Суфизм (сопылық)



Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Маламийа
2 Өзгерістер
3 Тасаууф ілімі
4 Сопылықтың қалыптасу кезеңдері
5 Сопылықтың екінші кезеңі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Суфизм (сопылық) — исламдағы "құпия" ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді.
Сопылық (арабша суф - жүн, ірі қылшықты жүннен жасалған киім.) - исламдағы мистикалық - аскеттік бағыт. Алғашқы сопылық қауымдар сегіз жүз жылдың шамасында пайда болып, өмір сүріп отырған әлеуметтік теңсіздікке феодалдық ақсүйектермен ауыз біріктірген жоғары дін басыларының дүние қоңыздығына наразы төменгі топтағы мұсылман дінбасыларын біріктірді.
Тақуалық өмірді аскетизімді уағыздау үстем таптардың өмір салтын сынап, халықтың ең кедей топтарын марапаттап көтермеледі.
Алайда сопылық қанаушы қоғамға белсенді түрде қарсы шықпауға бітімге келуге құдайдан қорқуға дүниеден бас кешуге шақырды, шектелді. Кедейлік жанды құтқарудың басты ең таңдаулы құралы ретінде дәріптелді, діни сенім дәрежесіне жетті. Сопылық халық бұқарасының ерік жігерін тұншықтырды. Оларды таптық күрестен бұрып әкетті. Жалпы алғанда сопылыққа дұшпандық көз қарастағы ортодок салды. Дін басылары оның ілімінің мұсылман дінін нығайтатын жақтарын қалт жібермей пайдаланып отырды.
Алғашқы кезде сопылардың жүйелі жасалған көзқарастары болмағандықтан олар да аскетизімді өмірдегі бар қызықтан безіп о дүниедегі жұмақты уағыздады, олар сан рет қайталап дұға оқу, зікір салу арқылы жаратушыға табыну адамның алдына қойған ең жоғарғы білімге құдайды тануына жеткізеді деп сендірді.
Сопылардың алғашқы ұстаздары ретінде дәріптелген мистиктер өздерінің құдайшылдығымен діни тәртіпті бұлжытпай орындауларымен белгілі еді. Олардың арасында Аль Хасан және басқалар бар.
Сопылық ілімі VIII - IX ғасырларда қазіргі Ирак пен Сирия аумағында пайда болды. Мезопатамия хорасан Мағрипте таралды Мұхаммед пайғамбардың ілімі тәрізді сопылық ілімі де мұсылман қоғамының сан алуан жіктері өкілдерінің жүректерін жаулап алды.
Тасаууф (араб. ”Ғ~U – тазалық) – исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық-этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім. Сопылықтың анықтамасын атақты суфилер Сарий ас-Сақати (ө. ж. м. 865) “Сопылық – көркем ахлақ (мораль)”; Абу Хафс ан-Найсабури (ө. ж. м. 883) “Сопылық – толығымен әдеп (этика)”; Абу әл Хусайн ан-Нури (ө. ж. м. 907) “Сопылық – нәпсінің құмарлықтары мен талаптарын тәрк ету” ретінде көрсеткен. Сопылар Сопылық философиясының негізі тікелей Құран мен Хз. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті деп таниды. Ал кейбір батыстық зерттеушілер Сопылықтың исламға яїуди, христиан және буддизмнен, әсіресе, индуизм мен зороастризм дінінен енген деп дәлелдеуге тырысады. Сопылықтың тарих сахнасына шығуы жалпы ислам философиясындағы ең алғашқы диалектикалық пікір қозғалысының басталуымен сәйкес келеді. Бұл қозғалыстың басында Хз. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Абу ад-Дарда, Абу зар ал-Ғифари, т.б. сахабалары болатын. Ислам философиясы тарихында Абу Зар Ғифари сияқты сахабалардан бастап, Хасан әл-Басирге (ө. ж. м. 728) дейінгі аралықты суфизмнің алғашқы зухд, тақуалар дәуірі деп атайды. Бұл дәуірде Сопылық қозғалыс философиялық, метафизиялық мәселелерді зерделеуден гөрі парасатты, көркем ахлақты адам болуды мақсат еткен практиклық мәндегі қозғалыс болатын. Сопылықтың екінші кезеңі Хасан ал-Басирден Имам Ғазалиге (м. 1055 – 1111) дейінгі аралықты қамтиды. Бұл дәуірде Сопылқ дегдарлық пен тақуалық сияқты практик. қозғалыс болумен қатар қалам, құқық және философия сияқты жалпы ислам ойлау жүйесіндегі бағыттарға параллель доктриналық деңгейге көтерілді. Хасан әл-Басридан басталған сопылық философия бірте-бірте қалыптасып, екі негізгі салаға: маламийа, исбатийа мектебі болып айрылды. Маламийа доктринасы (құрушысы Баязид Бистами(ө. ж. м. 874)) жалпы алғанда дәстүрлі түркілік дүниетанымдық негізде қалыптасып, дамыды.
1. Жаңа философия энциклопедиясындағы «Суфизм» мақаласы Ислам. Энциклопедиялық сөздік. М.: «Ғылым», Шығыс әдебиетінің басты редакциясы, 1991.
2.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 3.“Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
4. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы. 2010

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Маламийа
2 Өзгерістер
3 Тасаууф ілімі
4 Сопылықтың қалыптасу кезеңдері
5 Сопылықтың екінші кезеңі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Сопылық
Суфизм (сопылық) -- исламдағы "құпия" ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді.
Сопылық (арабша суф - жүн, ірі қылшықты жүннен жасалған киім.) - исламдағы мистикалық - аскеттік бағыт. Алғашқы сопылық қауымдар сегіз жүз жылдың шамасында пайда болып, өмір сүріп отырған әлеуметтік теңсіздікке феодалдық ақсүйектермен ауыз біріктірген жоғары дін басыларының дүние қоңыздығына наразы төменгі топтағы мұсылман дінбасыларын біріктірді.
Тақуалық өмірді аскетизімді уағыздау үстем таптардың өмір салтын сынап, халықтың ең кедей топтарын марапаттап көтермеледі.
Алайда сопылық қанаушы қоғамға белсенді түрде қарсы шықпауға бітімге келуге құдайдан қорқуға дүниеден бас кешуге шақырды, шектелді. Кедейлік жанды құтқарудың басты ең таңдаулы құралы ретінде дәріптелді, діни сенім дәрежесіне жетті. Сопылық халық бұқарасының ерік жігерін тұншықтырды. Оларды таптық күрестен бұрып әкетті. Жалпы алғанда сопылыққа дұшпандық көз қарастағы ортодок салды. Дін басылары оның ілімінің мұсылман дінін нығайтатын жақтарын қалт жібермей пайдаланып отырды.
Алғашқы кезде сопылардың жүйелі жасалған көзқарастары болмағандықтан олар да аскетизімді өмірдегі бар қызықтан безіп о дүниедегі жұмақты уағыздады, олар сан рет қайталап дұға оқу, зікір салу арқылы жаратушыға табыну адамның алдына қойған ең жоғарғы білімге құдайды тануына жеткізеді деп сендірді.
Сопылардың алғашқы ұстаздары ретінде дәріптелген мистиктер өздерінің құдайшылдығымен діни тәртіпті бұлжытпай орындауларымен белгілі еді. Олардың арасында Аль Хасан және басқалар бар.
Сопылық ілімі VIII - IX ғасырларда қазіргі Ирак пен Сирия аумағында пайда болды. Мезопатамия хорасан Мағрипте таралды Мұхаммед пайғамбардың ілімі тәрізді сопылық ілімі де мұсылман қоғамының сан алуан жіктері өкілдерінің жүректерін жаулап алды.
Тасаууф (араб. "Ғ~U - тазалық) - исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық-этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім. Сопылықтың анықтамасын атақты суфилер Сарий ас-Сақати (ө. ж. м. 865) "Сопылық - көркем ахлақ (мораль)"; Абу Хафс ан-Найсабури (ө. ж. м. 883) "Сопылық - толығымен әдеп (этика)"; Абу әл Хусайн ан-Нури (ө. ж. м. 907) "Сопылық - нәпсінің құмарлықтары мен талаптарын тәрк ету" ретінде көрсеткен. Сопылар Сопылық философиясының негізі тікелей Құран мен Хз. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті деп таниды. Ал кейбір батыстық зерттеушілер Сопылықтың исламға яїуди, христиан және буддизмнен, әсіресе, индуизм мен зороастризм дінінен енген деп дәлелдеуге тырысады. Сопылықтың тарих сахнасына шығуы жалпы ислам философиясындағы ең алғашқы диалектикалық пікір қозғалысының басталуымен сәйкес келеді. Бұл қозғалыстың басында Хз. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Абу ад-Дарда, Абу зар ал-Ғифари, т.б. сахабалары болатын. Ислам философиясы тарихында Абу Зар Ғифари сияқты сахабалардан бастап, Хасан әл-Басирге (ө. ж. м. 728) дейінгі аралықты суфизмнің алғашқы зухд, тақуалар дәуірі деп атайды. Бұл дәуірде Сопылық қозғалыс философиялық, метафизиялық мәселелерді зерделеуден гөрі парасатты, көркем ахлақты адам болуды мақсат еткен практиклық мәндегі қозғалыс болатын. Сопылықтың екінші кезеңі Хасан ал-Басирден Имам Ғазалиге (м. 1055 - 1111) дейінгі аралықты қамтиды. Бұл дәуірде Сопылқ дегдарлық пен тақуалық сияқты практик. қозғалыс болумен қатар қалам, құқық және философия сияқты жалпы ислам ойлау жүйесіндегі бағыттарға параллель доктриналық деңгейге көтерілді. Хасан әл-Басридан басталған сопылық философия бірте-бірте қалыптасып, екі негізгі салаға: маламийа, исбатийа мектебі болып айрылды. Маламийа доктринасы (құрушысы Баязид Бистами(ө. ж. м. 874)) жалпы алғанда дәстүрлі түркілік дүниетанымдық негізде қалыптасып, дамыды.
Маламийа
Адам психологиясының терең сырларын танып, меңгеруге сүйенетін сопылық дүниетанымның ұлы мұраты - парасаттылық (ах-лақ) философиясы болып табылады. Маламийада Хаққа қызмет - халыққа қызмет ету болғандықтан, оның ең негізгі принципі адамды сүюге негізделген. Маламийада сопылық психологиялық халдердің бастысы маїу - адамның нәпсілік, хайуандық сипаттарын жою;
сакр - адамның ашқ (қуатты махаббат) және уирд (зікір) арқылы фана (еркіндік) мақамына жету - мағынауи елту, ләззат алу;
сатр - адамның өзінің ибадаты мен амалдарын жасыруы;
уажд - адамның "өзін" жоғалтып, Хақты тауып - Аллаға қауышу. Философиялық сопылық ағымының екіншісі - исбатийа, оның құрушысы Жунайд ал-Бағдади (ө. ж. м. 909) болып табылады.
Исбат - адамның ғибадаты мен тағатында адамдық санасының сақталуы, үнемі зікірде болу. Сопылық философиялық сипат ала бастап, фақихтар мен сопылар арасында қайшылықтар бас көтерді. Бұл қайшылықтардың негізінде жатқан басты себептер:
1) суфилер жүрекке, сана-сезімге шабыт (илїам) арқылы келетін мағрифат пен батин (ішкі-номен) іліміне маңыз берсе, фақихтар Құран мен Сүннеттің захир (сыртқы феномен) мағынасына ғана маңыз бөлді. Ислам құқықшылары үшін Құран менСүннеттің сыртқы мағынасынан басқа ішкі, шынайы мағынасы жоқ;
2) суфилер рух мен нәпсіге, ал фақихтар сыртқы амалдық жағына маңыз беретін. Яғни, суфи рухани мәселеге, фақих практикаға көңіл аударды. Міне, осындай қайшылықтар негізінде фақихтар суфилер жайында күпірлік, дінсіздік, ширк сияқты пәтуалар шығарып, суфилерді қоғамнан аластады.

Өзгерістер
Ғазали Сопылыққа философия мен қаламдық ойлау әдістерін енгізді. Үш түрлі сопылық филос. ағым пайда болды. Олар: Уахдат ул-Вужуд (болмыстың бірлігі), Уахдат уш-Шухуд (әр нәрседе тек Алланың болмысын көру) және Уахдат ул-Қусуд (Алланың ерік пен мақсат бірлігі). Уахдат ул Вужуд түсінігін жүйелі ағымдық мәнге айналдырған Мухи-уд Дин Ибн ул-Араби деп танылады. Ибн-ул Арабидің түсінігінде болмыс бір ғана ақиқаттан тұрады. Түрлену, көбею құбылыстары сыртқы сезімдердің қабылдауына қатысты көрініс беретін нәрсе. Алла ғана абсолюттік ақиқат. Оның болмысының, барлығының себебі жоқ. Алла әуелден бар, ал одан басқа "еш нәрсе" жоқ болатын. Алла бізді осы формаларда жарататынын "әуелден" білетін. Оның бұл әлемдерді жаратудағы мақсаты да Өзінің "есімдерін, істерін, сипаттарын" көрсету, яғни Өзін таныту еді. Жаратылғандар да Оны осы есім, сипат, істер арқылы тану (Мағрифатуллаї) үшін жаратылғанланды. Міне, осындай түсінікке қарсы ислам әлемінде 16 ғасырда ислам философиясы тарихында "уахдат уш-шухуд" деп аталатын Имам Раббани (1563 - 1624) тарапынан қалыптасқан сопылық философия пайда болды. Алланың "жақындығы" субстанция тұрғыдан емес, ілімі арқылы ғана мүмкін болады. Алланың ешқандай сандық (камииат) және сапалық (кайфийат) сипаты жоқ, ал әлем болса толығымен сан және сападан тұрады. Барлық жаратылған әлем Жаратушының есім және сипаттарының көріну, шағылысу құралдары. Сондықтан уажд (экстаз) және сакр (мағынауи елту) халдері кезіндегі жаратылғандар мен Алланың "Бір болып көрінуін уахдат-ул вужуд емес, уахдат уш-шухуд деген дұрыс". Өйткені бұл хал ілімі тұрақты емес, өткінші. Ислам сопылық философия тарихында ерекше маңызы бар Уахдат ул-қусуд, яғни ерік пен мақсат бірлігіне негізделген моральдық-этикалық түсінік кең тараған. Адамның өз еркін тек Құран мен аяндағы құдайлық бұйрықтармен ғана үйлестіру емес, сонымен қатар адамның еркін Алланың еркімен үйлестіру арқылы оны кемелдендіруге бағытталған философия. Діни терминологияда шариғат - дін, тариқат - хақ пен ақиқатқа жету жолындағы діндегі арнаулы жол, түсінік деген сөз. Суфидің тәжірибесі ол жеке хәл, оның басқаларға түсіндірілуі, жеткізілуі мүмкін емес. Бұл хәл-трансцендентті табиғатта болғандықтан, сөзбен айшықтау, бұл хәлді басынан өткізбеген адамға түсіндіру тағы мүмкін емес. Суфилердің "лам йазуқ уа лам йагриф", яғни "татпаған білмейді" сөзі осы хәлді анықтау үшін айтылған. Сондықтан суфилер хәлдерін түсіндіру үшін символдарға, антропоморфты ұғымдарға, метафораға, теңеу сияқты символдық-образды терминдер қолданады. Суфидің өзін физиол. әрі психол. бақылау процестері - аз ұйқы, аз ас ішу, ораза тұту сияқты риязат-жаттығулар, адамдармен белгілі уақыт аралығында байланысын үзу, (қылует немесе узлатке түсу) бүкіл сезім мүшелерін сыртқы байланыстардан үзіп, ішкі әлеміндегі құбылыстардан, қиялдардан арылту арқылы бүкіл қиялдау-ойлау қабілетін бақылауға алып, назарын тек "Тәңірдің үйі - қалбке" аудару. Сопылықтағы зікір осы муракабаның өзіне сыни көзбен қараудың жүзеге асуына көмекші құрал. Сол арқылы дүниелік құмарлықтардан алыстап, илаїи ақиқаттарды тікелей қабылдауға дайын бір айна немесе таза рух хәліне келеді. "Мен - сен" хәлінен жеткен суфи, өзін "Ана-ал-Хақ" деп есептеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық суфизм ілімі
Суфизмнің діни философиясы
Сопылық дәстүрі C. Бақырғанидің дүниетанымының негізі
Яссауидiң сопылық танымы
«Сопылық» («суфизм»)
Суфизм исламның мистикалық ілімі ретінде
Қожа ахмет иассауи хикметтерінің орыс тіліне аударылу мәселелері
Суфизмнің қазақ жеріне таралуы
Сопы Аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі
Сопылықтағы кейбір ұғымдар мен түсініктер
Пәндер