Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
І Тарау. Қазақастандағы орта ғасырлық қалалардың шығуы
1.1 Қалалардың құрылысы
1.2 Қалалық мекемелер
1.3 Қалалар ішіндегі ең ежелгісі
ІІ Тарау. Қазақстан қалаларының өсуі
2.1 Испиджаб . Сайрам және Яссы . Түркістан
2.2 Іле алқабындағы орта ғасырлық қалар мен мекендер
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
VІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардын котерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Ерте ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігіндс басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (қазіргі Сайрам) болды.Оның толық сипаттамасын әл-Макдиен берген. "Исфиджаб ірі қала, - деп жазды ол оның рабады (күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы, Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар". Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.
VІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабаи) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадлибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталғап. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жолының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген.
Отырар аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда базистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабұл осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзаи Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. Олар көпестер қаласы деп аталған
Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланың безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпыпа келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші — Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейіп жеткені тек оның суреті ғана.

1.«Қазақстан тарихы» Алматы, 1998 ж. 2- ші том.
2. С. Жолдаспайұлы «Ежелгі орта ғасырдағы Қазақстан» Алматы 1993 ж.
3. Қ.Байпақов, А. Нұржанов «Ұлы жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан» 1992 ж. 167 – 174 б.
4. Қ. Байпақов, А. Нұржанов «Ұлы жібек жолыв және орта ғасырлық Қазақстан» Алматы 1992 ж. 102 -110 б.
5. Қ. Байпақов «Қазақстанның ежелгі қалалары» 2005 ж. 147 – 150 б.
6. Қ. Аманжолов «Қазақстан тарихы» Алматы, 2004 ж.
7. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» Алматы , 2005 ж.
8. Ж. Маданов «Қазақ халқының арғы бергі тарихы»
9. Т. Тұрлығұлов «Қазақстан тарихы»
10. «Свод помятников истории и культуры Казахстана» 5 томдық І – ші том Южнно – Казахстанского обл. Алматы 1994 ж.
11. С. Кляшторный, Т. Сұлтанов «Казахстан летопись трех тысячилетий Алматы 1992 ж.
12. «Қазақ энциклопедиясы» ІІ том.
1.«Қазақстан тарихы» Алматы, 1998 ж. 2- ші том.
2. С. Жолдаспайұлы «Ежелгі орта ғасырдағы Қазақстан» Алматы 1993 ж.
3. Қ.Байпақов, А. Нұржанов «Ұлы жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан» 1992 ж. 167 – 174 б.
4. Қ. Байпақов, А. Нұржанов «Ұлы жібек жолыв және орта ғасырлық Қазақстан» Алматы 1992 ж. 102 -110 б.
5. Қ. Байпақов «Қазақстанның ежелгі қалалары» 2005 ж. 147 – 150 б.
6. Қ. Аманжолов «Қазақстан тарихы» Алматы, 2004 ж.
7. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» Алматы , 2005 ж.
8. Ж. Маданов «Қазақ халқының арғы бергі тарихы»
9. Т. Тұрлығұлов «Қазақстан тарихы»
10. «Свод помятников истории и культуры Казахстана» 5 томдық І – ші том Южнно – Казахстанского обл. Алматы 1994 ж.
11. С. Кляшторный, Т. Сұлтанов «Казахстан летопись трех тысячилетий Алматы 1992 ж.
12. «Қазақ энциклопедиясы» ІІ том.
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
І Тарау. Қазақастандағы орта ғасырлық қалалардың шығуы
1.1 Қалалардың құрылысы
1.2 Қалалық мекемелер
1.3 Қалалар ішіндегі ең ежелгісі
ІІ Тарау. Қазақстан қалаларының өсуі
2.1 Испиджаб – Сайрам және Яссы – Түркістан
2.2 Іле алқабындағы орта ғасырлық қалар мен мекендер
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
VІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда
мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан
жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой
көтерді. Олардын котерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Ерте ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан
тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып,
байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігіндс басты және ірі
қалалардың бірі - Исфиджаб (қазіргі Сайрам) болды.Оның толық сипаттамасын
әл-Макдиен берген. "Исфиджаб ірі қала, - деп жазды ол оның рабады (күзеті)
мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары
мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы,
Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар".
Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент
қалалары арқылы Таразға барған.
VІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта
тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата,
қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және
тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Исфиджаб
қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның
қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі
Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан
(Трабаи) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадлибн Сахлдың
басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің
бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды
деректемелер. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар
дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға
дейін сақталғап. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың
бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар
қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен
Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ
бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жолының осы бөлігі
Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген.
Отырар аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі - Кедер
ІХ-Х ғасырларда базистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген,
мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына
байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта
Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар
көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол
жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры
Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабұл осы
Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзаи
Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы
деп сипаттайды. Олар көпестер қаласы деп аталған
Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары сонымен қатар күйген
кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-
бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланың
безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс
жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпыпа
келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір
ескерткіші — Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың
басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып,
сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейіп жеткені тек оның суреті ғана.
1.1 Қалалардың құрылысы
Қазақстанда жүргізіліп жатқан археологиялық экспедициялар ерте орта
ғасыр кезіндегі қалалар мен қыстақ-кенттердің де бұзылып, төбе болып қалған
орындарын зерттеуде. Бұл мәселе Қазақстан тарихындағы басты мәселе. Бұл
кездің ескерткіштері жақсы зерттелсе, Қазақстан тарихындағы отырықшылықтың
басталуы, қолөнердің дамуы, жер өңдеумен айналысудың қаңдай дәрежеде
болғаңдығы және феодалдық құрылыстың дамуы сияқты басты мәселелердің
шешілуі сөзсіз. Мәселенің осындай зәрулігіне қарамай, көрсетіліп отырған
мезгілдің (I—X ғғ.) ескерткіштері осы уақытқа дейін өте аз зерттеліп
отырған проблеманың бірі.
Дегенмен соңғы кезде археологтардың арнайы жүргізіліп жатқан
жұмыстарында Бұл мәселе де зерттеле бастаған тәрізді. Егер соңғы 15—20
жылдың шамасындагы Жетісу және Оңтүстік Қазақстан жеріне жүргізілген
археологиялық жұмыстарға зер салсақ, Қазақстанда біздің дәуіріміздің
бірінші ғасырынан бастап қалалық , отырықшылық өмірдің басталғанын көреміз.
Арыс өзенінің бойына жүргізілген археологиялық барлау жұмысының кезінде
отызға жуық қорғаныс жүйесі бар қыстақтар табылған. Олардың ішінде Шымкент
облысы, Шәуілдір жеріндегі, Қостөбе, Төрткүлтөбе, Қарауылтөбе, Ақайтөбе
сияқты орны төбе болып қалған қыстақтарға тексеру қазба жұмыстар
жүргізілген. Алынған материалдарға қарағанда, оларда өмір сүру мерзімі үш
дәуірді керсетеді: 1) I—IV, 2) V—VI, 3) VII—VIII ғғ. Мұндай мерзім Талас
бойындағы Шелтөбе, Қызылқайнар төбе қыстақтарын зерттегенде де байқалған.
Отырықшылықтың алғашқы кезі Отырар қаласының аймағында да кең түрде жүрген.
Қаланың солтүстік батыс және батыс жағындағы Пышақшытөбе, Алтынтөбе,
Ботайтөбе, Марданкүйік сияқты т. б. кептеген төбе балып жатқан
қыстақ—кенттердің орындары Бұл жердің Сыр суынан нәр алып жер өңдеумен
айналыскандықтың дәлелі бол-мақ.
Орта ғасыр кезіндегі біршама дұрыс зерттелген қала — Отырар.
Қала Сырдария өзені мен Арыс өзенінің құйылысатын жеріңде орналасқан.
Қалаға қазба жұмысы 1970 ж. бастап кең ауқымда жүргізіліп келеді.
1969 ж. жүргізілген тексеру жұмысының кезіңдегі алынған материалдар
қаланың алғашқы кезіндегі өмір-тіршіліктің басталуын б. д. IV
ғасырынан бастайды.
Отырар қаласының қалалардан ерекшелігі араб, түркі жазба деректерде оның
аты-жөні туралы мәлеметтердің сақталуы. Қаланың тұрған жері археологиялық
зерттеу кезінде алынған материалдар бойынша, жазба деректермен толық сай
келеді. Жазба деректердің хабарына қарағанда, Отырар
қаласы ең алғаш рет б. д. VIII ғ. алғашқы кезіңде Фараб деп
аталған. Ал Күлтегіннің құрметіне қойылған ескерткіш таста түрікше
ескі руникалық жазба деректе Тарбан, Тұрарбаңд, деген атпен
белгілі. Бұл хабарлар VIII ғасырда белгілі болса, ал қаланың одан
бұрынақ өмір сүргендігіне ешбір талас болуы мүмкін емес. Оған Отырар
қаласына оның мәдени қабаттарын зерттеу кезіңде, астыңғы ең алғашқы
отырықшылық өмірдің басталған кезіңде дәлелдейтін құмыралардың табылуы
дәлел болмақ. Ал, IX ғ. араб жазба деректері бойынша Фараб деген
атпен бірге Отырар деп те аталады. ғасырдағы жазба деректерде
қала Кедер деп аталған. Бұл атау тек X ғ. кейін аталмайды. Ал кейбір
деректерде қала Кедерді Отырар қаласының жанындағы өз алдына жеке бір қала
етіп көрсетеді. Жазба деректерге қарағанда XII ғ. бастап Отырар деген атау
қалаға біржола бекітілген сияқты.ХІІІ ғ. басында қалаға монғол
шапқыншылығының болуы және Бұл кезде қаланың Отырар аталуы, тарихтағы
"Отырар" апатының белгілі болуы, оның алғашқы орта ғасыр кезіңде өмір
сүргеңдігіне дәлел.
Испиджаб қаласы (Сайрам). Ерте ортағасырлық қалалардың бірі казіргі
Шымкент қаласының шығыс жағындағы 13 км. жердегі жазба деректерде белгілі
болып келген Испиджаб қаласы. Қазіргі аты Сайрам. Қаланың аты б. д.
VII ғасырынан бастап тарихта белгілі. Қарлұқ қағандығының кезінде дами
бастайды. Қалаға арнаулы археологиялық қазба жұмысы жүргізілмеген.
Барлау жұмысының кезіндегі үстінен теріп алынған кесе
сынықтарының жасалуына карағанда, қоленердің дамуы IX—XII ғасырдың арасы.
X ғасырдағы араб жазба деректерінне қарағанда, қала Жібек жолындағы басты
бір сауда орталығы болған. Араб ғалымы Ибн Хаукалдың хабары бойынша
қаланың құрылысы бірнеше беліктен тұрған. Оның төрт қақпасы болған,
ішінде сауда орны ерекше орын алған. Деректерге қарағанда, қаладан сыртқа
түрлі мата, қару-жарақ, төмірдек, мыстан жасалған заттар шетке
шығарылған. Оған дәлел болатын барлау жұмысының кезінде табылған
заттардың қалдықтары.
Жазба және археологиялық материалдардың хабарына карағаңда, қалалық
дәуірдің гүлденген кезі X—XII ғ. болып табылады. Бұл Қараханид
мемлекетінің дамыған мезгілі. Қала тек монғол шапқыншылығынан кейін
әлсіреді.
Сауран қаласы. Түркістан қаласының батыс жағыңда 40 км жерде.
Қалаға арнаулы археологиялық қазба жұмысы жүргізілмеген. Қала туралы біз
тек қазақстан археологтарының мәліметін пайдаланбақпыз. Барлау
жұмысының кезінде қаланың үстінен теріп алынған көзе
сынықшыларына қарағанда, алғашқы отырықшылық VI ғасырдан басталады. Алынған
кезелердің сырланған түсіне қарағаңда, қолөнердің дамыған кезі X—XII
ғасырлар.
Бабата. Ерте орта ғасыр қалаларының ішінде қазба жұмысы жүргізілген
Бабата қаласы. Ол Созақ ауданының Оңтүстік шығыс жағында 26км. жерде
Қапшағай өзенімен Бабата өзенінің бойына орналасқан. Қаланың орны жоғарыда
аталған қалалардағы сияқты үні бөліктен тұрады. Дуалында 15 жерде
мұнаралардың орны сақталған. Қазба жұмысы, VI—VIII ғғ. салынған 240 м2
үлкен қоғамдық құрылыс жүйесін ашты. Оның қабырғалары ерте орта ғасырға
сәйкес келетін, көлемі 40x20x10 см. шикі кірпіштен тұрғызылған. Мұндай
күрделі құрылыстың салынуының өзі феодалдық құрылыстың дами түскендігіне
айғақ болатын сияқты. Бұл күрделі құрылыстың хронологиялық жағынан
көрсететіндей керамикалық материалдар жеткілікті табылмаған. Оның жасалган
мезгілін құрылыстан табылған VI—VIII ғғ. жататын теңге арқылы білуге
болады. Ал, Шахристанда жүргізілген қазба жұмысы қалада IX—XII ғғ. өмірдің
гүлденген кезін көрсетеді.
Тараз. Археологиялық зерттеу жұмысы Жамбыл қаласының ішіндегі коне
қаланың орнына жүргізілген. Қала VIII—X гғ. жазба деректерде Янги немесе
Тараз деген аттарымен белгілі. Қазба жұмысы қаланың үш бөліктен түратын
құрылыс жүйесін, үй-жайдың орын-дарын ашқан. Тараз қаласындағы X—XII гғ.
жататын монша және оған қыштан жасалған су қүбырлардың жүргізілуі, ез
кезіндегі қаланың мәдениеттілігін көрсетеді. Жазба деректерде қаланың
гүлденген дәуірі X—XII ғғ. Оны археологиялық зерттеу жұмыстарынан да
байқауға болады. Қазба жұмысының кезінде қаладан түргеш, қарлұқ дәуіріне
жататын монеталардың және Қытай, Үндістан, Орта Азиядан әкелінген әртүрлі
заттардың табылуы, сауда жұмысының дамыған кезін білдіреді. Түрлі түсті
сырмен боялған тамақ ішуге және шаруаға қажет көзеден жасалған ыдыстардың
сынықшылары орта ғасырдың орта кезіңде қалада қолөнердің дамыған мезгілі
болғаңдығына айғақ. Сонымен бірге қазба жұмысының кезінде діни әдет-
ғұрыптарды көрсететін де заттардың табылғаны, X-XII ғғ. қалада әртүрлі
халықтың өкілдері тұрған. Археологтар табылған заттарға қарап Таразда
христиан, мұсылман, буддизм т. б. діни нанымдарды ұстайтын халықтардың
өкілдері тұрғандығын жазады. Жетісудің батысындағы қалалар өз кезінде
отырықшылықтың, қолөнердің мәдени орталығы болған. Ұлы Жібек жолынан бастап
сауда орталығы болған осы қалаға, әр халықтың өкілдері тұрақтауға тырысқан.
Қала Түргеш кағанатының кезінде өркендеген.
1.2 Қалалық мекемелер
Түркістан, Сауран, Сығанақ ортағасыр дәуірінің орта кезіне жататын
басты қалалар. Бұлар Сырдарияның орталық ағысына орналасқан.
Қалаларға арнаулы археологиялық зерттеу жұмыстар жүргізілген
жоқ. Тек Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін қалпына
келтіруге байланысты аздаған тексеру жұмыстар жүргізілген. Ол
жұмыстардың қорытыңдысы мавзолейдің жанына қойылған атақты қазақ
хандарының күмбездері мен жерасты көр шырақ етіп жерленген сағананың
табылуы. Дегенмен, археологтардың пікіріне қарағанда, алғашқы
түрғындардың отырықшылана бастаған кезі б. д. IV ғасыр, ал X ғ. атақты араб
ғалымы Ал-Истакридің жазба деректеріне қарағанда, қаланьң алғашқы аты
Шавғар, XII ғ. бастап қала Ясави болып аталады. Бұл ат біз жоғарыда
айтқан Ахмет Яссауидің атына байланысты қойылған. Жазба деректердің
хабарына қарағанда, ақын әрі мұсылман дінінің атақты өкілдерінің бірі Ахмед
Яссауи қалада XII ғ. өмір сүрген. Ақсақ Төмір әулиеге бағыштап Түркістан
қаласындағы атақты Қожа Ахмет Яссауи (XIV г.) мавзолейін тұрғызған.
Кесене салдыруда Әмір Темір саяси есепті көз-деді, - деп жазды
археолог М.Е. Массон. - Көшпелі халықтың касиетті санайтын затына назар
аудару, оның жанына жағымды нәрсе істеу, ислам дінін уағыздаушы жұрттың
рухани бірлігін баса көрсету, сонымен бірге сезімтал көшпенділерге осы
кылығы арқылы эсер ету, осы ойын орындап, өз империясы-ның құдіретін
көрсету - міне, мемлекеттің киыр ше-тіне ортағасырлық архитектуралык тамаша
ескерт-кіш орнатудағы оның мақсаты.
1.3 Қалалар ішіндегі ең ежелгісі .
Тараз Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі. Жамұқатпен
бірге ол тіпті VI ғ. аталған. 568--жылы бұл Талас жағасындағы қалада түрк
қаганы Ди-забуланың керемет ставкасында Византия елшісі Земархты
қабылдаған1.
629— жылы Тараз (Далосы) туралы Сюань-Цзян былай деп жазады:
Цзяньцюаньнан батысқа қарай 140— 150 ли жүргеннен соң, біз Далосы қаласына
келдік. Қаланың шеңбері 8—9 ли. Онда әр түрлі елдерден келген көпес-
саудагерлер мен хусилар (согдийлықтар) аралас тұрады. Жері мен ауа-райы
Суйядағыдай. Оның оңтүстігіне қарай 10 ли шамасындай жерде 300-ге таман үй-
жай қоныстанған. Оңаша тұрған кішігірім қала бар. Қала тұрғындары, Орталық
патшалықтан шыққан адамдар. Бір кезде олар Туцзюэмен тұтқынға алынған,
бірақ кейін келе жерлестікке бірігіп, қаланың негізгі тұрғындары ретінде
сол жерде тұрақты мекен тапқан. Киімдері тозған соң, олар туцзюэлер тәрізді
киіне бастаған, бірақ олардың тілі, әдет-ғұрыптары және заңдары Қытайдағы
сияқты2.
X ғ. аяқ шені — XI ғ. ғ. Жетісуды, Оңтүстік Қазақстанды және Орта
Азияны қараханидтер династиясы жаулап алғаннан соң, Тараз жаңа
мемлекеттің бір қожа-лығының астанасына айналады3.
XIII ғ. басында, Жетісу және Орта Азия үшін ала-сапыран кезеңде, моңғол
шапқыншылығының қарсаңында, Орта Азияда үстемдік ету үшін қарақытайлар
наймандарі, Мухаммет хорезмшах араларындағы күрес оріс ала бастаған
кездерде, Тараз қолдан қолға ауысқан. 1212 жылы қала, Жетісудың Оңтүстік —
батыс бөлігіпдегі және Оңтүстік Қазақстандағы басқа да орталықтармен қатар,
моңғолдардың қолына түспеу үшін, Мухаммет хорезмшах өмірімен
талқандалынған. XIII ғ. орта шенінде, Вильгельм Рубруктың жазуларындағы
деректерге қарағанда, қала қайта қалпына келген4
Екінші жартысы — XIV ғ. басын қамтитын кезең саяси жағынан тұрақсыз
болған. Жетісуда, оның ішінде Талас аңғарындағы қалалар мен қоныстардың
қирауына себепші болған чингизндтердің талас-тартысы бітпеді. XIV ғасырдың
орта шеніне дейін мұнда отырықшы және қала мәдениетінің талай орталықтары
қиратылған. Олардағы өмір сөнген. Талас аңғарындағы Тараз, Янгі — Талас,
Янгі — Балық, Кенжеке калалары туралы XIV ғ. авторы ал-Омари естеліктерінде
айтылған. Талас астанасы ролі бұл кезде Янгі-Таласқа ауысқан тәрізді. Ол
Таластың жоғарғы жағында орналасңан. Қала ретінде Тараз XV ғ. басына дейін
өмір сүрген, ал оның орнындағы отырықшы қоныс XVIII ғ. дейін болған.
Қазіргі кезде Талас қалдықтарының үстіне басқа үйлер салынып, оның
бұрынғы көрінісін тек XIX ғ. 30— жылдарьшың басьндағы мағлұматтар бойынша
елестетуге болады. Көне қаланың әр жерінде жүргізілген қазбалар Тараз
өмірінің әр турлі кезеңдеріндегі құрылыс комплекстері мен ғимараттарын
берді. Шахристанның шығыс жақ бұрышында жүргізілген ауданы 200 шаршы м.
қазбадан монша табылган. Жобасында монша ғнмараты квадратқа үқсас.
Өлшемдері 13,5X12,5. Шығыс бөлігінде орналасқан жағып жылытатын комплексті
санамағанда барлыгы 7 бөлме тазартылған. Бірінші болмесінде еденге
өлшемдері 0,5X0,5X0,08 м. сары және қызыл түсті шаршы тас тақта төселген.
Биіктігі 0,4 м. және ені 0,38 м. отырғыштың бөлігі сақталған. Екінші
бөлмесінде өлшем-дері 3,05X2,52 м. кірпіш астау мен кірлен табылған.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында ашылған моншалардың ішкі
кұрылысы басқа жобасында креср тәріздес. Ол Отырар, Баласағұн моншалары.
Тараз моншасы Каср-ал Хайр ал-Гарбидағы таяу шығыс моншасын еске түсіреді.
Зерттеушілердің пікірі бойынша, моншалар Орта Азия қалаларында VIII ғ.
пайда болган, олар Жерорта теңізі алқабынан шығып, Таяу және Орта Шығыс
арқылы Орта Азияға жеткенге ұқсайды1.
Үлкен қалаларда ондаған моншалар болған, мысалы, Самарқант пен Бүқарада
IX—XII ғ. ғ. олардың саны жүзге дейін болуы мүмкін еді. Моншалардың көбінің
ішкі жағы, Тараз моншасынан көргеніміздей, көркем суретпен әшекейленген.
Мысалы, X ғ. авторы ал-Масуди өз шығармаларының бірінде моншаларда адам
келбетті, бүркіт тұмсықты, екі бүйірінде төрт қанаты және хайуан тырнақты
екі қолы бар қүс тәріздес Ал-Анка деп аталған ғажайып жануардың бейнесін
жиі кездестіруге болатынын атап өткен5. IX-X ғ. ғ. Закария ал-Рази,
моншаның адам денесіне әсерін сипаттай отырып, жуыну хайуандық, рухани және
табиғи күштерді әлсіретеді деп санаған. Сондықтан моншаларды адамның мұңын
жазатын, уайым ауыртпашылықтарын жеңілдететін, көркем суреттермен
әшекейлеуді ұсынған6.
Монша салынатын кезеңге қазбалау кезінде табыл-ған қала жарау-
жабдықтарының қалдықтары да жатады. Ең алдымен ол -- қаланың сутартқыш
жебелері, Ол 12,8 м. ұзындықта байқалған. Оның құрылыс техникасы зерттеліп,
қалпына келтірілді. Сутартқыш жебелер жұмыр тастан, ұсақ тастан және
сазбалшықтаи құралған жастыққа орналастырылған.
Көне қаланың әр жерінде жүргізілген қазбалар Тараз өмірінің әр турлі
кезеңдеріндегі құрылыс комплекстері мен ғимараттарын берді. Шахристанның
шығыс жақ бұрышында жүргізілген ауданы 200 шаршы м. қазбадан монша
табылган. Жобасында монша ғнмараты квадратқа үқсас. Өлшемдері 13,5X12,5.
Шығыс бөлігінде орналасқан жағып жылытатын комплексті санамағанда барлыгы
7 бөлме тазартылған. Бірінші болмесінде еденге өлшемдері 0,5X0,5X0,08 м.
сары және қызыл түсті шаршы тас тақта төселген. Биіктігі 0,4 м. және ені
0,38 м. отырғыштың бөлігі сақталған. Екінші бөлмесінде өлшем-дері 3,05X2,52
м. кірпіш астау мен кірлен табылған.

арқылы Орта Азияға жеткенге ұқсайды7.
.

Шымкент қаласынан шығысқа қарай 12 шақырым жерде ну бау-бақшаға оранған
Сайрам кенті орналасқан. Көшелерінде жағалай тізіліп бой түзеп өсіп тұрған
терек ағаштары. Ал айналасы---жайкалған мақта плантациясы мен бидай
алқаптары.
Осыдан сегіз-он ғасыр бұрын Сайрамның ірі өңір болғанын көп адам біле
бермейді. Ол қолөнершілер мекені, егіншілер ауылы және ондаған қалалары бар
орталық болған. Қаланың кұдіреті артып, астана бо-лып күшейіп тұрған
кезінде Бұл өңірге Тараз, Отырар, Сауран, Түркістан секілді ірі қалалар
кірген еді.
Бізден бірнеше жүз жылдар бұрын өткен сол бір заманда Сайрамның атауы
баскаша аталған. Ол кез-дегі аты -- Испиджаб.Қаланың рабаты және
бұқаралық мединесі болды. Ол жерде үсті жабық базар, маталар жәрмеңкесі,
үлкен мешіт орналасқан. Мединенің төрт: Нуджакент, Фархан, Шахран және
Бұхара қақпалары бар. Әр қақпалардың маңында: нахшебтер рабаты, бүхар-
лықтар рабаты, самарқандықтар рабаты және зираты мен базары бар Қаратегін
рабаты. Бүдан да басқа қалада 1700 рабат бар деседі. Испиджаб - тамаша
шекаралық бекініс. Айнала дуалмен қоршалған рабаттың ішінде ешкім тұрмайтын
ішкі қамал - цитадель бар. Бұл жердің тұрғындары егін шықпай қалу дегенді
білмейді. Жемістері үлкен болмағанымен шырынды әрі тәтті. Қала таза, бұл
жердегі өмір жағымды, - деп географ әл-Макдиси өз еңбегінде Испиджабтың
үлкен қала екенін атап өтеді.
Якут өзінің энциклопедиялық сөздігінде Испиджаб жайлы тереңірек сипаттама
берген: Испиджаб - Мәуереннахрдың Түркістанмен шекаралас жатқан жеріндегі
үлкен де басты қаланың атауы. Баска да қалалар секілді оның жері кең, елді
мекендері көп. Ол - гүлденіп келе жаткан жайлы жер. Ағашы көп, жері
құнарлы, бау-бақшасы жайқалған сулы өлке. Хорасанда да, Мәуеренахрда да
салық төлемейтін қала жоқ, тек Испиджабтың ғана салық төлемеуге құқы бар,
өйткені ол - үлкен шекаралык бекініс. Сол себепті тұрғындар қару сатып
алсын деп салықтан босатылған еді.
Жоғарыда айтылғанға қарағанда, Испиджабтың дамуы бәрінен бұрын өзінің
құнарлы Бадам жеріндегі қолайлы орналасуы мен сауда жолдарының
нағыз қиылысында тұрғандығынан. Сауда жолдары бұл жерде бірі Тараз арқылы
Шығыс Түркістанға, екіншісі - Арыс өзенін бойлай, одан әрі Отырарға, Сыр
бойының қалаларына бағыт алады. Үшінші жол - солтүстікке, Баба-Ата,
Құмкент, Созаққа апарады. Испиджабқа жақын, екі көш жерде Арыс бойы мен
оның оң жақ сағасы Боролдайда ең бай шұрат орналасқан. Көлемі ТО — 15 шаршы
км-ден аспайтын осы кішігірім аймақта жиырмадан астам қалалардың, елді
мекендердің, үй қожалыктары мен сарайлардың орындары болған. Ортағасырларда
Кеңжиде аймағы (сол уакытта Арыс даласы осылай аталған) тұрғын халықтарының
тығыздығы жағынан атақты Отырар шұратынан кем түспейтін. Кеңжиденің
орталығы Усбаникет қаласы болған. Ол Жуантөбе қаласының қирандыларына сай
келеді. Арыс өзенімен Испиджаб иелігінің солтүстік шекарасы өткен болу
керек. Арыстың сол жақ биік жағасымен шамалап алғанда әр 8 - 12 шақырым
сайын карауыл қорғандары тізіліп тұрған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz