Компьтерді жабдықтау командалары



1. Компьтерді жабдықтау командалары.
Операциялық жүйе. MS DOS
2. Каталогтарды алмастыру. Жаңа каталог ашу, оны жою.
3. CD, MD, RD командалары
4. COPY, REN, COPY CON, TYPE, DEL командары
5. VER, THREE, CHKDSK, TIME, DATE, UNDELETE командалары
Компьтердің жұмысы операциялық жүйе (ОЖ) арқылы басқарылатын, ал пайдаланушының мәшинеде түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған программаларды пайдалануы тиіс. Оларды бірге қосып, компьтерді программалық қамтамасыз ету не жабдықтау программалары деп атайды.
Практикада берілгендер мен оларды өңдеу үшін құрылған программалардың түрлері көп. Мысалы, студенттердің мәліметтік тізімдері, оларды дискіде сақтап, өңдеу; бухгалтерияда айлық және стипендия ақпарат тізімдерін дайындау; статистикалық, ғылыми есептерді шешу программалары т.б. оларды қолданбалы программалар деп, бір мақсатта пайдаланатын программлар жинтығын қолданбалы программалар бумасы деп атайды.
Операциялық жүйе (ОЖ) – компьтер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының мәшине жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғыларымен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьтердің жұмыс істеуі кезінде қате жіберу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б. Яғни ОЖ - мәшине жұмысын бақаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ-ны дискілік операциялық жүйе (ДОЖ, немесе DOS) депте атайды.
Процессордың типіне қарай, DOS-тың түрлі-түрлі версиясы бар. әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған. Мысалы, ДОЖ (ЕС 1840/1841 дербес компьтерлері үшін), АДОЖ (Искра 1030/1031 үшін), т.б. 16 не одан жоғары разрядты IBM PC-ге үйлесімді компьтерлерде пайдаланылатын операциялық жүйе – MS DOS (Microsoft Disk Operation System). Оның да бірнеше варианттары жарыққа шықты:
MS DOS 1.0,1.1,2.0,...,5.0,6.0, т.б. Соңғы кездің кәсіби компьтерлерінде командалар жүйесі кеңейтілген MS DOS-тың 6.0, т.б. варианттары пайдалануда.

Компьтерді жабдықтау командалары.
Операциялық жүйе. MS DOS

Компьтердің жұмысы операциялық жүйе (ОЖ) арқылы
басқарылатын, ал пайдаланушының мәшинеде түрлі информацияны өңдеу үшін
арнайы дайындалған программаларды пайдалануы тиіс. Оларды бірге қосып,
компьтерді программалық қамтамасыз ету не жабдықтау программалары деп
атайды.
Практикада берілгендер мен оларды өңдеу үшін құрылған
программалардың түрлері көп. Мысалы, студенттердің мәліметтік тізімдері,
оларды дискіде сақтап, өңдеу; бухгалтерияда айлық және стипендия ақпарат
тізімдерін дайындау; статистикалық, ғылыми есептерді шешу программалары
т.б. оларды қолданбалы программалар деп, бір мақсатта пайдаланатын
программлар жинтығын қолданбалы программалар бумасы деп атайды.
Операциялық жүйе (ОЖ) – компьтер құрылғыларының
үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы
арқылы пайдаланушының мәшине жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік
программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір-бірімен және
сыртқы құрылғыларымен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу,
компьтердің жұмыс істеуі кезінде қате жіберу сияқты түрлі оқиғаларды
анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу
режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.
Яғни ОЖ - мәшине жұмысын бақаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін
арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ-
ны дискілік операциялық жүйе (ДОЖ, немесе DOS) депте атайды.
Процессордың типіне қарай, DOS-тың түрлі-түрлі версиясы
бар. әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған. Мысалы, ДОЖ (ЕС
18401841 дербес компьтерлері үшін), АДОЖ (Искра 10301031 үшін), т.б. 16
не одан жоғары разрядты IBM PC-ге үйлесімді компьтерлерде пайдаланылатын
операциялық жүйе – MS DOS (Microsoft Disk Operation System). Оның да
бірнеше варианттары жарыққа шықты:
MS DOS 1.0,1.1,2.0,...,5.0,6.0, т.б. Соңғы кездің кәсіби компьтерлерінде
командалар жүйесі кеңейтілген MS DOS-тың 6.0, т.б. варианттары пайдалануда.
Басқа операциялық жүйелер сияқты, MS DOS жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады:
BIOS,BIO.SYS (IBMBIO.SYS), DOS.COM (IBMDOS.COM) және COMMAND.COM. BIOS
(Basic inputoutput System – негіздік ендірушығару жүйесі) – операциялық
жүйенің ТЕСҚ-ға жазылып қойылған бөлімі. Оның орындайтын іс-әрекеттері:
- компьютер электр желісіне қосылған соң автоматты түрде оның ішкі
құрылғыларының жұмыс істеуге дайындығын тексеру (компьютерді
тестілеу);
- одан әрі, жүйелік болатын иілгіш не қатты магниттік дискіден
операциялық жүйенің тиеуіші деп аталатын прогаммасын жадқа ендіру
(“Тиеуіші” жадқа ендірілген соң; оның өзі MS DOS-тың келесі
бөлімдерін жадқа енгізумен айналысады);
- жүйелік үзілісті ұйымдастыру. Мысалы, программаларды орындау
кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенін хабарлап,
мәшине жұмысын тоқтатады; клавиатурадан символ терілсе, ол
процессордың осының алдындағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды ( бұл
кезде процессор клавиатурадан терілген символдың кодын қабылдауға
дайындалады) т.б.
BIOS-тың құрамында сытқы құрылғылардың жұмысын басқару
драйверлері де бар.
BIO.SYS (IBMBIO.SYS) – BIOS жүйесінің жұмысын отолықтырушы
бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информация алмастырудың барлық
операцияларын да орындайды.
DOS.COM (IBMDOS.COM)-ның жұмысы – пайдаланушының прогрммалары
мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау
құрылғысына ендіру, дискіде тиеулі программаны жою және т.б. Ол жад
ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады (ұяшықтарды белгілеу, бос
ұяшықтарды есте ұстау т.б.).
COMMAND.COM -ның негізгі жұмысы – пайдаланушының
программалары мен берілгендерді жадқа ендіру және лоарды өңдеу.
COMMAND.COM-ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не
резидентті деп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, CLS, COPY,
REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т.б.)
Файл. Есептеуіш техникасында мәтін, кесе т.б. берілгендер
түрінде дискіге дазылған біртектес информацияны берілгендер юайлы (БФ) деп,
программаны прграммалық файл (ПФ) деп, БФ не ПФ тиелетін сыртқы есте сақтау
құрылғысының орнын дискілік файл (ДФ) деп атайды. Қысқаша, олардың бәріне
де файл деп атай береді. Мәтінде файл сөзі кездескенде, оның қай мағына
беретінін сөйлем құрылымынан ажыратып алу қиын емес.
БФ не ПФ –ті сыртқы есте сақтау құрылғысына тиеу үшін оған
арнайы атау берілуі тиіс. Мәшине, файлды дискіге тиеген соң, тиелген орынды
(ДФ –ті) осы атау бойынша белгілеп қояды. Ол компьтердің файлды дискіден
жадқа ендіруі алдында оны тез тауып алуы үшін қажет. Атаудың жазылу ережесі
программлау тілі мен оның варианттарына байланысты. Көбінесе, оны 1-ден 8-
ге дейінгі символдар тізбегінен таңдап алу жоспарланған, оны файл мазмұнына
сәйкестендіріп таңдап алған жөн. Мысалы: тест2
Атау соңына нүкте таңбасын қойып, одан әрі 3-ке дейінгі әріптерден,
цифрлардан тұратын қосымшаны да енгізіп қоюға болады. Бейсик, Турбо,
Паскаль т.б. программалау тілдерінде құрылған программаларға BAS, PAS
сияқты сәйкес прграммалау тілі атауының алғашқы үш әріпінен тұратын
қосышаны пайдаланған жөн.
Қосымша қосылып жазылған файл атауының кеңейтілуі бойынша
берілген атау деп, ал қосымшаны, жазылу түріне қарай, файл типі не файлдың
кеңейтілуі деп атайды. Бір программалау тілінде құрылған программаны
дискіге тиеу үшін оған типі көрсетілмеген атау беру де мүмкін. Бұл кезде
компьютердің өзі сәйкес типті ( BAS, PAS т.б. ) автоматты түрде атауға
қосып жазып кетеді.

Жалпы, MS DOS жүйесінің файлдарға автоматты түрде қосып кететін
кеңейтулерінің (стандартты кеңейтулердің) мынадай түрлері бар:

.SYS – сыртқы құрылғылардың драйверлері (system – жүйе),

.ТХТ - текстік файл (text – текст);
.COM не ЕХЕ –DOS-тың басқаруымен тікелей орындалатын файл
(command – команда, execute- орындау);
.BAS – Бейсик тілінде құрылған программа;
.ВАК – орындалатын файлдың резервті көшірмесі (файлды дискіге
тиеу кезінде жүйе осы файлдың резервтік көшірмесін де автоматты түрде тиеп
кетуі мүмкін. Бұл кезде оның атауына .ВАК кеңейтілуі жазылып қойылады)
т.б. мысалы,
Config.sys, Command.com, Autoexes.bat, Turbo.exe, Kvt1.bas,
Kvt1.bak
Каталог. Файлдық жүйе. Дискіге тиеулі файлды тез табу үшін MS DOS жүйесі
файлдар каталогын пайдаланылады. Каталог – арнайы атау берілген дискілік
файл. Оған бір режимде (мысалы, Бейсик программалау тілінде) дискіге
тиелген әр файлдың аты, қанша байт орын алатыны, дискіге енгізілген
календарлық датасы мен тәулік уақыты ( бұларды файл сипаттамасы деп атайды)
және оның дискіге жазылған орны белгіленіп қойылған жазулар тіркелініп
қойылады. Мысалы, дискіде ашылған BASIC каталогына Kvt1 атауы берілген
программалық файлдың тіркелу түрі мынадай болуы мүмкін: Kvt1.bas 2315
12-03-98 11:47
Бұл - Kvt1.bas файылының 2315 байттан тұратынын және ол дискіге
12.03.94 күні сағат 11:47-де ендірілгенін білдіретін жазу. (жазу
бөлімдерін өрістер деп атайды.)

Файл

Каталог . . . .
.

Файл

Каталог

Каталогты файл атауларын жинағыш жазу столының суыртпасы сияқты
көзге елестету мүмкін.
Түрлі режимдерге арналып дискіде ашылатын каталогтар көп болуы да мүмкін.
Олардың атаулары жазылған дискіні негізгі не түбірлік католог деп, онда
жазулы катологты ішкі не бағыныңқы каталог деп атайды.
MS DOS жүйесінде пайдаланушы бір каталогтың ішіне екіншісін,
екінші каталогтың ішіне үшіншісін ендіріп қоюы да мүмкін, т.с.с. Мұндай
құрылымды каталогтар ағашы деп, әр каталог, оған ендірілген ішкі каталогпен
салыстарғанда, бірінші деңгейлі деп аталады.
Түбірлік каталогқа (С: дискісіне) жазылған каталогтар тізімінің
үзіндісі С:-ке ішкі болатын BASIC, FOTON каталогтарының қысқаша үзінділері
7-8-кестелерде көрсетілген. 6-кестеде көрінген DIR жазуы оның сол жағында
жазулы атаудың каталог екенін білдіретін хабарлама.

Түбірлік
каталог 1-ші ішкі каталог 2-ші ішкі каталог
. . . . .

Файл
Файл . . . . .

. . . . .
. . . . . . . . . .

Файл
Файл . . . . .

Directory of C:\
. . . . . . . . .
. . . . . . .
DOS DIR 12-10-91
10:38
BASIC DIR 10-03-92
7:46
TURBO DIR 06-25-90
13:57
FOTON DIR 08-07-91
10:45
NC DIR 14-10-91
11:16
Config.sys 495 17-10-91
8:00
Command.com 52925 12-10-91 12:04
Autoexe.bat 566 12-10-91
9:47
. . . . . . . . . . . . . . .
. . . . .

11
file(s) 329157 bytes

1556480 bytes free

Каталогтарды алмастыру. Жаңа каталог ашу, оны жою.
CD, MD, RD командалары
Каталогтармен жұмыс істеу кезінде бірінші деңгейлі каталогтан
ішкі каталогқа өту не керісінше әрекет жиі кездеседі. MS DOS-та ағымдық
каталогтан ішкі каталогқа өту командасы - CD (Change directory (CHDIR не
CD) – каталогты өзгерту), ал ағымдық ішкі каталогтан бірінші деңгейлі
каталогқа өту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows операциялық жүйе
Электронды почта
Педагогикалық ресурстарды тиімді қолдану мәселелері үшін қолданылатын ақпараттық технологиялар
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
Мекеме жетекшісі
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Экономикалық ақпараттық жүйені баптау
Дербес компютердің анықтамасы
Геодезиялық жұмыстарда қолданылатын аспаптар
2 деңгейлі алдын-ала су тастау қондырғысын автоматтандыру
Пәндер