АХМЕТ ЯСАУИ ІЛІМІ ЖӘНЕ СҰЛТАН ВЕЛЕД ДҮНИЕТАНЫМЫ



1 Ясауи ілімі
2 Ахмет Ясауидің сопылық.моральдық ілімі
3 Сұлтан Велед өзінің «Ибтида наме» атты шығармасында
4 Сұлтан Веледтің дүниетанымы
VIIІ ғ. Хорасан мен Батыс Түркістанда ислам діні сопылық дүниетаным арқылы түріктерге енді. Түріктердің өзіндік түркілік мұсылмандық болмысқа ие болуында сопылық ағымдары орнының ерекшелігін айта кеткен де жөн. Себебі бұның нәтижесінде түрік сопылық дүниетанымына негізделген мұсылмандық түсінік қалыптасты. Осы дәстүрлі түркілік дүниетаным жолында мұсылмандықты қабылдау құбылысы Ахмет Ясауи атымен тығыз байланысты. Яғни, Ясауи ілімі түрік ислам мәдениетіне негіз болған бірден-бір ілім.
Теориялық «әдістемелік тұрғыдан алғанда Ясауи ілімі, негізінен, жүрек, махаббат, шабыт жолы арқылы құдайлық танымға және ішкі мәнге ден қояды. Бұл Ясауи ілімі жан мен нәпсі қалауын ажыратуға маңыз беретінін білдірсе, карматилер толығымен саяси бағытта, сырт көрініске мән беретін доктринаға негізделгені белгілі. Карматилер табиғаты жағынан саяси секталық мазхаб және канондық сипатта болса, Ясауи ілімі толығымен рухани бағытта өрбиді. Бұл өте маңызды феномен. [1]. Бірақ, Ә. Муминовтың Түркістан сопылығының Хорасан және Бағдат сoпылық дүниетанымынан басқа өзіндік ерекшеліктермен дамып, қалыптасқандығы туралы пікірі діннің психологиясы мен феноменологиясы қағидалары тұрғысынан орынды қорытынды болып табылады [2].
Ясауи ілімінде адам психологиясына сүйенетін сопылық дүниетаным малататийа табиғатының барлық ерекшеліктерін көруге болады. Парасат философиясын негізге алған бұл сопылық дүниетаным адам психикасы мен психологиялық жағдайларын зерттеуге бағытталғанымен ерекшеленеді. Яғни, Тәңірге ішкі сезім мен интуиция және рухани шабыт арқылы ұласатын Тәңірге мойынсұнудың жолы. Осы жолдағы Ясауи ілімінің өзегі болып табылатын маламатийаның сопылық-психологиялық жағдайлары бар. Оларға адамның нәпсілік, хайуандық сипаттарынан арылуы (маху), адамның махаббат және зікір әдістері арқылы фана мақамына жетуі немесе мағынауи елтуі, ләззат алуы (сакр), адамның өзінің игілігі мен ғибадат амалдарын сырт көзден жасыруы (сатр), адамның «өзін» жоғалтып, Хақты тауып, Аллаға қауышу (уажд) сияқты хәлдер мен мақамдар жатады [1].
Сопылықтың екінші кезеңі Хасан ал-Басриден (728 ж.қ.б.) басталып, Ғазалиге (1055-1111) дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде сопылық дүниетаным практикалық мәндік деңгейден теориялық-философиялық және спекуятивтік доктриналарға көтерілді деуге болады. Бір жағынан ислам философиясы сопылықтың бұл деңгейге көтерілуіне зор ықпал етті. Хасан ал-Басри пікірлері негізінде дами бастаған сопылық философияның сопылық ағымдары теориялық тұрғыдан маламатийа және исбатийа болып екі жікке айрыла бастады. Ал сопылықты доктриналық және теориялық негіздеуге деген ұмтылыс ІХ ғасырдың бас кезінде басталады.
1. Кенжетай Досай, Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, Түркістан. 2004, 341 бет.
2. Муминов Ә., Ясауийа бастаулары//Ясауи тағлымы. (Ғылыми мақалалар мен жаңа деректер жинағы). Түркістан: Мұра, 1996. 152 б.
3. Celebi A.H., Mevlanâ ve Mevlevilik. Istanbul, 1957. с. 143
4. Gölpınarlι A., Mevlânâ'dan sonra mevlevilik. İstanbul, 1953. c 244-266
5. Фомкин М. С., Султан Велед и его тюркская поэзия. – М.: Наука. Издательская фирма «Восточная литература», 1994.-194 с.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
АХМЕТ ЯСАУИ ІЛІМІ ЖӘНЕ СҰЛТАН ВЕЛЕД ДҮНИЕТАНЫМЫ.

VIIІ ғ. Хорасан мен Батыс Түркістанда ислам діні сопылық дүниетаным
арқылы түріктерге енді. Түріктердің өзіндік түркілік мұсылмандық болмысқа
ие болуында сопылық ағымдары орнының ерекшелігін айта кеткен де жөн. Себебі
бұның нәтижесінде түрік сопылық дүниетанымына негізделген мұсылмандық
түсінік қалыптасты. Осы дәстүрлі түркілік дүниетаным жолында мұсылмандықты
қабылдау құбылысы Ахмет Ясауи атымен тығыз байланысты. Яғни, Ясауи ілімі
түрік ислам мәдениетіне негіз болған бірден-бір ілім.
Теориялық әдістемелік тұрғыдан алғанда Ясауи ілімі, негізінен,
жүрек, махаббат, шабыт жолы арқылы құдайлық танымға және ішкі мәнге ден
қояды. Бұл Ясауи ілімі жан мен нәпсі қалауын ажыратуға маңыз беретінін
білдірсе, карматилер толығымен саяси бағытта, сырт көрініске мән беретін
доктринаға негізделгені белгілі. Карматилер табиғаты жағынан саяси секталық
мазхаб және канондық сипатта болса, Ясауи ілімі толығымен рухани бағытта
өрбиді. Бұл өте маңызды феномен. [1]. Бірақ, Ә. Муминовтың Түркістан
сопылығының Хорасан және Бағдат сoпылық дүниетанымынан басқа өзіндік
ерекшеліктермен дамып, қалыптасқандығы туралы пікірі діннің психологиясы
мен феноменологиясы қағидалары тұрғысынан орынды қорытынды болып табылады
[2].
Ахмет Ясауидің Диуани Хикмет және Мират-ул Қулуб еңбектерінде
адам психологиясына сүйенетін сопылық дүниетаным малататийа табиғатының
барлық ерекшеліктерін көруге болады. Парасат философиясын негізге алған бұл
сопылық дүниетаным адам психикасы мен психологиялық жағдайларын зерттеуге
бағытталғанымен ерекшеленеді. Яғни, Тәңірге ішкі сезім мен интуиция және
рухани шабыт арқылы ұласатын Тәңірге мойынсұнудың жолы. Осы жолдағы Ясауи
ілімінің өзегі болып табылатын маламатийаның сопылық-психологиялық
жағдайлары бар. Оларға адамның нәпсілік, хайуандық сипаттарынан арылуы
(маху), адамның махаббат және зікір әдістері арқылы фана мақамына жетуі
немесе мағынауи елтуі, ләззат алуы (сакр), адамның өзінің игілігі мен
ғибадат амалдарын сырт көзден жасыруы (сатр), адамның өзін жоғалтып,
Хақты тауып, Аллаға қауышу (уажд) сияқты хәлдер мен мақамдар жатады [1].
Сопылықтың екінші кезеңі Хасан ал-Басриден (728 ж.қ.б.) басталып,
Ғазалиге (1055-1111) дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде сопылық
дүниетаным практикалық мәндік деңгейден теориялық-философиялық және
спекуятивтік доктриналарға көтерілді деуге болады. Бір жағынан ислам
философиясы сопылықтың бұл деңгейге көтерілуіне зор ықпал етті. Хасан ал-
Басри пікірлері негізінде дами бастаған сопылық философияның сопылық
ағымдары теориялық тұрғыдан маламатийа және исбатийа болып екі жікке айрыла
бастады. Ал сопылықты доктриналық және теориялық негіздеуге деген ұмтылыс
ІХ ғасырдың бас кезінде басталады. Олар халықты тәңірдің ақиреттік азабынан
қорқуға, дүниеден қол үзуге, Құранға, имандылыққа шақырды. Бұл жолда алғаш
рет құдайлық махаббат (илаһи ғашықтық) концепциясын ұсынып, сопылық
дүниетанымды доктриналық тұрғыдан негіздеуге бастағандардың бірі Харис
Мухасиби болды. Ол Тәңірдің азабынан қорқумен қатар оған деген махаббатты
тең ұстау керектігі туралы насихаттады. Осылайша сопылық дүниетанымда
махаббат философиясы бірінші дәрежеге көтерілді. Бұдан кейінгі уақытта
сопылық дүниетанымның философиялық негізде дамуына ықпал еткен Тәңірдің
бірлігі, Тәңірге еру сияқты теориялар жалғасып жатты.
Бұл құбылыстардың табиғилығын дін феномонологиясы тұрғысынан алғанда
діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтындығын,
жаңалары сол ұстындардың, құндылықтар, түсініктер, ұғымдар негізінде өз
орнын табатындығынан көруге болады. Бұл барлық әлемдік діндерде кездесетін
құбылыс. Осы құбылысты Ахмет Ясауидің сопылық-моральдық ілімінен де көруге
болады. Мысалы, оның құрма символикасы арқылы Хз. Мұхаммед пайғамбарға
байлануы, бұған Арыстан бабтың себеп болуы, өмірін пайғамбардың өміріне
ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың белгісі ретінде ұлының атын Ибрахим
қоюы, оның жасына келгенде, яғни алпыс үш жасқа толғанда тірідей қылуетке
түсуі – осының бәрі оның іліміндегі исламды көшпелі түркілерге таратудағы
ең маңызды әдістемелік әрі құбылыстық жаңалығы болып табылады [1].
Орталық және Орта Азияның ұлан байтақ топырақтарын өздеріне мекен
еткен түрік тайпалары, батысқа қарай көшіп, бара бара ҮІІ ғасырда Кіші Азия
топырақтарында да көріне бастады. Ал, ХІ ғасырда Византия империясының
жеріне ислам дінін қабылдаған және Селжуклы империясының қол астында
жинақталған түріктер кіріп келді. ХІІІ ғ. Анадолыға жаңа түрік көшпелі
тайпалары келген. Олар Орта Азия және Ираннан Монғол шапқыншылығынан қашып
барған түріктер болатын. Сол тайпаларымен бірге Анадолыға тұрақты тайпалар
да көшіп барған. Көптеген имам, шейх және дәруіштер сол жаққа көшіп кеткен.
Түркия тарихын зерттеген ғалымдардың берген мәліметтеріне қарағанда
ХІІ ғ. соңы ХІІІ ғ. бастарында Кіші Азияда бір миллионға жуық түрік
болатын. (Олардың негізгілері оғыздар, түрікмендер және қарлұқтар). Жаулап
алған жерлеріне түрік мемлекеттерін орнатқан. Олардың ең үлкені, Рум
Селжұқлыларының сұлтанаты болатын. (1077-1307) Бұл мемлекеттің астаналары,
1081-1097 ж.ж. Никея, ал 1134 жылдан бастап Кония (осыған орай, кейде Кония
султанаты деп те айтылады.) болды. Рум Селжұқлылары өкіметі Кіші Азияның
мәдениетін өте жоғары көтерді. Қысқа уақыт ішінде бұл өлкеде өте әдемі
тарихи ескерткіштер құрылды.
Дегенмен, ХІІІ ғасырда Конияда иран мәдениетінің ықпалы болғанымен,
анадолы түрікшесі жоғалған жоқ. Түрік мәдениетінің ықпалы тек ғана базар
және халықтан емес, әдеби шығарма үлгілерінен де болды. Түріктер, ХІ- ХІІ
ғасырларда Орта Азиядан және Орталық Азиядан өздерімен бірге салт-дәстүрлер
алып барған болатын.
Бұл дәуірлерде Анадолыға Орта Азияның мистикалық ақыны, ұлы сопы және
ғұлама Ахмед Ясауидің өлеңдері де жетіп жатқан болатын. (477 1083- 562
1166). Осы жағдай, Анадолы әдебиетіне түрік поэзиясын алып келді. Бұл сара
жолды жалғастырушылардың ұрпағынан болған түрік жазба әдебиетінің негізін
салушы Сұлтан Велед сопылық ағымның белді тұлғасына айналды.
Ақынның жеке тұлға болып қалыптасуына бірінші кезекте оның жанұясы
әсер етті. Әкесі Желаледдин Руминің жанына көптеген иран тілінде сөйлейтін
ақын, жазушы және ойшылдар келетін еді. Осындай ортада Сұлтан Велед
көптеген мұсылман ойшыл және ақындарымен жақыннан танысты, олармен
сұхбаттасты. Сондай-ақ, жас кезінен әкесі Желаледдин Румидің идеяларымен
жақыннан таныс болып, сопылық ағымдардан хабары бар еді. Сонымен қатар, ол
парсы тілі және әдебиетімен танысып барды. Оның үйінде әкесінен басқа
тәрбиешісі Сейид Бурханеддин Мухаккик (564 1168- 6391241), екінші аты
Сейид Сырдан болатын. Кейіннен оның үйдегі ұстазы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Джалаладдин Руми еңбектеріндегі тасауфтық ұғымдардың зерттелуі тәсілдері
«Сопылық» («суфизм»)
Қожа Ахмет Яасауи
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Ясауи туралы ілімі
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ДІНИ ІЛІМІН ЗЕРДЕЛЕУДЕГІ ҚОЛЖАЗБА МҰРАЛАРДЫҢ МӘНІ
Әзірет сұлтан кесенесінің сырлы көрінісі
Ясауи ілімі
Пәндер