«Жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие жұмысының әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы



1. лекция. Тақырыбы: Мектептегі тәрбие процесі . динамикалық жүйе ретінде
2. лекция. Тақырыбы: Тәрбие процесінің ерекшеліктері, мәні мен мақсаты
3. лекция. Тәрбие барысының нәтижелерін және тиімділігін зерттеу, оның ерекшеліктері.
4.лекция Тәрбиенің принциптері туралы түсінік және оларға сипаттама.
5.лекция Тәрбие процесінің заңдылықтары мен қозғаушы күштері.
6.лекция Тәрбие жұмысын талдау.Тәрбие сағатын өткізу жолдары және тәрбие сағатының жоспарының үлгісі
7.лекция Оқушының өмірі мен әрекетін ұйымдастыру әдістемесі.
8.лекция. Оқушылардың тәрбиелілігін зерттеу.
9.лекция. Тәрбие сағатын өткізу жолдары және тәрбие сағатының жоспарының үлгісі.
12.лекция. Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту әдістемесі.
13.лекция. Тәрбие жүйесіндегі сенім.
14.лекция. Оқушыларды ақыл . ой тәрбиесіне тәрбиелеу.
15.лекция. Оқушылар еңбегін ұйымдастыру.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбие тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мәні – адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтік оның ұжымы мен және қоғаммен практикалық қатынастың жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды:
1. Педагогикалық жағдайдың тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп оқушының тәрбиелігінің деңгейін анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуде нақты педагогикалық міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенің құрылымы мен әдістерін таңдай білуді тағы басқа қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудің оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің, оқушылар ұжымы мен шағын топтардың, жеке оқушы мен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік психологиялық, шарттары мен себептерін аңғара білудің, шарттары оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасаудың бірлігінің болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды сыртқы ықпалдың қауіпті жағдайға өтуін және қабылдауын қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалдарды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынас реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды педагогикалық жағдайларға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жағдайларды тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және тәсілдерді қайта құруды т.б. талап етеді.
4. Қорытынды есепке алу. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижесіне талдау, қолдану тәрбие әдістің тиімділік шеңбері анықтау баланың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау өз тәжірибесіне енгізілген мақсатта басқа мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз. Тәрбие бұл - педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.
1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.
2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрін байқауға болады. Олар қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көз-қарасы дамиды, мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.
1 Амантурин Ш. Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. Алматы, 1978.
2. Ж.Б. Қоянбаев., Р.М. Қоянбаев. «Педагогика», Алматы, 2000.
3. Н.И. Болдырев. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. «Мектеп» баспасы. 1987 ж.
4. Т. Баймолдаев. Қ. Ахметұлы. Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ. Алматы-2001.
5. Н.В. Савин. Педагогика. Алматы, 1975.
6. И.А. Каиров. О.С. Богданова. «Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі». Алматы, Мектеп-1978 ж.
7. О.С. Богданова. В.И. Петрова. «Бастауыш кластардағы тәрбие жұмысының методикасы». Алматы, 1980 ж.
8. Е. Әбдіразақұлы. Ақыл-ой, парасат тәрбиесі. (Халық педагогикасы тәрбие өзегі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

Жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие жұмысының әдістемесі

Пәнінен

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

5В050103- Педагогика және психология
мамандығына арналған

Түркістан-2013


Пән атауы: Пән коды Кредит саны
Жалпы білім беретін Курс
мектептердегі тәрбие Семестр
жұмысының әдістемесі


Мамандық аты Мамандық шифрыКафедра Факультет
Педагогика және 5В05010 Жалпы педагогика Тарих-педагогика
психология және
этнопедагогика


Пән өткізу уақыты және орны Жұма. сағат:9.25-10.15. аудитория-101

СОӨЖ уақыты Дүйсенбі. Сағат:
--------------------------

Оқытушының аты жөні Контактактілік ақпарат телефон. 8702 655 06 08
лауазымы, дәрежесі @mail kuni-sulu2010
атағы
Магистр-оқытушы Қазиева
К.О

Оқытушы қолы ______ Кафедра меңгерушісі _________________ Рысбекова А.

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1- лекция. Тақырыбы: Мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде

Жоспары:
1.1. Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары.
1.2. Тәрбиенің құрамды бөліктері
1.3. Мектептегі тәрбие процесі және оны ұйымдастыру формалары.
1.4. Тәрбие процесі өзін-өзі тәрбиелеу ісімен тығыз байланысты

Лекция мақсаты: Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтарын меңгерту.
Тәрбиенің құрамды бөліктеріне тоқтала отырып, мектептегі тәрбие процесі
және оны ұйымдастыру формаларымен таныстыру.

Лекция мәтіні
Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары. Адамзат дамуының қай
кезеңінде болмасын тәрбие тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мәні – адамның
қоғамдық мазмұнын әлеуметтік оның ұжымы мен және қоғаммен практикалық
қатынастың жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық
міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды:
1. Педагогикалық жағдайдың тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау
жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп оқушының тәрбиелігінің деңгейін анықтауды,
оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуде нақты педагогикалық
міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды,
тәрбиенің құрылымы мен әдістерін таңдай білуді тағы басқа қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің
мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және
ықпалдарға бөлудің оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің,
оқушылар ұжымы мен шағын топтардың, жеке оқушы мен дұрыс қарым-қатынастарды
бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік психологиялық, шарттары мен
себептерін аңғара білудің, шарттары оқушыларға жеке тұрғыда қатынас
жасаудың бірлігінің болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл
мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды
жүзеге асыруды сыртқы ықпалдың қауіпті жағдайға өтуін және қабылдауын
қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті
материалдарды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынас
реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды,
оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды
педагогикалық жағдайларға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген
жағдайларды тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және
тәсілдерді қайта құруды т.б. талап етеді.
4. Қорытынды есепке алу. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен
салыстырып, қол жеткен нәтижесіне талдау, қолдану тәрбие әдістің тиімділік
шеңбері анықтау баланың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған
қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды,
әдістерді, тәсілдерді жинақтау өз тәжірибесіне енгізілген мақсатта басқа
мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу педагогикалық теория мен тәжірибені
сәйкестендіре білу деген сөз. Тәрбие бұл - педагогикалық құбылыс. Олай
болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс
мәселелерін қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.
1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым
қоғамның әлеуметтік экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес
дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің
дамып қалыптасуына игі әсер етеді.
2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы
мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында
белсенділіктің бірнеше түрін байқауға болады. Олар қарым-қатынас
белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие,
оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекеттің бірнеше
түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-
әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл-ойы,
дүниеге көз-қарасы дамиды, мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері
қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.
4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке
алу.
5. Педагогикалық процесте ұжым мен адамның өзара байланысы.
Тәрбие-мақсат көздеген процесс. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда
тәрбие мақсаты-әрбір тұлғаны әр жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам
жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекеті
мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекет қарым-қатынас иесі.
Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған
қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады. Егер тәрбие мақсатының қалай
өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты
маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие - қоғамдық құбылыс, онсыз
ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес және тәрбие қоғамның пайда
болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады,
ілгері дамымайды.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу
деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен
жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой
дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына
белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.
Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды,
адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір
байлығын меңгереді. Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие
бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері:
1. Ақыл-ой тәрбиесі.
2. Құлық тәрбиесі.
3. Еңбек тәрбиесі.
4. Экономикалық және экологиялық тәрбие.
5. Эстетикалық және дене тәрбиесі.
Тәрбиені құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі
болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне жалпы дайындығына байланысты.
Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:
- Үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны
біртұтас қалыптастыру;
- Азаматтық құндылықтар, әлеуметтік бағдарлы мотивация, ақыл-ой,
эмоционалдық және еріктік үйлесім арқылы негізінде тұлғаның адамгершілік
сапасының қалыптасуы;
- Оқушыларды ғылыми мәдени және өнер т.б. қоғамдық құндылыққа қатысу;
- Қоғамның демократиялық өңделуіне тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне
сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;
- Оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-
әрекет ұйымдастыру;
- Тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функцияларын яғни өзгермелі еңбектің
іс-әрекет жағдайларының қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оны ұйымдастыру формалары.
Күрделі де көп қырлы тәрбие процесі әр түрлі формалардың көмегімен жүзеге
асырылады. Олар өте өзгермелі, серпінді келеді. Оларды таңдау тәрбие
жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас шамасына, тәрбиешілердің шеберлігіне
және тәрбие процесі өтетін басқа жағдайларға байланысты болады.
Тәрбиені ұйымдастыру формасы - көп жағдайды қамтитын кең мағыналы
ұғым. Ол тәрбие қызметін ұйымдастыру мен байланысты нақты процестерді
белгілеу үшін қолданылады. Егер тәрбиені ұйымдастыру формасын ең жалпы
түрінде қарастыратын болсақ, онда олар тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
қандай позицияда тұрғанына байланысты тәрбие процесі белгілі бір
ұйымдастырушылық формаға келтіріледі. Олар басшылық ету және бағыну қарым-
қатынастарын, жұмсалатын күштің орны анықталуын, тәрбиелік қызметтің
жоспалануы мен ұйымдастырылуын, оның нәтижелерінің есепке алынуы мен
бағалануы мен сипаттайды.
Тәрбиені ұйымдастыру формасы - тәрбие элементтерінің ішкі байланысын
бейнелейтін және тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-
қатынастарын сипаттайтын тәрбие процесін ұйымдастыру әдісі.
Тәрбие формаларының жіктелуі: жаппай немесе бұқаралық, топтық немесе
үйірмелік және жеке дара. Бұл әлдеқайда көп таралған жіктеу. Ол ұйымдастыру
формаларын көрсетеді, мұнда тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің тәрбие
процесінде қарым-қатынастары, олардың араласу формалары бейнеленеді.
Тәрбие қызметін ұйымдастыру формаларын тәрбиелік ықпал жасау
методикасына байланысты жіктеуге талпынушылық та бар. Мұндай жіктеуде
тәрбие формалары мынадай топтарға жіктеледі: сөздік (саяси-хабарлар,
жиналыстар, жиындар, ленейкалар, лекциялар, баяндамалар, оқырмандар
конференциялары, диспуттар, кездесулер, газеттер, радио, журналдар т.с.с.);
практикалық (жорықтар, экскурсиялар, спартакиялар, олимпиадалар мен
конкурстар); көрнекілік (мектеп музейлері, соғыс және еңбек ерлерінің
галереялары).
Тәрбиенің күрделі процесінде ұйымдастырылудың белгілі бір формасын
қанағат тұтып қалуға болмайды. Тәрбие жұмысына қойылатын аса маңызды талап
- оны ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын қолдану.
Тәрбие процесі өзін-өзі тәрбиелеу ісімен тығыз байланысты. Өзін-өзі
тәрбиелеу дегеніміз адамның өз мінез-құлқын өзгертуге, бағытталған іс-
әрекеттері деген сөз. Өзін-өзі тәрбиелеу дұрыс тәрбие беруге көмектеседі,
сонымен бірге соның нәтижесі де болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу ісі жемісті болуы үшін, ойындағы жақтары мен
кемшіліктерін байқай білуі және кемшіліктерін өзі жойып, өмірдегі
қамтылатын мақсат-мұратын жақсы түсіну керек.
Бастауыш класс мұғаліміне оқушының мінез-құлқындағы бұрынғы тәрбие
нәтижесінде, әсіресе отбасы тәрбиесі нәтижесінде қалыптасқан кейбір
кемшіліктерді түзетумен айналысуына тура келеді. Бұл кемшіліктерді түзету
үшін мұғалім ата-аналарымен бірлесіп күш жұмсайды.
Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы баланы мектепке жазу кезіндегі алғашқы
кездесуден басталады. Алғашқы әңгімені ата-ана мұғалім кеңесін
пайдаланатындай етіп, сабақ басталғанда дейінгі уақыт ішінде баласын
мектепке дейінгі уақыт ішінде баласын мектепке толық әзірлейтіндей етіп
өткізу керек. Оқу жылы бойында мұғалім өз оқушысының жанұяларында болып
отыруы керек. Оқушы үйіне баруға мұқият әзірлену, онда барғанда неге назар
аудару керектігін, ата-анасына не сұрап, нендей кеңес беру керек екендігін
ойластырып алу шарт.
Мұғалім мына нәрселерге назар аударуы тиіс:
1. Жанұядағы жалпы атмосфера микроклимат: ата-ана арасындағы, олардың
семьясының басқа мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас қалай дамығандығы.
Сондықтан да мұғалім үйдегі ересектер түгел болған кезде барғаны дұрыс.
Әңгіме басталған бетте-ақ отбасындағы өзара түсінушілік пен бір-бірін
сыйлауын, өмірге деген ортақ көзқарасын, үлкендердің кішілерге қарым-
қатынасынан, балалардың үйдегі орнын бірден байқауға болады.
2. Үйдегі жалпы тәртіп: сабақ әзірлейтін заттары қайда, сабаққа
арналған оқу столы бар ма? Ойыншықтары, кітаптары қандай жағдайда, сабақ
әзірлейтін орын балаға қолайлы ма? Үстел ылайықты ма? Жарық дұрыс түсе ме?
Телевизор мен радио бар ма, жоқ па? Осыған назар аудару керек.
3. Әңгімеде үйдегі ересектердің бәрі болғаны жөн. Олардың бала
тәрбиесін қалай түсінетінін, баласын қалай етіп өсіргісі келетін, ықпал
етудің қандай әдістерін тиімді деп санайтындығын анықтаған дұрыс. Мысалы,
сыныпта тыныш отырмасаң немесе осылай етсең, мұғалім сені сыныптан қуып
шығарады, тыңдамасаң саған көресіні көрсетеді т.б. Бала бойында әке
шешесінің осы сөздері мұғалімнен қорқу, үрей сезімдерін тудырады.

Бақылау сұрақтары
1. Тәрбиенің мәнін түсіндіріңіз?
2. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелері
қандай?
3. Тәрбиенің мақсаты.
4. Тәрбиенің құрамды бөліктерін атаңыз?
5. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары қандай?
6. Тәрбиені ұйымдастыру формасы туралы түсіндіріңіз?
7. Өзін - өзі тәрбиелеу дегеніміз не?

2- лекция. Тақырыбы: Тәрбие процесінің ерекшеліктері, мәні мен мақсаты

Жоспары:
2.1. Тәрбие процесінің ерекшеліктері, мәні мен мақсаты
2.2. Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері
2.3. Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән-мағынасы
2.4. Тәрбие барысының нәтижелерін және тиімділігін зерттеу,
оның ерекшеліктері

Лекция мақсаты: Студенттерге тәрбие процесінің ерекшеліктері, мәні мен
мақсатын меңгерту.

Лекция мәтіні
Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және сапалы, мақсатты
жүргізілетін педагогикалық қызмет. Тәрбие деп қалыптасушы жеке адамның
қоғамдық тәжірибенің бүтін жиынтығын: білім, ептілік, дағды, шығармашылық
іс-тәсілдерін, әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық қатынастарды игеру
үшін бағытталған белсенді іс-әрекетті қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы,
бағдарлы, әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс болып табылады.
Қазіргі педагогикалық теорияда Тәрбие әдісі ұғымы әлі де жете
зерттелмеген мәселелердің бірі, өйткені бұл жөнінде әртүрлі көзқарастардың
бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген
анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады.
Т.Е. Конникованың анықтамасы бойынша бұл педагогикалық жұмыстың
тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.
И.С. Макаренконың анықтамасы бойынша тәрбие әдісі – бұл жеке адамға
тікелей және жанама түрде ықпал жасау.
В.А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің іс-
әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. Сонымен әртүрлі
авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады.
Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-
әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған
педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика
талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың
бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа
жеткізеді.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін
жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір
қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің
орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі
белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет
мүмкіндігіненс туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау
болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны
әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам - жер бетіндегі тірі
организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс-әрекетімен мәдениет
субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі. Адам іс-
әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық
тарихи жағдайларына тәуелді болады.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық философиялық ой-
пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең
басты мәселеге айналды. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие берудің
негзгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады,
білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері
қарастырылады.
Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек тәрбие
мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін
емес. Сондықтан да В.И. Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп
дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам
жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды деді ол. Философия,
социология, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылыми адамды барлық
жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп
қойды. Халыққа білім беру кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп
отыруды көздейді. Бұл әсіресе қазргі қайта құру кезеңінде ерекше маңызды.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу
деп қарастырды. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен
жастарды практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой
дамуының біртұтастығы деп түсіну керек. Адам баласының жарқын болашағы
толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты
міндеттері теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу
оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық,
экологиялық біліммен қаруландыру кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай
болса әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен
мекемелер тәрбиенің мәніне міндеттері мен мақсатын жете түсіну керек.
осыған орай тәрбиенің негізгі мақсаттары:
а) жастардың дүниеге ғылыми материалистік көзқарасын қалыптастыру;
ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып,
эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру - негізгі шарттардың
бірі. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғатпен әлеуметтік ортаны түсінуі
және онымен қарым-қатынасының, оның барлық іс-әрекетінің бағытын
бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің
даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас.
Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына
шексіз берілгендігінде, жан қиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай
көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы
күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды.
Сонымен, еліміздің болашағына сай адам -ол теориялық іліммен
қаруланған, оны шығармашылықпен іс жүзіне асыратын белсенді қоғам
қайраткері, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары
мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына
белсенді қатысуына әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп білім мен тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды,
адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір
байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір жастарды осы
заманға ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай
жан-жақты тәрбиелеу міндеттері талап етеді. Қоғамдық және мемлекеттік
өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, сана сезімді
және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді.
Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының
көптеген мәселелерінде түбегейлі өзгерістер енгізіп қайта құру қажеттігі
туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектеп басшыларымен
педагог арасындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.
Осындай идеямен қаруланған халық ағарту қызметкерлерінің, жалпы орта
білім беретін мектеп мұғалімдерінің міндеттері-оқушылардың ғылыми-
техникалық қазіргі талаптарына сай баянды ғылым негіздерімен қаруландыру,
политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу, сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарын, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастыру барысында
жүзеге асыра білу болып табылады. Осы мәселелерді өскелең өмір талабына сай
ұйымдастыру және іске асыру жас ұрпақты үйлесімді етіп тәрбиелеудің,
дамыту мен қалыптастырудың негізі болады. Ал тұлғаны жан-жақты дамыту бұл
тәрбиенің мақсаты.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін
байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл-ой
тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық
тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б. Тәрбиенің құрамды бөліктерінің
бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің
шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып,
барлық іскерлігімен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және
оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге
және қалыптастыруға әрқашан дайын болуы қажет. Міне, сонда ғана мектептегі
тәрбие жұмысының жемісті болуы мүмкін.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен оның тәрбие
мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай
түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар:
түрлі әсердің бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір
жинақталған көзқарасымен ынта-ықыласы, әдетімен талғамдарының болуы.
Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы өздері тап
болған жағдайдың себептерін, әрине біле білмейді.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың
игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-
әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай
жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің
қалыптасуына оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол
жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың
әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық
мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бір қатар қарама-
қайшылықтар тән, олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын
қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға өз-өзі қатынастар жасауға және
олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық мәнінің өмірдің
түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын оның
рухани жан дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні - адамның
қоғамдық мазмұнының әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен
практикалық қатынастар жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі
педагогикалық міндеттердің төмендегідей бір қатар мәселелерін шешуді
қамтиды:
1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау,
жоспарлау жұмысын реттеу.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің
мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және
ықпалдарға бөлудің, оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық
етудің, оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дұрыс қарым-
қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік-психологиялық
шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке тұрғыда қатынас
жасау бірлігінің болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл
мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды
жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе
қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін
қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-
қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді
жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды,
педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген
жағдайлар да тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және
тәсілдерді қайта құруды т.б. талап етеді.
4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепті
берілгендермен салыстырып; қол жеткен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие
әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және
тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін
белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз
тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа, мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу,
педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Тәрбие - бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық
құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде
кейбір заңдылықтарды атауға болады.
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы,
жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп
анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің
барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті
үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс-әрекетке үйренумен де орындалуы
мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға
ие болатыны сөзсіз. Қоршаған орта тәрбиеледі, Отбасының тәрбие жемісі
деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің
өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. Қоршаған орта тәрбиеледі немесе Отбасы
тұрмысы тәрбиеледі деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-
экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты
бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді мектеп тәрбиесі десек, әңгіме
басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын
тәрбиелік қызметті білеміз.
К.Д. Ушинский: Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және
арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс,- деп тұжырымдаған.
Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән-мағынасы. Тәрбие мәнін дәлірек
топшылау мақсатымен американ психологы және педагогы Эдвард Ли Торндайк
былай деген еді: Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағына береді, бірақ ол
қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ,
біз оны тәрбиелемегеніміз. Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай
көрінеді? Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс Адамның қоғамдық тұлға ретінде
дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен іске асады,- деген
еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе жатқан әулеттің адамзаттық болмысты
игеруге пайдаланатын құрал-жабдығы деп білу қажет.
Ал енді осы болмыстың өзіне және оны игеру қалай өтеді? Адамзаттық
болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық
ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі
құрылым бірліктерін қамтиды: 1) адамдардың табиғат және қоғам жөнінде
жасаған білімдерінің жиынтығы; 2) еңбектің әрқилы саласында қажет
ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері; 3)
әлеуметтік, рухани қатынастар.
Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен
жасалатындықтан білімдер де, тұрмыстық ептіліктер мен дағдылар да, сондай-
ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар да
адамдардың әртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани
қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Енді осы тәжірибені өз игілігіне
айналдырып, меншіктеп алу үшін жаңа әулет қайтадан бұл затты ақыл-
саналық сипатқа келтіруі тиіс, яғни қай формада болмасын оны жасауға
бағышталған іс-әрекетті (еңбектік, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-
эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып қайта жаңғыртып,
бұрынғыдан да дамыңқыраған түрде өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізуге борышты.
Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері. Мақсат категориясына қарама-
қарсы категория - арман. Екеуінің бір-біріне ортақ ұқсастығы олардың санада
туындап, әрі жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы - осы бейнеге
субъект қатынасының әртүрлілігі.
Арман-елестің немесе қиялдың субъектіге берер біршама қанағаттану
сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.
Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі
қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл
бейне не субъектіні белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай
отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды.
Бұл арада бейне - нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін
қажет.
Арман субъекттің енжарлығынан келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты,
ал мақсат-іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.
Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша
дүниеміздегідей - бұл екі шекті құбылыс - арман мен мақсат өзара тығыз
байланысқан. Арман-мақсат түзу үшін негіз, арман-мақсаттарды қайта
қарастырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа
жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудің жолы тұр-тура болмақ
емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.
Міндет-бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет
нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы
нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен
пайда болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс-әрекеттің жалпы
нәтижесін алуға жұмсалады. Іс-әрекеттің барысында субъект, әдетте, мақсат
жөнінде ойламайды, оның есінде тек міндеттері, өз іс-әрекетін сол
міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.
Мақсаттың ұмыт болуы - жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеледі,
ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңызын жояды. Мысалы,
бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді (жалпы мақсат). Бірақ
нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбеңімен жүріп, тиісті орынға гүл
егуді ұмытты, соның салдарынан бақ ләззат беру сипатынан айрылды, яғни
негізгі мақсат іске аспады, сонымен атқарылған міндеттер (атызды дайындау,
суғару, күтім жасау-бәрі де) босқа кетті.
Мақсат болжау-мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі.
Міндет - мақсаттың бір бөлігі, құрылым бірлігі. міндет көрер көзге
дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы,
педагог баланы күнделікті адамгершілікке баули отырып, қоғам азаматын
тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты мүлде естен шығармауы тиіс, өмірде адамның
тұлғалық мазмұнын оның әр секунд, минут, сағаттағы белсенді тіршілігі
қалайды,- дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым.
Кәсіптік еңбектің ажырамас бөлігі ретінде мақсат болжау мұғалімнің,
жоғары оқу орны оқытушысының қызметінің құрамды бөлігі. Осыдан, ертең
ұстаздық іске араласамын деген студент мақсат болжау проблемасының ғылыми
мағынасын, педагогикалық қызмет құрымындағы мақсат болжаудың мәні мен
мақсаттың орны мен маңызын, мақсаттарды әртүрлі негізде сараптауды жете
түсініп, игеруі міндетті.
Әрбір міндет өзінің орындалу сәтінде субъект үшін нақты бір мақсатқа
айналады да, ол мақсат өз кезегінде төменірек деңгейдегі жаңа міндеттерді
жүзеге әкеледі. Педагог жалпы мақсат бағдарын жаздырмай отырып, таңғажайып
үздіксіз міндетке, міндеттің мақсатқа өзгерісі мен ауысу аймағына тап
болды. Осыдан да, педагогикалық тәжірибеде түсініспестік орын алып келе
жатыр: нені мақсат, нені міндет деп танимыз?
Егер тәрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтің қадам сайын
алға қойып, әр сәт сайын шешіп отыратын әрекеттерінің бәрі-міндеттер.
Жалпы мақсаттық бағдар назардан ғайып болып, педагог міндет бағытында
жұмыс істеп, ойлай бастағаннан, дәл осы міндет мақсат мазмұнына ие болып,
өзіне қажетті міндеттерге ие болады.

3- лекция.
Тәрбие барысының нәтижелерін және тиімділігін зерттеу, оның ерекшеліктері.
Лекция мәтіні
Тәжірибеде теория технология көмегімен іске асады. Технология сөзі
техно-өнер шеберлік және логос-ғылым деген сөздерден құралған.
Технологияның өндірістік процестегі мәні бұл қолдану кезінде алдын ала
белгіленген нәтижеге жеткізу. Берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға
керек. олар ғылыми өндірістік әдістер құралдар мен алгоритмдер жүйесі.
Технология бұл өндірістің қол жеткізер деңгейінің шоғырлы көрініс белгісі.
Тәрбие – адамзат тарихының біте қайнасқан, ажырамас бөлігі. Тәрбиенің
нәтижесінде талай ғасырлардан қалыптасқан ұлттық сана, іс – тәжірибе, салт
– дәстүр асыл мұра ретінде осы күнге дейін жетті. Тәрбие – қоғамдық
құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік
құрылыс материалы. Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ
тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған.
Тәрбиенің тиімділігін арттыру ісін жүзеге асыру әрбір қоғамдағы мемелекет
мұқтаждығына, талаптарына тәуелді. Өйткені мемлекет талаптарының,
мұқтаждығының өтелуі, оның саяси – экономикалық күш – қайратын шыңдап,
бекіте түседі. Сол себепті ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты шарт – мемлекет
талаптарынан туындайтын тәрбие жүйесін құру, мақсаты айқындау. Бүгінгі
күннің сұранысы – сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді,
шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары
мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез - келген ісінде
патриоттық сезімі көрніс тапқан ұрпақ. Мұндай ұрпақты тәрбиелеу
ісінде мемелекет, білім беру мекемелеріне зор талаптар қойып, үлкен сенім
артады. Тәрбие - педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны,
ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс – тәсілдері бар өте маңызды
процесс. Сол себепті педагогикада тәрбиені ұйымдастырудың негізгі жүйесін,
жолдарын, бағыттары мен ұстанымдарын, заңдылықтарын белгілейтін, педагогтің
тәрбиелік функцияларын айқындайтын – тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
қалыптасты. Тәрбие ісімен айналысушы әр педагог өзінің тәрбиелік
функцияларын біліп қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын, тәсілдерін
жан – жақты іздестіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауы тиіс. Өзінің тәрбиелік
міндеттерін оқушылардың жас және жеке ерекшелігінің спецификасын, олардың
арасында пайда болған қарымқатынасты ескере отырып, ұйымдастырғаны жөн.
Педагогтың тәрбиелік іс - әрекетіндегі басты мақсат – жеке тұлғаның
өздіндік дамуына көмектеу, оның шығармашылық потенциалын жүзеге асыру,
оқушының әлеуметтік – экономикалық мұқтаждықтары мен құқықтарын қорғауды
қамтамассыз ету, оқушыларды жеке даралыққа үйретіп, өз проблемаларын
шешудегі белсенділіктерін арттыруға қажетті және жеткілікті жағдай жасау.
Педагогтің тәрбиелік функцияларының мазмұны - педагогикалық процесті
басқару функциялары негізінде анықталады.Педагогикалық процесте басқару
функцияларын 3 деңгейге бөліп қарауға болады.
Бірінші деңгей - педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық
функциялар. Бұл функциялар оқушының жеке актуалды проблемаларын шешуге
көмектесетін әлеуметтік дамуына жағдай жасауға, сондай – ақ оны жеке өмір
сүре білуге дайындауға бағытталған.
Екінші деңгей – ұйымдастырушылық, коммуникативтік функциялар.
Бұл функциялар оқушылар арасында қарым – қатынасты реттеуге, анықтауға,
ұжым мүшелрінің дамуына жағымды психологиялық ахуал арнатуға бағытталған
әркеттерден тұрады.
Үшінші деңгей – басқару, болжау, мақсат белгілеу, жоспарлау, түзету
функциялары.
Тәрбиеде, қолданылған ұйымдастыру формаларының тиімділігін зерттеу -
маңызы іс. Тәрбие формасының тиімділігін зерттеу дегеніміз – оның
нәтижелерін анықтау және оны ұйымдастырылған жұмыстарға жұмсалған күшпен,
уақыт мөлшерімен салыстыру.
Тәрбие жұмысында кез – келген ұймдастырылған шараның тиімділік
сапасы, тәрбие міндеттерінің өз шешімін табу дәрежесі – оқушылардың одан
алған әсерінің өлшемімен, өзара қарым – қатынас деңгейімен, шығармашылық
белсенділігімен, жеке даралығымен өлшенеді.

4-лекция
Тәрбиенің принциптері туралы түсінік және оларға сипаттама.
Лекция мәтіні
Тәрбиенің принциптері дегеніміз - тәрбие процесінің мазмұнын,
ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын ережелер, алғышарттар, талаптар
және бағыттаушы қағидалар жиынтығы.
Тәрбиенің принциптері адам факторын жеделдету оқу-тәрбие процесін
гуманитарландыру, жеке адамның жан-жақты даму заңдылықтарына негізделген.
Кеңес мемлекетінің көрнекі педагогтары Н.К. Крупская, А.С. Макаренко,
С.Т. Щацкий, П.П. Блонский, В.А. Сухомлинский т.б. кеңес педагогикасының
теориясын дамыта отырып, тәрбие принциптерінің негізін айқындады.
Принцип дегеніміз адамның нақты іс - әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы
шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа
алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы
ережелер.

Мектепте мынандай тәрбие принциптері қолданылады:

1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсатылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына
берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Оқыту мен
тәрбие жұмыстарын мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс -
әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне әсер етеді.
2.Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс
принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани
қатынастарын, өмір шындығыфның моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие
ісінде қолдану болып табылады.
3. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл тәрбие жұмысының жетекші
принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балар мен жас өспірімдердің топтық
және ұжымдық өмірін, олардың тұлғасының рухани байлығының, әлеуметтік
белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шартыдеп
қарайды. А.С.Макаренко ұжымда адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып,
қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі “ұжым” болып
ұйымдастырылған педагогикалық іс - әрекет процесін басқаларынан жоғары
қояды – деп көрсетті.
4. Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің
бірлігі принципі. А.С. Макаренко кезінде “Егер біреу – міреу педагогикалық
тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай
қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет көрсету
деп жауап бере едім” , - деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып
оқушы күш – қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына
тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне
жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар
қатынастарды таңдап алады.
5. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және
үздіксіздігі принципі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері
түгел біртұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді.
Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы,
келісімсіздігі, ретсіздігі тәрбие мақсатына үзілді – кесілді қарама – қайшы
келеді.
6. Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі
принципі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс - әрекетінің мазмұны мен
түрін олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш – қуаты мен мүмкіндіктеріне
сәйкес болуын талап етеді. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және
педагогикалық психологияны терең білуі көмектеседі.
Тəрбие процесінің принциптері (тəрбие принциптері) бұл тəрбие процесінің
мазмұнына, əдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды
айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары. Олар тəрбие процесінің анайылығын
аңдатып, педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт-бағдар
береді.
Тəрбие процесіне арқау болар принциптер өз алдына жүйеге бірігеді.

Осы жүйедегі гуманистік педагогика принциптері келесідей:
- тұлғалық бағыт принципі;
- тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі;
- тəрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі;
- тəрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі;
- тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі.

Тұлғалық бағыт принципі. Тəрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі
тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, əсіресе жалпы жəне жеке
адами қасиет - сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады.
Адами қасиет сапалар мəні: тұлғаның өмірлік бағыт-бағдары, тіршілік
жоспары, құндылықты бағамдары, қалыптасқан жандүниелік ұстамдары, іс-
əрекеті мен мінезіндегі басымды сеп-түрткілер. Тұлғаның осы аталған жетекші
сапаларынан бөлектене қарастырылатын жас не даралық ерекшеліктер (мінез,
темперамент, ерік жəне.т.б.) жоғары дəрежелі кісілік қадір-қасиеттерді
қалыптастыруға бағышталған тəрбиені қамтамасыз ете алмайды, жас деңгейін,
даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да болса, жоғарыда аталған
сапалардың жетекшілік ролін тану ғана баланың жас мүмкіндіктері мен жеке
ептіліктерін дұрыс пайдаланудың көзін ашады.
Тұлғалық бағыт принципінің тəрбиеші алдына қоятын талаптары:
1) тəрбиеленушілердің жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез бітістерін,
көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерін үздіксіз зерттеп, жете білу; 2)
тəрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті, сеп-
түрткілер, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен еңбекке деген көзқарасы,
құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді тұлғалық сапалардың нақты
қалыптасу деңгейін түбегейлі тану; 3) əр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын
қамтамасыз етуші күш-қуатына сəйкес əрі біртіндеп күрделеніп баратын
тəрбиелік істерге ұдайы қатыстырып бару; 4) мақсатты іске асыруға кедергі
болар себептерді өз уақытында анықтау əрі аластау, ал егер бұл мүмкін
болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тəуелді тəрбие бағытына дер мезетінде
өзгерістер енгізу; 5) барынша тұлғаның өз белсенділігін арқау ету; 6)
тəрбиені тұлғаның өзіндік тəрбиесімен ұштастыру, оқушыға өзіндік тəрбие
мақсаттарын, əдістері мен формаларын таңдауға жəрдем беру; 7) оқушыда
дербестік, ынталылық, өзіндік іс-əрекет қабілеттерін дамыту, тек
басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-əрекеттерді ұтымды ұйымдастыру
жəне бағыттай білу.
Осы талаптардың бірлікті орындалуы мектеп тəжірибесінде бұрыннан танымал
жас ерекшеліктері мен даралық ескеру принциптерінің қарабайырлығын жояды,
тəрбиешіні процестің үстірт белгілеріне шегеленбей, тереңде жатқан мəн-
мағыналық байланыстарға назар аударуға бағыттайды, осы процесте көрінетін
тəрбие заңдылықтары мен себеп-салдарлы қатынастарды тануға жетекшілік
етеді.
Тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі. Озат
ойлы педагогтар тəрбиені өсиет пен өнеге, сендіру жəне зорлау жəрдемімен
адамдарды нəзік шақтан іс-əрекетке қосып, игерілген ережелерді тұрмыста
қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым (Г. Сент-Джон) ретінде таныған. əр
дəуірде бұл принцип мəні ауысып барған: бірде жеке тұлғалық бағыт басымдау
болып, кейде қоғамдық, мемлекеттік бағыттар жетекшілік еткен. Алайда,
тəрбиенің басты міндеті - адамды белсенді қоғамдық əрі рахат жеке өмірге
дайындау - қай заманда да сақталып қала береді.
Бұл принцип бойынша педагогтың барша қызметі өсіп келе жатқан əулет
тəрбиесін мемлекеттің тəрбиелік стратегиясына сəйкес орындауға жəне
əлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тəрбиеші тəрбие саласындағы мемлекеттік
тапсырысты орындайды. Егер мемлекет жəне қоғам мүдделері сəйкес келсе,
азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда тəрбие принциптері де
тəрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Ал
бұл жағдай керісінше болса, принцип іске аспай қалады, себебі тəрбиешінің
тəрбие істері қорына толыққанды тəрбие үшін қажет нақты деректер түспейді.
Бұл принципті іске асыру барысында əсіре ұрандаудан, желікпе үндеулерден,
бөспе сөзділіктен аулақ болған абзал, себебі тəрбие ең алдымен құнды əрекет-
қылық жəне қарым-қатынас тəжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін пайдалы
іс-əрекет, қызмет процесінде жүзеге келеді. Алайда, оқушы араласқан нақты
іс-əрекет (ойын, еңбек, қоғамдық істер, оқу, спорттық жəне т.б.) тəрбиелік
мəнге ие болуы үшін, оның субъекті - балада сол əрекетке деген қоғамдық
құнды сеп-түрткілерді қалыптастыру қажет. Егер олар жоғары ізгілікті,
қоғамдық мəн-мағынасымен елеулі болып келсе, əрекет-қылықтар нəтижесінде
орындалатын қызмет те үлкен тəрбиелік ықпалға ие болады. Əр тұлғаның
əлеуметтік сапаларын орнықтыруда оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі
олардың мақсатты бағытталған сана-сезімін қалыптастыру істерімен ұштасуы
қажет. Баланы қандай да іс-əрекетке ойыстыруға қолданылған сөз, ауызекі
нұсқау, нақты тұрмыстық пайдалы қызмет пен ұнамды əлеуметтік тəжірибеде өз
бекімін табуы тиіс.
Тəрбиенің өмір жəне еңбекпен байланыстық принципі. Мектеп үшін емес -
өмір үшін - ұранымен күтіп алады екен ежелгі Рим мектептері өз оқушыларын.
Адамзаттың алғашқы қадамдарының өзінде –ақ адам тəрбиесімен шұғылданған
тұлғалар өмір мен тұрмыс практикасынан ажыралған тəрбиенің мағынасыз
болатынын түсінген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс-əрекетімен, қоғамдық
жəне еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тəуелді байланыста. Адамның
ұнамды сапалары еңбекте ғана дамиды: неғұрлым ол ауқымды, мақсатқа орай
болса, тұлғаның дамуы мен əлеуметтену деңгейі де жоғары келеді. Осыдан да
тəрбиеленушілерді қоғамдық өмірге, əрқилы пайдалы істерге араластырумен
оларға болған ұнамды көзқарас пен қарым-қатынастарын қалыптастырып бару
міндетті шара. Тең құқықты мүше ретінде еңбек процесіне қатыса отырып, бала
адамгершілікке баулынады, рухани жəне тəндік дамуға келеді, еңбектің
қоғамдық мəнді сеп-түрткілерін ажырататын болады, өзінің моральдық сапа-
қасиеттерін бекітеді, одан əрі жетілдіреді.
Тəрбиені өмірмен байланыстыру принципі педагогтардан екі бағытта белсенді
қызмет атқаруды талап етеді: 1) тəрбиеленушілерді адамдардың қоғамдық өмірі
жəне еңбегімен қолма-қол əрі кең таныстырып, жалпы тұрмыста болып жатқан
əлеуметтік өзгерістерді мезетінде түсіндіріп бару; 2) тəрбиеленушілерді
шынайы өмір қатынастарына тартып, араластыру, қоғамдық пайдалы іс-
əрекеттердің сан-алуан түрлеріне қызығулары мен бейімділіктеріне сəйкес
қосып, оның нəтижесінен рахат сезінуге баулу.
Аталған принципті іске асыру барысында педагог орындауы тиіс міндеттер
төмендегідей:
- қоғам мен адам өміріндегі еңбектің маңызын əр балаға жете түсіндіру;
- материалды жəне рухани дүние өндіруші еңбек адамдарына болған құрметке
баулу;
- шаршап-жалықпай еңбектену қабілетін дамыту, қоғам жəне өз мүддесі үшін
адал да шығармашылықпен іс қылу ниеттерін өрістете түсу;
- қазіргі заман өндірісінің жалпы негіздері жөніндегі ақпараты жеткізу;
- еңбек аясында өз басы мүдделері мен қоғамдық міндеттерді үйлестіре
білуге, қоғам қажеттері мен өз ниеттеріне орай кəсіп таңдауға үйрету;
- қоғамдық игілік жəне табиғат байлықтарына құндылықпен қатынас жасауға
баулу;
- қоғамдық мүлікке байланысты ысырапшылдыққа, жауапкерсіздікке, талан-
тараждыққа, табиғат байлықтарына болған жыртқыштыққа төзбеушілік сезімін
ояту.
Тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұтымды ұштастыру мақсатында келесі ережелерді
ұстанған жөн:
1. Желең сөз емес, оқушылардың нақты əрі қолынан келер ісі пайдалылау.
Осыған орай тəрбиеші сабақ жəне сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптар
бағдарламасын түзіп, оларды бірізділік принципі негізінде іске асырып баруы
шарт.
2. Өз əрекеттерін жанұя талаптарымен үйлестіре отырып, тəрбиеші əр оқушыға
оның басты міндеті оқу екенін жете түсіндіруі лазым. Бұған қосымша –үйге
жəрдемдесу, əлі жететін басқа да тапсырмаларды орындау.
3. Бала, əдетте, қандай да істі орындауға құштар; енжарлық, селқостық,
іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар.
4. Дəрістер мен сыныптан тыс тəрбие жұмыстарында өлкетану материалдарын
пайдаланған өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті оқыту құралдарын жасау әдістемесі
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімінің кәсіптік дайындығы, оның білім беру жүйесіндегі орны
Қазіргі кезеңдегі жалпы орта білім беретін мектепте сызуды оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Зерттеудің көкейтестілігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Пәндер