Шәкәрім қажы мен голландық Альвин Бимбоэс



1 Шәкәрім қажы
2 Альвин Эрнестович Бимбоэс
3 Бізді Ахат Құдайбердиев оқытқан еді
...Жауыннан соң байтақ даладан жамырай бері жүгіретін сансыз жылғалар Есіл өзенін жаз бойы әлдерінше молықтырып жатады. Ақмоланың көшелерінен көте­рілетін шаңнан тұншыққан жұрттың еркін тыныстайтын жері де осы маң. Үнемі үс­тінен қызыл әскер киімін тастамайтын Альвин Бимбоэстің де Ақмола политотделіндегі күндізгі нұсқаушылық жұмысынан соң, хал-қадерінше дем алатын маңы осы өзен жағалауы...

– Шәкәрім ақынның тек Шығыстың ғана емес, Еуропа философтарының да еңбектерінен хабардарлығы таңдандырады, — деді Альвин кешкілік серуенге өзімен ере шыққан, біраздан бері “Музыкалық этнография” еңбегіне қазақ музыкасы туралы деректер жинап жүрген омбылық ғұлама Финдейзенге жүзін бұрып.

– Ол 1906 жылы қажыға барып, қайтар сапарында айға жуық Мысырдың, Ыстамбұлдың кітапханаларын армансыз аралапты. Сол жолы еуропалық философтардың да еңбектерін қаржысы жеткенше сатып алып, Семей шаһарында тұратын туысы Әнияр Молдабаевтың атына поштамен салып жіберіп отырған деген әңгімені ақынның жақын туысы Әбдіғали маған да айтқан, Альвин Эрнестович!

– Семейдің Шақпақ деген жеріндегі жаңадан салдырған үйінде былтыр жолыққанымда Шәкәрім өзін 64 жастамын деген. Сонда да, еңсесі тік, қимылы ширақ, жанарлары отты екен. Көп білетін, өмірдің мән-мағынасына зерек жан екенін аңғарғандай болғанмын. Бірақ, оның неліктен Лев Толстойдың кейіпкері Сергий пірәдәрша сайын далада елден жырақта, жалғыз тұрып жатқанын түсінбедім. Бұл жайында ақыннан бажайлап сұрауды да ретсіз көрдім, — деді Альвин әңгіме арқауын ширата түсіп...

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім қажы мен голландық Альвин Бимбоэс

...Жауыннан соң байтақ даладан жамырай бері жүгіретін сансыз жылғалар
Есіл өзенін жаз бойы әлдерінше молықтырып жатады. Ақмоланың көшелерінен
көте­рілетін шаңнан тұншыққан жұрттың еркін тыныстайтын жері де осы маң.
Үнемі үс­тінен қызыл әскер киімін тастамайтын Альвин Бимбоэстің де Ақмола
политотделіндегі күндізгі нұсқаушылық жұмысынан соң, хал-қадерінше дем
алатын маңы осы өзен жағалауы...

– Шәкәрім ақынның тек Шығыстың ғана емес, Еуропа философтарының да
еңбектерінен хабардарлығы таңдандырады, — деді Альвин кешкілік серуенге
өзімен ере шыққан, біраздан бері “Музыкалық этнография” еңбегіне қазақ
музыкасы туралы деректер жинап жүрген омбылық ғұлама Финдейзенге жүзін
бұрып.

– Ол 1906 жылы қажыға барып, қайтар сапарында айға жуық Мысырдың,
Ыстамбұлдың кітапханаларын армансыз аралапты. Сол жолы еуропалық
философтардың да еңбектерін қаржысы жеткенше сатып алып, Семей шаһарында
тұратын туысы Әнияр Молдабаевтың атына поштамен салып жіберіп отырған деген
әңгімені ақынның жақын туысы Әбдіғали маған да айтқан, Альвин Эрнестович!

– Семейдің Шақпақ деген жеріндегі жаңадан салдырған үйінде былтыр
жолыққанымда Шәкәрім өзін 64 жастамын деген. Сонда да, еңсесі тік, қимылы
ширақ, жанарлары отты екен. Көп білетін, өмірдің мән-мағынасына зерек жан
екенін аңғарғандай болғанмын. Бірақ, оның неліктен Лев Толстойдың кейіпкері
Сергий пірәдәрша сайын далада елден жырақта, жалғыз тұрып жатқанын
түсінбедім. Бұл жайында ақыннан бажайлап сұрауды да ретсіз көрдім, — деді
Альвин әңгіме арқауын ширата түсіп...

* * *

...Ақмола политотделіне қазан төңкерісінен бір жыл өткенде, яғни, 1919
жылдың соңында жұмысқа келген голландық марксшіл Альвин Эрнестович Бимбоэс
өзінің негізгі қызметіне қоса, қолы бос уағында қазақ әндерін жинап, нотаға
түсірумен айналыса бастаған. Бірде Семейге іссапармен барған Альвин сондағы
политотдел қызметкерлерінің бірінің таныстыруымен Қабыш Керімқұлов есімді
әншімен әңгімелескен.

– Атақты ақын Абайдың ағасы Құдайбердінің баласы – Шәкәрімнің ғажайып
әндері көп. Тыңдасаңыз, соның бірер нұсқасын орындап берейін – деген сол
жүздесуде ол, тоқыма қапшығынан кішкене домбырасын қолына алып. Елгезек
азамат Альвинге ақынның екі әнін шырқаған. Дауысы ашық, бірақ, асқақтата
көтеріп, ән ырғақтарын құбылта бастағанда үнінің тынысы жетіңкіремей,
үзіліп қала береді екен. Дегенмен, дала композиторының туындысынан ерекше
табиғи тазалықтың лебін сезінгендей болған Бимбоэс Қабышқа енді ақынның
өзімен жүздестір деп, жатып жабысқан. Алғашында әскерше киінген биліктің
адамынан ат-тонын ала қашқан Қабыш, сөйлесе келе, оның қажыға зияны
болмасына көңілі сенгендей болып, араға екі күн салып, лау жалдап, Альвинді
Семейден едәуір қашықтықтағы Шақпаққа бір тәулікте жеткізген.

...Қыраттың биіктеу етегіне салынған үйдің жаңадан соғылғаны бірден
көзге шалынады. Бұлар келгенде Шәкәрім қажы шағын ғана ауыз үйінде темір
төсті кішкене балғасымен шықылдатып, әлдене жасап отыр екен. Қазақтың
зергерлік өнерінен де хабардар Альвин ақынды әуелінде жүзік соғып отырған
болар деп ойлаған. Амандық-саулықтан соң, көз салып қараса, төстің қасында
жатқан зат оған мүлдем ұқсамайды.

– Шакарим жолдас, мынауыңыз қандай зат, — деп еріксіз қызықты қонақ,
әлгі бұйымды сұқ саусағына кигізіп. Мейманының елгезектігіне иліккендей
болған ақын әу бастағы ел атқамінерлерінен бойын аулаққа салып дағдыланған
қашанғы міне­зімен тіксініңкіреп қалған қалпынан қайтып, күліп жіберді.

– Ол бүркіттің түлкі шайнап тастаған саусағына кигізетін болат шеңгел,
жолдас Альвин, – деді Шәкәрім таза орысшалап.

– Ғажап, ғажап! Сонда сіз тек қана музыка шығарушы ғана емес, шебер
зергер де болдыңыз ғой!..

Шәкәрімнің орысша жатық сөйлейтінін жол үстінде Қабыштан біліп алған
мейман онымен емен-жарқын әңгімелесе бастады. Естігендерін жадына сақтап
қалуға тырысумен бірге, әлде бір ойларды қойын дәптерлеріне сойдақтата жаза
беруді де ұмытқан жоқ.

Шай ішілген соң, Шәкәрім мейманына өз қолымен жасаған мандолиндерін,
скрипкаларын да көрсетті. Альвиннің тілегімен скрипкада Еуропа
композиторларының бірінің шығармасын да сызылтты.

— Әндеріңізді өз ауызыңыздан естиін, нотаға түсірейін деп арнайы
келдім, Шакарим ага! – деді Альвин кескіні өзі бұған дейінгі көрген
қазақтардан гөрі араб ертегілеріндегі бекзадаларға көбірек ұқсайтын ақынға
шын ниетпен.

— Менің жасым қазір 64-тен асып барады, Альвин Эрнестович! Дауыс
бұрынғыдай емес. Сондықтан, әндерімді мына отырған туысым Әбдіғали айтады,
– деп манадан меймандарға шай құйып беріп отырған ықшам киінген жігітті
иегімен нұсқады қажы.

...Көңілі қалаған адамымен жатсынбай бірден сырласа кететін жомарт
жүректі ақынмен голландық марксшіл сазгер сөйтіп, аз ғана уақытта тіл
табысты. Ендігі бір сәттерде өзі жасаған үш шекті домыраны қолына алған
ақын Альвинге әуелі керей руынан шыққан Біткенбай домбырашыдан жас уағында
үйренген “Азамат Қожа”, “Бұлаң жігіт”, “Алшағырдың ащы күйі” секілді
толғанысты, тербелмелі саздарды ағылтты. Альвинге әсіресе, Шәкәрім тартқан
“Саймақтың сары өзені” атты шертпе күйдің жаратылу табиғаты ұнады... Үш
шекті домбырадан жан жүйеңді идіргендей неше түрлі сиқырлы саздар алма-
кезек сұңқылдай суырылғанда голландық көзін жұма, рахаттана тебіренді...

— Ыстамбұл сапарымда бір айға жуық шығыстың нота жазу өнерімен
таныстым. Егер сізді қызықтырса, соңғы шығарған әндерімнің қағаз бетіне
түскен белгілері мыналар, – деп Шәкәрім қажы қонағына қолмен түптеліп,
тігілген қалыңдау кеңсе қағаздарын аса бір ықтиятпен бипаздай ұсынды.
Шығыстың нота жазу әдістерімен бұған дейін таныс емес Альвин, жалма-жан өз
қағаздарын алып, бірер нота әліп-билерін сала бастады.

– Қызық екен! Мына бір қысқа нотаның аты арабша жазылғандықтан, оқи
алмай отырғаным, Шакарим ага!.. Сірә, қысқа қайырылып отыратын буындардан
тұратын, сазы да, баяу ән болар, — деді Альвин шығыс ноталарына ықылас қоя
жанар жүгіртіп.

– Музыка дегеннің адамзаттың барша нәсіліне ортақ, түсінікті өнер
екенін бай­қаттыңыз, Альвин Эрнестович! Бұл расында да маңғаздықпен,
асықпай, ойлана ай­тылатын ән. Жастық шақтың ең асыл сезімдерін жыр етеді.
Аты да “Жастық!” — деді Шәкәрім қажы қонағының зеректігіне, аса
сезімталдығына риза болған сыңайда. Сәлден кейін ақын ыңылдап, баяу
дауыспен өзінің алғашқы шығарған әнін айтып кетті.

Сол күнгі кеште Альвин Шәкәрімнің “Қалқаман-Мамыр”, “Дубровский”
қиссаларынан үзінділер де тыңдады.

– Шакарим ага, бұл жолғы сапарым асығыстау болып отыр. Ақмолаға,
политотделге қызметке қайтуым керек ертең. Амандық болса, Семейге тағы бір
соғармын. Қалаға тоқтағанымда өзіңізді қайдан тапсам екен, – деді Альвин
енді ақынның өнері мен тағдырына қатысты жайларды әлі де молынан біле
түссем деген ниетпен.

– Жөн, жөн, Альвин Эрнестович! Амандық болса, жүздесіп тұралық! Менің
Семейдегі жиі түсетін үйім Кәшти деген қарындасымыздікі. Әлгінде өзіңізге
орындап берген “Жастық” атты әнімді сол кісі тамаша шырқайды. Егер нотаға
жазып алмақ болсаңыз, сол орындауда қағазға түскені жөн. Ол шырақтың әнге
деген тынысы кең, дауысында айырықша нәзіктік иірімдер бар, — деді
мейманы­ның ұсынысын құп алған ақын шын ықыласпен...

* * *

– Менің естуімше, Альвин Эрнестович, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құдайбердіұлы Шәкәрім
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлы-қазақтың көрнекті ақыны туралы ақпарат
Шәкәрімнің музыкалық эстетикасы мен әндері
Пәндер