Араб және мұсылман елдерінің өнері



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Араб және мұсылман елдерінің өнері
2. Ислам өнерінің ерекшеліктері
3. Мұсылман каллиграфиясы
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Орта ғасырлық араб мәдениеті арабтандыруға ұшыраған, исламды қабылдап, классикалық араб тілі көп уақыт әдебиет пен дін тілі ретінде билік құрған елдерде өркендеді. Барлық орта ғасырлық араб мәдениеті, адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір салты, қоғамдағы мораль нормалары VII ғ. Араб түбегіндегі тайпаларда пайда болған ислам дінінің әсерінен дамыды.
Араб философиясының пайда болуы каламарационалды діни ғылымның алғашқы өкілдері – мутазилиттердің («жекеленгендер») қызметімен байланысты. ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану немесе философиялық мұрасымен кең танысады. Аристотель философиясы басты назарда болады. «Неоплатондалған» аристотелизм орта ғасырлық араб философиясы – «шығыс перипатетизмінің» басты бағыты ілімінің негізі болды. Осы бағыттың негізін қалаушы араб философы, астрологы, математик және дәрігер әл-Кинди болды. Шығыс перипатетизмнің әрі қарай дамуы әл-Фараби және Ибн Сина есімдерімен байланысты.
Әл Фараби (870, Фараб – 950, Дамаск) - Шығыс философы, ғалым-энциклопедисті, шығыс аристотелизмінің ірі өкілі. Халеб пен Бағдат қалаларында философиялық және ғылыми білім алған. Фараби философиясының негізі – Біртұтастан жеке заттардың шығуы, эманация туралы неоплатондық іліммен аристотелизмнің үйлесімі. Әлеуметтік-этикалық трактаттарында Фараби діни қауым көшбасшысы, билеуші-философ басқаратын «рақымшыл қала» туралы ілімді дамытты. Фараби идеалды құрылысқа теріс адамгершілік қасиеттерді көрсететін «мәдениетсіз қаланы» қарсы қояды.
Фараби Аристотель (осыдан оның «Екінші ұстаз» атты құрметті атауы шыққан) мен Платон шығармаларына берілген комментарийлердің авторы. Фарабидің «Музыка туралы үлкен трактаты» - Шығыс музыкасы мен ежелгі грек музыка жүйесі туралы деректердің маңызды көзі. Фараби Ибн Синға, Ибн Баджуға, Ибн Туфаилға, Ибн Рушдаға, және де ортағасырлық Батыс Европаның философиясы мен ғылымына әсер етті.
1- Мұхаммед Риза Әкими, «Мұсылмандардың ғылымы», иран «Ислами фәрһәнг» баспасы, алтыншы басылым, 1368 һижри шәмси жылЫ
2-Ислам Жеменей, «Мырза Хайдар Дулат» тарихшы, қаламгер. Алматы, «Зерде» баспасы, 2007 ж
3. Т.И.Сұлтанов, «Алтын Орда», ауд-Р.Шаймерденов, Алматы, «Мектеп» 2004
4. Ислам Жеменей, «Қос өзен: Қанаттас түркі, парсы ақындары: Оқу құралы, павлодар: «Brand Print» баспасы, 2010
5. М. Мүтәһһәри, «Ислам мен Иранның бір-біріне жасаған қызметі», Теһран, 1368 ж.
6. М.Мүйін, «Фәрһәнг мүйін», «әмир кәбир» баспасы, Теһран, 1371ж.
7. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Араб және мұсылман елдерінің өнері
2. Ислам өнерінің ерекшеліктері
3. Мұсылман каллиграфиясы
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Орта ғасырлық араб мәдениеті арабтандыруға ұшыраған, исламды қабылдап, классикалық араб тілі көп уақыт әдебиет пен дін тілі ретінде билік құрған елдерде өркендеді. Барлық орта ғасырлық араб мәдениеті, адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір салты, қоғамдағы мораль нормалары VII ғ. Араб түбегіндегі тайпаларда пайда болған ислам дінінің әсерінен дамыды.
Араб философиясының пайда болуы каламарационалды діни ғылымның алғашқы өкілдері - мутазилиттердің (жекеленгендер) қызметімен байланысты. ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану немесе философиялық мұрасымен кең танысады. Аристотель философиясы басты назарда болады. Неоплатондалған аристотелизм орта ғасырлық араб философиясы - шығыс перипатетизмінің басты бағыты ілімінің негізі болды. Осы бағыттың негізін қалаушы араб философы, астрологы, математик және дәрігер әл-Кинди болды. Шығыс перипатетизмнің әрі қарай дамуы әл-Фараби және Ибн Сина есімдерімен байланысты.
Әл Фараби (870, Фараб - 950, Дамаск) - Шығыс философы, ғалым-энциклопедисті, шығыс аристотелизмінің ірі өкілі. Халеб пен Бағдат қалаларында философиялық және ғылыми білім алған. Фараби философиясының негізі - Біртұтастан жеке заттардың шығуы, эманация туралы неоплатондық іліммен аристотелизмнің үйлесімі. Әлеуметтік-этикалық трактаттарында Фараби діни қауым көшбасшысы, билеуші-философ басқаратын рақымшыл қала туралы ілімді дамытты. Фараби идеалды құрылысқа теріс адамгершілік қасиеттерді көрсететін мәдениетсіз қаланы қарсы қояды.
Фараби Аристотель (осыдан оның Екінші ұстаз атты құрметті атауы шыққан) мен Платон шығармаларына берілген комментарийлердің авторы. Фарабидің Музыка туралы үлкен трактаты - Шығыс музыкасы мен ежелгі грек музыка жүйесі туралы деректердің маңызды көзі. Фараби Ибн Синға, Ибн Баджуға, Ибн Туфаилға, Ибн Рушдаға, және де ортағасырлық Батыс Европаның философиясы мен ғылымына әсер етті.
Орта ғасырдағы атақты ғалым тәжік философы, дәрігер, жаратылыс тану ғылымдарын жетік меңгерген, ақын және белгілі музыка танушы - Абу Әли Ибн Сина (Батыс Европада Авиценна деп атаған, 900-1037 ж.ж.). Ибн Сина әлемдік мәдениет тарихында белгілі орын алады. Философиялық шығармаларының ішінде ең белгілісі - "Китаб-аш-шифа" (Сауығу кітабы). Ибн Сина философ-рационолист болған. Ол тәжірибеге, шындықты фактілермен, практикамен сынап тексеруге үлкен мән берді. Ол антика философтарының көзқарастарын дамытты, оның прогрессивті көзқарастары ислам қағидаларына қайшы келді және мұсылман дінбасыларының орынсыз шабуылдарын тудырды.

Араб және мұсылман елдерінің өнері

Шығыс ислам әлемінің көркем мәдениеті айрықша. Онда кескіндеме жоқ, өйткені Алла мен құдайға қатыстының барлығын бейнелеуге рұқсат етілмеді. Нәтижесінде бейнелеу өнері кілем тоқуда жақсы дамыды, оған тән белгілер түрлі-түстілігі мен өрнектілігі болды. Араб сәулет өнері ерекше дамиды, ол арабтардың ең алдымен барлық грек, рим, иран көркем дәстүрлерін қайта өңдеу негізінде дамыды. Сол кезеңнің ең белгілі сәулет ескерткіштері Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы кезеңде мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген Дамаскідегі Құз күмбезі храмы салынды. Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен безендіре бастады, оған стильденген жазу- араб вязі қосылды. Мұндай өрнекті европалықтар арабеска деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен ырғақты қайталануы принципі бойынша құрылды.
Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер табиғи түрде махаббат жырларында да, медициналық трактаттар мен батырлар жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар, шахтар өзіне сарай ақындарын алу үшін қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі таныту, мадақтау құралы ретінде қарады. Бұл жағынан ұлы парсы ақыны, Шах-намэ (Патшалар кітабы) өшпес эпопеясын жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы белгілі. Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы.
X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі Мың бір түн жазылды. Оның негізін парсы, үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген сюжеттері құрады.
Парсы ақыны, математик, философ Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы көпшілікке белгілі. Философиялық төрт жол өлең - рубаилар оны танымал етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға, гедондық мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның әрі қарай дамуы парсы-тәжік ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Навои (1441-1501 ж.ж.) есімдерімен байланысты.

Араб өркениеті

Араб өркениеті -- ислам дінін ұстанып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және басқа да халықтар өркениеті. Ғылымда араб мәдениеті деген атпен белгілі. Орта ғасырларда Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Еуропада өркен жайған. Ғылымды дамытуға және оны басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып, қалыптасты. Бұрын сабей тілінде сөйлейтін Оңтүстік Арабия халқының көне мәдениеті, өзіндік жазуы болған. Сирия, Ливан, Палестина, Ирак елдеріндегі арамей халықтарының мәдениеті сияқты сабей мәдениеті де араб өркениетінің дамуына негіз болды. 4 ғасыр шамасында пайда болған араб жазуы, арамей жазуының дамытылған түрі еді. Шапқыншылық соғыстар нәтижесінде ұлан байтақ империяға - халифатқа айналған Арабиядағы қатынас құралы осы жаңа жазуы бар араб тілі болды. Исламды енгізген Мұхаммед пайғамбардың уағызы бойынша барша қауым осы жаңа дінді мойындай отырып ілгері дамуға, жаңа аймақтарға осы бағыттың артықшылығын түсіндіруге, уағыздауға тиіс болды. Халифат құрамына Шығыс, Солтүстік Африка, Ирак,Ауғанстан, Пиреней түбегінің басым бөлігі, Кавказдың оңтүстігі мен Солтүстік-Батыс Үндістан кірді. Осы жерлердегі халықтардың мәдениетімен қоса көне грек, эллин, рим, үнді мәдениетінің жетістіктерін бойына сіңірген, анағұрлым озық мәдениет жасалды. Оған парсылар, сириялықтар, Орта Азия мен Кавказ халықтары зор үлес қосты. Осылайша қалыптасқан араб мәдениеті Батыс Еуропа халықтарына және дүниежүзілік мәдениетіне игі әсер етіп, оған орасан зор үлес қосты. Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының негізін қалады. Осы күнге дейін көптеген жүлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған. Араб өркениетінің негізі де, қайнар бастауы да араб философиясы болды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін анықтады. Негізін үндіден алып, санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдаланудың жолын тапты. Тригонометриялық функцияны (әл-Баттани, 858 - 929) енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебралық теңдеуді шығарудың бірнеше жолын тауып, бүкіл математиканың дамуына жол ашты. Медицинағылымына, оның ішінде офтальмология саласына айрықша үлес қосты. Соның нәтижесінде геометриялық оптика үлкен жетістіктерге жетті. Медицинаның, онымен тікелей байланысты фармакологияға қажетті химияның дамуына жағдай жасады. Алхимия кең тарады. Қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру, кристалдандыру, сүзу тәсілдері де арабтардан бастау алады. Шығыста пайда болған компас, қағаз, оқ-дәрі, т.б. арабтар арқылы Еуропаға тарады. Осы сан салалы ғылым Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина мен Әбу Райхан Бирунидің араб тіліндегі еңбектерінде одан әрі дамытылды және басқа елдерге танылды. Араб өркениетінің дәуірлеген шағы 8 - 11 ғасырлар болды. Оның көрнекті үлгілері сәулет және бейнелеу өнерінде көрінді. Мешіт, медресе, тұрғын үйлердің жаңа үлгілері жобалық шешімімен, айшықты өрнектерімен, эстетикалық әсемдігімен ерекшеленді. Ислам діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Меккедегі Қағба ғибадатханасы, Иерусалимдегі 692 ж. салынған әл-Ақса мешіті (1969 ж. Израиль фанатиктері өртеп жіберген), Дамаскідегі Бани-Омейя мешіті (8 ғасыр), тұрмыс-салт тақырыбында әшекейленген Кусейр-Әмре қамалы мен Әмре мешіті (641 ж.). Араб өркениетінің сәулет өнеріндегі озық үлгілеріне жатады. Батыста (Алжир, Испания, Марокко, Тунис) Мавритания өнері аталған сәулет өнерінде тамаша үлгілер туғызды. Оның осы кезге дейін сақталған озық туындысы Гранададағы Альгамбра қамалы. Азиядан тыс жерде араб өрикениеті Египет пен Сирияда өте жоғары дамыды. Әсіресе, Египетте күні бүгінге дейін сақталған ибн Тулун (876 - 879 ж.), әл-Әзхар (970 - 972), әл-Хаким (990 - 1013 ж.) мешіттерінің жобалық үлгісі, әшекей-нақышы, құрылыс бөлшектерін өрнек түрінде пайдалану тапқырлығы қазірге дейін таңқалдырады. Каир қаласындағы осы үш мешітке жұма намазға жиналған бүкіл қала халқы сыйған. Ал 15 ғасырда әл-Әзхар мешітінде ашылған кітапханада араб Шығысының мәдениеті мен тарихына байланысты 60 мыңнан астам кітап пен 15 мыңдай қолжазба сақталған. Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар, моншалар мен тұрғын үйлер салынған. Орта ғасырдағы араб музыкасы Испанияның, Португалияның музыка өнеріне, кейбір Еуропа елдерінің музыка аспаптарының қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде арабтардың музыка ғылымы да жақсы дамыды. 11 ғасырдың ақырына таман халифаттың ыдырауы, салжұқтардың жаугершілігі мен крест жорықтарына қарсы күрес, 13 ғасырдағы моңғол шапқыншылығы, 16 ғасырдың басындағы түрік жаугершілігі, 19 - 20 ғасырдағы Еуропа отаршылдығы араб өркениетінің дамуын күрт бөгеді. Бірақ кезінде қатты дамып, жан-жақты қалыптасқан араб өркениетінің Батыс пен Шығысқа еткен әсері өзіндік өшпес ізін қалдырды.

Ислам өнерінің ерекшеліктері

Егер ислам мәдениетінің шығуына қарайтын болсақ, сәулет өнері мен қала салушылардан бастап, поэзия және әдебиеттің басқа түрлерімен аяқтасақ, онда ислам әлеміндегі өнердің маңыздылығы айқын көрінеді.
Кордовадағы (Испания) Собор мешіті, Дамаскідегі Үлкен Үмейттер (Омеядов) мешіті, Каирдегі Ибн-Тұлұн мешіті және ислам әлемінің шығысындағы басқа сәулет өнерінің ескерткіштері (Стамбул, Исфахан, Самарқанд, Бұхара және Хиуа) сияқты, ислам мәдениетінің ұлы көрнекті туындылары, ислам мәдениетінің рухани ұлылығын тікелей көрсетеді. Бұл ғимараттар өзінің шамаластық, бейбіт үйлесімділігі және тыныштығы жағынан адамдарға исламдық жолдаудың маңызды ерекшелігін нақтылы көрсетіп отырады.
Бұл өнер бұл өмірдің күйрегіштігін және келесі өмірдің мәңгілігі туралы айтады. Ол адамдардың күнделікті өмірі мен көркемдіктің арасында мызғымас байланыс орнатқысы келеді. Дұрысын айтқанда, өнер сөзін түсіндіретін (санаа, фанн), араб тілінде ең көп тараған сөздер, Батыстағыдай өнерді ғана айтып қоймайды, сонымен бірге дұрыс орындалған әрбір істі, шеберліклікті түсіндіреді. Бұдан басқа, Ислам өнер мен білім арасындағы тығыз байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) құрылымдық жүйесі
Ислам мәдениеттері
ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ КАЛЛИГРАФИЯ
Ислам діні және Қазақстан мәдениеті
Халықаралық қатынаста және аймақтық саясаттағы ықпалды ұйым - Ислам конференциясы Ұйымы
Мұсылман каллиграфиясы
Алғашқы төрт тақуа халифаттарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
Орталық Азия халықтарының ортағасырлық мәдениеті
Аббасидтер кезиндегі араб мәдениеті
Кереғар ағымдардан сақтаныңыз!
Пәндер