Қазақстанда жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін.өзі басқарудың даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1.Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді
бөлу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.12

II. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін.өзі басқаруды
қалыптастырудың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.1.Мемлекеттің тұтастығын сақтаудағы жергілікті өзін . өзі басқарудың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.21

2.2. Қазақтан Республикасындағы жергілікті өзін.өзі басқару
модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27.28

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе

Нарықтық экономика құрудың стратегиялық міндеттері мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін демократиялық құрылысын талап етеді, өйткені демократиялық тетіктерсіз және басқару органдарының жұмысын бақылаусыз әділетті нарыктық бәсекелестік жағдай туғызу мүмкін емес.
Екінші жағынан, нарықтық экономика шешім қабылдау жүйесінде шектен тыс орталықтандыруға көнбейді және экономикалық, әлеуметтік өмірдің субъектілерімен тікелей жанасатын жергілікті органдарға белгілі бір билік пен қаржы өкілеттігін бекітіп беруді талап етеді.
Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасыңда нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл, биліктің белінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі.
Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дүрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жузеге асыруды талап етеді.
"Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы қүжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.
Тақырыптың зерттеу дәрежесі. Жергілікті органдар өзінің қызметін орталық биліктердің бақылауыңда атқарады. Бақылау әр салада әртүрлі болуы мүмкін.
Орталық органдар жергіліктілерді әкімшілік бақылауыңда өзінің кейбір актілерін бекіту және олардың белгілі іс-әрекеттеріне санкция салу құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергілікті басқарудың лауазымды қызметкерлерін жұмыстан босата алады.
Орталық органдар өзіңің жергілікті басқару құрылымдарымен арақатынастарында қаржылай бақылау өкілетін де қолданады. Жергілікті органдардың қаржысы өздерінің жеке табыстары мен мемлекеттік бюджеттен кіріс түсуден қүралады. Бұндай жағдай олардың, бірінші жағынан өздерінің белгілі мәселелерде дербестігін білдірсе, екінші жағынан, жалпы мемлекеттік деңгейдегі орнын анықтап, мемлекеттік басқару жүйесіне кіретіндігін білдіреді.
Сонымен қатар жергілікті органдарды қоғамдық, сот және т.б. бақылаулар арқылы тежейді. Бұл орайда сот билігінің жергілікті атқару органдарынан тәуелсіздігі қамтамасыз етілуі өте маңызды.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін жергілікті бюджет коммуналдық заңда түлғаларға бекітілген мүлік құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және шектеулер қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:
1. Жалпы мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу.
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау.
3. Қазметінің қоғамдық маңызы бар салаларында бекітілген жалпы мемлекеттік стандартты ұстану,
4. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуыы
қамтамасыз ету.
Жұмыстың теориялық - методолологиялық және практикалық ғылыми зерттеулер негізі Белисбаев А., Көшім Д., Медведева H.П., Нүкенов А., Танкиева A., Тоқтыбеков Ә., Умбеталиева Т., Хайдар А., Черникова В.А. сияқты ғалымдардың еңбектерінде өз орнын тапқан.
Қазақстан өзінін тәуелсіздігін жариялап, демократиялық қоғам құруға бел байлаған күннен бастап, жаңа мемлекеттік құрылымның түрлерін енгізу міндеті күн тәртібінде болды. Халықтың биліктің, азаматтық коғамның алғашқы баспалдағы болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨӨБ) жүйесінің соңғы Конституциядан орын алудың өзі осының айғағы.
ЖӨӨБ мәселесі Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін мүлдем жаңа,. жат құбылыс деп айтуға болмайды. Атам заманнан бері әр ауыл, әр аймақ өзінің ішкі мәселесін өздсрі шешкен, оған хан да, сүлтан да араласпаған. Белгілі бір қауымның (ата, ру) ішкі жұмысын былай қойғанда, ауыл арасындағы, ата-ру арасындағы кикілжіңдер, талас-тартыстар ауыл ақсақалдарынан артылса ара биге жүгінумен, соның билігімен аяқталған. Орталақ мемлекеттік билік болып табылатын Хан билігі жергілікті мәселелерді шешуге ешқашан араласпайтын.
Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру кез келген мемлекеттегі демократиялық тәртіптің қажетті саласы болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Баянов Е. ред. "Мемлекеттік және құқық негіздері", Оқулық, Алматы,
"Жеті жарғы", - 2001ж.
2. Көшім Д., "Жергілікті өзін-өзі басқару - азаматтық қоғамның
алғашқы баспалдағы", - Алматы, 2000ж.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы., Алматы,
1995 ж. 89, 95 баптар.
4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. №23 желтоқсан, 2003ж.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми Web-сайты: www.government.kz

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстанда жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..3

I. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму

ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1.Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді
бөлу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5-12

II. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды

қалыптастырудың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 13

2.1.Мемлекеттің тұтастығын сақтаудағы жергілікті өзін - өзі басқарудың

рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-21

2.2. Қазақтан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару

модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .21 -26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27-28

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..29

Кіріспе

Нарықтық экономика құрудың стратегиялық міндеттері мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлерін демократиялық құрылысын талап етеді, өйткені
демократиялық тетіктерсіз және басқару органдарының жұмысын бақылаусыз
әділетті нарыктық бәсекелестік жағдай туғызу мүмкін емес.
Екінші жағынан, нарықтық экономика шешім қабылдау жүйесінде шектен тыс
орталықтандыруға көнбейді және экономикалық, әлеуметтік өмірдің
субъектілерімен тікелей жанасатын жергілікті органдарға белгілі бір билік
пен қаржы өкілеттігін бекітіп беруді талап етеді.
Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде
билік құзырларының әр деңгейі арасыңда нақты бөлінуі мен халық билігінің
маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру
өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл, биліктің белінуі шеңберінде
қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық
нышандардың бірден-бірі.
Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын
шешеді деп қараудан да сақтанған дүрыс. Сонымен қатар күшті
орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын
қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы саяси жағдайдың
тұрақсыздануына алып келуі мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз
ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту
сияқты басқа да шараларды жузеге асыруды талап етеді.
"Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет
пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің
бірі ретінде белгіленген. Осы қүжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік
басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде
болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір
министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан
аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады.
Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық
механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.
Тақырыптың зерттеу дәрежесі. Жергілікті органдар өзінің қызметін
орталық биліктердің бақылауыңда атқарады. Бақылау әр салада әртүрлі болуы
мүмкін.
Орталық органдар жергіліктілерді әкімшілік бақылауыңда өзінің кейбір
актілерін бекіту және олардың белгілі іс-әрекеттеріне санкция салу
құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергілікті басқарудың лауазымды
қызметкерлерін жұмыстан босата алады.
Орталық органдар өзіңің жергілікті басқару құрылымдарымен
арақатынастарында қаржылай бақылау өкілетін де қолданады. Жергілікті
органдардың қаржысы өздерінің жеке табыстары мен мемлекеттік бюджеттен
кіріс түсуден қүралады. Бұндай жағдай олардың, бірінші жағынан өздерінің
белгілі мәселелерде дербестігін білдірсе, екінші жағынан, жалпы мемлекеттік
деңгейдегі орнын анықтап, мемлекеттік басқару жүйесіне кіретіндігін
білдіреді.
Сонымен қатар жергілікті органдарды қоғамдық, сот және т.б. бақылаулар
арқылы тежейді. Бұл орайда сот билігінің жергілікті атқару органдарынан
тәуелсіздігі қамтамасыз етілуі өте маңызды.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің
әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық
негіздерін жергілікті бюджет коммуналдық заңда түлғаларға бекітілген мүлік
құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және шектеулер
қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:
1. Жалпы мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына сәйкес келмейтін
шешімдердің қабылдануына жол бермеу.
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының
мүдделерін сақтау.
3. Қазметінің қоғамдық маңызы бар салаларында бекітілген жалпы
мемлекеттік стандартты ұстану,
4. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуыы
қамтамасыз ету.
Жұмыстың теориялық - методолологиялық және практикалық ғылыми
зерттеулер негізі Белисбаев А., Көшім Д., Медведева H.П., Нүкенов А.,
Танкиева A., Тоқтыбеков Ә., Умбеталиева Т., Хайдар А., Черникова В.А.
сияқты ғалымдардың еңбектерінде өз орнын тапқан.
Қазақстан өзінін тәуелсіздігін жариялап, демократиялық қоғам құруға
бел байлаған күннен бастап, жаңа мемлекеттік құрылымның түрлерін енгізу
міндеті күн тәртібінде болды. Халықтың биліктің, азаматтық коғамның алғашқы
баспалдағы болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨӨБ) жүйесінің
соңғы Конституциядан орын алудың өзі осының айғағы.
ЖӨӨБ мәселесі Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін мүлдем жаңа,. жат
құбылыс деп айтуға болмайды. Атам заманнан бері әр ауыл, әр аймақ өзінің
ішкі мәселесін өздсрі шешкен, оған хан да, сүлтан да араласпаған. Белгілі
бір қауымның (ата, ру) ішкі жұмысын былай қойғанда, ауыл арасындағы, ата-ру
арасындағы кикілжіңдер, талас-тартыстар ауыл ақсақалдарынан артылса ара
биге жүгінумен, соның билігімен аяқталған. Орталақ мемлекеттік билік болып
табылатын Хан билігі жергілікті мәселелерді шешуге ешқашан араласпайтын.
Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті
өзін-өзі басқаруды іске асыру кез келген мемлекеттегі демократиялық
тәртіптің қажетті саласы болып табылады.

І. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму
ерекшеліктері.
1. . Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді бөлу
мәселелері

Қазіргі уақытта Қазақстан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру
сатысына қадам басты, сондықтан өз еліміздің ерекшелігін ескере отырып,
шетелдік тәжірибені талдау мен жинақтауға ықылас арта түсуде.
Бұрынырақ осындай жүйені құруға талай рет ұмтылыс жасалды. Халықтың
жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес шешуді қамтамасыз ететін
жергілікті өзін-өзі басқару туралы ереже бастапқыда Қазақстан Республикасы
Конституциясының негізіне арқау болды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудьщ заңнамалық негізін әзірлеу мен оны
енгізуге талай рет ұмтылыс жасалды. 1997 жылы Жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралың заң әзірленді, бірақ ол қабылданбады.
Билікті орталық пен аймақтарға жіктеу мәселесінің қоғамымызда
талқыланып жатқанына біршама уақыт өтті. Осы екі деңгей арасындағы
мәселелердің шешілу барысы жергілікті басқарудың дамуына тікелей қатысы
бар. Орталықтан биліктің бір белігін алу процесін әрі қарай жеткізудегі
тағы бір кезең жергілікті басқару органдарының жаңа жүйеге қатысты құқықтық
базасын айқындау.
Жергілікті басқаруды дамыту мақсаты әр әкім өз мекенінің (ауылдың,
қаланың, ауданның) бюджетінің толуына мүдделі болуы үшін жеке шағын, орта,
үлкен кәсіпорындардың экономикасна араласпай, қайта олардьщ дамуына қолайлы
жағдай жасауы тиіс. Облыстардьщ бүгінде әл-ауқаты өзін-өзі асырауға жетті
деу қиын. Республикалық бюджеттен қаржы алып отырған облыстар баршылық.
Оларға дербестік берілсе, бюджеттің шығыс белігін қамтамасыз ететін қаржы
кезін қайдан алмақ? Ал әлеуметтік қамсыздандыру саласы ақсап жатса, ол
облыс шеңберінде саяси наразылық туғызары сөзсіз. Демек. әр облыс өз
бетінше емір сүре алатын жағдайға жетпей, орталықтың билігін шектеуді
енгізу ерте. Ал әкімдерді сайлау мәселесіне тоқталсақ, әлеуметтік-
экономикалық жағдайы ауыр аймақта әкімдерді сайлау кері әсер беруі мүмкін.
Экономиканың дағдарыстан жаңа шыға бастаған ел үшін толассыз сайлаулар
экономикалық өсу қарқынын бәсендетуі әбден мүмкін.
Жергілікті жағдайда экономиканы басқаруды жетілдіру жолдарын
іздестіруде көптеген пікірлер бар. Жергілікті басқаруды жетілдіруде оған
саяси тұрғыдан емес, оны шаруашылық тұрғысынан да қарау керек. Біз үшін
оның дамуы, жергілікті халықтың барлық әлеуметтік қызмет түрлерімен
қамтамасыз етілу маңызды. Яғни үнемі орталықтан кемек күту тиімсіз,
соңдықтан да өздері шеше алатын мәселелерге еркіндік (өкілеттілік) беруді
талап етеді. Өкілеттіктерді ажырату мәселесі де сатылап шешілуі дұрыс
болады. Себебі, кейбір өкілеттіктер жергілікті деңгейге берілгеннен кейін
орталық ол мәселеге оралмайды, ал жергілікті органдар оны толыққанды шеше
алмай қалуы да ықтимал, олай болса, барлығы эксперимент сынынан өтіп барып
қабылдануы керек. Жергілікті өзін-өзі басқаруды мемлекеттік басқару
жүйесінен бөлек алып қарау мәселесі әлі де көптеген талқылауларды талап
етеді. Кез келген экономикасы дамыған мемлекеттерде мемлекеттен бөлек жүйе
жоқ.
Тарихқа тоқталып өтсек, жергілікті басқарудың даму жолы былайша
өрбиді: жергілікті басқару билігінін қайта қалыптасуы бұрынғы кеңес
дәуірінің соңғы 1990-1991 жж. "КСРО жергілікті өзін-өзі баскару және
жергілікті шаруашьшықтың жалпы басталуы туралы" Заңының қабылдануы елімізде
жергілікті басқарудың қалыптасуына негіз болды. 1990 жылдың 15
желтоқсанында қабылданған "ҚазКСР-дағы меншік туралы" Заңы меншікті үш
түрге белді, олар:
1. жалпыодақтық;
2. республикалық;
3. жергілікті.
Кейін 1991 жылғы 15 ақпанда "Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ
Советтік Социалистік Республикасының жергілікті кеңестерінің халық
депутаттары туралы" Заңы қабылданғанымен, ол заң бұрынғы кеңестік дәуірдің
үрдісін жалғастырды. Бұл занда мемлекеттік басқару мен жергілікті
басқарудың аражігі ажыратылмаған. Жергілікті мемлекеттік органдар
мемлекеттік биліктің бірлігі қағидасының негізінде құрылып, мемлекеттік
биліктің жергілікті органдары - халық депутатары кеңестеріне жергілікті
халық өкілдері сайланды (ауыл, селоға денгейіне дейін). Осы өкілетті
оргаңдар жергілікті атқарушы органдарды қалыптастырды деп берілген. 1992
жылдың 13 қаңтарында "Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасьшың жергілікті кеңестерінің халық депутаттары
туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданды.
Бұл заңдағы өзгерістер "Өкілетті органдардың үстемдігін" ,"Өкілетті және
атқарушы-бөлуші органдардың функциялары мен өкілеттіктерін ажыратумен"
алмастырумен шектелген. Кез келген деңгейдегі халық депутаттарының
кеңестері "кімдердің өкілеттігіне жататын мәселелерді өз қарауларына алуға"
және керісінше, әкімдер "халық депутаттарының жергілікті Кеңесінің
өкілетіне қарайтын мэселелерді өз қарауларына алуға құқықтары
болмайтындығына" заңда ерекше назар аударылған. 1992 жылдың 7-ші ақпанында
"Экономикалық реформалар жағдайында мемлекеттік басқару оргаңцарының іс-
әрекеті мен оны ұйымдастыруды жетілдіру туралы" Жарлыққа Президент қол
қойды. Ал, 1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғарғы Кеңес Қазақстан
Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіңде алғашқы Конституциясын қабылдады.
Бірақ онда жергілікті басқару, жергілікті шаруашьшық туралы айтылмағанымен,
жергілікті жерлерде аумақтық қауымдастықтарда қоғамдық өзін-өзі басқару
комитеттерін құру жөніндегі мәселелер қатары қарастырылған.
Жоғарғы Кеңес өзінің таралуы алдында 1993 жылдың 10 желтоқсанында
"Жергілікті өкілетті жэне атқарушы органдары туралы" Занды қабылдап, онда
жергілікті басқару органдарының мүлдем басқаша үлгісін енгізеді. 1995
жылдың 30 тамызында қабылданған Конституцияда мемлекеттік басқару жүйесінің
негізгі қағидалары мен бағыттары нақты белгіленген. Конституцияда
жергілікті мемлекеттік басқарумен (85-бап) қатар жергілікті өзін-өзі
басқару да (89-бап) берілген. Онда жергілікті өкілетті органдарға -
облыстың, ауданның, қаланың мәслихаты; жергілікті атқарушы органдарға -
облыстың, ауданның, қаланың, ауылдын әкімшіліктері жатады деп берілген.
Ал 2001 жылдын қаңтарында "Қазақстан Республикасының жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" Заңы қабылданды (соңғы өзгерістер 2006 жылдың
10 қаңтарында енгізілді).
Қазір "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Заң жобасы көпшіліктің
талқылауына 2006 жылдың қазан айында берілді, ол 2007 жылдың
1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Бүгінгі күні көптеген мемлекеттердің кұрылымдарына елеулі өзгерістер
енгізілген: біріншіден, басқару органдарыньщ өзара қарым-қатынасындағы есеп
беру және бакылау тәртібі өзгерген; әр орган заңмен белгіленген шеңберде өз
бетінше жүмыс істейді; жергілікті жерлерде атқарушы және өкілетті органдар
жергілікті мемлекеттік басқарудың функциясын орындайды.
Мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымдарының алуан
түрлілігіне қарамастан жергілікті басқарудың дамуы түрақты екі
тұжырымдамасына бағытталады. Олар тек қана тәжірибиемен, дәстүрмен,
мәдениетпен ғана емес, сондай-ақ, құқықтық жүйемен де қалыптасқан. Мысалы,
АҚШ-та жергілікті басқару орталық штат пен федералды органдарға қарсы пайда
болса, ал ¥лыбританияда муниципалдық билік дербес ішкі баскарудың
жеңілдіктері ізінде пайда болды.
Жергілікті басқарудың кепілдігі занды түрде мыналар болуы мүмкін:
1) жергілікті басқаруды және оның органдарын мемлекеттік басқару
жүйесінде оқшауландырып ұйымдастыру;
2) жергілікті басқару органдарының экономикалық және қаржылық дербестігі;
3) жергілікті басқару органдарының басқа органдар мен ұйымдармен қарым
қатынас жасау қүқығы және толық құқық субъектісі ретінде шығуы (меншікті
басқару және иелік ету, жеке бюджетке иелік ету, дербес шешім қабылдау және
т.б.). Мысалы, Жапонияның Конституциясы бойынша және жергілікті басқару
Заңында (96-100 баптар) жергілікті жиналыс нормативті актілерді қабылдайды;
жергілікті бюджетті бекітеді; жергілікті салықтарды, айыппұлдарды бекітеді;
шаруашылық келісімшарттар жасайды; муниципалды кәсіпорындарды басқару
мәселелерін шешеді;
жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетіне тексеру жүргізеді;
Жергілікті басқару органдарының өкілеттігімен өлшенетін аймақтың
дәстүрлі мәдениетін, тарихи, экономикалық мүмкіндіктерін
есепке алатын жергілікті басқарудың әралуандығын ескереді. Ал, біздің
елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың институционалдық белгілері
Қазақстанның Конституциясымен камтамасыз етіледі. Жоғарыда аталып өткен
Жапония мемлекетімен біршама ұқсастықтар бар, мысалы, жергілікті бюджетті
бекіту. Елімізде адам құқығы мен оның еркіндігі қамтамасыз етіледі,
азаматтар жергілікті органдарға жұмысқа тартылады, өкілетті орган құрамын
сайлау процесінде өз еркін білдіру формасымен кепілдендіріледі. Жергілікті
басқару жүйесін енгізу азаматтарға тек сайлау құқына кепілдеме беріп қана
коймай, қоғамдастықтың аумағына, сайлауды ұйымдастыру тәртібі мен
жүргізілуіне, басқару органдарының сайлау мерзімі мен іс-әрекеттеріне
қатысты шешім қабылдауға да мүмкіндік береді деген сөз. Сонымен жергілікті
басқарудың органдарының құқықтық нығаюы үшін мемлекет өкілеттіктерін
төменгі деңгейге біртіндеп беріп отырады, ол мынадай формада жүзеге асады:
өкілеттерді беруі – жергілікті басқару органдарының қызметін реттеуді және
оларды табыстауы - мемлекеттің өз кұзыретіндегі өкілеттіктерді бір рет
белгілі мерзімге немесе мерзімсіз уақытка беруін білдіреді. Заңнамалық
тұрғыда жергілікті басқарудың іс-әрекеті заң шеңберінде белгіленеді және
оған мына белгілер тән болады: оны басқарудың жалпы ережелері, соның
ішінде, мақсаттары мен міндеттері, құқықтық негізі, аумағы мен құрамы,
ұйымдастыру құрылымы, құрылу тәртібімен нысаны, экономикалык және қаржылық
сипаты, сайланбалы органның өкілеттіктерінің шегі мен оның мерзімі,
мүшелері, сондай-ақ, лауазымды тұлғалары, басқа мемлекеттермен шекаралас
орналасқан болса, онда мемлекет тарапынан әкімшілік қадағалау шараларын
күшейту үшін жергілікті басқару органдарында ерекше тэртіп орнатъшады жэне
т.б. Қазақстанда жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті басқарудын
өзара қарым-қатынастары ерекше көңіл аудартады. Ол мынадай факторлардан
белгілі, Қазақстан Республикасының Конституциясы (89-бап) жергілікті өзін-
өзі басқаруды жергілікті деңгейдегі мэселелерді халықтың өз бетімен шешуін
қамтамасыз етеді деп танып, халықты мемлекет-тік биліктің нағыз көзі деген
идея бекітілген.
Жергілікті баскару аумақтарда жүзеге асады, ол заң ұғымында өмір
сүрудың міндетті шарты (жер, табиғат объектісі, ресурс көздері) ғана емес,
жергілікті басқарудың мәртебесіне ие - занды тұлға болып табылады.
2004 жылдан бастап әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараты
құрылып, оларға заңды тұлға мәртебесі берілді, ол үшін республикалық
бюджеттен 2,9 млн теңге бөлінді және ол 2005-2006 жылдары да осы мөлшерде
қаржыландырылады. Олай болса, шаруашылық саласында оларға бекітілетін
функциялар қатары да көбейді деген сөз. Бюджет бағдарламасы бойынша төменгі
басқару деңгейінің (жергілікті шаруашьшықтың) шығыңдарын қаржьшандыруды осы
әкімдер аппараттарына біртіндеп беріледі. Жергілікті басқарудың
экономикалық негіздерімен танысуда құрылымдық компоненттеріне қоса,
зандық астарларын білу аса маңызды. Жергілікті құрылымға оның қазына мен
мүліктен тұратын, коммуналды занды тұлғаларға бекітілген коммуналды
меншіктін тікелей қатысы болуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жергілікті
меншікке беру туралы тәртіпті анықтау керек. Мысалы, бүгінгі күні
пайдаланылмайтын мемлекеттік объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
беру тәртібі қабылданған. Коммуналды меншік оперативті басқару және
шаруашылық жүргізу құқыгымен бірге жергілікті тұлғаға беріледі. Егер
жергілікті кәсіпорындарға коммуналды мүлікке иелік етуге, пайдалануға құқық
берілсе, онда олар нақты меншік иесі болып табылады. Бұл құқықтарды атап
көрсетудің өзі басқаруға тек қана кэсіпорын жеткілікті емес, оған жер,
табиғи ресурс, жергілікті қаржылық-кредиттік мекемелер, тарихи және мәдени
құндылықтар, яғни жергілікті мүлік жиынтығының кажет екендігін білдіреді.
Жергілікті басқару органдары жергілікті меншікті басқарады, оны жеке және
занды түлғаларға уақытша пайдалануға, жалға беруге құқығы бар, сөйтіп,
белгіленген тәртіп бойынша беріп, мүлікпен келісімшарт жасайды. Оған қоса,
жергілікті басқару органдары:
1. өнімге (қызметке) бағаны және тарифті реттей алады;
2. ұйымдардың жетекшілерін тағайындайды;
3. жергілікті тапсырыстарды орналастырады;
4. қоғамдастық аумағында орналасқан ұйымдардың жергілІк-ті элеуметтік-
экономикалық дамыту шараларына қатысуын үйлестіреді;
5. белгіленген заң бойынша сыртқы экономикалық іс-эре-кеттің тэртібін
жүзеге асыра алады.
Жергілікті басқару органдарының қаржылық ресурстарына келер болсақ, ол
Конституцияда және басқа да заңда қаралған өкілеттіктеріне сәйкес болуы
керек. Бюджет жергілікті басқарудың қаржылық базасы, оның қаржылық негізі
төмендегілердің есебінен құралады:
• жергілікті бюджет қаражаттарынан;
• бюджеттен тыс, валюта жэне басқа да қорлардың қаражаттарынан;
жергілікті банкілерінің кредит ресурстарынан. Жергілікті бюджеттің
табыс құрылымы мынадай: жергілікті салықтардың түсімі;
• республикалық салықтардан аударма; жергілікті алымдардан, айып
пұлдардан жэне басқа да төлемдерден түскен түсімдер;
• жер қойнауын пайдалану қүқығына төлем; жердің, қозғалмайтын мүліктің
және коммуналды мүліктің жалдық ақысы; жергілікті құрылымға жататын
түрғын үйлердің пәтер ақысы;
• жергілікті бағалы қағаздар, акционерлік қоғамдар мен
серіктестіктердің үлестік жарнасы, жергілікті қаржы ұйымдарынын берген
қарызы бойынша пайыздық төлемдер.
Бүгінгі таңда жаңа жүйені өмірге енгізу үшін аса маңызды жағдайлар
жасалды. Әкімшілік реформасын кезең-кезеңімен іске асыру Қазақстандағы
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі туралы конституциялық нормаларды жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін барлық алғышарттарды туғызды.
Осы бағыттағы алғашқы нақты қадамдар Қазақстан Президенті жанындағы
Демократия мен азаматтық қоғам мэселелері жөніндегі ұлттық комиссияның
ауқымында жасалды.
Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі
мемлекеттік комиссияның алғашкы отырысында Мемлекет басшысы өзінін сөйлеген
сөзінде осы комиссия жүмысының аса маңызды бағыттарынын бірі ретінде
жергілікті өзін-өзі басқарудың нормативтік базасы мен әлеуметтік тетігінң
дамытуды анықтады.
Жергілікті өзін-өзі баскару жергілікті қоғамдастық шеңберінде іс-қимыл
жасайтын және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді өзінің
жауапкершілігіне алатын халықтың өзін-өзі ұйымдастыруының жүйесі болып
табылады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы сайлау органдарын -
Кеңестерді құру көзделуде, олардың мүшелерін тікелей жергілікті
қоғамдастықтың халқы сайлайтын болады.
Кеңесті Төраға басқарады, оны Кеңестің не жергілікті қоғамдастықтың
мүшелері сайлайды.
2006 жылдың мамыр айында демократиялық реформалар бағдарламасын
әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру жөніндегі жүмыс
тобының отырысы өтті. Оның нәтижесінде белгілі болған мәселелер мыналар:

1) жергілікті өзін-өзі басқару - халықтың міндеті емес, тек құқығы ғана;
2) жергілікті өзін-өзі басқарудың нысандарының деңгейін анықтау керек;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының формасы (бұл орган - кеңес,
кеңесті төраға басқарады, төраға әкімнің қызметін қайталамас үшін
олардың қызметтері бөлінеді);
4) жергілікті өзін-өзі басқару органы атқаратын қызметтердің шегін
анықтау (жергілікті аймақтағы шаруашылық-орындаушылық қызметтің бәрі
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретіне жатады.
Олардың саны - 51);
5) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бірігіп, үлкеюіне жол беру;
6) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржысы оларға бөлінген
қызметтерге сәйкес болады (биыл ол қаржының көлемі - 8 млрд теңге);
Жергілікті өзін-өзі басқару туралың Заң жобасы талкыға түскеннен
бері 150-ден аса ұсыныс жасалып, 117-сі үкіметтің жұмыс тобымен келісілді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары - бұл мемлекеттік құрылымдары
қызметін ешкандай да кайталамайтын дербес басқару бірліктері екенін есте
үстау аса маңызды. Бұл орайдағы мемлекеттің басты міндеті - жергілікті өзін-
өзі басқару орган-дарының дербестігіне кепілдік беру.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қүрылуына орай жүмыс тобының
мүшелері аудандар, аудандык маңызы бар қалалар әкімдерінің сайланып
қойылуына дайындық жөніндегі жұмыстарды жүргізуде. 2005 жылы жекелеген
аудандар әкімдерінің эксперименттік сайлауы өтті.
Тұтастай алғанда, жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстар ол
туралы заң қабылдау мен әкімдерді сайлаумен аяқталмайды. Ол Қазақстанның
саяси жүйесін жетілдіру бастауларына қарай жасалып жатқан қадамдардың бірі.
Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға раналған негізгі бағыттары
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: Біз мемлекеттің басқару жүйесін
жаңалап жетілдіруіміз керек. Мұндағы басты міндеттер – мемлекеттің басқару
деңгейлері арасындағы құзыреттіліктің ара жігін айқын ажырату, бюджетаралық
қатынастар жүйесін жетілдіру. Жергілікті мемлекеттік басқарудың аумақтық
даму, төменгі деңгейлердегі, ең алдымен ауылдағы тиімді басқаруды
қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі өкілеттіліктерін одан әрі кеңейте беру
қажет делінген.
Қазіргі кезде мемлекеттік аймақтық саясатты іске асыру орталық атқару
органдарының жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен өзара әрекет етуді
ұйымдастырумен тығыз байланысты. Осы аталған мемлекеттік аймақтық саясат
субъектілері арасындағы өкілеттілікті бөлудің ең басты мәселе – меншік
мәселесі (жер, оның қойнауы, қаржы, жылжымайтын мүлік, т.б.) Қазақстан
Рсепубликасының өкіметінің қаулысымен жерді, қойнауларын, табиғи
ресурстарды пайдаланудың, иемденудің конститутциялық өкілеттіліктерін бөлу
мәселелері қарастырылған.
Мемлекеттік аймақтық саясатты іске асырудың ұйымдық нысандары болып
атқарушы биліктің мемлекеттік құрылымдары мен жергілікті билік құрылымдары
болып табылады. Аймақтық даму бағдарламалары мемлекеттік аймақтық саясатты
ұйымдастырудың маңызды нысандарының біріне айналып отыр. Олардың ішіндегі
аса маңыздылары шекара аймақтарын, басқа аймақтарға қарағанда экономикалық
даму жағынан артта қалған аймақтарды дамыту бағдарламалары. Бағдарламаларды
дайындау және іске асыру барысында құрылымдық қайта құруларға әкелетін,
дағдарыс жағдайынан шығуды жеделдететін, аймақтардың әлеуметтік дамуын
теңестіретін, экологиялық зардап шеккен аудандарды жандандыратын аймақтық
инвестициялық саясаттың ерекшеліктері есепке алынады.
Ресей тәжірибесі көрсетіп отырғандай, аймақтық бағдарламаларды іске
асыруда нақты мақсаттарға бағытталған (ғылыми-техникалық даму, тұрғындарды
әлеуметтік қорғау, аймақтық даму) қаржылық аймақтық қорлардың маңызы зор.
Өз қызметтерінде олар мақсатты бағдарламалауға сүйенеді. Оның негізінде
өндірістік интеграция, аймақ тұрғындарын әлеуметтік-экономикалық қолдау,
аймақтарды ғылыми-техникалық құрылымдық қайта құру, территориялық табиғи-
климаттық, ұлттық мәдени және басқа дв мемлекеттік аймақтық саясатты
жүргізуге әсер ететін факторларды пайдалану жатады.
Мемлекеттік аймақтық саясат аймақтарды дамытудың стратегиялық
мәселелерді шешудегі салалық және территориялық шарттарымен тығыз
байланысты.
Аймақтық саясатты іске асырудағы аса маңызды проблеммалардың бірі –
аймақтарда біріңғай басқару жүйесінің болмауы. Жаңа заңда ұсынылған
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің күрделі
болуы оның тиімділігін төмендетеді. Сонымен қатар, ол аймақтағы барлық
әлеуметтік – экономиикалық құбылыстарды басқарудың бірыңғай болуын
қаматамасыз етпейді.
Қазіргі кезеңде Қазақстан өкілеттіліктерді белгілі бір бөлігін
орталықтан аймақтарға және жергілікті деңгейге беру алдында тұр. Қазақстан
Рсепубликасы Конститутциясының 89 бабына сәйкес жергілікті өзін-өзі
басқару:
• жергілікті мемлекеттік басқару шегінде ғана танылады;
• жергілікті мәселелерді шешуге құқылы;
• сайлау және сайлау органдары арқылы іске асырылуы мүмкін;
• қызметі заңдармен белгіленген өкілеттіліктердің негізінде жүргізіледі.
Конститутцияның Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
бөлімінің ерекшелігі, мұнда мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-
өзі басқару ұғымдарының арасында нақты шек анықталмаған. Тәжірибеде бұл
жергілікті өзін-өзі басқару потенциалының толық пайдаланбауына әкеледі.
Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару туралы
заңына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару – тиісті территорияда
мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында жергілікті өкілеттілік және
атқарушы органдармен жүргізілетін қызмет. Жергілікті өзін-өзі басқарудың
белгілі бір моделін таңдау бірінші кезекте мемлекеттің территориялық
ұйымдастырылуына байланысты болады. Унитарлық мемлекетте территорияларды
мемлекеттік басқару тікелей орталықтан жүргізіледі. Барлық мемлекеттер ең
болмағанда басқарудың үш деңгейіне ие: ұлттық, аймақтық және жергілікті.
Жергілікті өзін-өзі басқару – басқару органдарының құрылымы нәтижесінде
мемлекеттің даму стратегиясын анықтайды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару арасындағы
өкілеттіліктерді бөлу маңызды мәселеге айналып отыр. Мемлекеттік
территориялық басқарудың негізгі қызметі – бүкіл ел тұрғындарының
мемлекеттік мүдделерін қорғау. Бұл мәселе облыс деңгейінде, Президентпен
тағайындалған облыс әкімімен шешілуі тиіс.
Мемлекеттік аймақтық саясаттың қағидалары жалпы мемлекеттік
инвестициялық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін экономиканың жаңа
сапалы құрылымын қалыптастыруды қамтиды. Оның көмегімен салааралық және
аймақаралық шаруашылық кешендердің дамуын анықтайтын өндірістің құрылымдық-
технологиялық баланстануына қол жеткізуге болады. Жергілікті өзін-өзі
басқаруды мемлекеттік басқарудың бір түрі ретінде де қарастыруға болады.
Бұл жөнінде Еуропалық Хартияда келесі түсінік берілген: жергілікті өзін-
өзі басқару жергілікті өкімет органдарына сол жердегі тұрғындардың қызмет
аясында қоғамдық жұмыстарды басқаруына белгіленген заң бойынша құқық пен
мүмкіндік береді .
Жергілікті өзін-өзі басқарудың мақсаты - өндірістік және әлеуметтік саланы
кешенді дамуы. Нәтижесінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дамуы
өндірістік-әлеуметтік кешендерді ұқұру идеологиясына іске асыру
қабілеттілігімен айқындалады.
Орталық пен аймақтар арасындағы қызметтерді қайта бөлу түбегейлі құрылымдық
қайта құрулар мен жаңа басқару органдарын құрумен байланысты. Олар келесі
бағыттарда жүргізіледі:
• аймақтық нарықтарда тұтыну тауарларына ұсыныс, жұмыспен қамту
деңгейлерін сақтау үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы өндірісті
қолдау;
• экономикалық тиімсіз кәсіпорындарды ретпен жоюды қамтамасыз ету;
• аймақтағы кәсіпорындардың арасында тиімді шаруашылық байланысы
ұйымдастыру;
• аймақтағы өндірістік жүйесінің шешуші элементтерінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету, технологиялық және экологиялық апаттардың болуына жол
бермеу;
• жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, жергілікті нарыққа тауарлар
мен қызметтерді ұсынысын көбейтетін кәсіпкерлікті, әсіресе кіші және
орта бизнесті қолдау арқылы нарықтық құрылымды өзгерту.
ІІ. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды
қалыптастырудың мәні
2.1. Мемлекеттің тұтастығын сақтаудағы жергілікті өзін - өзі басқарудың
рөлі

Біздің қоғамымыздағы экономикалық реформалардың қазіргі құраушы
бөлігі жергілікті өзін-өзі басқару сферасы болып табылады.
Экономикалық тұрғыдан қарастырғанда, жергілікті өзін-өзі басқару
сферасындағы қайта құрулар ең алдымен,демократия принциптеріне сәйкес
келетін, әлемде территориалды қоғамдастықтарды дамытудың бірден-бір жолы
ретінде мойындалған, адамдардың жақсы өмір сүру деңгейін қамтамассыз ететін
тиімді аймақтық экономика құру қажеттілігіне бағытталған.
Жергілікті басқару – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мемлекеттік істердің маңызды бөліктерін регламенттеу мүмкіндігі және
олардың заң шегінде өз жауапкершілігі мен халық мүддесі үшін басқару.
Өзін-өзі басқару – бұл қандай да бірқоғамдық ұйымның автономдық
қызмет етуі, бұл берілген ұйымның мүшелері қабылдаған нормалары мен
шешімдерімен қамтамассыз етіледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекетте 3 негізгі мақсатты орындау
үшін қызмет етеді: мемлекеттік басқаруда орталықсыздандыруды қамтамассыз
ету: жергілікті мәнге ие мәселелерді шешудегі демократиялық бағдарларын
дамыту және жергілікті істерді жүргізуде тиімділігін жоғарылату. Осыған
сәйкес жергілікті басқаруды елдің конституциялық құрылымының негізі,
халықтың жергілікті мәнге ие сұрақтарды шешуге қатысу құқығы және халық
билігінің формасы деп анықтауға болады.
Жоғарыда айтқандарды ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару – бұл
азаматтардың жергілікті мәнге ие мәселелерді шешу үшін өздігінен
территориалдық ұйымдасуы және бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
дербестігі мен тәуелсіздігі, қоғамның пікірінің жариялылық пен есептілігі,
заңдылығы, жергілікті және мемлекеттік мүдделер сәйкестігі негізінде жүзеге
асырылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару - жергілікті істерді сол ортада тұратын
адамдардың өздерінің шешу құқығы. Бұл конституциялық құрылымның негізгі
бөлігінің бірі болып табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару теориясына келетін болсақ, бұл мәселеге
ең алғаш назар аударғандардың бірі француздық мемлекеттік қызметкер,
тарихшы және литератор А.Токвиль болды. Өзінің Америкадағы Демократия
деген еңбегінде ол: Қоғамдық институттардың тәуелсіздікті қалыптастыру
үшін ойнайтын ролі – ғылым үшін мектептің болуы сияқты роль ойнайды. Олар
халықтың тәуелсіздікке деген жолын ашады және осы дербестікті пайдалануға
үйретеді. Қоғамдық институттарсыз ұлт еркін үкімет құруы мүмкін, бірақ та
нақты еркіндіктің рухын сезіне алмайды деп жазған болатын.
Жергілікті өзін-өзі басқару теорияларын қалыптастыруға герман заң
мектебі үлкен үлес қосты. Алғашында неміс ғалымдары жергілікті, қоғамдық
жергілікті өзін-өзі басқару мәні мен табиғатын негіздей отырып, еркін
қауымдастық теориясын (қауымдастықтың табиғи құқықтары теориясы) алға
шығарылды, оның негізін француз және бельгиялық құқықтан алған болатын.
Бұл теория көрсеткендей, қауымдастықтың өз істерімен щұғылдану
құқығы адамның еркіндік құқығы сияқты табиғи сипатқа ие, немесе қауымдастық
мемлекеттен бұрын пайда болды және мемлекет қауымдық басқару еркіндігін
сыйлауы керек.
Еркін қауымдастық теориясы жергілікті өзін-өзі басқарудың
ұйымдастырылуының келесідей негізін құраушы бастауларын алға шығарады:
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қоғам мүшелерінің сайлауы
қауымдастықпен жүргізілетін істердің өзіндік жұмыстар және мемлекетпен
берілген істерге бөлінуі
жергілікті өзін-өзі басқару – қауымдастықтың өз табиғаты бойынша
мемлекеттік істерден ерекшеленетін өз істерін басқару
жергілікті өзін-өзі басқару органдары – мемлекеттік емес, қауым органдары
мемлекеттік органдар қауымдастықтың жеке концепциясына араласуға құқығы
жоқ. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстаңдағы мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталықтаңдыру
Басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіру
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
Бүгінгі Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың күйіне кешенді талдау жасап, орталықтандыру мен орталықсыздандыру балансына қол жеткізу қажеттігін елдегі әкімшілік реформасы тұрғысында негіздеу
Дамыған елдердегі жергілікті өзін өзі басқаруды тәжірібиесі
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің мәні, маңызы
Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіндегі халықты тікелей басқаруының жолдары
Муниципалды менеджмент
ҚР сайлау жүйесінің түсінігі
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту
Пәндер