Шекілдеуікті өсімдіктердің зиянкестері мен аурулары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ШЕКІЛДЕУІКТІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ

Алма зиянкестері. Жеміс ағаштарының ішінде алма ағашына жеміс зиянкестерінің көп түрлері зиян келтіреді. Бұлардың ішінде ең қауіптісі төменде суреттелетін жеміс зиянкестерінің жеті түрі болып табылады.

Алма күйесі. Алматы жеміс аймағында және Алматы қаласында алма күйесі - алманың негізгі зиянкесі. Алма күйесі Шымкент пен Жамбыл облысының таулы аудандарында да көп кездеседі.

Күйе жұлдызқұрты жапырақтарды жеп, ағаштарды әлсіретеді, сөйтіп жеміс өнімін азайтады; күйе жеген ағаштар келесі жылы да өнім бермейді.

Ересек күйе - кішкентай ғана көбелек (қанаттарының бір ұшынан екінші ұшына дейінгі), ұзындығы 22 миллиметр. Алдыңғы қанаттарының үстіңгі жағы ақ, әрбір қанатында 18-25-тен қара дақтары болады. Артқы қанаттары күлгін, арт жақ ұшында кішкентай шашақшалары болады, артқы қанаттары дақсыз, бір түсті келеді.

Көбелек жаздың орта кезінде алма ағашының бұтақтарына жұмыртқалайды; көбелек жұмыртқаларын жұқа қабықшақ тәрізді «қалқанмен» орап тастайды.

Жаздыгүні жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттардың қалқаны болады, сол қалқанның астынан шықпай қыстап қалады. Қалқанның көлемі 2-4 миллиметрдей болады; әрбір қалқан астында 25-40 жұлдызқұрт қыстайды.

Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 15-20 миллиметрге дейін жетеді. Ересек жұлдызқұрттар денесініқ түсі - сарғыш-ақтан бастап қара сұрға дейін келеді.

Долана көбелегі. Долана көбелегі Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Бауларда долана көбелегі көбінесе алмаға зиянын тигізеді, ал жаппай көбейіп кеткен жылдары әр түрлі жеміс ағаштарының гүлшешектері мен жапырақтарын да қажап жейді.

Бұл әр қанатының бір ұшы мен екінші ұшының аралығы 60-70 миллиметрге дейін жететін, қанаттарында күңгірт тамырлары бар ақ көбелек Жұмыртқалары ашық сары, 12-14 қырлы, шөлмек тәрізді болады, долана көбелегі жұмыртқаларын әр уақытта топ-тап салады. Жұлдызқұртының түгі сирек, арқасында және бүйірлерінде үш қара жолағы және екі қызыл қоңыр жолағы бар, басы мен аяқтары қара болады. Ересек жұлдызқұрттың тұрқы 45 миллиметрге дейін жетеді. Куыршағы буылдырыңқы қара нүктелі теңбілдері бар, ақсары келеді, денесінің ұзындығы 20 миллиметрге дейін жетеді.

Тіршілік әрекеті. Қішкентай жұлдызқұрттар өрмекші торына оралған, қурап қалған жапырақтар ішінде қыстап шығады, бұл жапырақтар күзде, жапырақтары түсіп жалаңаштанып қалған ағаштардың бұтақтарында айқын көрініп тұрады. Бұлар -долана көбелегінің қысқы ұялары, көктемде, жеміс бүршіктері жарыла бастаған кезде жұлдызқұрттар оянып, өздерінің ұяларынан щығады, ашылған бүршіктермен, сонан кейін жапырақтармен, гүл шанағымен және гүлдермен қоректенеді, зиянкес аса көбейіп кеткен кезде ағаштардың жапырақтарын мүлде жойып жібереді. Гүлдеу дәуірі аяқталғанға дейін жүлдызқұрттар өсіп, алма ағаштары мен басқа ағаштардың немесе

а-долана көбелегі; б-жапырақтағы долана көбелегінің ұрықтары және ұрықтың жеке түрі көрсетілген; в-долана көбелегінің жұлдыз құрты; г-көбелек-жалғыз жібек құрты - аналық түрі; д-көбелек - жалғыз жібек құрты - аталық түрі, жапырақтағы жалғыз жібек құртының бір түрі; е-бұтақтағы алма битінің қанды түрі; ж-алма жемісіне түскен жеміс жегіш жұлдыз кұрты; и-алмұрт бүрге шіркейі; к-бүрге шіркей түскен алмұрт.

бұталардың бұтақшаларына қуыршақтайды. Қуыршақтану дәуірі жарты айға созылады.

Июньнің орта шенінде, алма түйіндері үлкейген кезде қуыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Бұл көбелектер екі аптаға дейін ұшып жүреді. Сонан соң жұптасып (шағылысқа түседі), ұрғашы көбелектер алма жапырақтарының үстіне 40-90 данадан топтап жұмыртқалайды, 15 күннен кейін жұмыртқалардан жұлдызқұрттар жарып шығып, олар сол бойда-ақ, жапырақтармен қоректене бастайды. Олар 10-15 күн өмір сүреді, олардың зандары онша байқала қоймайды. Сонан кейін жұлдызқұрттар өздері жеген 2-3 жапырақты және өзін қоса өрмекші тормен шырмап, осы қалпында ұйқыға еніп қыстап қалады.

Күрес шаралары. Долана көбелегінің ұялары күзде жапырақ түскеннен кейін, қыста және ағаштар бүршік жара бастағанға дейін, көктемде ағаштардан сыпырып алынып өртеледі. Көктемде жеміс бүршіктері жарыла бастаған кезде ағаштар гүлдей бастағанға дейін долана кебелегі түскен ағаштарға гексахлоран немесе ішек уы дәрілері белгілі мөлшерде бүркіледі.

Қанды алма шіркейі. Бұл шіркей тек алма ағаштарында ғана болады. Алма шіркейі Адматы облысында кездеседі. Қазақстанның басқа облыстарында кездеспейді. Қанды шіркейдің баска шіркейлерден айырмасы оның денесін ақ ұлпа жүн қаптап тұрады. Шіркейді сыққан кезде - қызыл коймалжың қан шығады. Сондықтан да оны қанды немесе жүндес шіркей деп атайды. Әдетте бүл шіркей топ-топ болып жүреді, топтасып жүрген шіркейлер ағаш қабығына жабысқан мақта сияқты болып көрінеді.

Тіршілік әрекеті. Шіркейлер ағаш қабығының жарықтарында және жараларында, бұтақтардың сызаттарында өмір сүреді. Әсіресе ағаш діңінен шығатын өгей бұтақтарға әуес болады, алма ағаштардың тамыр жақтарында тіпті тамырларына жабысып тіршілік етеді. Ересек канатсыз ұрғашы шіркейлер мен олардың жұмыртқалары да осы жерде қыстайды. Шіркей ерте көктемнен бастап қыс түскенше бірнеше рет балалап, өте көбейгіш келеді. Шіркейлер ағаштың және оның қабығының нәрін сорады, осының салдарынан бұтақтар буылдықтанып ісіп кетеді, өсімдік әлсірейді, ал шіркейлер жабысқан тікше материалдар, көбінесе отырғызуға мүлдем жарамсыз болып қалады.

Күрес шаралары. Бұл шіркейдің құпия өмір сүруі (жер астындағы ағаш тамырларында болуы) және өніп-өскіштігі оған қарсы күрес жүргізуді қиындата түседі. Бұған күрестің биологиялық әдісін қолдану жақсы нәтижелер береді. Бұл үшін өте ұсақ паразит жәндік-афелинус қолданылады; мұның денесінің ұзындығы 2, 0 мм. Афелинус шіркей денесінің ішіне еніп жұмыртқалайды, оның жұмыртқалары шіркей ішінде өмір сүріп, оның денесінен қоректенеді; сөйтіп ақырында шіркей өледі. Афелинус бір жаз ішінде 7-9 ұрпаққа дейін көбейіп үлгіреді. Сөйтіп шіркейдің 90 проценттен астамын жояды. Бұдан өзге тікпе материалдарды - бромды металмен немесе цианды газ жіберіп фумигациялау қолданылады.

Афелинусты қолдануды, сондай-ақ тікпе материалдарды фумигациялауды ҚазақССР Ауыл шаруашылық министрлігінің арнаулы баумен шұғылданатын мамандары немесе онын, карантин лабораториясы жүргізеді.

Дачада, жеке үй іргесіндегі учаскелерде әрбір адамның өздері жүргізуіне де болады. Күрес шараларының комплексіне мыналар жатады:

а) жеміс бермейтін ағаштарға гексахлоран шашу; сонымен бірге ағаш астындағы жерге де гексахлоран шашылып, сонан соң топырақ күрекпен аударыстырылады;

б) ағаштың шіркей бар жерлерін мазутпен майлайды;

в) шіркей түскен ағаш тамырларына темекі қоқымын, әк немесе күл себеді;

г) көк бұтақтарға сабын араластырған анабазин сульфат шашады (1 литр суға 5 грамнан сабын араластырылады) немесе ДДТ, гексахлоран эмульсиясын бүркеді.

Бауда қанды шіркейдің бар екендігін білген кезде бұл туралы дереу аудандық РАПО-ға хабарлау керек.

Алма құрты. Алма құрты деп аталатын бұл зиянкес өте қауіпті. Бұл алма құрты оңтүстік облыстарда көп кездеседі, ал Қазақстанның басқа бау өсіретін аудандарында аз кездеседі.

Алма құрты қанатының бір ұшынан екінші ұшына дейінгі аралығы 20-22 мм болатын ұсақ көбелек. Алдыңғы қанаттары көлденең қара ирек сызықтары бар, көгілдір түсті қанаттарының жоғарғы жағында шағын қара теңбілдері болады. Артқы қанаттары бір түсті қоңыр келеді. Жұмыртқасы жалпақ-домалақ болады, жұлдызқұрттың басы қоңыр, өзі қызыл болады. Денесінің ұзындығы 15--20 мм жетеді, қуыршағы қарынының шет жағында 8 түйір қылшығы бар қызыл қоңыр болады.

Тіршілік әрекеті. Оңтүстік аудандарда (Шымкент және оның оңтүстік аудандарында) алма құрты 3 рет, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарында 2 рет, солтүстік аудандарда 1 рет қана өніп-өседі. Алма құрты жұлдызқұрт стадиясында алма діңдері қабықтарының жарығында қыстайды, бұл жарықтарға жұлдызқұрттардың 70 процентке жуығы жиналады, қалған жұлдызқұрттар жуан бұтақтар арасындағы ағаш қабығында қыстайды.

Қөктемде жұлдызқұрттар куыршақтанды, ал алма ағаштары гүлдер кезінде көбелектер пайда бола бастайды. Олар жеміс түйінінің үстіне барып жұмыртқалайды. Жазда алма құрттарының көбелегі кәдімгі жеміс үстіне екінші рет балалайды. Жұлдызқұрттар алма дәндерімен қоректенеді.

Күрес шapaлapы. Күзде немесе ерте көктемде ағаш дәндеріндегі және жуан бұтақтардағы қурап қалған қабықтарды мұқият тазартып алып тастау керек. Сонда ғана қыстан қалған көптеген жұлдызқұрттар, ал көктемде көптеген қуыршақтар қырылады. Ағашты тазартқаннан түскен қоқымдардың барлығын түелдей жинап өртеп жіберу кажет. Ағаш діндері мен жуан бұтақтарға қою әк ертіндісін шашу немесе ағаш діңдерін әктеу керек. Алма құтарының тіршілік әрекеттерінен шығатын бұдан арғы күрес мынадай жолдармен жүргізіледі:

Алма ағаштарының гүлдері түскеннен бірнеше күн кейін, алма кұртының кебелектері екі аптадай жаңа түйіліп келе жатқан түйінге жұмыртқа салумен болады. Осы ксзде ағаштарға улы қоспаларды бүрку қажет. Бірінші бүрку - алма ағаштарының гүлі түскеннен кейін, екінші бүрку 8-10 күн өткеннен кейін жүргізіледі. Алма құртына қарсы қолданылатын у ретінде 1 литр суға қосып есептегенде мыналарды пайдалануға болады: гексахлоран эмульсиясы 6-8 грамм, әкпен араластырған кальций арсенатын-3 грамм, париж көгі 1 -1, 5 грамм және әк 2-3 грамм (соңғы 2 уға 1 -1, 5 грамнан анабазиин сульфат қосқан пайдалы) . Алғашқы у бүрку жеткілікті, мол болуға тиіс.

Гүлденгеннен 10-15 күн кейін алма ағаштары мен алмұрт ағаштарының діңдерінде кенептен немесе ескі шүберектерден, олар табылмаған күнде, сабаннан немесе шөптен белдік шөптер байлау керек. Бұл белдіктердің ені 12-15 см болуға тиіс. Жіңішке шеп белдіктерінің пайдасы аз болады. Бұл белдіктер астына жұмыртқалау үшін құрттар үймелейді. Әрбір 8-10 күн сайын белдіктерді шешіп, оның астына жиналған жұлдызқұрттар мен куыршақтарды шелекке салып жинап әкетіп отыру қажет.

Егер бұл шаралар істелмесе белдіктер жеміс құрттарының көбеюіне қолқабыс етеді. Әсіресе уланған белдіктердің пайдасы көп болады. Бұл белдіктер гексахлоран эмульсиясына малынады (1 литр суға 20 проценттік 150 грамм эмульсияға батырылған белдіктер кептіріледі, сонан соң келесі күні ағаш діңдеріне буылады) . Бұл белдіктердін астына жиналған жұлдызқұрттар бірте-бірте өледі, алайда дүркін-дүркін бұл белдіктерді де бақылап тұру қажет.

Июль айының бас кезінде алма көбелеңтерінің екінші ұрпағы пайда болады. Көбелектердің ұшуын үнемі бақылап отыру қажет. Алма көбелектерінің жұмыртқаларынан бастап жаппай ұшып шыққанына дейін жоғарыда көрсетілген уларды жеміс ағаштарына екі рет бурку керек.

Бұл кезде бірден кенелерді де өлтіру үшін бүркілетін ерітіндінің әрбір литріне 10 : -15 грамм күкірт қосылуға тиіс.

Алмұрт зиянкестері. Құрт-құмырысқалар алмаға қарағанда алмұртты едәуір аз зияндайды. Алайда, оңтүстік облыстарының кейбір бауларында алмұрт бүргешіркейі өте көп болады, ал кейде алмұрт жапырақтарын кілегейлі-құмырысқалардың лнчинкалары зияндайды. Жапырақ биттері түскендігі анықталған кезде әдеттегі қосынды уларды бүрку жолымен күрес жүргізіледі. Алмұрт жемісін алма кұрты, жапырақтарын кейде жібек құрты, долана көбелегі де зияндайды.

Алмұрт бүргешіркейі. Бұл бүргешіркейі тек алмұртқа ғана зиянын тигізеді, алмұрт ағашының жапырағын жаппай түсіріп, өнімін шұғыл кемітеді.

Ірі бүргешіркейдің көлденең қара жолақты, бауыры сары болады, кеуде жағында бес ұзынша жолағы бар, қанатты шіркейлерге аздап ұқсайды. Денесінің ұзындығы-2-3 мм келеді. Личинкалар ұсақ жалпақ, қара-көк түсті болады, бірнеше күннен кейін қанаты шыға бастайды.

Тіршілік әрекеті. Бүргешіркейі 3-5 рет, ал Шымкенттің оңтүстік жағында-5 ретке дейін балалайды. Ересек бүргешіркейі алмұрт ағаш бұтақтарының кәрі қабықтары астында қыстайды. Ерте көктемде, мартта оянып жұптасады да (шағылысады) жаңа жарылып келе жатқан бүршіктерде жұмыртқалайды. Бүргешіркейі өте балалағыш келеді. Бір ұрғашы бүргешіркейі 500-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаны жарып шыққан личинкаларымен ересек жеміс бүргешіркейі жапырақтарды сорады. Олар өз денесінен көптеген мыс тәрізді жылтыраған тәтті қоймалжың сұйық зат бөледі, мұның өзі ағаш жапырақтарын жылтыратып ағаштардан «шық» болып тамып тұрады. Алмұрт жапырағы түсіп қалады да кейбір жемістер пісіп үлгере алман көк қалпында солады. Зиянкестердің, әсіресе екінші және үшінші буыны ерекше зиянды келеді.

Күрес шаралapы. Ағаштарға 0, 5 процентті анабазин қосылған 4 процент сабын ертіндісі (1 литр суға 40 грамм сабын, 4 грамм анабазин араластырылады) бүркіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шекілдеуіктілер
Шекілдеуікті мен сүйекті жеміс-жидектерді ветеринариялық-санитариялық сараптау
Қазақстандағы тағамдық өсімдіктер (жеміс-жидектер)
Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантинді зиянкестерінің таралуы, биологиясы және қорғау шаралары
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеміс бағын отырғызу жобасын құру
Алма сорттары
Алматы облысы, Қарасай ауданына жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру
Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері
ЖЕМІС БАУЛАРЫНДА БОЛАТЫН КЕЙБІР ЗИЯНКЕСТЕР
Алманың Суйслеппер сорты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz