1978-ші жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясымен салыстырмалы зерттеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.8

1 Қазақ ССР.ның 1978 жылғы Конституциясынан 1991
жылғы желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңға
дейінгі салыстырмалы конституциялық.құқықтық даму

1.1 Қазақ ССР.ның 1978 жылғы Конституциясы бойынша
азаматтық институттадағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер 9.24
1.2 Қазақ КСР.ның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация және
елеулі конституциялық.құқықтық өзгерістер 25.43
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы Конституциялық заңы және еліміздегі түбегейлі
конституциялық.құқықтық өзгерістер 44.62

2 1978 жылғы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясы
арасындағы өтпелі көпір

2.1 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының 1978 жылғы Қазақ
КСР.сы Конституциясынан 1995 жылғы Қазақстан
Республикасы Конституциясындағы даму жолдарының көріністері 63.80
2.2 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша
жоғары мемлекеттік биліктегі салыстырмалы өзгерістер 80.101
2.3 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
құқықтық мемлекет құру туралы 101.118

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...119.122

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .123.128
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез-келген қоғамда, соның ішінде Қазақстан қоғамында да Конституцияның орны мен рөлі ерекше. Конституция қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын жалпылай реттейтін құқықтық құжат, қоғам мен мемлекет өмірінің Негізгі Заңы. Қандай мемлекет болмаса да Конституцияға ерекше көңіл бөледі. Конституция барлық заңдардың заңы ретінде мемлекеттегі құқықтық актілердің негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституция ең жоғарғы күші бар құқықтық акт. Конституцияға қайшы келетін қандай да болмасын заңның немесе нормативтік құқықтық актінің заң күші болмайды, басқаша айтқанда олар қолданысқа кірмейді, басшылыққа алынбайды.
Конституцияда қоғам мен мемлекет өмірінің негізгі жақтары түгелдей жалпылама түрде реттеледі. Бұл дегеніміз Конституцияда көрсетілген нормалардың ең жоғарғы заң күшін білдіре отырып, осы негізде Конституциялық нормаларға сәйкес қоғам мен мемлекеттің әр салалары мен бағыттары бойынша ондаған заңдар мен заң актілерін қабылдауды білдіреді. Конституцияда қоғамның үлкен салалары жалпы реттелгендіктен заңдар мен заң актілерінде сол салалар нақты реттеледі және олар толығымен Конституциялық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Біздің елімізде де заңдардың Конституцияға сәйкестігін анықтайтын бірден-бір орган - Конституциялық Кеңес. Біздің елімізде де заңдардың Конституцияға сәйкестігін анықтайтын бірден-бір орган Конституциялық Кеңес болып табылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Бұл Конституцияға 1998 жылы 7 қазанда біршама толықтырулар және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21мамырдағы Заңымен енгізілген өзгертулермен енгізілді.
Қазақстанның қазіргі Конституциясы мемлекет пен қоғамның дамуына ерекше үлес қосып келе жатқан құжат. Қазіргі Конституция қоғам дамуының қажеттілігінен туындаған құжат. Онда елімізде Президенттік басқару нысаны орнығып, қос палаталы Парламент құрылды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мейлінше кеңейтілді және оларға Конституциялық кепілдіктер орнықты.
Қазіргі қолданыстағы Конституцияның әлеулеті әлі де толық пайдаланды деп айту қиын. Конституцияның әлі де ашылмаған мүмкіндіктері мол. Жалпы Конституцияны қабылдау да, оған өзгерістер мен толықтырулар ендіру де аса күрделі және жауапты процесс. Бұл процестің механизмі Конституцияның өзінде көрсетілген. Әлемдік тәжірибеде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар ендіруге өте сақтықпен қарайды.
Осы тұрғыдан Конституцияларды қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді, сондай-ақ бұрын қабылданып қазіргі кезде тарихтың үлесіне кеткен Конституцияларды бүгінгі қолданыстағы Конституциямен салыстырмалы түрде зерттеудің маңызы үлкен. Мұндай зерттеулер бұрынғы Конституциялардың жетістіктері мен кемшіліктерін ғылыми тұрғыда анықтап, олардың жетістіктерін Конституциялық процесті дамытуға қолдануға және олардың кемшіліктерінің бүгінгі Конституцияда орын алып кетпеуіне жол бермеуге жағдай жасайды. Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі де осында жатса керек.
1 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің «Қазақ КСР Заңдарының жинағын әзірлеу және басып шығару туралы» қаулысы. Алматы, 1976. 13 қазан.
2 Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы.
3 Қазақ АКСР-і еңбекшілерінің құқықтарының Декларациясы. Бүкілқазақстандық кеңестердің бірінші құрылтай сьезі. Орынбор.1920.14-12 қазан.
4 Зиманов С.З. «Конституция и Парламент Республики Казахстан».- Алматы 1998.
5. Қазақ КСР Заңдарының жинағының мәселелері туралы қаулы. Алматы. 1976. 13 қазан.
6. Қазақ КСР Заңдарының жинағын әзірлеу және басып шығару туралы қаулы. Алматы. 1978. 29 желтоқсан.
7. Қазақ КСР-нің 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Конституциясының 70 бабы.
8 . Қазақ КСР- ның 1978 жылғы Конституциясы. .
9. Қазақ ССР- і Конституциясының 68 және 72 баптары.
10Ағдарбеков Т.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2005. 125 б.
11 КСРО азаматтығы туралы заң, КСРО Конституциясцының 33 бабы. 1977жыл. 1 желтоқсан.
12. КСРО азаматтығы туралы заң, КСРО Конституциясцының 33 бабы. 1977. 1 желтоқсан.
13 Қазақ КСР-ң егемендігі туралы Декларация-Алматы, 1990.
14 КСРО Конституциясының 113 бабы
15. 1977 жылғы КСРО Конституциясының 76 бабы.
16. Қазақ Конституциясы 75 бап, 2 тармағы.
17. КСРО Конституциясының 77бабы, Қазақ ССР –і Конституциясының 70бабы)
18. Ким В.А., Ким Г.В. Конституционный строй Республики Қазахстан. Алматы. 1998. 7 бет
19. Барбашев И.В. Советы народных депутатов. Советское государство и право.1998. 3-15 беттер.
20. Актуальные проблемы теории и истории государства и права. Мат. Межд. Научной теорической конференции. Часть 1 /Под общей редакцией В.П.Сальникова, Р.А.Ромашова. СПб.: Санк-Петербургский университет МВД Росии, 2004.-292с.
21 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауы. – Астана: Елорда, 2006.- 44б.
22 Сманова А.Б. ҚР-да азаматтық қоғамды қалыптастырудың құқықтық негіздері. Диссертация 2006. \2455\.
23. Ашитов З.О. Егемен Қазақстанның құқығы. – Алматы, 1997. – 23 б.
24 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы /Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. – Алма-Ата: РГЖИ «Дәуір», 1992. – 56 б.
25 Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030: процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана //Казахстан – 2030. – Алматы: ЮРИСТ, 2000. – 94 с.
26.Нурпеисов Д.К. Суверенный Казахстан: вопросы государства, государственной власти и государственного суверенитета. Алматы, 2002. с. 49.
27 Назарбаев Н.А. Выступление на утреннем заседании Верховного Совета Казахской ССР. Стенографический отчет. 25 октября 1990г. с.3.
28. Нурпеисов Д.К. Суверенный Казахстан: вопросы государства, государственной власти и государственного суверенитета. Алматы, 2002. с.50.
29.Нурпеисов Д.К.Суверенный Казахстан: вопросы государства, государственной власти и государственного суверенитета. Алматы, 2002. с. 51-53.
30. Сартаев С.С. Выступление на утреннем заседании Верховного Совета Казахской ССР 16 октября 1990 года. Стенографич. Отчет. Д. -15.с.73.
31 ЗимановС.З. Выступление на утреннем заседании Верховного Совета Казахской ССР 25 октября 1990 года. Стенографическии Отчет. Д. -20.с.35.
32. Нурпейсов Д.К. Суверенный Казахстан на рубеже тысячелетий. Астана: Елорда, 2001. 37-38.
33.Сартаев С.С., Назаркулова Л.Т. Становление Конституции Республики Казахстан. Алматы: «Кітап», 2002. С.32.
34.Нурпейсов Д.К. Суверенный Казахстан: вопросы государства, государственной власти и государственного суверенитета. Алматы, 2002. С. 56-59.
35. Зиманов С. Конституция и Парламен Республики Казахстан. Алматы: Изд-во «Жеті Жарғы», 1996. С. 28.
36. Декларация «О государственном суверенитете Казахской ССР». Ведомости Верховного Совета Казахской ССР. №44. 1990. С. 408.
37. «Қазақ КСР-нің егемендік туралы» Декларациясы. 1990. 25 қазан.
38. Нурпейсов Д.К. Суверенный Казахстан на рубеже тысячелетий. Астана: Елорда, 2001. 37-38.
39. Қазақ ССР-інің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң.1991.- 25 тамыз.
40. Қазақ ССР-інің атауын өзгерту туралы заң 1991.10 желтоқсан.
41. 1990 жылы 20-қарашада «Қазақ ССР-інің мемлекеттік билік және басқару құрылымдарын жетілдіру және Қазақ ССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан мемлекеттілік кезеңдері.-Алматы: Жеті жарғы.-1997ж.
42.Қазақ ССР-інің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң.1991.- 25 тамыз.
43. Переполох в Советах. Сообщение с семинара проведенного Президиумом Верховного совета Республики // Мысль, 1992. № 2.
44. Нурпейсов Д.К. Суверенный Казахстан: вопросы государства, государственной власти и государственного суверенитета. Алматы, 2002. С. 53-55.
45. Сартаев С.С. Тіл тағдыры – ел тағдыры // Қазақ әдебиеті. 1989, 26 мамыр; Зиманов С.З. О статусе языка // Каз. правда. 1989. 31 августа;
46 Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. – Алматы: Жеті Жарғы. 1997. С. 60.
47 Об итогах выборов Президента Каз ССР. Сообщение Центральной избирательной комиссии по выборам Президента Казахской ССР // Каз правда. 1991. 7 декабря.
48 Стенографической отчет утренного заседания 7-ой сессии Верховного Совета Казахской ССР 10 декабря 1991г. № 79. С. 36-40.
49 Стенографической отчет утренного заседания 7-ой сессии Верховного Совета Казахской ССР 10 декабря 1991г. № 79. С. 36-40.
50. Конституционный Закон Республики Казахстан «О государственной независимости Республики Казахстан» // Ведомости Верговного Совета Казахской ССР. 1991г. № 517 С.622.
51 Сапаргалиев Г.С. Для истории–мгновение, для нас–большие перемены //Каз.правда. 1995. 25 октября.
52 Владимир Ким. Жасампаз жылдар. Алматы:ТОО«Эдельвейс», 2001.192-бет.
53 Нұрпейсов Д.К. Суверенный Казахстан на рубеже тысячалетий. Астана: Елорда, 2001. с.44.
54 Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1993жыл.
55 Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы: Қазакстан, 1996. 555-556-бетгер
56. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған.
57 Мәми. К. Ақиқаттың сытын арқауы // «Егемен Қазақстан» газеті, 28.08.2005 жыл.
58 Монтеське Ш. Избранные произведения. – Москва: Мысль, 1995. С.322.
59. Локк Дж. Сочинения в 3-х томах. – Москва: Мысль, 1988. Том 3. С 66.
60. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз (12-бабының 5-тармагы).
61 Рогов И.И. Адам құқығын шектеу заңмен анықталуы тиіс // Заң газеті. 10.06.2005 жыл.
62. Касенов У. От тоталитаризма к демократии: особенности и перспективы становления демократи в переходной период. Демократия обшества – магистральный путь развития Қазахстана. Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан. – Алматы, 1995. с.19.
63 Баймагамбетов Ж.С. О роли Парламента в обеспечении верховенства Конституции и конституционной законности // Саясат. – 1997. -№1. – с. 21
64.1997 жылдың 11-шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы.
65. Основы государства и права Республики Казахстан. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997. с.22.
66. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
67.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулар.
68. Ағдарбеков Т.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы. 2005. 47б.
69. Ағдарбеков Т.А. Мемлекет және құқық теориясы. 1998.
70. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
71. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. - Алматы: Жеты жаргы. - 1997.-С.164
72 Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан.-Алматы: Жеты жаргы. -1998. -324с.
73. Ким А.А. Основной закон работает // Каз.правда.1993. 9-января.
74. Абельдинов Н.А. Основной закон: пятый и последний // Юридическая газета.-1997. – 13 августа.
75.Котов А.К. Конституция Республики Казахстан 1995г. - демократический акт творения народом своего государства //Саясат.-1977.-№8.-С. 33-36
76. Абенов Е. Президент в Конституционной системе в РК // Фемида. 1997.С.8-10
77. Зиманов С.З. О рождаюшейся новой Конституции //Мысль – 1992. - №5. – С. 21-25.
78. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. Алматы: Жеты жаргы. -1997.- 268с
79 Қазақстан Республикасының 61-ші бабы 3 тармағы.
80 Баймаханов М.Т. Проблемы воплощения принципов правового государства в Конституции Казахстана // Государство и право. – 1992. - №8. - С. 3-11.
81 Ким В.А. Основной Закон – работает. // Каз.правда. – 1997 – 28августа.
82. Джунусова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент институты демократий. Алматы. Жеты жаргы. – 1996. – 205с.
83. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики
Казахстан. – Алматы: Жеты жаргы. -1997. – 164с.
84. Әбділдин С. Қазақстан Парламенті одақтан ордалы елге бет түзеп. Алматы «Қазақстан».- 1993. 145-146-бб
85 Әбділдин С. Қазақстан Парламенті одақтан ордалы елге бет түзеп. Алматы «Қазақстан».- 1993. 145-146-бб
86 Қазақстан Республикасы Конституциясын. 1995. 61-бабы.1 тармағы.
87 Кенжалиев З.Ж. Қос палаталы Парламент және оның құрылымы мен мүмкіндігі. // «Халық кеңесі». – 1994ж. -12 сәуір.
88 Сапарғалиев Г.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы: «Жеті Жарғы», 1998. – 320бет. -214-215-бб.
89. ҚР Парламенті Мәжілісінің регламенті. 1995 жыл 8 ақпан.
90. Основы права Европейского Союза. Учебное пособие.//Под. Ред. Проф. Кашкина С.Ю. –М: 1997,- 368с. – 128-129.
91.Мухамеджанов Э.Б. Парламент Республики Казахстан и законодательные органы зарубежных стран(общие вопросы).-Алматы: Баспа, 1997.-80 бет.
92. Мухамеджанов Э.Б. Парламент Республики Казахстан и законодательные органы зарубежных стран(общие вопросы).-Алматы: Баспа, 1997.-80 бет.
93. Амиров Н.К. Конституционно-правовой статус Сената Парламента Республики Казахстан. Афтореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата юридических наук. Алматы.2000. 10 б.
94.Мухамеджанов Э.Б. Парламент Республики Казахстан и законодательные органы зарубежных стран(общие вопросы).-Алматы: Баспа, 1997.-80 бет.
95. Мухамеджанов Э.Б. Парламент Республики Казахстан и законодательные органы зарубежных стран(общие вопросы).-Алматы: Баспа, 1997.-80 бет.
96. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі Конституцияға енгізулер жаңа өзгерістерді жариялады.
97.С.Сартаев. Жизнь: штрихи к портрету профессора С.Сартаева.- Алматы, 2002.-497с.
98. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы //конференция материалдары, 1997 жылдың 12-13 қарашасы.- Алматы, 1997.-5-9 бб.
99. Н.Ә.Назарбаев. Казахстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы; Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы,2002.-5 бет.
100. Медиева К. Правовые проблемы совершенствования деятельности местных испольнительных органов РК.- Алматы,2003.-350 с
101. Ким К. Годы созидания. Анализ политических и конституционно – правовых взглядов первого Президент Республики Қазахстан. – Алматы: ТОО Эдельвейс», 2001.с.253.
102. Матюхин А. Государство в сфере права. Институциональный подход. Алматы: ВШП «Адилет», 2000. с.179 – 180
103. Копабаев О. К., Черняков А. Конституция Республики: от нигилизма к прагматизму // Каз.правда. 1993. 15 июля. 3-бет.
104. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 31 мамырдағы Заңымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулар.
105. Платон. Соч. в 3-х тт. Т.2. - М.,1971.-С.188-189.
106 Cартаев С., Нұрпейсов Д. Тәуелсіз Қазақстан – егеменді мемлекет. Алматы, 2004. - 257 бет.
107. Назарбаев Н.А. За мир и согласие в нашем доме. Доклад на 1сессии Ассамблеи народов Казахстана 24 марта 1995 года.
108. «ҚР-ғы құқықтық мемлекет: мәселелері және болашағы»: (Халықаралық ғылымит-практикалық конференция құжаттары). – Астана: - Б.о.ж., 2002.102б.
109. Қазақстан Республикасының 61-ші бабы 3 тармағы.
110. ҚР тәуелсіздік туралы конституциялық заңы.
111.Мухамеджанов Э.Б. Парламент Республики Казахстан и законодательные органы зарубежных стран(общие вопросы).-Алматы: Баспа, 1997.-80 бет.
112. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР конституциялық заңы // Халық кеңесі.1991.25 қыркүйек.
113. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан.- Алматы: Жеті жарғы, 1998.- 352 б.
114 Сартаев С.С. Об учреждении поста Президента Казахской ССР и внесении изменений и дополнений в Конституцию (Основной Закон) Казахской ССР. Доклад народного депутата, члена комисси Президиума Верховного Совета Казахской ССР двенадцатаго созыва // Казахстанская правда. 1990. 25 апреля.
115 Баймаханов М.Т., Вайсберг Л.М., Котов А.К. Становление суверенитета Республики Казахстан (государственно-правовые проблемы). – Алматы, 1994.
116 Қазақстан Республикасы Конституциясының Конституциясы.- Алматы: Қазақстан, 1998.
117 Башарова З.М. Законодательная деятельность Парламента Республики Казахстан: Дис.канд. юрид.наук.-Алматы, 1996.
118. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясы. 3бап.
119. Қопабаев О.К., Черняков А. Конституция Республики: от нигилизма к прагматизму //Каз.провда. 1993. 15 июля. С.3.
120. Ведомости Верховного Совета. 1990 №10.
121. Ведомости Верховного Совета. 1990 №11
122. Ведомости Верховного Совета. 1990 №22
123. Ведомости Верховного Совета. 1990 № 47
124. Ведомости Верховного Совета. 1990 №49
125. Ведомости Верховного Совета. 1990 № 50
126. Ведомости Верховного Совета. 1991 №1.
127. «Қазақ ССР-індегі меншік туралы» заң. 7 бап.
128 Сартаев, С.С. Об учреждении поста Президента Казахской ССР и внесении изменений и дополнений в Конституцию (Основной Закон) Казахской ССР. Доклад народного депутат члена комисси Президиума Верховного Совета Казахской ССР двенадцатаго созыва. Казахстанская правда. 1990. 25 апреля.
129 Сартаев С.С. Президентство целесообразно // Казахстанская правда.-
1990.-13 апреля.
130. Журсимбаев С. Еще раз о Конституционном Суде // Вести Казахстана. 1995. - 25 июля.
131.Судебная власть – гарант демократии //Советы Казахстана. 1994.-18 ноября.
132.Законодательство Республики Казахстан об органах обороны, правосудия, безопасности и порядка. Алматы. 1996. №1 с.22-65.
133.Совет безопасности заинтересовался приватизацией //Деловая неделя. 1996. 22 марта

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 128 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ОӘЖ 342 4(574): 947 1 (1995) Қолжазба
құқында

Беспай Тұрсынгүл Жұманқызы

1978-ші жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясын,
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясымен салыстырмалы зерттеу

12.00.01 – құқық және мемлекет теориясы мен тарихы;
құқықтық және саяси ілімдер тарихы

Заң ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация

Ғылыми жетекшісі:
заң ғылымдарының докторы,
профессор Т.А. Ағдарбеков

Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-8

1 Қазақ ССР-ның 1978 жылғы Конституциясынан 1991
жылғы желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңға
дейінгі салыстырмалы конституциялық-құқықтық даму

1.1 Қазақ ССР-ның 1978 жылғы Конституциясы бойынша
азаматтық институттадағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер
9-24
1.2 Қазақ КСР-ның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация және
елеулі конституциялық-құқықтық өзгерістер
25-43
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы Конституциялық заңы және еліміздегі түбегейлі
конституциялық-құқықтық өзгерістер
44-62

2 1978 жылғы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясы
арасындағы өтпелі көпір

2.1 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының 1978 жылғы Қазақ
КСР-сы Конституциясынан 1995 жылғы Қазақстан
Республикасы Конституциясындағы даму жолдарының көріністері 63-80
2.2 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша
жоғары мемлекеттік биліктегі салыстырмалы өзгерістер
80-101
2.3 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
құқықтық мемлекет құру туралы
101-118

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .119-122

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...123-128

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез-келген қоғамда, соның ішінде
Қазақстан қоғамында да Конституцияның орны мен рөлі ерекше. Конституция
қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын жалпылай реттейтін құқықтық
құжат, қоғам мен мемлекет өмірінің Негізгі Заңы. Қандай мемлекет болмаса да
Конституцияға ерекше көңіл бөледі. Конституция барлық заңдардың заңы
ретінде мемлекеттегі құқықтық актілердің негізгі қайнар көзі болып
табылады. Конституция ең жоғарғы күші бар құқықтық акт. Конституцияға қайшы
келетін қандай да болмасын заңның немесе нормативтік құқықтық актінің заң
күші болмайды, басқаша айтқанда олар қолданысқа кірмейді, басшылыққа
алынбайды.
Конституцияда қоғам мен мемлекет өмірінің негізгі жақтары түгелдей
жалпылама түрде реттеледі. Бұл дегеніміз Конституцияда көрсетілген
нормалардың ең жоғарғы заң күшін білдіре отырып, осы негізде Конституциялық
нормаларға сәйкес қоғам мен мемлекеттің әр салалары мен бағыттары бойынша
ондаған заңдар мен заң актілерін қабылдауды білдіреді. Конституцияда
қоғамның үлкен салалары жалпы реттелгендіктен заңдар мен заң актілерінде
сол салалар нақты реттеледі және олар толығымен Конституциялық нормаларға
сәйкес болуы тиіс. Біздің елімізде де заңдардың Конституцияға сәйкестігін
анықтайтын бірден-бір орган - Конституциялық Кеңес. Біздің елімізде де
заңдардың Конституцияға сәйкестігін анықтайтын бірден-бір орган
Конституциялық Кеңес болып табылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясы 1995
жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Бұл
Конституцияға 1998 жылы 7 қазанда біршама толықтырулар және Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 21мамырдағы Заңымен енгізілген өзгертулермен
енгізілді.
Қазақстанның қазіргі Конституциясы мемлекет пен қоғамның дамуына
ерекше үлес қосып келе жатқан құжат. Қазіргі Конституция қоғам дамуының
қажеттілігінен туындаған құжат. Онда елімізде Президенттік басқару нысаны
орнығып, қос палаталы Парламент құрылды. Азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары мейлінше кеңейтілді және оларға Конституциялық кепілдіктер
орнықты.
Қазіргі қолданыстағы Конституцияның әлеулеті әлі де толық пайдаланды
деп айту қиын. Конституцияның әлі де ашылмаған мүмкіндіктері мол. Жалпы
Конституцияны қабылдау да, оған өзгерістер мен толықтырулар ендіру де аса
күрделі және жауапты процесс. Бұл процестің механизмі Конституцияның
өзінде көрсетілген. Әлемдік тәжірибеде Конституцияға өзгерістер мен
толықтырулар ендіруге өте сақтықпен қарайды.
Осы тұрғыдан Конституцияларды қабылдау, оларға өзгертулер мен
толықтырулар енгізуді, сондай-ақ бұрын қабылданып қазіргі кезде тарихтың
үлесіне кеткен Конституцияларды бүгінгі қолданыстағы Конституциямен
салыстырмалы түрде зерттеудің маңызы үлкен. Мұндай зерттеулер бұрынғы
Конституциялардың жетістіктері мен кемшіліктерін ғылыми тұрғыда анықтап,
олардың жетістіктерін Конституциялық процесті дамытуға қолдануға және
олардың кемшіліктерінің бүгінгі Конституцияда орын алып кетпеуіне жол
бермеуге жағдай жасайды. Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі де осында
жатса керек.
Біздің елімізде бұған дейін бірнеше Конституциялар өмір сүрді.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Конституция болған емес. Бірақ Конституциялық
сипаты бар жүйеленген заңдар болған. Ондай заңдардың қатарына Қасымханның
қасқа жолы (16 ғасырдың басы), Есім ханның ескі жолы (17 ғасырдың басы),
Тәуке ханның Жеті жарғысы (17 ғасырдың соңы). Қазіргі кезде ғалымдар бұл
заңдарды кодификацияланған заңдар деп жүр. Өкінішке орай бұл заңдардың
негізгі бөлімдері бізге дейін жетпеген. Аталған заңдардың қазақ қоғамы үшін
Конституциялық сипатта болғандығы. Мәселе осы заңдардың да Конституция
сияқты қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын реттеуінде. Қазақ ССР
заңдар жинағының 1-ші томының кіріспесінде Қазақ КСР заңдар жинағының
негізі Кеңес қоғамының коммунизмге қарай ілгері дамуының жаңа тарихи шебін-
кемелденген социалистік қоғам құруды бекіткен Қазақ КСР Конституциясы болып
табылды,-делінген [1].
Конституциялық комиссияның төреағасы – Д.А.Қонаев 1978 жылғы 19
сәуірдегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясында
жасалған баяндамасы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Конституциясының жобасы және оның бүкілхалықтық талқылаудың қорытындылары
жөнінде баяндама жасаған еді.
Бұл баяндаманың нәтижесінде 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы
қабылданды. Қазақ ССР-нің Конституциясының алғы сөзінде бірінші рет оны
халық қабылдап, жариялайтындығы жазылды. Қазақ ССР-нің 1978 жылғы
Конституциясы, КСРО Конституциясының ізін ала құрылымдық жағынан едәуір
өзгерді. Ол он бөлімнен, он тоғыз тараудан 173 баптан тұратын [2].
Конституция көлемі жағынан біршама кеңейіп, жеке мәселелер бойынша
конституциялық жүйелерді тереңірек қарастырды. Мәселен, Қазақ ССР-нің
қоғамдық құрылысы мен саясатының негізі деп аталатын бірінші бөлімде,
Сыртқы саясат қызметі және социалистік Отанды қорғау деген сияқты жеке
тараулар енгізілді.
Қабылданған барлық Конституцияларда, кеңестік қоғамда дамыған
социализм дәуіріне аяқ басып, кеңестік мемлекеттің пролетариат
диктатурасының жалпыхалықтық мемлекетке арналған заңдығын көрсету басты
міндетке айналды. Олар конституцияның алғашқы баптарынан көрініс тапты.
Сондай-ақ КСРО-ның және Одақтас республикалардың конституция-ларында тұңғыш
рет халық деген түсінік енгізіліп, оны барлық билікті қолға ұстаған
субьект ретінде жариялады.
Бірақ, мемлекеттіктің жалпыхалықтық сипаты жөнінде айтылғанымен
таптық мәнін еш жоғалтқан жоқ еді. Конституцияның мән-мазмұнын дәл осындай
түсіндіру саяси және мемлекеттік-құқықтық әдебиеттерде де жалпыға бірдей
насихатталды.
Ресей империясында да Конституция болмаған. Себебі патша өкіметінің
самодержавиелік билігі ешқандай Конституцияға орын қалдырмаған. Орыс
императорлары өзі патша, өзі заң, өздері Конституцияның міндеттерін
атқарды. Мұндай абсолюттік билік орнаған қоғамда Конституцияға орын
болмаған.
1917 жылы Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі орнады. 1918
жылы РКФСР-дің бірінші Конституциясы қабылданды. Ол кезде Қазақстанның
үлкен бөлігі РКФСР-ға қарады, ал үштен бір аумағы Түркістан АКСР-іне
қарады. Түркістан АКСР-інің өзі РКФСР-дің құрамына кірді. Қазақстандағы
қоғамдық қатынастар осы Конституциялармен реттелді.
1920 жылы 28 тамызда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік
Республикасы құрылды. 1920 жылы 14-12 қазанда Орынбор қаласында өткен
Бүкілқазақстандық кеңестердің бірінші құрылтай сьезінде Қазақ АКСР-і
еңбекшілерінің құқықтарының Декларациясы қабылданды. Бұл құжаттың сол
кезде Қазақстан үшін Конституциялық сипаты болды[3].
1926 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті Қазақ АКСР-інің
Конституциясының жобасын қабылдап, оны Мәскеуге КСРО Бүкілодақтық Атқару
Комитетіне (КСРО ОАК) ұсынды. Бірақ Мәскеу бұл құжатты бекітпеді. Осылай
Қазақстан 1937 жылға дейін КСРО-ның 1924 жылы қабылдаған Конституциясы
бойынша өмір сүрді.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл
женген социализмнің Конституциясы деп аталды. Кейбір әдебиеттерде оны
Сталиндік Конституция деп атайды. Осы Конституция бойынша Қазақстан
автономиялы Республика мәртебесінен одақтас республика мәртебесіне қол
жеткізді.Сөйтіп, Қазақстан КСРО-ның құрылтайшыларының біріне айналды.
Осы Конституция негізінде 1937 жылы 27 наурызда Қазақ КСРО-нің
бірінші Конституциясы қабылданды.
1977жылы 7қазанда КСРО-ның жаңа Конституциясы Кеңес Одағы құлағаннан
кейін де көптеген өзгерістер қабылдады. Бұл Конституцияны кемелденген
социалистік қоғамның Конституциясы деп атайды. Кейде оны Брежневтік
Конституция дейді. Осы Конституция негізінде 1978жылы сәуірде Қазақ КСР-ның
жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституцияға Кеңестер Одағы құлағаннан
кейін де көптеген өзгерістер мен толықтырулар ендіріліп, 1993 жылғы
Қазақстан Республикасың алғашқы Конституциясына дейін әрекет етті.
1995 жылы жаңа тарихи талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының
қазіргі қолданыстағы Конституциясы қабылданды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстандық құқықтану ғылымында
Конституциялық құқық пәні үлкен жетістіктерге жеткен сала болып табылады.
С.З.Зимановтың, Н.М.Баймахановтың, С.С.Сартаевтың, Г.Сапарғалиевтың,
Т.Ағдарбековтың, С.Абдилдинның, М.Х.Матаеваның, С.А.Табанов және
А.Ә.Оразованың, А.К.Котовтың, З.Ж.Кенжалиевтың, Ө.Қопабаевтың,
С.К.Амандықованың, Азбергеновтың еңбектерінде Қазақстандағы
конституционализмнің мәселелері жан-жақты зерттелген. Әсіресе
С.З.Зимановтың еңбектерінде конституциялық құрылыстың мәселелері жан-жақты
талқыланған.
Академик С.З.Зиманов Конституция и Парламент Республики Казахстан.-
(Алматы 1998) атты монографиялық еңбегінде 1978, 1993 және 1995 жылғы
конституцияларды қабылдау процесі, олардың ерекшеліктері, республикадағы
кәсіпқой Парламенттің қалыптасу жолдары мен заңдылықтарын жан-жақты ашылған
[4]. С.З.Зиманов осы конституцияларды талқылауға, жасауға тікелей ат
салысқан ғалым. Зимановтың еңбектерінің ерекшелігі онда Кеңес Одағының
тарауы тәуелсіз Қазақстанның құрылуы жағдайындағы қоғамдық қатынастарды
терең зерттеліп, жаңа қоғамның құқықтық талаптарының қалай жүзеге
асырғандығы терең ғылыми тұрғыдан көрсетілген.
С.Сартаев пен Л.Т.Назарқұлованың Становление Конституции
Республики Казахстан (Алматы 2002) деген кітабында Қазақстан
Республикасының қалыптасуы жан-жақты ашылған, оның заңдылықтары
көрсетілген.
Ғ.Сапарғалиев Қазақстандағы конституциялық құқық пен конституциялық
дамуды зерттеуге ерекше үлес қосқан ғалым. Оның Қазақстан
Республикасының конституциялық құқығы атты жоғарғы оқу орындарына арналған
оқулығы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет басылып шықты. Көлемі
жағынан ас ауқымды осы еңбектерде Конституцияның ерекшеліктері, мемлекеттік
құрылыс, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сайлау жүйесі қазіргі
заманғы әлемдік құқықтану ғылымы деңгейінде баяндалған.
А.К.Котовтың еңбектері Қазақстандағы хандық биліктен президенттік
басқаруға дейінгі мемлекеттік құрылысты зерделеуге және еліміздің
егемендігінің қалыптасуына арналған.
Т.Ағдарбековтың монографиялық зерттеуінде, докторлық диссертациясында
Қазақстандағы ұлттық мемлекеттік құрылыстың дамуы және оған Конституциялық
нормалардың ықпалын анықтауға арналған.
С.А.Табанов пен А.Ә.Оразованың Күрделі заманның өтпелі
кезеңдеріндегі қазақ қоғамы ата заңдарының (Конституцияларының) тарихи
құқықтық сабақтастығы (Алматы,2005) атты кітабында 1917 жылдан бүгінгі
конституциялық даму кезеңдері талқыланған. Бұл еңбек оқулық басылым ретінде
шығарылған.
Талдау көрсеткендей айтылған ғалымдардың еңбектерінде Конституцияның
сан қырлары ашылғанымен олардың өз мақсаттары мен міндеттері болады. Бұл
еңбектерде 1978 жылғы Қазақ КСР-і Конституциясымен 1995 жылғы Қазақстан
Республикасы Конституциясының салыстырмалы түрде еңбектері алға қойылмаған.
Осы жағдайлардың бәрі де автордың алдына конституциялық құқық
ғылымында әлі де толық зерттеуін таппаған 1978 жылы және 1995 жылдарғы
еліміздің конституцияларын салыстырмалы зерттеу міндетін қойды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. 1978 жылғы Қазақ КСР-і
Конституциясымен 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының
ерекшеліктерін, оларды бекітілген мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың,
азаматтықтың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының тағы басқа
жақтарын салыстырмалы түрде зерттеу болып табылады. Осы мақсатты жүзеге
асыру үшін мынадай міндеттер қойылады:
- 1978 және 1995 жылғы Конституциялар бойынша азаматтық институтында-ғы
және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарындағы ұқсастықтары мен
өзгешеліктерді көрсету;
- Қазақ КСР-і заңның еліміздің конституциялық құқықтық дамуындағы
түбегейлі үлесін көрсету;
- 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1978 және 1995 жылғы
Конституциялары арасындағы өтпелі көпір екендігін зерттеу;
- 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1978 жылғы
Конституцияға қарағанда жоғары дәрежедегі демократиялық қоғамның негізгі
заң екендігі салыстырмалы түрде зерделеу;
- Осы Конституциялардағы жоғарғы мемлекеттік билік органдарының дамуы мен
өзгерістерінің денамикасы және Конституцияның құқықтық мемлекет құрудағы
рөлін көрсету.
Зерттеу объектісі. - 1978, 1993 және 1995 жылғы еліміздің
Конституциялары реттейтін қоғамдық қатынастар, атап айтқанда азаматтық
институты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дамуы, қоғамдық және
мемлекеттік құрылыстың эволюциясы, құқықтық мемлекетті құру болып табылады.
Зерттеудің методологиялық негіздері. Зерттеуде жалпы және жеке
ғылыми зерттеу әдістері қолданылады. Әсіресе қоғам дамуының диалектикасына
көп назар аударылады. Логикалық, құрылымдық функционалдық талдау және
топтау, әсіресе салыстырмалы құқықтық әдістер кеңінен пайдаланылады.
Диссертациялық зерттеудің нормативтік негіздері - 1978 жылғы Қазақ
КСР-інің Конституциясы және оған толықтырулар мен өзгерістер енгізген
заңдар, Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Конституциялық заң
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Конституциялық және жай заңдар, түрлі
нормативтік актілер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – диссертациялық еңбекте ағаш рет
құқықтану ғылымы бойынша 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы мен 1995 жылғы
Қазақстан Республикасының Конституциясы салыстырмалы түрде зерттелді. Осы
Конституциялардың ұқсастықтары мен өзгешеліктеріне ғылыми талдау жасалды.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі – ізденуші алдына қойылған ғылыми
зерттеу мәселелерінің шешімін табу арқылы көздеген мақсатқа жету
қисындылығына сәйкес құрылды. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, алты
бөлімшеден, қорытындыдан, қолданылған деректер тізімінен тұрады. Жұмыстың
көлемі Казақстан Республикасы Жоғарғы аттестациялық комиссияның
ңұсқауларына белгіленген талаптарына сай келеді.

1 Қазақ ССР-ның 1978 жылғы Конституциясынан 1991 жылғы 16
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Конституциялық Заңға дейінгі салыстырмалы конституциялық-құқықтық даму

1.1 1978 және 1995 жылдардағы конституциялар бойынша азаматтық
институтындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер

Елімізде басталған маңызды мемлекеттік, саяси экономикалық,
конституциялық құқықтық процестерді мұқият зерттеп, зерделеу ісі аяқталды
деп айта алмаймыз. Өйткені қазіргі таңда да көкейтесті мәнін жоғалтпаған
бұл мәселені уақыт сынына сай саралау, зерттеу бағытындағы ізденістер
тоқтаусыз жалғаса бермек.
Қазақ мемлекеттілігі тарихы бес жүз жылдан асады. Ал, Қазақстан
конституциялары (барлығы бесеу) жиырмасыншы ғасырда ғана қабылданған.
Алғашқы үш Конституция кеңестік кезеңге жатады: лениндік (1926ж.),
сталиндік (1937ж.), брежневтік (1978ж.), ал соңғы екеуі -1993 жылғы мен
1995 жылғы конституциялар тәуелсіздік туғырлары.
1926 жылғы Конституция Қазақ ССР Орталық Атқару Комитетінің
шешімімен қабылданып, Бүкілресейлік Атқару комитетіне бекіту үшін
ұсынылған. Алайда аталмыш Конституцияның жобасы мүлдем бекітілмегендіктен
республика территорисында оның заңды күші жүрген жоқ.
Жоғарыда көрсетілген, Қазақ ССР-нің алғашқы үш конституциясы
біртектес кеңестік-социалистік жүйеге лайықталған еді. Олардың
мақсаттары социалистік құндылықтарды қорғау, кеңестер үкіметін
нығайту, таптық қасиеттерге сай жұмысшы тобының диктатурасын іске
асыру арқылы оның жетекшілік рөлін арттыру болатын.
Қазақ ССР-інің соңғы қабылданған конституциясын сөз етпек бұрын
еліміздің заңдарын жетілдіруде елеулі еңбек сіңірген саяси қайраткер сол
кездегі КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың еңбегін атап өтуді жөн
көрдім.
Ұлы кемеңгер Қазақстан заңдарын реттеудің барлық кезеңіне тоқталып,
заңдарды жүйелеп, оны одан әрі жетілдірудегі еңбегі ұшан теңіз. Оған мысалы
елімізде ірілендірілген заңдардың 22 томдық хронологиялық және Жүйелік
Заңдар жинағының дүниеге келуі.
Д.А.Қонаевтың басшылығымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы мен
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1976 жылғы 13 қазандағы Қазақ КСР
Заңдарының жинағын әзірлеу және басып шығару туралы, 1978 жылғы 29
желтоқсандағы Қазақ КСР Заңдары жинағының мәселелері қаулыларына сәйкес
жүзеге асырылды [5].
Жинақтың 1-ші томының кіріспесінде Қазақ КСР Заңдар жинағының негізі
Кеңес қоғамының коммунизмге қарай ілгері дамуының жаңа тарихи шебін-
кемелденген социалистік қоғам құруды бекіткен Қазақ КСР Конституциясы болып
табылды,- делінген.
Жинақтың бірінші тобының беташары - Қазақ КСР-інің Конституциясынан
басталып, оның қырсауларын соған сәйкестендірілген конституциялық заңдар
құраған Қоғамдық және мемлекеттік құрылыс туралы заңдар атты 1-бөлім,
оның 9 тараудан тұрады (1-тарауҚазақ азаматтығы, 2-тарау Сайлау жүйесі.
Халық депутаты. Референдум, 3- тарау Қазақ КСР-інің Мемлекеттік өкімет
пен басқарудың жоғарғы органдары, 4-тарау Қазақ КСР-індегі мемлекеттік
өкімет пен басқарудың жергілікті органдары, 5-тарау Азаматтардың
ұсыныстары, арыздары мен шағымдары, 6-тарау Қазақ КСР-інің Мемлекеттік
жалауы, Қазақ КСР-інің Мемлекеттік гимні, Жалаулар мен вымпелдер,7-тарау
Әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері. Әкімшілік - аумақтық единицалар мен
басқада обьектілерге ат қою және олардың атын өзгерту, оларға мемлекет және
қоғам қайраткерлерінің есімдерін беру тәртібі, 8-тарау Қазақ КСР-інің
құрметті атақтары. Құрмет грамоталары. Қазақ КСР-інің мемлекеттік
сыйлықтары, 9-тарау Басқа мәселелер).
Еліміздің Ата заңының (1978) кіріспесінде Коммунизмнің биік
мұраттарын басшылыққа ала отырып КСРО-ның қоғамдық құрылысы мен саясатының
негіздерін баянды еткен, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен
міндеттерін, социалистік, жалпыхалықтық мемлекеттің ұйымдастырылу
принциптері мен мақсаттарын белгілеп КСР Одағының Конституциясына (Негізгі
заңына) сәйкес Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының халқы осы
Конституцияны жариялайды,-делінген.
Демек, 1977жылғы КСРО Конституциясы мен 1978 жылғы Қазақ КСР
Конституциясының арасындағы тығыз байланысты аңғаруға болады. Мұның өзі
қолданыстағы кеңестік конституциялардың біріңғай біртұтас жүйеге бір
обьективтік сипат алғандығын білдіреді.
Жинақтың 1-ші томының бұл нәтижесінде 1978 жылғы Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасы Конституциясы қабылданды. Бұл конституциялар
Коммунизмнің билік мұраттарын басшылыққа ала отырып және
республиканың қоғамдық құрылысы мен саяси негіздерін баянды етіп,
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, социалистік
жалпы халықтық мемлекеттің ұйымдастырылуы принциптері мен мақсаттарын
белгілеп берді және олар Кеңес Одағының Конституциясына (негізгі заңына)
сәйкес болды. Қабылданған 1978 жылы 20 сәуірде конституцияда кеңестік
қоғамның дамыған социализм дәуіріне аяқ басып, кеңестік мемлекеттің
пролетариат диктатурасы түрінен жалпы халықтық мемлекетке айналғандығын
көрсету басты міндетке айналды және олар конституцияның алғашқы баптарынан
көрініс тапты. Сонымен қатар осы кезде КСРО-ның және одақтас
республикалардың конституцияларына тұңғыш рет халық деген түсінік
енгізіліп, оны барлық билікті қолға ұстаған субьект ретінде жариялады [6].
Бірақ конституцияларда жалпы халықтық сипаты жөнінде айтылғанымен,
оның мәні еш жоғалған жоқ еді. Конституцияның мән-мазмұнын дәл осылай
түсіндіру саяси және мемлекеттік-құқықтық әдебиеттерде де жалпыға бірдей
насихатталды.
Олай деуімізге пролетарият диктатурасы идеясының, жұмысшы табының
жетекші рөлі туралы идеясымен алмастырылып, өңі өзгертілуі анық
дәлел бола алады. Қазақ ССР-нің 1978 жылғы Конституциясының алғы
сөзінде, бұрынғы конституциялардың принциптері мен идеяларын сақтап,
жалғастыратындығы ашық айтылды. Конституцияның таптық сипаты, ап-анық
байқалады. Оның алтыншы бабында: кеңестік қоғамның жол көрсетушісі
және басқарушысы, оның бүкіл саяси жүйесінің өзегі сол коммунистік
партия болатындығын анық көрсеткен. Тағы бір мән беретін мәселе, ол
1977жылғы КСРО Конституциясының 1-ші бөліміне Коммунистік партияның
жетекші рөлі туралы жеке баптың енгізілуі еді. Коммунистік партияның
бүкіл мемлекеттік құрылымының негізі екендігі осы конституция арқылы
бекітілді [7].
Конституцияда демократияның таптық мәні сақталып, ол социалистік
демократия деп аталды. Дегенмен оның шеңбері едәуір кеңейтілді. Мәселен,
онда бұрынғы конституциялардағы көрсетілмеген азаматтардың шығу тегі,
әлеуметтік және мүліктік жағдайы, білімі, тілі, дінге қатысы, қызмет
түрі, тұрғылықты жеріне қарамастан заң алдында бірдей болу принципі
бекітілді. Сондай-ақ 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясында азаматтар
құқықтарының тізілуі анағұрлым толықтырылып, тұрғын үй құқығы,
денсаулықты сақтау құқығы т.б. толықтырулар енгізілді. Тұңғыш рет
онда мемлекеттік маңызы зор деген мәселелердің халықтың талқысына
ұсынылатындығы, сондай-ақ жалпы халықтық дауысқа салынатындығы жөнінде
ереже бекітілді.
Конституцияны жаңаша қалыптастыру процестері оның бүкіл мән
мазмұнын кезең кезеңімен, біртіндеп өзгерту арқылы іске асырылды.
Сонымен сол кезеңдегі Одақтас республика Конституция бойынша жарияланды.
1977 жылғы КСРО конституциясында одақтас республиканың егемендігі
КСРО-ның билігіне қарайтын кей мәселелерді қоспағанда, мемлекеттік билікті
өз территориясының шегінде сол кезде-ақ іске асыратындығы арқылы
көрініс тапқан. Ал, Одақтың қарамағына Конституцияның 73 бабына
сәйкес қоғамдық жүйені дамытудың барлық маңызды мәселелері
енгізілген. Соның ішіндегі бірғана экономика саласы бойынша: біртұтас
әлеуметтік – экономикалық саясат жүргізу, ел экономикасы мен халық
шаруашылығы салаларына Одаққа бағынышты бірлестіктер мен
кәсіпорындарға басшылық жасап ғылыми – техникалық прогресстің негізгі
бағыттарын айқындау, салықтар мен кірістерді белгілеу, баға және
төлем төлеу саласындағы саясатты айқындау т.б. бар. Мысалы, 73 баптың
12 тармағында Одақтың орталық органдарының қалауы бойынша кез
келген мәселе бүкілодақтық маңызды деп жарияланып одақтың құзырына
кіретіндігі туралы түсінік берілген.
1978 жылғы Республиканың Негізгі Заңындағы 68 бап: Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасы суверенді кеңестік социалистік мемлекет,- деп
тұжырымдаған. Негізгі Заң кіріспеден, 10 бөлімнен: 1-ші бөлім Қазақ КСР-
інің қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздері, 2-бөлім Мемлекет және
жеке адам, 3-бөлім Қазақ КСР-інің ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-
аумақтық құрылымы, 4-бөлім Қазақ КСР-і халық депутаттарының кеңестері
және оларды сайлау тәртібі, 5-бөлім Қазақ КСР-нің мемлекеттік өкіметі мен
басқаруының жергілікті органдары, 6-бөлім Қазақ КСР-індегі мемлекеттік
өкімет пен басқарудың жергілікті органдары 7-бөлім Қазақ КСР-нің
экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспары. Қазақ КСР-інің
мемлекеттік бюджеті, 8-бөлім Сот әділдігі, арбитраж және прокурорлық
қадағалау, 9-бөлім Қазақ КСР-інің гербі, жалауы, гимні және астанасы, 10-
бөлім Қазақ КСР-інің Конституциясының қолданылуы және оны өзгерту
тәртібі, барлығы 19 тараудан, 173 баптан тұрады [8].
Осы Конституцияның (1978) жобасында Республиканың тарихи дамуына
байланысты ерекшеліктері, мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының
қызмет практикасы ескерілген. Қазақ КСР-інің аумағы тек әкімшілік аумақтық
құрылымға бөлінгендіктен, бұл бөлімнің Ұлттық мемлекеттік деп аталуы
негізсіз, сол кездегі КСРО Конституциясынан ауытқуға болмайтындығы белгілі
болды.
Қазақ КСР Конституциясының (1978) бабында:Қазақ КСР-сы өзінің облыстық
және аудандық бөлінісін белгілейді. Сонымен қатар, әкімшілік-аумақтық
құрылысының өзге де мәселелерін шешеді - делінген. Бұл қағида 1995 жылғы
Конституция мәтінінен ол алынып тасталған еді.
1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы кеңестік социалистік федерация
нысандарын жетілдіруде қандай да болсын қағидалы өзгерістерді енгізген жоқ.
Керісінше, ол заңды түрде көп ұлтты мемлекеттің ұйымдастырылуы мен қызметі
жөнінде одақтық бастаманың күшейтілуін бекітті. Мысалы: Қазақ КСР-інің 73
бының 3-тармағында республикалық және жергілікті мемлекеттік өкімет пен
басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің жалпы бағытын
тағайындау, КСРО-ның бүкіл аумағында заң реттіліктің біріңғайлылығын
қамтамасыз ету (73-бап, 4-тармақ); біріңғай әлеуметтік – экономикалық
саясатты, елдің экономикасын басқаруды жүргізу, ғылыми-техникалық
прогрестің негізгі бағыттарын және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен
қорғау жөніндегі жалпы шараларды айқындау сияқты өкілеттілігі (73-бап, 5-
тармақ).
Федерализм принципін деформациялау оның орталықтануына, біртұтас
мемлекетті, бюрократиялық басқаруға әкеп соқтырды.
Шын мәнінде федерация формальді болды. Ұлтаралық қатынастардың дамуын
деформациялау және ұлттық өзіндік арнаның өсуі одақтас рспубликалардың
өзіндік егемендігін сақтап қалуға итермеледі.
Қоғамдағы дағдрыс КСРО-ның сол уақыттағы хал-жайы оған кірген одақтас
республикаларды қанағаттандырмады. Ұлтаралық қатынастардың аспектілері
(экономикалық, саяси, құқықтық, этникалық, тіл, мәдени, құқықтылық) бертін
келе КСРО-ның ұлттық-мемлекеттік құрылыс проблемаларына тірелді.
Бұрынғы біртұтас көпұлтты мемлекет саналығын КСРО-ның құрылымы өзгерді.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің қайта ұйымдастырылуынан кейін, одақтас
республикалардың өз алдына тәуелсіздік алу жолдарына түсу қозғалыстары
күшейе түсті.
Қазақстан Республиасының даму кезеңдеріне тоқталмас бұрын, КСРО-ның
барлық конституциялық жүйесінің (Қазақ КСР конституциясын қоса алғанда)
мынадай белгілерін атап өтуге болады:
Қазақ КСР Конституциясының 1-ші бабы Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасы-Республика жұмысшыларының, шаруаларының және
интелегенциясының, барлық ұлттары еңбекшілернің еркі мен міндеттерін
білдіретін социалистік жалпыхалықтық мемлекет -деп бүкіл елдің пролетариат
диктатурасын эволюциялық жолмен жалпыхалықтық мемлекетке ауысуын бекітті.
Осыған байланысты барлық конституциялар мәтіндерінде алғашқы рет
жазылған халық деген термин пайда болды, яғни мұның өзі бүкіл өкімет
билігінің аталған субьектінің қолында екендігін білдіреді. Ол өз билігін
халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асырды, ал қалған мекемелердің
бәрі осылардың бақылауында болады және олардың алдында есеп беріп тұрады (2-
бап).
Мемлекетімізді сол кезде қалай атасақта (жалпыхалықтық десекте)
бәрібір ол таптық сипатынан арыла алмады, өйткені пролетариат диктатурасы
туралы идеа ендігі жерде жұмысшылардың басшылық рөлін уағыздайтын идеаға
ұласты.
Конституцияның таптық мәнін сипаттайтын, оның 6-бабында компартияның
рөлі жөнінде: Кеңес қоғамының басшы және бағыт беруші күші, оның саяси
жүйесінің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы - Кеңес Одағының
Коммунистік партиясы КПСС халық үшін өмір сүреді және халыққа қызмет
етеді,-делінген, яғни, бұл норма басқа қоғамдық ұйымдардан (айталық 7-
баптағы, кәсіподақтар, комсомол,т.б) жеке берілген болатын. КСРО
Конституциясының 6-бабын, оның мәтіні барлық республика конституцияларының
6-бабында берілген), мұндағы партия жөніндегі бап Саяси жүйе делінген.
Демек, 1978 жылғы Қазақ КСР-нің Ата заңында Коммунистік партияның
барлық қоғамдық өмірдегі басымдылығын, оның бағыт беруші басшылық рөлін
нығайтуды, экономикалық жүйенің негізі ретінде - мемлекеттік
(жалпыхалықтық) және колхоздық-кооперативтік меншігін бекітті, шаруашылықты
жоспарлы түрде жүргізуді айқындады.
Қазақ Кеңестік Конституциясында мемлекеттік өкімет органдарының
негізін қалаушы – Кеңестердің жоғарлығы заңдастырылған болатын.
Мысалы Халық депутаттарының Кеңестері - Қазақ КСР Жоғарғы Кенесі,
халық дипутаттарының обылыстық Кеңестері, халық депутаттарының аудандық,
қалалық, қалалардағы аудандық Кеңестері мемлекеттік өкімет органдарының
біртұтас жүйесін құрайды - делінген Қазақ КСР Конституциясының 78-бабында.
Шын мәнінде, бұлар өмірде расталған еді, өйткені жоғарыда сөз етілген
Коммунистік партия мемлекет өміріндегі барлық мәселелерді шешуді өз
басшылығына алып, нұсқау беріп отырғандығы мәлім.
Демек, Кеңестердің үстемдігі формальді түрде қағаз жүзінде өмірге
енген. Соның нәтижесінде Кеңестер партия органдарымен алмастырылып бүкіл
билік соңғылардың қолына тиген. Қазақ ССР-інің 1978 жылғы Конституциясында
азаматтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және жеке өзіндік құқықтары да
шетте қалмаған. Бірақта, оларды іс жүзінде орындау мемлекет тарапынан
кепілдіктер беру мәселелері аяқсыз қалып отырған.
КСРО Конституциясы негізгі нормалары бойынша Орталық пен федералдық
органдардың басқару билігінің барынша күшейтіліп, Одақтас республикалар тек
орындаушы қызметін атқарумен шектелді. Олардың дербестігі көп жағдайда тек
қағазға түсірілген бос сөз күйінде қалды.
Ал, Қазақ Кеңестік социалистік республикасының 1978 жылғы
Конституциясы бойынша Қазақстанның төмендегідей негізгі саяси-құқықтық
егемендік белгілері белгіленді: КСРО құрамына ерікті түрде кірумен одан
шығу құқығы; Қазақ ССР-інің Конституциясын қабылдау және өзгерту; Одақтың
қатысуынсыз өзіне тиімді және республиканың келісуінсіз еш бөлінбейтін
территориясында мемлекеттік билік жүргізуі; Қазақ ССР-і Конституциясының 68
және 72 баптары бойынша республика көлемінде жоғары мемлекеттік билікпен
басқару органдарын құру. Алайда, республиканың егемендігі шын мәнінде және
толық іске асырылмай, одақтық мемлекеттің билігіне тәуелді болып қалды [9].

КСРО-ның біртұтас халық шаруашылық кешенін басым бағытта дамыту және
экономиканы әскери мақсаттарға жұмыс істеу үрдістерін сақтау үшін
біртектес орталықтандырылған құрылымдары мен заң шығарушы орындары бар
әкімшіл - әміршіл жүйе қажет болды. Ұлттық даму қажеттілігін
бүркемелеп, бар байлықты өз мүддесіне икемдеген ондай жүйе барлық
әлеуметтік қатынастар, ведомоствалық бағыныштылық тетігін және
өндірістік күштерді орналастырудан бастап мәдениетті, білім беруді,
тілді дамытуға дейін қамтитын салалық сананы қолданды.
Формальді түрде сақталған ұлттардың өзін-өзі басқару құқығын жариялап,
тоталитарлық бюрократиялық орталықтан басқару секілді қатаң жүйе ұлттық
қатынастарды ұлы державалық мемлекет ауқымына икемдеп, ұлттардың өзіндік
ерекшеліктерін, мәдениетін, тілін сақтауды құрғақ сөзге айналдыра отырып,
ұлттық даму мүмкіндіктерін шектеді. Егер, КСРО-ның 1977 жылғы
Конституциясының 70-ші бабына жүгінер болсақ, кеңестік федерациядағы
ұлттық принциптерге қатысты нақты бекітілген ештеңені де көре алмаймыз.
Соған сәйкес одақтас республикалар құқықтарының кеңейтілуі мен таралуы
елдегі басқарушы партияға тәуелді болды. Іс жүзінде Кеңес Одағы
құрамындағы Қазақ ССР-не федерация талаптарына лайық мемлекеттік
егемендік құқықтары берілген жоқ. Одақ құрамындағы Қазақстан сыртқы
атауы бойынша бір мемлекет болып саналғанымен, ол тәуелсіз ел, халықаралық
құқық субъектісі бола алмады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі деген
атау тек қағаз жүзінде ғана қалған еді. Қазақ ССР-нің сыртқы саясаттағы
қызметі тек республиканың мәдениет, өнер саласындағы дәстүрлі халықаралық
байланыстарымен ғана шектелді. Аталмыш Конституция қабылданғаннан кейін де
Қазақ ССР-і тұрақты негізгі мемлекетаралық деңгейдегі қатынастарға қол
жеткізе алмастан кетті.
Негізгі деген барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік, кадрлар таңдау,
мемлекеттік және саяси бағыттағы маңызды іс-шаралар: Конституция мен
заңдарды қабылдау, сайлаулар мен партия құрылтайларын, оның Пленумдарын
өткізу; халық шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды
қабылдау; министрліктер мен ведомостволардың бұйрықтарын т.б. шешімдерді
шығару да империялық орталықта шешілді.
1978 жылы қабылданған Қазақ ССР-нің Конституциясының (68 бабына)
сәйкес республика авторитарлық билікке негізделген егемен социалистік
жалпы халықтық мемлекет болып жарияланған болатын.
Дегенмен, ондағы барлық ұлттардың өкілдерінен тұратын еңбекшілердің,
жұмысшылар мен шаруалардың, зиялылардың еркі мен мүддесін көздейді деген
жолдардың бұрынғылардан ең басты ерекшелігі болды. Аталмыш негізгі
заңда Қазақ ССР-нің халқы деген сөздер алғашқы рет қолданылды.
Академик Т.А.Ағдарбеков Мемлекет және құқық теориясы-атты
еңбегінде: Адам құқығы туралы гуманистік тұжырымдама құрылып,
индивиттердің қорғалуын тек ұлттық не болмаса әлеуметтік проблемалары
арқылы шешпей, жәй ғана адам екендігі есептеп шешу кіргізілді. Құқықтың
дамуы және еркіндік, өзінің нәтижесінде адамға халықаралық дәреже берілуіне
жеткізді. БҰҰ- ның жарғысы алғашқы рет, сол деңгейде адам құқығын сыйлау
қажет екендігін жариялады және оны қорғайтын мүмкіншілікті көрсетті.
1948 жылғы БҰҰ бас Ассамблеясы Жарғысының қажетті жерлерін дамыта отырып,
маңызды халықаралық құжат-Адам құқығының жалпы Декларациясы қабылданды.
Онда адам туралы жалпы идеалар жазылып, соған жетуге барлық елдердің
талаптануының қажет екендігі қөрсетілген. Адам құқығының Декларациясында,
негізгі еркіндіктер түсіндіріліп талданған. Сонымен, адам құқығын
халықаралық деңгейде қабылдау жолында маңызды қадамдар жасалды - деп, сол
кездегі ғалымдардың адам құқығы проблемаларын зерттеуде көп жетістіктерге
жетуге ат салысқанын атап көрсетеді [10,125б].
Тағы бір айта кететін ерекшелік, 1977 жылғы Конституцияның КСРО
азаматтығымен байланысты қатынастар саласын реттеуді кең түрде қамтуы еді.
Соның нәтижесінде КСРО азаматтарының шетелдерде кеңес мемлекетінің
қамқорлығында және қорғауында болатындығы конституциялық тұрғыдан
бекітілді.
Конституцияға сәйкес, КСРО азаматтығына қабылдау Жоғары Кеңесі
Төреалқасының құзырына берілді. Ал, одақтас республикалардың 1978 жылғы
Конституциялары бойынша КСРО азаматтығына қабылдау құқығы тиісті
республиканың Жоғарғы Кеңес Төреалқасы құзырына тапсырылды.

КСРО Конституциясының 33 бабы негізінде 1977 жылдың 1 желтоқсанында КСРО
азаматтығы туралы жаңа заң қабылданды, ол 1978 жылдың 1 шілдесінен күшіне
енді [11].
Осы кезеңдегі КСРО азаматтығы туралы жаңа заңның қабылдануы
мемлекеттік жаңа даму сатысына, - дамыған социализмге аяқ басқандығын,
оның пролетарлық диктатура мемлекеттігінен жалпы халықтық мемлекетке
айналғандығын көрсетті. Сонымен байланысты процесстердің заңды негіздерге
сәйкестендіру үшін азаматтыққа қатысты қатынастарды реттейтін заңдар
шығару одан әрі жетілдіріліп, кеңейту қажет болды.
Бұрынғыдан көлемі де кең, ауқымы да үлкен бұл заңда тұңғыш рет
республикаларға азаматтық жөнінде өз заңын шығаруына құқық берілді. Соның
негізінде азаматтық мәселесі бойынша заң актілерін шығару бастады.
Басқа шетелдің азаматтығына дәлелденбейтін адамдардың тек сол жерде
жасауымен анықталатын бір ғана дәйекті жеткіліксіз деп санайтын пинципті
өз күшіне қалдыра отырып, 1978 жылы заң, КСРО азаматы деп танудың
ережелерін басқаша құрастырды.
Адамдардың КСРО азаматтығына тиістілігін анықтаудағы ең басты шарты
олардың аталмыш заң күшіне енген күнге дейінгі КСРО азаматтығына
қатысты (бұрынғы Ресей империясы қарамағындағы емес) танылды. Мұндай
өзгерістердің енгізілуі заңды да еді. Себебі, 1917 жылғы Қазан
төңкерісінен кейін туғандардың өзі өсіп - өніп, бірнеше ұрпаққа айналды. Ал
Ресей империясының кезінде туылғандардың саны тұрғындардың аз ғана бөлігін
құрады.
Осылай, КСРО азаматтығына қатыстылығын анықтауға негізделген
принциптің сақталуы сол заң бойынша азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық
дәрежесін сақтауға жағдай туғызды. Негізінен алғанда Қазақстан
Республикасының азаматтығы туралы қазіргі заңын қабылдағанға дейінгі
азаматтық қатыныстарды құқықтық реттеу жөнінде осыларды айта аламыз.
Азаматтық туралы кеңестік заңның мынадай қырларына тоқталып өтуге болады:
1.Азаматтық қатынастарды реттеу тәртіптері заң бойынша өкілеттік күшке
ие Одақтық органдардың қолында болды. 1978 жылғы КСРО заңында одақтас
республикалардың заң шығару құқығы жөнінде айтылғанымен, республикалардың
өкілеттілігі тек республика азаматтығын қабылдау тәртібі туралы Жоғарғы
Кеңес Төреалқасының Жарлықтарымен ғана шектелді.
2.Республика азаматтығының заңды түрде бекітілмеуі. Барлық азаматтарда
одақтас республиканың азаматтығына қатысты жөнінде ешқандай белгісі жоқ
біріңғай КСРО азаматының төлқұжаты болды. Заңдарда азаматтардың кімге
қарасты екендігі қандай негізбен анықталатыны көрсетілмеген.
3.Азаматтыққа қатысты нақты мәселелерді шешу бойынша одақтас
республикалардың заң қолдану аясын біртіндеп тарылту. 1938 жылға дейін
олардың республика территориясына тұратын адамдарды КСРО азаматтығынан
шығару туралы, азаматтығын қалпына келтіру және азаматтығынан айыру туралы
мәселелерді сол кезде-ақ шешетін құқығы болған. 1938 жылғы қабылданған
КСРО азаматтығы туралы заң бойынша бұл құқықтарынан айырылып, аталмыш
мәселелерді шешу ешқандай ауытқусыз одақтың ғана құзырына берілді. Кеңестік
Конституциялар азаматтықтың күштеп жойылмауы туралы мәселені айналып өтті.
Өйткені азаматтықтан айыру жазасы кең көлемде қолданылатын тәжірибеге
айналды. Азаматтықтан айыру - бұл бір жақты азаматтың келісімінсіз
мемлекеттің бастамасы бойынша азаматтық байланыстарды үзу болып табылады.
Кеңес мемлекеті өз даму тарихының қай кезеңінде де азаматтықтан айыру
жазасын басқаша ойлауға қарсы күресетін репрессиялық құрал және шетелде
тұратын кеңес азаматтарын мойындамаудың белгісі ретінде кең түрде
қолданылып келді. Ақиқатында, 1978 жылғы КСРО заңы қабылданғанға дейінгі
азаматтық туралы заң актілерінде азаматтықты қандай негіздер бойынша
айыруға болатындығы жөнінде ешқандай нұсқаулар белгілеместен оған
қатысты барлық мәселелерді шешуді құзіретті органдардың қарауына
қалдырды.
Ал ондай негіздерді белгілеу КСРО – ның 1978 жылғы Азаматтық
туралы заңында көрсетілді. Оларға КСРО азаматы деген жоғары атаққа
нұқсан келтіру және оның абырой беделіне немесе қауіпсіздігіне зиян
келтіретін іс әрекеттер жатқызылды. Ал КСРО азаматтығы туралы 1990
жылғы заң азаматтықтан айыру туралы ережені бекіте отырып, оны тек
шектеулі түрде шетелде тұратын азаматтарға ғана қолдану мүмкіндіктерін
белгілеп, азаматтықтан айыру туралы ұсынысты кім жасайтындығын анықтап
берді [12].
Кеңес мемлекеті құрылған алғашқы жылдардағы азаматтықтан айыру
тәжірибесінің бір сипаты оның нақты бір адамның азаматтығынан айыруды
көздейтін жекеленген жағдайда емес, азаматтардың кейбір категорияларына
жалпылама қолданылуында еді. Мәселен, бұрынғы Ресей империясының
бағыныштысы болып саналып, өкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз ел
шекарасынан шыққан адамдар азаматтығынан айырылды. Дегенмен, шекараға
Темір перде түбегейлі түрде тұтылғанын кейін жаппай азаматтықтан
айыратын бұрынғыдай негіздер өз маңызын жойған еді. Негізінен,
жекеленген жағдайларға қарай кейбір азаматтарды азаматтықтан айыру
мәселелері қолданылатын болды. Алайда, кеңес азаматтары шетелге тұрақты
тұру үшін кетуге құқық алды. Соның өзінде де жаппай азаматтықтан айыру
қайта бас көтеріп, ол азаматтықтан шығару деген бүркеме әрекетпен іске
асырылып келді. Қазақстан Республикасының Конституциясымен Қазақстан
Республикасының азаматтығы туралы заңындағы азаматтықтан айыруға тыйым салу
азаматтыққа қатысты қатынастардың адам мен мемлекет арасындағы екі
жақтылық мәнін ескеру арқылы және ол қатынастарды үзудің екі жақты
келісімі бойынша іске асырылатындығын нақтылап көрсетті. Шындығына
келгенде, адамды өз мемлекетінің азаматтығынан айырып, оның өз туған
елінен қуу – ешқандай болмысқа симайтын нәрсе. Ал адамның өз Отанында
өмір сүру құқығын сақтауы ешқандай араласуды қажет етпейтін табиғи
нәрсе.
Тарихи, әлеуметтік және саяси сипаттағы көптеген белгілі факторлармен
байланысты кеңестік кезеңде біздің еліміздегі мемлекеттік үстемдік
азаматтықты анықтау мәселесінде де өз дегеніне жетті. Айталық, азаматтықты
қорғау туралы 1938 жылғы 12 тамызда өткізілген КСРО жоғарғы кеңесінің
екінші сессиясында былай делінген: Азаматтық – адамдардың қай мемлекетке
тиісті екендігін және адамдардың құқықтық жағдайын мемлекеттің ішінде
ғана емес, одан тыс халықаралық қатынастарда анықтап береді.
Белгілі болғандай, Қазақ ССР-ның 1937 жылғы Конституциясында республиканың
азаматтығы туралы мемлекеттік құрылым жөніндегі тарауда айтылған.
Соның ішінде азаматтықтың рөлін мемлекеттік егемендігінің бір белгісі
деп атап көрсеткен. 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясында азаматтық
туралы мәселе және жеке тұлға туралы бөлімде қарастырылып, олардың
өзара қатынасы мен жеке тұлғаның статусы туралы айтылады.
Кеңес Конституциясында азаматтықтың федеративтік сипаты мойындалды.
КСРО-ның Конституцияларында одақтың, яғни федеративті азаматтық бекітілді.
Одақтық азаматтықпен қатар одақтық республикалар, автономиялық
республикалар азаматтығының белгіленуі, одақ құрамындағы сол
республикалардың мемлекеттік құрылымын мойындаудың белгісі еді.
Қазақ ССР-нің 1978 жылғы Конституциясында азаматтықтың біртұтастық
принципі анықталды, яғни республика азаматтығын алу КСРО азаматы
атануға негіз болды. Көп ұлтты мемлекеттің федеративтік табиғатына
сәйкес, КСРО-мен оның субъектілері арасындағы қарым-қатынастың 1977 жылғы
КСРО Конституциясы былай деп бекітті: КСРО-да біріңғай одақтық азаматтық
бекітілді. Одақтас республиканың әрбір азаматы КСРО азаматы болып
табылады. (33 бабы, 1 бөлім). Ал, 1978 жылғы КСРО азаматтығы туралы заң
біріңғай азаматтық туралы конституциялық нормаларға сүйеніп
жасалғандықтан, бұл мәселеге қатысты одақ пен республикалардың құзіретін
кеңейте алмады.
Көптеген басқа елдердегі сияқты КСРО-ның заңдары бойынша да қос
азаматтық институты мойындалған жоқ, оны қолдау ниетінің өзі қылмыс
ретінде қаралды. Басқа мемлекеттің азаматтығын алған адамдар сол бойда
кеңес азаматтығынан айырылды. Бұл жерде Кеңес одағынан қос азаматтықты
қабылдамауының басты себебі біздің азаматтарды шетелдің ықпалынан аулақ
ұстау және сыртпен байланысын болдырмау мақсатын көздегенін атап
өтуге тиіспіз. Ал, басқа мемлекеттердің қос азаматтығы біздің
мемлекетіміздегі азаматтардың арасында түсінбеушілік туғызады деген
себеппен бас тартты.
Қазақ ССР-нің азаматтығы федеративті сипатта болды. КСРО құрамында
болған кезеңдерде ол заңдар негізінде бекітілген жоқ. Одақтық және
республиканың конституцияларында Қазақ ССР-нің азаматтығы туралы
айтылғанымен, іс жүзінде ол түгелімен одақтық азаматтыққа сіңіп кетті және
ешқандай құжатта көрсетілмеген.
Дегенмен, Қазақ ССР-нің 1978 жылғы Конституциясы республикадағы заң
шығару қызметімен айналысатын субъектілердің қатарын көбейтіп, оларға
Жоғарғы Кеңес Төреалқасы кіргізілді. Негізінде мемлекеттік өмірдегі ең
маңызды деген мәселелерді бүкіл халықтық талқылауға салып, бүкіл халықтық
дауыс беру (референдум) өткізу де көзделген. Бірақта халықтың өз еркін
білдіруі қандай: императивтік пе, әлде консультативтік (кеңес беруші)
сипатта болу керек екендігі түсініксіз еді. Референдум өткізудің түр
сипатының нақты анықталмауы, шындап келгенде, оның түпкі маңызын
қарастырудан құр қағаз жөнінде қарастырудан туған еді. Ал, ақиқатында
мемлекеттік өмірге байланысты маңызды мәселелерді халық емес,
Коммунисттік партия шешетін. Соның кесірі Коммунистік партияға және
оның қолдауымен құрылған мемлекетке орны толмас ауырлық әкелгені,
КСРО-ны сақтап қалу бойынша 1991 жылы өткізілген бүкілхалықтық
референдум нәтижесінде әйгілі болды. Сонда Қазақстан халқының басым
бөлігі одақты сақтап қалуды жақтап дауыс бергенмен, оның нәтижесі
жас мемлекетіміздің келуіне кедергі бола алмады.
КСРО толық ыдырағаннан кейін, Қазақ ССР-ы оның құрамында болған
кезеңде, Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясына өзгерістер
енгізілді. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі Республиканың билігінде кез-
келген мәселені өзінің қалауымен қабылдап, шешуге өкілетті, бүкіл
билікті иелеген бірден бір орган болып қалды. Атап айтқанда, КСРО-
ның ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарына сәйкес Қазақ
КСР-ның ішкі саясаттағы негізгі бағыттарына сәйкес Қазақ КСР-ның
ішкі саясаттағы және сыртқы саясаттағы бағыттарын белгілеу Жоғарғы
Кеңестің ерекше қарауына берілді. Республика Президентіне атқарушылық
ғана қызметтер: республиканың егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық
тұтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар белгілеу, ел ішіндегі және
халықаралық қатынастарды Қазақ КСР-ның атынан билік ету, заңдарға
қол қою қызметі ғана берілді [13].
1977 жылғы КСРО Конституциясындағы жаңа ережелер мыналар еді:
1) Одақтас республиканың КСРО мен КСРО Жоғарғы Үкіметінің және басқа да
органдар билігіне қарайтын мәселелерді шешуге қатыса алатындығы
конституциялық тұрғыдан бекітілді.
2) Одақтас республикалар жағынан жоғарғы Кеңесіндегі заң шығару бастамасына
көтере алатын құқыққа ие болуы туралы конституциялық норманың енгізілуі
[14].
КСРО конституциясында одақтың республикалар туралы мәселе КСРО-ның ұлттық
мемлекеттік құрылымы деген бөлімінде барынша толық баяндалады. Сегізінші
тараудағы КСРО одақтың, тоғызыншы тараудағы Одақтың кеңестік социалистік
республика атты және автономиялық республикаларға, автономиялық
облыстарға, автономиялық округтарға қатысты оныншы және он бірінші
тараулардағы бірқатар бөлімдердің нормалары сол мәселеге арналған. Одақтас
республикалардағы мемлекеттік билікпен басқару органдарын құрудың
негіздері атты арнайы бөлім де бар. Сондай-ақ осы мәселе Халық
депутаттары кеңестері және оны сайлаудың тәртіптері, КСРО-ның жоғарғы
мемлекеттік билік және басқару органдары деп аталатын бөлімде де
қозғалған. Содан кейін атап өтер бір жәйт, ол сол кезеңнен бастап КСРО
Конституциясы мен одақтас республикалардың Конституцияларын сәйкестендіруді
реттеудің өзгертілгендігі. 1977 жылға дейін оған қатысты ереже бойынша
одақтас республиканың Конституциясы КСРО-ның Конституциясына толық
сәйкестікпен дайындалатын болған. Ал, 1977 жылғы КСРО Конституциясының 76
бабы, 3-тармағында сол ереже біршама өзгертіліп, былайша баяндалды:
Одақтас республиканың КСРО Конституциясына сәйкес және республиканың
ерекшелігін ескеретін өзінің Конституциясы бар[15].
Кеңестік мемлекеттік құқық мәселелерін зерттеушілер, республикалық
Конституциялардың КСРО-ның Негізгі Заңына сәйкестігін қамтамасыз етілуін
қажеттіліктен туған деп есептейді. Себебі, онсыз да көп ұлтты одақтас
мемлекеттерді біртұтас етіп сақтау мүмкін емес еді. Бірақ, осының кесірінен
одақтас республикалар өзіндік ерекшеліктерін толық түрде қамти алмады.
Дегенмен, олардың ерекшеліктерін ескеру ең басты міндеттердің бірі болған
еді. Сондықтан, кеңестік мемлекеттану әдебиеттерінде республика
Конституцияларын КСРО-ның Негізгі Заңына толық сәйкестендіру қажет деп
талап ететін сөз тіркесін өзгертіп құру жөнінде мәселенің көтерілуін де
кездейсоқтық дей алмаймыз. Тәжірибеден анықталғандай, одақтас республикалар
Конституцияларының жоғарыда айтылған КСРО Конституциясымен сәйкес келу
ерекшелігі көп жағдайда бар ережені сол күйінде қайталайды. Соның өзінде
бірқатар ережелер сөзбе-сөз қайталанса, кейбіреулері өзгертіліп берілді.
Одақтас республикалар Конституцияларындағы кейбір ережелердің 1977жылғы
КСРО Конституциясындағы ережелерді еш өзгеріссіз қайталауы кеңестік
мемлекеттің бүкіл Конституциялық заң шығару жүйесінің біртұтас екендігін
растайды. Жалпы одақтық Конституция мен республикалық конституциялар жақын
ұқсастығымен және айырмашылығымен сипатталса, соның ішіндегі ұқсастықтардың
өзі негізгі жақтары мен белгілері бойынша ерекшеліктерге байланысты
айырмашылықпен толықтырылады. Кеңестік мемлекеттегі конституциялық реттеу
диаликтикасы осылай еді.
Социалистік тең құқықтық принципі одақтас республикалардың барлығының
өкілеттігі бірдей тең және бір-бірінен заңды артықшылығы жоқ етіп, одақтас
республикалардың Кеңес Одағымен қарым-қатынасы біріңғай конституциялық
нормалар негізінде құрылған. Олардың арасындағы теңдікті іс жүзінде де
сақтай отырып, саясат жүргізген кеңестер одағының коммунистік партиясы бұл
мәселені былайша түсіндірді: Партия өз саясатын бұрынғыша теңдік сақтауды,
олардың мүдделерін толық ескере отырып, әсіресе еліміздің тез дамуды
қажетсінетін аудандарына айырықша көңіл бөлуді түгел қамтитындай етіп
жүргізеді.
Ұлттық мемлекет пен оның маңызды бір бөлшегі болып табылатын одақтас
республикалар кеңестік федерация құрамында үлкен бір даму жолынан өтті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы
ҚР Конституциясы
Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары
Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының қалыптасуы, нығаюы және дамуы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны
Қазақстан Республика Конституциясының қағидалары
Конституцияға тарихи, саяси-әлеуметтік және құқықтық сипаттама
Конституциялық бақылаудың Қазақстан Республикасында пайда болу тарихы мен оны жүзеге асыру
Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының конституциясы: 1993 - 1995 сабақтастығы мен айырмашылығы
Пәндер