Сын тұрғысынан ойлау



1 Оқытудың жаңа технологиясы
2 Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялар
3 «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі
Қазіргі кезде орта білім беру саласы мұғалімдерінің назары оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту идеясына бағытталған. Сын тұрғысынан ойлау оқушылардың өз бетімен білім алуы және мұғалім мен оқушы жұмысының тиімді болуында маңызды роль атқарады. Қоғамда «сын тұрғысынан ойлау» терминінің көп анықтамаларын кездестіруге болады. Алайда, ең кең тараған анықтамалардың жалпы мазмұнына сүйенсек, сын тұрғысынан ойлау ғылым не теория болып табылмайды, ол рефлексивті ойлау дағдысы, түрлі пікірлер мен көзқарастарды талдау, оларға дәлелді баға беру қабілеті. Сын тұрғысынан ойлау идеясы көне грек философтары кезеңінен бастау алады. Дегенмен ол әр уақытта әр қилы аталған. Кезінде адамзат баласы логика, логикалық ойлау қабілетін айта отыра, қазіргі уақытта маңызды болып табылатын сын тұрғысынан ойлау идеясын меңзеген.
2012 жылдың ақпан айынынң 17-18 аралығында Орал қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдері үшін сын тұрғысынан ойлау тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың мақсаты – сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту, мұғалімдердің сабақ беру үрдісіне деген сыни көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру. Курсқа Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Өскемен қалалары мен жаңа ашылғалы отырған Орал қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінен барлығы 70 мұғалім қатысты. Олар – бастауыш сынып, математика, физика, химия, биология, информатика және өзге де пән мамандары. Мұғалімдер 2 топқа бөлініп оқытылды. Курсты тәжірибесі мол, жоғары біліктілікті шетел мұғалімдері жүргізді

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сын тұрғысынан ойлау. Оқытудың жаңа технологиясы

Қазіргі кезде орта білім беру саласы мұғалімдерінің назары оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту идеясына бағытталған. Сын тұрғысынан ойлау оқушылардың өз бетімен білім алуы және мұғалім мен оқушы жұмысының тиімді болуында маңызды роль атқарады. Қоғамда сын тұрғысынан ойлау терминінің көп анықтамаларын кездестіруге болады. Алайда, ең кең тараған анықтамалардың жалпы мазмұнына сүйенсек, сын тұрғысынан ойлау ғылым не теория болып табылмайды, ол рефлексивті ойлау дағдысы, түрлі пікірлер мен көзқарастарды талдау, оларға дәлелді баға беру қабілеті. Сын тұрғысынан ойлау идеясы көне грек философтары кезеңінен бастау алады. Дегенмен ол әр уақытта әр қилы аталған. Кезінде адамзат баласы логика, логикалық ойлау қабілетін айта отыра, қазіргі уақытта маңызды болып табылатын сын тұрғысынан ойлау идеясын меңзеген.
2012 жылдың ақпан айынынң 17-18 аралығында Орал қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдері үшін сын тұрғысынан ойлау тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың мақсаты - сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту, мұғалімдердің сабақ беру үрдісіне деген сыни көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру. Курсқа Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Өскемен қалалары мен жаңа ашылғалы отырған Орал қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінен барлығы 70 мұғалім қатысты. Олар - бастауыш сынып, математика, физика, химия, биология, информатика және өзге де пән мамандары. Мұғалімдер 2 топқа бөлініп оқытылды. Курсты тәжірибесі мол, жоғары біліктілікті шетел мұғалімдері жүргізді.
Курс оқытушылары туралы:
Пол Суини - Семей қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сын тұрғысынан ойлау пәні мұғалімі. Аталған мектепте 2011 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс жасап келеді, оған дейін Оңтүстік Корея және Сауд Аравия елдерінде еңбек еткен. Соңғы жеті жылдықта, Ph.D. дәрежесін алу мақсатында, сын тұрғысынан ойлау тақырыбын кең көлемде зерттеп келеді.
Патрик Дулан - Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сын тұрғысынан ойлау пәні мұғалімі. Аталған мектепте 2011 жылдың тамыз айынан жұмыс жасап келеді, оған дейін шетел мұғалімдерін оқыту курсының оқытушысы ретінде Курдистанда, ESL инструкторы ретінде Монғолия мемлекеттерінде қызмет атқарған.
Курс аяқталысымен, мұғалімдерге арнайы сертификаттар берілді.

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі - оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Осы технология бойынша арнайы семинар-курстан өттім.
Мен осы мақаламда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты ерекшеліктері мен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы қолданылу жолдарына тоқталмақмын.
Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар. Мен қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым.
Дәстүрлі сабақтар үрдісінде
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
1. Тақырып түсіндіреді.
2. Кейіпкерлер туралы немесе қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіру.
3. Шығарманың идеясын анықтайды, талдайды.
4. Шығарма жазу тапсырылады. 1. Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді, қазақ тілі бойынша ережені айтады, жаттығу орындайды.
3. бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. Топқа бөліп, ой қозғайды.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.
3. Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады, зерттеледі.
4. Образдылық ерекешелігін тануға бағыттайды, орнына өздерін қойып қарайды, салыстырады.
5. Ойларын жазуды ұсынады.
6. Қорытынды жасауға бағыттайды. 1. Топтарда жұмыс жасайды.
2. Мәтінмен өздері танысады.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды.
4. Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.
6. Тұжырымдама жасайды.
Осы салыстыру кестелерінен Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғандығын көреміз. Академик Лернер бойынша білім-мәліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер, көңіл-күй құндылық бағдарларынан тұрады. Осыны ескерсек, сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы аталған бағдарлардың іске асып, нәтижесін беретіндігіне күмән болмайды.
Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын Сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.
:: Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
:: Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;
:: Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді мағынаны тану кезеңінде;
:: Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
:: Өздеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыру
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары
Сыни ойлау туралы түсінік
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын биологияда қолданудың маңызы
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Пәндер