Амалдық жүйелерге қысқаша шолу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Амалдық жүйелерге қысқаша шолу
Әрбір компьютерлік бағдарлама амалдық жүйенің қызметтерін пайдаланады, сондықтан өзі үшін осы қызметтерді қамтамасыз ете алатын амалдық жүйенің басқаруымен ғана жүмыс істейді. Осылайша, амалдық жүйені таңдаудың маңызы өте зор, өйткені Сіздің өз компьютеріңізде қандай бағдарламалармен жүмыс істей алатыныңызды тек сол ғана анықтайды. Амалдық жүйені таңдауға Сіздің жүмысыңыздың өнімділігі, мәліметтеріңіздің қорғалу деңгейі, қажетті аппараттық жабдықтар да амалдық жүйені таңдауға тәуелді.
Пайдаланушылардың жұмыс орны ретінде қолданылатын ІВМ РС типті компьютерлерде бертінге дейін МS DOS амалдық жүйесі орнатылатын. Қазір біз көбінесе Windows 98 , Windows NT, Windows 2000, және Windows ХР амалдық жүйелерімен жүмыс істейміз.
Windows ХР - бұл бүрыннан бар Windows нұсқаларының жаңартылуы болып табылатын Microsoft амалдық жүйесі. Windows ХР екі нұсқасы бар: жеке пайдаланушыларға және шағын кәсіпорындар мен мекемелерге арналған Windows ХР Ноme және неғұрлым күрделі есептеулерді жүргізуге арналған недәуір жетілдірілген
Windows ХР Professional.
Windows (тікелей аударғанда - терезелер) бейне беттің терезелерге бөлінуі арқасында осындай атауға ие болды. Әрбір терезе іске қосуға болатын қандай да бір ақпараттан, кескін немесе бағдарламадан тұрады. Бейне бетте бір мезгілде бірнеше терезе орналастырып қойып, бірінен біріне ауысып жүруге болады. Windows ХР пайдаланушы қажеттіліктеріне недәуір бейімделген, оның тілдесуі недәуір қызықты, алдыңғы жүйелермен салыстырғанда мүмкіндіктері недәуір кеңірек. Әдетте жүйе бір мәселе шешімінің үштен артық нұсқасын ұсынады. Алдыңғы нұсқаларда амалдық жүйені қиын жағдайдан шығару үшін компьютерді <Сігі>+ <АІt>+<Del> пернелерін басу арқылы қайта қотару қажет болатын. Windows ХР амалдық жүйесінде осы мәселені дәл сол пернелерді басу арқылы ашылатын Тапсырмалар реттгегіші көмегімен шешу ұсынылады.
Windows амалдық жүйесі және SСО Unіх, solaris немесе DОS сияқты коммерциялық АЖ басқа, Linuх (Линукс) амалдық жүйесі де бар.
Linuх АЖ ашық жүйелер стандарттарын қолдайды және Unix, DOS, MS, Windows жүйелерімен бірге қолданыла алады. Бастапқы мәтіндермен қоса, жүйенің барлық құрамдас бөліктері еркін көшіруге және саны шектеусіз пайдаланушылар үшін орнатып пайдалануға берілетін рұқсатпен бірге таратылады.
Luniх басқаруымен сан алуан, кәдімгі дербес компьютерлер мен ноутбуктардан бастап, көп процессорлы өнеркәсіп серверлері, кластерлік есептеуіш кешендер, РDА және ІВМ компаниясы шығаратын қол сағаттарына дейінгі электронды жүйелер жұмыс істейді. Luniх - қауіпсіз жүйе. Luniх-ке лайықталған вирусқа қарсы бағдарламалардың барлығы серверлік болып табылады және Windows машиналарда тіршілік ететін Windows вирустарын аулауға арналған.
Әйтсе де, Luniх амалдық жүйесі негізінен әмірлік режімде жұмыс істейтіндіктен, оны қатардағы пайдаланушылар сирек қолданады.
Windows терезесінің кұрылымы
Windows амалдық жүйесінің негізгі нысаны терезе болып табылады. Терезе - бейне беттегі жиектермен қоршалған тік төртбұрышты аймақ.
Windows жүйесінде жұыс істегенде, бірнеше терезені бірден ашып қойып, Тапсырмалар үстеліндегі батырмалар көмегімен ауысып жүруге болады. Терезелердің барлық алуан түрлілігін төрт топқа бөлуге болады: қалталар терезелері, қосымшалар ежреіелері, сұхбат терезелері, анықтама терезелері.
Қалталар терезелерінде, оларды басқару элементгерімен қатар, басқа да Windows нысандардың белгішелері бар.
Қосымшалар терезелері қосымшаға қотарылған құжат мазмұнын көрсетуге арналған, сондай-ақ терезені басқару элементтнрін қамтиды. Қосымшалардың көбісі өз қажеттіліктері үшін бірнеше терезе аша алады: мысалы, Microsoft Word құжаттар өңдегіші әрбір өңделетін құжат үшін жеке терезені пайдаланады.
Сұхбат терезелері - бұл қосымша ақпарат енгізу үшін қолданылатын арнайы терезелер.
Олар әдетте қандай да бір ақпаратты, пайдаланушының қандай да бір әрекеттеріне сұратуды қысқа мерзімге шығару және деректерді енгізу үшін пайдаланылады.
Сұхбат терезелерінде мәзір жолағы, барынша кішірейтуге және барынша үлкейтуге арналған батырмалар болмайды, және олар әрқашан бағдарламаның басқа терезелерінің үстінен шығарылады. Әдетте сұхбат терезесі пайда болған кезде сұратылған әрекет орындалып, сұхбат терезесі жабылғанға дейін сол бағдарламамен ешқандай жұмыс істеу мүмкін емес.
Анықтама терезелері Windows -пен және оның қосымшаларымен жұмыс істеу жөніндегі анықтамалық ақпаратты шығару үшін қолданылады.
Әрбір терезеде оны басқаруға арналған элементтер және нысандар, басқару элементтері, ақпарат орналасатып жұмыс аймағы бар.
Терезелердің негізгі элементіерін Менің компьютерім терезесін мысалға ала отырып қарастырайық.
Терезені төрт жағынан қоршау жиектері шектеп тұрады. Көптеген терезелердің көлемін өзгертуге болады.
Терезенің жоғарғы жиегінің астында терезенің атын қамтитын тік төртбүрыштты аймақ бар. Ол тақырып жолағы немесе тақырып деп аталады.
Тақырып жолағының сол жағында жүйелік мәзір таңбашасы орналасады. Оны шертіп, терезені жылжытып, көлемін өзгерту үшін қолданылатын ең қарапайым терезені басқару әмірлері тізімін ашуға болады.
Windows анықтама жүйесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz