ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ ТЕК ХАНАФИ МАЗХАБЫН МЕЙЛІНШЕ БЕКЕМ ҰСТАНУЫМЫЗДА ҒАНА ЖАТЫР!



1 ЕКІ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕГІ ДІН ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ЕҢ НАШАРЫ,
2 УАХАБИСТЕР МЕН САЛАФИТТЕРДІҢ ҚАУІПТІЛІГІ НЕДЕ?
3 АҚТӨБЕДЕГІ ҚАНДЫ ОҚИҒАДАН КЕЙІН ОБЛЫС ӘКІМІНДЕЙ БАС МУФТИ ДЕ ОРНЫН БОСАТУЫ ТИІС ЕДІ...
– Кең ауқымда алып қарайтын болсақ дін мәселесі жер шарындағы ең бірінші инсан-Адам Ата ғ.с. заманынан бері қарата тек бірінші орында болып келеді. Алғашқы парақша-сухуфтар, Жаратушы Иеміздің таңдаулы нәбилеріне жіберген бұйрықтары, кейінде заман-заманымен расулдарға түскен шариғи кітаптар адамзат баласы үшін өте маңызды рухани қазыналар болатын. Онда айтылған әрбір аятты талқылай оқып, мың мәрте қайыра шұқшиып, Адам Ата ғ.с. ұрпақтары өздеріне Аллаһтың тура жолын, яғни хидаятты табатын. Ризық табу тәңір хақтың әмірімен болатын екінші кезектегі құбылыс екенін айқын сезініп, адамзат қауымы діни ахуалды әрдайым алдыңғы қатарда алға ұстанатын. Алпауыт империялар жаһанда билік жүргізе бастаған тек бертіңгі кезеңде ғана құдайдың барлығына, бірлігіне сенбейтін кәпірлер қауымы ақиқи дін мәселесін теория жүзінде кейінгі сатыларға қасақана ысырып тастап, әлеуметтік және экономикалық жағдаяттарды әдейілеп бірінші кезекке шығаруға тырысып бағады.

Біздің қазақ халқына келетін болсақ ата-бабаларымыз үш ғасырлық патшалық Ресей отарлаушылығын, 70 жылдық Кеңестік атеистік тасқұрсау тәртіп кезеңін басынан өткерді. Христиандық миссионерлік идеология, мұсылман мен православие арасынан көшпелі қазақ бұратанасы үшін жаңа дін жасамақ талаптары, иуда-масондық қаншеңгел идеология, шамандық қалдықтары, зороастризм сарқыншақтары, антұрған құдайсыз атеизм, міне, мұның барлығы да мың жылдан астам Аллаһтың хақ діні исламды ұстанып келген атам қазақтың басына қарақұйын пәлекет болып төндірілді. Қазіргі ұлттық идеологиямыздағы қайсыбір кертартпа түсінік те тап сол 400 жылдай адасқан алақұйын мезгілдің сарқыншақтары десек те болады. Ең әуелі экономикамызды көтеріп алсақ, әрі қарай рухани өркендеп дами береміз деген марксистік-лениндік түсініктің қателіктері, бүгінгі қоғамда үлкен кедергілері мен проблемаларын көрер көзге бадырайтып шығарып алдыға тартып жатыр. Тәуелсіз мемлекет болған 20 жылдың ішінде әлемде де көптеген төңкерістер мен өзгерістер, «жаһандық жаңа тәртіп» деген шайтани ұстанымның алапат сілкіністері болды. Экономика, ФРС, банктік- қаржы жүйесі арқылы бүкіл 7 миллиард адамзат баласын құрсаулап алған алпауыт топтар бар. Олардың да өзіндік жоспарлары бар. Біздің мемлекеттің ішінде де небәрі жиырма жылда әр түрлі жолдармен долларға шаққанда миллиондап, миллиардтап қаржы тауып байып алғандар жетерлік. Олардың да өзіндік іске асырсам деген ой-жоспарлары бар. Оның сыртындағы қарапайым халықтың күнделікті тіршілігін алып қараңыз. Осының бәрі қоғамда астасып, қойындасып келген жағдайда рухани, діни мәселені әлбетте бірінші кезекке шығарып отыр. Еліміздегі қазіргі қалыптасқан діни ахуалды бір жүйеге келтіру үшін, сонау 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңды толықтай өзгертуіміз керек.
http://www.qazaquni.kz/8055.html

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ ТЕК ХАНАФИ МАЗХАБЫН МЕЙЛІНШЕ БЕКЕМ ҰСТАНУЫМЫЗДА ҒАНА ЖАТЫР!...

Бейбіт Сапаралы , жазушы, дінтанушы, ҚР мәдениет қайраткері, халықаралық
Экология академиясының академигі, Қағанат ғылыми-мәдени орталығы және
Қағанат консорциумының басшысы.

ЕКІ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕГІ ДІН ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ЕҢ НАШАРЫ,

АНТИМЕМЛЕКЕТТІГІ – БІЗДІҢ ЗАҢ!..

– Қазіргі таңда қазақ қоғамында дін мәселесі не себептен бірінші орынға
шығып отыр деп ойлайсыз?

– Кең ауқымда алып қарайтын болсақ дін мәселесі жер шарындағы ең бірінші
инсан-Адам Ата ғ.с. заманынан бері қарата тек бірінші орында болып келеді.
Алғашқы парақша-сухуфтар, Жаратушы Иеміздің таңдаулы нәбилеріне жіберген
бұйрықтары, кейінде заман-заманымен расулдарға түскен шариғи кітаптар
адамзат баласы үшін өте маңызды рухани қазыналар болатын. Онда айтылған
әрбір аятты талқылай оқып, мың мәрте қайыра шұқшиып, Адам Ата ғ.с.
ұрпақтары өздеріне Аллаһтың тура жолын, яғни хидаятты табатын. Ризық табу
тәңір хақтың әмірімен болатын екінші кезектегі құбылыс екенін айқын
сезініп, адамзат қауымы діни ахуалды әрдайым алдыңғы қатарда алға
ұстанатын. Алпауыт империялар жаһанда билік жүргізе бастаған тек бертіңгі
кезеңде ғана құдайдың барлығына, бірлігіне сенбейтін кәпірлер қауымы ақиқи
дін мәселесін теория жүзінде кейінгі сатыларға қасақана ысырып тастап,
әлеуметтік және экономикалық жағдаяттарды әдейілеп бірінші кезекке шығаруға
тырысып бағады.

Біздің қазақ халқына келетін болсақ ата-бабаларымыз үш ғасырлық патшалық
Ресей отарлаушылығын, 70 жылдық Кеңестік атеистік тасқұрсау тәртіп кезеңін
басынан өткерді. Христиандық миссионерлік идеология, мұсылман мен
православие арасынан көшпелі қазақ бұратанасы үшін жаңа дін жасамақ
талаптары, иуда-масондық қаншеңгел идеология, шамандық қалдықтары,
зороастризм сарқыншақтары, антұрған құдайсыз атеизм, міне, мұның барлығы да
мың жылдан астам Аллаһтың хақ діні исламды ұстанып келген атам қазақтың
басына қарақұйын пәлекет болып төндірілді. Қазіргі ұлттық идеологиямыздағы
қайсыбір кертартпа түсінік те тап сол 400 жылдай адасқан алақұйын мезгілдің
сарқыншақтары десек те болады. Ең әуелі экономикамызды көтеріп алсақ, әрі
қарай рухани өркендеп дами береміз деген марксистік-лениндік түсініктің
қателіктері, бүгінгі қоғамда үлкен кедергілері мен проблемаларын көрер
көзге бадырайтып шығарып алдыға тартып жатыр. Тәуелсіз мемлекет болған 20
жылдың ішінде әлемде де көптеген төңкерістер мен өзгерістер, жаһандық
жаңа тәртіп деген шайтани ұстанымның алапат сілкіністері болды.
Экономика, ФРС, банктік- қаржы жүйесі арқылы бүкіл 7 миллиард адамзат
баласын құрсаулап алған алпауыт топтар бар. Олардың да өзіндік жоспарлары
бар. Біздің мемлекеттің ішінде де небәрі жиырма жылда әр түрлі жолдармен
долларға шаққанда миллиондап, миллиардтап қаржы тауып байып алғандар
жетерлік. Олардың да өзіндік іске асырсам деген ой-жоспарлары бар. Оның
сыртындағы қарапайым халықтың күнделікті тіршілігін алып қараңыз. Осының
бәрі қоғамда астасып, қойындасып келген жағдайда рухани, діни мәселені
әлбетте бірінші кезекке шығарып отыр. Еліміздегі қазіргі қалыптасқан
діни ахуалды бір жүйеге келтіру үшін, сонау 1992 жылы қабылданған Діни
сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңды толықтай өзгертуіміз
керек. Олай етпейінше біздің қоғамдағы діни жағдаят ешбір де жақсармайды.
Бас муфти болып тұрған кезінде Рәтбек қажы Нысанбайұлы Парламент
депутаттығы қызметін қоса атқарысып, дін туралы тәуір заң қабылдануына
белсене атсалысқаным бар деп мақтанып жүретін. Ал уақыт өте келе бұл
мақталған заң 200-ге жуық әлем елдеріндегі дін туралы заңдардың
қайсысымен салыстырып қарасақ та, ең нашары, антимемлекеттігі болып
шығады. Ол ескі заң бойынша 15-20 адам бас қосып діни бірлестік ретінде
әділет басқармасында тіркеліп, мемлекеттен көмек алып іс атқара береді.
Қазақстандағы 11 миллион мұсылман мен Қарағандыдағы 40 адамнан құралған
Сатанистер қоғамы мемлекет алдында тең құқылы. Үкіметтен қаржылай бір
көмек берілетін жағдай туындаса жаңағы сектант 40 адамға да, 11 миллион
мұсылманға да тең бөліп беруге шенеунік міндетті. Сол себепті Қазақстан
діндердің сынағын өткізетін алаң сияқты болып тұр.

Заң демекші, Қағанат ҒМО-ның маман мүшелері 2000 жылдың басынан бастап
ҚР дін және конфессияаралық қатынас жөніндегі мемлекеттік саясаты
Тұжырымдамасы жобасын, Мемлекеттік идеология және ахлақтық қарым-қатынас
ісі жөніндегі агенттік құру жобасын, Діни сенім бостандығы және діни
бірлестіктер туралы жаңа заң жобасын әзірлеп, Елбасы назарына, үкімет және
парламент басшылары назарына 2001-2002 жылдары ресми түрде тіркетіп ұсынған
болатын. Бұл жобалар мәтінімен, үкімет басшылары жолдаған жауап хаттар
мазмұнымен 2008 жылы жарық көрген екі томдық кітабымыз арқылы танысуға
болады. ҚМДБ мен муфтияттың сан-салалы жұмыстарын қандай түбірлі өзгерістер
енгізіп жандандырса болады деген ондаған нақтылы ұсыныс- пікірлеріміз де
тап сол 2000 жылдан бері қарата отандық, халықаралық басылым беттерінде
үздіксіз жарияланып келеді. Бір ғана мысал, біздің ұсынысымыз бойынша бас
муфтиге қоса оған тікелей бағынатын 7 аймақтық муфти қызметі 2005 жылғы
Құрылтайда белгіленіп, бес өлкеде(шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік және
орталық Қазақстанда) толыққанды жұмыс жүргізе бастаған шақта, Астана мен
Алматы муфтилері оған қосылып қыруар дін насихаты істерін атқарып тастайтын
еді. Облыстағы өкіл имамдар да аймақтық муфтилер тарапынан қатаң бақылауға
алынып, экстремистік және радикалды бағыттағы діни жат ағымдар іс-
әрекеттеріне дереу шариғи баға беріліп, 3-4 облыс көлеміндегі діни ахуал
жіті назарда ұсталатын еді. Жергілікті құқық қорғау, қауіпсіздік саласы
қызметкерлері де теолог іздемей, аймақтық муфтимен кеңесіп нақтылы мәселе
шешер еді. Ал бір ғана жай муфтиі жоқ бас муфти жыл он екі ай бойына
қандай керемет болса да байтақ Қазақстанды тынбастан шарлап, өкіл имамдары
жұмысын бұлтартпай қадағалап, аудан-аудан, ауыл-ауылдарды жіті назарда
ұстап аралап, ислами мәселелердің барлығына дерлік дер уақытында жауап
беріп отырады деген бос әурешілдік. Сонымен қатар, діни білім беру,
электронды садақа салу жүйесіндегі біртұтас қаржы-қаражат, қажылық қоры,
зекет қоры, қайырымдылық қоры, мұсылман әйел-аналар қоры, діни атау сөздер
мен әдебиеттер орталығы жұмысын жандандыру мәселелері, діни неке, жаназа,
мешіт жанындағы мәйітхана, діни бизнес, ислами банкинг, діни спорт, діни
сауықтыру орталықтары, халал өнім мен өндіріс жүйесін харамнан аластау
мәселелері, діни наным-сенім орталығы, медіреселер ұжымдастығы, қарилар
орталығы, халал индустрияға негізделген туризм орталықтарын ашу жайлары,
т.т. толып жатқан тақырыптар бойынша біздің Қағанат консорциумы
төңірегіне топтасқан білікті діни мамандардың зерттеу-зерделеу ұсыныс-
жобалары әлдеқашан дайын. Осы сияқты күрделі жайттар басқа да дін
қайраткерлерін жер-жерде көптен бері толғандырып жүргені рас. Алайда,
Құрылтайлар тар аяда жабық өтуі себепті, бас муфти денсаулығыра байланысты
және протоколды сақтап, көлденең көп ешкімді қабылдамауы себепті еліміз
мұсылмандарының бұл қордаланған мәселелері жабулы қазан күйін кешіп, осы
таңда шешуін таппай бұрқ-сарқ қайнауда!

(Бұл дін туралы заңымыздың ашық қораға айналғаны жайында Жас қазақ үні
газеті осыдан екі жыл бұрын үлкен мәселе көтеріп, Мәжілістен өткен Дін
туралы заңға өзгерістер мен толықтыруларға қарсы шығып, қабылдаттырмай
тастаған Конституциялық кеңеске хат жазып, зерттеу мақаласын жариялаған
болатын. Бірақ Конституциялық кеңес жауап бере алмай үнсіз һәм қарекетсіз
қалды... Енді міне, кешегі Ақтөбеде басталған қанды оқиғаларда да біздің
құзырлы заң орындарымыздың үлесі аз емес деп айтуға болады... Редакция)

УАХАБИСТЕР МЕН САЛАФИТТЕРДІҢ ҚАУІПТІЛІГІ НЕДЕ?

– Уахабистер, салафиттер дегенді өте көп естиміз. Олар да мұсылман
ғой. Біздің қоғамда өмір сүруге құқылы шығар...

– Әлбетте, әһлі суннә уәл-жамағат деп ғұламалар ат қойған, расул
акрамның өзі қошаметпен айтқан мұсылман үмбеті ішінде болу барлығымыз үшін
хош тағдыр. Алайда, арада он ғасыр өткеннен кейін діни таза жолды іздейміз,
соны оп-оңай таптық деген желеумен үй ішінен қасақана үй тігіп жатса, ол
пиғыл тек бүліншілікке, дүрдараздыққа, түсініспеушілікке әкеп соқтыратыны
бесенеден белгілі жайт. Елімізде соңғы он бес жыл ішінде ашық бой көрсете
бастаған исламның атын жамылған әр түрлі діни ағымдарға байланысты
кешеуілдетіп болсын ҚМДБ-ның шығарып жатқан пәтуалары бар. Соған қарап
әлгінде сіз айтқан жолды таңдаушыларды жаза баспай тануға болады. Мысалы,
Ахмадия деген діни адасқан топты алар болсақ, осыдан небәрі үш ғасыр
бұрын өмір сүрген Мырза Ахмет деген адамды олар өздерінше Иса, Будда,
Кришнаның басы қосылған біртұтас белгісі, ақырғы пайғамбар санайды. Түп-
тұқиянында, атақты банкир Ротшильдтер әулеті қаржыландырып келген мұндай
іріткі салушы ағымдардың барлығының орталығы Лондонда шоғырланған. Олар
басқа елдерді іштей әлсіретіп, бағынышты етіп алу үшін әр түрлі бүлдіргіш
ағымдардың негізін үсті-үстіне қалап жатыр. Жаңағы Ахмадияны дүниежүзі
елдерінің барлығы дерлік кім, қандай мақсатта екендіктерін танып өз жерінен
қуып жіберген. Бірақ, Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері қарай белгілі
қоғам қайраткерлерінің білместіктен адасуға бой алдырып, өрескел қате
жіберуі нәтижесінде 1994 жылдан бастап (жазушы Роллан Сейсенбаев алғашқы
жетекшісі болуымен, сол кездегі министр Нағашыбай Шайкеновтың қол қоюымен)
аталмыш кәпірлік, исламға жат ұйым деп танылған секта біздің Әділет
министрлігінде ресми тіркеуде тұр.

Енді соңғы кезде өте көп айтылып-талқылана бастаған уаһһабизм мәселесіне
қысқаша тоқталар болсақ, оның негізін салушы Мұхаммед ибн Әбді-Уаһһаб
деген адам осыдан тұп-тура үш ғасыр бұрын ғана дүниеге келген жан.
Хадистанушы деген атаққа ие болып, пайғамбар заманындағы алғашқы
сәлафтар секілді таза дінді ұстануымыз керек деп селт еткізер ұран
тастаған, ағылшынның құпия қызмет орнымен тікелей байланыста болған сол
кісі салып кеткен жаңа жолды ұстанатындарды кейінде мұсылман елдерінде
уаһһабшылар, кейде сәлафилар деп атап кеткен. Уаһһабшылдар халықаралық
жасырын ұйымдардың қызу қолдауына ие болып, мұсылман әлемін біртіндеп
жаулай бастайды. Хиджаз өлкесіндегі бәдәуи араб тайпалары да арада біршама
уақыт салып уаһһабшылдықтың толықтай шырмауына оратылады. Осман империясы
күйреп, Сауд әулеті ресми мемлекеттігін жариялап, Мұхаммед ибн Әбді-
Уаһһабтың тікелей ұрпақтары Меккатул-мукаррама мен Мадинатул-мунаууарадағы
қасиетті екі харамның қалт еткізбес шырақшысына айналады. Расул заманынан
келе жатқан қадыми тарихи ғимараттар қиратылып, атақты сахабалардың
жаннатул бақидағы қабір басындағы белгілері тып-типыл бұздырылады.
Уаһһабшылдардың бүлдіргі әрекеттеріне әр заманда қазақтан барған қажылар да
куә болып, діни саясаттың терең қатпарларына байыптап үңілмеген олар жабайы
көрініске таңданысып қайтады. Міне, мұның барлығын алыстың алыстығы деп
сипаттаса болады. Ал оған қарсы жақынның жақындығы деп Имам Ағзам Әбу
Ханифаның мазхабын айтсақ жеткілікті. Имам Ағзам-Нұғман ибн Сабит асылында
табиғин болған. Куфаның өзінде 1500-ден астам Мұхаммед пайғамбарға с.ғ.у.
ең жақын болған сахабаларды күнделікті көріп-біліп, шариғат мәселесінде
әрдайым пікір алысып кеңесіп отырған. Демек, біздер бір миллиардтан астам
мұсылман ұстанатын ханафи мазхабта бола тұрып қайдағы бір қияли таза жолды
іздейміз деп мың жыл бертіндегі Әбді-Уаһһабтың дегеніне көнетін болсақ,
онда орынды сауал туады емес пе, біздер сөйтсек қайнар көзге жақындай
түсеміз бе, жоқ әлде үсті-үстіне алыстай береміз бе деген?!

- Олар біздің қоғамға қауіпті ағымдар ма?

– Біріншіден, діни топтар саясатқа белсене араласа бастаса қоғамдық
өмірде сөзсіз қауіп күшейеді. Екіншіден, Саудия мемлекеттігі іргетасын
қалап, түріктің Осман империясын күйреткен, одан бертіндегі бір ғасыр
бойына жаһандағы мұсылман елдерінде жүздеген ірі-ірі қантөгіс оқиғалары
орын алуына себепші болған уаһһабшылдық-тәкфіршілдік сияқты өте радикалды
топтардың тарих сахнасына шығуына да себепші болуда. Үшіншіден, Әбді-
Уаһһабтың тікелей ұрпақтары діни мәселе тетіктерін мықтап қолға ұстап
отырған қазіргі Саудия патшалығының іргесін шайқалта бастаған(2002-2006
жылдардағы эр-Риядтағы терактілер, полицейлермен қақтығыстар, қауіпсіздік
арнайы жасақтарымен жанберіскен соғыстарды еске алсақ та жеткілікті)
терроршыл топтардың денінде – уаһһаби, сәлафи, такфири ағымдар өкілдері
болып келуі де зұлымдықтың кері қайтара өздеріне шапқан көрінісі болса
керек-ті. Төртіншіден, 1990-шы жылдардың басынан бастап қазақ қоғамына аз-
аздап сіңісе бастаған бұл теріс ағымдар ондаған жылдар бойына нақтылап
шариғи тұрғыдан зерттелмесе, заң жүзінде шұқшиып тексерілмесе, қаржылық
көздері әлеуметтік ушыққан аймақтарға еркін жетіп барып жататын болса,
насихатшы-уағызшылары Саудияда бірнеше жыл білім алып келіп қалың жамағат
ішіне кедергісіз еніп кететін болса, діни басқарма мен мемлекеттік құзырлы
орындар тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіліп жатса, міне, қауіптілік ахуалы
осындай себептерден туындай бермегенде қайтсін?! Бесіншіден, құрықталған
экстремистік топ мүшелері түрме ішінде айрықша қарқынменен насихат
жүргізетін болса, сол сияқты сыртқы әлеммен де байланысты күшейтіп,
сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа бой алдырған құқық қорғау саласы
қызметкерлерінің немқұрайдылығы нәтижесінде жаңа сыпаттағы террорлық
әрекеттерін де ұйымдастырумен болады.

Қасиетті Құран Кәрімде Алла субхана уа тағала ихтилафқа, өзара жанжалдасуға
түскен қауымдарға Әл-Ғымран сүресінің 105 аятында былайынша ескерту
жібереді: Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп,
қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне, соларға зор азап бар. Ал
Әбу Зәррі Ғифари р.ғ. айтуымен жеткізілген мына бір хадисте ардақты
пайғамбарымыз с.ғ.у. бұл турасында былайша пікір түйіндейді: Кім жамағатқа
бір сүйемдей қайшы келсе, ол өз мойнынан Исламның міндетін түсірген
болады. Демек, қазіргі қазақ қоғамындағы тыныштық пен бейбітшілік дін
ислам тұрғысынан ханафи мазхабын мейлінше бекем ұстануымызда ғана жатыр
екен.

– Ол теріс ағымдардың қазақ қоғамындағы салмағы қай деңгейде?

– Үлес салмағы аз деп айтсақ та, көп деп айтсақ та
шындыққа жанаспайды. Ең дұрысы, муфтият жұмысы әлсіздігінен олардың
қатарлары жыл өткен сайын молыға түсуде. Және де жоғарыда аталған уаһһаби
мен сәлафтардың алғашқы беттегі ұстанымы орташа, орнықты деңгейдегі діни
ағым болса, жылдар өте келе, шеттегі шайтани орталықтардың бұйрығына
байланысты ол дүниетаным қатаңдана бастайды, жөні жоқ жерден фитна,
ихтилафтар шығарады, ақырында келіп әртүрлі тоңтеріс діни фатуалар
негізінде мүлдем оқшауланып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың барлығын дерлік
бидға, жоққа шығарып, ата-анасы, ағайын-бауыры, көрші-көлемі, туған-туысы,
ауылдасы-жерлесі, бәр-бәрімен кетісіп тынып, оларды түгелдей дінсіз кәпір
деп жариялап, суық қаруды кезеніп жәннатқа, шахидтыққа бет алады.

Қазақстанда имамдар білімі өте жоғары деуге келмейді, олар фиқх мәселесінде
қатты шорқақтайды, олар Құранды жатқа білмейді, олар жүз-мыңдап хадистер
айта алмайды, олар тәпсірлерді жақсылап оқымаған, олар араб тілін еркін
меңгермеген, олар шариғи ілімі терең ұстаздар алдын көрмеген, олар теріс
оқу оқыған жамағатты ілім-білімімен өзіне баурап әкете алмайды, олар ҚМДБ
шығарған барлық фатуаларды жатқа білмейді, олар дін мәселесінде пікірталасу
мәдениетін жақсы меңгермеген, олар араб елдеріндегі ислами білім
ордаларының сан-салалы жұмыстарымен жетік таныс емес. Ал керісінше
уаһһабилік, сәлафилік, тәкфирилік бағыттағы қазақ жастары ұрылып, соғылып
әбден піскен, шетелде діни оқу тауысқан, араб тілін бір кісідей меңгерген,
қандай қиын жағдай болмасын тек өзіне ғана пайдалы тұрғыда мәселе шешіп
машықтанған, қиналғанда демеушілік жасайтын қорларды тез тауып үйренген,
аудан, ауылдық жерлерде өз жамағаттарын әбден електен өткізіп
қалыптастырған, парақорлық меңдеген мемлекеттік қызметкерлерді жерлестері
алдында әшкерелеп мойындатып алған... Бір сөзбен айтқанда осы қоғамда нақтылы
өз орындарын таба бастаған. Осыдан келіп шығар қорытынды, ресми діни және
мемлекеттік идеология ислам атын жамылған қауіпті ұйымдардың алдын-алу іс-
шараларына келгенде бүгінгі таңға дейін өте-мөте дәрменсіздік танытып отыр.

– Шетелге барып білім алатын жастарға, мында бар, мұнда барма деп
бақылау жасауға неге болмайды?

– Әрине, болады. Діни оқу орындары, мұсылмандық қорлар,
елшіліктер, т.б. тетіктер арқылы әу бастан шындап кіріскенде мықтап
бақылауға алуға болатын мәселе еді бұл. Араб, түркі, малай елдеріндегі ең
үздік діни оқу орындарымен келіссөздер жүргізіп, меморандумдарға қол қойып,
мазхаб мәселесін алдыңғы шарттарға жатқызып, кейін барлық оқу бітіргендерді
арнаулы комиссия, діни ғұламалар алқасы қатаң тексеруінен өткізіп, сынақты
үздік тапсырғандарға дереу қызмет беріп, сүрінгендерді қайыра білім
жетілдіру курстарынан өткізіп, ешкімді де өз бетімен жібермей қатаң
бақылауда ұстап, қабылеттілерін ислами әдебиеттер орталығы жұмысына тартып,
күнкөріс жағынан бөтен ешкімге тәуелді болып қалмау жақтарын қарастырса
болатын еді. Бұл жөнінде біздің Қағанат ғылыми-мәдени орталығы жетекші
мамандары ондаған жылдар бойына тоқтаусыз айтып-жазып келеді. Дербес
мемлекетіміз шетелден білім алғысы келетін барлық талапкерлерге есікті
айқара ашып қойған. Кім, қайда барып, қандай білім аламын десе де өз еркі.
ҚР Сыртқы істер министрлігі өздерінің мұсылман елдеріндегі елшіліктері
арқылы қандай азамат, қайда барып білім алып жатқаны жөнінде хабардар болып
отырады. Бірақ олар сен бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?
“Хизб-ут Тахрир”
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа туралы
Әбу Ханифа және оның ханафиліктің құрылуындағы рөлі
«Ханафи мазхабы -ХХ ғасырдатарихи-рухани жолымыздың заңды жалғасы»
Діни басқармаға филиал
Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
Ханафи фикх мазхабының негіздері мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа көрсете білу
Пәндер