Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

ЖОБА

«БЕКІТЕМІН»Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Президенті У. С. Абдибеков«» 201__ ж.:

«БЕКІТЕМІН»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Президенті У. С. Абдибеков

«» 201__ ж.

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

УНИВЕРСИТЕТ ЕРЕЖЕСІ

УЕ-ХҚТУ-015-2013

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ӘЗІРЛЕУ МЕН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

АЛҒЫ СӨЗ

1.

Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен

ӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ

1.: 2.
Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпенӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ: Әзірлеген
-
Департамент директоры Н. Орманов
1.:
Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпенӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ:

Әдістемелік бөлім бастығы Б. Ортаев

Әдістемелік бөлім әдіскері Р. Абдурахманова

1.: 3.
Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпенӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ:

Келісілді - Оқу-әдістемелік ісі бойынша вице-президент

Б. Б. Ахметов

- Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасының

бастығы Е. Шахабаев

- Заң бөлімінің бастығы А. Абсеметов

1.: 4.
Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпенӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ: ЕНГІЗІЛДІ - 2013
1.: 5.
Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпенӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ: Тексеру мерзімі
-
2015

Қызметтік қолданыс үшін басылым

Түркістан 2013

МАЗМҰНЫ

1: 1
Қолданылу саласы: Қолданылу саласы
3: 3
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 2
Қолданылу саласы: Нормативтік сілтемелер
3: 3
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 3
Қолданылу саласы: Атаулар, анықтамалар және қысқартулар
3: 3
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 4
Қолданылу саласы: Жауапкершілік және өкілеттілік
3: 4
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 5
Қолданылу саласы: Жалпы ережелер
3: 4
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 6
Қолданылу саласы: Диплом жұмысының (жобасы) тақырыптарына қойылатын талаптар
3: 5
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 7
Қолданылу саласы: Диплом жұмысының (жобасының) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
3: 5
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 8
Қолданылу саласы: Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы
3: 7
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 9
Қолданылу саласы: Диплом жұмысын (жобасын) ресімдеу тәртібі
3: 8
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 10
Қолданылу саласы: Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі
3: 11
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 11
Қолданылу саласы: Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі
3: 12
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 12
Қолданылу саласы: Диплом жұмысын (жобаны) сақтау тәртібі
3: 13
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 13
Қолданылу саласы: Өзгертулер және қосымшалар енгізу тәртібі
3: 13
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 14
Қолданылу саласы: Келісу, сақтау және тарату
3: 13
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 15
Қолданылу саласы: Қосымшалар
3: 15
1:
Қолданылу саласы:
3:
1: 16
Қолданылу саласы: Танысу парағы
3: 18

1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

1. 1 Осы ереже Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде даярланатын мамандықтар бойынша дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптарды анықтайды.

1. 2 Бұл ереже Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітіруші курс білім алушыларының дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеу және олардың жұмысты қорғау талаптарын жүзеге асырудағы негізгі құжат болып табылады

Осы ереже сонымен қатар мына жағдайда:

а) бітірушілердің дипломдық жұмысының (жобасы) орындалу барысын бағалауда;

б) мамандық бойынша диплом жұмысын (жобасын) ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес әзірлеуде пайдаланылады.

1. 3 УЕ ХҚТУ-025-2013 Университет ережесі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті СМЖ құжаттарының құрамына кіреді.

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

2. 1 Осы ережеде келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

- «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы.

- «Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қаулысы;

- «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы;

- ҚП ХҚТУ-4. 2. 3-2009 Құжаттаманы басқару;

- ҚП ХҚТУ-4. 2. 4-2009 Жазбаларды басқару;

- УС-ХҚТУ-022-2013 Мамандықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы, мазмұны, дайындау және бекіту тәртібі;

- УЕ-ХҚТУ-030-2013 Мамандық бойынша білім беру бағдарламаларының педагогикалық стратегиясын әзірлеу ережесі;

- ЖН-СМЖ-065-2013 Мамандықтың негізгі оқу жоспарын дайындау.

3 АТАУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

3. 1 Университеттің осы ережесінде төмендегі қысқартулар қолданылады:

Ахмет Ясауи университеті - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;

ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;

УЕ - университет ережесі;

Департамент - Академиялық мәселелер жөніндегі департамент;

АРСБ - Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасы;

ӘБ - Әдістемелік бөлім;

Ереже - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі.

4 ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІЛІК

4. 1 Университеттің осы ережесі Ахмет Ясауи университетінің Басқару кеңесінде талқыланады.

4. 2 Университеттің осы ережесі Ахмет Ясауи университеті президенті - Басқару кеңесі төрағасы тарапынан бекітіледі.

4. 3 Университеттің осы ережесі талаптарының енгізілуіне Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры жауапты болып табылады.

4. 4 Университеттің осы ережесі талаптарының орындалуын оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент қадағалайды.

4. 5 Диплом жұмысындағы (жобаға) қабылданған шешімнің және барлық деректердің объективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының (жоба) авторы - өз мойнына алады.

4. 6 Диплом жұмысының (жоба) орындалу барысындағы жіберілген кемшіліктер мен берілген жалған ақпараттарға, жұмыстың сапасына кафедра меңгерушісі мен ғылыми жетекші жауапты болып табылады.

5 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

5. 1 Осы ереженің мақсаты, диплом жұмыстарын (жоба) орындаудың жалпы талаптарын анықтау болып табылады.

5. 2 Диплом жұмысы (жоба) құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламаларында (ҚР МЖМБС) және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса, университетті бітірушілердің жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.

5. 3 Диплом жұмысын (жоба) әзірлеу мақсаттары:

1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеу, бекіту мен кеңейту және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мәселелерді шешу;

2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы дербес жұмысқа дайындығын анықтау.

5. 4 Диплом жұмысы (жоба) құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламаларына сәйкес білімгерлерде: әр түрлі ақпарат көздерінен мағлұматтарды табу, өңдеу, талдау және пайдалану; дербес жұмыс жасау; алған білімді практикада қолдану; мәселені анықтау, қалыптастыру /тұжырымдау және шешу қабілеттілігін қалыптастыруы қажет.

5. 5 Диплом жұмысы (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселелесін зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды.

5. 6 Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

5. 6. 1 ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

5. 6. 2 зерттелген объектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

5. 6. 3 нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.

6 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ (ЖОБАСЫ) ТАҚЫРЫПТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

6. 1 Диплом жұмысының (жоба) тақырыптары заманауи жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болып, мазмұны жағынан 5. 4, 5. 5 баптағы талаптарға жауап беруі қажет.

Диплом жұмыстарының (жоба) тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениет мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.

6. 2 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет .

6. 3 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары университеттің бітіруші кафедрасында әзірленеді, факультет кеңесінде қаралып бекітіледі.

6. 4 Диплом (жоба) жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.

6. 5 Университетте даярланатын техникалық мамандықтар бойынша диплом жұмысы (жоба) ғылыми-зерттеушілік сипатта болып, оның есептік-графикалық бөлімі болуы қажет.

6. 6 Студент диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.

Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс, кафедраның зерттеу, дайындық бағытына сәйкес тақырыпқа диплом жұмысын (жоба) орындау құқығы кафедра меңгерушісінің келісімімен беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде білім алушыға диплом жұмысын (жоба) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат (кафедра меңгерушісінің келісімімен) беріледі.

6. 7 Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында университет президентінің бұйрығымен бекітіледі.

6. 8 Диплом алдындағы практикаға барар алдында диплом жұмыстың (жоба) ғылыми жетекшісі мен білім алушы педагогикалық тапсырма пакетін, жинақтайтын, зерттеу жүргізетін материалдарды біргелікте әзірлейді. Практика аяқталысымен диплом жұмысының (жоба) орындалу барысын білім алушы мамандық шығарушы кафедраға есеп тапсырады.

7 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ (ЖОБАСЫНЫҢ) ЖАЗЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

7. 1 Диплом жұмысын (жоба) жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады.

7. 2 Диплом жұмысының (жоба) ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен университеттің ғылыми қызметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми зерттеу, дайындық бағыттары студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады.

7. 3 Диплом жұмысының (жоба) жетекшісі:

1) диплом жұмысына (жобаға) тапсырма береді;

2) студентке диплом жұмысының (жоба) орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын кеңес кестесін құрады;

5) диплом жұмысының (жоба) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен кеңесшінің жұмысын үйлестіреді.

7. 4 Диплом жұмысына (жоба) тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, үлгі), диплом жұмысының (жоба) күнтізібелік кестесінен тұрады.

Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасы диплом жұмысына (жобаға) тігіледі.

7. 5 Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.

7. 6 Қажет болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жұмысының (жобаның) жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен кеңесшілер шақырады.

7. 7 Кеңесші ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, университеттің ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлерін де тағайындауға болады. Кеңесшілер өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

7. 8 Мамандық шығарушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етулері қажет, диплом жұмысының (жоба) орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламасына (ҚР МЖМБС) сәйкес болуы тиіс.

7. 9 Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының (жоба) орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының (жобаның) дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде беріледі.

7. 10 Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т. б. ) .

7. 11 Әрбір дипломдық жұмыстың (жоба) тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет. Мысалы, инженерлік мамандықтарда дипломдық жұмыс (жоба) негізгі тақырыптан тыс технологияға байланысты жарық көрген сұрақтарды қамтуы қажет (автоматтандырылған және кешенді өндіріс механизмі, стандарттау, ғылыми еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару т. б. ) . Әр жобаның экономикалық негіздемесі сонымен бірге еңбек қорғау мен өндірістік экологияға арналған сұрақтарды қамтыған тараулары болуы қажет. Педагогикалық мамандықтарда міндетті түрде дипломдық жұмыста психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және мамандандыру (академиялық) дайындық бағыттары қамтылуы тиіс.

7. 12 Диплом жұмысының (жобаның) ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т. б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

7. 13 Диплом жұмысын (жобасын) студент университетте, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да ұйымдарда орындайды.

8 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ (ЖОБАНЫҢ) МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

8. 1 Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан университетті бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы.

8. 2 Диплом жұмысының (жобаның) көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет (кейбір жағдайларда гуманитарлық мамандықтар бойынша 100 бетке дейін) . Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

8. 3 Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- мұқаба;

- сыртқы беті;

- титул беті;

- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім (теориялық; әдістемелік; практикалық жүзеге асырылу) ;

- қорытынды (тұжырым) ;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

8. 4 Мұқабада «Диплом жұмысы» (немесе дипломдық жоба) деген жазу көрсетіледі.

Сыртқы бетінде келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,

- студенттің тегі және аты-жөні,

- диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы,

- жұмыстың түрі-диплом жұмысы (жоба),

- мамандықтың атауы және коды,

- қала және жұмыс (жоба) қорғалатын жыл.

8. 5 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,

- дипломдық жұмыс (жобасы) орындалған кафедра атауы,

- шектеуіш гриф (қажет болғанда),

- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы,

- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбының, атауы,

- мамандықтың коды және атауы,

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

- қала және жыл көрсетіледі,

Мұқабаны, сыртқы және титул бетін рәсімдеу үлгісі А, Б және В қосымшаларына сәйкес келтіріледі.

8. 6 Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық бөлім (тарау) атауларын, тақырыпшаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

8. 7 Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар, дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттелу обьектісін, теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.

8. 8 Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және тақырыптарға бөлінеді (бөлім және параграфтар) .

8. 9 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген объекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

8. 10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.

8. 11 Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар енгізіледі.

9 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН (ЖОБАСЫН) РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

9. 1 Диплом жұмысы (жобасы) компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.

Диплом жұмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

9. 2 Диплом жұмысының (жобаның) орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

9. 3 Диплом жұмысын (жобаны) әзірлеу барысында көрінген қателер (парақ бетінде 3 қатеден артық болмаған, 3 беттен аспаған жағдайда) және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.

9. 4 Дипломдық жұмыстағы (жоба) мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

9. 5 Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

9. 6 Диплом жұмысын (жобаны) бөлімге және тақырыптарға бөлу қажет. Әрбір бөлім және оны құрайтын тақырып аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал тақырыптардың атаулары өзі сәйкес бөлімнің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

9. 7 Бөлімдер мен оны құрайтын тақырып атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

9. 8 Бөлімдер мен оларды құрайтын тақырыптар азатжолдан (абзацтан) кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай жазу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

9. 9 Диплом жұмысының (жобаның) беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

9. 10 Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

9. 11 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы (жобаның) беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

9. 12 Диплом жұмысының (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Тақырыптар бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Тақырып нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен оны құраушы тақырып нөмірлерінен тұрады. Тақырып нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше тақырыптардан тұрады.

Мысал

1. Типтік және негізгі мөлшері

1. 1

1. 2

1. 3

2. Техникалық талаптар

2. 1

2. 2

2. 3

Мамандықтың ерекшеліктеріне қарай диплом жұмысы үш бөлімнен тұруы мүмкін.

9. 13 Диплом жұмысының (жобаның) әр бөлімі жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі тақырыптар бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

9. 14 Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы, диплом жұмысының (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.

9. 15 Диплом жұмысындағы (жобада) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

9. 16 Диплом жұмысына (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

9. 17 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс .

9. 18 Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1. 1.

9. 19 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы.

9. 20 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1. 2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

9. 21 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.

9. 22 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.

9. 23 Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысты жетекшіге қол қоюға ұсыну
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Электрондық оқыту құралы
Кәсіпорынның экологиялық менеджменті
Практикалық жобалар
Педагогикалық зерттеулердің сапасына қойылатын талаптар
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz