Шу-сарысу ойпаты аймағының қазіргі геоэкологиялық ахуалы


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География факультеті

Физикалық география факультеті

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ШУ-САРЫСУ ОЙПАТЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ

Орындаған 2 курс магистранты Балқыбек Балзия

Ғылыми жетекшісі

г. ғ. к., доц. Ж. Н. Мүқашева

Бақылаушы

аға оқытушы К. К. Мақаш

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі

г. ғ. к., доц. Ж. Н. Мұқашева

Алматы, 2006 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І ШУ-САРЫСУ ОЙПАТЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.

1. 1. ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

1. 2. Географиялық орналасуы мен орографиялық ерекшелігі. .

1. 3. Геологиялық және геоморфологиялық сипаттамасы

1. 4. Гидроклиматогендік факторлары.

1. 5. Биогендік факторлары.

ІІ. ШУ-САРЫСУ ОЙПАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ…. .

2. 1. Гидроклиматогендік компоненттерді ластандыру ошақтары.

2. 2. Шу-Сарысу ойпатының радионуклидтермен ластануы. .

2. 3. Антропогендік фактордың өсімдіктерге, жануарларға және адам ағзасына тигізер әсері. .

ІІІ. Шу-сарысу ойпатының геоэкологиялық аудандастырылуы. .

3. 1. Геоэкологиялық аудандастырудың әдістемелік негіздері

3. 2. Шу-Сарысу ойпатын геоэкологиялық аудандастыру

ІV. ШУ-САРЫСУ ОЙПАТЫ ТАБИҒАТЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ. .

4. 1. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру.

4. 2. Шөлдену - геожүйелер бұзылуының ғаламдық үрдісі. .

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. .

Резюме

Магистерская диссертация состоит из введения, 4-х глав, заключения и списка использованных источников. Содержит 80 страниц машинописного текста, в том числе 5 иллюстраций и 6 таблиц.

При написании магистерской диссертации использаваны фондовые материалы института Южказнедро, данные института Казгидромет, литературные и фондовые источники областного экологического центра Южного Казахстана.

Ключевые слова: геоэкологический потенциал, радионуклидное загрязнение, природно- антропогенные факторы загрязнения, геоэкологическое районирование, геоэкологические принципы районирования, рекультивация нарушенных земель, охрана природы, рациональное использование природных ресурсов.

Объектом исследования является Шу-Сарысуская впадина. Целью работры является региональный обзор современной экологической ситуации территории Шу-Сарысуской впадины, анализ природных и антропогенных факторов, способствующих экологической дестабилизации окружающей среды.

Успешная разработка и решение проблем в области охраны природы возможно лишь при условии всестороннего учета специфики местных природных условий регионов экологической дестабилизации окружающшей среды.

Методы исследования: картографический, статистический, сравнительный, анализ литературных и фондовых материалов.

КІРІСПЕ

Өндірістік прогресс қоршаған ортаға көп мөлшерде зиянды заттардың түсуімен және қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Біздің республикамыздың қазіргі экологиялық жағдайы күрделі - барлық жерде өндірістік қалдықтармен, радиациямен ластану, ауру түрлері, мутацияның өсуі, су мен тамақ өнімдерінде нитраттардың, пестицидтердің ауыр металдар мөлшерінің өсуі етек алуда. Түсті металлургия өндірісі орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде әртүрлі химиялық қосылыстар түседі, олардың ішінде негізгілерінің бірі ауыр металдар.

1961 жылы ойпаттың орталық бөліктерінде жанғыш газ және төменгі карбонның шөгінділерінде сұйық мұнай бар екені анықталды. Шындығында, бұл мәліметтер үлкен зерттеудің қажеттілігіне жол ашып берді, соның нәтижесінде 1964 жылы Үшаралда 1130 метр тереңдікте жанғыш газдың көзін тапты. Бұл алғашқы көмірқышқыл газдың Оңтүстік Қазақстан аймағында алынуы болды. Шу-Сарысу ойпаттарының батыс бөлігіндегі борпылдақ шөгінді қабаттардың кең мөлшерде дамуы геологиялық-геофизикалық зерттеулерді жүргізуді қиындатты. Сонымен бірге қарастырылған аймақтың геоморфологиялық құрылысында және борпылдақ түзілімдердің бөліну сипатында, бұл жерлерде жаңа тектоникалық қозғалыстардың белсенді пайда болуын көрсететін заңдылықтар байқалған. Осылардың барлығы ойпат аймағында арнайы геологиялық-геоморфологиялық жұмыстар жүргізуге шешім қабылдауға мәжбүр етті, олар қазіргі жер бедерінің құрылымдық-геоморфологиялық сараптамаларына арналды.

Қоршаған ортаға өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтар мен ластану дәрежесі, олардың адам денсаулығына әсері және санитарлық гигиеналық маңызы көптеген ғылыми еңбектерде келтірілген. Қазақстанның барлық облыстары мен өлкелері экологиялық апат аймағына айналып отыр. Солардың бірі - өнеркәсіп орындарынан бөлінген қалдықтармен ластанған Шу-Сарысу ойпаты. Өнеркәсіп орындары ойпаттың оңтүстігінде шоғырланған, яғни Шымкент және Кентау қалалары, Ақсу, Славянка, Шәуілдір, Сазтөбе аудандары, сонымен қатар Қаратау тауларындағы Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын кен орындары бәрімізге мәлім. Ойпатты, жалпы облыс территориясында қарастырсақ, мұнда 7 мыңнан астам ластандыру көздері бар. Ауыр металдар және т. б. ластандырушы элементтер қоршаған ортаға адамның техногендік әрекеті нәтижесінде түседі. Мысалы, ауыр металдардың топырақ жамылғысында шоғырлануы ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді, топырақтың химиялық құрамын өзгертеді. Болашақта ауыр металдардың өте көп шоғырлану салдарынан үлкен территориялар техногендік шөлдерге айналуы мүмкін. Улы заттар биологиялық тізбектер арқылы және атмосферадан адам ағзасына түсіп, оның денсаулығына үлкен нұсан келтіреді.

Бірақ мынаны ескеру қажет: қоршаған ортаны ластайтын элементтерді ластаушы деп айтуға болмайды, себебі олардың көбісі биологиялық жағынан тіршілік үшін қажетті микроэлементтер болуы мүмкін.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазіргі кезде Шу-Сарсыу ойпатында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықтың белсенді түрде дамуына байланысты қоршаған ортаның ластану мәселесі алаңдаушылық туғызып отыр. Сонымен қатар ауыр металдардың қоршаған орта нысандарында жиналуы мен тірі организмдерге зиянды әсерін зерттеу қазіргі кезде өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өнеркәсіп орындарының жұмысы барысында атмосфераға көптеген газдар және т. б. зиянды заттар бөлінеді, қалдық сулары өзендерге ағызылады, өндіріс қалдықтарын жинау жұмыстары жасалады. Тау-кен өндірісі кезінде қалдық сулар мен қоймалардың көптігі, олардағы улы заттардың сақталуы жер беті және жер асты суларын ластайтын қауіпті ошағының бірі болып табылады. Мысал ретінде Созақ ауданындағы радиоактивті элементтерді өндіретін кен орындарды алуға болады.

Соңғы кездері түсті металлургия өндірісінің қалдықтарының құрамы, атмосферадағы, топырақтағы мөлшері, өсімдіктер мен адам ағзаларына жиналуы және олардың улы әсерлері туралы зерттеулер белгілі. Ксенобиотиктердің, әсіресе қорғасын, мыс, кадмий және т. б. ластандарушылардың тірі ағзаларға әсеріне соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде [1] .

Бірақ Шу-Сарысу ойпаты геожүйелерінің ауыр металдармен ластануы кешенді түрде зерттелмеген. Атап айтқанда, суда және топырақта жиналған ауыр металдардың қала территориясында өскен мәдени және шөптесін өсімдіктерге тасымалдануы, олардың шоғырлану қабілеті, өсімдіктердің фенологиялық фазаларының жүруі және анатомиялық мүшелерінің дамуына әсері анықталмаған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Зерттеу жұмысының мақсаты Шу-Сарысу ойпатының қазіргі экологиялық ахуалын анықтау, ластануын бағалау.

Белгіленген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

Қазіргі кездегі Шу-Сарысу ойпатының әртүрлі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының ластау мөлшеріне баға беру;

Атмосферадағы және судағы ауыр металдардың мөлшерін анықтау;

Ластандыру ошақтарын жеке-жеке ашып көрсету;

Қала тұрғындарының денсаулығына қоршаған ортадағы өндіріс қалдықтарының әсерін анықтау;

Табиғатты қорғау және тиімді пайдалану жолдарын көрсету.

Теориялық маңыздылығы: Шу-Сарысу ойпатының ластану деңгейін бағалау, аймақтың қазіргі жағдайында қалыптасқан табиғатты қорғау мәселелері тиімді және жоспарлы түрде шешуге мүмкіндік береді.

Ғылыми жаңалығы: Шу-Сарысу ойпатының техногендік әсерлерін айқындау, радиоактивті элементтерді өндіретін кен орындарды игерудің тиімді жолдарын көрсету, өнеркәсіп орындарында қалдықсыз технологияға өту және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды қазіргі заманға сай жаңа түрлеріне ауыстыру және т. б.

Практикалық маңыздылығы: Жұмыстағы берілген мәліметтерді пайдалан отырып, ластандыру деңгейін, ошақтарын айқындап, оларды болашақта қайталанбауы үшін және алдын-алуға мүмкіндік береді.

Нәтижелі ақпарат: Нәтижелі ақпарат көздері жарық көрген ғылыми әдебиеттер арқылы жүйеге келтіріліп сарапталды.

Зерттеу әдістері: картографиялық, статистикалық әдістер, салыстырмалы сипаттау әдісі, гидрогеологиялық зерттеу әдістері.

Күтілетін нәтижелер: Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде табиғатты қорғау, тиімді пайдалану, жақсарту шаралары өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығында пайдаланылуы мүмкін.

Жарияланған мақала:

’’Актуальные проблемы экологии’’ атты ІІІ Халықаралық ғылыми конференция. Алматы, 2006 ж.

Қорғауға қойылатын қағидалар:

ТТК-ның ластануына, адам денсаулығына өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының әсері;

Қанжуған-Уванас және Мыңқұдық уран кенді аудандарының радиациялық әсері.

Ғылыми болжамдар: Зерттелетін аудандағы болып жатқан антропогендік әсерлердің нәтижесінде болашақта болатын үрдістерге болжам жасау.

Зерттеудің іс-жосығы: Зерттеу тақырыбына ғылыми әдебиеттерді сараптап, кейінгі мәліметтермен салыстырып, болашақта болатын кері әсерлерді алдын - алуға мүмкіндік жасау.

Зерттеу нәтижелерін қысқаша талдау:

Жиналған мәліметтерді камералдық талдаудан өткізіп, нәтижелерін жүйелеп, қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды жасау.

І ШУ-САРЫСУ ОЙПАТЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  1. ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Шу-Сарысу ойпаттары туралы алғашқы мәліметтер суреттеме сипатында және негізінен ол аймақтың географиялық ерекшелігіне байланысты болды. 1913 жылы “Россия” монографиясының 19-шы томы жарық көрді. Кітапта Шу өзені аңғарының жалпы географиялық жағдайы және Мойынқұм құмдары туралы жазылды.

1927 жылдан бастап Бетпақдалада Д. И. Яковлев зерттеу жүргізді, оны “Голодная Степь Казахстана” деген ірі монографиясымен аяқтады. Бұл жұмыс негізінен, осы ауданның геологиясы бойынша алғашқы мағлұмат болды. Онда стратиграфия, тектоника және аумақтың жер бетінің құрылысы мәселелері қарастырылған. Стратиграфия бойынша ауданның негізгі нәтижесі жоғарғы бордың, теңіздік палеоген және континентальды олигоцен-миоценнің бөлінуі болып табылады. Бұл монографиясында Д. И. Яковлев басқа да маңызды мәселелерге тоқталды: арнасыз ойпаттардың пайда болуы, Мойынқұм құмдарының шығу тегі, жаңа тектоникалық қозғалыстардың пайда болу сипаты. [2] .

Одан кейінгі жылдарда да Шу-Сарысу ойпатына көптеген зерттеушілер барып қайтты. Ауданның геологиялық құрылысы туралы мәліметтер Қ. И. Сәтбаев (1939), Н. Г. Кассин (1951), Б. А. Петрушевский (1947), Н. С. Шатский (1940), Н. С. Зайцев (1946) және т. б. еңбектерінде көрсетілген. Алғаш рет Б. А. Петрушевский Рахметнұра, Бурейнак және Көктөбе құрылымдарында диапирлі қатпарлар бар деген көзқарасын айтты. (1938-39 ж. ж. ) . Сарысу тұз күмбезіне көптеген зерттеушілер еңбектерін арнаған: К. И. Сәтбаев 1939), Е. М. Смехов (1953), Б. А. Петрушевский, Н. С. Зайцев (1944), сол жылдарда-ақ бұл жерде жергілікті құрылымдарда мұнай-газдың бар екендігі және мезозой-кайнозой құрылымдық жоспарының герциндік тектогенезбен жалпы ұқсас екендігі туралы ой айтқан.

1945-48 жылдары М. И. Александрова, Н. Х. Афоничев және Н. Г. Шубина Шу өзенінің төменгі ағысына зерттеу жүргізді. 1:500 000 масштабты құрылымдық-тектоникалық картасында олар Қазанғап, Қарақия, Қуарал, Тасоба, Қойтас және т. б. антиклинальды құрылымдарды бөліп көрсетті.

1949 жылы Шу өзенінің төменгі ағысында Н. Н. Костенко зерттеу жүргізді. Олар орта олигоцендегі боқтықарын қызыл түсті свитасын бөліп көрсетті.

1952 жылы М. К. Александрова “О происхождении бесточных впадин Бетпак-дала” деген мақала басып шығарды.

1956 жылдан бастап ойпаңды зерттеу кешенді геологиялық зерттеуге көшті, ол ондағы мұнай-газ мөлшерінің қаншалықты екенін анықтауға бағытталды. Т. В. Дорофеева Шу өзенінің төменгі ағысында диапирлі және брахиантиклинальды құрылымдарды бөлді.

А. В. Кучапин (1957) мұнай-газ кендерінің болашақтағы пайда болуы Жезқазған-Сарысу ойпаңдарын есептегенде мезозой-кайнозойдың қалдығы деп есептеді.

К. В. Никифорова “Кайнозой Голодной степи” еңбегінде орта олигоценнің бетпақдала свитасын, жоғарғы олигоцендік асқазансор свитасын, сондай-ақ неоген жасындағы андасай және кеншағыр свитасын айқындап көрсетті. [3] .

1959 жылдан бастап ойпаттың тектоникалық құрылысы туралы мәселелерін қозғайтын геологиялық әдебиеттер саны күрт көбейіп кетті. А. А. Богдановтың 1959 жылы құрастырған Орталық Қазақстанның тектоникалық топтастыру картасы Шу ойпатының палеозойдағы қатпарлану тереңдігін анықтау құрылысы туралы нақты мағлұмат береді.

1960 жылы Байқадам ГРС-сі Күмістөбе, Кемпіртөбе, Үшарал, Тегіскен, Ақкөлде профильді бұрғылау жүргізді. Осы ұңғымалардың бірі Үшаралда азотты-гелийлі газды ашты.

1962 жылдан бастап С. Б. Бакиров жоғарғы палеозойдың стратиграфиямен шұғылданды. Онда ол Кіші Қаратау жотасы тау алдында орта-жоғарғы карбондағы қызылқанат свитасын, жоғарғы карбон-төменгі пермьдегі қарақыр свитасын, төменгі пермьнің соркөлін және жоғарғы пермьнің тұз көлін бөліп берді, ол екі қабатқа бөлінген: тұзды және тұзданған.

1961 жылдан бастап бірнеше жыл қатарынан Оңтүстік Қазақстанның мұнай бақылау экспедициясының көмегімен құрылымдық бұрғылау және түбегейлі бақылау жүргізілді: Г. П. Филипьев, К. А. Айтпаев, И. П. Гураков, Б. М. Мамраев және т. б. Іле геофизикалық экспедициясының қызметкерлері контурлау және құрылымды бақылау бұрғылауына дайындық бойынша үлкен жұмыс жасады: Б. Р. Юмаков, В. В. Третьяков, Ф. А. Хабибулин және т. б.

Жүйелі және кешенді зерттеудің нәтижесінде Шу-Сарысу ойпатында ерекше аудандар табылып, 1968 жылға қарай сейсмикасы түбегейлі зерттелді және көптеген антиклинальды және тұз күмбезді құрылымдар зерттелді: Үшарал, Төгіскен, Қызылжар, Кемпіртөбе, Барс, Елемес, Бестөбе, Тантай, Қойтас (1967-68) .

1964 жылы Оңтүстік Қазақстан мұнай бақылау экспедициясының геологтар ұжымы В. А. Шурыгин, Г. В. Каторч және В. И. Межбицкалар есеп берді, онда олар қолдағы бар барлық нақтылы мәліметтерді көрсетті. Солардың көмегімен мезозой және кайнозой бойынша литологиялық картасын құрастырды.

1946 жылы В. И. Дитмардың ”Тектоника и песпективы нефтегазоносности Чу-Сарысуйской и смежных депрессий Казахстана” деген монографиясы жарық көрді. Оның айтуынша, орта құрылымды қабаттың түрлері (орта және жоғарғы палеозой) өздерінің құрылымдық жағынан типтік геосинклинальдық кембрийге дейін пайда болуымен және төменгі палеозой мен платформалы мезозой-кайнозой түзілімдерімен қатар орын алады және типтік геосинклинальдан типтік платформаға өтпелі болып келеді. Бұл жұмыстардың көпшілігінде аймақтың борпылдақ жамылғылары қарастырылмаған және барлық мәселелер тек жаңа тектоникалық қозғалысқа арналған.

Литология және мезозой-кайнозойдағы жауын-шашын мөлшері туралы толық мәліметті бұрғылау, іздену-түсірілім жұмыстарының есеп беру мәліметтерінен алуға болады: Н. А. Габай 1967. Қарастырылған аймақтың оңтүстік-батыс бөлігінің құрылымдық геоморфологиялық жұмыстарын Н. В. Новикова (1970) жүргізді. Оңтүстік Қазақстанның орта және жоғарғы эоценді түзілімдердің теңіздік стратиграфиясын толық зерттеуді К. А. Ладжина (1972) жүргізді. Шу-Сарысу ойпаттарының батыс бөлігінің морфометриялық картасы және жергілікті құрылымдарды бөліп көрсететін жаңа тектоникалық қозғалыс картасы осы визуальды бақылаулардың сараптамасының нәтижесі болып табылады. 1965-1967 ж. ж. Г. М. Козловский, С. А. Құсайынов және А. И. Жұмағұлов Шу-Сарысу ойпатында құрылымдық-геоморфологиялық зерттеулер жүргізді. Аймақтың геоморфолгиялық құрылымын талдау және мезозой-кайнозой шөгінділерінің таралу ерекшеліктері негізінде, олар палеозойдың тереңдік және беттік геологиялық құрылымын анықтады.

2000 жылы '' Хабаршы '' журналында М. М. Молдахметов ''Влияние прудов и малых водохранилищ на речной сток в бассейне р. Сарысу'' деген мақаласында Сарысу өзенінің кейінгі жылдардағы жағдайы туралы жазды. 1995 ж (соңғы мәліметтер) ''Метеорологический ежемесячник'' бойынша Шу-Сарысу ойнатының орташа жылдық климаттық көрсеткіштері берілген.

1. 2 Географиялық орналасуы мен орографиялық ерекшелігі

Зерттелген аймақ Бетпақдала үстіртінің батыс және оңтүстік бөліктерін, Шу және Сарысу өзендерінің орта және төменгі ағыстарын қамтиды, ал оңтүстігінде Үлкен және кіші Қаратау жоталарымен шектеседі. Ол Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарына қатысты.

Ауданның аса ірі морфологиялық элементі-Бетпақдала үстірті болып есептеледі. Ол тегіс жер қабатымен, Шу және Сарысу өзендерінің алқаптарын қоса есептегенде оңтүстік және оңтүстік-батысқа қарай еңкіштігімен сипатталады. Үстірттің солтүстік бөлігі ендік бағытында созылған 40-50 метр биіктікке жеткен Үлкен Бетпақдала кертпешімен шектеледі. Үстірттің абсолютты биіктігі шамамен 280-320 метр. 20] . Жер бетінің жазықтылығы оңтүстігінде абсолютты көрсеткіші 350 метр болатын біртекті жоталар мен атыздардың пайда болуымен бұзылған, ондағы абсолютті көрсеткіш 350 метр (Андагүл-323 метр, Көкшетау-322 метр) абсолютті биіктігі 25-30 метр, сондай-ақ сортаңды-сорлы төмендеулер, тақырлар және ұсақ құрғақ алқаптар кеңінен тараған. Солтүстік бөлігінің ландшафттарының ерекшелігі төрткіл тәрізді қыраттардың болуымен сипатталады. (Басбүлдірік, Аяқбүлдік, Ортақассауын, Тасбұлақ, Көкдомбақ)

Бетпақдала жотасының оңтүстігінен батысына қарай Шу және Сарысу өзендері орналасқан.

Шу өзенінің алқабынан оңтүстікке қарай кең көлемді Мойынқұм құмды массивтері орналасқан. Оның абсолютті биіктігі 350-400 метр. Массивтің жоғарғы қабаты оңтүстіктен Шу өзенінің арнасына қарай сатылы түрде төмендейді. [1] .

Территорияны Батыс Тянь-Шаньның биік таулы жоталарымен аласа таулы сілемдері, осы жоталардың тау алды жазықтықтары, Түркістан немесе Тұран ойпатының кеңістіктері, Бетпақ даланың көтеріңкі жазықтықтары қоршап жатыр.

Территория жер бедерімен гипсометриялық биіктіктердің әркелкілігі мен ерекшеленеді.

Батыс Тянь-Шань тауы: бұған келесі биік жоталар кіреді: Талас Алатауы (3600-4100 м), Майдантал (4200-4300 м), Угам (3000-3600 м, Сайрам шыңы (4229 м), Қаржантау (2000-2500 м), Мыңбұлақ тауы (2835 м), Ақсу-жабағлы тауы (Ақсу жотасы 3500 м, Жабағлы 2600-2800 м) . Сонымен қатар аласа таулар - Қазығұрт (1768 м-ге дейін), Алатау (1765 м-ге дейін) және Оңтүстік Қаратау (Боролдай және Архарлы 1000-1400 м-ден 1730 м-ге дейін), Солтүстік Қаратау 1000-1400 м-ден 1600 м-ге дейін, Мыңжылқы тауы - 2175 м) . [4] . Бұлардың барлығы палеозой жыныстарынан (негізінен: тас көмір, теңіздік корбанатты шөгінділерден) түзілген.

Биік жоталар биік шыңдарда биік таулы әльпілік жер бедерінен тік және өте тік беткейлермен, жартасты құздармен, тасты үгінділермен сипатталады. Жер бедері біртіндеп биік таулы тегістелген жер бедер пішінімен ауысады. Ол нашар тілімденген тегіс төмпешікті су айрықтармен, тік және төмен жатқан беткейлер мен ерекшеленеді. Биік таулы белдеудің жоғарғы бөліктерінде мұз басудың қазіргі және ежелгі белгілері бар. Ал оның төменгі бөліктерінде ежелгі мұз басудың (трог, кар, мореналар) және қазіргі мұз басу - жазда еритін қар түрінде кездеседі.

Төмендеген сайын жер бедері тік және өте тік беткейлері басым орта таулы тік беткейге ауысады. Ал соңғысы өз алдына аласа таулы жер бедеріне ауысады. Бірақ, өзен маңы бөліктерінде тік және өте тік беткейлер, ал кейбір жерлерінде құз беткейлер басым.

Аласа таулар және жоталар қатты тегістелген жер бедерімен және аласа беткейлермен ерекшеленеді. Бірақ олардың солтүстік және солтүстік-шығыс беткейлері қатты тілімденген тік беткейлі болып келеді.

Сонымен, территориясының табиғи-экологиялық қасиеттерін анықтайтын Қазақстанның географиялық орнының негізгі ерекшеліктері мынадай: айқын байқалатын континентті климаты; өзендерінің ағынсыз болуы; территориясының батыс және солтүстік ауа массаларының ығысуына ашықтығы; Оңтүстік-шығыс Қазақстан тауларының (Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы) климаттық тосқауылдық ролі; таулар беткейлерінде ылғалды шоғырландырады, жергілікті өзен ағынын қалыптастырады.

Орография антропогендік әсерден пайда болған техногендік өнімдерді ығыстыратын және шоғырландыратын жағдайдың болуын, не болмауын анықтайды. Ағынсыз алаптардың болуы, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсер ететін эндогендік және экзогендік үрдістердің таралу деңгейі орографиялық факторға байланысты.

Тұйық, ағынсыз өзен алаптары кеңінен тараған, яғни эрозия үрдістері мен өзендердің төменгі ағыстарында базистер жиі кездеседі. Атап айтқанда: Каспий және Арал теңіздері, Балқаш көлі, Шу, Сарысу, Нұра, т. б. өзендер алаптарын айтуға болады. Өзендерге ағызылған өнеркәсіп қалдықтары ағынсыз алаптарда шоғырланады, яғни Қазақстан шекарасынан шықпайды.

Сонымен, Шу-Сарысу ойпатының географиялық орналасуы, оның жер бедерімен тығыз себеп-салды байланыста дамиды.

1. 3. Геологиялық және геоморфологиялық сипаттамасы

Қоршаған ортаның геоэкологиялық жағдайына геологиялық құрылыстың әсері әрқалай. Геожүйелердің экологиялық жағдайына әсер ететін негізгі факторлар: тау жыныстарының литологиялық құрылымы, оның қалыңдығы, техногендік әсерге тұрақтылық дәрежесі, техногенді ластандырушы элементтерді тасымалдау және шоғырландыру үрдістерінде үлкен рөл атқарады, тау жыныстарының кеуектілігі және борпылдақ болуының да мыңызы зор.

Жасы мен литологиялық құрамы әртүрлі тау жыныстарындағы түрлі пайдалы қазба кендерінің экологиялық маңызы зор. Пайдалы қазбаны өндіргенде тау жыныстары көбіне жер бетіне шығарылады. Осы жағдайда ландшафттардың табиғи-геохимиялық фоны өзгереді, түрлі геохимиялық ауытқу ошақтары қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Сырдария өзенінің экологиялық мәселелері
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жамбыл облысының топырағы әралуан
Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
САРҒАЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ
Іңкәй кен орнының уран арқылы кенденуі
Қызылорда қаласының антропоген жер бедерінің қалыптасуы және оның аудандастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz