Отандық корпоративті бағалы қағаздар рыногының жағдайына талдау


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚАРЫЗ КАПИТАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
3: 5-16
КІРІСПЕ: 1. 1 Бағалы қағаздар түсінігі, классификациясы және түрлері
3: 5
КІРІСПЕ: 1. 2. Бағалы қағаздар нарығының атқаратын қызметтері және құрамдас бөліктері
3: 10
КІРІСПЕ: 2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3: 17-34
КІРІСПЕ: 2. 1 Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының қалыптасуының қиыншылықтары және оны шешу жолдары
3: 17
КІРІСПЕ: 2. 2 Қазақстанның корпоративті бағалы қағаздар рыногының даму перспективалары
3: 24
КІРІСПЕ: 3. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
3: 35-46
КІРІСПЕ: 3. 1 Бағалы қағаздар нарығының дамуындағы әлемдік тәжірибе ерекшеліктері
3: 35
КІРІСПЕ:
  1. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету
3: 39
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 47
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 49

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы Жолдауында көрсетілген ел экономикасының дамуының 30 басым бағытының бірі - тиімді жұмыс жасайтын қор рыногын қалыптастыру болып табылады. Еліміздің қаржы рыногында жүргізіліп жатқан реформалар нәтижесі туралы тек отандық қана емес, халықаралық сарапшылар да жаксы айтады.

Нақтырақ айтқанда, банк секторы даму жағынан ТМД көлемінде алдыңғы орынды иемденуде. Ал енді қор рыногының күйі болмай түрғаны бәрімізге белгілі. Осы уақыт ішінде барлық заңдық база жасалып, оны дамытуға үлес қосатын инфрақұрылымдар кұрылды. Қор биржасы, орталық депозитарий, брокерлік-делдалдық, тіркеу компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеуде. Қысқасы, бір саланы дамытып, ілгері қарай сүйрейтін тетіктердің бәрі толыққанды іске қосылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отандық қор нарығы, оның ішінде корпоративті бағалы қағаздардың дамуына кедергі келтіріп отырған факторладың мәнін ашып, себептерін табу болмақ. Отандық қор рыногын дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жж арналған бағалы қағаздарды дамыту бағдарламасының» аясында бірқатар шаралар атқарылғанымен әлі де шешілмеген мэселелердің көп екендігі белгілі. Мәселен ол бағдарламада корпоративті бағалы қағаздарды дамыту мемлекеттік бағалы қағаздарды дамытумен бірдей дәрежеде қарастырылған. Ал еліміздегі мемлекеттік бағалы қағаздардың, тіпті корпоративті облигациялар рыногының да дамуының айтарлықтай жоғары дәрежеде екендігін жэне олардың бүгінгі күнде ең өтімді қағаздар болып есептелетінін айта кету керек. Яғни қазақстандық бағалы қағаздар рыногында күрделі мәселе болып акциялар мен туынды бағалы қағаздар рыногы болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты - отандық корпоративті бағалы қағаздар рыногының жағдайына талдау жасап, ондағы орын алып отырған кедергілерді анықтап, оны шешу жолдарын қарастыру. Өйткені жетілмеген қор рыногы жағдайында кемелденген экономикалық дамуға қол жеткізу мүмкін емес. Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының дамуының келесідей ерекшеліктерін атап көрсетуге болады.

Біріншіден, әдетте бағалы қағаздар рыногының дамуы тұтастай ұлттык экономиканың дамуымен қатар жүреді. Ал Қазақстандық қор рыногының қүрылуы, оның айтарлықтай динамикалық дамуы, өндірістің түрақты қүлдырауы кезінде болды. Жалпы экономикалық процесстердегі және бағалы қағаздар рыногының динамикасындағы мұндай диспропорция осы рынокты дағдарысты жағдайға алып келеді. Екінші жағынан кор рыногының дамымауы жэне жетілмеуі өндірістің қысқаруын тоқтатуға кедергі болады.

Екіншіден, рыноктың мөлдірсіздігі, ондағы операциялардың тэуекелділігінің жоғарылығы, бюджеттің тапшылығын жабу үшін мемлекеттің қарыздық міндеттемелерді шығаруы, қысқа мерзімді қағаздардың маңыздылығын арттырады. Бұл өз кезегінде бос құралдарды үзақ мерзімді инвестициялауға кедергі болады, ал ол әр уақытта экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылады.

Үшіншіден, Қазақстандық бағалы қағаздар рыногының түрақсыздығына инфляция жэне инфляциялық күтім эсер етті. Бүл өтпелі экономикадағы барлық мемлекеттерге тән құбылыс. Акшаның құнсыздануынан қауіптенген инвесторлар стратегиялық ұзақ мерзімді салымдар жасаудан тартынады. Шетелдік тәжірибеде инфлияцияның мұндай негативті әсерін индексацияланған бағалы қағаздар шығару арқылы шешу қарастырылған. Мұндай қағаздардың табысы инфлияция қарқынына қарай түзетіліп, индексацияланып отырады. Қазақстанда осындай индексацияланатын кор құралдарының болмауы инфлияцияның бағалы қағаздар рыногына тигізетін жағымсыз әсерін одан әрі тереңдетті.

Төртіншіден, Қазақстанның қор рыногының тиімді жұмыс істеуіне айтарлықтай кедергі келтірген - ол бағалы қағаздар бойынша заңнаманың жэне реттеу нормаларының жетілмеуі сапасыз камуникацияллык инфроқұрылым. Бұл Қазақстан бағалы қағаздар рыногының дамуындағы ерекшеліктер мен кедергілердің бір бөлігі. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың міндеті -Қазақстандық корпоративті бағалы қағаздардың даму перспективасы мен оған Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы (АӨҚО) жобасының әсерін, сонымен қатар Қазақстанның қор рыногының кәсіпкой қатысушыларының тигізетін эсерін кеңінен талдау болып табылады.

"Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы мен "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңына" сәйкес жазылған және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар кеңінен қолданылған. Сондай-ақ, отандық ғалымдардың ішінде Көшенова Б. А. «Бағалы қағаздар нарығы», Сейітқасымов ГС «Ценные бумаги и фондовый рынок» еңбектерін қарастырдым.


1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚАРЫЗ КАПИТАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ

1. 1. Бағалы қағаздар түсінігі, классификациясы және түрлері

Бағалы қағаздар негізінен қарыз капиталының қозғалысын сипаттайтын қарыз қозғалысының нысаны болып табылады. Ал қарыз капиталы - қарызға беріліп, меншік иесіне пайыз түрінде табыс әкелетін ақша капиталы. Бағалы қағаздармен байланысты жалған капитал деген ұғым жиі қолданылады.

Жалған капитал дегеніміз - қосымша табыстың бір бөлігін дивидент немесе пайыз түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздарды неліктен жалған капитал деп атайды. Себебі:

1) Табыс көзі - тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік капиталмен тікелей байланысты. Өнім, өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс тек айналымнан табыс әкеледі.

2) Бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі, оларды сатуға болады, бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта болып табылады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағазды сатудан түсетін табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.

ҚР Азаматтық кодексінің 129-бабы бойынша бағалы қағаздарға келесідей анықтамалар берілген:

1. Бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа белгілердің жиынтығы.

2. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және т. б. бағалы қағаздар жатады деп жазылған. Бұл анықтама заңдық тұрғыдан қарастырылған. Ал бағалы қағаздардың экономикалық мағынасы мынадан келіп шығады: тұтастай тауар әлемі екі топқа бөлінеді: тауарлар (материалдық игілік, өндіріс құралдары, қызмет) және ақшалар. Ақша тек жай ақша түрінде және қосымша ақша әкелетін капитал түрінде болуы мүмкін. Ақшаның әрқашанда бір заңды тұлғадан немесе жеке тұлғадан келесі бір тұлғаға ауысу қажеттілігі туындайды. Әлемдік тәжірибе қаржы рыногындағы ақша қозғалысының екі негізгі әдісін көрсетеді:

- несиелеу процесі арқылы;

- бағалы қағаздарды айналысқа шығару арқылы.

Тауарлы рынокта да әлі өндірілмеген немесе жеткізілмеген тауарды өткізу керек болады. Бірақ бағалы қағаздар ақша да, материалдық тауар да емес. Оның құндылығы иесіне беретін құқықта. Сатып алушы өзінің ақшалай капиталын бағалы қағазға айырбастау арқылы оған меншік құқығын сақтай отырып пайыз немесе дивидент түрінде белгілі бір қалыпты табыс алу мүмкіндігіне ие болады.

Бағалы қағаз - ерекше рынокта, яғни бағалы қағаздар рыногында айналыста болатын ерекше тауар, бірақ ол физикалық тауар да, қызмет те, ақша да болып табылмайды. Дегенмен бағалы қағаздар оларды ақшамен жақындастыратын кейбір қасиеттерге ие. Олардың негізгілері мыналар:

- оның түрлі формада (сату-сатып алу, өтеу, эмитентке қайтару, құқықтарын беру және т. б. ) ақшаға айырбасталу мүмкіндігі;

- есеп айырысу кезінде қолданылуы мүмкін;

- кепіл құралы болуы мүмкін;

- бірнеше жылдарға сақталып тұруы мүмкін;

- мерзімсіз уақытқа мұраға берілуі және сыйлық ретінде тартылуы мумкін.

Осылайша бағалы қағаздар иесіне белгілі бір табыс, құқық және міндеттеме әкелетін, сондай-ақ оны үшінші бір тұлғаға өткізу үшін жаңа келісімшартты қажет етпейтін құжат болып табылады. Бағалы қағаздардың осы соңғы қасиеті оған ерекшелік береді. Бұл белгілі бір денгейде ыңғайлы және соған сәйкес трансакциондық шығындарды қысқартады.

Бағалы қағаздар мынадай қоғамдық маңызы бар бірнеше қызметтерді атқарады:

- экономиканың түрлі салалары арасында, территориялар мен елдер арасында, әлеуметтік топтар арасында, экономиканың сфералары мен мемлекет арасында ақша құралдарын (капиталды) қайта бөлу;

- ұстаушыға: капиталға, басқаруға қатысуға, ақпаратқа белгілі бір денгейде қосымша құқық береді;

- капиталдан табыс табуға немесе капиталдың өзін қайтарып алуға мүмкіндік береді.

Бағалы қағаздарды келесідей сипаттауға болады:

1. Меншік иесінің мүліктік құқығын куәландыратын құжат;

2. Инвестордың белгілі бір қаржы сомасын инвестициялағаны туралы мәлімет береді;

3. Нақты активтерге қатысты талаптарды сипаттайды.

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ШЫҒАРЫЛУ НЫСАНЫ БОЙЫНША
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ШЫҒАРЫЛУ НЫСАНЫ БОЙЫНША:

а) құжатты

б) құжатсыз

а) эмиссиялық

б) эмиссиялық емес

а) атаулы

б) ұсынбалы

в) ордерлі

Құжатты бағалы қағаз - белгілі бір формасы бар, құжат түрінде шығарылатын бағалы қағаз.

Құжатсыз бағалы қағаз - формасы жоқ, электронды жазбаша түріндегі бағалы қағаз.

Эмиссиондық бағалы қағаз - белгілі бір шығарылым шеңберінде бірдей белгілері мен мәліметтері бар (эмитенттің атауы, номиналдың құны, шығарылу және өтеу мерзімі, пайыз қойылымы) және ортақ шарттарға сай орналастырылатын, айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Оларға акциялар, облигациялар, инвестициялық пайлар жатады. Шығарылуы кезінде қаржылық органда тіркеуге алынады.

Эмиссиондық емес бағалы қағаздар - осы белгілерге келмейтін бағалы қағаздар.

Атаулы бағалы қағаз - құжатта көрсетілген тұлғаның құқығын растайтын бағалы қағаз. Бұл құқық меншік иесінің реестрінде жазылады. Атаулы бағалы қағаздың артықшылығы - меншік иесі әрқашанда белгілі және салық салу үшін операциялары айқын.

Ұсынбалы бағалы қағаз - бағалы қағаз ұстаушының құқығын анықтайды. Онда меншік иесінің аты тікелей көрсетілмейді, ал оның айналысы үшін ешқандай да тіркеуге алудың қажеті жоқ. Артықшылығы: айналыс жылдамдығы мен есеп айырысу денгейі жоғары. Айырбас кезінде қосымша шығарылымдарды қажет етпейді.

Ордерлі бағалы қағаз - онда аталған тұлғаның құжаттарын кей жағдайда басқа тұлғаға берілгенін растайтын құжат. Ордерлі бағалы қағаздардың құқықтары осы бағалы қағаздың берілуі туралы жазба -индосамент жасау арқылы беріледі. Құқықтарды беруші - индосант құқықтардың орындалуына байланысты жауап береді. Құқықтарды алушы тұлға - индосат деп аталады.

Ақшалай қаражатты инвестициялаудың нысандары бойынша бағалы қағаздар былайша бөлінеді:

1. Үлестік - акция, акция сертификаттары, инвестициялық пайлар жатады. Бұл құжатта кәсіпорын таратылған жағдайда мүліктің бір бөлігін иемденуге, жарғылық капиталды құруға қатысуға, табыс алуға, кәсіпорын басқаруға құқық береді.

2. Қарыздық - облигациялар жатады. Инвесторлар мен эмитент арасындағы қатынасты сипаттайды және белгілі бір мерзімнен кейін қарыз мөлшері, пайыз төлеу эмитенттің міндеттемесі болып табылады.

ҚР заңнамасы бойынша келесідей бағалы қағаздар айналысқа түсе алады:

1. Мемлекеттік бағалы қағаздар.

2. Акциялар.

3. Облигациялар.

4. Коносамент.

5. Ипотекалық куәліктер.

6. Туынды бағалы қағаздар.

7. Жай қоймалық куәліктер.

8. 2 жақты қоймалық куәліктер.

9. ҚР айналысқа жіберілген шетелдік бағалы қағаздар

10 . ҚР заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар құрамына жататын басқа да бағалы қағаздар.

Мемлекеттік бағалы қағаздар - орталық және жергілікті орган өкілеттіктері шығарған қарыздық бағалы қағаздар. Олар ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз формасында болып табылады. Мемлекетік бағалы қағаздар қарыз қатынасында мүліктік құқық ұстаушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының ұлттық банкі, жергілікті органдар куәландырады. Барлық мемлекеттік бағалы қағаздар құжатсыз түрінде шығарылады. Мемлекеттік бағалы қағаздар әртүрлі әдістермен орналастырылуы мүмкін (аукцион, ашық сатылым т. б. ) .

Сатып алушылар кез келген заңды немесе жеке тұлға, сонымен қатар резидент емес тұлға болуы мүмкін. Негізгі инвесторлар халық, 2-ші денгейлі банктер, зейнетақы және инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары болып табылады.

Акция - акционерлік қоғамдармен шығарылатын, қоғамды басқаруға қатысуға, дивидент алуға, қоғам таратылған жағдайда мүліктің бір бөлігін иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар.

Акциялар жай және артықшылығы бар акциялар болып бөлінеді.

Жай акция - бұл қоғамды басқаруға қатысуға, дауыс беруге таза табыс болған жағдайда дивидент алуға, сондай-ақ қоғам таратылған соң мүліктің бір бөлігін алуға құқылы.

Жай акциялар өз кезегінде келесідей жікке бөлінеді:

1. Кумулятивті - бұл акция бойынша дивидент уақытында төленбеген болса, онда олар жинақталған күйінде төленеді.

2. Қайтарымды - бұл акцияларды эмитенттердің қайта сатып алуға құқықтары бар.

3. Айырбасталатын акциялар - осы эмитенттің басқа бірнеше жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар.

4. Минималды дивидент белгіленген дауыс беруге құқығы бар акциялар.

5. Минималды дивидент белгіленген дауыс беруге құқығы жоқ акциялар.

Артықшылығы бар акция ұстаушысына кепілдендірілген дивидент төленеді, қоғам таратылған жағдайда мүліктің бір бөлігін алуға басым құқық беріледі.

Артықшылығы бар акциялардың акционерлік қоғамды тарату кезінде және қайта құру кезінде ғана дауыс беруге құқығы бар.

Облигация - құжатта көрсетілген номиналдық құнды және оған белгіленген % түріндегі табысты белгіленген мерзімнен соң эмитенттің қайтаруы тиіс қарыздық міндеттемесі.

ОБЛИГАЦИЯ
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН
КЕПІЛДЕНДІРІЛМЕГЕН
ИПОТЕКАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАР
КЕПІЛІ ӨЗГЕРМЕЛІ
БҚ-МЕН КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН

Сонымен қатар, табыс алу тәсілі бойынша облигацияларды келесідей бөлуге болады:

- купонды;

- дисконтты.

Купонды облигациялар бойынша - облигацины шығару кезінде оған қоса пайыз (%) түріндегі табыс пен табысты төлеу мерзімі көрсетілген купон беріледі.

Дисконтты облигациялар бойынша - пайыз (%) төленбейді, ал табыс номиналды құнынан төмен бағада сатып алу арқылы алынады.

Сонымен қатар, купон мөлшерін анықтаумен байланысты купон белгіленген және өзгермелі купонды облигациялар кездеседі.

Шетелдер тәжірибесінде инфляция мен валюта бағамының өзгерісіне байланысты облигацияның құнсыздануынан инвесторларды қорғау мақсатында индексацияланған облигацияларды шығару бар. Мұндай облигациялар бойынша төлемдер арнайы коэффициенттермен түзетіліп отырады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Топтық белгілері
Бағалы қағаздардың түрлері
Топтық белгілері: Мерзімі бойынша:
Бағалы қағаздардың түрлері:

Мерзімді

Мерзімсіз

Топтық белгілері: Эмитенттері бойынша:
Бағалы қағаздардың түрлері:

Мемлекеттік

Корпаративтік

Жеке

Шетелдік

Топтық белгілері: Пайда болуы бойынша:
Бағалы қағаздардың түрлері:

Алғашқы

Екінші ретті

Топтық белгілері: Қызмет ету нысаны бойынша:
Бағалы қағаздардың түрлері:

Құжатты

Құжатсыз

Топтық белгілері: Айналысқа түсу аумағы бойынша:
Бағалы қағаздардың түрлері:

Ұлттық

Аймақтық

Халықаралық

Топтық белгілері: Иемдену тәртібі бойынша:
Бағалы қағаздардың түрлері:

Атаулы

Ұсынбалы

Ордерлі

Топтық белгілері: Шығарылу нысаны бойынша:
Бағалы қағаздардың түрлері:

Эмиссиялық

Эмиссиялық емес

Топтық белгілері: Тәуекел денгейі бойынша:
Бағалы қағаздардың түрлері:

Тәуекелсіз

Тәуекелді

Тәуекелі жоғары

Топтық белгілері: Табыстылығы бойынша:
Бағалы қағаздардың түрлері:

Табысты

Табыссыз

Топтық белгілері: Салық салу нысаны бойынша:
Бағалы қағаздардың түрлері:

Қарыздық

Үлестік

Тауарға иелік етуші

Топтық белгілері: Экономикалық мәні немесе құқық түрлері бойынша
Бағалы қағаздардың түрлері:

Акция

Облигациялар

Облигацияларды шығару кезінде келесідей көрсеткіштер анықталуы тиіс:

  1. Облигациялардың қарыздық көлемі;
  2. Облигацияның номиналдық құны;
  3. Облигация бойынша төленетін табыс;
  4. Табыстарды төлеу мерзімі.

Облигациялардың негізгі қасиеттері:

1. Мерзімділігі: әлемде мәңгілік облигациялар да кездеседі, бірақ өте сирек, мәселен, Британдық конденсацияланған облигациялар.

2. Табыс алудағы артықшылығы : табыс мөлшері пайыз (%) түрінде номиналды құнымен белгіленеді және жылдық табыс денгейімен анықталады.

1. 2. Бағалы қағаздар нарығының атқаратын қызметтері және құрамдас бөліктері

Жалпы бағалы қағаздар рыногын, бағалы қағаздардың, оның қатысушылары арасындағы шығарымы мен айналымы жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бағалы қағаздар рыногының түрлері мен классификациясы бағалы қағаздардың өздерінің классификациясына ұқсас:

- халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар рыноктары;

- ұлттық және аймақтық бағалы қағаздар рыноктары;

- бағалы қағаздардың нақты түрлерінің рыноктары (акция, облигация) ;

- мемлекеттік және корпаративтік бағалы қағаздар рыноктары;

- алғашқы және туынды бағалы қағаздар рыноктары.

Бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздардың эмиссиясы мен сату-сатып-алу процесі жүзеге асатын ссудалық капитал рыногының бір бөлігі. Бағалы қағаздар рыногы (банктер, арнайы несие институттары, қор биржасы) арқылы заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың және мемлекеттің аккумуляцияланған ақша жинақтары өндірістік және өндірістік емес капитал салымдарына бағытталады. Бағалы қағаздар рыногы- капиталдың қайта бөлінуінің және қаржы ресурстарының қайта бөлінуінің тиімді механизімі болып табылады.

Бағалы қағаздардың орнын екі жақты қарастыруға болады:

- ақша құралдарын әр түрлі көздерден тарту тұрғысынан;

- бос ақша қаражаттарын қандай да бір рынокқа салу.

Ақша құралдарын тарту ішкі және сыртқы көздердің есебінен жүзеге асады. Ішкі көздерге әдетте амортизациялық аударылымдар мен түскен таза пайда жатады. Сыртқы көздерге банктік ссудалар мен бағалы қағаздарды шығару арқылы түскен құралдар жатады.

Бос ақша құралдарын түрлі салаларға инвестициялау үшін пайдалану мүмкін: өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметі түріне (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, байланыс) жылжымайтын мүлік, антиквариат, зейнетақы және сақтандыру қорлары, әр түрлі бағалы қағаздарға немесе банктік депозиттерге салынуы мүмкін.

Осылайша бағалы қағаздар рыногы бос капиталдың көп ұсыныс сферасының бірі. Сондықтанда оған ол қаражаттарды тарту үшін бәсекеге түсуге тура келеді.

Көрсетілген рыноктар арасында ақша құралдары көптеген факторларға тәуелді жүреді. Олардың негізгілері мыналар:

- табыстылық денгейі;

- рыноктың салық салу жағдайы;

- капиталды жоғалту тәуекелділігінің денгейі немесе күтілген табысқа жетпеуі;

- рыноктың ұйымдастырылуы, инвесторлар үшін қолайлылығы, рынокқа тез кіру және шығу мүмкіндігінің болуы, ақпараттану денгейі.

Бағалы қағаздар рыногының функцияларын екі топқа бөліп қарастыруға болады: біріншісі ол барлық рыноктарға қатысты жалпы рыноктық қызметі, екіншісі оны басқа рыноктардан ажырататын өзіндік дербес функциялары.

Жалпы рыноктық функцияларына:

1. Коммерциялық функция, яғни осы рыногтағы операциялардан табыс алу функциясы.

2. Бағалық функциясы, яғни рынок баға қалыптасуды және оның үздіксіз қозғалысын қамтамассыз етеді.

3. Ақпараттық функция, яғни сауда объетілері және олардың қатысушылары туралы рыноктық мәліметтерді өзінің қатысушыларына жеткізу.

4. Реттеушілік функциясы- яғни рынок сауда және оған қатысу ережелерін, қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді шешу тәртіптерін жасайды және бақылау және басқару органдарын бекітеді.

Бағалы қағаздар рыногының өзіндік функцияларына келесілерді жатқызуға болады.

- бағалық және қаржылық тәуекелді сақтандыру функциясы.

- ақша құралдарын рыноктың қызметінің салалары мен сфералары арсында қайта бөлуді жүзеге асыру.

- жинақтарды, бәрінен бұрын халықтық, өндірістік емес формадан өндірістік формаға ауыстыру

- инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа басқа қосымша құралдарды шығарусыз мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру.

Бағалық және қаржылық тәуекелді сақтандыру функциясы туынды бағалы қағаздар классификациясының; яғни фьючерстік және опциондық контрактар нәтежиесінде ғана мүмкін болды.

Бағалы қағаздардың құрамдас бөліктері:

  • алғашқы және қосалқы
  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған.

Бағалы қағаздар рыногының құралдары (объектілері) - бағалы қағаздар.

Қатысушылары (оның субъектілері) - эмитентер, инвесторлар және бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары; яғни делдалдар болып табылады.

Бағалы қағаздардың алғашқы рыногы - алғашқы рынокқа бағалы қағаздың эмитенттен бірінші сатып алушыға дейін өтетін экономикалық кеңістік жатады. Ол экономикалық кеңістік деп тек онда эмитент пен инвестор болғаны ғана үшін емес сонымен қатар оның рационалды ұйымдастырылғаны үшін. Оған еңбек бөлінісі тән, яғни онда маманданған брокерлік және диллерлік фирмалар қызмет атқарады. Осы бір кеңістіктің шегінде ғана белгілі бір экономикалық қызметті орындай отырып эмитент өзіне қажетті капиталды ала алады. Бағалы қағаздың одан арғы қарай қозғалысы яғни бірінші сатып алушыдан п ші сатып алушыға дейінгі аралық эмитент үшін табыс көзі болып табылмайды.

Бағалы қағаздардың екінші реттік (қосалқы) рыногы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративті бағалы қағаздар мен қор нарығы
Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Корпоративтік бағалы қағаздар портфелін басқару
Инвестициялардың жалпы сипаттамасы
Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы
ҚР бағалы қағаздар рыногінің дамуы және қалыптасуының негіздері
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Бағалы қағазды инвестициялау
Қор биржа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz