Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі және оның негізгі сипаттамалары



1 Масс.спектрометрия
2 Масс.спектрометрдің жүмыс істеу принципі.
3 Бөлу қабілеті
Масс-спектрометрия - зерттелетін заттың ион шоғыры алынуына негізделген физикалық зерттеу және анализдеу әдісі; бұл шоғыр массасының зарядына қатынасы бойынша жеке компоненталарына бөлініп, осы компоненталардың салыстырмалы мөлшері тіркеледі. Әдістің бір артықшылығы - талдау үшін заттың аз мөлшері жеткілікті, негізгі кемшілігі -талдаудан кейін үлгідегі зат регенерацияға жатпайды, яғни мұнда екінші ретті эффект пайдаланылады: заттың өзі емес, онын өзгерістері зерттеледі. Заттың құрылымы немесе үлгінің құрамы осы өзгерістердің нәтижесі бойынша құрастырылады, бұл кәдімгі химиялық талдаудағы сызбаларға ұқсас.
Масс-спектрометрия әдісінің химияда қолданылуы 50-ші жылдар басынан басталды. Оның себебі, үлгінің тазалығын (бір зат па, бірнеше заттың қоспасы ма), номиналды молекулалық массасын, элементтік құрамы мен берілген заттың құрылымының негізгі ерекшеліктер жөнінде масс-спектрометрия арқылы мәлімет алу үшін 1 мкг (10-6 г ), ал кейбір жағдайларда үлгінің 10-12 г жеткілікті. (Басқа физикалық зерттеу әдістерін пайдаланғанда үлгінің мөлшері 10 мг-нан аз болмау қажет). Қазіргі уакытта масс-спектрометрия ең сезімтал, дәл және қолайлы әдістердің бірі болып табылады. Абсолютті сезімталдығының шегі 10 атом (кейде 10 атомға дейін барады), ал заттағы анықталатын компоненттердің саны 10-10-ға дейін баруы мүмкін.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі және оның негізгі сипаттамалары
Масс-спектрометрия - зерттелетін заттың ион шоғыры алынуына
негізделген физикалық зерттеу және анализдеу әдісі; бұл шоғыр массасының
зарядына қатынасы бойынша жеке компоненталарына бөлініп, осы
компоненталардың салыстырмалы мөлшері тіркеледі. Әдістің бір артықшылығы -
талдау үшін заттың аз мөлшері жеткілікті, негізгі кемшілігі -талдаудан
кейін үлгідегі зат регенерацияға жатпайды, яғни мұнда екінші ретті эффект
пайдаланылады: заттың өзі емес, онын өзгерістері зерттеледі. Заттың
құрылымы немесе үлгінің құрамы осы өзгерістердің нәтижесі бойынша
құрастырылады, бұл кәдімгі химиялық талдаудағы сызбаларға ұқсас.
Масс-спектрометрия әдісінің химияда қолданылуы 50-ші жылдар басынан
басталды. Оның себебі, үлгінің тазалығын (бір зат па, бірнеше заттың
қоспасы ма), номиналды молекулалық массасын, элементтік құрамы мен берілген
заттың құрылымының негізгі ерекшеліктер жөнінде масс-спектрометрия арқылы
мәлімет алу үшін 1 мкг (10-6 г ), ал кейбір жағдайларда үлгінің 10-12 г
жеткілікті. (Басқа физикалық зерттеу әдістерін пайдаланғанда үлгінің
мөлшері 10 мг-нан аз болмау қажет). Қазіргі уакытта масс-спектрометрия ең
сезімтал, дәл және қолайлы әдістердің бірі болып табылады. Абсолютті
сезімталдығының шегі 10 атом (кейде 10 атомға дейін барады), ал заттағы
анықталатын компоненттердің саны 10-10-ға дейін баруы мүмкін.
Масс-спектрометрия өзі де, ал әсіресе баска физикалық зерттеу
әдістермен комплексті түрде (УК, ИҚ, КШ, ЭПР, ЯМР) қолданылғанда күрделі
қоспаның сандық құрамын және жеке заттың құрылымы мен оның термодинамикалық
сипаттамаларын толық анықтауға мүмкіндік береді. Әдістің шектеулері -
үлгінің кейбір белігін міндетті түрде вакуумда буландырып (проба газ
түрінде болмаса) иондау қажет. Талдаудың алдында күрделі қоспаларды газды
хроматограф арқылы бөлсе, масс-спектралды анализ жеңілдетіледі, осы
себептен қазіргі масс-спектрометрлерге газды хроматографтар қосарланып
орнатылады.
Масс-спектрометрия әдісі арқылы басқа әдістермен салыстырғанда ете көп
ақпарат алынады, мысалы, бензолдың ИҚ-спектірінде 35 жолақ, УК-спектрінде -
3 жолақ, ПМР - спектрі мен хроматограммасында - бір шың, ал масс-спекрінде
- 49 шың байқалады.
Бірақ, масс-спектрлердің түзілуінің сандық теориясының жоқтығы,
зерттелген модельді қосылыстардың шектеулігі, масс-спектрдің құрал
факторларына тәуелділігі алынатын масс-спектрлерден толық ақпарат алуға,
әзірше, мүмкіндік бермейді.
Масс-спектрометрдің жүмыс істеу принципі. Ион тоғы электрі әдістермен
тіркелсе, құрал масс-спектрометр деп аталады, ал фотопластинкамен тіркелсе
- масс-спектрограф деп аталады. Бірақ мұндай бөлу шартты, себебі тіркеу
әдісінін екеуі де бір құралда қатар келуі мүмкін. Масс-спектрометрдің түрі
өте көп, бірақ бәрінің де негізі бөліктері бірдей (46-сурет).
Заттың пробасы масс-спектрометрге әдетте енгізу жүйесі
(ЕЖ) арқылы кіргізіледі, осы жүйеде үлгі көп жағдайда буланады (пробаны
енгізудің басқа әдістері де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттелетін үлгінің ПМР спектрінің анализі
Органикалық заттарды физикалық әдістермен зерттеу
«Зерттеудің физикалық әдістері» пәнінен материалдар
Өсімдіктер мен топырақтарды зерттеудің агрохимиялық әдістері
Жылу көзі ретінде қолданылатын пиротехникалық құрамдар жасау
Сатурн
Қатты денелердің беттік қасиеттеріне ультракүлгін және иондайтын сәулеленудің әсері
Техникалық физика мамандығы бойынша іс-тәжірибе есебі
Еліміздегі балық шаруашылығы
Электролиз аппаратын құрастыру
Пәндер