы
Абдолланы қолға түсіріп,артынша босатып жібереді. 1517 жылы сол кездегі
Моғолстан билеушісі Сайд хан Мұхаммед қырғыз Шайбанилермен құпия одақ
жасады деген жаламен қырғыздарға жорық жасап, Ыстықкөл маңындағы Барскун
деген жерде болған шайқаста жеңіске жетеді. Тұтқынға түскен қырғыздарға
кешірім жасалып, Мұхаммед қырғызды тұтқындап өздерімен бірге Шығыс
Түркістанға алып кетеді.Мұхаммед қырғыз бес жыл моғолдардың қолында
тұтқында болған. Мұхамед Хайдардың айтуына қарағанда Сайд хан қырғыздарды
мұсылман қалаларын тонағаны үшін жазаламақ болған(4, 390-б).
Сайд хан Моғолстанды өзіне түпкілікті қарату үшін 1522 жылы Мұхаммед
қырғызды тұтқыннан босатып, үлкен ұлы Абд ар-Рашид сұлтанмен бірге
Моғолстанға жібереді. Бірақ Абд ар-Рашид сұлтанның бұл аймақтағы билігі
ұзаққа созылмады. 1524 жылы Моғолстанға ноғайлар мен өзбектерге қарсы
күресте одақтас іздеп қазақ ханы Тахир (1523-1532 ж.ж.билік еткен) келген
еді. Моғолстанға қазақтардың келуінен қауіптенген Абд ар-Рашид сұлтан өз
жұртымен Қашқарға қайта оралады. Қошқар деген жерде Тахир хан Сайд ханмен
кездесіп қазақтар мен моғолдар арасында формальды одақ жасалады(4, 413-б).
Тахир хан дәл осы уақытта(1524 ж) Мұхаммед қырғызбен де бірігіп қимылдау
туралы жасырын келісөз жүргізді. Бұл келісөз нәтижесінде моғолдар мен
шайбанидтерге қарсы қазақ-қырғыз одағының негізі қаланған еді.Қырғыздар мен
қазақтар арасындағы байланыс туралы естіген Сайд хан Мұхаммед қырғызды
қайтадан тұтқындап Қашқарға алып кетеді. Мұхаммед қырғыз тұтқыннан 1533
жылы Сайд хан қайтыс болған соң бірақ босатылған(5, 414-б). Осыдан кейін
қазақтар мен моғолдар арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетеді де
қырғыздардың едәуір бөлігі Тахир ханға келіп қосылады. Ал моғолдар осы
кезден бастап Шығыс Түркістанға көше бастайды. Тахир хан 1527 жылы Атбашыға
келіп қалған қырғыздарды өзіне қосып алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қырғыз халқының пайда болуы және оның тарихы
Қазақ-қырғыз қатынасының этно-мәдени мәселелері
Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
Қазақ мәдениетінің рухани және материалдық құндылықтары
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Қазақ этнонимінің мәніне тарихи талдау
Кузеевтің шежіретануға қосқан үлесі
ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері мен басты көрсеткіштері, әлеуметтік даму жолдары
Ноғай ордасының құрылуы және ішкі саяси жағдайы
Пәндер