Бағаға әсер ететін факторлар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми жетекшісі: Сугурова А. Ж. аcсистент

Абдалиева Динара УА-06-1к

Бағаға әсер ететін факторлар.

Экономиканы жан-жақты дамыту, шаруашылықты жүргізу үшін оның барынша тиімді механизмі болуы қажет. Шаруашылық етудің рыноктық механизмі дегеніміз - ол өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну процестеріне ықпал ететін әдістер мен тұлғалардың жиынтығы ретінде рыноктық заңдарға сәйкес баға және бәсеке арқылы барлық сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін үлестіретін механизм.

Рынокта әрбір тауар өндірушісі өзінің тауарын тиімді бағамен сатуға тырысады. Ал, тауарды сатып алушы жоғары сапалы тауарды төмен бағамен сатып алуға тырысады.

Рыноктың негізгі элементтері ретінде сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке болып есептеледі.

Рыноктық экономика кезінде баға сұраныс және ұсыныс негізінде құрылады.

Баға категориясының анықтамасын, түсінігін біреуде бірнеше көзқарастар бар.

Бірінші көзқарас - баға құнның ақшалай көрінісі деп түсіндіріледі. Бұл түсінік А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркстің еңбек құнының теориясына негізделеді. Бұл теория бойынша баға әрқашанда құннан ауытқуда болады. Тек белгілі бір уақыт ішінде рыноктық тепе-теңдік сақталғанда ғана, яғни сұраныс пен ұсыныс сәйкестелген кезде ғана баға мен құн сәйкестеледі.

Екінші көзқарас бойынша баға - тауарға төленген ақша соммасы. Бұл - маржиналистердің тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдаманы австралиялық мектептің өкілдері К. Менгер, Э. Бем-Баверк, Ф. Визер әзірлеген.

Осы тұжырымдама бойынша баға субъективтік түсінік арқылы, яғни сатып алушылардың тауардың шектілі пайдалылығын субъективті түрде түсінуі деп түсіндіреді.

Үшінші көзқарас бойынша баға - төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсыныстың нақтылы өндіріс шығындарына ұқсастығын көрсетеді.

Жалпы экономикалық теорияның көзқарасы бойынша баға - құнның ақшалай көрінісі, яғни тауарды өндіруге жұмсаған қоғамға қажетті еңбек. Бағаның дәрежесін, арақатынасын белгілі уақыт ішінде өзгеруінің негізіне құн заңы жатады. Баға әрқашанда құннан ауытқуда болады. Тауар бағасының құннан ауытқуының заңдылығы құн заңы бойынша анықталады. Баға мөлшері тауар құнына тікелей тікелей прапорционалды. Тауар-ақша қатынасының негізін қалайтын да - құн заңы.

Құн заңы - ол объективтік экономикалық заң. Құн заңының атқаратын қызметі - тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық қатынасты, байланысты ретту. Бұл аңң алабы - өндірілген және сатуға арналған тауардың айырбасталуының, сатылуының негізіне сол тауардың құны алынады. Ал ұнның өлшеміне қоғамға қажетті уақыт алынады. Сондықтан да бағаны құнның ақшалай көрінісі дейді.

Бағаның құнның айналасында ұбылып тұруы экономикалық қатынас саласындағы ауытқуларға ғана байланысты емес, сондай-ақ өндіріс саласындағы өзгерістерге де байланысты болады. Еңбек өнімділігіндегі өзгерістер өнім құнының өлшемдік шамасын өзгертеді. Бағалардың толқып тұруы арқылы өндірістің салалары арасындағы еңбек бөлінісін өзгертуге себепкер болады. Белгілі бір тауардың құнын азайту, мысалы, сол саладағы жұмсалатын еңбек санын, еңбек шығынын азайтуға себепкер болады. Бірақ мұның өзі сонымен қатар, осы тауарға байланысты тұтыну қабілетін көбейтуі мүмкін. Мұндайда құнның азаюына және сұраныстың өсуіне байланысты бағалардың өзгеріп тұруы - заңды құбылыс болып табылады. Демек, өнімнің рыноктық бағасының өзгеруі салалардың арасындағы еңбек бөлінісіне әсерін тигізеді.

Бағаның мөлшері тауардың құнына тең болады. Құн заңы - бағалар қозғалысының заңы. Бірақ та, баға әрқашанда әр тауар бойынша құнмен бірдей болады деу мүмкін емес. Тауардың айырбас құны уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады. өйткені бағаға тауардың құны ғана емес, олардың айырбастау шарты, сұраныс, ұсыныс, бағаны мемлекет тарпынан реттеудің тәсілдері, өндіруші мен тұтынушы арасындағы құнның бөлінуі әсер етеді. Сондықтан да, рынок экономикасы кезінде баға - құнның көрінетін бір пішіні ретінде ғана көзге түседі.

Рыноктағы туардың бағасы оның құннан үнемі ауытқуда болады. Бағаның құннан ауытқуының басты себебі - сұраныс пен ұсыныстың әрекеті болып есептелінеді.

Рыноктық баға жүйесі көптеген баға түрлерінен құралады. Олардың ең бастысы рыноктық баға. Рынокқа тән баға - бұл ерікті баға. Ерікті баға жетілген бәсеке рыногында сұраныс пен ұсыныстың негізінде қалыптасады.

Аукциондық баға. Бұл бағаны жасау кезінде сатушы базалық бағаны жариялайды да, сатып алушылар бәсекелестік жағдайда ақырғы бағаны белгілейді.

Делдалдық баға. Бұл бағаға сатып алушы аз әсер етеді.

Баға жүйесіне көтерме баға, бөлшек баға, монополиялық бағалар жатады. Осы бағаларға толығырақ тоқталып өтейік.

Контраккты баға - бұл баға тауарды сатып алу-сату бойынша істелген істің, соның ішінде сыртқы сауда операцияларын да белгілеп отрырады.

Лимиттік баға - өнімді өндірген кезде алдын-ала есептелінген есеп бойынша сол өнім түріне берілетін жоғарғы деңгейдегі бағаның шегі.

Өндірістік баға - айналыс түріндегі құн рыноктық баға негізінде өзгереді, ол өндірістік шығындар мен орташа пайда деңгейінен жасалынады.

Нарықтық баға - бұл баға келісім-шартта белгіленген бойынша өзінің мерзімі аяқталғанша өзгеріссіз қалды.

Монополиялық баға - өзінің құнан ұзақ мерзімге және тұрақты түрде ауытқитын немесе өндіріс бағасынан ауытқитын, сөйтіп жоғарыда пайда алуды қамтамасыз ететін тауар бағасы.

Монополия өзінің өнімге монопол жоғары баға қойып, ал өзінің сатып алатын тауарларына монопольдік төмен баға қояды, оны ол монополияға айналмаған өзінің еліндегі майда тауар өндірушілерінен және де экономикалық тәуелді мемлекеттерден алады.

Рыноктық баға - ақырғы арнайы хабарландырылған баға. Ол бойынша акциялар немесе облигациялар сатылады.

Бөлшек баға саудасы - бұл баға бойынша тауар халыққа сатылады және бөлшек сауда бойынша сатып алынатын кәсіпорындарға, ұйымдарға сатылады.

Ағымдағы баға (текущая) - қазіргі кезде қолданылып келе жатқан баға.

Белгіленген баға (фиксированная) - рыноктық экономика қатынастарына өту кезінде пайдаланатын, орталықтандырылған, өкімет арқылы бекітілген баға. Бәріне бірдей баға қою тек оған жеткізу шығындарын қосады - географиялық ерекшеліктері бойынша баға қою; фирма барлық алушылардан олардың тұратын жеріне қарамастан бірдей баға қояды, тек оған тауарды жеткізу шығындарын қосады.

Баға құрамы - тауарға баға құрылуының процесі.

Мемлекет арқлы бағаның реттеліп құрылуы, мемлекеттің рыноктық процесстегі еркін баға құрылысына араласуындағы мақсаты - әртүрлі өндіріс орындарындағы пайданы орынды бөлу және әлеуметтік міндеттерді шешудегі экономикалық құрылымдарды ынталандару.

Сатып алу бағасы - орталықтан белгіленген баға, ол бойынша дайындау ұйымдары ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан, шаруашылық қожалықтардан, ауылды жерлерден шикізат өнімдерін сатып алады.

Көтерме баға - бұл баға бойынша мемлекеттік кәсіпорын және ұйымдар өздерінің өндірген өнімдерін басқа мемлекеттік және де кооперативтік кәсіпорындарға сатады.

Кооперативтік баға - өнімге бөлшек сауда бағасының әр түрліллігі, ол комиссия арқылы қабылданған және халықтан сатып алынған өнімдерге қойылады.

Биржалық баға - тауар және қызмет көрсету бағасы. Биржалық сауда арқылы сатып-өткізіледі, сұнаныс пен ұсыныс қатынасының негізінде құрылады.

Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі бағалар жүйесін үш үлкен топқа бөлуге болады, олар: 1) мемлекеттік; 2) келісім; 3) әлемдік.

1. Мемлекеттік бағалар монополист-кәсіпорындардың өнімдеріне елдің экономикасы үшін базалық ресурстарға, әлеуметтік маңызы бар стратегиялық тауарлар үшін тағайындалуы мүмкін. Мемлекеттік бағалар жүйесі екі эламанттен тұрады:

1) Үкімет қатаң тағайындап отыратын, бекітілген бағалар.

2) Ұсыныс пен сұраныс арақатынасындағы өзгерістерді есептеп отыратын, реттелетін бағалар.

2. Келісімдік бағалар - сатушы және сатып алушы келісімімен бекітілетін, яғни берілген тауарға сұраныс пен ұсынысқа назар аудара отырып тағайындалатын бағалар

3. Әлемдік баға халықаралық сауда барысында қолданылады. Өте ірі экспорт-импорттық келісім - шарттардың негізінде есептеледі.

Әр елдің баға деңгейі бар. Баға деңгейін индекс көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс түрлері және оның бағалық квалификациясы
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Сұраныс және ұсыныс теориясы
Бағаға əсер етуші факторлар
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті
Сұраным қисығының қисығы
Сұраныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар, сұраныс және ұсыныс заңы, өзара байланысы
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Сұраныс факторлары
Сұраныс және ұсыныс туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz