Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі


Жоспар
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША МЕКТЕП БӨЛІМІНІҢ ЖАЛПЫ СТАНДАРТЫ . . . 5
1. 1 . Информатиканы мектепте оқытудың жалпы стандарт . . . 5
1. 2 . Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде . . . 6
1. 3 . Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі . . . 7
1. 4 . Информатика пәнінің орта мектептегі маңызы . . . 8
2. ШЕТЕЛ ПРАКТИКАСЫНЫҢ БЕЙІНДІК ОҚЫТУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ . . . 12
2. 1 Жоғары орта білім беру мазмұнының даму тенденциялары . . . 12
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ . . . 14
4. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНДЕГІ БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МАҚСАТЫ МЕН БАСШЫЛЫҚҚА
АЛУ ЕРЕЖЕСІ . . . 17
4. 1 Бейіндік оқытуды ұйымдастыру мақсаты . . . 17
5. БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫҢ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ . . . 19
5. 1 Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер . . . 19
5. 2 Жалпы білім беретін бейіндік мазмұндағы пәндер . . . 19
6. БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МҮМКІНШІЛІК ТҮРЛЕРІ . . . 21
6. 1. Мектепшілік бейіндік оқыту . . . 21
6. 2. Желілік бейіндік оқыту . . . 21
6. 3 Бейіналды даярлығы . . . 22
7. ОРТА БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ . . . 24
7. 1 Жалпы орта білім алудың «академиялық» бағыты . . . 24
7. 2 Жалпы орта білім берудің «кәсіби» бағыты . . . 24
8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ
ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ПРОЙЕСІН
БАСҚАРУ . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоғары сыныптағыларға орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды енгізу қарастырылуда. Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтеру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асыру әдістерінің бірі ретінде ұсынылып отыр.
Стратегиялық анықталғандай жалпы орта білім беру бағдарламалары «білім беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін болады». Оқушыларға «дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі. Шығармашылық қызмет пен жеке қабілетінің дамуына ерекше орын беріледі. Жинақталған білімді тауып алу өздігінен және шығармашылықпен қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген ұғымдарды кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі».
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесі дамуының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты, олар төмендегідей:
- білім беру нәтижелері жүйесінің кеңейуі: білім, білік, дағды және құзыреттер;
- мектептердің білім берудің 12 жылдық моделіне көшуі;
- жоғары сыныптағылардың оқуын ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі;
- техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің дамуымен байланыстырылады.
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесінің дамуы:
- 16-18 жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында мүмкіндіктерді кеңейтуге;
- жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік жолды таңдауға бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын іске асыруға;
- еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге бағытталған.
Сондай-ақ, Қазақстанда кадрларға тапшылық орын алған құрылыс саласында - 9900 адам, ауыл шаруашылығында - 9600 адам, технология мен өнеркәсіпте - 7600 адам, қызмет ету саласы 6800 - адамды қажет етуде құрайды. Қазақстан Республикасындағы бейіндік оқыту тұжырымдамасы жоғары сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру бойынша кәсіби педагогикалық қауымдастықтың іс-әрекет жүйесін анықтауға бағытталған.
Дамыған елдердегі кәсiптiк бiлiм беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процесiне қатысу үшiн жұмыс берушiлердi көтермелеу тетiктерiнiң, сондай-ақ кәсiптiк бiлiм берудiң сапасын (бiлiктiлiктi беру мен қуаттау ұлттық орталықтары) реттеудiң институционалдық негізiнiң бар екенiн және кәсiптiк бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кiрiгуiн айғақтайды.
Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi 722 оқу орнынан, оның iшiнде жалпы оқушылар контингентi 341, 3 мың адам 307 кәсiптiк мектеп (лицейлер) мен 415 колледжден тұрады.
Кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн оқу орындарында оқитындардың контингентi 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейiн 10, 3 мың адамға ұлғайды.
2000 жылмен салыстырғанда колледждер саны жекеше оқу орындарын ашу есебiнен 101 бiрлiкке өстi. Колледждерде оқитындардың контингентi 86, 5 мың адамға артты.
Бастауыш және орта кәсіптік бiлiм беретiн оқу орындарында 28, 1 мың педагог жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 2231 адамның жоғары бiлiмi бар, 5647 адамның кәсiптік орта, қалғандарының техникалық орта бiлiмi бар. 7580 адам жоғары санатқа, 6989 адам бiрiншi санатқа ие. Колледждерде 5 ғылым докторы және 96 ғылым кандидаты жұмыс iстейдi.
Сонымен қатар, тез өзгерiп отырған экономикалық жағдайда бiлiм беру қызметтерiнiң реттелмеген нарығының дамуы, жұмыс берушi мен бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi арасында әлеуметтік серiктестiктiң болмауы бiлiм беру деңгейi және экономика секторлары бойынша кадрлар даярлаудағы тепе-теңдiктiң болмауына әкеп соқты. Тұрғындардың 10 мыңына шаққанда техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлаудың саны жоғары бiлiм беру саласына қарағанда едәуiр төмен және ол колледждерде - 162 оқушыны, кәсiптiк мектептерде - 66 оқушыны, ал жоғары оқу орындарында 439 студентті құрайды. әызмет көрсету саласы және өндiрiстiк емес сектор үшiн кадрларды даярлаудың артуы байқалады, ал техникалық, құрылыс және ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс қанағаттанарлықсыз күйде.
1. ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША МЕКТЕП БӨЛІМІНІҢ ЖАЛПЫ СТАНДАРТЫ
1. 1. Информатиканы мектепте оқытудың жалпы стандарты.
Қазіргі уақытта «қоғамдық информатикаландыру» «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды инфорпматикаландыру дегеніміз не? Қоғамдық информатикаландыру дегеніміз - ғылыми техникалық пргресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс -әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан - жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты обьективті процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік мәселе.
Қоғамдық индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы ненгізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікк дайындау.
Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. «информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан - жақты қарастыратын курс болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептерге т программалау элементтерінің енгізілгендігін 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау элементтерінің орта мектепте енгізілуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірінші кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең, бұрынғы Одақтағы 50 - жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ - нің пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызыметінің жаңа саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз болоды. Соған қарамастан оқушылардың программалауды түсініп, игеруі ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.
Алғашқы ЭЕМ - дер пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми --зерттеу мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында программалауды және ЭЕМ - де жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады. 50-ші жылдардың аяғына қарай, А. П. Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласының кейбір мектептерінде тәжірибелер жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибе сондағы ғылыми қашықтықтағы есептегіш техника негізінде жүргізілді. Басталған жұсмысқа университеттер мен ғылыми - зерттеу институттарының көптеген ғылымдары қатысып, араласты. Бірақ мұндай алғашқы қадамдардың жалпы білім беретін орта мектеп үшін міндетті курстың қалыптасуына қатысы жоқ.
Екінші кезең, математика бейімделген мектептер негізінде программалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды 1959 жылдан басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының №444 мектебінде С. И. Шварцбурд жоғары класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталған эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес, С. И. Шварцбурдтың жүргізген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгі болды.
Бұл жылдары математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір программалау жүйесін негізінде жасалды. Осы жинақталған материалдар программалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуында маңызды роль атқарды.
Кейінірек, сол кездегі математикалық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулар тақырыптар ұсынылды. «Санау жүйелері және ЭЕМ -нің арифметикалық құрылғылары» (7-ші класс), «Алгоритмдеу және программалау» (8-ші класс), «Кибернетика негіздері» (9-10-класс), «Программалау тілдері» (11-класс) .
Сонымен келесі кезең, оқу - өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты. Оқу - өндірістік комбинаттары негізінде оқушыларды есептегіш техниканы меңгеруі және пайдалануға байланысты көптеген мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Тап айтқанда, ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханика, электронды аппаратураны реттеуші, пргограммалаушы лаборант, есептеу жұмыстарының операторы дайындалады.
1. 2. Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде.
Мектеп информатикасы информатика ғылымының бір саласы ретінде, мектептегі оқу процесінде пайдаланатын ЭЕМ -ді программалық, техникалық, оқу - әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталады.
Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық, басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған сериялар құралдар бар.
Мектеп информатикасын техникалық қамтамасыз етудің міндеттері: мектептегі оқу - тәрбие процесін сүйемелдеуге арналған техникалық құралдарды таңдауды экономикалық жағынан негіздеу ; мектепте есептегіш техника кабинетін жабдықтаудың параметрлерін анықтау; орта мектепке арналған сериялық құралдар мен өзгеше жасалған құралдарды тиімді пайдаланудың әдістерін табу.
Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөліп қарастырады:
I кезең (7-9 сыныптарегізгі курс деп аталады, ол информатика пәні бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ -нің архитектурасы және информациялық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу процесінде компьтерді жан -жақты, тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс -әрекеттерін қалыптастырады. Негізгі курсты оқытуды басқару ісіндегі информацияның мәні, информациялық процестерді жалпы заңдылықтары және жүйелі - информациялық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақталған, қайталагну), программалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы мағлұматтар алады.
II кезең (10-11 сыныптар) - бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оұқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабілетіне және қызығушылығына байлангысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі.
Мысалы, оқушы жаратылыстану - математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілі тереңдетіліп оқытылады. Сонымен қатар. «Дербес компьтерді пайдаланушы», «Компьютер және іс -қағаздарын жүргізуші» және т. б. курстар енгізілген. Егер базистік жоспардың өзгермелі бөлігінің есебінен курсты оқыту 136 сағатқа дейін арттырылса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес куәлікті беру мүмкіндігі туады.
Жалпы негізгі мектепте курсты оқытуды 68 сағат бөлінсе, ал 10-11 -кластарда базистік оқу жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөліктің есебінен 68 сағат бөлінген.
1. 3. Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі
Қазіргі информатика көлемі бойынша өте үлкен және динамикалық дамуда.
Ақпараттану - адам өмірінің әр саласындағы ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолданумен байланысты сұрақтарды оқып үйрететін ғылыми пән. Генетикалық түрғыдан ақпараттану есептеу техникасымен, компьютерлік жүйелермен және желілермен байланысқан, себебі тек қана компьютерлер, ақпараттық процестерге ғылыми түрде жақындау бірмезгілде қажет және мүмкін болатындай көлемде ақпаратты тудыруға, сақтауға және автоматты түрде түрлендіруге мүмкіндік береді. Ғылым ретінде ақпараттану ақпараттық процестерге тән жалпы заңдылықтарды зерттейді. Ақпараттанудың қосымша объектісі әр түрлі ғылымдар және практикалық қызмет аймағы болып табылады.
Екінші жүниежүзілік соғыстан кейін кибернетика ғылымы тез дами бастады. Бұл ғылым басқарудың және әртүрлі жүйелердегі - жасанды, биологиялық, әлеуметтік - байланыстардың жалпы заңдалығын сипаттауға арналған ғылым. ЭЕМ дамуымен бірмезгілде дами отыра, кибернетика ақпараттарды түрлендірудің жалпы ғылымына айналды.
1. 4. Информатика пәнінің орта мектептегі маңызы
«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
Мектептік информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың рөлі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.
Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік программалар және т. б. өзгерістерін ескере отырып құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.
Мектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға болады:
- ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;
- ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
- информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты іргелі ұғымдарын оқушыларға меңгерту;
- әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үдерістердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың рөлі;
- оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;
- мектептің оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.
Бұл мақсаттарға жету келесі мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:
- ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру(ғылыми-әлемдік бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда ақпараттық үрдістердің мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнын өзгертуде информатика мен есептеуіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету) ;
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту(жеке жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту) ;
- оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау(компьютермен жұмыс жасау ұстанымдары, ақпаратты беру тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру) .
Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру тәсiлдерiн үйрету аса маңызды болып табылады.
2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың міндеттері ҚР БжҒМ-нің 24. 09. 2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген ҚР орта жалпы бiлiм берудің «Информатика» пәні бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты (ҚР БжҒМ-нің 24. 09. 2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген) негiзiнде жүзеге асырылады.
Базистiк оқу жоспарында мектептiң негiзгi сатысында (7-9 сыныптарда) информатиканы оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 102 сағат, оның iшiнде:
7 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,
8 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,
9 сыныпта - аптасына 1сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген.
Еліміздегі білім беруді жаңарту үрдістерінің басты бағыттарының бірі бәсекелестікке қабілетті білім беру өрісін құруды меңзейтін мектептің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту болып табылады. Оның нормативті бағыттары білім берудің Мемлекеттік стандартында белгіленіп көрсетілген (2002 ж. ) және де онда 11 жылдық мектептің жоғары сыныптарында бағдарлы бағытта оқытуға кезеңмен көшу ескерілген болатын. 2009-2010 оқу жылында бағдарлы оқыту оқушылар қалаулары бойынша қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттарының бірін таңдай алады.
Базистiк оқу жоспарында 10-11 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы оқытуға аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат), қоғамдық-гуманитарлық бағытта аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат) бөлінген. Кез келген бағдарлап оқытуда информатикаға және оның қолданыстарына қызығушылық танытқан оқушыларға мектеп таңдау курстарын ұйымдастыру арқылы информатикаға бөлінген сағат санын арттыра алады.
7-9 сыныптарда информатиканы оқытуда 7-сыныпқа арналған «Информатика» бағдарламасы - Алматы: РОНД, 2003 (ҚР БжҒМ-нің 11. 03. 2003 ж. № 148 бұйрығымен бекітілген) ; 8-9-сыныптарға арналған «Информатика» бағдарламасы - Алматы, 2004 (ҚР БжҒМ-нің 12. 05. 2004 ж. № 405 бұйрығымен бекітілген) пайдаланылатын болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18. 10. 2005 ж. № 672 бұйрығымен бекітілген информатиканы 10-11 сыныптарда оқыту үшін келесі бағдарламалар қолданылады:
- білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С. Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. - Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.
- Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С. Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. - Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.
Бағдарламаға ескерту . Бағдарламада техникалық қате жіберілгендіктен, 3-бетте берілген сөйлемді былайша түзетіп оқу керек: «10-11 сыныптарда информатиканы оқыту әр сынып бойынша аптасына 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген».
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады:
Информатиканы тереңдетіп оқығысы келетін оқушылардың саны жеткілікті көп болған жағдайда мектеп базистік оқу жоспарында бағдарлы курстарға бөлінген сағат саны есебінен информатиканы оқытуға бағдарлы деңгейде бөлінген 1 сағатқа аптасына қосымша 2 сағат қоса алады. Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар сәйкес деңгейлер үшін білім беру стандартымен анықталады.
Жоғары сыныптарда информатиканы оқыту кезінде мектептің оқу жоспарына таңдау курстарын енгізу қажет. Бұл келесі мазмұндағы таңдау курстары болуы мүмкін: Объектілі-бағдарланған программалау тілі», «ЭЕМ операторы», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізуші», «Компьютерлік графика», «Web-дизайн», «Ақпараттық жүйелер», «Flash-программалау» және т. б.
Оқушылардың таңдауы бойынша оқу пәні ретіндегі информатиканы оқыту, сондай-ақ оны факультативті сабақтарда тереңдетіп оқыту жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбынан басталуы мүмкін.
Жоғарыда аталған оқу бағдарламалары мен оқулықтар информатиканы оқыту үшін негізгі материалдар болып табылады. Сонымен бірге оқу үдерісінде информатика пәнін тереңдетіп, не факультативтік сабақ ретінде оқыту үшін қосымша оқу құралдары қолданылады. Бағдарлы мектептерде, физика-математикалық және техникалық лицейлерде, физика мен математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде «Арман-ПВ - 2008», «НЦИ - 2008», «Атамұра-2005», «Аруна Ltd - 2008» және т. б. баспалардан шыққан қосымша оқулықтар мен электрондық оқу құралдарын қолдануға болады.
Ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытылатын жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқыту үшін осы тілдерде аударылған оқулықтар қолданылады.
Информатиканы оқыту бағдарламаларын арнайы жабдықталған мультимедиялық кабинетте және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, қолданбалы программалық құралдар, мультимедиялық электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар және т. б. бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Мектептің кітапхана қорында «Информатика» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.
2. ШЕТЕЛ ПРАКТИКАСЫНЫҢ БЕЙІНДІК ОҚЫТУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Әрбір елде жоғары орта білім беру сатысында оқушыларға білім беру процесін ұйымдастыруда (Қазақстандық жалпы орта білім беруге ұқсас) бейіндік оқыту мақсаты толық өлшемде жүзеге асырылып, ерекше белгілерді көрсетеді. Сондай-ақ жалпы тенденцияларда айқындалады.
2. 1 Жоғары орта білім беру мазмұнының даму тенденциялары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz