Үй-жайларға және жабдықтарға қойылатын талаптар


Үй-жайларға және жабдықтарға қойылатын талаптар

Дәріхана үйымдарының үй-жайлары қатаң түрде белгіленген мақсатта пайдаланылуы шарт.

Өндірістік үй-жайлардың қабырғалары мен төбелеріне қолданылатын жендеу материалдары ретінде дезинфекциялайтын заттарды пайдалана отырып, жуып-тазалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін және ультра күлгін сәулелерге төзімді су өткізбейтін бояулар, эмальдар немесе ашық
түсті глазурленген тегіс кафель плиткалар пайдаланылады.

Едендеріне глазурленбеген (терракотты) плиткалар, линолеум немесе релин төселіп, қиюласқан жерлері міндетті түрде сваркалануға тиіс. Тез тұтанғыш, жанғыш, буланғыш сұйықтықтар сақталатын қоймалардың және басқа да жарылыс қаупі бар үй-жайлардың едендеріне антистатикалық және ұшқын шығармайтын материалдар төселуі керек.

Жабдықтар мен дәріхана жиһаздары жинап-тазалауға қол жетпейтін орындар қалдырмайтындай және жарық көздерін қалқаламайтывдай болып орналастырылады. Д ө р і х а н а жабдықтарының беті ішкі жағынан да, сыртқы жағынан да тегіс болуға, бүл үшін дөрілік заттардың және химиялық реактивтердің әсеріне төзімді материалдар пайдаланылуға тиіс.
Атқарылатын жұмыстарға қатысы жоқ жабдықтарды өндірістік үй-жайларға орналастыруға тыйым салынады.

Күн жақта орналасқан терезелер күн сәулесінен қорғайтын құрылғылармен (жалюздермен, маркиздермен) қамтамасыз етілуге тиіс, олар терезенің сырт жағында немесе рамалардың арасында орналасады.

Үй-жайларды желдету үшін пайдаланылатын фрамугтер немесе форточкалар ұяларының көлемі 2x2 миллиметрден аспайтын металл немесе пластмасса торлармен қорғалады.

Өндірістік үй-жайларда перделер қүруға, кілем төсеуге, гүл өсіруте, плакаттар ілуге және т. б. жол берілмейді. Бұл үшін дәліздер, дөріхана қызметшілерінің демалыс бөлмелері,
кабинеттер пайдаланылады.

Өндірістік үй-жайларда жұмыс істеуге қажетті ақпараттық стенділер мен кестелер су шүберекпен сүртуге және дезинфекциялауға мүмкіндік беретін материалдардан
дайындалуы қажет.

Өндірістік емес үй-жайларды декоративтік өрлеуге, оның ішінде көгалдандыруға, оларды қажеттілікке қарай күтіп- баптайтын (шаңнан тазартатын, жуатын және т. б. ) мүмкіндіктер болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ бүл жүмыстар аптасына кемінде бір рет қана орындалуы керек.

Халыққа қызмет көрсету залындағы дәріхана қызметшілерінің жүмыс орындары оларды тез жұғатын инфекциялардан қорғайтын қүрылғылармен жабдықталуға тиіс. Тыныс жолдарының жедел жұқпалы ауруларының таралу кезеңівде дәріхана қызметкерлері бет-аузына дәке таңып жүруі керек.

Қызметшілер қолын жууы үшін асептикалық блоктагы шлюздерде, жуу бөлмесінде, әжетханада раковиналар орнатылуға тиіс, оларды шынтақпен немесе аяқпен қосатын педальді крандармен жабдықтаған дүрыс. Қол жуғыштың жанында дезинфекциялайтын ерітінділер қүйылған ыдыстар, ауа электр кептіргіштер орнатылады. Дәрілік заттарды дайындаумен және буып-түюмен айналыспайтын адамдарға өндірістік үй-жайларда
раковиналарды пайдалануға рүқсат етілмейді.

Жуу бөлмесінде инъекциялық ерітінділер мен көз тамшыларын, ішетін дәрілік түрлерді, сыртқа қолданылатын дәрілік түрлерді дайындауға пайдаланатын дәріхана ыдыстарын жууға арналған ванналар немесе раковиналар бөлініп, белгі соғылуы қажет. Осы ванналарда немесе раковиналарда
көрсетілген дәрілік түрлерді дайындау кезінде пайдаланылатын ыдыстар (баллондар, өлшегіш цилиндрлер, қүйғыштар, күпшекгер жөне т. б. ) жуылады. Қол жуу үшін бөлек раковиналар орнатылуы қажет.

Асептикалық блокқа, дәріхана ішілік дәрі дайындауға арналған ассистенттік бөлмеге (шлюзі бар), ассйстенттік бөлмеге кірер есік алдында, өжетхана тамбурындағы еденде
дезинфекциялайтын ерітінділерге шыланған кеуекті резеңке кілемшелер теселеді (3 қосымша) .

Дәріханаға кірер есік алдында аяқ киімді тазалауға арналған орын жабдықталуға тиіс. Осы орынды да қажеттілікке қарай, бірақ күніне кемінде бір рет тазалап түру керек.

Өндірістік үй-жайларда тамақ ішуге тыйым салынады.

Өндіріс қадцықтары мен қоқыстар тиісті белгі соғылған арнайы контейнерлерге тасталады. Мүндай контейнерлерді ғимарат сыртындағы арнайы бөлінген орындарға шығарып, олардың ішіндегісін түрақты түрде алып кетіп отыру керек.

Үй-жайларды жинап-тазалауға, дәріхана жабдықтарын күтуге қойылатын санитарлық талаптар

Дәріханалардың өндірістік үй-жайлары, өндірістік жабдықтары мен ендірістік жиһаздары жуатын және дезинфекциялайтын заттарды қоддану арқылы жуып-тазаланып
түруы керек (3 және 10 қосымша) . Қүрғақ тазалау жүргізуге мүлдем тыйым салынады.

Еденді ауысым сайын бір рет жуады, ал қабырғалар мен есіктерді дезинфекциялайтын заттарды қолдана отырып, аптасына бір рет жуады. Үй-жайдың төбесі ылғал шүберекпен айына бір рет сүртіледі.

Терезе әйнектері, рамалары мен олардың арасындағы кеңістіктер ыстық сумен, сабынды немесе жуғыш заттарды қолдана отырып айына бір рет жуылады. Осы орайда терезенің
сырты жыддың жылы мезгілінде ғана жуылады.

Өңдірістік үй-жайлар мен сауда заддарының жабдықтары күнделікті тазаланады, дәрілік заттарды сақтайтын шкафтар (материалдық бөлмелер) қажетіне қарай жиналып-тазаланады, бірақ аптасына бір реттен кем болмау керек.

Қол жууға арналған раковиналар мен санитарлық тораптар күнделікті тазаланады және дезинфекцияланады.

Қажет болған жағдайда үй-жай мен жабдықтар жиі-жиі жуып-тазаланып тұрады.

Түрлі үй-жайларды (асептикалық жағдайларда дөрілік түрлерді дайывдауға арналған үй-жайларды; өзге де өндірістік үй-жайларды; сауда залын; санитарлық тораптарды) тазалау үшін жуып-тазалайтын материалдар (поролон губкалар, салфеткалар, шүберектер) және жуып-тазалайтын құралдар (шелек, леген, щетка, еден жуғыш жөне т. б. ) бөлінеді, оларға міндетті түрде белгі соғылады, қатаң түрде мақсат бойынша қолданылады және арнайы бөлінген жерде (бөлмеде, шкафта) бөлек сақталады.

Өндірістік жабдықтарды жинап-тазалауға арналған тазартқыш материалдар дезинфекциядан (3 қосымша) және құрғатудан кейін тығыз жабылатын, белгі соғылған таза ыдыстарда (банкада, кастрюльде және т. б. ) сақталады.

Өндірістік үй-жайларды жинау мен дезинфекциялау осы мақсатқа арналған киіммен, ал қажет болған жағдайда - респиратор киіп жүргізіледі.

Микроорганизмдердің төзімді түрлерінің пайда болуына жол бермеу үшін дезинфекциялайтын заттарды әр бес-алты күн сайын ауыстырып отыру қажет. Микроорганизмдердің қаулауынан аулақ болу үшін жұмысқа қолданылатын дезинфекциялайтын ерітінділерді таза, тығыз жабылатын ыдыстарда шектеулі уақыт аралығында ғана сақтау керек. Сол ерітінділерді сақтауға арналған ыдыстар жартылай босағанда, оны жаңа дайындалған ерітінділермен толтыруға болмайды.

Дәріхана ұйымдарында айына бір рет санитарлық күн откізіледі. Жинап-тазалаудан өзге, санитарлық күндері ағымдағы үсақ жөндеу жүмыстары жүргізілуі мүмкін.

Үй-жайлардьщ жылытылуына, желдетілуіне,

микроклиматына, ауасьша және жарықпен қамтамасыз етілуіне

қойылатын талаптар

Жылыту, желдету, жарықпен қамтамасыз ету жүйесі мен ауаны кондиционирлеу үй-жай микроклиматы мен ауасының оңтайлылығын қамтамасыз етіп, дөрілік түрлердің, химиялық реакгивтердің сапасына, қызметшілердің денсаулығына, соңцай-ақ жабдықтардың жұмыс істеуіне жағымсыз әсер етпеуге тиіс.

Жылыту, желдету, ауаны кондиционирлеу жөне электрмен қамтамасыз ету жүйесін жоспарлауда, құрылысын жүргізуде (қайта қүруда) және пайдалануда қолданымдағы арнайы нормативтік құжаттардың негізгі ережелерін басшылыққа алу керек.

Жылыту жүйесі бүкіл жылыту кезеңінде үй-жайдағы ауаны біркелкі жылытуды қамтамасыз етуі, пайдалану процесінде белініп шығатын зиянды заттармен және иіспен ластануға жол бермеуі, қалыпты деңгейден артық шу туғызбауы, реттеу қондырғыларының болуы қажет жөне ағымдағы қызмет көрсету жұмыстарына, жөңцеу мен жинауға ыңғайлы болғаны жөн.

Стерильдік материалдарды сақтайтын, асептикалық жағдайларда дәрі түрлерін дайындайтын үй-жайларда труба құбырлары мен арматуралардың жасырын төсемдері
қарастырылады.

Дәріханалар ғимараттарында механикалық тарту-сорып шығару вентиляциясы, терезе жақтауларында, сыртқы қабырғаларда ауа кіретін форточкалары, үстіңгі және жанама жартылай ашылып-жабылатын терезелері, тағы басқа да құрылғылары бар табиғи вентиляция, сондай-ақ ауа өздігінен
қозғалатын желдеткіш арналар қарастырылып, олар ақаусыз жағдайда болуы қажет. Дәріханаларда дөрілік заттарды дайывдау жөнінде шығарылыстағы және технологиялық процестегі заттар сыныбы ескерілген вентиляциялық жүйе болуы қажет.

Дәріхана үй-жайларындағы температураның есептік параметрлері мен ауа алмастыру жиілігі осы Ережелердің 1 қосымшасына сәйкес белгіленуге тиіс.

Вентиляция жүйесіне арналған сырттан ауа сору жер бетінен кеміңде екі метр биіктіктегі таза тұстан жүзеге асырылуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапаны бақылау әдістері
Өндірістік ғимарат орындарының іріктелуі
Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды реттеуші нормативтік құжаттардын жинағы
Объектінің орнын және аумағын таңдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жолдары
Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесі
Еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жайлы
Биологиялық препараттарды тасмалду кезіндегі ветеринариялық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz