Адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинауға қатысу мәселелері



АНЫҚТАМАЛАР
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
КІРІСПЕ
1 АДВОКАТ.ҚОРҒАУШЫНЫҢ АЛДЫН.АЛА ТЕРГЕУДЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЖИНАУЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қылмыстық істер бойынша адвокат.қорғаушының дәлелдемелерді жинау қызметінің тарихи.құқықтық қырлары
1.2 Адвокат.қорғаушының алдын.ала тергеуде дәлелдемелерді жинау қызметінің теориялық мәселелері
1.3 Адвокат.қорғаушының алдын.ала тергеуде дәлелдемелерді жинауы . қылмыстық процестің ерекше институты ретінде
2 АДВОКАТ.ҚОРҒАУШЫНЫҢ АЛДЫН.АЛА ТЕРГЕУДЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЖИНАУҒА ҚАТЫСУЫ АРҚЫЛЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Дәлелдемелерді жинау жөніндегі алдын.ала тергеу кезіндегі адвокат.қорғаушының іс.әрекеті
2.2 Адвокаттың алдын.ала тергеуде тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін адвокаттың дәлелдемелерді жинауының ерекшеліктері

2.3 Алдын.ала тергеуде дәлелдемелерді жинауы бойынша адвокат.қорғаушының қызметінің дербестігін жүзеге асыру құқығын беру қажеттілігінің дәйектілігі
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу алдын-ала тергеуде адвокат-қорғаушының дәлелдемелер жинауда және оған қатысу барысында құқық қорғау органдарымен қарым-қатынасы, адвокат-қорғаушының құқықтары мен міндеттері және қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды қорғауда қандай талаптарға ие немесе қай жерде құқықтары шектеулі жайлы көрініс табады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Алдан-ала тергеу процесінде дәлелдемелерді жинау кезінде адвокаттың қызметін құқықтық қамттамасыз ету, адвокат ісіндегі кәсіпқойлықты, тәуелсіздікті баянды ете отырып, адвокатура ісін жетілдірудің тиімділігін жоғарғы дәрежеге жеткізу диссертациялық жұмысымыздың өзекті мәселесі болып табылады.
Еліміз егемендіккке қол жеткізіп, құқықтық-демократиялық мемлекет ретінде орнығып, оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқық актілері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттілігі туындады. Осы жолда қыруар ғылыми зерттеу-зерделеу жұмыстары жазылуда. Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылданып, іске асуда. Заңдарды тиянақты және қолайлы жасауға заңгер-ғалымдар мен заңгер-практиктер қатысып, бұл заң актілері халықаралық ұйымдар мен шетел мамандарының белсенді сараптауларынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы - Ата заңы бұған дәлел.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп жазылған [1, 4 б.]. Бүгінгі күні Конституция және оған негізделген заңдармен қамтамасыз етілген адам мен азаматтардың құқықтары, заңды мүдделері мен бостандықтарын адвокатпен қорғау қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ Конституциямыздың 1-бабы 1-тармағында да «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетілген. Адамның ұсталуы, тұтқындалуы немесе адамға айып тағу – оның басты қазынасы – бостандығына қауіп төндіреді. Демек, уақытша болса да өз бостандығынан айырылу қаупі туғанда әрбір адам өзін, бостандығын қорғауға бағытталған конституциялық құқығын жүзеге асыруға, әлбетте, мейлінше мүдделі.
Конституцияда көрсетілген құқықтық мемлекеттің алғашқы белгісі болып адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттік және өзге де мүдделердің алдындағы басымдылығы танылатындығын ескергеніміз жөн. Сондықтан еліміз өркениетті қоғамға тән белгі ретінде адам мен азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп таныды. Оның мәні - мемлекеттік саясат адам мен азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ендігі жерде мемлекет мүддесінен жоғары қоюды және әрбір жеке адамның лайықты өмірі мен еркін жетілуін қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабы 3-тар¬мағына сәйкес, «ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы».
1 Қазақстан Республикасы Конституциясы. Қазақстан Республиакасының 1998 жылғы 7 қазандағы №284-І, 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 40 б.
2 Назарбаевтың Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан «Қазақстан – 2030» стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2007. – 72 б.
3 Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен мақұлданған) // Егемен Қазақстан. – 2009. – 28 тамыз.
4 Халиқов К.Х. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары: оқу құралы. – Алматы: «Санат», 1995. – 176 б.
5 Уголовно-процессуальный кодекс Франции 1958 г с изменениями и дополнениями на 1 января 1966. - М: «Прогресс», 1967. – с. 28.
6 Чельцов-Бебутов М.А. Курс уголовно-процессуального права, Очерки по истории суда и уголовного процесса в рабовладельческих, феодальных и буржуазных государствах. - Санкт-Петербург: «Альфа–Равента», 1995. - с. 784.
7 Фойницкий и. Предварительное следствие и его реформа // Журнал гражданского и уголовного права. – 1882. - с. 130.
8 Уголовно-процессуальный кодекс Франции 1958 г. с изменениями и дополнениями на 1 января 1966 г. - М: «Прогресс», 1967. - с. 28.
9 Головко Л.В. Дознание и предварительное следствие в уголовном процессе Франции. - М.: «СПАРК», 1995. - с. 115.
10 Лубенский И.А. Предварительное расследование по законодательству капиталистических государств. - М.: «Юрид. лит.», 1977. - с. 105-106.
11 Уголовно-процессуальный кодекс Федеративной Республики Германии с изменениями и дополнениями на 1 января 1993 г. Перевод с немецкого и предисловие канд. юрид. наук Б.А. Филимонова-М.: Манускрипт, 1994. - с. 6.
12 Филимонов Б. А. Основы уголовно процесса Германии. - М., 1994. - с. 34.
13 Ведерников А.Н. Актуальные вопросы участия защитника на стадии предварительного расследования. Дис. на соиск. уч. ст. к.ю.н. - М, 1990. – с. 146.
14 Курдова А.В. Право малоимущих обвиняемых на защиту в уголовном процессе США / /Государство и право, - 1995 г.- № 7. Николайчик Уголовное правосудие в США//Экономика, политика, идеология. - 1995. № 2. - с. 84.
15 Курдова А.В. Защитник обвиняемого в уголовном процессе США: Автореф. дис.на соиск. уч. ст. к.ю.н. - М., 1998. – 26 с.
16 Филимонов Б.А. О правовом положении защитника на предварительном расследовании в уголовном процессе Германии // Вестник Московского Университета. – Право. - 1992. - №3. - с. 87.
17 Ожегов СИ. Шведов Н.Ю. Толковый словарь русского языка. - 3-е изд. - М.: «АЗЪ», 1995. – c. 602.
18 Г. Джаншиев О защите на предварительном следствии// Русские ведомости. - 1894 г. - № 17. – с. 15-24.
19 И.Щегловитов Разногласия научной литературы о реформе предварительного следствия // Право, - 1902 г. -№ 48- с. 450.
20 Елистратов А. Идея государственного учреждения уголовной защиты. - Казань, 1903. - с. 37.
21 Г. Томашинский. Реформа предварительного следствия // Журнал гражданского и уголовного права. - 1881. - с. 60-75.
22 Александров П. Защита на предварительном следствии // Журнал министерства юстиции. – 1863. - с. 234-235.
23 Слизберг Защитник на предварительном следствии. - М.,1902. - 220 с.
24 Скляр А. Защита на предварительном следствии// Русские ведомости. - 1902. - № 136. - с. 3 - 4.
25 Мейірбекова Г.Б. Адвокаттық қызметті реттейтін заңдарды жетілдіру // Теоретические и конституционно-правовые проблемы парламентаризма в РК: Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы, 2006. – 186-191 бб.
26 Барщевский М.Ю. Адвокатская этика. Самара, 1999. – 350 с.
27 Смирнов А.В, Калиновский К.Б, Уголовный процесс. – М, 2008. – 450 стр.
28 Михайловский И., Уголовный процесс РФ. - М, 2006. - 285 с.
29 Белкин А.Р., Теория доказывание в уголовном судороизводстве. - М: «Норма» 2005. - 420 с.
30 Власов А.А, Куксин И.Н, Адвокат в судопроизводстве. – М: «Норма», 2007. - 225 с.
31 Лубшев Ю.Ф. Адвокат в уголовном деле: учебник / под ред. И.Б. Мартковича. – М.: Манускрипт, 1999. – 408 с.
32 Тыныбеков С. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет: Оқулық. – Алматы: «Дәнекер», 20006. – 317 б.
33 Сериев Б.А. Еңбек заңдарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс жргізуге жәбірленушінің өкілі ретінде адвокаттың қатысуы: заң ғыл. канд. дис. автореф. ... : 12.00.09. – Алматы, 2008. – 26 б.
34 Лубшев Ю.Ф. Защита подсудимого - высокий профессионализм // Российская юстиция. - 1997. - № 4. – С. 78.
35 Проблемы судебной этики: Учебник / Ред. Строгович М.С. – М., 1974. – 245 с.
36 Клевенко Э.Ф. Гарантии прав личности в советском уголовном процессе. - М., 1973. – 298 с.
37 Садыков А.Ж Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі: заң ғыл. канд. дис. ... : 12.00.09. – Алматы, 2010. – 120 б.
38 Философский энциклопедический словарь. - М., 1983. – 580 с.
39 Трусов А. И. Основы теории судебных доказательств. - М., 1960. – 430 с.
40 Белкин Р. С. Собирание, исследование и оценка доказательств. М., 1966. – 240 с.
41 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Жеті-жарғы, 2000. – 608 б.
42 Төлеубекова Б.Қ. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. – Алматы, Жеті Жарғы, 2000. - 450 б.
43 Словарь основных уголовно-процессуальных понятий и терминов. Ка-раганда, 1992. – 260 с.
44 Молдабаев С.С. Концептуальные, материальные и процессуальные основания преодоления воинской преступности в Республике Казахстан. – СПб.: Издательство С.-Петербургского университета, 2004. – 257 с.
45 Строгович М. С. Курс советсжогоугсшовного процесса. - М., 1968. – 370 с.
46 Ривлин А., Альперт С., Бажанов М. О доказательствах в советском уго-ловном судопроизводстае //Соц. законносіь., 1963. - №9. - с. 34-48.
47 Фаткуллин Ф. Н. Общие проблемы процессуального доказывания. -Казань, 1976. - с. 320.
48 Матвиенко Е. А, Уголовный процесс Белорусской ССР. - Минск, 1979. -с. 132.
49 Карнеева Л. М. Доказательства и доказывание при производстве рас-следование. - Горький, 1977. - 240 с.
50 Селиванов Н. А. Вещесгвенные доказательява. - М., 1971. – 212 с.
51 Дорохов В. Я. Протоколы следственных и судебных действий как ввды доказательств //Сов. гос. и право. - 1979. - №13. – с. 80-90.
52 Терзиев М.В Лекции по криминалистике. М., 1951. - 115 с.
53 Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. М., 1968. - 470 с.
54 Ларин А.М. Доказывание и предпроцессуальная деятельность защитника //Адвокатура и современность. - М., 1997. - № 2. - с. 113-140.
55 Ильина Л.В. Основания и порядок допуска представителя потерпевшего в советском уголовном процессе. // Пермь «Ученые записки Пермского государственного университета им. А.М. Горького», 1966. – №150. – с. 121-128.
56 Сулейменова Г.Ж., Воронина Л.В. Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан: учебное пособие. – Алматы: Алем, 2002. – 256 с.
57 Қазақстан Республикасының Парламенті. Адвокат қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсан № 195-1 Заңы // Құқықтық және нормативтік актілер жиынтығы. – Алматы, 2006. – 52 б.
58 Ватман Д.Н. Адвокатская этика. – М.: Юрид. лит., 1977. – 96 с.
59 Котов А.К. Конституционные гарантии права каждого на защиту прав и свобод // Сборник материалов международной научно-практической конференции «10 лет независимости РК: достижения и проблемы адвокатуры». – Алматы, 2001. – С. 25-29.
60 Терлікбаев К. Қылмыстық істер бойынша шындықты анықтаудағы криминалистикалық идентификацияның ролі мен маңызы // ҚазМУ хабаршысы. Заң сериясы. – 2000. – № 3 (16). – 175-180 бб.
61 Акатьева Г.А. Некоторые вопросы, возникающие при участии напредварительном следствии. Следователь. №6. 1997. с. 101-104.
62 Петрухин ИЛ. Теоретические основы реформы уголовного процесса в России. - М., 2004. 250 с.
63 Стецовский Ю.И. Уголовно-процессуальная деятельность защитника. - М., 1982. - 360 с.
64 Уголовно-працессуальное право Республики Казахстан. Общая часть: академический курс / под ред. Б.Х. Толеубековой. – Алматы: Жеті-жарғы 2005. – Кн.3. – 432 с.
65 Щерба С.П., Сәрсенбаев Т.Е., Зайцев О.А. Дәрменсіз жәбірленушіге қатысты алдын ала тергеу жүргізу: Оқулық құрал. – Қарағанды, 2002. – 139 б.
66 Карнеева Л.М. Подозреваемый в советском уголовном процессе // Социалистическая законность. - 1959. - № 4. – С. 22-30.
67 Тыныбеков С.Т. Принцип обеспечения права подозреваемого и обвиняемого на защиту в уголовном процессе. – Алматы, 1997. – 277 с.
68 Нормативное постановление № 4 Верховного суда Республики Казахстан «О некоторых вопросах оценки доказательств по уголовным делам» от 20.04.2006 года // Сборник постановлений Пленума Верховного суда Казахской ССР, Республики Казахстан, нормативных постановлений Верховного суда Республики Казахстан (1968-2008 г.г.). - Алматы: НОРМА-К, 2008. – 590 с.
69 Царев В.М. Эффективность участия защитника в доказывании на предварительном следствии. – Красноярск, 1990. – 288 с.
70 Шагимуратов А.Я. Использование адвокатом средств защиты на предварительном следствии. – Ташкент, 1992. – 265 с.
71 Щерба С.П. Расследование и судебное разбирательство по делам лиц, страдающих физическими или психическими недостатками. - М., 1975. – 300 с.
72 Леви А. Защитник на предварительном следствии // Законность. - 1993. - №9. – С. 63.
73 Жогин Н.В., Фаткулин Ф.Н. Предварительное следствие в советском уголовном процессе. Российская юстиция. 2002, № 9 45с
74 Нормативное постановление № 26 «О практике применения уголовно-процессуального законодательства, регулирующего право на защиту» от 06.12.2002 года // Юридическая газета. – Алматы, 21.12.2002. – С. 2.
75 Божко С.П., Матвиенко Е.А. Подозреваемый в советском уголовном процессе. - Минск: МВШ МВД СССР, 1969. – 291 с.
76 Оспанов С.Д. Актуальные проблемы уголовного судопроизводства (теория и практика). - Алматы: АЭ и П, 2002. – 299 с.
77 Шимановский В.В. Правовой статус подозреваемого в уголовном процессе. - М., 1990. – 311 с.
78 Строгович М.С. Уголовное преследование в советском уголовном процессе. - М., 1991. – 310 с.
79 Пастухов М.И. Реабилитация невиновных: основы правового института: Дисс. ... канд.юрид.наук: 12.00.02. – Минск, 1993. – 150 с.
80 Сотников Н.И. Отказ в возбуждении уголовного дела. - Караганда, 1997. – 271 с.
81 Филимонов Ю.В. Обвинение, как средство обеспечения прав и законных интересов обвиняемого в уголовном судопроизводстве: Дисс. ... канд.юрид.наук: 12.00.08. - Саратов, 1998. – 147 с.
82 Сериев Б.А. Заңгер этикасы: Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ универсиеті», 2007. – 100 б.
83 Закон Республики Казахстан № 353-І «О порядке и условиях содержания под стражей подозреваемых и обвиняемых в совершении преступлений» от 30.03.1999 года // Казахстанская правда. - 06.04.1999. – С. 4.
84 Демидов И.Д. Проблема прав человека в современном российском уголовном процессе: Дисс. ... д-ра юрид.наук: 12.00.08. - М., 1996. – 250 с.
85 Лукашевич В.З. Участие защитника в предварительном расследовании // Вопросы уголовного права и процесса в условиях правовой реформы.
– Калининград, 1991. – 350 с.
86 Стацовский Ю.И., Ларин А.М. Конституционный принцип обеспечения обвиняемому права на защиту. - М., 1986. – 298 с.
87 Кручинин Ю.С. Участие адвоката-защитника в уголовно-процессуальном доказывании: Дисс. ... канд.юрид.наук: 12.00.09. - Ижевск, 1997. – 150 с.
88 Лужин Л.М. Адвокат в уголовном деле. - М., 1997. – 275 с.
89 Проблемы судебной этики: Учебник / Ред. Строгович М.С. – М., 1974. – 245 с.
90 Резник Г.М., Славин М.М. Право на защиту. - М., 1976. – 296 с.
91 Акинчин И.А. Подозреваемый и обвиняемый на предварительном следствии. – Саратов, 1964. – 277 с.
92 Клевенко Э.Ф. Гарантии прав личности в советском уголовном процессе. - М., 1973. – 298 с.
93 Григорьев Е.Г. Задержание подозреваемого органами внутренних дел. – Ташкент, 1989. – 285 с.
94 Ратинов А.Р. Судебная психология для следователя. - М., 1967. – 283 с.
95 Ескендиров А.А. Процессуальные и криминалистические аспекты расследования преступлений, совершенных несовершеннолетними: Учебное пособие. – Алматы: Жеты Жарғы, 2008. – 245 с.
96 Благоволина М.С. Почта редактора/ Литературная газета, 1969 г. - № 44. с. 38-48.
97 Лукашевич В.З. Конституция РФ 1993 года и дальнейшее совершенствование уголовно- процессуального законодательства// Уголовно-правовые проблемы борьбы с преступностью. - Калининград, 1995 г. – с 41.
98 Машовец А.О. Принцип состязательности и его реализация в предварительном следствии: Автореф дис. на соиск. уч. ст. к.ю.н.- Екатеринбург, 1994. - с 7.
99 К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинения (В 30 - т.). Изд. 2 - е. Т. 1. - М.: Госполитиздат, 1958 г. – с 26.
100 Резник Г.М. Внутреннее убеждение при оценке доказательств. - М.: Юрид. лит., 1977 г. - с 97.
101 Васильев Л.М. Организация следственной работы //Вопросы подготовки следователей и преодоление их профессиональной деформации - Краснодар, 1983 г. – с 11.
102 Стремовский В.А. Предварительное расследование в советском уголовном процессе. М.: Госюриздат, 1958 г – с 40.
103 Лившиц В.Л. Обвинительный уклон (Истоки и пути преодоления)// Закон и ведомственные нормативные акты в СССР. - Труды.-46 - М, 1989 г.-с 143.
104 Либус И. А. Защита в уголовном процессе / / Перестройка и адвокатура. Научные и практические проблемы уголовного судопроизводства. - Ижевск, 1989 г. – с. 119.; Либус И. А. Об эффективности деятельности защитника в стадии предварительного следствия. Ташкент, 1971г. – с 46.; Хорхина Т.В. Проблемы деятельности адвокатуры (Обзор откликов на материалы круглого стола)// Советское государство и право. – 1986г.- №9;. Машовец А.О. Указ. соч. – с. 7., Капустин А,А. Реформа советского предварительного расследования - сущность, предпосылки, основные направления: Автореф. дис. На соиск. уч. ст. к.ю.н. - Санкт - Петербург, 1992г.- с16.; Ведерников А.Н. Актуальные вопросы участия защитника на стадии предварительного расследования ( в свете осуществления судебной реформы) - Дис. на соиск. уч. ст. к. ю. н. - М.- 1990 г. – с.148.
105 Анашкин Г. 3. Адвокат. Права и проблемы // Литературная газета, - 1969г. № 41; Бойков А. Карнеева Л. Об участии защитника на предварительном следствии // Советская юстиция, - 1970 г. – с. 19.
106 Беков К. Процессуальное положение подозреваемого и обвиняемого на предварительном следствии. - Алматы: КазГНУ, 2001. – 279 с.
107 Канафин Д.К. Адвокат в уголовном процессе // Правовая реформа.
– Алматы, 2005. - № 4. – С. 14.
108 Перлов И.Д. Защита и правосудие // Сб. материалов МНПК «Роль и задачи адвокатуры». - М.: МГУ, 1992. – 356 с.
109 Арсеньев К.К. Заметки о русской адвокатуре. - СПб., 1875. – 450 с.
110 Каминская В.И. Охрана прав и законных интересов граждан в уголовно-процессуальном праве // Российская юстиция. - 2005. № 10. – С. 27.
111 Канафин Д.К. Функция защиты в уголовном процессе // Правовая реформа. – Алматы, 2004. - № 2. – С. 12.
112 А.Бойков, Л.Карнеева. Об участии защитника на предварительном следствии.// Советская юстиция. -1970. - № 19. – с. 15-22.
113 Бойков АД. Что же мешает защите? // Литературная газета. 1970. - № 3. с. 4-15.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 113 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қолжазба құқығында

НҰРМАҒАНБЕТ ЕРМЕК ТАЛАНТҰЛЫ

Адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинауға қатысу
мәселелері

12.00.09 – қылмыстық процесс; криминалистика және
сот сараптамасы; жедел іздестіру қызметі

Заң ғылымдарының кандидаты
ғылыми атағын алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі
заң ғылымдарының докторы,
профессор Е.О. Алауханов

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР
3
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
4
КІРІСПЕ
5
1 АДВОКАТ-ҚОРҒАУШЫНЫҢ АЛДЫН-АЛА ТЕРГЕУДЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЖИНАУЫНЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
15
1.1 Қылмыстық істер бойынша адвокат-қорғаушының дәлелдемелерді жинау
қызметінің тарихи-құқықтық қырлары 15
1.2 Адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинау
қызметінің теориялық мәселелері
24
1.3 Адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинауы -
қылмыстық процестің ерекше институты ретінде
36
2 АДВОКАТ-ҚОРҒАУШЫНЫҢ АЛДЫН-АЛА ТЕРГЕУДЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЖИНАУҒА
ҚАТЫСУЫ АРҚЫЛЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ШАРАЛАРЫ
70
2.1 Дәлелдемелерді жинау жөніндегі алдын-ала тергеу кезіндегі
адвокат-қорғаушының іс-әрекеті
70
2.2 Адвокаттың алдын-ала тергеуде тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін
адвокаттың дәлелдемелерді жинауының ерекшеліктері
83

2.3 Алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинауы бойынша
адвокат-қорғаушының қызметінің дербестігін жүзеге асыру құқығын
беру қажеттілігінің дәйектілігі 95

ҚОРЫТЫНДЫ 101

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 107

АНЫҚТАМАЛАР

Адвокат – жоғары заң білімі бар, адвокатық қызметпен айналысуға арнайы
лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының азаматы.
Алдын-ала тергеу - уәкілетті оргадардың өкілеттік шегінде істің мән-
жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды
қылмыстық жауаптылыққа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу
нысаны.
Қорғаушы –Заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың
құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін
көрсететін адам.
Дәлелдеу – істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін маңызы бар мән-
жайларды анықтау мақсатында деректемелерді жинаудан, зерттеуден тұрады.

Белгілеулер мен қысқартулар тізімі

БҒМ – Білім және ғылым министрлігі
БСТ – Басты сот талқысы
ГФР – Германия Федеративтік Республикасы
ЖІҚ – Жедел іздестіру қызметі
КІІД – Көліктегі ішкі істер департаменті
ҚСжАЕК – Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті
ҚІЖК – Қылмыстық іс жүргізу кодексі
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
СИЗО – Тергеу изоляторы
ТБ – тергеу бөлімі (басқармасы)
ТК – Тергеу комитеті
ТҚД – Техникалық қызмет департаменті
ҰҚК – Ұлттық қауіпсіздік комитеті
УҰИ – Уақытша ұстау изоляторы
ІІБ – Ішкі істер басқармасы
ІІД – Ішкі істер департаменті
ІІМ – Ішкі істер министрлігі
ЭСҚКА – Экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес агенттігі

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу алдын-ала тергеуде адвокат-
қорғаушының дәлелдемелер жинауда және оған қатысу барысында құқық қорғау
органдарымен қарым-қатынасы, адвокат-қорғаушының құқықтары мен міндеттері
және қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды қорғауда қандай талаптарға ие
немесе қай жерде құқықтары шектеулі жайлы көрініс табады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Алдан-ала тергеу процесінде
дәлелдемелерді жинау кезінде адвокаттың қызметін құқықтық қамттамасыз ету,
адвокат ісіндегі кәсіпқойлықты, тәуелсіздікті баянды ете отырып, адвокатура
ісін жетілдірудің тиімділігін жоғарғы дәрежеге жеткізу диссертациялық
жұмысымыздың өзекті мәселесі болып табылады.
Еліміз егемендіккке қол жеткізіп, құқықтық-демократиялық мемлекет
ретінде орнығып, оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқық
актілері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттілігі туындады. Осы жолда қыруар
ғылыми зерттеу-зерделеу жұмыстары жазылуда. Адам мен азаматтың құқықтары,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды
реттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылданып, іске асуда. Заңдарды
тиянақты және қолайлы жасауға заңгер-ғалымдар мен заңгер-практиктер
қатысып, бұл заң актілері халықаралық ұйымдар мен шетел мамандарының
белсенді сараптауларынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының
Конституциясы - Ата заңы бұған дәлел.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында:
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам
және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - деп жазылған [1, 4 б.].
Бүгінгі күні Конституция және оған негізделген заңдармен қамтамасыз етілген
адам мен азаматтардың құқықтары, заңды мүдделері мен бостандықтарын
адвокатпен қорғау қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ Конституциямыздың 1-
бабы 1-тармағында да Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам мен оның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары деп атап көрсетілген. Адамның ұсталуы,
тұтқындалуы немесе адамға айып тағу – оның басты қазынасы – бостандығына
қауіп төндіреді. Демек, уақытша болса да өз бостандығынан айырылу қаупі
туғанда әрбір адам өзін, бостандығын қорғауға бағытталған конституциялық
құқығын жүзеге асыруға, әлбетте, мейлінше мүдделі.
Конституцияда көрсетілген құқықтық мемлекеттің алғашқы белгісі болып
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттік және өзге де
мүдделердің алдындағы басымдылығы танылатындығын ескергеніміз жөн.
Сондықтан еліміз өркениетті қоғамға тән белгі ретінде адам мен азаматтың
өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп таныды. Оның
мәні - мемлекеттік саясат адам мен азаматтың өмірі, құқықтары мен
бостандықтарын ендігі жерде мемлекет мүддесінен жоғары қоюды және әрбір
жеке адамның лайықты өмірі мен еркін жетілуін қамтамасыз етуді мақсат
етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабы 3-тармағына сәйкес,
ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол
ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың
(қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
Ал, өзінің осы мүддесіне лайықты әрекет ету – әуелі азаматтардың
құқықтық сауаттылығына, қала берді, сол заңды құқығын жүзеге асыруға деген
табандылығына да тікелей байланысты. Осы тұста, келеңсіз болса да шындықты
айту керек, ұсталған, тұтқындалған адамдардың қорғаушысының болмауына,
олардың қорғаушы қызметіне мұқтаж еместігі жөнінде арыз жазуына – кейбір
тергеушілер мүдделі екініне де ешкім кепілдік бермейді. Себебі, кәсіби
қорғаушысыз адам – тергеушінің айтқанына көніп, айдауына жүруіне оңтайлы,
тергеу ісін тергеушінің өз қалауынша, статистикалық көрсеткіштеріне нұқсан
келмейтіндей деңгейде жүргізуіне ыңғайлы.
Осындай құқықтық келеңсіздіктерден қалай арылуға болады, азаматтардың
өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға, өзін заң тұрғысынан
қорғауға қалай қол жеткізуге болады, сол алдын-ала тергеуде адвокаттардың
дәлелдемелер жинауда қандай құқықтары мен міндеттері бар немесе оларды
жетілдіру мәселелері қалай болады деген сұрақтар осы диссертациялық жұмыста
кең ауқымды түрде қарастыру көзделіп отыр.
Сондықтан, қазіргі қолданылып жүрген заңдарға адвокаттардың құзыретін
кеңейтетін, олардың қызметіне жалпы халықтың қолжетімдігін қамтамасыз
ететін өзгерістер енгізу – заман талабы әрі мемлекетіміз жүргізіп отырған
құқықтық реформаның бір құрамдас бөлігі дер едім. Құқықтық реформа тек
мемлекеттік органдарды, заңдарды реформалаумен шектелмей, сол қоғамдық
қатынастардың бірден-бір бастауы – қоғамның әрбір мүшесінің санасын да
қамтуы тиіс. Адвокатым (қорғаушым) келмей, ешбір сұраққа жауап бермеймін,
ешқандай құжатқа қол қоймаймын! деп кез келген құзырлы органның алдында
(салық, тергеу, сақтандыру, әлеуметтік қорғау, тіпті нотариалдық қызмет
тұтыну саласында да) өзін байыпты, салиқалы ұстайтын батыстық үрдіс бізде
де қалыптасуы қажет.
Шыны керек, көп жағдайда адвокаттардың зерттеген, ізденген материалдары
дәйексіз келіп жатады. Толық зерделенбеген іс нәтижесіз қалып жататыны
анық. Көп жағдайда сот процесінде судьялар сотқа қатысушылардың тең
құқылылығын қадағаламайды. Сайыстыру кезінде тергеушінің тіркеген
құжаттарына басымдық береді.
Әсіресе, сот өндірісінде судьялар тергеушінің, прокурордың зерттеуі мен
дәлелдемелеріне сүйенеді. Адвокаттың дәлелдерін жеткіліксіз, дәйексіз деп
жатады. Осылайша айыпталушы мен адвокаттың заңды құқығы бұзылады. Алдын ала
тергеудегі басты кемшілік тараптарды сайыстыру кезінде тең дәрежелі ортақ
құқылық қағидаларына сәйкес келмейді. Алдын ала тергеудің негізгі міндеті –
сот үшін материал жинау.
Қылмыстық істе айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын қолдана отырып,
тергеуші өз шешімінің дәйексіздігіне қарамастан толық зерделенбеген іске
қисынсыз құжаттар тіркеп, нанымсыз деректер жинап көрсетеді. Өз ісінің
аяқсыз қалмауын және істі толық ашқанының дәлелі ретінде түрлі айыптар
тағып, өз дәлелдемелерін қорғайды. Бұл тергеуші жұмысының сапасын
көрсетеді. Егер, тағылған айып негізсіз болса, тергеуші кінәлі болады.
Сайысу сотқа дейін жүргізілуі тиіс болғандықтан, тараптар сотқа айыптау
және ақтау дәлелдемелерімен келуі керек.
Сондықтан, дәлелдемелер жинауда адвокаттың өкілеттігіне қатысты
бірқатар өзгертулер енгізілуі қажет
Заң адвокаттың көмек көрсетіп отырған адаммен теңдестіруге және
кәсіптік қызметін атқару кезінде, оған белгілі болған мән-жайлар туралы
куәгер ретінде тергеуге қатаң тыйым салады. Алайда, соңғы кездері құқық
қорғау органдары адвокаттарды қорғауындағы адамдармен тең бағалап жүргені
байқалады. Мысалы, адвокаттарға тергеу абақтысында заңсыз тексеріс-тінтулер
жүргізеді, қорғауындағы адамдарына құқықтық көмек көрсетуіне, сондай-ақ 
қылмыстық істерді тергеу кезінде кедергі жасайды.
Адвокаттар заңда жазылған кепілдемелерге ие бола алмай отыр. Олардың
мәртебесі мен өкілеттігі тиісті дәрежеде іске асырылып жатқан жоқ.
Сондықтан, кейбір адвокаттар жалпақ тілмен айтқанда көбінесе өз қызметін
жүзеге асыруға сескенеді. Бұл Конституция кепілдік беретін адам
құқықтарының бұзылуын көрсетеді. Сондықтан, мен құқықтық көмек көрсетудің
сапасын көтеру үшін адвокаттық қызметті күшейтудің және оған қатысты жедел
іздеу шараларын жүргізудің ерекше тәртібін енгізу аса маңызды дер едім.
Диссертациялық жұмыста двокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде
дәлелдемелерді жинауға қатысуы жөніндегі мәселелер түбегейлі қарастырылып,
сындарлы ғылыми тұжырымдамалар жасалған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында: Біз мүлде жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық
құқықтық мемлекеттің іргетасын нық қалап, осы заманғы қоғамдық
институттарды нығайтып, өмірдің сапасын өзгерте білдік - деп атап
көрсетілген болатын [2, 2 б.].
Елде құқықтық мемлекет принциптерін оддан әрі бекіту процесінде, бір
жағынан, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асырудың ең жоғары ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші
жағынан барлықмемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен
ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды
[3].
Процессуалист-ғалым К.Х. Халиқов: Құқық қорғау органдары мен ұйымдар
жүйесінде адвокатура маңызды орын алады. Қазақстан Республикасында
адвокатура азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін
қорғауға, сот әділдігін жүзеге асыруға, заңдылықтың сақталуы мен нығаюына,
азаматтарды, заңдарды әділ және әрі мүлтіксіз орындау, халық игілігіне
ұқыпты қарау, еңбек тәртібін сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, ар-намысы
мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге
жәрдемдеседі - деп жазған болатын [4, 136 б.]. Ғалымның адвокатураны құқық
қорғау органдары жүйесіне кіргізгені құлаққа қонымды және біз де аталмыш ой-
пікірді қолдаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысы қазіргі таңда демократиялық
және құқықтық мемлекетті нығайту жағдайындағы адам мен азаматтың
Конституцияда баянды етілген құқықтары мен заңды мүдделері үшін өкілдік ету
жөніндегі ғылыми ізденіс-зерттеулер мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау
тауып отырғаны белгілі.
Зерттеу жұмысына қатысты кеңінен теориялық зерттеуге айтарлықтай мол
үлес қосқан С. Тыныбековтың Қазақстан Республикасындағы адвокатура және
адвокаттық қызмет оқулығы (Алматы: Данекер, 2003) және оның Институт
адвокатуры в правовой системе Республики Казахстан атты тақырыптағы
докторлық диссертациясы (Алматы, 2005); С.М. Жалыбиннің Организационно-
правовые формы участия профессионального защитника в уголовном
судопроизводстве атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясы (Алматы, 1998)
және Защита граждан в уголовном судопроизводстве атты монографиясы
(Алматы: Жеті-жарғы, 2002); Ж.М. Абаева Роль института адвокатуры в
обеспечении прав и свобод граждан в Республике Казахстан атты тақырыптағы
кандидаттық диссертациясы (Алматы, 2006).
Диссертациялық зерттеу кезінде К.К. Арсеньев, М.О. Баев, Р.С Белкин,
А.М Ларина, С.А Шейфера, В.П. Божьев, Л.В. Владимиров, А.С. Кобликов, А.
Ларин, П.А. Лужинская, Е.А. Матвиенко, А.Ф. Романенков, И.Д. Перлов, И.Л.
Петрухин, В.М. Савицкий, Г.П. Саркисянц, Ю.И. Стецовский, М.С. Строгович,
И.Я. Фойницкий сияқты революцияға дейінгі, кеңестік кезеңдегі және бүгінгі
ресей ғалымдарының еңбектері зерделеніп, тиісті бағасын алды.
Қазақстанда мұндай тақырып А.Н. Ахпанов, Е.О. Алауханов, К. Беков,
Л.Ш. Берсүгірова, Т.К. Биятов, А.А. Исаев, К.Ж. Капсалямов, М.Ч. Қоғамов,
Д.Н. Канафин, Ш.К. Құсайынов, Е.Я. Лопушной, С.С. Молдабаев, Г.М. Нам,
К.И. Нұржаубаева, А.С. Нұралиева, С.Д. Оспанов, Б.Саломов, Т.Е. Сәрсенбаев,
А.Ж. Садыков, Б.А. Сериев, Б.Х. Төлеубекова, А.К. Түгел, А.Ж. Тукеев, С.Т.
Тыныбеков, Ш.М.Шарипов, Б.К. Шынарбаев, Р.Н. Юрченко сияқты ғалымдардың
еңбегінен көрініс тапқан. Бұл ғалымдардың еңбектері қылмыстық процеске
білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету проблемасын шешуге тиянақты
теориялық негіз болады.
Бұл ғалымдардың еңбектері қылмыстық процеске білікті заң көмегін алу
құқығын қамтамасыз ету проблемасын шешуге тиянақты теориялық негіз болады.
Бірақ бұл тақырыптың едәуір зерделенгендігіне қарамастан, жалпы адвокат-
қорғаушының алдын-ала тергеуде дәлелдемелер жинауға қатысуының қамтамасыз
ету мен олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық сот ісін жүргізу
кезінде қорғауға байланысты мәселелер жөнінде ортақ пікір жоқ, ол жағдай
қылмыстық іс жүргізу нормаларын қолдану кезінде байқалмай қалмайды.
Қылмыстық процеске қатысушы бұл адамдар арасындағы қатынастардың
психологиялық жағы да осылармен анықталады және олардың психологиялық
қасиеттеріне үлкен мән беріледі.
Заң психологиясының едәуір дамығанына қарамастан, қылмыстық қорғау
психологиясы бойынша, адвокат-қорғаушы қызметінің психологиясы бойынша
жұмыстар өте аз.
Халықтың сауаттылығының және мәдениетінің көтерілуі, демократияның
дамуы, оның негізгі принциптерінің насихатталуы, соның ішінде адам мен
азаматтың мүдделерін құқықтық қамтамасыз ету маңызды болып отыр.
Дегенмен дамыған елдерде тұлғаның мүддесін адвокат арқылы қорғау аса
жоғары бағаланады, себебі адвокатқа тұлғаның тағдырына араша түсу міндеті
жүктелген. Бүгінгі күні заман талабына орай Қазақстан Республикасының
адвокатура институтының қажеттілігі арта түсуде.
Қазақстан Республикасында демократиялық қоғам орнату мен құқықтық
мемлекетті құру үшін барынша жағдай жасалып, тұлғалардың мүдделерін қорғау
кепілденуі тиіс. Тұлғаның қорғануға құқығын қамтамасыз ету алдын-ала тергеу
процесінде дәлелдемелерді жинау адвокат арқылы кәсіби қорғаудың болуын
талап етеді. Бүгінгі күні адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде
дәлелдемелерді жинау үшін қатысу мүмкіндігі кеңейді.
Елдегі құқықтық-демократиялық өзгерістер тұлғаның мүддесін адвокат
арқылы қорғау, сондай-ақ адвокат-орғаушысының алдын-ала тергеуде
дәлелдемелерді жинау кезінде құқықтық мәртебесін анықтаудың, оның білікті
заң көмегін алуға құқығын іске асыратын ұйымдық шаралар керектігін көрсетіп
отырғандығының айғағы.
Зерттеу мақсаты. Диссертациялық зерттеудің мақсаты дәлелдемелерді
жинаудағы қорғаушының құқықтарының кеңеюіне мүмкіндік беретін негіздер,
дәлелдемелерді жинауда қорғаушының қатысу шегін анықтау және қорғаушымен
жиналатын дәлелдемелердің нақты жолдарын дайындау болып табылады.
Жалпы мақсатқа жету үшін жеке тапсырмалар қатарын шешу қажет, олардың
қатарына:
1) түсінігін анықтау және дәлелдемелерді жинау құрылымы;
2) ҚР заңнамалары бойынша дәлелдемелерді жинаудағы субъектілерді қарау;
3) ҚР әрекет етуші заңнамалары бойынша дәлелдемелерді жинаудағы қорғаушының
қатысуын қарау;
4) дәлелдемелерді жинау барысындағы қорғаушының құқықтық жағдайының даму
перспективаларын дайындау.
Зерттеу жұмысы мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталды:
- Адвокат-қорғаушының дәлелдемелер жинауда ролі мен орнын
анықтау;
- Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының ережелерін негізге ала
отырып, адвокат-қорғаушы алдын-ала тергеуде дәлелдемелер
жинауда процессуалдық құқықтары қандай, соны анықтап білу;
- адвокат- қорғаушылардың дәлелдер жинауға қатысу құқығы
заңнамалық түрде кеңейту қажеттілігін туындату;
- адвокат-қорғаушының қылмыстық іс бойынша мәліметтер және қайнар
көздерін жинақтау;
- адвокат-қорғаушы қорғалушының қатысуымен тергеу әрекеттеріне
қатысуға рұқсат беруге өтініш білдіру жолдарын қарастыру,
- қылмыстық іс бойынша сезікті мен айыпталушыны тергеу кезінде
қорғаушылардың неғұрлым жоғары белсенділігін қарастыру;
- Адвокат-қорғаушылардың алдын-ала тергеуде сараптамалық
қортындылар беру үрдісіндегі рөлін арттыру.
Зерттеу объектісі. Диссертациялық зерттеу жұмысының объектісі алдын-
ала тергеу сатысында адвокат-қорғаушының дәлелдемелер жинауда пайда болатын
қылмыстық процессуалдық және қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеу пәні. Диссертациялық жұмыстың пәні қылмыстық процестегі
жарысу барысындағы даму шарттары бойынша адвокат-қорғаушының дәлелдемелерді
жинау кезіндегі құқықтық жағдайының жақсару жолы және мүмкіндіктерін
анықтау болып табылады.
Зерттеудің теоретикалық негіздерін алдын-ала тергеу мен сотқа
дейінгі сатыда адвокат-қорғаушының әрекеттер мен дәлелдемелер жинаудағы
міндеттерін зерттеген революцияға дейінгі, Кеңес заманындағы және қазіргі
кездегі авторлардың еңбектері болып саналады.
Зерттеудің методологиялық негізін Қазақстан Республикасының
Конституциясы, халықаралық құқықтық актілер, қазіргі уақытқа дейінгі
қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік және азаматтық нормативтік
құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулылары,
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің және Үкіметінің
қаулылары және шет мемлекеттердің заңдылықтары, сонымен қатар құқықтық
қатынастардың жалпы теориясы, қылмыстық іс жүргізудің құқықтық
қатынастардың теориясы, танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы және
жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу,
құрылымдық-функционалдық, социологиялық және т.б.), арнайы да (тарихи-
заңдық, формальды-заңдық) әдістер құрайды.
Автор жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен
дедукция, статистикалық және салыстырмалы құқықтық әдістердің мүмкіндігіне
сүйенді. Диссертациялық зерттеудің эмпирикалық негізін құраған
материалдарды зерделеу үшін автор талдау, сұрау және сараптық баға беру
түріндегі нақты-социологиялық әдістерді пайдаланды.
Зерттеудің эмпирикалық базасын: Алматы қаласының (Бостандық және Алмалы
аудандарының), Алматы облыстық (Қарасай және Талғар аудандарының) аудандық
соттары және Қызылорда қалалық соты 2007-2010 жылдары қараған 400 қылмыстық
істің материалдары; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 150
қызметкерінен алынған сауалнама жауаптары; ІІМ-нің ТҚД мен Бас
прокуратураның ҚСжАЕ Комитетінің Қазақстан Республикасындағы тергеу
практикасының жайы туралы статмәліметтері (1997-2010 жылдарғы) құрады.
Сонымен қатар, басқа авторлар жүргізген осыған ұқсас зерттеулердің
нәтижелері де зерделенді, олар бойынша тұжырымдар өз зерттеуіміздің
нәтижелерімен салыстыру үшін ғана пайдаланылды.
Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасы
Конституциясының негізгі ережелері, халықаралық-құқықтық актілер және
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары (заңдар, жарлықтар,
кодекстер, Жоғарғы сот қаулылары және т.б.), сонымен қатар бірқатар шет
елдердің (АҚШ, Англия, Италия және т.б.) заңдары құрады.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығына осы мәселені
зерттеудегі тәсілдің өзін жатқыза отырып, жалпы адвокаттың құқық қорғау
қызметінде құқықтары мен міндеттерін кеңейтуге мән беретін өзінше дербес
зерттеу болып табылады.
Адвокат-қорғаушының екінші деңгейдегі қызметкер болып көрінетіні
жалпыға мәлім. Қылмыстық істерді жүргізу заңы тараптарды сайыстыру және тең
құқылық идеясын қылмыстық сот ісінде бекіткен (ҚР ҚІЖК 23-бап). Сайыстыру
ретінде айыпталушының қорғалуға деген құқығын ғана түсінуге болмайды, бұл
сонымен бірге ақиқатты іздеу әдісі мен айғақтарды зерттеу тәсілі де болып
табылады. Өкінішке қарай, қазақстандық қылмыстық процесте, әсіресе, сотқа
дейінгі сатыда осы функцияларды не қорғалушы, не айыпталушы жеткілікті
түрде жүзеге асыра алмайды, себебі біздің қылмыстық процесте қылмысты
дәлелдеуде - тергеушінің, анықтаушының және прокурордың рөлі басым
болатындығы айтылады. Адвокаттың дәлелдеуге қатысу мәселесі нормативті
актілерде жеткіліксіз реттелгендіктен, қылмыстық процеске тартылған
адамдардың бостандықтары мен құқықтары едәуір бұзылды.
Заң актілері тергеушіге айыптау және ақтау дәлелдемелерін жинауды
жүктейді. Алдын ала тергеудің негізгі міндеті - сот үшін материал жинау.
Осылайша, тергеуші бір мезгілде бір-біріне мүлдем қарама-қайшы функциялар
атқаруға міндетті. Тергеушінің айыптау жағына еліту мүмкіндігі аса жоғары.
Қылмыстық істі қозғаған кезде ол айыпталушыға қарсы бұлтартпайтын шараларды
тауып, айыптауды біржақты тұжырымдайды. Сөйтіп, тергеуші өзінің "сыңарезу"
шешімінің тұтқынына айналады. Сондай-ақ тергеуші өз жұмысының сапасын
бағалау жүйесіне орай, дәлелдемелер жинауда әр кезде объективті бола
бермейді, соған байланысты қылмыстық істі тоқтату, оның тарапынан
жіберілген қателік ретінде бағаланады және тергеушіге тағылған айып-кінә
болып саналады.
Сайысудың негізі қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде
қалыптасуы керек. Екі жақ та сотқа айыптау және ақтау дәлелдемелер
жиынтығымен, тең болып келуі керек. Қолданыстағы заңға сәйкес қорғаушы
тарапына қарағанда, сотқа дейінгі сатыда дәлелдемелер жинаған айыптаушының
қолында көбірек материал болады. Нәтижесінде сотта қорғаушының рөлі
көбінесе тергеушінің жұмысындағы кемшіліктерді іздеумен ғана болады. Көп
уақытты сол алады. Квалификациялық құқықтық көмек мәселелері бойынша заң
жобасында, дәлелдемелер жинау жөніндегі адвокаттың өкілеттігіне қатысты
бірқатар өзгертулер енгізілу қажет.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға шығарылатын мынадай негізгі
тұжырымдардан нақты көрініс тапқан:
1 Адвокат-қорғаушының тұлғаның мүддесін қорғай отыра дәлелдеудің еркін
субъектісі ретінде сөйлейді, десек те, қорғалушыға зиян келтіруге
бағытталмаған және істің қорытындысы айыпталу үшін оның қызметіне кері
әсер бермеуі керек. Адвокаттан басқа тұлғаның қорғаушысы ретінде сотқа
дейінгі тергеу сатысына қатысу құқығын шектеу біліктілікке баға беретін
заңды комектің бір жолы болып табылады. Адвокат-қорғаушының алдын-ала
тергеуде дәлелдемелерді жинауға қатысуы қылмыстың ашылуына емес, тұлғаның
құқығын қорғауымен негізделеді.
2 Дәлелдеу уақыты қорғаушыға емес мемлекеттің лайықты құқық қорғау
органдарына жүктелген. Адвокат-қорғаушының дәлелдемелер жинау үшін алдын
ала тергеу ісіне қатысуының пайдасы және мақсатқа лайықтылығы туралы пікірі
дәлелденген. Адвокат-қорғаушының дәлелдемелер жинау тергеу істеріне қатысуы
– бұл оның қорғалушының қызығушылығындағы және тактикалық ойлауын іске
қатысты пайдаланатын міндеті емес, құқылы екендігі дәлелденеді.
3 Адвокат- қорғаушылардың дәлелдер жинауға қатысу құқығы заңнамалық
түрде кеңейту қажеттілігі негізделген. Қорғаушының іс жүргізудегі танымдық
қызметі (жеке тұлғаларды тергеу, құжаттар талап ету, жеке детективтерге
жүгіну және т.б.) заңмен белгіленуге тиісті, яғни дәлелдер жинақтау бойынша
іс жүргізу дәрежесін (статус) алуы керек, ал оның қорытындылары дәлел
ретінде қарастырылуы керек. Жарыс басында қорғаушының сараптау жүргізу
құқығын берудің, сондай-ақ кезек күттірмейтіндерді есепке алмағанда барлық
тергеу әрекеттеріне қатысуның мақсатқа лайықты екендігіне дәлелдер
келтіріледі.
4 Қорғаушының қылмыстық іс бойынша мәліметтер және қайнар көздерін
жинақтау амалдарының толық тізімі, сондай-ақ жинақталған мәліметтерді
тергеушіге құжат түрінде ұсыну тұжырымдалады.
5 Егер адвокат-қорғаушы қорғалушының қатысуымен тергеу әрекеттеріне
қатысуға рұқсат беруге өтініш білдіреді, ал тергеуші оны алдағы тергеу
әрекеттері туралы хабардар етпейді, соған байланысты қорғаушы оған
қатыспайды, бұл бұзушылықты елеулі қорғау құқығын бұзушылық деп санаған
жөн.
6 Сезікті мен айыпталушыны тергеу кезінде қорғаушылардың неғұрлым
жоғары белсенділігі белгіленген. Сонымен бірге айыпталушының кінәсін
мойындау фактісін куәландыру мақсатында тергеу әрекеттеріне қатысуда
тергеушілер адвокат-қорғаушының рөлін өтеуге ұмтылатын кездер де
анықталған.
7 Адвокат-қорғаушылар қорғау мүмкіндіктері кең болып тұрса да, сараптау
қорытындысын шығаруға мүлдем қатыспайтындығы көрсетілген. Адвокат-
қорғаушылардың селқостығының бір белгісі – сараптау мүмкіндіктері мен
әдістерінің маңыздылығының әлсіздігі анықталып, тиісті ұсыныстар
тұжырымдалды.
Зертттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік құндылығына мыналар
жатады:
1. Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және адвокаттық қызметті реттейтін
заңдарды шығару, басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және оларды
жетілдіруде пайдалануға болады. Сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу
және адвокатура саласын қалыптастыру кезінде пайдаланылады және аталмыш
заңдарда орын алуы әбден мүмкін ақтаңдақтарды болдырмауға атсалысады.
2. Жоғары оқу орындарының заң факультеттерінде және арнаулы заң оқу
орындарында Қылмыстық құқық, Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Адвокатура
және адвокаттық қызмет, Сот әділдігі, Прокурорлық қадағалау курстарын
өту (зерделеу) кезінде лекция және семинар сабақтарын жүргізуге, сондай-ақ
тиісті оқу бағдарламасын даярлауға септігін тигізеді.
3. Заң шығару процесінде адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде
дәлелдемелерді жинауға қатысуы жүйесінің нормативтік құқықтық базасын
жаңалап құрастырып, жетілдіруге айтарлықтай мүмкіндік береді.
4. Зерттеліп отырған ғылыми жұмыс қазіргі заман қажеттілігінен
туындаған болып саналады. Диссертациялық зерттеу жұмысы адвокатура
институтын дамыту және жетілдіру туралы білімді кеңейтеді. Оның үстіне бұл
мәселенің төңірегінде отандық заң ғылымында бұрын-соңды арнайы ғылыми
ізденістер болмаған және қазақ тілінде түбегейлі қарастырылмаған. Яғни
алғашқы рет аталмыш ғылыми еңбектердің нәтижелері осы мәселелердің
төңірегіндегі жазылатын болашақтағы ғылыми жұмыстарға әдістемелік негіз
бола алады.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Жүргізілген зерттеудің негізгі
нәтижелері, теориялық қағидалар, оларға негізделген тұжырымдар, ұсыныстар
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің сот билігі және қылмыстық
істер жүргізу кафедрасында орындалды. Сонымен қатар заң және халықаралық
қатынастар факультетінде дәріс және семинар сабақтарын жүргізуге
қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық негізгі тұжырымдары, ұсыныстары,
қорытындылары мен қағидалары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
саласындағы бақылау Комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда, баспасөз
беттерінде, мерзімді жарияланымдарда жарық көрген.
Диссертациялық жұмыстың негізгі ережелері әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің және өзге де жоғары оқу орындарының қабырғасында
өткен ғылыми теориялық және тәжірибелік конференцияларда баяндалған
болатын.
Диссертациялық жұмыстың басты қағидалары мен ой-түйіндері келесідей
халықаралық және Республикалық ғылыми-теориялық және тәжірибелік
конференцияларда көрініс тапты. Олар:
Жұмыстың құрылымы зерттеу объектісін таңдауға, нысанасын ықшамдауға,
қойылған мақсаты мен міндеттеріне негізделеді.
Диссертация Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тиісті Нұсқауында
белгіленген көлемде орындалып, белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден,
жеті бөлімшені біріктіретін үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЖИНАУ БАРЫСЫНДА АДВОКАТ-ҚОРҒАУШЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХЫ-
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қылмыстық істер бойынша адвокат-қорғаушының дәлелдемелерді
жинауға қатысуының тарихи-құқықтық қырлары

Адвокат-қорғаушының қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді жинауға
қатысуының алғашқы кезеңдері 1808 жылы Францияда сот ісін жүргізу таза
инквизициялық түрде ғана өтетін. Ол құпия, жазбаша болып, онда
бәсекелестік болмайтын. Айыптау және ақтау дәлелдемелерін жинау міндеті
тергеуші судьяға берілген болатын. Бұл өндіріс сатысына қорғаушы
қатыспаған. Айыпкердің өзі тергеу әрекетіне қатыса алмайтын, және жиналған
мәліметтермен таныспайтын. Алдын ала тергеудің мәліметтері айыпталушыдан
жасырын болатын. Айыпталушы куәгерлерді судьяның келісімімен ғана шақыра
алатын, қысқаша айтқанда айыпталушы зерттелетін объект болып отырды.
Тергеу сотының дәлелдемелер жинаудағы тәуелсіздігі туралы сөз де
қозғауға болмайды. Тергеу судьясы айыптау органдарынан толығымен тәуелді
болды. Өйткені ол прокуратура басқаратын сот полициясының құрамында болды
[5, с. 28].
ХІХ ғасырда Францияда айыпкердің құқықтарын кеңейту туралы, алдын ала
тергеуге қорғаушының қатысуы туралы сұрақтар кең талқыланған болатын.
Осыған қарамастан қорғаушының алдын ала тергеуге қатысу жобалары
қабылданбаған еді.
1897 жылғы заңмен ғана қорғаушы алдын ала тергеуге қатысуға құқығына
ие болды [6, с. 145]. Бірақ оның дәлелдемелер жинауға қатысуы шектелген
болатын. Ол тек қана айыпкер қатысатын тергеу өндірісіне ғана қатыса
алатын. Тергеу судьясының рұқсаты болмай қорғаушы тергеу әрекеттері
қатысушыларына сұрақтарды қоя алмады.
Францияның 1808 жылғы ҚІЖК-не қарағанда Ресейдің 1864 жылғы ҚІЖК-де
және Германияның 1877 жылғы ҚІЖК-де қорғаушы алдын ала тергеуге қатысу
мүмкіндігі қарастырылған.
Германиядағы алдын ала тергеудің өзіндік ерекшеліктері болды. 1877
жылғы ҚІЖК-і бойынша алдын ала тергеуде барлық дәлелдемелерді жинау мақсат
болмай, тек соттық тергеуге дейін жоғалып қала алатын дәлелдемелер ғана
міндетті түрде жиналатын.
Дәлелдемелерді жинаумен тергеу судьялары айналысты. Ал қорғаушы мен
айыпкер маңызды тергеу әрекеттеріне қатыса алатын. Қылмыстық іс жүргізу
жарғысының 191 параграфы бойынша қарау шаралары жүргізілген кезде
прокурордың, айыпталушының, қорғаушының қатысулары қарастырылған.
Сонымен қатар осылар сотқа келе алмаған куәгерлерге және сарапшыларға
қатысты сұраулар жүргізген кезде де қатысты. Заңда осы құқықтың іске
асырылатын салдары көрсетілді. Мысалы, тергеуші тергеу әрекеттерінің
басталатын уақытын қорғаушыға алдын ала айтуға міндетті болды. Қорғаушы
сарапшылардың тізімін толықтыруға немесе өзінің сарапшыларын шақыруға
құқылы болатын.
Қорғаушы және айыпталушы куәгерлерді сұрауда да қатысып, бірақ бұл
құқық декларация түрінде ғана болатын. Егер куәгер солардың алдында
шындықты айталмаса, тергеуші қорғаушы мен айыпталушыны сұрауға
қатыстырмауға құқылы. Қорғаушы айыпталушыны сұраудың хаттамаларымен,
жүргізілген сарапатмалардың нәтижелерімен танысуға және көшірмелерін алуға
құқылы болды.
1877 жылғы қылмыстық іс жүргізу жарғысы бойынша қорғаушының
дәлелдемелер жинаудағы құқығы аз болды. Әдебиеттегі мәліметтер бойынша,
Герман жарғыларының құраушылары, әлі толық мәліметтер жинамаған айыптау
жағының қызығушылықтарына қорғаушы әрекет жасай алатынан қорыққан [7, с.
130].
Ал 1873 жылғы Австрияның қылмыстық іс жүргізу жарғысы бойынша қорғаушы
байқауға, тінтуге, суырып алуға қатыса алатын, сонымен қатар тергеу
шаралары жүргізілу керек заттарға көрсете алатын. Қорғаушы жергілікті
тексеруге, сонымен қатар соттық тергеуге келетін куәгерлерді және
сарапшыларды сұрау кезіне де қатысатын.
Қорғаушы тергеу жұмыстарына зиян келтірмей тергеу актілермен керегінше
таныса алатын.
Германия және Австрия қылмыстық іс жүргізу жарғыларын қарасақ, мұнда
әрбір жақтардың өзіндік дәлелдемелер жинау құқықтары қарастырылмаған.
Осыған бірнеше негіздеме себеп болды: бірінші, дәлелдемелерді жинау үшін
арнайы құралдар қажет еді, ал екінші жағынан, айыпталушы істің тежелуін
қажет етуі мүмкін.
Сонымен Германия мен Франциядағы қорғаушының құқықтарын шектеу
ережелері Ресейдікімен ұқсас болды. Бұл жерде қорғаушының қатысуы шындықтың
ашылуына кедергі болып, тергеуді тежейді және т.б. деп есептеген.
Ал енді бір ғасырдан артық өткен уақытта осы елдердің қазіргі
заңнамасында қорғаушының құқықтарының қалай өзгергендігін және іс
жүргізудегі қорғаушының деңгейінің дамуы болашағын қарастыруымыз қажет.
Енді, Батыс Еуропа елдерінің қазіргі замандағы қылмыстық процесінде
дәлелдемелердің жинауына қорғаушының қатысуы тоқталатын болсақ, 1958 жылғы
Францияны ҚІЖК-ң сотқа дейінгі бөлімі бірнеше деңгейлерден тұрады. Бірінші
деңгейі анықтау болып табылды. Кодекстің 14 бабы бойынша анықтау жұмыстары
басталғанға дейін дәлелдемелер жинау және қылмыс жасаған адамдарды іздеу
полицияның міндеті болып саналды [8, с. 28]. Осы сатыда дәлелдемелер
жинауды прокуратура басшылығымен сот полициясы жүргізеді. Айқын қылмыстарды
анықтау кезінде полиция тергеуші судьяның құқықтары сияқты құқықтармен
қамтамасыз етіледі.
Сол Кодекстің 1993 жылғы өзгертулері бойынша жеткілікті шектеулі
мөлшерлерде анықтауға қорғаушының қатысуы мүмкін болды. Бірақ
дәлелдемелерді осы сатыда жинау инквизициялық түрде сақталып қалды [9, с.
115].
Анықтау барысында жиналған мәліметтерге негізделіп прокурор қылмыстық
іс қозғау туралы шешім қабылдайды.
Алдын ала тергеу іс жүргізудің тәуелсіз деңгейі болып табылады. Осы
тергеудің басты мақсаты болып – дәлелдемелерді жинау болып саналады.
Францияның ҚІЖК-ң 81 бабы бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын тергеу
судьясы жүргізеді. 1958 жылғы Кодекс бойынша тергеу судьясы сот полициясы
құрамынан шығарылған еді, бірақ прокуратураның тергеуге әсері үлкен болып
шықты, өйткені тергеу бойынша шаралардың барлығы прокуратураның талаптары
бойынша жүргізілді (1958 ж Франция ҚІЖК-ң 80 бабы, бірінші бөлігі). Сонымен
қатар тергеу судьясы прокурордың арызы бойынша белгілі бір істі жүргізуден
шектеліп сол істі жүргізуге басқа тергеу судьясы қойылуы мүмкін. Қылмыстық
іс бойынша шандыққа жету мақсатында тергеу судьясы кез-келген тергеу
шараларын жүргізуге құқылы. ҚІЖК-ң 81-і бабының 4-і азат жолында көрсетілуі
бойынша тергеу судьясы сот полициясының лауазымды тұлғаларына керекті
тергеу шараларын жүргізуге бұйрық бере алады.
Франция ҚІЖК-да тінту, алу, сұрау, кездестіру, сараптама жүргізудің
шарттары көрсетілген. Тергеу шаралары осымен ғана шектеліп қоймайды. Тергеу
шараларының протоколдарын сот тергеушісінің қасында болатын хатшы
құрастырады.
1958 жылғы Франция ҚІЖК-і бойынша қорғаушының дәлелдемелер жинауға
қатысуы шектелген. Қорғаушы тек айыпталушыдан жауап алу кезінде,
айыпталушыны басқа айыпталушылармен, куәгерлермен кездестірген кезде ғана
қатыса алады, сонымен қатар адвокаттың келмеуі тергеу шараларын жүргізуге
кедергі болмады. Осы тергеу шараларын жүргізу кезінде, қорғаушыға екінші
деңгейдегі роль берілген. Ол тек жауап алынған адамға ғана сұрақ қою үшін
сөз алуға құқылы. Тергеу судьясы қорғаушының қойған сұрағын алып тастауға
құқылы. Сұрау кезінде қорғаушы тергеуші судьяның рұқсатын алмай ешқандай
арыз жасай алмайды.. Қорғаушы кейбір тергеу шараларын жүргізуге қатыса
алды, сонымен қатар медициналық куәландыруға, сараптама жүргізуге, қосымша
сараптама жүргізуге, қарсы сараптама жүргізуге және т.б. шаралар жасауға
өтініш жаза алды. Заң әдебиеттерінде қорғаушының дәлелдемелер жинауда
осындай түрде қатысуы да заңмен кепілдірілмеген деп жазылған. Ал бұл өз
кезегінде қорғаушының іске дәлелдемелерді қосу туралы өтініштерінің заңдық
маңыздылығының жоқтығынан тергеуші судья оларды қарамай, іске қоспай, тіпті
жауапсыз да қалдыра алды [10, с. 106]
Германияда тергеуді жылдамдату мақсатында алдын ала тергеу алынып
тасталған, оның орнында прокурорлық тергеу жүргізіледі [10, с. 6].
Германияның ҚІЖК-ң 160 параграфының 2-ші пункті бойынша прокуратура
тергеу жүргізген кезде айыптаушы мәселелерді іздестірумен қатар, ақтаушы
мәселелерді де табу керек. Жоғалып қала алатын дәлелдемелерді сақтау
шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар Германия прокуратурасына айыптаушы
бағыты да тән.
Германияның ҚІЖК-ң §161 сәйкес, прокуратура тергеу жүргізген кезде
полиция көмегіне жүгінуі құқылы. Полицияның міндеті, жедел іздестіру
шараларын жүргізу болып табылады. Кейде заңға қайшы полиция тергеуді
толығымен жүргізеді [12, с. 34].
Сонымен алдын ала тергеудегі қорғаушының құқықтары өте төмен екендігін
және заңмен кепілдірілмегендігін түсінеміз. Қорғаушы дәлелдемелер жинауға
қатыспайтыны көрінеді.
Франция мен Германия заңнамаларын талдауынан, осы елдерде бір ғасыр
өткеннен кейін де қорғаушының деңгейі өспегендігін, тіпті кейбір жерлерде
төмендеген көреміз. Төмендегенін біз Германиядағы алдын ала тергеудің
жойылғанынан көреміз.
Ал бәсекелестік іс жүргізу қалыптасқан елдерде қоғаушының деңгейі
мүлдем басқа.
Ағылшын-америкалық елдерде дәлелдемелерді жинау тәсілдері өзгеше
ерекшелінеді. Дәлелдеме табу мен оларды іске қосу уақыттары бір бірінен
бөлінген. Бірінші сатыда қатысушы жақтар дәлелдемелер жинайды, айыптаушы
жақ тек қана айыптаушы дәлелдемелер жинайды. Іске бекіту судьяның алдын ала
тыңдауында жүргізіледі.
Сонымен қатар жақтардың өтініштері бойынша жаңа дәлелдемелер алу үшін
жаңа шаралар қолданылады.
Ал, АҚШ-ғы қорғаушы-адвокаттың дәлелдемелер жинауындағы орнына келетін
болсақ, АҚШ-та полициялық тергеу кезіндегі қорғаушының заңдық жағдайы заңда
реттелмеген. Қорғаушының жағдайы АҚШ Конституциясының 4-ші өзгертуінде
көрсетілген.
Бұл жерде айыпталушы адвокаттың көмегін пайдалануға құқылы деген
жағдай жалпылама көрсетілген. Ал қорғаушының жағдайлары АҚШ соттарының
шешімдерінде нақтыландырылған.
Континентті Еуропа мен Ресейден ерекше АҚШ-та алдын ала тергеу кезінде
қоғаушылар өздері адвокаттық тергеу жұргізе алады.
А.Н.Ведерниковтың айтуы бойынша, американдық адвокаттың қызметі
Ресейдің істі қарастырудың алдындағы дайындықтан айырықшаланбады. Өйткені
адвокаттың өктемдік құқықтары жоқ, оның құқықтары шектеулі деп айтады.
Оның қызметі негізінен жаңа куәгерлерді іздеу және айыпкерді сұрау кезіне
қатысу болып табылады [13, с. 146].
А.Н.Ведерниковтың айтуымен келіспеуге болады. Біріншіден, АҚШ-та жеке-
тергеу шараларының нәтижелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Полицияның жасаған
шараларының нәтижелерінің дәлелдеуші күші жоқ, сонымен қорғаушылардың
тергеу шараларының нәтижелері полицияның тергеу шараларының нәтижелерімен
теңестіріледі. Ал дәлелдемелерді тіркеу, жоғарда айтылғандай кейінгі
сатыдыларда жүзеге асыралыды.
Екіншіден, адвокаттар дәлелдемелерді Федералды Қорғаушылар Басқаруының
көмегімен жинайды. Қорғаудың тергеушілері айыпкерді ақтайтын дәлелдемелерді
жинаумен және адвокаттарға өздерінің клиенттерінің мүддесін қорғауға
көмектеседі. Дәлелдемелерді табу үшін адвокаттар жеке детективтер көмегіне
жүгінеді. АҚШ-та жеке детективтердің дәлелдеме жинаудағы кең өкілеттіктері
бар. Олар бақылау, сұрау, тінту, алу сияқты әдістерді қолдана алады. Осы
әдістерді қолданып алынған мәліметтер қылмыстық іске дәлелдемелер ретінде
қосылады.
АҚШ-та жеке детективпен әлеуметтік жағдайы төмен айыпкердің адвокаты
да келісім шартқа отыра алады. Айыпкерлерге мемлекет дәледемелерді жинауға
арнайы бюджеттен ақша бөлу арқылы көмектесті. 1964 жылғы қылмыстық
әділдік сот туралы заңы бойынша, әлеуметтік жағдайы төмен айыпкер
қорғануға қажетті сараптама немесе басқа да шаралар жүргізу үшін көмек
алуға өтініш жасай алады [14, с. 84].
Үшіншіден АҚШ-та азаматтар көрсетімдер беруден бас тартпайды. Ол
американдықтардың ұлттық мінезімен сипатталады. Сондықтан, адвокатқа
сұраулар өткізу үшін арнайы өкілеттік қажет емес.
Өзіндік дәлелдемелер жинаумен қатар, адвокаттар полицияның жүргізген
тергеуіне де қатыса алады: сұрауға, тануға, тінтуге қатысуға,
дәлелдемелерті ұсынумен байланысты өтініштер жасауға құқылы. Осы құқықтар
қорғаушы-адвокаттарға сот прецеденттерімен берілген [15].
Сонымен, АҚШ-та қорғаушы-адвокаттардың клиенттерін қорғау үшін қажетті
мәліметтерді жинаудағы мүмкіндіктері көп екендігін көреміз.
АҚШ-тың тәжірибесі бойынша қорғаушының іске қатысуы мәліметтерді
жинауды тежемейтінін, керісінше ақтайтын және айыптайтын мәліметтердің
жиналуын тездететіні көреміз. Істің алғашқы сатыларында бәсекелестіктің
нәтижесінде қорғаушының айыптаушыға қарсы қоятын мәліметтерінің арқасында
іс бойынша әділдікті табуды жуңілдетеді. Керісінше, қорғаушының тергеу
сатыларында қатыспауы немесе жай ғана формалды түрде қатысуы алдын ала
тергеудің әділдігі туралы шүбә туғызады.
Қазіргі кезде Ресеймен қоса континенталды Еуропа елдерінде
қорғаушылардың дәлелдеме жинау құқықтарын кеңейту үрдістері көрініс табуда.
Заң әдебиеттерінде сотқа дейінгі сатыларда бәсекелестікті ұлғайту туралы
көптеген мәселелер көтерілуде. Прокурорлық тергеуге қорғаушының қатысуы
минималды болатын Германияның өзінде де, осы елдің белгілі тәуелсіз
заңгерлерімен ҚІЖК-ң жобасы жасалған. Жоба бойынша, қорғаушының өзіндік
тергеу институтын құру қарастырылған [16, с. 87]
Ресейде қылмыстық іс жүргізу заңнамасында реформа жүргізген кезде АҚШ-
тың және басқа да бәсекелестік іс жүргізу қалыптасқан елдердің оң
тәжірибесін қолдану керектігі түсінікті. Сонымен қатар Ресейдің қылмыстық
кодексінің ерекшеліктерін де ескеру керек.
Ресей мемлекетіндегі адвокат-қорғаушының дәлелдемелер жинаудағы рөлі
ХVIII-XX ғасыр аралығында жандана бастады. С.И. Ожеговтың орыс тілінің
түсіндірме сөздігінде рөл сөзінің мағынасы, біреудің бір нәрсеге қатысу
деңгейі мен мінез – құлқы делінген [17, с. 602]. Біз дәл осы қорғаушының
дәлелдемелер жинау барысындағы рөлі жайлы айтамыз. Былай айтқанда,
дәлелдемелер жинаудағы қорғаушының процессулдық рөлі, дәлелдемені дәлелдеу
сатысында қылмыстық – процессуалдық заңнамаға сүйеніп мақсатына жету
әрекеттерінің жиынтығымен айқындалады.
Қорғаушының дәлелдемелерді жинаудағы рөлін қылмыстық процесстің
түріне қарай (іздестіру, сайысушылық, аралас), және де бір-біріне ұқсас
процесс шегінде ажыратуға болады. Осылайша, іздестіру процессіне тән
формальды қорғануға құқығының болмауымен ерекшеленеді. Сот – тергеушісіне
керекті дәлелдемелер жинауда шексіз құқықтар берілді. Айыпталушы іздестіру
қызметінің обьектісіне айналып отырды. 19 ғасырдың өзінде іс жүргізудің бұл
түрі барлық жерлерде тоқтатылды.
Айыптаушылық (сайысушылық) процесс түріне тән ерекшелік, мұнда
қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді тараптар жинайды және мемлекеттің
көмегін алады. Сайысушылық процесс түріне бәрінен де қазіргі англо –
американдық процесс жақын келеді.
Аралас процесс түріне өзіне сайысушылық пен іздестіру процесстерінің
көріністерін алды. Ол 1808 жылы француз жарғысымен пайда болды, кейіннен
Континентальды Европа елдеріне жетті. Көрсетілген процесс түрі барлық
қылмыстық іс жүргізу ісін екіге бөліп қарастырады: алдын-ала және басты іс
жүргізу. Алдын – ала іс жүргізу іздестіру көздеріне негізделген, ал бас іс
жүргізу – сайысушылыққа негізделген.
Алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинау прокурордың жолдауымен
тергеуші жүзеге асырады. Қорғаушы өз бетінше дәлелдемелер жинай алмайды. Ол
дәлелдемелер жинауда мүлдем қатыспайды немесе оның қатысуы заңмен
шектелген. Оның қатысу деңгейі әр елде әр түрлі және тарихи заманда да әр
қилы.
Енді адвокат-қорғаушының Ресей империясында дәлелдемелерді жинаудағы
рөліне тоқталсақ, 19 ғасырдың екінші жартысында Ресей империясында іс
жүргізудің аралас түрі орын алған болатын.
Алдын ала тергеу барлық ақтаушы және айыпталушыны әшкерелейтін
жағдайды тексеруден тұрды. Бастапқыда іс жүргізудің бұл сатысына сот
қызметінің сипатын беру қарастырылған. Заң шығарушы тергеуші тұлғасынан
әділетсіз және объективті судьяны көрген.
Сол замандағы Қылмыстық сот ісін жүргізу Жарғысының 265 бабына
сәйкес сот тергеушісі өзінің бар ынтасымен айыпталушының кінәсіздігінің не
кінәлілігінің бар екендігін хабарлап қою керек. Ол барлық керекті тергеу
әрекеттерін жүзеге асырды, олар: айыпталушы мен куәлардан жауап алу,
сараптама тағайындау, тінту, алу, заттай дәлелдемелерді қарау және т.б.
Қорғаушы тергеуге және дәлелдемелерді жинауға 1864 жылғы қылмыстық
сот ісін жүргізу Жарғысына сәйкес қатысуына жол берілмеді. Ал айыпталушының
барлық тергеу әрекеттеріне қатысуға құқығы болды, тек керекті жағдайда ғана
тергеуші куәдан айыпталушының қатысуынсыз жауап алған. Мұндай тергеу
әрекетінің хаттамалары айыпталушыға таныстырылуы керек еді және де ол
куәлардан қосымша сұрақтар қоюға және өзіне қарсы жиналған дәлелдемелерге
қатысты қарсылықтар танытуға және дәлелдемелер келтіруге құқығы болды. Сот
тергеушісінің барлық әрекетіне айыпталушы шағым келтіре алды, олар дер
кезінде сотқа ұсынылып, қаралуы тиіс болатын. Егер айыпталушы алдын ала
тергеудің соңына қарай жаңа бір мән – жайларды келтірсе, онда тергеуші
оларды міндетті түрде, егер іске қатыстылығы болса оны тексеру керек.
Қылмыстық сот ісін жүргізу Жарғысының жобасын дайындау барысында
қорғаушының алдын ала тергеуге қатысу жағдайы оң шешімін тапқан болатын.
Жобаның 259 бабы қорғаушыға тергеу әрекетінің барлық сатысына қатысуға
құқық берді, әрине оның ішінде жабық істерге де қатысу мүмкіндігі болды.
Сонымен қоса қорғаушы тергеуші назарын айыпталушыны ақтаушы мән-жайларға
аударуына құқығы болды және куәларға сұрақ қою мүмкіндігін сұрап отырды.
Жобаға түсіндірме хатында былай белгіленді, тергеу ісіне прокуратура
жазады, 1863 жылғы қылмыстық сот ісін жүргізу Жарғысын жасау барысында
қорғаушыны алдын-ала тергеуге қатыстыру жөнінде ешкімнің басына кіріп
шықпаған. 26 мүшеден құралған құрамында ең жақсы процессуалистер мен
практиктер қатысқан Н.А. Буцков комиссиясы бір ауыздан қорғаушының қатысуы
жөнінде мақұлдады, комиссия мүшелері арасындағы қарама-қайшылық тек
қорғашылардың теріс пиғылдары үшін қандай шаралар қолдану керек екендігі
туралы болды [18, с. 17].
Мемлекеттік Кеңесте қорғаушыны алдын ала тергеуге қатысуына қарсы
болу мынадай себеппен сипатталды, қорғаушы бұл жағдайда айыптаушы жақтың
заңды әрекеттеріне кедергі келтіріп мезгілінен бұрын кінәліні әшкерелеу
жағдайын хабарлап жіберуі мүмкін.
Қылмыстық сот ісін жүрізу Жарғысын қабылдау ғалымдарын арасында айтарлықтай
дау туғызды. Заң әдебиеттерінде Жарғының бір қатар ережелері туралы
белсенді сындар жазылды, оның ішінде негізінен заң шығарушының іс
жүргізудің барлық сатысында сайыскерлік бастама жүргізген жоқ және алдын
ала тергеу инквизициялық болып қала берді, сот тергеушісіне айыптаушы және
ақтаушы дәлелдемелер жинау міндеті жүктелді, ал қорғаушы тергеуге қатысуға
жіберілмеді.
Ғалымдар тергеушінің әр қашан шыншыл және әділетті сот болып қала
бермейтінін дәлелдеуге тырысты. Осындай жағдайдың орын алуы алдын ала
тергеу органын айыптау билігіне айналдырып жіберді. Чельцов-Бебутов М.А-ның
пайымдауынша, сот тергеушісі өз қызметінің басым бөлігінде прокурорға және
бәрінен бұрын әкімшілік қатынаста тәуелді болды [6, с. 220].
Процессуалистер тарапынан прокурор бақылауына бағынышты сот
тергеушілері чиновниктерге айналып тек қана айыптау дәлелдемелерін жинаумен
айналысатын болып бірінші күннен ақ тараптардың тең құқықтылығы
бұзылатынына ешқандай күмән туған жоқ.
Басылым беттерінде прокурор мен тергеуші айыптаушылар емес және
прокурор дәлелдемелер жинаумен айналыспайды, олар тек шындықты іздеушілер.
Кейбір авторлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кінәсіздік презумпциясы және алдын ала тергеудегі дәлелдеу міндеті
Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарау
Қылмыстық процесс
Тараптардың процессуалдық тең құқықтылығы
Адвокат - қорғаушының алдын ала тергеуге қатысуы
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi
Азаматтардың сотқа шағымдану және сотта өкілеттік ету құқығы
Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі
Пәндер