Тауарлардың тұтынушылық қасиеттері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тауарлардың тұтынушылық қасиеттері және оладың сапасының көрсеткіштері.

Тауарлардың тұтынушылық қасиеттерінің және олардың сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасы деп нақты немесе күтілетін сұранысты қанағаттандыратын және оны тұтыну барысында, сонымен қатароны жасау, бағалау және сақтау кезінде айқын көрінетін қасиеттері мен көрсеткіштерінің жиынтығы. Жалпы алғанда осы номенклатура тұтыну тауарларының сапалық сипатын анықтайды. Осы номенклатура шеңберінде тұтынушылық қасиеттер мен көрсеткіштер олардың ерекшелігіне байланысты топтар мен топшаларға бөлінеді:

  1. Тағайындалуы:

а) функционалды; б) әлеуметтік; в) классификациялық; г) универсалды;

2. Сенімділік:

а) ұзақтылығы; б) ақаусыздығы; в) жөндеуге жарамдылығы; г) сақталуы;

3. Эрганомикалық:

а) гигиена; б) психологиялық; в) психо-физиологиялық; г) антропометриялық;

4. Эстетикалық; 5. экологиялық;

6. Қауіпсіздігі:

а) химиялық; б) механикалық; в) радиациялық; г) электрлік; д) электромагниттік; е) өрттік;

1. Тағайындалуы - тауардың олардың физиологиялық және әлеуметтік сұраныстарды қанағттандыруға қабілеті. Тауарлардың тағыайындалуы оның сапасын анықтайтын қасиеттерінің бірі болып табылады.

2. Сенімділік - тауарлардың функционалды тағайындалуының сақтау немесе тұтыну барысында алдын-ала келісілген мерзім аралығында сақтауға қабілеті.

3. Эргнаомикалық - тауарлардың ыңғайлылық, ляззат сезімін туғызуға және сұранысты мүмкіндігінше толық қанағаттандыруға қабілеті.

4. Эстетикалық - тауарлардың қоғамдық құндылықтарды сезім деңгейінде бейнелеуге және адамдардың эстетикалық сұранысын қанағаттандыруға қабілеті.

5. Экологиялық - тауарлардың тұтыну барысында қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуге қабілеті.

6. Қауіпсіздік - тауарлардың зиян келтіру қабілеті мүмкіндік деңгейімен шектелген күйі.

Өнеркәсіп тауарларының классификациясы

Классификация деп нысан мен құбылыстардың көпшілігін класстарға, топтарға және басқа да бөлімдерге ең ортақ сипаттамалық белгілері бойынша жинақтау. Классификация ғылымының кез-келген саласына қажет. Өнеркәсіп тауары үшін классификацияның маңызы өте зор. Себебі өнеркәсіп тауарының түрі және саны өте көп. Сондықтан классификациялану тауар туралы ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға, сұранысты зерттеуге, оларды стандарттау жүйесін жетілдіруге және т. с. с. үшін қажет. Қазіргі кезде тауарды классификациялаудың негізгі үш түрі белгілі:

  1. Жалпы мемлекеттік; 2. Сауда; 3. Оқу.
  1. Жалпы мемлекеттік - өнімнің жалпы мемлекеттік классификациалары түрінде беріледі. Жалпы мемлекеттік классификатор өнім туралы деректердің шынайылығын, салыстырмалылығын және өңдеуін қамтамасыз ету үшін стандартизация, экономика секілді салаларда қолданылады. Кодтар жиынтығынан және тауардың атауының топтарынан тұрады. Бұл топтар мен кодтар жүйесі иерархиялық жолмен орналастырылған. Бұл классификацияның әрбір позициясы 6 дәрежелі сандық кодтан, бір дәрежелі бақылау санынан және тауар топтарының атауынан тұрады. Мысалы: жалпы мемлекеттік классификацияда тамақ өнеркәсібі өімдеріне - 91 коды берілген. Сол секілді ет, сүт, балық және микробиологиялық өнеркәсіп өнімдеріне - 92, ауыл және орман шаруашылығының өніміне - 97, мал шаруашылығына - 98, мақта, мата өнеркәсібіне - 9, тұрмыстық және шаруашылық өнімдеріне - 96, былғары өніміне - 88 және т. с. с. кодтар берілген.
Код: Код
Бақылау саны: Бақылау саны
Аталуы: Аталуы
Код: 911005
Бақылау саны: 0
Аталуы: Нан және нан өнімдері
Код: 912500
Бақылау саны: 4
Аталуы: Шоколад және шоколад өнімдері
Код: 914012
Бақылау саны: 7
Аталуы: Күнбағыс майы
  1. Сауда классификациясы кең қолданылатын тауар үшін қолданылады. Ол жүйелі классификацияға жатпайды және тауарлардың бастапқы материалын, өңдеу тәсілі, тағайындау және т. с. с. белгілері бойынша топтарға негізделген. Мысалы: азық-түлік тауарлары сауда классификациясы бойынша келесі топтарға жинақталады:
  1. Нан өнімдері; 2) Ет өнімдері; 3) Балық өнімдері; 4) Сүт және май өнімдері; 5) Тағамдық майлар; 6) Жұмыртқа өнімдері; 7) Арақ-шарап өнімдері; 8) Темекі өнімдері.

Ал өнеркәсіп тауарлары келесідей топтарға жіктелген:

  1. Пластмасса бұйымдары; 2) Тұрмыстық химия бұйымдары; 3) Шыны бұйымдары; 4) Керамика бұйымдары; 5) Құрылыс бұйымдары; 6) Тұрмыстық металл бұйымдары; 7) Текстиль тауарлары; 8) Парфюмерия бұйымдары; 9) Зергерлік бұйым және сағаттар; 10) Тұрмыстық бұйымдары.
  1. Оқу классификациясында негізінде тауардың шығу тегі немесе химиялық құрамы, өндіріс ерекеліктері және пайдалану тәсілдері бойынша ортақтылығы алынған. Бұл классификация бойынша тамақ өнімдері 9 топқа бөлінген:
  1. Киім және бас киім; 2) Аяқ киім; 3) шаруашылық - мәдени тауарлар; 4) спорттық тауарлар; 5) жекеменшік көлік құралдары; 6) тұрмыстық заттар; 7) шаруашылық және тұрмыстық тауар; 8) санитария, гигиена және қол өнер заттары.
  1. Киім тігуге арналған материалдар. Бұл класстар - топтарға, топтар - топшаға, топшалар - түрге, түр - артикульге бөлінеді.

Лек 3. Тауар сараптамасының түсінігі, міндеттері және түрлері. Сараптау деп алға қойған міндеттің нақты фактілер негізінде шынайы шешімін табу мақсатымен білікті маман жүргізген тауарды сараптамалық зерттеу. Сараптау бұйымының барлық сатысында (жобалау, дайындау, тұтыну) жүзеге асырылады. Жалпы алғанда сараптау түрін бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады. Іс жүзінде негізінен кешенді және жедел (оперативтік) сараптамалар қолданылады. Кешенді сараптама көп қолданылатын сериялы біртиптес тауарларды жан-жақты зерттеу және сапасын бағалау үшін қолданылады.

Сондықтан мұндай сараптау жүйелі және кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс. Бағалайтын тауар тұтынушы адаммен және оның заттық қоршауымен күрделі және көп қилы қарым-қатынастарда қарастырылады. Сараптау барысында бағалау критерийлері қалыптасып, базалық үлгілер және сапа көрсеткіштері анықталады. Осыған байланысты кешенді сараптау нәтижесінде ғылыми мәліметтермен бірге белгілі бір әдістемелік және нормативтік ақпарат жиналады. Мұндай ақпарат сараптаудың басқа да түрлерін жүргізуге қажет болуы мүмкін. Жедел сараптама алдын-ала өткізілген кешенді сараптау жұмысының қажетті тереңдігімен сарапшы қорытындысының негізін сақтай отырып, сараптаудың уақытын күрт төмендете алады. Жедел сараптау барысында: 1) алдын-ала жиналған тауардың белгілі бір түрі бойынша, оның тұтынушысы бойынша; тұтыну жағдайы және сынау нәтижелері бойынша жинақталған деректерді пайдалану (мүмкіндік болғанша) ; 2) Сараптау жүргізудің қысқартылған мерзімі тауардың сапасының тұтынушылық деңгейі туралы сарапшының ұжымдық қорытынды жасауы қарастырылған.

Өнеркәсіп тауарларын кодтау принциптері.

Халықаралық саудада штрихты кодтау бұрыннан қалыптасқан тауарларды кодтау жүйесі. кОдтаудың негізгі нысаны тауар болып табылады. Себебі нақты тауар бағасымен, өлшемдерімен, массасымен, түсімен, сапасымен сипатталады. Сондықтан ол оған сандық және штрих код беру арқылы теңестіріледі. Европалық штрих код ЕАN - халықаралық ассоциациясымен (Брюссель қаласында орналасқан) жасалған.

ЕАN коды дегеніміз - штрихтар және олардың арасындағы екі әр түрлі кеңістіктерден тұратын 13 немесе 8 разрядты код. Екі ең жіңішке штрих немесе кеңістік қалыңдықтың бірлігі модуль ретінде қабылданады. Қалған штрихтар мен кеңістіктер 2 немесе 3 модуль құрайды.

ЕАN кодының әр бір санына 2 штрих және 2 кеңітік сәйкес.

ЕАN ассоциациясы әр бір елге сандық код береді. Бірқатар елдерге кодтардың диапазоны бөлінсе кейбір елдерге 2 разрядтық кодты 3-ші санмен толтыруға мүмкіндік берілген. Ал кейбір елдерге бірден 3 разрядты кодтар берілген.

Код: Код
Мемлекет: Мемлекет
Код: Код
Мемлекет: Мемлекет
Код:

00-09

400-440

4605

690

8083

50

Мемлекет:

АҚШ

Германия

Латвия

Қытай

Италия

Ұлыбритания

Код:

3037

460-469

54

880

4549

76

Мемлекет:

Франция

Ресей және ТМД

Бельгия

Оңтүстік Корея

Жапония

Швейцария

Елдің сандық коды штрихкодтың құрамындағы жоғарыда көрсетілген кесте көмегімен анықтауға болатын жалғыз ақпарат болып саналады.

Дамыған елдерде шығарылатын кең қолданылатын тауарлардың барлығы өндіруші мен тауарды анықтайтын ЕАN кодымен белгіленген. Сыртқы саудада тауардың міндетті түрде штрихты коды болуы қажет. Себебі штрихты кодтау жүйесі осындай жүйемен шығарылатын тауарлардың 85 %-ға жуығы қамтылғанда ғана экономикалық тұрғыдан тиімді болады.

Батыс Европа елдерінде, АҚШ-та, Оңтүстік Азия елдерінде штрихты кодты тауардың қаптамасына қою дәстүрге айналған.

Бірқатар елдерде сыртында осындай коды жоқ тауарларды импорттауға және сатуға тыйым салынған.

ЕАN коды тауарды классификацияламайды, оның міндеті халықаралық саудада сатылатын екі тауардың бірдей код алмайтындай етіп теңестіру.

Штрихты кодтауды қолдану көптеген қағаз құжаттарды пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар штрихты кодтауды қолдану тауардың бәсекеге қабілеттігін арттырып, оған деген сұранысты жоғарылатады.

ЕАN жүйесіндегі алғашқы екі немесе үш сан өнім өндірілген немесе оны сататынелді көрсетеді. Келесі төрт сан тауарды өндіруші кәсіпорын, одан кейінгі бес сан тауардың аталуы оның тұтынушылық қасиеттері, соңғы сан бақылау саны. Ол сканердің штрихты дұрыс оқығандығын тексеру үшін қолданылады.

Штрихты кодтың сенімділігін штрихтармен олардың арасындағы кеңістіктің қалыңдығының төрт варианты қамтамасыз етеді.

ЕАN кодтау жүйесінен бөлек АҚШ-та 1973 ж енгізілген әмбебап тауар коды қолданылады. Бұл кодтың ЕАN кодынан айырмашылығы бірінші және соңғы сандардың басқа сандардан кіші болуы және соңғы санның шеткерірек орналасуында.

Лек №5. Тауарларды сараптаудың негізгі элементтері.

Бұйымның тұтынушылық қасиеттерін сараптаудың мазмұны мен қызметтерін анықтауды қарапайым логикалық тізбек құрудан бастаған жөн. Жалпы түрінде ол төменгі функционалды тізбек түрінде көрсетіледі.

  1. Сәйкес білімі және құралдары бар сарапшы маман бұйымдарды белгілі бір критерийлері бойынша алынған, эталон ретіндегі бұйымдарын салыстыра отырып, сапалық мөлшерін талдау жүргізіледі.
  2. Қабылданған критерийлерге сәйкес бұйымның тұтынушылық құндылығы анықталады (бағаланады) .
  3. Қандай да бір белгілі бір әдістің жиынтығын пайаланады, зерттеу нәтижесінде сапалық және мөлшерлік түрдегі жалпылама нәтижесінде алынады (бағалау қорытындысы) .

Сонымен осындай үлгілердің негізгі элементтері:

  1. Субъект (сарапшы маман) .
  2. Обьект.
  3. Критерийлер.
  4. Сараптамаларды жүргізудің әдістері мен реті.
  5. Нәтиже.
  1. Бұйымның тұтынушылық субъектісі деп тұтынушылық топтардың құндылықтарын жүйеленген және бұйымның тұтынушылық қасиеттерін зерттелген (талдау және бағалау) білікті мамандардың тобы.
  2. Сараптау нысаны деп жалпы алғанда өнімді немесе бұйымдарды тұтыну барысында айқындалған өнімнің немесе бұйымның тұтынушылық қасиеттері. Олар бұйымдарды пайдаланудың тиімділігін, оның қоғамдық және мәдени құндылықтарын, әлеметтік маңызын, эстетикалық деңгейін т. с. с. сипатталады.
  3. Бұйымның тұтынушылық қасиеттерін талдау және бағалау барысында пайдаланылатын критерийлер жалпы және нақты болып бөлінеді.

Жалпы критерийлер деп қоғамда қалыптасқан құндылықтар, бағыттар және нормалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар бірлігінің әлеуметтік тұтыну құны
Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптамасы
Модуль 3. Тауартану
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Тауартану және экспертиза жайлы жалпы мағлұмат
Линолеум және поливинилхлоридті тақтайшалар
Тауардың тұтыну қасиеттері мен тұтынушының шығындары
Былғарыдан тігілген аяқ киім экспертизасы және тауартануы
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Маркетинг саласындағы тауарлар және оның жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz