«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ



КІРІСПЕ

1 ТАРАУ «ҰЛЫ ТҰРАН» ҰҒЫМЫ: САЯСИ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ
БАҒЫТТАРЫ
1.1 «Ұлы Тұран» ұғымының тарихи ретроспективасы
1.2 «Ұлы Тұран» ұғымының қазіргі кездегі маңызы

2 ТАРАУ «ҰЛЫ ТҰРАН» ҰҒЫМЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТҮРКІ ТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
2.1 Орталық Азия елдерінің интеграциялық үрдістерге «Ұлы Тұран»
шеңберінде бірігу мүмкіндіктері
2.2 «Ұлы Тұран» шеңберіндегі түркі тілдес халықтардың
ынтымақтастығы (1991.2006жж.)

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бітіру жұмысы «Тұран» геосаяси бағыты: түркі халықтарының бірлестігін құру идеясын зерттеуге арналған.
«Тұран» - ежелгі парсы сөзі. Алғаш рет «Тұран» ұғымы зороастрийлік – отқа табынушылылардың қасиетті мәтіндерінде пайда болады. Бұл ұғым парсылар үшін дұшпандық көшпелі түркілер әлемін білдіреді. Содан бері «Тұран» - түркілер үшін қасиетті ұғым. ХХ ғасырдағы қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев: «… Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-өскен…», - деп жырлайды.[1]
Уақыт өте келе «Тұран» ұғымы түркілердің саяси идеологиясының да орталық ұғымына айналады. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында Ресей империясында татар интеллигенциясының мәдени-ағарту қозғалысы ретінде пайда болған пантюркизм идеясының бастапқы көздеген мақсаты түркі халықтарын ағарту және олардың жалпы прогрессі болса, кейіннен ол барлық түркі әлемін Түркия басшылығымен бір мемлекетке біріктіру мақсатына дейін өсті. Пантюркизм идеясын жүзеге асырудың соңғы сатысы болып саналатын пантуранизм доктринасы түркі тектес халықтарды, сондай-ақ тұрандық халықтарды (венгр, фин, эстон, мари, мордва, монғол, т.б.) «Ұлы Тұран» федерациясына біріктіруды мақсат етеді. Әр түрлі тарихи кезеңдерде әлемде қалыптасқан саяси жағдайға байланысты пантюркизм әр қилы ағымдарға айналып отырды: біресе үстемдік етуші идеологияға айналса, біресе жай ғана теоретикалық зерттеулер нысаны болды.
Қазіргі кезде пантюркзи елеулі өзгерістерге ұшырады. Барлық түркі халықтарын біртұтас мемлкетке біріктіру міндеті ресми түрде алға қойылмайды. Дегенмен де, Түркияның сыртқы саясатында түркі мемлекеттеріне «ағалық» қорған болу, түркі халықтарының интеграциясындағы түріктердің жетекшілік ролі сияқты бағыттар орын алады. Түркі тілдес мемлекеттердің экономика, мәдениет, гуманитарлық, саяси, қауіпсіздік салаларындағы интеграциясы мақсат етіліп, жолға қойылған.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТI

Халықаралық қатынастар

және Қазақстан Республикасының

сыртқы саясаты кафедрасы

АКДОНОВА ВЕНЕРА

ТҰРАН ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
(бітіру жұмысы)

Ғылыми жетекші: т.ғ.к.,

доцент Бокашева П.С.

Қорғауға жіберілді:
----------------------
------ -------------- 2006

Алматы, 2006

Мазмұны

КІРІСПЕ
3

1 ТАРАУ ҰЛЫ ТҰРАН ҰҒЫМЫ: САЯСИ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ

БАҒЫТТАРЫ
7

1. Ұлы Тұран ұғымының тарихи ретроспективасы
7
2. Ұлы Тұран ұғымының қазіргі кездегі маңызы
16

2 ТАРАУ ҰЛЫ ТҰРАН ҰҒЫМЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТҮРКІ ТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ
ИНТЕГРАЦИЯСЫ 25
2.1 Орталық Азия елдерінің интеграциялық үрдістерге Ұлы Тұран
шеңберінде бірігу мүмкіндіктері
25
2.2 Ұлы Тұран шеңберіндегі түркі тілдес халықтардың
ынтымақтастығы (1991-2006жж.)
35

ҚОРЫТЫНДЫ
41

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
45

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысы Тұран геосаяси бағыты: түркі халықтарының
бірлестігін құру идеясын зерттеуге арналған.

Тұран - ежелгі парсы сөзі. Алғаш рет Тұран ұғымы зороастрийлік –
отқа табынушылылардың қасиетті мәтіндерінде пайда болады. Бұл ұғым парсылар
үшін дұшпандық көшпелі түркілер әлемін білдіреді. Содан бері Тұран -
түркілер үшін қасиетті ұғым. ХХ ғасырдағы қазақтың біртуар ақыны Мағжан
Жұмабаев: ... Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-
өскен..., - деп жырлайды.[1]
Уақыт өте келе Тұран ұғымы түркілердің саяси идеологиясының да
орталық ұғымына айналады. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында Ресей империясында
татар интеллигенциясының мәдени-ағарту қозғалысы ретінде пайда болған
пантюркизм идеясының бастапқы көздеген мақсаты түркі халықтарын ағарту
және олардың жалпы прогрессі болса, кейіннен ол барлық түркі әлемін Түркия
басшылығымен бір мемлекетке біріктіру мақсатына дейін өсті. Пантюркизм
идеясын жүзеге асырудың соңғы сатысы болып саналатын пантуранизм доктринасы
түркі тектес халықтарды, сондай-ақ тұрандық халықтарды (венгр, фин, эстон,
мари, мордва, монғол, т.б.) Ұлы Тұран федерациясына біріктіруды мақсат
етеді. Әр түрлі тарихи кезеңдерде әлемде қалыптасқан саяси жағдайға
байланысты пантюркизм әр қилы ағымдарға айналып отырды: біресе үстемдік
етуші идеологияға айналса, біресе жай ғана теоретикалық зерттеулер нысаны
болды.
Қазіргі кезде пантюркзи елеулі өзгерістерге ұшырады. Барлық түркі
халықтарын біртұтас мемлкетке біріктіру міндеті ресми түрде алға
қойылмайды. Дегенмен де, Түркияның сыртқы саясатында түркі мемлекеттеріне
ағалық қорған болу, түркі халықтарының интеграциясындағы түріктердің
жетекшілік ролі сияқты бағыттар орын алады. Түркі тілдес мемлекеттердің
экономика, мәдениет, гуманитарлық, саяси, қауіпсіздік салаларындағы
интеграциясы мақсат етіліп, жолға қойылған.
Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде Тұран геосаяси
бағытын зерттеу не үшін өзекті деген сұраққа оның бірқатар себептері бар
деп, өз пайымдауымша, бес себебін ұсынамын:
1. Ұлы Тұран шеңберінде түркі халықтарының интеграциясын жүзеге
асыруға болады. Барлық түркілерді бір мемлекетке біріктіру идеясы
утопиялық деп қарастырылғанымен, түркі мемлекеттері мүлдем бірікпеу
керек деп ешкім айта алмайды. Олардың әр түрлі салаларда
итеграциялануы – обьективті үрдіс және ол жолға қойылған.
Интеграция арқылы көптеген мәселелерді шешу және туысқандық
ынтымақтастықты бекіте түсу қажет;
2. Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен бейбітшілік негізі бола
алады. Аймақтағы төрт мемлекет (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан
және Түрікменстан) түркі республикалары болып табылады. Олардың
арасында Ұлы Тұран шеңберінде рухани-мәдени бірігуді жүзеге асыру
керек. Ал қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын қамтамасыз
ету – орнықты дамудың негізгі кепілі;
3. Түркі халықтарының тәуелсіздігі мәселесін қозғайды. Ежелгі түркі
халықтарының жеке ұлттарға бөлінуінің бүгінгі көрінісі – бес
тәуелсіз түркі мемлекеті және басқа елдердің қол астында өмір сүріп
жатырған, тәуелсіздігі жоқ ондаған түркі ұлттары, Олар, ең алдымен
Ресей Федерациясының құрамындағы балқарлар, якуттар, чуваштар,
хакастар, ноғайлар, құмықтар, т.б.; Өзбекстанның қол астындағы қа-
арақалпақтар; Қытай құрамындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялы
республикасы; т.б. Пантюркизм идеясы бұл халықтардың тәуелсіздігі
мәелесін қозғайтыны айдай анық .
4. Түркия – Ресей қарым-қатынастарына ықпалы. Қазіргі Ресей
Федерациясының түркі-мұсылман халқы 15 миллионға жуық адамды
құрайды. Және ерекше маңызды нәрсе – олар Ресей мемлекетінің
стратегиялық маңызды аймақтарында шоғырланған, мұнда бағалы шикізат
көздері мен маңызды экономикалық кешендері орналасқан – Волга маңы,
Солтүстік Кавказ, Орал, Сібір, т.б. Ресейдің мемлекеттік
қауіпсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік, территориялық тұтастық,
ұлтаралық татулық сияқты аса маңызды мүдделерінің жүзеге асуы көп
жағдайда түркі ортасындағы көңіл-күйге, түркі-славян диалогы мен
өзара түсіністігінің дамуына және түркі халықтарының ұлттық
қозғалыстарына тәуелді. Жалпы пантюркизм идеологиясы пайда болған
уақытынан бастап бүгінгі күнге дейін Ресей мемлекеттілігі үшін
үлкен қауіп, зор қатер болып қарастырылады. Ал Ресей-Түркия қарым-
қатынастары әлемдегі тұрақтылыққа әсер етері сөзіз;
5. Қазақстан мемлекетіне де қатысы бар. Қазқтан Республикасы түркі
ммемлекеті болып табылатындықтан, Тұран идеологиясының қарқындап
дамып, күш алуы немесе әлсіреп, бәсеңдеуі, әрине, біздің Отанымызды
да алаңдатады. Сондай-ақ, көпұлтты мемлекет ретінде түркі
халықтарының Ұлы Тұран шеңберінде интеграциялануы Қазақстанның
ішкі тұрақтылығының, ел тыныштығының кепілі болып та табылады.
Сондықтан, Тұран геосаяси бағытын зерттету ғылыми және тәжірибелік
жағынан өзекті болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты: Тұран геосаяси бағытының пайда болуына,
қалыптасуына, дамуына, сондай-ақ оның қазіргі кездегі маңызы мен түркі
халықтарының интеграциясы үшін берер мүмкіндіктеріне жан-жақты талдау
жасау.
Бітіру жұмысының алдына қойған мақсатына жету үшін төмендегідей
міндеттер қойылды:
- Тұран геосаяси бағытының қалыптасу тарихының даму сатыларын
саралай отырып, тарихи ретростпективасына шолу жасау;
- Тұран геосаяси бағытының қазіргі кездегі маңызын көрсету;
- Ұлы Тұран шеңберінде Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығын
талдау; жетістіктерін ашып көрсету.
Бітіру жұмысының деректік негізі: Бітіру жұмысының алдына қойған
мақсатын негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды төрт топқа
бөлуге болады.
Деректердің бірінші тобына заң актілері мен қаулылары жатады. Жұмысты
жазу барысында Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Түркия Республикасының
Ата Заңы, Қырғыз Ренспубликасының Ата Заңы, Өзбекстан Республикасының Ата
Заңын, Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңы қарастырылып, осы
заңдардың негізінде мемлекеттердің ұстанып отырған ресми саясаттары
анықталды.
Деректердің екінші тобы дипломатиялық құжаттардан тұрады. Тақырыпты
зерттеу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында 1992 ж. 24 маусымда
қабылданған Достық, ынтмақтастық және өзарар көмек көрсету туралы шарт;
Қазақстан мен Қырғызстан арасында 1993 ж. қабылданған Достық,
ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шарт, 1998 ж, 8 сәуірде
қабылданған Мәңгілік достық туралы шарт ; Қазақстан мен Түрікменстан
арасында 1993 ж. 19 мамырда қабылданған Достық, ынтымақтастық және өзара
көмек көрсету туралы шарт және 1997 жылғы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту
туралы декларация қолданылды.
Деректердің үшінші тобына мемлекет басшыларының, мемлекет
қайратерлерінің сөйлеген сөздері жатады.
Тұтас Түркістан идеясының ұлы қайраткері Мұстафа Шоқай 1936 жылы
Берлинде сөйлеген сөзінде жалғыз Түркістанстанның ғана емес, бүтін түркі
халқының дос болып, өзара бірлік, пірадарлықпен жасап, сыртқы дұшпандарға
қарсы өз толықтығын білдіру – ұлы мақсат екенін мәлімдейді. [2]
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылы сәуірде
Стамбулда өткен Түркі мемлекеттері басшыларының ҮІІ саммитінде сөйлеген
сөзінде түркі елдерінің асыл мұраты ата-баба мирас еткен тұтастықты,
тұрақтылықты, бейбітшілікті қамтамасыз ету және осы бағытта бүкіләлемдік
қоғамдастықпен жемісті қарым-қатынастар орнату деп көрсеткен болатын. [3]
Бітіру жұмысында пайдаланылған деректердің төртінші тобына мерзімді
басылымдарда жарияланған тақырыпқа байланысты материалдар мен интернет
ресурстары жатады.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары бітіру жұмысын жазу үшін
деректік негіз болды. Оларды сұрыптап, саралап, зерттеу жұмысына қолдану
жұмыстың алдына қойған мәселесін жан-жақты зерттеуге, мақсаты мен
міндеттерін ашуға мүмкіндік берді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Түркішілдік қозғалысының пайда
болуына, қалыптасуына, дамуына, жүзеге асу мүмкіндіктеріне, халықаралық
қатынастарға тигізер ықпалын зерттеуге арналған зерттеу еңбектері түркі
тілдес мемлекеттерде және Ресейде пантюркизмнің пайда болған уақытынан
бастап жарыққа шығуда.
Жалпы түркі халықтарының тарихын зерттеуде ең алдыңғы орында ұлы
ресейлік ғалым Л.Н. Гумилевтің еңбектері тұрады. Ресейдегі ислам туралы,
сондай-ақ пантюркизмнің пайда болуы, даму кезеңдері, негізгі шарттары мен
мақсаттары және түркішіклдік қозғалысының Ресей мемлекеті үшін қауіптері
туралы ресейлік ғалымдар А. Сваранц, Ю.В. Мизун, Ю.Г. Мизунның еңбектерінде
зерттеліп, баяндалған және талдау жасалынған. Сондай-ақ, С. Червонная өз
мақаласында Ресей Федерациясының субьектілері ретіндегі түркі-мұсылман
халықтарының Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын, олардың мәселелері Ресейдің
де мәселелеір болып табылатындығын атап көрсетеді. Мақалада пантюркизмнің
негізін салушылардың бірі, қырым-татар ағартушысы И. Гаспринский еңбегіне
баса назар аударылған. [4]
Қазақ халқының ұлы қайраткері Мұстафа Шоқайдың еңбегінде тұтас
Түркістан идеясының пайда болуы, қалыптасып дамуы, оны жүзеге асыру
жолындағы тархи әрекеттер, жалпы Түркістанның тағдыры көрініс тапқан.
Түркішіклдік қозғалысы тақырыбына қалам тартып жүрген басқа да С. Шілдебай,
М. Жанұзақұлы сияқты қазақстандық журналист-ғалымдар мақалаларында
Түркістан Конфедерациясы құрыла ма, оның жүзеге асу мүмкіндіктері қандай,
ол түркі халықтарына не береді деген сұрақтарға жауап іздейді. [5]
Зерттеу тақырыбының теориялық негізі түрік ойшылы, ақын және ғалым Зия
Гег Альптің еңбегінде көрсетіледі. Ол еңбектерінде Түркия мәдениетінің
тархын зерттей отырып, барлық түркі-татар халықтарының мәдени бірлігі
ұранын ұсынады, ал, керісінше, Батыспен мәдени жақындасуға қарсы шығады.
[6]
Басқа да түркі халықтарының, соның ішінде татар халқының тақырыпқа
арналған еңбектері қолданылды. Түркішілдік қозғалысының негізін
салушылардың бірі, пантюркизм идеологы, ғалым И. Гаспринскийдің
шығармаларында оның түркі әлемінің бірлігіне деген көзқарастары баяндалған.
Сондай-ақ, И. Гилязов өз мақаласында пантюркизмнің екінші дүниежүзілік
соғыс қарсаңында және барысында дамуын талдй отырып, фашистік Германия
неліктен тұрандық қозғалысөа қызығушылық танытты деген сұраққа жауап береді
.[7]
Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 “Ұлы Тұран” ұғымы: саяси және геосаяси бағыттары

1.1 “Ұлы Тұран” ұғымының тарихи ретроспективасы
“Тұран” – бұл ежелгі парсы сөзі. “Тұран” түсінігі “Иран” сөзіне
антипод ретінде пайда болды. Парсылар үшін бұл термин Иранмен солтүстікте
көршілес болған көшпелі түркілер әлемін білдірді. Бұл әлем парсылар
түсінігнде жабайы, варварлық, қараңғы, дұшпандар әлемі болып көрінді.
Әрине, олар үшін бұл сөз жағымсыз мағынаға ие болды: мысалы, Фирдоусидің
“Шахнаме” жырында осы мағынада қолданылады. [8] Кейіннен ғалымдар да,
түркілердің өздері де бұл терминді түркі және угор-фин халықтарының
жалпылама отауы ретінде қабылдады.
Қазірде идеология, саяси қозғалыс, саяси ағым, сыртқы саяси доктрина
деп аталып жүрген пантуранизм және пантюркизм идеяларында “Тұран” негізгі
орталық түсінік болып табылады. Партуранистер мен пантюркистердің өздеірнің
айтуынша: “Тұран – бұл саяси түсінік емес. Бұл географиялық түсінік. Бұл -
әлемнің барлық түркі халықтарын біріктіретін болашақ түркі мемлекетінің
отауы”.[9] Атақты түркі ойшылы, ақын, пантуранист Зия Гег Алып (1876-1924)
бір өлеңінде: “Түріктердің Отаны Түркия емес, Түркістан емес, ол – мәңгі
және ұлы ел Тұран”, - деп жазады . [10]
Сөйтіп, Тұран, Ұлы Тұран – бұл дүние жүзінің барлық түркі тектес
халықтарын біріктіретін болашық мемлекеттің отауы. Ал “Ұлы Тұран”
империясын құру – пантуранистер менн пантюркистердің негізгі мақсаты.
Бұл екі ағымды кей кезде бір-бірімен шатастырып жатады. Пантюркизм мен
пантуранизмнің арасындағы басты айырмашылық – бірігуі тиіс халықтар
санында. Пантюркизм тек түркі тектес халықтарды біріктіруді мақсат етсе,
пантуранизм бойынша тек түркілерді ғана емес, сондай-ақ тұран тектес
халықтарды да, оларға халықтардың угор-фин, монғол, тунгус топтары
(марилер, монғолдар, мордвалар, венгрлер, финдер, эстондықтар, т.б.), “Ұлы
Тұран” мемлекетіне біріктіруді қарастырады. Яғни, пантуранизм, -
пантюркизмге қарағанда, - аясы кең түсінік. Менің ойымша, пантуранизм жалпы
тюркизм идеологиясының ең жоғарғы нүктесі болып табылады.
Қоғамдық ойдың кез келген ірі ағымы сияқты, пантюркизмнің де нақты
пайджа болған уақытын айту қиын. Түркі ынтымақтастығының түп-тамырын тарих
беттеріне үңіле отырып, сонау өткен заманнан көруге болады. Дүниені дүр
сілкіндірген ғұндардың күштілігі олардың бірлігінде болатын, бірақ олар
түркілердің үстемдігі кезінде әлсіреп, 603 жылы Батыс және Шығыс
қағанаттарға бөлінген. Сол кезде таққа отырған Түркі қағандары ел бірлігін
сақтау үшін бар күштерін жұмсаған. Солрадың ішінде зор табысқа жеткен –
Білге мен Күлтегін. Олардың өмірі мен атқарған қызметтері бейнеленген Орхон-
Енесей ескерткіштері тамаша мұра. Білге мен Күлтегін екеуі бірлесе отырып
және Тоныкөк сияқты ақылды зиязалардың жәрдемімен бар жігер – қайратын
түркілерді біріктіру үшін жұмсап, Көктүрік мемлекетінің сыртқы және ішкі
жауларымен күрес жүргізді. Білге қағанның маңызды ерекшеліктерінің бірі –
Түркі халқын жан-тәнімен сүйгендігі және шын берілгендігі. Ол халқына
сүйеніп, игілікті істер атқарғанын, түркі хылқының батырлығын және өз
хылқыны шексіз сенетіндігін төмендегідей тұжырымдайды: “Ей, Түрік!
Жоғарыдағы аспан құламай, төмендегі жер тесілмей, сенің мемлекетінді, сенің
әдетіңді кім жоя алады? ”. Бірлескен, ынтымақтасқан түркі халқын жеңетін
жер бетінде күш жоқ екенін баяндайды. Түркілердің күші – олардың бірлігінде
екеніне айрықша тоқталады. Бірлікте болса, жеріне ие бола алса, түркі халқы
мәңгілік еркін өмір сүреді дейді.
Пантюркизмнің пайда болған мекені Осман империясы емес, Ресей болып
табылады. ХІХ ғасырдың соңы, 80 жылдары, татар интеллигенциясының мәдени-
либералды қозғалысы ретінде пайда болады. Пантюркизм теориясының қалыптасуы
мен таралуы қырым-татар ағартушысы Исмаил Гаспринскийдің (1851-1914)
қоғамдық және ғылыми қызметімен тығыз байланысты. Гаспринскийді
толғандырған мәселе түркі халықтарының жолын алға басуы және бірлігі болды.
Ол РЕсей империясының түркі халықтарының алдында тұрған мәселелердің тұтас
тізбегін анықтап берді: білім беру саласында реформалардың қажеттігі,
оқытудың жаңа әдістерін қолдану, өмір сүру салтын жаңарту, т.б. Жаңа
идеяларды насихаттаудың маңызды құралы түркі-татар баспасөзі бола бастады,
солрадың ішінде – 1883 жылдан шығарылып бастаған Гапринскийдің “Теrcumап”
(“Терджиман” – “Аудармашы”) газеті. Бұл газет 1918 жылға дейін жарық
көреді, 1914 жылы Гаспринский дүниеден озғаннан кейін орнына оның баласы Р.
Гаспринский редактор болады.
Либералды пантюркизмнің теоретикалық негізін құраған түркі әлемінің
бірлігіне деген көзқарастарын Гаспринский өзінің “Орыс мұсылмандығы.
Мұсылманның ойлары, пайымдары және бақылаулары”, “Орыс – шығыс келісімі”
(Бақшасарай, 1896) шығармаларында, сондай-ақ көптеген мақалаларында
баяндаған.
Пантюркизм бағдарламасын анықтаған тұжырымдаманың авторы да осы
Гаспринский болды: “Dilde, Fikirde, Iste birlik!” (“Бірлік – тілде, дінде,
істе! ”).
Оның бұл формуласынжа тіл тектен тек бірінші орында тұрған жоқ.
Жалпытүркілік ынтымақтастықтың басты негізі тілде деп санай отырып, ең
алдымен Гаспринский тілдік реформаны жүзеге асыруға тырысты. Бұл реформаны
жүргізу барысында шешілген негізгі міндет түркі тілдеріндегі фонетикалық
айырмашылықтарды азайту болды. Нәтижесінде түркі әлемінің барлық
халықтарына түсінікті “ортақ тіл” (“Lisan – i umumi”) пайда болды. Осы
“ортақ тілдің” арқасында “Терджиман” Евразияның көптеген аймақтарына кең
таралып, табысқа ие болды.
Түркі әлемін біріктіру және жаңаландыру бағдарламасын жүзеге асыруға
болатын екінші маңызды сала білім беру саласы болды. Бұл салады Гаспринский
ерекше белсенді және жемісті қызмет атқарды: мектепте білім берудің жаңа
әдісін жасап шығарады. Алғаш рет 1884 жылы бақшасарайлық мектете
қолданылған бұл әдістің басты артықшылығы – оқу пәндерін түсінікті, саналы
түрде меңгеру (түсініксіз текстерді жаттаудың орнына), оқыту жүйесінде ана
тілді белсенді қолдану, сөздің белігіге қарағанда артықшылығы (жаңа әдіс
педагогикада сондай-ақ “дыбыстық әдіс” деп те аталады). Бұл жүйе татар және
Ресейдегі басқа да ұлттық мектептерде кең таралды.
Гаспринскийдің үшінші маңызды ісі журналистикада болды, ең алдымен
пантюркизм қозғалысының басты насихаттаушысы мен ұйымдастырушысы болған
“Терджиман” газеті.
Әрине, көріп отырғанымыздай, Гаспринскийдің пантюркистік идеяларының
ешқандай саяси аспектілері болған емес, бірақ уақытпен бірге дами отырып,
пантюркизм енді саяси мағынаға да ие болды.
Пантюркизм деген не, оның басты мақсаттары қандай деген сұрақтарға
келер болсақ, “Кеңестік энциклопедиялық сөқздікте” берілген анықтама
бойынша “пантюркизм – ол ХХ ғасыр басында пайда болған түрік буржуазиялық –
помещиктік тобының реакциялық шовинистік доктринасы, ол Түркияның
басшылығымен түркі тілдес халықтарды біріктіруді үгіттейді” . [11] Ал
“Кеңестік тарихи энциклопедияда” “Пантюркизм – агрессивті, нәсілдік
доктрина; пантюркизм бойынша түркі тілінде сөйлейтін барлық халықтар бір
ұлт болып табылады және Түркия басшылығымен Балқаннан Сібірге дейін
созылатын біртұтас Тұран мемлекетіне бірігуі тиіс (кейде пантюркизмді
пантуранизм деп те атайды) деп сипаттайды”.[12]
Қазіргі кезде пантюркизм – бұл Түркияның ұлттық идеологиясы және
сыртқы саяси доктринасы деген анықтамаларды жиі кездестіруге болады .
Зия Гег Альп өзінің “Тюркизм негііздері” (1923ж) атты еңбегінде
пантюркистік идеалдардың жүзеге асырылуының кезеңдерін көрсетеді:
1) пантюркизм – Түркияның өзіндегі түркиялық емес және түркі емес
халықтардың табиғи және жасанды ассимиляциясы, ал ассимиляциядан бас
тартқан жағдайда – олардың көзін жою (геноцид саясаты).
Жастүріктердің негізгі шовинистік ұраны “Түркия – тек түріктер үшін!”
“Иттихад ве теракки” жастүрік партиясының 1910 ж. Салоникадағы съезінде
қадылданады. Бұл съезд тюркизм саясатының қалыптасуында шешуші роль
атқарды, оның ашық жарияланбаған шешімі түрік үкіметінің геноцид саясатының
негізі болды. Осы уақыттан бері тюркизм Түркияның ішкі саясатының негізгі
бағдарламасы болып табылады.
Тюркизмнің негізгі саяси мәні – Түркия бейнесінде моногэтникалық
негізгі түрік мемелкетін құру, Түркияның түркі әлемінің орталдығына
айналуы. Мұнан пантюркистік стратегия және Тұран империясының құрылуы
бастау алады. Тюркизм саясаты түрік үкіметінің сириялықтар, арабтар,
армяндар, болгарлар, гректер, сербтер мен күрдтерге қатысты геноцид
саясатын алдын ала анықтап берді, бұл саясат алдын ала құрылған жоспар
бойынша жүзеге асырылды. Әскер, полиция, жандармерия, т.б. элементтер іске
қосылды.
1908-1909 жылдары жастүрік революциясының мақсаты тюркизм саясатын
қалыптастыру болды. “Осынау түрік жерінде тек түрік қана үстемдік еткенін
қалаймын. Қай дінге жатпасын, барлық ұлттар жойылсын. ЕНлді түркиялық емес
элементтердің бәрінен тазарту керек. Діннің мен үшін еш маңызы жоқ. Менің
дінім – Тұран. Мемлекет тек қана түрік мемлекетіне айналуы қажет, әйтпесе
елде басқа халықтардың болуы әрдайым Европаның килігшуіне сылтау болады,”
– деген болатын Назым “Иттихад ве теракки” партиясының Константинопольдегі
жасырын жиналысында сөйлеген сөзінде . [13]
Түркияда бөтен халықтарды жою саясаты ХХ ғасыр өн бойында жүргізілді:
1915-1923 жылдары – армяндар геноциді, 20ж. кейін 50-70 жылдары – гректер,
80 жж. бастап – күрдтер геноциді.
Пантюкизм этапында түрік тілін араб және парсы сөздерінен тазарту, оны
тұрандық түбірге жақындату (“Бір халық – бір тіл” ұраны) жүргізілді, сондай-
ақ түрік ұлттық мәдениеті пайда болды, түрік халқының тарихын жазып шығу
әрекеттері жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, пантюркизм саясаты Түркияның әлеуметтік – экономикалық
дамуын күшейтуді, ұлттық мемлекеттік және жеке капиталдың пайда болуы үшін
жағдай қалыптастыруды, меншік иеленуші және кәсіпкерлер, өнеркәсіп және
банк жүйесі таптарының пайда болуын, мемлекеттің әскери қуатын,
жаңаландыруды да білдіреді. Жинақтап келгенде бұл саясат анатолий
түріктері мен Түрік Республикасының айналасына түркі және тұран
халықтарының интеграциясын қамтамасыз ету мақсатымен күшті және қарқынды
дамушы түрік мемлекетін құруға бағытталған.
Пантюркизм Түркияның ішкі саясатының негізін құрайды, түріктер
бірлігіне үндейді, сондай-ақ түрік емес халықтардың ассимиляциясын немесе
геноцидін көздейді, түркі әлеміне түріктердің қарқынды даму динамикасын
жариялайды және пантюркизм доктринасының жүзеге асырылуы мен “Ұлы Тұран”
империясын құрудың қызығарлықтай перспективаларын паш етеді.
2.Пантюркизм немесе огузианизм – пантюркистік үрдістің келесі сатысы,
оғыз ұрпақтары мекен еткен елдердің: Түркия мен екі Әзірбайжанның (орыс
және парсы) бірігуін білодіреді. Бұл екі ел шығу тегі, тілі, менталитеті,
географиясы бойынша анағұрлым жақын.
“Оғызстан идеясы – Анатолийден Каспий теңізінің батыс және оңтүстік
жағалауларына дейін созылатын ұлан – байтақ түрік мемлекетін құру идеясы”,
- деп көрсетеді Валькер . [14]
Зия Гек Альптің көрсетуінше, “Әзірбайжан түріктері де Анатолий
түріктері сияқты Оғыз – ханнан тарайды. Бірнеше ғасырлар бұрын олар
барлығы бір отбасы мүшелері сияқты бірге тату өмір сүрген. Бүгінгі күні де
олардың тілі, әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы ортақ. Қорқыт
Ата, Исмаил –шах, Ашык Керибу, Кер – огылыға арналған кітаптар легін бүкіл
оғыз әлемі сүйіп оқиды. Сөйтіп Түрік ұлтының шекарасы Түркияның
географиялық шекарасынан да үлкен”. [15]
Пантюркизмге берілген бұл сипаттама Зия Гег Альптің пікірінше, ал
ғылыми ортада қабылданған және кең таралған түсінік бойынша пантюркизм
түсінігің мәні бұдан да кеңірек. Пантюркизм – бұл әлемдегі барлық түркі
тектес халықтарды Түркия басшылығымен біртұтас мемлекетке біріктіру идеясы.

3.Пантуранизм – пантюркизм доктринасының соңғы сатысы, барлық түркі
халықтары мен басқа да тұран тектес халықтардың “Ұлы Тұранға” бірігуін
мақсат етеді. “Ұлы Тұран” – бұл Түркия билігіндегі одақ. Пантюркизмді
жүзеге асыру сатысының басты міндеті – Түркия билігінің Тұран аймағына
таралуы (Алтай, Орталық Азия және Синьцзян).
Тұран – бұл Каспий теңізі, Иран және Ақмола қыраттары мен Сырдария
және Ертіс өзендерінің бастаулары арасында жататын елдің географиялық
атауы.
“Түркі халқы, ежелгі және жас Түркістан, - бар әлем мен болашақ
сенікі”, - деп 1897 жылы М. Эмин пантюркистік мақсаттарда тұжырымдайды
.[16]
Моис Кохеннің пікірінше, пантюркизм екі кезеңнен тұрады:
1. “Минимум - бағдарлама”: “Кіші немесе Жаңа Тұранды” жаулап алу, оның
шекарасы Байкалдан – Стамбулға, Монғолиядан Қазанға дейін созылады;

2. “Максимум - бағдарлама”: “Ұлы Тұранды” құру, Жапон суларынан –
Скандинав тауларына, Мұзды мұхиттан Тибет шоқысына дейінгі аумақта.

Түркі журналисті Ахмед Эминнің көрсетуінше, пантюркистердің ең
бірінші міндеті – “барлық түркілерді”, біріктіру, ал екіншісі – “тұран
тектес” қалған халықтармен “туыстасу” . [17]
Пантуранизм – пантюркизмге қарағанда кең ұғым. Пантуранистер тұран
тобына түркі тектес емес, бірақ Осман империясының құрамында болып,
мұсылман дінін қабылдаған халықтарды да жатқызады.
“Тұранға қайта оралу!” ұранын ұсына отырып, туранистер ежелгі түркі
халықтарыынң әдет-ғұрыптарын қайта жаңғыртуды үедеді, Аттила, Шыңғыс хан,
Оғыз – ханды мадақтады. “Қазір Тұран қайда? Қырым қайда? Кавказбен не
болды? Қазаннан Тибетке дейін тек орыстар жайлаған...” – деп жанұшырады Зия
Гег Альп . [18] Ол Алладан түркі халқына “алтын ғасырды” қайтаруды сұрады.
Ол: “Тұран – бұл түркілерден басқа монғолдар, тунгустар, финдер және
венгрлер сияқты халықтардың жиыны емес. Тұран шекарасы одан гөрі әлдеқайда
тар. Якуттар, қырғыздар, өзбектер, қыпшақтар, татарлар және оғыздар бір
лингвистикалық топты құрайды. Тұран осы түркі халықтарының жалпы атауы
болып табылады. Ал территориялық жағынан Тұран біртұтас түркі халқының әр
түрлі тайпалары мекен ететін кең-байтақ түркі елі”, - дейді . [19]
Ал қалғандары, соның ішінде тұран халықтарының угор-фин, тунгус,
монғол сияқты топтары, туранистердің жоспарынша, түркі әлеміне бағынышты
болуы керек.
Пантюркизм доктринасы әр түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі қалыптасқан
саяси жағдайға байланысты әр қилы ағымдарға айналып отырды – біресе
үстемдік етуші мемлекеттік идеологияға айналса, біресе теоретикалық
зерттеулер обьектісіне айналды.
Өз дамуының бастапқы кезеңінде (1879-1908жж.) пантюркизмнің алдына
қойған міндеттері Осман империясының қол астындағы түркі тетес әлемнің
интеграциясының идеологиялық, әлеуметтік, ұлттық және мәдени негіздерін
қалыптастыру болды. Бұл кезеңде “Ұлыв Тұран” империясын құру идеясының
сәйкесінше әлеуметтік базасы болмады, қозғалыс қалыптасу сатысында болды
және өз алдына кең және күрделі саяси міндеттер қоятындай жеткілікті
дәрежеде бекіген жоқ еді. Анатолий түріктері мен Ресейдің түркі
халықтарының ұлттық сана-сезімі енді-енді оянып келе жатты, ұлттық сезіну,
этномәдени орталықты түсіну жеткілікті деңгейде болмады.
Бұл этапта пантюркизм лидерлері Осман империясынд, Европада және
Ресейде үлкен мәдени – ағартушылық жұмыс жүргізеді, баспасөз органдарының
желісін құрады (мысалы, Лондонда – “Хюррист”, “Ля Тюркие”; Парижде –
“Мешверет”, Женевада – “Интибах”; Каирде – “Мизан”; Қазанда – “Қазан
Мухпири”; Бакуде – “Айят”; т.б. ), пантюркизмнің негізін салушылапрдың
еңбектерін таратумен (мысалы, Арминиус Вамберидің, Кохеннің, Зия Гег
Альптің, Исмаил Гаспринскийдің, Айяз Исхаковтың, т.б. ), пантюркизмнің
негізгі талаптарын насихаттаумен айналысады, ұлттық кадрларды дайындау
бойынша белсенді қызмет атқарады.
ХІХ ғасырдың соңында пантюркизмнің саяси институттары құрылады: “Осман
еркіндік қоғамы”, “Тюрк Иттихад” (“Түріктердің бірігуі”), “Иттихад ве
теракки” (“Бірлік және прогресс”), т.б. Соңғы аталған ұйым Түркияның жаңа
тарихындағы алғашқы саяси партия болды.
1908 жылы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде билікке жоғарыда аталған
“Иттихад ве теракки” жастүріктер комитеті келеді. Комитет Осман империясын
конституциялық монархия деп жариялайды. Бірақ, 1908 жылы Конституция
Түркияға шынайы парламентаризм дамуында жаңа кезең (1908-1913жж.)
басталады.
Жастүріктер билік басында отырып, пантюркизм доктринасын жүзеге
асыруға тырысты. Түрік ұлтшылдығы рухын тәрбилеу үшін 1910-1911 жж. әдеби
қоғамдастықтар құрылып, жаңа басылымдар пайда болады: “Гяндж галемляр”
(“Жас қалам”), “Ени лиса” (“Жаңа сөз”), “Тюрк еджагы” (“Түрік ошағы”),
“Тюрк порду” (“Түрік отаны”), т.б. Пантюркистер түркі халықтарын ағартуды,
түрік тілін жетілдіруді, ұлттық ұйымдар мен “Иттихад ве теракки”
комитетінің Ресей империясы аумағындағы филиалдарын құруды, түріктілдес
ортада агенттік позицияларға ие болуды мақсат етті. 1908-1913 жылдары Орта
Азияда түрік агенттері қаптап кетті, олар көпестер, шейхтар, саяхатшылар
кейпінде жүріп, антиорыстық күштермен байланыстар орнатуға тырысты.
Балқан дағдарысы жастүріктердің османизм саяси бағдарламасынан бас
атрту қажеттігіне көзін жеткізіп, оларды Европадан Азияға бағытталыға
итермеледі. Жастүріктер Тұран үшін күресу керектігін түсінеді. Түріктерде
Түркия билігіндегі түркілер одаған құру мүмкіндігіне деген сенім пайда
боады.
Балқан соғысы Түркия үшін территориялық шығындар әкелгенімен, оның оң
жақтары да болды. Түркияның ішкі саясатының негізі болып тюркизм немесе
кемализм саясаты, ал сыртқысаяси линияда жетекші саясат болып пантюркизм
доктринасы қабылданады. “Балқан соғысы түрік халқы үшін физикалық жеңіліс,
бірақ рухтық жеңіс әкелуі”, - деп жазды “Танин” газетінің редакторы Нусейн
Джахид . [20] Осы кезден пантюркизмнің келесі даму кезеңі (1913 – 1918жж.)
басталады.
Бұл кезең Түркияның “Ұлы Тұран” империясын құру мақсатында Бірінші
дүниежүзілік соғысқа қатысуымен сипатталады. Ол бұл мақсатына Ресейдің
түркі – исламдық территорияларын аннексиялау жолымен жетуді жоспарлады. Бұл
кезде пантюркизм түрік ұлтшыл – шовинистерінің эмоциялық амбицияларын және
жастүріктердің жаулап алу жоспарымен анықталады.
Түркияның соғысқа араласуы туралы шешімі 1914 жылы 12 қазандағы
“Иттихад ве теракки” Орталық комитетінің мәжілісінде қадылданады.
Түркияның Германия жағында соғызсуы қажеттігін дәлелдей отырып, Энвер –
Паша: “Германия біздің Египетті, Кавказды, тіпті Иранды соғысып, жаулап
алуымызға келісті. Осылайша, біз, сөз жоқ, Тұранға жол ашамыз және
түркілердің бірігуін жүзеге асырамыз”, - деді . [21] Бұл кезеңдегі тұран
идеяларының жарқын тұлғаларының бірі осы Энвер – паша болатын (Түркияның
әскери министрі). Бірақ оның идеялары елдің жаңа басшысы Мұстафа Кемаль
Ататүрік тарапынан қлодау таппады. Энвер-паша Орта Азияға қоныс аударылып,
1922 жылы дүниеден өтеді. Түрік Республикасының негізін салушы Мұстафа
Кемал Ататүрік түркі халықтарының бірлігі идеяларына салқын қарады,
“Туранизм – зиянды концепция” деп мәлімдеді. Ататүрік тұсында Түркияда
тіпті белгілі туранистер мен баспасөз басылымдарын қуғындау басталды.
Сөйтіп, 20-30 жылдары, Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында,
пантюркизм дағдарыс кезеңін басынан кешірді. Әрине, кемалистік Түркияда
түркілердің бірлігі идеялары тіптен, өшіп қалған жоқ. Оның өкіледір – ірі
тұлғадлар берілген жоқ. (мысалы, көрнекті тюрколог Ахмед – Заки Валиди –
Тоған, ол Ататүрікке қарсы тұрып, Түркиядан кетуге мәжбүр болды, 1932-
1938жж. ол Германияда болады).
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдары пантюркизм
доктринасының мүмкіндігі пайда болды. Бұл кезеңнің бастапқы сатысын 1939
жылдың мамырынан 1941 ж. маусымына дейцінгі уақыт аралыға деп көрсетуге
болады. Бұл стадия Түркияның батыс елдері арасынан негізгі әскери – саяси
одақтас іздеуімен және Түркияның антикеңестік ағылшын – француз блогына
бағытталуымен сипатталады.
1941 жылдың маусымынан 1945 жылдың ақпанына дейін пантюркизм дамуының
жаңа кезеңі өтеді. Бұл кезең түрік – герман одағының ресми рәсімделуімен
байқалады. Түркия КСРО-ға оңтүстіктен шабуыл жасау үшін плацдарм ретіде
қарастырылады.
“Қырғи-қабақ” соғыстың басында 1947 ж. пантюркизм доктринасының сыртқы
саяси стратегиясы және түрік дипломатиясы АҚШ-пен қарым-қатынастарды
күшейтуге және Түркияның НАТО-ға кіруіне бағытталды. Бұл кезеңде (1947-
1990жж.) пантюркизм және оның құрылымдары антикеңестік және белсенді түрде
дамуында бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
- 1947 – 1961 жж. – бұл кезең Англия және АҚШ бейнесінде стратегиялық
одақтас іздеумен, 1952 ж. Түркияның НАТО-ға мүше болуымен, түрік
және батыс белсенді ынтымақтастығымен, елдің ішкісаяси өміріне
араласу мақсатымен пантюркистік бағдарламасы бар саяси партяиның
құрылуымен (ұлттық іс-әрекет партиясы), түрік жастарын тюркизм
рухында тәрбиелеумен, Стамбулда гректерді және бақа да түрік емес
азиялықтарды қырып-жоюмен, КСРО – да пантюркистік бағыттағы
астыртын ұлттіқ институттарды құрумен, билікті басып алу мақсатымен
елде әскери төңкеріс дайындаумен және пантюркизм лидерлерін
шетелдерге іссапар – 1962-1971жж. – бұл кезеңде Түркияда
пантюркистік саяси институттар дамиды, олар жергілікті және
парламент сайлауларында қатысады, полковник Альпарелан Тюркеш
бастаған пантюркистік қозғалыс жетекшілігі қалыптасады, жартылай
әскери террористік топтар (мысалы, “Сұр қасқырлар”, “Идеал ошағы”)
және КСРО аумағында астыртын ұлттық ұйымдар (мысалы, Бакуде
“Стратегиялық зерттеулер институты”, “Әзірбайжанның Тұран халықтық
– демократиялық партиясы, т.б.” құрылады, күрдтердің ұлт-азаттық
қозғалысына қарсы белсенді күрес жүргізіледі;
- 1972-1980жж. – бұл кезең Түркияда пантюркистік қозғалыстың күрт
белсенделуімен, пантюркистік партияның жеңісі және парламент
жұмысына қатысуымен, ал оынң лидерлерінің үкімет қызметіне
араласуымен, 1974 ж. Кипрдің солтүстік бөлігін аннексиялаумен және
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құрылуымен, КСРО, Болгария,
Грецияға қарсы барлау-бақылау әрекеттерінің ұйымдастырылуымен,
көптеген пантюркистік ұйымдардың құрылуымен (мысалы, “Ұлы
идеалитсік қоғам”, “Түркі эмигранттары мен қоныс аударушылардың
федерациясы”, т.б.), Түркиядағы қозғалыстардың басылуымен
ерекшеленді:
- 1981-1990жж. – пантюркизмнің саяси институттарыынң қызметі
тоқтатылады, пантюркизм астыртын әрекет ете бастайды, Европада
пантюркитік ұйымдар желісі құрылады (мысалы, “Пантюрк”, “Тюркеш
ұйымы”, “Түрік федерациясы”, “Түрік – ислам қоғамдары федерациясы”,
т.б.), Күрдтердің ұлт-азаттық қозғалысы басып-жанышталады (1983 ж.
түрік әскерлері алғаш рет Ирактағы күрд аудандарына басып кіріп,
партизан базаларын талқандайды), басты пантюркистік саяси партия
(“Ұлттық еңбек партиясы” қайта құрылады, 80жж. ІІ жартысында
демократиялық жариялаулар кезінде КСРО аумағындағы түркі
қозғалыстарына көмек және ықпалдастық танытылады, түркі-ислам
эмигранттық және ұлттық ұйымдардың қызмет орталығын Түркия
территориясын Кавказ, Қырым, Поволжье, Приуралье және Орта Азияға
көшіріледі, КСРО-да түрік ұлттық- сепаратистік қозғалысы
дайындалыды, КСРО-ның түркі тілдес республикаларында протүріктік
ұлттық-саяси элита қалыптасады.
КСРО-ның ыдырауы пантюркизм идеясын қайта жандандырды. Өйткені Орталық
Азияның жаңа тәуелсіз республикалары мен Әзірбайжанның пайда болуы олардың
алдына бірнеші геосаяси анықталу варианттарын қойды. Оның бірі – қандай да
бір аймақтық немесе әлемдік держава бейнесінде жаңа саяси тартылыс
орталығын табу. Бұл рольге АҚШ, Қытай, Түркия, Иран және Ресей кандидаттар
еді. АҚШ-тың өте күшті ықпалына қарамастан, аймаққа толық блақылау орнату
бірқатар себептерге байланысты қиын еді. Олардың ішіндегі ең бастысы -
90жж. американдық демократия және қоғамның экономикалық және әлеуметтік
дамуы идеялары мұсылман ремпубликалары үшін толығымен қолайлы болмауы.
Қытайдың түркі республикаларымен не этникалық, не тарихи ортақтығы
болмағандықтан, мүмкіндігі аз болды. Иран тек Пакістанда ғана ықпалға ие
болды. Сөйтіп, 90жж. ІІ жартысында Түркияның ғана аймақтық лидерлігі еш
күмән тудырмады. Нақ осы кезед Ресейде түрік пантюркизміне қарсы компания
ұйымдастырылып басталды, өйткені ресейліктер түріктердің ықпалы тек
ортаазиялық республикалар мен Әзірбайжанда ғана емес, Ресей Федерациясының
мемлекеттік субьектілері болып табылатын мұсылман республикаларына да
тарлады деп қорықты. Түркияға Ресей және Украинаның территориялық жіктелуі
туралы жоспарлар жасауда деген айып тағылды. Бұған дәлел ретінде елде
таралған партуранизм идеологтарының еңбектері мен “Ұлы Тұран” – ның картасы
алға тартылды. Пантуранизмге қатысты Ресей позициясы “Евразия”
Жалпыресейлік саяси – қоғамдық қозғалысыынң бағдарламалық мәлімдемесінде
анық көрсетілген : “Пантуранизм антиресейлік ағымдардың ең қауіптісі болып
табылады. Мұндағы “антиславянизм” және “русофобия” Ресей Федерациясына
үлкен зиян келтіруі мүмкін” . [22] Түркияның Әзірбайжанды, Шешенстанды
қолдауы РФ-ның ішкі істеріне қол сұғу деп қарастырылды.
Дегенмен де, 90 жж. ортасынан бастап Түркияның Орталық Азиядағы саяси
белсенділігі әлсірей бастады. Ешбір держава Орталық Азия аймағы үстінен
монопольды бақылау орната алмады. Жаңа тәуелсіз түркі тектес республикалар
дамудың өзіндік моделін таңдады.

1.2 “Ұлы Тұран” ұғымының қазіргі кездегі маңызы
КСРО-ның ыдырауы “Босфордан Бұқараға дейінгі түркі мемлекеттері
тізбегінің қайта пайда болуын білдіреді. Кеңес империясының құлауы және
жеке бөлініп шыққан түркі республикаларында саяси вакумның қалыптасуы
нәтижесінде пантюркитсік жоспарларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері
пайда болды. Түркия және оның ең басты одақтасы АҚШ пантюркизмнің жаңа
қорғаушылары роліне ие болып, қалыптасқан саяси вакумді тез толтыра
бастады. Осы сәттен бастап пантюркизм дамуында жаңа кезең басталды.
Пантуранизм идеясы Түркия, Әзірбайжан, Орталық Азия және Ресейдегі
түркі ұлтшылдарының ойын жаулап алды. Бұрынғы КСРО-ның түркі халықтары
арасындағы панэтникалық бағыттарды Түркия мен АҚШ ашық қолдайды. Американ
дипломаты Р. Холбруктің мәлімдеуінше, “қырғи-қабақ” соғыстың аяқталуымен
Түркияның АҚШ үшін маңызы кеміген жоқ, керісіннше, НАТО-ның мүшесі, сондай-
ақ маңызды стратегиялық геогафиялық орныға ие ел ретінде маңызы күшейе
түсті . [23]
90 жж. басында КСРО-ның түркі халықтары 50млн-нан астаамадамды құрады.
Әзірбайжаан, Қазақстан , Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан сияқты
республикалар тәуелсіздікке ие болған соң протүр этносаяси бағыттар ағымына
араласып кетті.
Кавказдағы Түркияның негізгі одақтасы - Әзірбайжан. Стамбулмен алдын-
ала келіспей Баку маңызды саяси және экономикалық мәселелер (мұнай
құбырлары, Карабах мәселесі, Ресеймен қарым-қатынас) бойынша жауапты
шешімдер қабылдамайды. Орталық Азияда да протүркілік көңіл күй күшейе
түсуде. Шешенстан, т.б. Ресей Федерациясының түркі тілдес субьектілері
Ресейден тәуелсіздік алуға тырысуда. Бірқатар түркі халықтары (балқарлар,
қарашайлар, қырым татарлары, құмықтар, ноғайлар) “өзін-өөзі анықтауды”
талап етуде. Мұның бәрі пантюркизмнің ықпалымен және Түркияның қазіргі
жетістіктері арқасында мүмкін болды. Стамбул бұрынғы КСРО-ның түркі тілдес
республикаларының тәуелсіздігін бірінші болып мойындады, олармен белсенді
саяси және экономикалық диалог жүргізе бастады, түркі интеграциясының жаңа
түрлері мен саяси технологияларын енгізе бастады.
1991 ж. қыркүйекте Әзірбайжан және Орталық Азия республикаларының
басшылары алғашш рет Түркияға ресми сапар жасап, ынтымақтастық туралы
келісімге қол қояды. Сауда жедел қарқынмен дами бастады, әскери, мәдени
және білім беру саласында ынтымақтастыққа жол салынды. Ерекше көңіл
аударарлық нәрсе – Түркияның Кавказ бен Орта Азияның маңызды
коммуникацияларын (мұнай мен газ құбырларының, автомобиль және темір жол
маршруттарын қоса) солтүстік, ресейлік бағыттан оңтүстік, түріктік бағытқа
көшіру туралы жоспары.
1992 жылдың сәуірінен бастап ТМД-ның түркі елдерінің және Түркия
басшыларының тұрақты бірлескен кездесулері бастау алды, онда түркі елдері
арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары, халықаралық және аймақтық
мәселелер талқыланады.
Жалпытүркілік одақ құру жолынды мәдениет, экономика, саясат
салаларында біршама шаралар жүзеге асырылды және асырылуда. 1992 жылы
Анкарада Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және
Әзірбайжанның мемлекет және үкімет басшыларының кеңесі өтті. Мұнда Түркия
және жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері арасында ерекше қарым-қатынастар
орнатуға ерекше көңіл бөлінді.
Осы мақсатта 1992 жылы Түркия Сыртқы Істер Министрлігінің жанынан
арнайы ведомства – Түркі тілдес мемлекеттермен ынтымақтастық агенттігі
(Turk Isbirligi ve Kalkinma Ajansi - TIKA) құрылады. ТІКА-ның ең басты
міндеті – түркі елдерімен әр түрлі байланыстарды қолдау және жүйелі түрде
дамыту, әсіресе мәдениет саласында.
Түркі елдерінің территориясында біртұтас мәдени және тілдік кеңістік
құруға әрекеттер жасалынуда. Түркі тілдес елдердің конгресі (Анкара, 1993ж.
наурыз) барлық түркі мемлекеттері үшін 34 әріптен тұратын "латын
графикасындағы жалпытүркілік алфавит" енгізу туралы шешім қабылдайды.
Алфавитті енгізу жұмысын жүргізуші орталық болып Стамбулдағы Мармара
университеті жанындағы түркі танушылық зерттеулер институты танылды.
Президент Абульфаз Эльчибай (1992-1993жж.) тұсында Әзірбайжан
пантюркизмге бағыт алды. Әзірбайжан түркілері тілінің “Әзірбайжан тілі”
анықтамасын ол Сталиннің ойлап тапқаны деп жариялап, милли – меджилистің
шешімімен оның “түрік тілі” деген атауын қайтарып береді.
1993 жылдың соңында Бакудегі Түркия және ТМД-ның түркі тектес
мемлекеттерінің білім министрлерінің кездесулерінде түркі халықтарының
әдебиетін оқыту бағдарламасы қабылданады, жүзеге асыру мерзімі 8-10 жыл
болды. Мектептердің оқу жоспарларына түркі әдебиеті курсын енгізу
қажеттілігі мойындалды. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудағы қиындықтар “түркі
қоғамдастығының” экономикалық шектеулігімен; түрікжәне түркі тілдерін
бірдей меңгерген, олардың тарихын білетін мамандарыдң жоқтығымен
анықталады. Оларды қазірде Түркияның жоғарға оқу орындарында оқып
жатырғандар санынан дайындау жоспарлануда.
Түркияның жоғарға оқу орындарында Кавказ, Орталық Азия және Ресейден
мыңдаған студенттер мен аспиранттар білім алуда, 1994 жылдан бері Түркияда
Әзірбайжан және Орта Азиядан клген студенттерге жоғарғы оқу орындарында оқу
үшін квоталар орнатылған. Студенттер тюркизм және пантюркизм идеялары
негізінде тәрбиеленеді. Анкара Университетінің ректоры алға ауызекі сөйлеу
және жазбаша жазу тілдерін біркелкілендіру міндеті қойылғандығын
мәлімдеді. Шығыс Анатолийде Кавказ, Татарстан, Башқұтстан, Орталық Азиядан
келген студенттер үшін 30 жаңа жоғары оқу орындарын ашу жоспарлануда.
ТМД – ның түркі елдерінде Түркия бірлескен оқу орындарын ашуда
(университеттер, лицейлер) : анатолий лицейлері, ислам-хатибтер мектептері,
Кавказ университеті, Бакудегі басқару институты, Түркіменстандағы Қожа
Ахмет Йассауи атындағы университет, Самарқанд пен Намангандағы сауда
лицейлері, Андижандағы индустриалдық лицей, Ашхабадтағы түрік тілі
оқытушыларын дайындау орталығы, қазақ-түрік лицейлері, т.б.
Кавказ, Ресей, Орталық Азияда түрік БАҚ-тары белсенді қызмет атқарады.
Барлық телебағдарламаларда барлық түркілердің тарихи және мәдени бірлігі
идеясына баса көңіл бөлінеді. Анкара бастамасымен 1993 жылы теледидар
бойынша Евразия кеңесі құрылады, құрамы: Түркия, Әзірбайжан және Орталық
Азияның түркі елдері.
1994 жылдан бері түркі жастарының жазғы лагерьлер шеңберіндегі
шығармашылық кездесулері тұрақты кездесулерге айналды. Қырымда және
Татастанда жастар құрылтайлары өтті. Бір атап өтетін нәрсе – ТМД-ның түркі
жастарын пантюркизм рухында тәрбиелеу неігзінен ТМД-ның еврей жастарын
сионизм рухында тәрбиелейтін Израильдің тактикасына сай келеді.
Түркияның түркі тілдес мемлекеттермен мемлекетаралық қатынастарында
әскери компонент анық байқалады. Түркия ұлттық әскерлерді құруға, осы
республикалардың офицерлік корпустарын қалыптастыруға ат салысады. Түрік
әскери училищелерінде көптеген әзірбайжан және ортаазиялық ұландар оқиды.
1993 жылдың сәуірінен бастап Түркия Карабах майданына қару-жарақ және
оұ-дәрілерді тікелей жеткізеді. Түрік әскери мамандары кеңесшілер және
инструкторлар аппаратын құра отырып, Әзірбайжанның қарулы күштерін құруға
тікелей қатысады. 1996 жылы Түркия мен Әзірбайжан әскери келісім-шартқа қол
қояды: өзара әскери – техникалық, әскери-ақпараттық, медициналық көмек
көрсету, екі елдің қарулы күштерінің бірлескен оқыту – жаттығу жұмыстарын
жүргізу. Түрік Бас Штабының басшысы И. Карадаий түрік-әзірбайжан әскери
ынтымақтастығын “жаңа әскери одақ” деп сипаттады.
Түркия және түркі елдерінің өзара қарым-*қатынастары арнайы қызмет
органдар саласында да байқалады. 90жж. бері Әзірбайжан және Орталық Азия
елдерінің Ұлттық қауіпсіздік органдары мамандарын дайныдау Түркияда жүзеге
асырыла бастады. Өзара ықпалдастық сондай-ақ оперативтікақпаратпен алмасу;
бірлескен іс-шаралар өткізу; арнайы техникалық құралдарды жеткізуде көмек
көрсету; ұйымдасқан қылмыскерлікпен, сепаратизм және терроризммен күрес;
түркі мемлекеттерінің арнайы қызмет органдары қызметін реттеу үшін ортақ
нормативтік – құқықтық база құру; басқа үшінші елге қарсы барлау жұмыстарын
ұйымдастыруда бір-бірінің территорияларын пайдалану және т.б. салаларда да
жүргізілді. Бұл ынтымақтастық екіжақты, сондай-ақ көпжақты негізде де
жүзеге асырылады. Бірлескен барлау органдары қалыптасуды (мысалы, Түркия
және ТМД-ның түркі мемлекеттерінің арнайы қызмет органдарының
ынтымақтастығы конференциясы, 1998 жылы мамырда құрылған). Осы жерде атап
өтетін нәрсе - әсіресе Түркия мен Әзірбайжанның арнайы қызмет органдары
белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Түркияның түркі мемлекеттерімен экономикалық байланыстары айтарлықтай
нәтижелі. 1993 жылы Түркияда КСРО-ның бұрынғы республиткаларымен
экономикалық байланыстары жөнінде арнайы министрлік құрылады. Түркия
посткеңестік кеңістікте белсенді экономикалық, қаржы-неселік саясат
жүргізеді.
Түркия Батыс пен Кавказ аймағы және Отарылқ Азия арасында “көпір”
ролін атқарғысы келеді. Елдің бұрынғы президенті Сүлеймен Демирель: “Түркия
ТМД-ның түркі мемлекеттері үшін сыртқы әлемге терезе болып табылады” – деп
мәлімдеген болатын .[24] 1993 жылы Түркия Республикасының үкіметтік
бағдарламасында “Түркия – жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері үшін модель” деп
ашық айтылған . [25]
ТМД-ның мұсылман елдері үшін түрік даму модельін АҚШ демократиялық ,
зайырлы, пробатыстық ел көрсеткен үлгі деп қарастырады. Қазіргі жағдайда
классикалық пантюркзм доктринасын жүзеге асырудың мүмкін еместігін ескере
отырып, түрік саясаткерлерінің қазіргі өкілдері модификацияланған, жаңа
міндеттерге бейімделген пантюркизмнің жаңа түрін қалыптастыруды.
Пантюркизм біршама өзгерістерге ұшырады. Ол эмоционалды сипатынан
айрылып, ойластырылған, жүйелі саяси доктрина сипатына ие болды. Ол өз
мақсаттарын жүзеге асыруды негізгі қозғаушы күш ретіндегі Түркияның ғылыми-
техникалық, экономикалық, идеологиялық, саяси және әскери дайындығымен
байланыстырады, халықаралық жағдайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразия идеясы
Еуразия мәдениеті және еуразияшылдық мәдениет
Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы
Қожа Ахмет Яссауидің Диуани хикметі және оның аудармалық ерекшелігі жөнінде
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Оларға діни өзгеріс түркілер арқылы енді
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Түркия Республикасында жарық көрген түрікшілдердің еңбектері
Пәндер