Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және бөлімі.

Мақсаты: өсімдік патшаны оқу. Споралы өсімдіктердің көбею әдістерің, құрылым ерекшеліктерің оқу.

изучение царства растений. Особенности строения мохообразных и плаунообразных.

Дәріс жоспары:

  1. Өсімдік патшасының систематикасы және жалпы сипаттамасы.
  2. Споралы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы.
  3. Мүк тәрізділердің бөлімі.
  4. Бауырлар класы.
  5. Жапырақ - сабақты мүктер класы.
  6. Плаунтәрізділер бөлімі.
  7. Қырықбуынтәрізділер бөлімі.
  8. Папоротиктәрізділер бөлімі.

Дәріс тезистері

Патша асты жоғары сатыдағы өсімдіктер Embryobint немесе Embryophyta

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер - Cormobionta

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі мүшелерге - тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген, олар ұлпаларан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофіті ( 2 n ) мен гаметофитінің ( 1 n ) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Аталық жыныс органы антеридий - қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген спермазоидтар пайда болады. Жаланыш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері да редукцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылыстарына қарай жоғары сатыдағы өсімдіктер аохегониялы ( Archegoniata ) және пестикті (Gynoeciatae) болып екі топқа бөледі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорфиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (n) есебінен, ал пестікті өсімдіктерде спорфиттің қоржинайтын ұлпасы эндоспермнің (3 n) есебінен жетіледі.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер 9 бөлімде бөлінеді:

  1. Ринофиттер бөлімі - Rhiniphyte
  2. Зоотерофилді - Zosterophyltophyta
  3. Мүк тәрізділер - Bryophyta
  4. Плаун тәрізділер - Zycopodiophita
  5. Псилофит тәрізділер - Psilotophute
  6. Қырықбуын тәрізділер - Eguisefophyta
  7. Папоротник тәрізділер бөлімі ( шанжапырақтылар) - Polypodiophyta
  8. Жаланаш тұқымдылар - Gymnospermae, немесе Pinophyta
  9. Жабық тұқымдылар ( гүлділер ) - Angiospermae, немесе Magnoliophyta

Мүк тәрізділер бөлімі - Bryophyta.

Түрлердің жалпы саны 35 мыңдай, мүк тәрізділерді зерттейтің ғылым бриология деп аталады.

Құрылысы. Мүк тәрізділердің өмірлік циклінде, басқа жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасының - спорофіті мен гаметофітінің алмасуы байқалады. Бұлардың гаметофитті басым болып келеді, ал қалған жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басым болады.

Гаметофит дегеніміз жапырақ тектес таллом, немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидтары атқарады.

Мүк тәрізділер сырт құрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын. Балдырлар секілді, олардын да сосудтары мен тамырлары болмайды. Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомиялық бұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады. Мүк тәрізділердің түктері мен тамырлары болмайды. Ұрықтануы сумен тікелей байланысты.

ТАРАЛУЫ: Мүк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі, бірақ таралуы бір келкі емес. Тропикалық елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі. Аздаған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кезеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір сүреді. Түрлердің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғылы мол жерлерде өседі. Мүк тәрізділердің тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше. Мүк тәрізділер тек қана теңізде және өте тұзды топырақтарда өспейді.

Классификациясы: мүк тәрізділер үш класқа бөлінеді:

  1. Бауыр мүктер класы (печеночники) - Marschantiopsida.
  2. Жапырақ сабақты мүктер, немесе нағыз мүктер класы (Листостибельные) - Bryopsida немесе Musci
  3. Антоцероттылар класы (антоцеротовые) - Anthocerotopsida

Ең маңыздылары бауыр және нағыз мүктер кластарының өкілдері.

БАУЫР МҮКТЕР КЛАСЫ - HEPATICOPSIDA.

Түрлердің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Басқа мүктәрізділерге қарағанда бауыр мүктердің гаметофиті қарапайым, ал спорофиті күрделі дамыған. Спорофиті ұзақ өседі.

Кластың негізгі өкілі кәдімгі маршанция (Marschantia polymorpha, сурет және жұзых жүретін purrus - riccia fiuiftfns. Ол гаметофитінің ұзындығы 10 - 20 см болатын, дихотомиялы бұтақталған, табаққша тәрізді талломынан тұрады.

Жұмыртқа клеткасы мен спермотозоид ұрықтанғаннан соң зигота түзіледіде, зиготадан спорогон жетіледі. Ол қысқа сағақты (тіркесті) қорапшадан тұрады және гаусториялары арқылы гаметофитке бекініп тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін клеткаларынан мейоздың нәтижесінде гаплоиды споралар мен элатералар пайда болады.

Маршанциялардың түрлері табиғатта кен таралған. Оларды көп жағдайда мол ылғалы жерлерден: көлдер, өзендердің жағасынан, жыралардан, ормандардағы төменгі ярусты түзетін шөптесін өсімдіктердің арасынан кездестіруге болады.

Бауыр мүктер класы екі класс тармағынан тұрады.

  1. Маршанциялар кластармағы - Marchantiidae

- сферокарпалар қатары - Sphaerocarpales

- маршанциялар қатары - Marchantiales

2. Юнгерманиялар кластармағы - Iungermannidae

- метцгериялар қатары - Metzgeriales

- гапломитриялар қатары - Haplomitriales

- юнгерманиялар қатары - Iungermanniales

ЖАЛПАҚСАБАҚТЫ НЕМЕСЕ НАҒЫЗ МҮКТЕР КЛАСЫ

(листостебельные) - Bryopsida, немесе music.

Түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады. Көптеген түрлері солтүстік ендіктің поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерінде өседі. Тундараның үлкен кеністігінде, батпақты және орманды жерлердің өсімдіктер жабынында олар басым болып келеді, (доминантті) және құрлықтың сумен қамтамасыз етілуіне үлкен әсері болады.

Жердің қоныр салқын және салқын зоналарының тундра мен батпақ өсімдіктерінің арасында нағыз мүктер өседі.

Нағыз мүктер класы 3 клас тармағынан тұрады.

1 - андреев мүктері (андреевые или андреды) - Andreaidae

2 - шымтезек мүктері (сорагновы или сфагниды) - Sphagnidae

3 - жасыл мүктер ( бриевые, или брииды) - Bryidae

Соңғы екі кластармағының өкілдерінің маңызы үлкен.

Шымтезек мүктер кластармағы - Sphagnidae

Бұл кластармағы бір қатардан (Sphagnidae) тұрады. Оған жалғыз сфагнум (Sphagnum) туысы жатады. Туысқа 300 - ден астам түр жатады, оның 42 - сі бұрынғы одақтас республикалардың территориясында кездеседі.

Шымтезек мүктерінің құрылысы бір тектес болып келеді. Олардың гаметофиттері, әсіресе жоғарғы жағынан қатты тарамдалған өсімдіктер (3 сурет) .

Тарамдалған бұтақтарының жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Шымтезек мүктері ылғылдылығы өте жоғары болып келетін ортада өмір сүреді. Соған байланысты олардың ризоидтары болмайды және су тікелей сабағына өтеді, ал соңғысы біртіндеп ескере келе түр жағынан өле бастайды. Сабағының құрылысы күрделі болмайды.

Шымтезек мүгінің (сфагнумның) құрылысы өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді протонемасы табақша тәрізді, өткізгіш шоғы менризоидтары болмайды, қорапшасы нашар дефференцияланған.

Шымтезек мүктерінің табиғаттағы маңызы өте зор. Олар өз бойына көп мөлшерде су жинап, қалын шым түзеп көптеген жерлерді алып жатады. Сөйтіп олар тундра зонасына дейін жететін көптеген кеңістікті батпаққа айналдырады.

Ескі шаруашылыққа маңызы үлкен болады. Шымтезек қабаттарының қалындауы ең қолайлы жағдайлардың өзіне өте баяу жүреді. Қолындағы 1 см болатын шымтезек қабатының түзілуіне шамамен 10 жылдай уақыт қажет.

Жасыл мүктер кластармағы (зеленые мхи) - Bryidae

Түрлердің жалпы саны 24. 6 мыңдай болады. Шымтезек мүтеріне қарағанда біршама көп таралған. Тундардан бастап шөлді аймақтарға дейіні әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі. Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері, еңі олардың айқын басым болып келетін немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлері тундра, батпақты жерлер және ормандардың кейбір типтері. Әбір ортаның өзіне тән түрлері болады.

Жасыл мүктердің ең кең таралған өкілдерінің біріне көкек зығыры ( политрих обыкновенный - кукушкин лен) - Polytrichum commune ( 176 сурет) жайады. Ол орманда орманның ашық жерлерінде және батпақты жерлердің шеттерінде өседі.

Гермафродиттің сабағы тік, бұтақталынбаған, биіктігі 15 см, кейде оданда биіктеу болып келеді.

Сабағын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Гаметофиттің жер асты бөлігі горизонталь бағытта төселіп жатады, онда ризоидтары пайда болады. Сабақтың ортасында флоэма мен ксилемаға сәйкес келетің, ұзынша клеткалардан тұратын өткізгіш шоқтары болады. Ол склеродермасы мен гиалодермасы бар қабық қабатымен қоршалған болады.

Халық шаруашылық және медициналық маңызы.

Шымтезек мүктердің табиғаттағы маңызы өте зор. Олар өз бойына көп мөлшерде су жинап, калың шым түзіп көптеген жерлерді алып жатады. Сөйтіп олар тундра зонасына дейін жететін көптеген кеңістікті батпаққа айналдырады. Екішіден ескі батпақтардың, шымтезектің кені (залежь) ретінде шаруашылыққа маңызы үлкен болады.

ПЛАУН ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ - Zycopodiophyta

Плаун тәрізділер өте ертеде пайда болған өсімдіктердің бірі. Олар эволюцияның ұсақ жапырақтылар линиясын түзеді. Қазіргі өкілдері көп жылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер, ал жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да болған. Плаун тәрізділердің жалпы саны 1000 түрден аспайды.

Гаметофиттері жердің астында жетіледі, ұзындығы 2 - 20 мм ден аспайды, сапрофитті қоректенеді. Ұрықтануы сумен байланысты.

Классификациясы. Бұл бөлім 2 кластан тұрады:

Плаундар класы - Zycopodiapsida

Полушниктер класы - Isaetopsida

Плаундар класы - Zycopodiapsida

Бұл класқа тең споралы плаун тәрізділер жатады. Плаундердің сабағы мен тамырларының камбий болмайды. Жапырақтарының тілшелері болмайды. Спораларының мөлшері бірдей. Гаметофиттері қос жынысты 1 - 15 жылдың арасында пісіп жетіледі. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Қазіргі кезде кластын 2 туысы бар.

Плаун - Zycopodium

Баренц - Huperzia

Шоқпарбас ( Плаун булавовидный) плаун ( Zycopodium clavatum) (131 сурет) .

Қылқан жапырақты ормандарда кең таралған өсімдік. Спорофиті жерге төселіп өсетін сабақтан тұрады. Оның вертикаль бағытта көтеріліп тұрған бұтақтары мен төмен қарай кететін қосалқы тамырлары болады. Сабағы мен тамырларының төбелік тарамдалған бұтақтары болады. Өткізгіш шоқтары сабақтың ортасында орналасады.

Папоротник тәрізділер бөлімі.

Бұрынғы геологиялық кезеңдерге қарағанда бәсендеу болғанмен, өзінің шарықтап өсуін әліде жалғастырып келеді. Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Олардың таралғаны жиі. Бірақ алуан түрлілігі ылғалды орманда ерекше орын алады: олар эпифит ретінде басқа ағаштардың діндерінде де өседі.

Құрлысы: Қазіргі кездегі папоротник тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер.

Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Жапырақтары талломдардың жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуға негіз болады. Соңдықтанда оларды вайялар деп атайды. Көп жағдайда жапырақтар 2 қызмет атқарады - фотосинтетикалық және спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері фотосинтезге маманданған болып келеді.

Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңырқай климатты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қырықбуын тәрізділер және қырықжапырақ тәрізді бөлімі
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
Алғашқы жабық тұқымдылардың шығу тегі және дәлелдері
Қырықжапырақ тәрізділер құрылысының ерекшеліктері
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Папоротниктәрізділер бөлімінің жалпы сипатамасы және жіктелуі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Кладофоралы балдырлар қатары
Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы
Өсімдіктер систематикасын зерттеген ғалымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz