Ширк ұғымы және оның түрлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ШИРК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Құранда және хадистегі «ширк» ұғымы және оның шығу тарихы . . . 6
1. 2 Ширктің түрлері және адам өміріне тигізетін әсері . . . 12
2 ТАУХИД МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫ ОРНЫ
2. 1 Исламдағы «таухид» түсінігі . . . 29
2. 2 Таухид ілімін меңгерудің маңызы . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыста ширк және таухид ұғымдары, оның шығу тарихы мен олардың түрлері, адам өміріне тигізетін әсері жайында баяндалады. Дипломдық жұмыста Аллаға серік қосудың түрлері жайындағы мағлұматтар сарапталып, таухид ілімін меңгерудің мақсаты мен себептері қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз Егемендігін алған тоқсаныншы жылдардың басынан бері халқымыздың өз Отанына, дініне және тіліне деген сүйіспеншілігі мен оларды қадірлеп-қастерлеуі арта түсуде. Нәтижесінде Қазақ елінің, қазақ жерінің даңқы әлемге танылып, өзге елдер мен ұлыстар біздің елдің экономикалық даму үрдісі мен мәдениетінің күн санап құлпыра түскеніне куә болды. Мұндай игі нәтижелерге қол жеткізудің өзі халқымыздың қоғамдық өмірдің барлық саласында аянбай еңбек етіп, тер төгуінің жемісі болар. Соның бірі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында атқарылып жатқан халқымыздың, ұлтымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қасиетті тілі мен мәдениетін жаңғырту істері болса, енді бірі ретінде ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу, саналы азаматтарының өз халқына, келешек ұрпағына сыйға тартқан, ата-баба діні Исламның қадір-қасиетін паш еткен, өз тілімізде жарық көрген осынау діни әдебиеттерді, құндылықтарды атауға болады. Өйткені әр халықтың, әрбір ұлттың біртұтас, мықты ел болып қалыптасуы сол қауымның тілі мен ұстанған дініне тікелей байланысты. Бірақ, қазіргі таңда дәстүрлі емес діни қозғалыстардың елімізде қаптап кетуіне байланысты діни сауаттылықты ашып, халыққа дұрыс бағыт беру міндеті тұр. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне жатады.
Қазіргі кезде жастар арасында «ширк» деген ұғым көп қолданылып жүр. Өйткені, елімізде әлі ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен ырымдар аз емес: көз тимесін деп тұмар, көзмоншақ, түйрегіш т. с. тағу, иіс шығару, адыраспан тұтату, бал ашу, ата-баба әруақтарына табыну секілді түсініктер әлі де бар, ол аз болғандай қазіргі заманның ырымдары қосылды. Газет, журнал беттерінде шығатын жұлдызнама, «2011 жыл қандай болады?», «сиыр жылы, қой жылы туылғанға бұл жыл қандай болмақ?», «қыс мезгілі қандай болады: суық болады ма, қар көп жауады ма?», «ай былай туылыпты, яғни жауын-шашын көп жауады», сондай-ақ Қытай елінен алып келінген «фэн-шуй» деген наным: ақшаны былай ұстау керек, ұй жиһазын былай қою керек, сынған ыдысты ұстамау керек, «ақша шақыратын тал, гүл», әр-түрлі мүсіндер, екі жас бақытты болсын деп ақ ішу, ақ машинамен жүру, ақ матаны төсеу, ауа - райын «ұрсу» т. б. және осындай түсініктердің мағынасын анықтап, таухид пен ширк мәселелерінің мәнін ашып, көрсетуге бағытталған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Исламдағы таухид және ширк тақырыбында шетелдерде, ислам елдерінде зерттелгенімен қазақ тіліне аударылған мұндай еңбектердің өте аз болуы, себебі бізде өзге тілден қазақшаға аудару ісі Тәуелсіздік алғаннан бері ғана қолға алынды десек те болады. Оған дейін өзге тілден орыс тіліне ғана аударылып келген. Сондықтан қазақ тілінде ол жайлы ғылыми зерттеулердің де біршама аз болуы ғылыми ізденісімізге бір қатар қиындықтар туғызды. Теологиялық тұрғыда қарастырылған бұл еңбектерде ширк, таухид мәселесі ғылыми және практикалық тұрғыдан гөрі теориялық жақтан зерттелгені байқалады.
Ислам дінінің өркендеуіне үлкен септігін қосқан дінтану саласы бойынша зерттеулер жүргізген, А. Ю. Исаев «Предел желающего» кітабының еңбектерін пайдаланып, осы аталған ғалымның еңбектеріне шолу жасау барысында, Алла-Тағаланы бірлеу (таухид) мен ширктің түрлерін және оның адамзатқа қауіптілігі жайында, Салих ибн Абдулла ибн Халид «Понятие мудрости в деле призыва к Алаху», Насир ибн Хамада аль-Аммара «Книга призыв», еңбегінде құлшылыққа лайық тек Аллаға ғана бойұсынуды, ширк пен таухид мәселесі нақты дәлелдермен келтіріліп, ширк пен таухидтің шариғаттағы түрлерін ашықтап көрсеткені. Ибн Хажар әл-Асқалани, Фатхуль әл-Бәри бишарх сахих әл-Бұхари. әр-Рияд: «Дәру әт-Тайба», Муслим, Ахмад және Термизи ғалымдарының еңбектеріндегі «таухид» пен «ширкке» қатысты келтірілген көптеген хадистерге сүйене отырып алынған материалдар. әз-Заһаби өзінің атақты кітабы әл-Кәбаир, Ибн Қаим Әл-Жаузидің Әд-Дәә уад- Дәуә - «Дерт пен Дауа» атты еңбегінде күнә мәселесін иман жағынан қарастырған.
Қазақстандық Сәбит Ибадуллаевтің «Үлкен күнәлар» еңбегінде үлкен күнә төңірегінде көтерілген пікір-таластарды қарастырған.
Абу Мухаммад Дильмурат «Китабу - таухид», Абдуссамад Махат «Имандылық қағидалары», еңбегінде ширктің адам өміріне тигізетін әсері мен таухид ілімін меңгерудің мақсаты мен себептері жайлы жазылған. Ал, мен жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, үлкен күнә төңірегінде көтерілген пікірталастар мен адамзат өміріне ширктің қаншалықты зиян тигізетін және таухидпен өмір сүрудің соншалықты маңызды екенін қарастырдым.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысымның басты мақсаты-Адамзатқа таухидтің маңыздылығы мен ширктің қауіптілігі мәселесін дінтану аспектісінде зерттеп, күнә мәселесінің теориялық және тарихи талдау жасау және оның қоғам өмірінде алатын орнын айқындап, исламдағы күнәнің түрлерін айшықтап, олардың жеке тұлғаға, адам денсаулығына, психологиялық дамуына және қоғамға тигізетін зардаптарын практикалық деректер арқылы анықтау. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста мынадай нақты міндеттер алға тартылды:
-«ширк», «таухид» анықтамасын діни тұрғысынан ашу;
-шариғаттағы ширктің шығуы мен түрлерін жазу;
-ширктің тигізер зияны мен таухидтің пайдасы жайындағы көзқарастарды анықтау;
-тарихи деректер төңірегінде адамзат қоғам болып қалыптасқалы бері ширк кесірінен шеккен азаптарын талдау;
-университет студенттерінің «таухид» және «ширк» жайлы түсініктеріне сауалнама жүргізу.
Зерттеудің нысаны мен пәні: Дипломдық зерттеу жұмысымның басты нысаны- исламдағы ширктің тарихи, теориялық және практикалық, сонымен қатар, салыстырмалы әдістер арқылы қазіргі қоғамдағы зардаптарының мәнін анықтау болып табылады. Дипломдық зерттеу жұмысымның пәні ретінде үлкен күнәлардың зардаптарына:
-Құран Кәрім мен сүннеттің қағидаларын;
-ширк пен таухидке қатысты түрлі діни көзқарастарды сараптау;
-қарастырылған көзқарастардың идеологиялық ұстанымдарын анықтау.
Зерттеу жұмысымның теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады деген сенімдемін. Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі: Диплом тақырыбы тарих, философия ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістер пайдалану негізінде жазылды. Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында объективті әлем дамуының жалпы заңдылықтарына негізделген теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды және тәжірибелік білімін ұштастырып, жұмыс бойынша діни әдебиеттерді қолданып, тәжірибеден алынған мысалдарды келтірілді. Дегенмен, зерттеу жұмысын терең әрі жан-жақты қарастырса, бұл тақырып кемелдене түсер еді. Жалпы алғанда зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы бар.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 63 бет.
1 ШИРК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Құранда және хадистегі «ширк» ұғымы және оның шығу тарихы
Ширк (көпқұдайшылық) - дегеніміз, жаратылысқа ғибадат қылу (мысалы:періштелерге, жындарға, әулиелерге, пұттарға, ағаштарға, тұмарларға, жұлдыздарға, отқа және солар сияқты Аллаһтан басқа заттарға ғибадат қылу) .
Ширктің негізі- «Жаратушының істерінде жаратылған нәрсені жаратушыға теңеу». Біреуді немесе бір нәрсені құлшылыққа лайықты деп Аллаһқа теңеу. Сонымен қатар біреуге Аллаһ Тағаланың есімдері мен сипаттарын тағу арқылы теңеу. Ислам дінінде Алла-Тағала кешірмейтін ең зор күнә - Аллаға серік қосу (ширк) . Оның зардабын осы өмірде және ахыретте шегетін зардабынан құтылуы мүмкіндігі жоқ күнә. Кешірілмейтін күнә жайлы Алла Тағала Құранда: «Шын мәнінде Аллаһ Тағала Оған серік қосқанды кешірмейді. Әрі одан өзгесін кімге қаласа кешіреді. Ал кімде-кім Аллаһқа серік қосса, онда ол үлкен күнә жасады» деген [1, 4:48] . Серік қосу деп Құдіретті Алла Өзіне ғана бұйырған ғибадат-сыйынулардың түрлерін жаратылыстарына арнауды немесе бір жаратылысты Алланың сипаттарымен толықтай, не жарым-жартылай сипаттауды айтады. Құдіретті Аллаһтың бұл ескертуі Таухидтің (Аллаһ Тағаланы бірлеудің) қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Таухидті берік ұстанған мұсылмандар ғана Жаратушы иемізге серік қосудан-ширктен алыс болады.
Ширк - адамдардың ниет, ықыластарынан пайда болатын күнә. Айтқан сөздер, атқарған амалдар, жасаған іс-әрекеттер, Аллаһқа немесе Оның сипаттарына ортақ етілсе, яғни Аллаһтың Қадир және Қадим секілді сипаттарын жаратылысқа тән ету ширкке апарып соғады. Адамдардың қателігі оның сенімі мен көзқарасына байланысты. Сондықтан әр мұсылман өз иманын кәміл етуге тырысуы шарт. Әсіресе, Таухидте қателікке ұрынудан сақтанбауға болмайды. Өйткені, бұл - адамға ақіретте ауыр азапқа душар ететін күнә таухиду Рубубияны толық түйсінбей жасалатын ширк - Аллаһ Тағала кешірмейтін ең ауыр күнәға жатады. [2, 6 б. ] . Мұндай сенім иелері Аллаһ Тағаланың құдіретін мойындамайды, олар Жаратушы Раббымыздың орнына жаратылысты - табиғатты қояды. Олар әлемді ешкім жаратқан жоқ, ол өзінен-өзі кездейсоқ пайда болды. Дүниені басқарып тұрған ешбір құдіретті күш жоқ, болған күннің өзінде "Аллаһ емес, Әлем өзінен-өзі қозғалысқа келіп үйлесім тауып тұр" деп сенеді. Сондай-ақ, бұл дүниедегі Аллаһтың құдіретімен болып жатқан барша құбылыстарды табиғат заңы деп қарастырады. Сондықтан, Аллаһ Тағаланы әрбір тіршілік иелеріне жан беруші, олардың тағдырын, ризығын белгілеуші, әр нәрсенің болу-болмауы жөнінде әмір етуші, кез-келген оқиғаны өз қалауымен іске асырушы, барлық нәрсеге күші жетуші секілді құдіретін мойындамайтын мұндай сенім иелері - ешқандай сана-сезімі, ойлау қабілеті жоқ, мылқау табиғаттың жүйелі тәртіпке ие, ақылы бар тіршілік иелерін жаратты дегенге нанады. Ешнәрсе өзін-өзі немесе өзінен саналы затты жарата алмайтынын түсіну аса қиын болмаса да, бұлай ойлайтындардың аз еместігі белгілі. «Серік қосу», яғни араб тілінде әш-ширк сөзі «бөлік», «бірнеше құдайлардың барлығы туралы жалған дүниетаным» деген мағыналарды білдіреді. «Әшрәкәбилләһ», яғни «Аллаһқа серік қосты» дегеннің оның билігіне бір серікті таңды дегенді білдіреді. [3, 15б. ] . Мысалы, Құран Кәримдегі Лұқманның баласына айтқан сөзі: «Сонда Лұқман өзінің ұлына уағыздап: «Иә, ұлым!Аллаһқа серік қоспа!Расында, серік қосу өте зор күнә», - деді» [1, 31:13] .
Серік қосу сөзінің шариғаттағы мағынасы жоғарыда аталған тілдік мағынасымен тамырлас. Яғни, ол пенденің Аллаһ Тағалаға Оның жаратқан нәрселерінің арасынан бір теңдес жасап алуы немесе Оның билігіне ортақ қосуы немесе Одан өзге пұт тасқа, не адамға, не күнге, не айға, не жұлдызға, не бір пайғамбарға, не ғалымға не жынға және сол сияқты басқа да нәрселерге табыну сыйыну.
Аллаһ Тағала былай дейді : «Барлық мадақ бала да жасап алмаған, билігінде серігі де жоқ Аллаһқа деп айт» [1, 17:111] . « Өздерің біліп тұрып Аллаһқа ортақ жасап алмаңдар». [1, 2:22] . Осы тұрғыдан алғанда серік қосу Ислам дінінің басты қағидасы-таухидке қарама-қарсы ұғым. Яғни, таухид дегеніміз Аллаһқа бір деп танып, Оны жаратушылық әрі патшалық сипаттарында жеке, дара деп біліп, оған құлшылық қылу болса, серік қосу осыларға кері әрекет жасау ислам дүниетанымы бойынша, Аллаһтың бірлігі-таухид бұлжымас ақиқат, ал серік қосу түкке тұрғысыз алдамшы, жалған нәрсе. Барлық пайғамбарлардың сенімі бірқұдайлық сенім болатын. Аллаһ Тағала былай дейді: «(Иә, Мұхаммед!) Сенен бұрын қандай да бір пайғамбар жіберсек те Біз оған: «Аллаһтан басқа құдай жоқ және Маған табынындар» деп уахи еттік». [1, 21:24] . «Шынында Біз әрбір үмметке «Аллаһқа ғана табынып, бұзықтықтан аулақ болыңдар» дейтін пайғамбар жібердік». [1, 16:36] . Аллаһтан басқа құдай жоқ екендігін біл». [1, 47:19] . Жаратушы Иеміз Аллаһ шексіз рақым-мейірімімен пенделерінің түрлі күнәларын кешірсе де, Өзінен басқаға жалбарынып, одан қажетін сұрап, табынуды ешқашан да кешірмейді. Аллаһ мұны күллі адамзатқа Құран Кәрім ескертіп өткен. Мысалы, Ниса сүресінде Аллаһ Тағалаға ортақ қосудың ең үлкен кешірілмес күнә екендігі нақтылы түрде айтылған: «Шындығында Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді, ал одан басқаны қалаған пендесіне кешіреді. Кімде-кім Аллаһқа серік қосса, ол қатты адасады» . [1, 4:116] . Аллаһтан басқадан жәрдем сұрап, ғибадат дұғасын жасау немесе Жаратушыдан өзгенің күші жетпейтін нәрсені сұрау- мүшріктік амал, яғни Аллаһқа серік қосу. Бұл туралы Аллаһ Тағала Құран Кәрімде бүкіл иман келтіргендерді былай ескерткен: «Аллаһпен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың». [1, 42:13] . «Жәнеде Аллаһтан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдардан боласың [1, 10:16] . «Сендердің Аллаһтан өзге шоқынғандарың сендерге де жәрдем ете алмайды, әрі өздеріне де жәрдем ете алмайды» [1, 7:19] . Аллаһ Тағалаға дұға қылу, қалаған тілекті сұрау қандай да бір делдалдың, ортақтың еш қажеттігі жоқ екендігі туралы қасиетті аяттарда тайға таңба басқандай айқын түрде баяндалған. «Егер құлдарым Мен туралы сенен сұраса, Мен өте жақынмен. Қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине, тура жол тапқан болар еді» [1, 2:286] . Пайғамбар (с. ғ. с) да өз хадистерінде қажетті бір Аллаһтан сұрау керектігін баса айтқан. Дұға, медет тілеудің жай - жапсарын толық түсіндіріп өткен. Солардың ең бірегейі төмендегі өсиет-хадисі. Абдуллаһ ибн Аббас (р. а. ) былай деді: «Пайғамбардың (с. ғ. с. ) артында келе жатқанда ол маған: «Иә, балақай! Мен саған мына сөздерді үйретемін: Аллаһты сақта (яғни, жадыңнан шығарма), сонда Ол сені сақтайды. Аллаһты сақта, сонда оны алдыңнан табасың. Бірдеңе сұрасаң, Аллаһтан сұра. Жәрдем тілесең, Аллаһтан тіле. Бүкіл халық жиналып саған бір пайда келтірмек болса, тек Аллаһ жазған нәрсені ғана келтіре алатындығын және олар саған бір зиян келтірмекке жиылса да, тек Аллаһтың жазғанын ғана келтіре алатындығын білгейсің. Қаламдар көтерілді, парақтар кеуіп кетті (яғни, тағдыр тақтасына бәрі жазылды) », - деді [4, 66б. ] . Негізінде өлілерге, жындарға қайырылып, солардан жәрдем сұрау дұға болып есептеледі.
Ал дұға ету, шақыру - құлшылықтың бір түрі. Құлшылық тек бір Құдай Тағалаға ғана лайық. Ал басқаға құлшылық қылу ақиқатқа жала жабу, серік қосу болып табылады. Нұғмен ибн Бәширдің (р. а. ) айтуынша Пайғамбар (с. ғ. с. ) : «Дұға- ғибадат»-деп, «Раббылардың: «Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын» деген аятты оқыған. [5, 52б. ] . Шын мәнінде ширк - ең үлкен әділетсіздік. Надандықтың ең төменгі нүктесі. Сол үшін де барлық пайғамбарлар мен елшілер өз шақыруларын шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп білуге шақырумен бастаған. Ал шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп білу ширкке қарама-қарсы нәрсе. Олар дәл осы ширкті жек көргендей еш нәрсені жек көрмеген. Құрандағы және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. ғ. а. ) сүннетіндегі біз байқайтын ең үлкен қорқытулар- ширкпен айналысушыларға байланысты қорқытулар. Кемшіліктен пәк. Ұлы Аллаһ Тағала өз кітабында: «Шын мәнінде Аллаһ Тағала Оған серік қосқанды кешірмейді. Әрі одан өзгесін кімге қаласа кешіреді. Ал кімде-кім Аллаһқа серік қосса, онда ол үлкен күнә жасады» деген. [1, 4:48] .
Сондай-ақ тағы бір аятта: «Шын мәнінде кімде-кім Аллаһқа серік қосса, оған Аллаһ Тағала жәннәтты харам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші болмайды» [1, 5:72] . Ең жақсы адамдар пайғамбарлар туралы Аллаһ Тағаланың не дегеніне қарап көріңіз: «Егер олар ортақ қосса еді, әлбетте олардың істеген амалдары жойылып кеткен болар еді» [1, 6:88] . Ал енді Алла Тағала өз жаратқандары ішіндегі ең жақсы жаратылысы Мұхаммедке (с. ғ. а. ) не дегенін қарап көріңізші: «Шын мәнінде саған әрі сенен бұрынғыларға: «Егер Аллаһқа ортақ қоссаң әлбетте амалың жойылады және анық зиянға ұшыраушылардан боласың»-деп уахи етілді. Аллаһқа ғана құлшылық қыл және шүкіршілік етушілерден бол» - деген [1, 39:65-66] . Аллаһ елшісінің (с. ғ. а. ) өзі де бізге ширктің қауіпті екенін ескерткен. Имам Бұхаридің хадистер жинағында пайғамбарымыз (с. ғ. а . ) :«Кімде-кім Аллаһқа серік қосқан күйде о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді » -дегені келтірілген. Сонда Абдулла ибн Масғуд р. а. : « Ал кімде-кім Аллаһқа серік қоспай өлетін болса, онда ол жәннәтқа кіреді» - деген [6, 414 б. ] . Сондай-ақ, имам Муслим Жәбир ибн Абдулла р. а. сөздерінен мына хадисті келтіреді. Пайғамбарымыз (с. ғ. а. ) бір кісіге: «Кім Аллаһқа серік қоспаған күйі өлсе, ол жәннәтқа кіреді. Ал кім Аллаһқа серік қосып о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді» - деп айтқан [7, 93б] . Муаз ибн Жәбәл р. а. бірде Аллаһ елшісімен (с. ғ. а. ) бірге есекке мінгесіп келе жатқанда, одан пайғамбар (с. ғ. а. ) « Әй, Муаз! Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?»- деп сұрағанын әңгімелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz