Көне түркі дәуіріндегі Қазақстан туралы



1. Ұлы Түркі қағанаты.
2. Түргеш қағанаты
3. Сауда мен тауарлары.
4. Дін соқпақтары.
Ұлы Түркі қағанаты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.

Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат жүргізеді.

1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Көне Түркі дәуіріндегі Қазақстан

(Көне Түркі, Түргеш және Қарлұқ қағандықтары
кезіндегі мәдениет)

Ұлы Түркі қағанаты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде
қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің
шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж.
жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж.
жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж.
теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина
руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.

Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда
мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат
жүргізеді.

1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі
тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай
шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-
ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды.
Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері -
Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-
572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие
болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады,
бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит
патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен
Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін
баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын
жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери
қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне
(Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы
Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік
үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты
қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп
шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар,
әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және
Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға,
Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына
көшеді.

Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) -
"ягбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа
бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік
топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар).
Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.

581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін,
жаңа патша орта ғасырлық түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді.
Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік
қағандарының Ұлы Жібек жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс
болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның
патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға,
әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі
қағанаты екіге бөлініп кетеді.

604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс
Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар.

Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың
этникалық саяси өзегі "он тайпа" (он оқ будун) болды, олар Қаратау
баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды.
Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес
тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның
Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың
бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның
інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет
шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.

Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-
егіншілік әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-
саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты.
Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды.
Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана
лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды.
Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған,
оларды "қара будун"(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар -
ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-
салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.

Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие
соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық
мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі
қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және
Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді
әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың
нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның
бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының
арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы
мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады.
Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі
қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі
қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны
қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс
жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар
Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері
қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс
Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған
жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.

679 ж. Қытай саясатына қарсы Монғолия мен Жетісуда шамамен бір уақытта
көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі
қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен
басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған
кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер
бойынша - 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде
орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер
күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады.

Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне
жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі.
(Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері
этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған
кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған
болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты
"сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)

Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған
арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб
мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы
Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін
жаулаушылық соғыстар бастады.

Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта
Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға
қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін
салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы
болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында
орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның
әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және
Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.

Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-
қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік
болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды.
Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында
түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан
әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар
арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің
батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана
қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды
жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты
өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер
мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746
жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады.
Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға
белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның
Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады
да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан
көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен
қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші
сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына
шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды
тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс
Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ
тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

Кейіннен Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі
қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын
қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш
этникалық-әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Алтын Орда әдебиеті
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін сипаттау
Қазақ фольклорының тарихы
Түрік мифологиясының құдайлары
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Орхон- Енисей ескерткіштерінің көркемдік мәні, зерттелуі
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Ежелгі түркі әдебиеті
Пәндер