Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасы



1. Жалпы ережелер
2. Өлшеу әдістері
3. Өлшеу құралдары
4. Мұнай массасын тікелей әдістермен өлшеу және таразылау тәртібі
5. Мұнай массасын жанама әдістермен өлшеу және салмақтау тәртібі
6. Мұнайдың нетто массасын анықтау
7. Өлшеу нәтижелерін ресімдеу
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Қағида жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнай массасы мен салмағын өлшеу әдістерін айқындайды.
3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) төрелiк сынама – төрелiк талдау үшiн пайдаланылатын бақылау сынамасы;
2) бақылау өлшеу сызығы – жұмыстағы шығыс түрлендiргiштерiнiң (бұдан әрі – ШТ) метрологиялық сипаттамаларын бақылау үшiн қолданылатын өлшеу сызығы;
3) бақылауаралық интервал – өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын тексеру кезiнде анықталған мәндерден ауытқуын анықтау үшiн жүргiзiлетiн екi кезектi бақылау актiсiнiң арасындағы уақыт аралығы;
4) есептік операциялар – кейінгі есептер үшін, сондай-ақ арбитраж кезінде мұнай массасын айқындауды білдіретін, тапсыратын және қабылдайтын тараптар жүргізетін операциялар;
5) мұнайдың шығысы мен тұтқырлығының жұмыс диапазоны – ШТ қолданылатын олардың метрологиялық сипаттамалары нормаланған, шығыс пен тұтқырлық мәндерінің саласы;
6) жұмыс өлшеу сызығы – мұнай көлемiнiң және сапа көрсеткіштерінің өлшемдерi жүйесiмен (бұдан әрi – МКӨЖ) пайдаланудың қалыпты режимiнде жұмыс iстейтiн өлшеу сызығы;
7) қалыпты жағдайлар – қоршаған орта температурасы 20°С (293,15 °К), атмосфералық қысым 760 мм рт. б. (101325 Н/м2);
8) метрологиялық сипаттамаларды бақылау – тексерулер арасындағы кезеңде өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары мәндерiнiң нақты мәндерден немесе соңғы тексеру кезiнде айқындалған мәндерден ауытқуын айқындау және өлшеу құралдарының одан әрi пайдалануға жарамдылығын белгiлеу;
9) мұнай балластының массасы – мұнайдағы судың, хлорлы тұздар мен механикалық қоспалардың жалпы массасы;
10) мұнайдың брутто массасы – балласт массасын қамтитын мұнайдың жалпы массасы;

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта
өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу
қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген
мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан
Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
2010 жылғы 24 маусымдағы және Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы 2000
жылғы 7 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Қағида жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген
мұнай массасы мен салмағын өлшеу әдістерін айқындайды.
3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) төрелiк сынама – төрелiк талдау үшiн пайдаланылатын бақылау
сынамасы;
2) бақылау өлшеу сызығы – жұмыстағы шығыс түрлендiргiштерiнiң (бұдан
әрі – ШТ) метрологиялық сипаттамаларын бақылау үшiн қолданылатын өлшеу
сызығы;
3) бақылауаралық интервал – өлшеу құралдарының метрологиялық
сипаттамаларын тексеру кезiнде анықталған мәндерден ауытқуын анықтау үшiн
жүргiзiлетiн екi кезектi бақылау актiсiнiң арасындағы уақыт аралығы;
4) есептік операциялар – кейінгі есептер үшін, сондай-ақ арбитраж
кезінде мұнай массасын айқындауды білдіретін, тапсыратын және қабылдайтын
тараптар жүргізетін операциялар;
5) мұнайдың шығысы мен тұтқырлығының жұмыс диапазоны – ШТ қолданылатын
олардың метрологиялық сипаттамалары нормаланған, шығыс пен тұтқырлық
мәндерінің саласы;
6) жұмыс өлшеу сызығы – мұнай көлемiнiң және сапа көрсеткіштерінің
өлшемдерi жүйесiмен (бұдан әрi – МКӨЖ) пайдаланудың қалыпты режимiнде жұмыс
iстейтiн өлшеу сызығы;
7) қалыпты жағдайлар – қоршаған орта температурасы 20°С (293,15 °К),
атмосфералық қысым 760 мм рт. б. (101325 Нм2);
8) метрологиялық сипаттамаларды бақылау – тексерулер арасындағы
кезеңде өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары мәндерiнiң нақты
мәндерден немесе соңғы тексеру кезiнде айқындалған мәндерден ауытқуын
айқындау және өлшеу құралдарының одан әрi пайдалануға жарамдылығын
белгiлеу;
9) мұнай балластының массасы – мұнайдағы судың, хлорлы тұздар мен
механикалық қоспалардың жалпы массасы;
10) мұнайдың брутто массасы – балласт массасын қамтитын мұнайдың жалпы
массасы;
11) мұнайдың нетто массасы – мұнайдың брутто массасы мен балласт
массасының арасындағы айырма;
12) мұнай көлемiнiң және сапа көрсеткіштерінің өлшемдерi жүйесi (бұдан
әрi – МКӨЖ) – өлшеу құралдарының, тығыздықты түрлендіргіштің (бұдан әрі –
ТТ), ылғал мөлшерiн, тұз мөлшерiн, тұтқырлықты, температураны, қысымды,
масса өлшеуiштердi түрлендiргiштердiң), өлшеу нәтижелерiн өңдеу, сақтау,
индикациялау және тiркеу құрылғыларының, өлшеуiш ақпаратының дабылдарын
автоматты және қолмен өңдеу үшiн қолайлы нысанда өңдеуге арналған
технологиялық және қосалқы жабдықтардың (құбыржолдардың, сүзгiлердiң,
сорғылардың, сынама iрiктегiштiң, бекiтушi және реттеушi арматураның және
басқаның) жиынтығы;
13) оператордың автоматтандырылған жұмыс орны – МКӨЖ мнемосхемасын,
ақпарат өңдеу жүйесінде өлшенген және есептелген мұнайдың ағымдағы
технологиялық және сапалық өлшемдерін көрсетуге, есептік құжаттарды
қалыптастыруға және оларды басып шығаруға арналған мониторы, клавиатурасы
мен принтері бар тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілген дербес компьютер;
14) өлшеу сызығы (бұдан әрі – ӨС) – шығысты түрлендiргiштен немесе
қысымды және температураны өлшеу құралдарымен, ысырмалармен және
сүзгiлермен жарақтандырылған құбыржолдардың тiк сызықты учаскелерi бар
масса өлшеуiштен тұратын МКӨЖ қонструкциясының бөлiгi;
15) резервтiк есепке алу схемасы – негізгі схема – мұнай санын және
мұнай сапасының көрсеткіштерін өлшеу жүйесі істемей қалған кезде мұнай
массасын өлшеу үшін қолданылатын жүйе;
16) резервтiк өлшеу схемасы – кез келген уақытта жұмысқа қосылуы
мүмкiн болатын жүктелмеген резервтегі сызық;
17) сыйымдылық шамасы – тексеру туралы куәлігі және бекітілген
градуирленген кестесі бар мұнай көлемін өлшеу құралы;
18) технологиялық жабдық – бекітуші және реттеуші арматура, құбырлар,
сүзгі, ағысты түзетуші және тік сызықты учаскелер, циркуляциялық сорғы,
автоматтандырылған және қол сынама іріктегіштері, сынама алу құрылғысы,
дренаждық ыдыстар, тиісті технологиялық орамы бар жуу сорғысы және т.б.;
19) толық сыйымдылық шамасы – тексеру туралы куәлігі бар және толу
деңгейінің көрсеткішімен жарақталған мұнай көлемін өлшеу құралы
(автоцистерналар, тіркеме-цистерналар, жартылай тіркеме-цистерналар).
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010
жылғы 24 маусымдағы және Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы
7 маусымдағы заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес
қолданылады.
4. Мұнайды есепке алу топтық өлшеу қондырғылары арқылы әрбір ұңғыма
бойынша келісімшарттық аумақта тоннамен жүзеге асырылады. Мұнай массасын
өлшеудiң дұрыстығын, сондай-ақ өлшеу сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшiн
жер қойнауын пайдаланушының тексеру туралы қолданыстағы сертификаты және
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету жүйесiнiң
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген қажеттi жабдығы мен өлшеу құралдары болуы
тиiс.

2. Өлшеу әдістері

5. Мұнайды өлшеу және салмақтау тікелей және жанама әдістермен жүзеге
асырылады.
6. Тікелей әдістер қолданылған кезде мұнай массасы таразымен, таразылы
мөлшерлеуіштермен және құрылғылармен (тікелей статикалық әдіс), массалық
есептеуішпен және массалық ШТ-мен өлшенеді (тікелей серпінді әдіс).
7. Жанама әдіс көлемдік-массалық әдіске және гидростатикалық қағидатқа
негізделген әдіске бөлінеді.
8. Жанама көлемдік-массалық әдіс мұнайды жанама көлемдік-массалық
сенрпінді әдіске және жанама көлемдік-массалық статикалық әдіске бөлінеді.
9. Жанама көлемдік-массалық серпінді әдіс мұнайды мұнай құбырында
тікелей ағында өлшеген кезде қолданылады. Бұл ретте мұнай көлемін
өлшеуіштермен немесе интеграторлары бар ШТ-мен өлшейді.
10. Көлемдік-массалық әдіс қолданылған кезде мұнайдың көлемі мен
тығыздығын бірдей немесе бірдей етілген жағдайларда (температура, қысым)
өлшенеді, мұнайдың брутто массасын осы шамалардың мәндерінің көбейтіндісі
ретінде айқындайды, ал содан соң мұнайдың нетто массасы шегеріледі.
11. Мұнай тығыздығын ағынды тығыздық өлшегішпен немесе зертхана
жағдайында біріктірілген сынамада мұнайға арналған ареометрмен, ал
мұнайдың температурасы мен қысымы тұтқырлық пен көлемді өлшеген кезде
тиісінше термометрлермен және манометрлермен өлшенді.
12. Мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балластың
массасы арасындағы айырма ретінде айқындайды. Балласт массасы мұнайдағы
судың, хлорлы тұздар мен механикалық қоспалардың жалпы массасы ретінде
айқындалады. Бұл үшін мұнайдағы судың, хлорлы тұздар мен механикалық
қоспалардың массалық үлестерін айқындалып, олардың массасы есептеледі.
13. Жанама көлемдік-массалық статикалық әдісті мұнайды градуирленген
ыдыстарда өлшеген кезде қолданады (тік және көлденең резервуарлар, көліктік
ыдыстар және т.б.).
Мұнай массасы өлшеу нәтижелерi бойынша анықталады:
1) сыйымдылық шамаларында:
мұнай деңгейін – стационарлық деңгей өлшеуішпен немесе сұйық деңгейін
өлшейтін басқа да құралдармен;
мұнай тығыздығын – көшпелі немесе тығыздық өлшейтін стационарлық
құралмен немесе ареометрмен;
мұнай температурасын – нүктелі сынамаларда термометрмен немесе көшпелі
және стационарлық температура түрлендіргішпен;
мұнай көлемін – деңгейді өлшеу нәтижелерін қолдана отырып, сыйымдылық
шамасының градуирленген кестесі бойынша;
2) толық сыйымдылық шамаларында:
мұнай тығыздығын – көшпелі тығыздық өлшеу құралымен немесе зертханада
ареометрмен, зертханалық тығыздық өлшегішпен немесе тығыздық түрлендіргішін
қолдана отырып;
мұнай температурасын – көшпелі температура түрлендіргішпен немесе
нүктелі мұнай сынамасында термометрмен;
мәні таңбалау кестесіне жазылған және тексеру туралы куәлікте
көрсетілген шаманың іс жүзіндегі сыйымдылығына тең қабылданған мұнай
көлемін – деңгей көрсеткішіне қатысты мұнай деңгейінің өзгеруін ескере
отырып айқындайды.
Мұнайдың тығыздығы мен көлемін өлшеу нәтижелері қалыпты жағдайға
әкеледі немесе мұнайдың тығыздығын өлшеу нәтижелері оның көлемін сыйымдылық
шамаларында немесе толық сыйымдылық шамаларында өлшеу жағдайларына әкеп
соқтырады.
Деңгей өлшеуішпен, метроштокпен немесе өлшеуіш металлды рулеткамен
өлшенген толу деңгейінің мәндері бойынша градуирленген кестелердің
көмегімен резервуарлардағы мұнай көлемі айқындалады. Толық сыйымдылыққа
градуирленген ыдыстарда толтыру деңгейін бақылайды және көлемін паспорттық
деректер бойынша айқындайды.
14. Гидростатикалық қағидатқа негізделген әдісті қолданған кезде мұнай
бағанының гидростатикалық қысымын өлшейді, резервуардың толтырылған
бөлігінің орташа ауданын айқындайды және мұнай массасын ауырлық күш үдеуіне
бөлінген осы шама мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептейді.
Босатылған (қабылданған) мұнайдың массасын екі әдіспен:
жоғарыда аталған әдіспен тауарлы операцияның басында және аяғында
айқындалған массалардың айырмасы ретінде;
ауырлық күш үдеуіне бөлінген, мұнай босатылған резервуар бөлігінің
орташа қима ауданына тауарлық операцияның басында және аяғындағы
гидростатикалық қысымдардың айырмасы ретінде айқындайды.
15. Мұнай бағанының гидростатикалық қысымын мұнай буларының қысымын
ескере отырып, манометрикалық аспаптармен өлшейді.
16. Резервуар бөлігінің орташа қима ауданын айқындау үшін өлшеуіш
металл рулеткамен немесе деңгей өлшеуішпен тауарлы операцияның басындағы
және аяғындағы мұнай деңгейін өлшейді және резервуардың градуирленген
кестесінің деректері бойынша осы деңгейлерге сәйкес келетін орташа қима
аудандарын есептеп шығарады.
Деңгейді өлшеудің орнына мұнайдың тығыздығын өлшеуге және балласт
массасын айқындау үшін мұнайдың көлемін массаны тығыздыққа бөлудің
нәтижесіндегі бөліндісі ретінде айқындауға жол беріледі.
17. Мұнайдың брутто массасын өлшеуде жол берілетін салыстырмалы
дәлсіздіктері мыналардан аспауы тиіс:
0,40 % – ажыратылған цистерналарды таразыда салмақтау арқылы тікелей
статикалық өлшеу әдісі кезінде;
0,50 % – ажыратылмаған жүріп келе жатқан цистерналарды және олардың
құрылымын таразыда салмақтау арқылы тікелей статикалық өлшеу әдісі
кезінде;
0,25 % – тікелей немесе жанама серпінді өлшеу әдісі кезінде;
0,50 % – 120 т және одан артық мұнай массасын жанама статикалық өлшеу
әдісі кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу әдісі
кезінде.
0,65 % – 120 т дейінгі мұнай массасын жанама статикалық өлшеу әдісі
кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу әдісі
кезінде.
18. Мұнайдың нетто салмағын өлшеуде жол берілетін салыстырмалы
дәлсіздіктер шегі мыналардан аспауы тиіс:
0,50 % – ажыратылған цистерналарды таразыда салмақтау арқылы тікелей
статикалық өлшеу әдісі кезінде;
0,60 % – ажыратылмаған жүріп келе жатқан цистерналарды және олардың
құрылымын таразыда салмақтау арқылы тікелей статикалық өлшеу әдісі
кезінде;
0,35 % – ажыратылмаған жүріп келе жатқан цистерналарды және олардың
құрылымын таразыда салмақтау арқылы тікелей статикалық өлшеу әдісі кезінде;

0,60 % – 120 т және одан артық мұнай массасын жанама статикалық өлшеу
әдісі кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу әдісі
кезінде;
0,75 % – 120 т дейінгі мұнай массасын жанама статикалық өлшеу әдісі
кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу әдісі
кезінде.

3. Өлшеу құралдары

19. Өлшеу құралдары мен қосалқы құрылғыларды (оның ішінде есептеу
техникасы құралдарын) қабылданған өлшеу әдістеріне қарай мұнай массасын
өлшеу жүйесін жобалау сатысында таңдайды, олардың өлшеу нәтижелері бойынша
мұнай массасы, оның ішінде осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген тауарлы
мұнайдың брутто массасын және осы Қағиданың 18-
тармағында көрсетілген тауарлы мұнайдың нетто массасын өлшеу дәлсіздіктері
нормалары айқындалады.
20. МКӨЖ құрамына кiретiн өлшеу құралдарының өлшем бiрлiгін
қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес үлгiсiн бекiту немесе
метрологиялық аттестаттау туралы және өлшем құралдарын тексеру туралы
қолданыстағы сертификаты болуы тиiс.
21. Тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ осындай
қызмет түріне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері
жүргізеді.
22. Өлшеу құралдары пайдалануға қосылар алдында, пайдалану кезiнде
және жөндеуден кейiн осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес тексеруге жатады.
Тексеру мерзiмдiлiгiн техникалық реттеу және метрология жөнiндегi уәкiлеттi
орган айқындайды.
23. Өлшеу құралдарын тексеру Қазақстан Республикасының аумағында
қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге
асырылады.
Мұнай көлемiнiң өлшемдерi мен сапа көрсеткiштерi жүйесiнiң техникалық
жай-күйi мен оның метрологиялық қамтамасыз етiлуi үшiн оның иесi жауапты
болады.

4. Мұнай массасын тікелей әдістермен өлшеу және таразылау тәртібі

4.1 Мұнай массасын тікелей статикалық әдіспен
өлшеу және таразылау

24. Кемінде саны 3000 тексеріп бөлу санымен орташа сыныпты дәлдік
статикалық өлшеу үшін тікелей статикалық әдіспен ыдыстағы және көлік
құралдарындағы (темір жол және автомобиль цистерналары) мұнай массасын
таразылау арқылы өлшейді.
25. Мұнайдың брутто массасы таразымен өлшеу диапазоны шегінде болуы
тиіс. Таразыны пайдалану жағдайлары таразының нақты түріне арналған
пайдалану құжаттарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
26. Темір жол цистерналарындағы мұнай массасы оларды өлшеу нәтижелері
бойынша айқындалған тиелген цистерналардың өлшенген массасы мен бос
цистерналардың массасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
27. Жүріп келе жатқан цистерналардағы мұнай массасын тек пайдалану
құжаттарында көрсетілген таразыны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
талаптарына сәйкес жүру кезінде өлшеуге арналған вагондық таразыда
айқындауға жол беріледі.

4.2. Мұнай массасын тікелей серпінді әдіспен өлшеу және таразылау

28. Құбырмен тасымалданатын мұнай массасы тiкелей мұнай құбыры
ағынында тіке серпінді әдіспен анықталады. Өлшеу нәтижесiне мұнайдың
тұтқырлығы мен тығыздығының өзгеруi әсер етпейдi.
29. Ұсынылатын МКӨЖ құрамы және дәлсiздiгiнiң жол берiлетiн шектерi
осы Қағидаға 2-қосымшада келтірілген.
30. Масса өлшеуiштердi пайдалану үдерісiнде масса өлшеуiш нөлiнің
масса өлшеуiштің осы түріне техникалық сипаттамаға сәйкес ығыстырылуы
бақыланады.
31. Масса өлшеуiштердi дәлдеу мен бақылау пайдалану орнында, сонымен
қатар тексеру стендiнде де жүргiзiледi.
Бақылаушы масса өлшеуiшті дайындаушы зауыт құбыр-поршеньдiк
қондырғылар немесе Прувер сыныбынан төмен емес сынып бойынша
аттестатталған әдiс бойынша аттестаттайды.
Масса өлшеуiштердiң метрологиялық сипаттамаларын бақылау былайша
жүргiзiледi:
1) масса өлшеуiштiң жұмыс ауқымынан кез келген шығын мәнi кезiнде бiр
уақытта мұнай массасын салмақ өлшеуiшпен және құбыр-поршеньдiк тексеру
қондырғылары (бұдан әрi – ҚТҚ) жинағымен және ТТ немесе бақылаушы масса
өлшеуiшпен өлшеу жүргiзiледi;
2) бақылау нәтижелерi бойынша масса өлшеуiш көрсеткiштерiнiң ауытқуы
төмендегi формула бойынша есептеледi:

(1)
мұндағы М – масса өлшеуiшпен өлшенген мұнайдың жалпы массасы, т;
Мб – басқа аспаптармен – ҚТҚ жинағымен және ТТ немесе бақылау салмақ
өлшеуiшпен өлшенген мұнайдың жалпы массасы, т.
Бақылау нәтижелерi бойынша масса өлшеуiш көрсеткiштерiнiң ауытқуы 
± 0,25 %-дан аспауы тиiс.

5. Мұнай массасын жанама әдістермен өлшеу және салмақтау тәртібі

5.1. Мұнайдың массасын жанама көлемдік-массалық серпiндi әдiспен
өлшеу және салмақтау

32. Қабылдау-тапсыру операциялары кезінде мұнайдың массасы ШТ мен ТТ-
тің көмегімен көлемдік-массалық серпiндi әдiспен анықталады.
33. Бұл ретте масса көлемнiң тиiстi мәндерiнiң және өлшеу
(температура, қысым) шарттарына келтiрiлген тығыздық көлемiнiң немесе бiр
қалыпты жағдайға келтiрiлген көлемнiң немесе тығыздықтың көбейтiндiсi
ретiнде ақпаратты өңдеу құрылғысымен есептеледi.
Жұмыс iстеп тұрған ТТ ажыратылған және резервтегiсi болмаған кезде,
мұнай тығыздығы ареометрмен немесе рұқсат етiлетiн шектi дәлсiздiгi
± 0,5 кгм3 зертханалық тығыздық өлшеуiшпен айқындалады.
ШТ немесе мұнай есептеуiшiнде мұнай қысымы мен температурасы кезiнде
алынған мұнай көлемiн өлшеу нәтижесi қалыпты жағдайға келтiрiледi.
Мұнай сапасының параметрлерiн өлшеу блогындағы температура мен қысым
кезiнде ағынды ТТ-мен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi мұнай көлемiн өлшеу
шарттарына және қалыпты жағдайға (температура, 20 °С-қа тең, артық қысым, 0-
ге тең) келтiрiледi.
34. Ақпаратты өңдеу құрылғысымен (бұдан әрі – АӨҚ) немесе оператордың
автоматтандырылған жұмыс орнында мұнай есебiнiң барлық үдерістерін басқару
жүзеге асырылады.
35. МКӨЖ-ды пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар:
1) МКӨЖ-ды пайдалану үдерісінде мынадай параметрлер бақылануы тиiс:
өлшеу сызықтары арқылы мұнай шығысы. МКӨЖ конструкциясы массаны өлшеу
кезiнде өлшеу сызықтары арқылы жүйенi метрологиялық аттестаттау туралы
сертификатта көрсетiлген жұмыс диапазонының 2,5 %-нан аспайтын ауытқумен
мұнай шығысын қамтамасыз етуi тиiс;
шығу коллекторындағы мұнай қысымы. МКӨЖ шығуындағы мұнай қысымы
көлемдiк ШТ-ның кавитациясыз жұмысын қамтамасыз етуi тиiс және мынадай
формула бойынша белгiленген мәннен кем болмауы тиiс:

Р = 2,06 × Рқ  + 2ΔР,
(2)

мұндағы Р – МКӨЖ шығуындағы ең аз артық қысым, МПа;
Рқ – қаныққан бу қысымы, МПа;
ΔР – ШТ-дағы немесе техникалық паспортта көрсетiлген масса өлшеуiштегi
қысым айырымы, МПа;
Сүзгiлердегi қысым айырымы сүзгiнiң осы түрiнiң паспортында
көрсетiлген мәндерден артық болмауы немесе 2ΔРф аспауы тиiс, мұндағы 2ΔРф –
сүзгiнi тазартқаннан кейiн пайдалану орнында белгiленген ең көп шығыс
кезiндегi сүзгiдегi қысым айырымы. Сүзгiлердi тазарту кем дегенде үш айда
бiр рет актi ресiмдей отырып жүргiзiлуi тиiс.
Тұтқырлық бойынша көлемдi ШТ-ның түрлендiру коэффициентiн түзету
жөнiндегi құрылғы болмаған кезде, мұнай тұтқырлығы көлемдi ШТ-ны тексеру
жүргiзiлген кездегi үлгiнi бекiту немесе ШТ-ның басқа түрлерiн пайдалану
жағдайларында метрологиялық аттестаттау үшiн сынақ жүргiзу кезiндегi
белгiленген шектерден аспайтын тұтқырлық мәндерiнен айрықшаланбауы тиiс;
2) пайдаланудың негiзгi талаптары бұзылған және өлшеу құралдары жұмыс
iстемеген кезде мұнайдың есебi осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес жүргiзiлуi
тиiс.
36. ШТ-ны пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар:
1) ШТ-ны пайдалану кезiнде тексеру және метрологиялық
сипаттамаларды бақылау жүргiзiледi;
2) жұмыс ШТ-ны тексеру немесе метрологиялық сипаттамаларды бақылау
уақытында мұнайдың есебiн бақылау өлшеу сызығы бойынша жүргiзуге болады;
3) ШТ-ны тексеру пайдалану орнында өлшеу сызықтары элементтерiмен
(егер олар жобада көзделсе, ағыс түзеткiштермен, тiк учаскелермен)
жиынтықта МКӨЖ пайдаланылатын шығыстардың жұмыс диапазонында жүргiзiлуi
тиiс;
4) ШТ-ны түрлендiру коэффициентi тексеруден кейiн АӨҚ-қа қолмен де,
сонымен бiрге автоматты түрде де енгiзiлуi мүмкiн.
АӨҚ-қа градуирлiк сипаттаманы iске асыру тәсiлiне байланысты ШТ-ны
түрлендiру коэффициентi мынадай түрде ұсынылады:
1) шығыстардың барлық жұмыс диапазонындағы тұрақты мән;
2) шығыстың түрлi диапазондарында түрлендiру коэффициентiнiң
мәндерi;
3) шығыстардың жұмыс диапазоны нүктелерiнде түрлендiру
коэффициентiнiң мәндерi;
4) тексеруаралық өту интервалында ШТ-ның метрологиялық
сипаттамаларын бақылау.
ШТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылау шығыстардың жұмыс
диапазонындағы жұмыс жағдайларында пайдалану орнында түрлендiру
коэффициентiн және ШТ немесе АӨҚ (АӨҚ-тың жадында сақталатын) қайталама
аспабында белгiленген мәндердiң түрлендiру коэффициентiнен алынған мәннен
ауытқуын анықтаудан тұрады.
ШТ метрологиялық сипаттамаларын бақылау құбыр-поршеньдiк дәлдеу
қондырғысы немесе бақылауаралық интервал арқылы пайдалану орнында бақылау
ШТ бойынша жүргiзiледi.  
ШТ бақылауаралық интервалын белгiлеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) әрбiр жаңадан енгiзiлетiн МКӨЖ үшiн, сондай-ақ ШТ-ны ауыстырумен
қайта құрудан кейiн ШТ-ның бақылауаралық интервалы белгiленедi.

Бақылауаралық интервал сонымен бiрге ШТ-ны жөндеуден кейiн де
белгiленедi;
2) бақылауаралық интервал ШТ-ны пайдаланудың қарқындылығына байланысты
не жұмыс iстеу сағаттарында не КДҚ бойынша түрлендiру коэффициентiн бақылау
нәтижелерi бойынша күнтiзбелiк уақытта (күндермен немесе айлармен)
белгiленедi;
3) ШТ-ның үздiксiз жұмысы кезiнде 5 күнтiзбелiк күн аралық мерзiммен
30 күнтiзбелiк күн iшiнде түрлендiру коэффициентiнiң мәнiн бақылау
жүргiзiледi және бақылауаралық интервал 5 күнтiзбелiк күн болып
белгiленедi;
4) бақылауаралық интервалды статистикалық деректердiң нәтижелерi
бойынша белгiлеуге рұқсат етiледi;
5) резервте тұрған және ұзақ уақыт бақылаудан өтпеген ШТ-ны бақылау
оларды пайдалануға қосу алдында ғана жүргiзiледi;
6) бақылауаралық интервалдың шамасы МКӨЖ формулярына енгiзiледi;
7) бақылауаралық интервалды белгiлеудi өткiзушi және қабылдаушы
тараптардың өкiлдерiмен келiсе отырып, МКӨЖ қызмет көрсетудi жүргiзетiн
ұйым орындайды.
Ағынды ТТ-ны пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар:
1) ағынды ТТ-ны тексеру тегеурінді металл пикнометрлердiң өлшеу жинағы
бойынша немесе эталондық тығыздықты өлшеуiш бойынша жүргiзiледi;
2) ағынды ТТ-ны тексеру зертханада немесе пайдалану орнында
жүргiзiледi. Ағынды ТТ-ны тексерудi, егер мұнайдың тығыздығы жыл iшiнде 100
кгм3-ден аспаса, пайдалану орнында жүргiзуге рұқсат етiледi;
3) ТТ-ны зертханада кезектi тексеруден кейiн оны пайдалану орнына
орнатар алдында ауа нүктесi бойынша метрологиялық сипаттаманы бақылау
орындалады;
4) бұл үшiн мұнай сапасының параметрлерiн өлшеу блогында немесе басқа
бейiмделген үй-жайда ТТ қоректендiрiледi, тығыздықты өлшеу сызығына
қосылады (20 + 5) °С температура кезiнде шығу дабылын есептеу жүргiзiледi;
5) шығу дабылының тербелiс кезеңi тексеру сертификатында (ауамен
тексеру) көрсетiлген тербелiс кезеңiне сай келуi тиiс.
37. Егер тексеру немесе бақылау кезiнде ТТ дәлсiздiгi белгiленген
шектерден асатын болса, кейiн тексерумен градуирлеуге жатады.
Ағынды ТТ-ны градуирлеу пикнометрлердiң өлшеу жинағы бойынша немесе
эталондық тығыздықты өлшеуiш бойынша зертханада немесе пайдалану орнында
нормативтiк құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.
Ағынды ТТ-ны градуирлеудi, егер мұнайдың тығыздығы жыл iшiнде 100
кгм3-ден  аспаса, пайдалану орнында жүргiзуге рұқсат етiледi.
38. Ағынды ТТ-ны бақылау 10 күнтiзбелiк күнде бiр рет ТТ жұмыс
көрсеткiштерiн мұнайдың тығыздығын эталондық тығыздықты өлшеуiшпен
тығыздықтың жұмыс мәнi кезiнде жұмыс жағдайларында өлшеу нәтижелерiмен
немесе резервтiк ТТ көрсеткiштермен салыстырып қарау әдiсiмен жүргiзiледi.
Резервтiк ТТ таза болуы тиiс және одан мұнай салыстырып қарау кезiнде
ғана өтуi тиiс.
Мынадай шарт орындалуы тиiс:

(3)
мұндағы – жұмыс ТТ-мен өлшенген, мұнай тығыздығының мәнi, кгм3;
– эталондық тығыздықты өлшеуiшпен немесе резервтiк ТТ-мен
өлшенген, мұнай тығыздығының мәнi, кгм3;
– жұмыс ТТ-ның рұқсат етiлетiн абсолюттiк дәлсiздiгiнiң шегi,
кгм3;
– эталондық тығыздықты өлшеуiшпен немесе резервтiк ТТ-ның рұқсат
етiлетiн абсолюттiк дәлсiздiгiнiң шегi, кгм3.
Эталондық тығыздықты өлшеуiш болмаған кезде немесе резервтiк ТТ-мен
МКӨЖ жарақтандыруға дейiн жұмыс ТТ-ны бақылау талдамалық зертханамен мұнай
тығыздығын өлшеу нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.
Кем дегенде 10 күнтiзбелiк күнде бiр рет ТТ көрсеткiштерi мұнай
тығыздығын тығыздық өлшеуiшпен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшеу
нәтижелерiмен салыстырылады және төмендегi формула бойынша  кгм3
тығыздықтарының айырмасы есептеледi:
,
(4)
мұндағы – мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогында шарттарға
келтiрiлген, – өлшеу сәтiне iрiктелген сынамада тығыздық өлшеуiшпен
немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi,
кгм3 .
Мынадай шарт орындалуы тиiс:

(5)
мұндағы Δ – тығыздық өлшеуiшпен немесе тығыздықты өлшеудi орындау
әдiстемесiн метрологиялық аттестаттау туралы куәлiктен зертханалық тығыздық
өлшеуiшпен өлшеу әдiсiнiң дәлсiздiгi, кгм3.
Әдiс дәлсiздiгiн бағалауды өткiзгенге дейін былайша ТТ бақылауды
жүргiзуге жол берiледi:
мына формула бойынша анықтайды:
(6)
(7)

мұндағы  – нормадан ауытқушылыққа тексерiлген, ТТ тексеруден
кейiнгi алғашқы  әртүрлiлiгiнiң орташа мәнi, кгм3. Шұғыл байқалатын
өлшеулер табылған жағдайда оларды қосымша өлшемдер нәтижелерiмен
алмастырады.
– тексеруден кейiн алғашқы 30 ауысымда 1-шi ауысымды жұмыс
ТТ өлшенген, мұнай тығыздығының мәнi, кгм3;
– мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогында шарттарға
келтiрiлген,  өлшеу сәтiне iрiктелген сынамада ареометрмен немесе
зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi, кгм3.
ТТ жұмыс көрсеткiштерi 10 күнтiзбелiк күнде кемiнде бiр рет
ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнайдың
тығыздығымен салыстырылады және төмендегi формула бойынша  кгм3
 тығыздықтарының әртүрлiлiгi есептеледi:

(8)
мұндағы – мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогында шарттарға
келтiрiлген, өлшеу сәтiне iрiктелген сынамада ареометрмен немесе
зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi, кгм3.
Мынадай шарт орындалуы тиiс:

(9)
мұндағы  – тығыздық өлшеуiштiң (± 0,5 кгм3) немесе зертханалық
тығыздық өлшеуiштiң жол берiлетiн дәлсiздiгiнiң шегi, кгм3, (тексеру
туралы куәлiктен алады).
Егер (5) немесе (9) шарттар орындалмаса, ауытқу себептерi анықталады:
өлшеулердiң қателерi, бақылау шарттарын сақтамау, ескерiлмеген факторлар.
Қатарынан үш ауысым iшiнде шарттар сақталмаған кезде және
метрологиялық бас тарту жағдайында ТТ-ті бөлшектейдi, жуады, мұнай сапасы
параметрлерiн өлшеу блогына қайта орнатады және осы әдiс бойынша бақылайды.
Қосымша екi ауысым iшiнде теріс нәтижелер алынған кезде ТТ кезектен тыс
тексеруге жатады.
Қабылдаушы және өткiзушi тараптардың уағдаластықтары бойынша бақылау
мерзiмдiлiгiн өзгертуге жол берiледi.
ТТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылауды ұсынудың көрнекiлiгi
үшiн және метрологиялық бас тартулардың диагностикасы мүмкiндiгiн iске
асыру үшiн жоғарыда көрсетiлген өлшемдердi компьютерге енгiзу және сақтау
кестелер түрiнде монитор экранында индексациялау ұсынылады.
39. ТТ-ны ағыту кезiнде мұнайдың брутто массасы мұнайдың бiрiктiрiлген
сынамасы (тәулiктiк не бір топтағы) зертханалық талдаулар бойынша мұнай
тығыздығы ескерiле отырып анықталады. Метрологиялық бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi
Мұнай кенорындарындағы экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық аспектісі
Жерқойнауын пайдаланушы ұйымдардағы буxгалтерлік есеп пен салық салудың ерекшеліктері ( КОР Мұнай компаниясы АҚ мысалында)
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері
Мұнай газ саласындағы салық салу: түсінігі мен түрлері және ерекшеліктері
Мұнай өнімдерін өндіруге салық салудың әлемдік тәжірибесі
Салық түрлері туралы
Оңтүстік Маңғышлақ бөлігінің геологиясы мен мұнайгаздылығы және шығыс Аққар кенорнында іздеу жұмыстары жобасын жасау
Атом энергетикасы: бүгіні мен болашағы
Пәндер