VІ-ХІІ ғғ. Мәдениеттің дамуы


VІ-ХІІ ғғ. Мәдениеттің дамуы
VІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Исфиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бүхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар".
Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.
VІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. VІІ-ҮІП ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Отырар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавғарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жолының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т. б. қалалардың үстімен жүрген.
Отырар аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуыиа байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен медениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабүл осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4, 5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттай-ды. Ол көпестер қаласы деп аталған
VII ғасырда Тараз "Ұлы Жібек жолындағы" ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлүқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
Қазақстан жеріндегі материалдық
және рухани мәдениет
Қазақстан жерінде VІ-ХІІ ғ. өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр. Түркі дәуіріндегі материалдық мәдениет қалдықта-рының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған шаруашылықтармен байланысты болған. Оған археологиялық қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола алады. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі обалардан көбірек кездесеті заттар: қол диірмендер, үккіштер, темір орақ т. б. құрал-жабдықтар. Бұлар ол кездегі халықтардың егін шаруашылығымеи айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі тайпаларыиың мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық қазбалардың барысында молырақ кездесетіи темірден жасалған ат әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер) құрал-сайман, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың үштары т. б. көрсетеді. Олардың барлығы сол кездегі түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді. Сондай-ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің зираттарынан құрал-саймандар, қару-жарақтармен қатар қолөнер бұйымдары, әшекейлік заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар т. б. бар. Кіселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендіріліп отырған. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездеседі.
Түркі халықтарының материалдық мәдениеті жөнінде айтқанда, әсіресе, зираттардың басына тастан жасалған мүсіндердің көптеп қойылғандығы көңіл аударады. Олар: балбал тастар, тас келіншектер т. б. Бұл тас мүсіндер Қазақстанның барлық аймақтарында көптеп кездеседі. Олар түркі тайпаларының ішінде қолөнерінің, әсіресе, тас қашайтын шеберлердің болғандығын көрсетеді.
Ортағасырлық Қазақстанның материалдық мәдениетінің басты бір саласы - архитектуралық құрылыс өнері. Оның даму барысында қалаларда қоғамдық ғимаратгар, тұрғын үйлер тұрғызу, ислам және басқа да діни кешендерін салу ісі өрістеді. Бүлардың архитектуралық сыртқы керінісі жинақы, қаланың орталық алаңдарында орналасқан іргелі құрылыстардан тұрған. Мешіт құрылысында, оның зәулім биік мұнарасын түрғызуда сәулет өнерінің сол кездегі жетістіктері пайдаланылған. Ол кездегі монументальдық архитектуралық құрылыстар қатарына Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Бабаджа - Хатун және Айша бибі кесенелері жатады. Бұл құрылыстар тек архитектуралық әсемдік жағынан ғана емес, сонымен қатар оның безендірілуі, ондағы ою-өрнектер халқымыздың материалдық асыл мұралары қатарынан жоғары орын алады. Материалдық мәдениет жүйесінде, осы заманға дейін жеткен шығыс моншасының құрылыстары және оларға тартылған су құбырларының маңызы ерекше. Мұндай құрылыстар Оңтүстік Қазақстандағы қазба жұмысымен жүргізілген Отырардан, Түркістаннан, Тараз, Ақтөбе, Талғар т. б. қалалардан табылды. Қала тұрғындары тұрмысында монша алдыңғы кезектегі рөлдердің бірін атқарды. Монша мешіттен кейінгі адамдар ең көп баратын орын болды.
Ертедегі түрік дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Иер-Суб) сыйыну болды. Құдырет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар ңақ осы Көктің еркімен өздерін халықтан жоғары түрып билеп отырмыз, Көктің еркімен соғыста жеңіеке жетіп отырмыз, жүт жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалады деп түсінді. Сондықтан түрік хандары Көк тәңірін әрдайым өздерін желеп-жебеуге шақырды. Түріктердің нанымы бойынша Көктен кейінгі желеп-жебе-уші әйел тәңірісі - Үмай ана. Ол - отбасымен балашағаны қорғаушы. Ұмай түрік тайпалары сыйынған құдіретті үш күштің бірі болған. Ол туралы түріктердің атақты әскер басшыларының бірі Тоныкөктің құрметіне орнатылған ескерткіште жазылған -«Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, міне бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек», -деген сөздерден көруге болады. Кейбір түркі тайпалары күнге, айға, жүлдыздарға табынған. Түркілер жыртқыш аңдарының ішінде бөріге (қасқыр) табынып, оларды «көк бөрі»деп атаған.
Ортағасырлық Қазақстан жерінде ертедегі пүтқа табынушылықпен қатар белгілі дүниежүзілік будда, христиан, манихей, зороастра діндері де тарай бастады. Олардың тарауына Ұлы Жібек жолы маңызды рөл атқарды. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда діні Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстан арқылы өткен. Зерттеушілердің пікірінше, түріктер VI ғасырдан бастап буддизмнің ықпалына түскен, ал VII ғасырдың бірінші жартысында батыс түріктерінің кейбір билеушілері буддизмді қолдап, оған қамқорлық жа-саған. Будда діні Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда едәуір кең таралды. Будда дінімен қатар Жібек жолымен Батыстан Шығысқа қарай жылжи отырып христиан діні, оның несториандық бағыты тарайды. V ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Рим империясында әулие Несторий Мария анадан құдай емес, адам туған, Христос "құдайлар мекенінен келуші", қасиетті рухты таратушы ғана болған деп уағыздайды. Бұл жаңалық халық арасында абыржушылық туғызды. Несторийдің ағымы 431 жылы Эффес соборында айыпталып, несториандар аяусыз қудалана бастады. Қуғын-даулар нәтижесінде олар шығысқа қашуға мәжбүр болды. VІІ-VІІІ ғасырларда несториандық ағым Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында орын алды. Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері жұмыс істеді. Тарихи деректер христиан дінінің несториандық тармағын қьшшақтардың батыс бөлігі, Жетісу жерінде наймандар мен керейіттердің қабылдағаны жөнінде мәлімет береді.
Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тұрғындары арасындағы тараған келесі діндердің бірі - зороастра. Бұл дін ең әуелі б. з. б. VІІ-ІV ғасырларда ертедегі Иран жерінде қалыптасты. Зороастра діні суды, отты, жерді, ауаны қастерлеуді уағыздады. VІ-VІІ ғасырларда Қазақстан қалаларына зороастра дінін Орта Азиядан соғдылар әкелген. Негізінен Сырдария бойындағы қалаларда таралған және пұтқа табынушылықпен, атап айтқанда, отқа, ата-бабаларға, үй жануарларына - қойға, жылқыға, түйеге табынумен тығыз араласып кеткен.
VIII ғасырда Қазақстан жерінде түрік тайпаларының арасында ислам діні тарай бастайды. Әсіресе Орта Азиядағы саманилер әулеті түсында ислам қарқынды түрде жүрді. Оны тарату үшін Қазақстанның оңтүстік аудандарына, Жетісуға көптеген жорықтар жасалды. Саманилер Исфиджаб, Фараб, Шаухар және Тараз қалаларын басып алып, өздеріне тәуелді етті. Исфиджаб үшін болған шайқастар "дің жолындағы күрестің" орталығына айналды. X ғасырдың аяғында ислам Жетісу қалаларына кеңінен тарады және олардың көпшілігінде мешіттер пайда болды. Қарахандықтар Шу алқабын жаулап алғаннан кейін исламды ресми дін деп жариялады. Осыдан кейін ислам Қазақстан жерінде христиан дінін де, будда дінін де, зороастра дінін де, жергілдікті пұтқа табынушылықты да біртіндеп ығыстырып шығарды. Дегенмен олардың қалдықтары көп жерлерде ұзақ уақыт сақталып қалды.
VІ-ХІІ ғасырларда Қазақстанда өмір сүрген ру-тайпалардың түркі тілінде сөйлегендігі ғылыми-зерттеу барысында толығымен дәлелденген. Сонымен бірге, түркі тілінде қарлұқтардың, қимақ-қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың және т. б. ру-тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі белгілі болып отыр. Мәселен, Ферғана жеріндегі қарлұқтар қағанды "яғбу" десе, Алтай-Сібір жағындағы қарлұқтар "жағбу" деп атаған. Бірақта олар сөйлескен кезде бірін-бірі жақсы түсінген. Тілдегі диалектикалық өзгерістерге сол кездегі ру-тайпалардың көшпелі өмір салты, сондай-ақ олардың арасындағы жаулап алу соғыстары нәтижесінде жиі-жиі орын ауыстырулары өзінің едәуір әсерін тигізген.
Ертедегі түріктердің руна жазуы ХІ-ХІІ ғасырлардан кейін қолданудан шығып қалған. Оны Орталық және Орта Азияда әуелі үйғыр және соғды жазуы, содан соң ислам дінін қабылдаған түрік тайпаларының арасында тараған араб жазуы ығыстырып шығарды. Түркілер арасынан шыққан бұл кездегі атақты ғалымдар, ақын-жазушылар өз шығармаларын араб әрпімен түркі тілінде жазды.
Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың ғылымы мен мәдениеті көрші елдерге қарағанда едәуір жоғары дәрежеде еркендеген. Бұған феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік құрылымның шығуы, отырықшы-егіншілік шаруашылық пен қалалардың есуі, шоғырланып топтасқан этникалық процестердің күшеюі сияқты тарихи жағдайлар әсерін тигізді. Орта Азия, Алдыңғы Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен шаруашылық, сауда және мәдени байланыс жасау - осы елдердің халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетінің есіп-өркендеуіне игі ықпалын тигізді.
Қазақстан жерінде туып-өскен философ әрі энциклопедияшы ғалым мұсылман шығысында Аристотельден кейінгі "Екінші үстаз" ретінде белгілі болған Әбунасыр Мүхаммед ибн Мүхаммед Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-түрік Шығыс пен Батысқа X ғасырда мәлім болды. Ол 870 жылы түрік /қазақ/ отбасында Отырар (Фараб) қаласында туған. Руы - қыпшақ, әкесі - әскери адам болған, әл-Фараби жас кезінде өте зерек, ақылды, пы-сық, аттың қүлағында ойнайтын, садақты да жақсы ата білген. Ол қол өнері шеберлігін және ғылым негіздерін Отырардың медресесінде игерді, онда өзінің ана тілі және түрік тілінде оқыған. Бағдат халифатының орталығы Бағдат қаласында оқуын жалғастырған ол араб тілін терең біліп үйренген.
Әбунасыр Бағдатқа барар жолында Шашта, Самарқандта, Исфақанда, Хамаданда және басқа қалаларда ұзақ уақыт аялдап, Бағдатта ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен бірнеше тілдерді оқып меңгерген. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін зор ынтамен оқып үйренді.
941 жылдан бастап әл-Фараби ел басшылары өзіне көп қамқорлық жасаған Дамаскі мен Халеб қалаларында түрды. Ол осы түста белгілі ақындар мен ғалымдардың арасында өзінің оқымыстылығы және білімінің терендігімен көзге түсті.
Көптеген елдерде, әр түрлі этникалық ортада бола жүріп, әл-Фараби отанын үмытпайды, өзінің түрік екенін үнемі айтып жүрген. Ол 950 жылы Дамаскі қаласында қайтыс болды.
Әл-Фараби философиясының негізі - аристотелизмдік эманация туралы неоплатондық іліммен үштастыру болып табылады. Оның философиясының бірегей, дербес сипаты-на ешкім күмән келтірмейді. Негізінен идеалист бола түрып, әл-Фараби материалистік пікірлер де айтқан. Мәселен, ол ең жоғарғы дүниенің бар екенін және оны түйсік арқылы танып-білуге болатынын мойындаған, адамның жанын денемен байланысты қараған. Нақ осы себептен де мүсылман дін басылары философты діннен безген деп те кінәлаған.
Дүние, әл-Фарабидің көзқарасы бойынша, материалдық элементтерден құралатын заттардан тұрады. Қозғалыс -денелердің қасиеті. Заттардың өзінде қозғалыс мүмкіндігі бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz